Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министірлігі қарағанды мемлекеттік медицина академиясы


Метал коррозиясы Коррозия деп металдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулерінің нәтижесінде болатын бұзылуын айтамыз



бет3/5
Дата13.06.2016
өлшемі414 Kb.
#133779
1   2   3   4   5

Метал коррозиясы Коррозия деп металдардың сыртқы ортамен химиялық және электрохимиялық әрекеттесулерінің нәтижесінде болатын бұзылуын айтамыз.

Коррозиялар біркелкі, жергілікті және интеркристаллитті болып бөлінеді.

Біркелкі коррозия басқа коррозияларға қарағанда қауіпсіздеу. Бұйымның қалыңдығы жергілікті болғанда оның механикалық қаттылығы шамалы ғана өзгереді. Өйткені коррозияға ұшыраған бөлігін тазартатын болса, онда ұйыиның беткі қабаты бұдыр лайып тұрады.


Жергілікті коррозия металдардың кейбір бөліктерін қамтиды және оюды дақ немесе нүкте сияқты әр түрлі тереңдіктегі бүліністер ретінде көруге болады.

Интеркристалиттік коррозия металдық кристалдарының арасындағы болған бұзылыс.

Тот баспайтын болат.

Негізгі 2 топқа бөлуге болады: хромды және хромникельді. Құрамындағы никель болаттың жұмсақтығын артырып, кристалиттік құрылысын майда түйірлі жасап, оны қысыммен өңдеуді жеңілдетеді. Құйманың қаттылығын арттыру үшін оның құрамындағы көміртегіні көбейтеді, бірақ құрамындағы көміртегінің көбеюі коррозияның болуына әкеп соғады.

Тот баспайтын болаттын механикалық қасиеттері оны суық күйінде соққылап өңдеген кезде күрт төмендейді. Болаттың магниттік қасиеті болмайды, бірақ оны суық күнінде өндеген кезінде аздап магниттелінеді және қатаяды. Соққылап суық күнінде өндеген кезде қатты, ерітінді бөлініп хром карбидің түзеді. Оны жұмсарту үщін 1100°С-дейін қыздырып, тез суға салып шынықтырады. Қыздыру ұзақтығы 6-8 минтут. Жайлап суыту болаттын қаттылығын төмендетудің орнына, онда керісінше хром карбиді түзілуіне байланысты жоғарылатады да кристаллит аралық коррозия пайда болатын жағдай жасалынады.

Қыздырып өңдеу. Тот баспайтын болаттын, механикалық және химиялық қасиеттерін жақсарту үщін қыздырып өңдеу қолданылады. Болатты қыздырып өңдеудің мәні металды ұстап тұрып және соңына жайлап немесе тез сутуынады. Шынықтыру деген термин болаттың, қаттылығын жоғарлату деген емес, ол 1100°С-1200°С тудырылған затты тез суытып тұрақты аустиниттік құрлым алу.

Егер болатты қайтадан қыздырып болсақ, оның құрылысындағы өзгерістер кері бағытта сол тәртіппен өзгереді. Бұл металдық 2 рет кристалданды деп аталды. Тот баспайтын болаттын аустениттік құрылысы ең тиімді болғандықтан, оны сол қалпында сақтап кою керек. Ол үшін тот баспайтын болатты 1100°С-1200°С қыздырып тез суға сала қою қажет. Бұл жағдайда кристалдық құрылысы бұзылмастан аустениттік құрылысы сақталады.
Хром - колбальт құймасы.

Салмағы жағынан 85% кобальт хром және никельден тұрады. ХКҚ қасиетің молибден никель, темір, ваннадий, кремний, магний, мыс берилий қосып жақсартуға болады. Құйманың тұрақтылығы оның құрамындағы хромның көптілігіне байланысты, ол металл бетінде әрекетке түспейтін қабат түзеді. Кобальт құймаға жоғары температурада қаттылық береді. Металл құрылысының ұсақ кристалды болуы және байланыстарының бекімділігі оның құрамына кіретін молибденге байланысты. Құймада көміртегі мөлшері өте аз. Металдың қасиетін сақтау үшін көміртегінің бір тұрақты саны қажет. Карбит түзгіш зат ретінде вольфрам қосады. Мырыш, кремний және темір қоспаның құйылғыштығын арттырады.

ХКҚ балқу температурана байланысты 2-ге бөлінеді

1. Балқу температурасы 1316°С-ге дейінгі

2. Балқу температурасы 1316°С жоғары

ХКҚ сүйек ткандеріне енгізіп тіс протездеріне тірек ретінде қолданады. Себебі оның коррозияға тұрақтылығы жоғары және аустостотикалық қасиеті жоқ ХҚҚ көлемі күйғаннан кейін 1,8-2 % дейін кішірейеді. Алынған заттың құрылысы ұсақ түйіршікті болу үшін балқу температурасына жақын температурада құю керек.


4- ші . Дәріс: Протездердің әр түрлі кезеңдеріне қолданылатын қосымша материалдар


  1. Түрпілік материалдар, олардың қолданылуы.

  2. Қалыптағыш материалдар, түрлері.

  3. Пішіндеуші материалдар, түрлері.

Протездерді және апараттарды дайындап болған соң барлық бөліктерін жақсылап жонып жалтырату керек. Бұл өңдеудің мақсаты тіс протездерінің сыртқы қабаттарын кедір – бұдырлардан тазартып тегістеу. Протез беті өте таза болса, материалдың коррозияға тұрақтылығы артады. Ал егер тегіс болмаса, онда ол жерлерге тамақ қалдықтары жиналып, микроорганизмдерге қорек болады, бұл металдың коррозияға тұрақтылығын кемітеді және тістің бұзылыстарына әкеліп соғады.

Тіс протездерімен конструкциясы қаншалықты дұрыс болғанымен, егер ол нашар өңделген болса, онда науқастың протезге үйренуін қиындатып, тамақ шайнауын ауырлатады. Жақсы өңделген протездер материалдың мықтылығын арттырады. Протезді өңдеу және жалтырату үшін әр түрлі ұсақ түйіршікті қаттылығы өңделетін материалдардан жоғары заттар қолданылады. Бұндай материалдар түрпілік материалдар деп аталады.

Материалдарды түрпілермен өңдеу, оның құрамындағы әр түрлі орналасқан түйіршіктердің қарама – қарсы қозғалыс кезінде кесуіне байланысты. Түрпілік түйіршіктердің әрекеті олардың майдалығына, қалыбына, құрамына және қасиетіне байланысты.

Өнеркәсіпте қолданылатын түрпілік материалдар табиғи және жасанды деп екіге бөлінеді. Табиғи түрпілік материалдарға ұсақталған минералдар жатады. Олар алмаз, корунд, зімпара, гранат, пемза, бор және басқалар. Жасанды түрпілік материалдарды өнеркәсіпте химиялық жолмен алады . Ең көп қолданылатын жасанды корунд (электрокорунд) кейбір элементтердің көміртекті қосылыстары – кремнидің , бордың, вольфрамның карбидтері және солардың нитраттары жатады.



Табиғи түрпілік материалдар.

Алмаз – табиғатта кездесетін ең қатты минерал. Ол көміртегінің бір түрі бола тұрып, одан кристалдық торының ерекше орналасуы арқылы ажыратылады. Алмаз қаттылықтың эталоны болып табылады. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша ең қатты материал – 10.

Алмаздан жасалған перамидалар мен конустар приборларда әр түрлі материалдардың қаттылығын анықтау үшін қолданылады. Алмаз түйіршіктерінен өңдегіш дөңгелектер, делегейлер жасайды. Стоматологияда алмаз түйіршіктерінен тістерді егейтін өңдегіш құралдар жасайды.

Корунд – кристалдарының құрамында 90 % алюминий тотығы бар табиғи минерал. Табиғатта таза күйінде өте сирек кездеседі. Ең жиі кездесетіні – темір және кремний тотықтарымен қосылыстары. Корунд қаттылығы жағынан алмазға қарағанда төмен. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша ол – 9.

Зімпара қағазы – құрамында 97 % корунд, темір қоспалары және басқа бірнеше минералдар бар. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша қаттылығы 7-8. қаттылығының әр түрлі болуы олардың құрамындағы қоспаларға бойланысты. Жоғарғы сапалы зімпара алу үшін оның құрамындағы қоспаларды 1-2% - ке азайту қажет.

Ұсақталған зімпара ұнтағын илектен өткізіп қағаз бетіне немесе маталар бетіне желім арқылы жабыстырады. Оны пластмассадан жасалған тіс протездерінің ойық беттерін өңдегенде қолданылады.

Пемза – вулкан атқылаған кезде пайда болатын зат. Бұл тез қатқан газ тәріздес заттармен қаныққан лава. Пемзаның құрамы тұрақсыз. Оның негізгі компоненттері кремнезен (60-70%). Пемза – ішкі құрылысында қуыстары көп, қатты және морт сынғыш материал. Сынған беттерінде көптеген өткір ұшты бұдырлар болады. Ұсақталған пемзаның осы ерекшеліктерін материалдарды өңдеу үшін қолданады.

Жасанды түрпілік материалдар.

Карборунд. Кремний мен көміртегінің қосылысынан тұрады SiC. Карборундты электр пештерінде негізінен кок пен кварц құмдарын 2000 С температурада балқыту арқылы алады. Көміртегі мен кремнийдің арасындағы химиялық қосылыс нәтижесінде кремний карбиді алынады. Оның құрылысы кристалды. Таза карборунд өте қатты. Мосс көрсеткіші бойынша ол 9,5-9,75 – ке тең таза кремнийкарбиді түссіз, бірақ техникалық карборундтың құрамында 3% тен 5% дейін тұс беретін қоспалары болады.

Карборундтың екі түрі алынады. Қара карборундтың құрамында 95% SiC бар. Ол негізінен түсті металдардан, металл емес заттардан және т.б. мықтылығы төмен заттардан жасалған бұйымдарды өндеу үшін қолданылады, жасыл карборундтың құрамында 97% SiC бар. Оның қаттылығы өте жоғары, сондықтан қатты балқығыш заттарды өңдеуге өндеуге аспаптарды қайрауға жарамды. Стоматологиялық егегіш аспап ретінде карборундтың екі түрі де қолданылады. Карборундтан жасалған аспаптардың егеуіш қабілеті жоғары. Бұндай аспаптар әр түрлі дәрежедегі ұнтақтардан жасалынады. Карборунд түйіршіктерінің өткір қырлары көп әр түрлі болғандықтан, оның кескіш бөліктері де көп, бұл оның – тиімділігінің көрсеткішін танытады. Кремний карбиді жоғары температурада тұрақты қалпын сақтайды.

Электрокорунд – кристалды алюминий тотығы AI O өңдірісте құрамында 50 % жер лайы бар бокситтен жасанды түрде алынады. Электр пешінде кокспен бокситті балқытқанда негізгі массадан қоспалары ажыратылады. Электрокорундтың құрамында 85-98% дейін алюминий тотығы болады. Алюминий тотығының мөлшеріне байланысты электрокорунд үш түрге бөлінеді. Қалыпты электрокорундта (алунд) 87 % алюминий тотығы болады. Түр түсі-қоюқызылдан қоңыр сұрға дейін. Ақ электрокорундта (корракс) 97% алюминий тотығы болады. Ол ақшыл, кейде қызғылтым. Қалыпты электрокорундқа қарағанда кескіш қасиеті 30-40% жоғары. Монокорундтың құрамында 99% алюминий тотығы және 0,9% темір тотығы бар. Монокорунд мықты және желінуге төзімді. Моостың деңгей көрсеткіші бойынша электрокорундтың қаттылығы 9 шамасында. Тығыздығы 3,2 ден 4 г/см дейін. Материал жоғарғы температураға төзімді (2000°С дейін қыздырғанға төтеп береді).

Бордың және вольфрамның карбиді. Бұл материалдардың қаттылығы алмаздың қаттылығына жақын. Техникалық бор карбиджінің құрамында 85/95 % дейін таза кристалды В С бар. Бор карбиді өте қатты және морт сыңғыш өндірісте қиын балқитын аспаптарды өңдеу үшін қолданады.

Вольфрам карбиді ұсақ дисперстік күйде алмастың түйіршіктерімен бірге тіс бұрғыларын (борларды) және егегіш аспаптар жасау үшін қолданады. Соңғы жылдары жаңадан синтетикалық деген түрпілік материал алынады. Ол кубтық бор нитратының бір түрі. Қаттылығы жағынан алмазбен бірдей, бірақ жылу тұрақтылығы жоғары.



Қалыптағыш материалдар.

Ғанышты қалыптағыш материалдардың - негізі болып ғаныш және кремний тотығының кейбір түрлері жатады. Ғаныштың, кремний тотығының сапасына байланысты қалыптағыш заттардың құрамында 25-45% ғаныш болады. Ғаныш байланыстырғыш зат. Кремний тотығы қалыптағыш массаға жылуға тұрақтылық пен қалыбының шөгу шамасын анықтайды. Қатаю жылдамдығын және температуралық ұлғаю коэффицентін реттеу үшін 2-3% натрийхлоридін немесе бор қышқылын қолданады. Бұл массадан жасалған қалыптар балқу температурасы 1200-1600 Сº болатын тот баспайтын болатты құюға жарамды. Қалыптық массада оның құрамы 55-75%. Табиғатта ғаныш сулы калций сульфаты ретінде кездеседі. Ғаныштың құрылысы кристалды болады. Ғаныш – арзан әрі оңай табылатын материал, протездің орнынан дәл үлгі алуға болады, зиянсыз, иісі және дәмі жоқ, көлемі кішіреймейді, сілекейде ерімейді, су тигенде ісінбейді, мүсіннен оңай ажыратылады. Кемшіліктері: морт сынғыш, ауыздан шығарар кезде үлгі сынып қалуы мүмкін, тез қатуына байланысты тіссіз жақтардан функциональды үлгі алуға болмайды.

Силикаттық қалыптық материалдар - тот баспайтын және хром-коллбальт құймаларынан сапалы құйма алу үшін қойылатын барлық талаптарға сай. Қалыптық материалдардың негізінен келесі қасиеттері болу қажет:

  1. қатаю уақыты 7-10 минут

  2. құймамен әрекетке (фасфор, күкірт және т.б.) түсіп, сапасын төмендетпеуі

  3. құймаға жабыспауы

  4. жоғары дисперсті ұнтақтан тұрып құйылған заттың беткі қабатының тегіс болуы

  5. қуысты қабат түзіп, қалыпқа балқыған металл құйған кездегі түзетін газдарды сіңіріп алуы

  6. қыздырғанда шатынамауы

  7. құйылған құйманың көлемінің ұлғаюы

  8. құйылатын температурада жеткілікті мықтылығының болуы

  9. адам жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

Силикатты қалыптық материалдар. Кварц құмдарының химиялық негізі – кремний тотығы SiO болып табылады. Құрамында 2 % саз қоспалары бар кварц құмдары жоғарғы температурада балқитын құймалар үшін қалыптық материалдар дайындауға қолданылады (1000º С жоғары).

Кремний тотығы – қоспалардың негізгі компаненті. Ол қалыптық материалға отқа төзімділік қасиет береді және белгілі бір температура аралығында құйылатын металдың шегуіне сай қалыптық көлемін ұлғайтады. Кремний тотығының белгілі үш аллотропиялық түрінен (кварц, үш димит және кристобаллит) қыздырғанда көлемінің ұлғаюы тек кварц пен кристобаллитте болады. Кремний тотығының осы екі түрі қалыптық қоспалар дайындауда қолданылады. Кремний тотығының аллотропиялық өзгерістерін төмендегі схемадан көруге болдады.

А-кристобаллит

b-180-270º С

Y-кристобаллит

- үш димит

- үш димит

b – үш димит

Кремний тотығының ерекшелігі оның аллотропиялық ауысуларының қайтыдылығы. Кварц үш димит және кристобаллит қалыпты температурада а-қалыбында болады. Схемадағыдай қыздырған кезде а-қалыбы b – қалыбына ауысады да, кварц пен кристобаллиттің көлемдері ұлғанды үш димиттің осындай қасиеттің болмауы қалыптық материалдар ретінде қолдануына тежеу болып отыр.

Отқа төзімді қабық (қабат) жасалынатын қалыптық материалдар өте жоғары дисперсті ұнтақ болуы қажет. Құйылған бөлшектің беткі қабатының тазалығы, тегістіг осы ұнтақтар түзетін тегіссіздіктерге байланысты. Беткі қабатының тазалығы кварц ұнтақтары N140 електен (тесіктерінің диаметрі 0,1 мм) толық өткенде немесе N270 електе (тесіктерінің диаметрі 0,05 мм) елегеннен соң 50 % қалдық қалғанда қолданғанда болады. Мұндай күйдірілген ұсақ дисперсті ұнтақ каврц ұны (маршалит) деп аталады. Кварц ұны басқа қоспалардан таза болу керек болған күнде қалдық 1,5% аспауы қажет. Ол үшін алдымен жауып, содан соң екі сағат бойы 900ºС температурада термиялық өндеуден өткізеді. Тазартылған кварц ұнының құрамында кремний тотығы SiO 98% -тен кем болмауы абзал.

Этилсиликат [ортокремний қышқылының этил эфирі Si (ОС Н)]. Құйма қалыптарын дайындауда байланыстырғыш зат ретінде қолданылады. Оны кремний тотығының ұнтағымен араластырғанда зат ретінде қоладынылады. Оны кремний тотығының ұнтағымен араластырғанда, балауыз модельдерге арнайы отқа төзімді қабат алуға арналған қаймақ тәріздес масса алынады. Этилсиликт мөлдір жасыл-сары түсті, аздап эфирдің иісі бар сұйық. Ол сумен оңай гидролизге түсіп тұрақсыз силоксандар түзеді.

Силоксандар күйдірген кезде таза кремний тотығына айналады. Қорыта айтқанда, әшекейлі қабаты (көйлек деп те атайды) толығымен кремнийден тұрады.

Этилсиликаттың гидролизін төмендегі реакция арқылы бейнелеуге болады.


  1. силиксондар түзу

Si (ОС Н) + НО (С Н О) Si-О- Si (ОС Н) + 2С Н НО

SiO (ОС Н) + 4 Н О



  1. полислоксанның ыдырауы және кремний тотығының бөлінуі

Si (ОН) (SiO)n + 2nН О

Гидролизді түзету үшін суға этил спиртін және 0,2-0,3 % сутекті хлор қыщқылын қосады.

Кварц кұмы құюға арналған опокаларды толтыру үшін қолданылады .

Оны балауыздан жасалған моделдің үстін әшекеилі қабықпен жапқаннан соң,артынша себеді. Бұл сұиық әшекей массаның ағып кетпеуі және отқа төзімді қабаттың мықтылығы арттырады . кварц құмын тианақты түрде тазартады :жуады және күйдіреді. Калған дайындықтар кварц ұнын дайындағандай тек бұны N 70 (0,25) және (0,4) електен өткізеді.

Сұйық щынысы бар қалыптық қоспа. Қалыптық материалдарды араластыру үшін этилсиликаттың орнына сұйық шыны да қолданылады. Ол натрий силикатының судағы ерітіндісі, сұйық ерігіш шыныны суда ерітіп немесе кремнеземнің натрий гидрооксиімен автоклавта қысым арқылы әрекеттесуі арқылы алынады. Сұйық шынының тығыздығы 1,43-1,65 г/см.

Сұйық шынының байланыстырғыш әрекеті оның аммоний хлоридімен химиялық реакцияға түсіп екі тотықты кремний түзу қабілеттілігіне негізделген және кептіргенде толтырғыш түйіршіктерімен мықтап байланысады.

Na O nSiO + 2 NH CI nSiO + 2 NaCI + 2NH + HO

Сұйық шынының қолданып қалыптау, құйылатын қалыпқа қойылатын барлық сай емес. Бұндай қалыптарды құю кезінде құйындының беткі қабаты таза болмайды, өйткені реакция кезінде тұзілген зат әшекейлі қабаттың коррозияға төзімділігін төмендетеді. Гипстік қалыптық материал гипстен (20-40%) және кремний тотығынан тұрады. Гипс бұл жерде байланыстырғыштың қызметін атқарады. Кремний тотығы массаға қажет жылуға тұрақтылық пен қалыбының шегу шамасын анықтайды. Қатаю жылдамдығын және температуралық ұлғаю коэффициентін реттеу үшін 2-3% натрий хлоридін немесе бор қышқылын қолданады. Бұл массадан жасалған қалыптар балқу температурасы 1200-1600°С болатын тот баспайтын болатты құюға жарамайды.



Фосфатты қалыптық материал – ұнтақтан (мырышфосфат цементі, ұсақталған кварц, кристобаллит, каолин, алюмини тотығының гидраты) және сұйықтан (фарфор қышқылы, магний тотығы, су, алюминий тотығының гидраты) тұрады. Бұл қалыптық материалдар тот баспайтын болаттың суытқан кездегі шегуін көлемінің ұлғаюы арқылы қалпына келтіреді.

Ұнтақтың құрамына кіретін металл тотықтарын сұйықпен (фосфат қышқылы) араластырғанда фосфаттар тұзеді де қалыптық материалдардан толтырғыштарымен мықты байланысқа түседі.


Пішіндеуіш материалдар.

Болашақ жасалатын протездердің, апараттардың және шеңдеуіштердің қалыптарын уақытша материалдардан жасайды. Бұны пішіндеу деп атайды. Тіс технигінің жұмысында пішіндеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалған қондырғыларды тексеріп, содан соң оларды негізгі материалдармен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі құю болып есептелінеді.

Ортопедиялық стоматологияда пішіндеуге арналған материалдардың өздеріне тән қасиеттері бар. Бұл материалдарға төмендегідей талаптар қойылады:


  1. Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

  2. Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иімділік қасиетінің болуы.

  3. Мүсінге қабатталынатын қабілеттілігінің болуы.

  4. Мүсінделгеннен кейін жеткілікті қаттылығының және серпімділігінің болуы.

  5. Массаны балқытқаннан немесе күйдіргеннен соң қалыпта қалдық қалдырмау.

  6. Шөгуінің аз болуы.

  7. Қалыбын өзгертпеуі.

  8. Түсінің индифферентті және оның жағылатын материалдардың беткі қабатының түсінен бөлек болуы.

Пішіндеуге арналған материалдардың көпшілігі әр түрлі балауыздардың қосындысы немесе копозициялары болып келеді.

Стоматологияда балауыздарды 4 топқа бөлу қалыптасқан: жануарлар, өсімдіктер, минералдар және синтетикалық.

Жануарлар балауызына жәндіктер мен жануарлар бөліп шығаратын балауызды жатқызуға болады.

Өсімдіктер балаызы. Кейбір өсімдіктер әр түрлі бөліктерінде балауыз тектес заттар бөліп шығарады: Пальманың жапырағында – карнауб, жемістерінде – жапон, шөптерде – канделилл балауыздары.

Минералды балауыз. Бұларға парафин, озокерит, церизин және монтан балауыз жатады.

Синтетикалық балауыздарға қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұқсас жасанды алынған заттарды жатқызуға болады. Бұл балауызды композициялары дәл құйма тәсілдері кезінде протездердің бөлшектерін пішіндеу үшін қолданылады.

Жабысқақ балауыз. Тіс протездерін жасау барысында олардың әр түрлі бөліктерін бір – бірімен уақытша желімдеп байланыстыру үшін қолданылады. Ол цилиндр тәріздес, ұзындығы 82мм, диаметрі 8,5мм, қоңыр түсті таяқша. Жабысқақ балауыздың құрамы: қарағай шайыры 7%, бал ара балауызы 25%, монтан балауызы 5%; екінші рецепт бойынша бал ара балауызы 66%, қарағай шайыры 17%, дамар резеңкесі 17%. Балқу температурасы +65 +70 Сº. Жанған кезде күл қалмайды.

Негіздік балауыз. Алмалы – салмалы протездердің негізін пішіндеуге, арнайы үлгілік қасықтар жасауға, негіздерге тістесу білік жасауға, протездерге жасанды тісті орналастыру кезінде қолданылады. Құрамы парафин 78%, бал ара балауызы 22 %, бояу – 0,004%, көлемі 170 х 80 х 1,8 мм пластина. Балқу температурасы +50 +63 Сº.

Көпір тектес протезді пішіндеуге арналған балауыз. Көпір тектес протездердің аралық бөлігін пішіндегенде, қаптама жасау кезінде тістің анатомиялық қалыбын қалпына келтіру кезінде қолданылады. Құрамы: парафин 94%, синтетикалық церезин 4%, бал ара балауызы 2%, бояу – 0,004%, көлемі төрт бұрышты призма тәріздес 6 х 6 х 45мм. Балқу температурасы +60 +75 Сº.

Доғалы паротездерге арналған балауыз. Доғалы және шеңдеуіш протездер, ілмектер және басқа күрделі қалыптарды алу кезінде қолданылады. Құрамы: парафин 29%, бал ара балауызы 65%, карнауб балауызы 5%, бояу – 0,02%, көлемі таяқша дөңгелек пластина. Қалыңдығы 0,4-0,5 мм. Балқу температурасы +58 +60 Сº.

Микропротез дайындауда қолданылатын балауыз - лавакс. Микропротезді, штифті, жартылай қаптамаларды пішіндегенде қолданылады. Құрамы: парафин 88%, бал ара балауызы 5%, карноуб балауызы 5%, синтетикалық церезин 2%, бояу – 0,006%, көлемі түрлі түсті таяқша, балқу температурасы +60 Сº болады.
5- ші . Дәріс : Салма тістердің дайындау техналогиясы, қолдануы, клиникалық зертханалық кезеңдері
Салма – тістің жартылай бұзылған тіндерін қалпына келтіруге пайдалынатын протез. Олар сау ұлпасы бар тістерде және ұлпасы алынған тістерде дайындалады, егерде тістің сауытты бөлгі көп сақталса. Салмаларды көпірлі және доғалы протездердің тіреуші бөлігі ретінде де қолданылады. Тістерді салмалармен протездеу бірқатар қлиникалық және зертханалық кезендерден тұрады:


  1. тіс сауытында қуыс қалыптастыру

  2. салманы дайындау.

  3. балауыз репродукцияның металға немесе пластмассаға ауыстыру

  4. салма дәлдігін тексеру және оны тіс қуысында бекіту.

Салманың қолдану көрсеткіштері:

    1. Тіс сауытының әр түрлі ақаулары, егерде тіс бітемемен жабылмаса.

    2. Бүйір тістегі салмалар мұқалудан сақтайды.

    3. Пародонтит кезінде тістерді салмамен шеңдеу.

Кері көрсеткіштер :

  1. Қызылиек астында орналасқан өте терең қуыстар.

  2. Сауытты бөлігі төмен тістердегі ақаулар.

Салмалардың топтастырылуы:

  1. Тістерде орналасуы бойынша:

а) Inlay – пішіні жәшік тәрізді, тістің ішінде орналасып оның анатомиялық пішіні және окклюзиялық бетін қайталайды;

б) Onlay – фальці сыртында.

в) Overlay – тістің бір қабырғасы сақталған, басқа жері салма.

г) Pinlay – қосымша қуысы бар салма немесе бекітуге арналған штифті қосымшасы бар.

2. Материал бойынша:

а) Металды (алтын, КХҚ, күміс паладий құймасы) ;

б) Пластмассалы;

в) Керамикалы (IPS жүйесі = Empress, Cerec)

г) Аралас (металл+пластмасса, метал + керамика)

3. Жасалуы бойынша :

а) Тура әдіс

б) Жанама әдіс.

Салма тіс сауытының протезі ретінде бітемеге қарағанда зертханада жасалынады және алдын – ала қалыптастырылған қуыста бекітуші материалмен орнықтырылады. Сондықтан бұл қуыстарға ерекше талаптар қойылады, оларды сақтау арқылы салманың балауыз моделін еркін шығарып протезде орналастыруға болады.

Салма үшін дайындалған тіс қуысының пішінінде түбі тегіс және қабырғалары тік болғаны жөн. Тістің қатты тіндерінің зақымдалу көлеміне және орналасуына байланысты тістегі салма үшін қуыс қарапайым немесе күрделі болып жасалады, ол негізгі және қосымша бөліктерден тұрады немесе штифтар үшін арнайы өзекшелерге негізгі қуыс қалыптастырылады. Бұл салманың мықты тұруына жағдай туғызады. Салмалардың топографиялық белгілеріне байланысты қуыстардың үш түрі болады.



  1. Бір жақты – тістің бір бетінде орналасқан: шайнау, кесу, сыртқы, ішкі және бүйір беттерінде.

  2. Екі жақты – тістің кез – келген екі бетінде орналасқан : мысалы, шайнау немесе бүйір беті, кесу немесе бүйір бетінде.

  3. Үш жақты – тістің үш бетінде орналасқан: мысалы, екі бүйірлі және шайнау бетінде және т.б.

Тіс сауытының екі беткейі зақымдалғанда оны салмамен қалпына келтіру дұрыс емес, бұл уақытта жасанды қаптама қолданылады.. Тісте салма үшін қуысты қалыптастыру көбіне қатты тіндердің зақымдалу ерекшелігіне, оның көлеміне, орналасуына және протездеу міндеттеріне байланысты болады . Тіс ұлпасының болуы немесе болмауы маңызды орын алады. Дайындалған қуыстың пішіні клиникалық және техникалық талаптарға сәйкес келуі керек. Тіс ұлпасы сақталған тістерде қуысты дайындағанда ұлпаға дейінгі қатты тіндердің қалыңдығын білген жөн, өйткені салма тек қана осы қатты тіндер деңгейінде бекітіледі. Бұл жағдайда қалыптастырылатын қуыстың тереңдігі анықталады. Қатты тіндердің қалыңдығы кесу қырынан немесе шайнау бетінен бастап ұлпаға дейін 3 – 5 мм құрайды, ал төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде ол тереңдік 1,2 – 2,5 мм болады. Төменгі жақ күрек тістерінің және жоғарғы жақ бүйір тістерінің вестибуляр қабырғасының экватор аймағындағы ұлпаға дейінгі қалыңдық 1,5 – 3 мм, жоғарғы жақ орталық күрек тістерінің, барлық ит тістерінің және кіші азу тістерінде 2,5 – 4 мм болады. Үлкен азу тістерде 4 – 5 мм. Тістің мойны аймағында вестибуляр жақтан қатты тіндердің ұлпаға дейінгі қалыңдығы төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде 1,2 – 2,5мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2,5 – 5 мм болады. Оральды қабырғаның қалыңдығы төменгі жақтың күрек тісінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде ұлпаға дейін 1,2 – 2,5 мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2 – 4 мм, үлкен азу тістерде 2,5 – 5 мм болады. Бүйір қабырғаның ұлпаға дейінгі қалыңдығы төменгі жақтың күрек тістерінде және жоғарғы жақтың бүйір тістерінде 1,5 – 3 мм, жоғарғы жақтың орталық күрек тістерінде, барлық ит тістерде және кіші азу тістерде 2 – 4 мм болады. Ұлпасы алыңған тістерде салма тістің қатты тіндерінде және ұлпа ішілік камерада бекітіледі, соған байланысты салмаға орын дайындау және оны тіс сауытында механикалық бекітуге жақсы жағдай туғызылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет