Тақырыбы: Нерв жүйесінің қимылдық қызметінің
бұзылыстары
Атаксия (грек тілінен ауд. а–болымсыз және taxis –реті, жөні) – жүріп -
тұру кординациясының бұзылуы. Атаксия 2 түрге бөлінеді: статистикалық
атаксия (отырғанда тепе-теңдікті сақтай алмау) және динамикалық
(қозғалғанда немесе жүргенде тепе-теңдікті сақтай алмау).
Асинергия (грек тілінен ауд. а – болымсыз + synergia – әрекеттестік) –
қозғалудың бұзылуымен көрінетін, бұлшықеттердің бірлесіп жұмыс
жасауының бұзылуымен сипатталатын және бірнеше бұлшықет
топтарының
бір
уақытта
жиырылуын
туындататын
қозғалыс
үйлесімділігінің бұзылуы. Асинергия мишық зардапталғанда байқалады.
Гиперкинезия (грек тілінен ауд. hyper –жоғары, артық, үстінде+ kinesis –
қозғалыс) – күрделі қимыл- қозғалысқа қатысатын қосымша қимылдардың
күшеюі.
Децеребрациялық сіреспе (латын тілінен ауд. de –жою, бөліну + cerebrum
–ми, + rigidus –мелшейіп қалған, бүгілмей қалған) – ми бағанасын (ортаңғы
мидың беткейіндегі жоғары және төменгі төмпешіктердің арасын) қиып
кескенде дамитын жазылатын бұлшықеттер тонусының бірден
жоғарылауы, бүгілетін бұлшықеттердің әлсіреуі – децеребрация. Осыған
орай дененің тепе-теңдігін сақтайтын және оның қимыл-қозғалысын
қамтамасыз ететін рефлекстер жойылады. Себептері: ортаңғы және
сопақша мидың ретикулалық формациясының бақылауынан жұлын мен
сопақша мидың тонусты орталықтарының шығып кетуі. Децеребрациялық
сіреспе ортаңғы мидың ауыр зардапталуы кезінде жиі кездеседі. Сонымен
бірге, осы патологиялық үдеріске қызыл ядроның бүлінуі қосылады.
Опистотонус (грек тілінен ауд.opisten – артында, артқа қарай + tonos –
күштену, қатаю) – арқаның, аяқ-қолдың және мойынның бұлшықеттерінің
тониялық жиырылуынан арқаның жылдам бүгілуі, бастың артқа қарай
Достарыңызбен бөлісу: |