Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі



Pdf көрінісі
бет28/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

феномені дамуының нәтижесі болып саналады. Диашиз феномені 
дамуының негізінде транссинапстық деактивация жатыр. Қозуды өткізу 
жолдарының тікелей бүлінуінен диашиз феномені зардапталған аймақтан
алшақтау жерлерде пайда болады. Сонымен қатар, импульстердің дұрыс 
берілмеуі, түрлі нейротрансмитті жүйелердің модуляциялаушы (өзгертуші) 
әсерінің бұзылуы байқалады. Қоздырушы импульстердің тапшылығынан 
құрылымы сақталған нерв жасушалары реактивтілкің басқа деңгейіне 
ауысады. Клиникалық көріністері әртүрлі функциялардың бұзылыстарымен 
байқалады. Сондықтан, ОНЖ-нің қызмет атқармайтын бөлігінен 
анатомиялық зақымданған жерлерінің өлшемі басым болады. Мысалы, 
құрылымы сақталған мидың жартышарындағы метаболизмнің бұзылуынан 
мишықтың инсульті дамиды. Сондықтан, клиникалық көрінісінде тек 
мишыққа тән бұзылыстар: бұлшықет тонусының өзгеруі және антагонист-
бұлшықеттер функцияларының бұзылыстары ғана емес, сонымен қатар, 
гемипараз, гемигипестезия, когнитивтік, сөйлеу, мінез-құлықтық өзгерістер 
байқалады. Диашиз кезінде қанағым жылдамдығы, айналымдағы қан 
көлемі, глюкоза мен оттек алмасуының деңгейі пропорциялы түрде азаяды. 
Диашиз кезінде дамитын осы өзгерістер гемодинамика мен метаболизм 
арасындағы физиологиялық үйлесімділкің сақталатынын айғақтайды. 
Диашиз аумағының саны инсульттің клиникалық салдарына тікелей әсер 


34 
етеді: көптеген дистанттық гипометаболизмдік аумағы бар науқастарда 
инсульт қолайсыз жағдайлармен аяқталады. Сонымен қорыта келгенде, 
диашиз аксондық спраутинг және жаңа кортикалды байланыстарды 
қалыптастыратын құрылымдық қайта ұйымдастыру процессінің бір бөлігі 
болғанымен, болжамы бойынша сәтсіз аяқталады. Диашиздің ұзақтығы 
зақымданған ошақтың сипатына, орналасуына, көлеміне және ОНЖ-нің 
теңгерілу жағдайына байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет