Қазақстан республикасы денсаулық сақтау министрлігі


- сурет.  Инсульттен кейін ми



Pdf көрінісі
бет36/79
Дата29.11.2023
өлшемі2.08 Mb.
#484899
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79
НЕРВ ЖҮЙЕСІ ОҚУ ҚҰРАЛЫ

17- сурет
Инсульттен кейін ми 
функциясының қалпына келуі.
 
1 – тіннің қайтымсыз өліеттенген 
аумағы; 2 – мидың созылымдық 
аумағы; 3 – жойылған қызметтерді 
алмастыратын екіншілікті аумақ; 4 – 
ми жартышарына қарама-қарсы «айна 
тәрізді» аумақтың белсенуі (Федин 
А.И. Жіті ми ишемиясының патогенезі 
мен емінің заманауй концепциясы – 
Ғылыми-практикалық 
конференция
«Ми ишемиясын емдеу» - Мәскеу, 
2011) 
 


41 
Мидың жіті фокалдық ишемиясы 
Энергиялық тапшылық_________________________ Лактат–ацидоз 
Белсенді иондар тасымалдануының бұзылуы____________________ 
Глутаматты эксайтоуыттылық____________________________ 
Жасушада ішіндегі Са
2+ 
жиналуы_____________________________ 
Жасушада ішіндегі ферменттердің белсенуі________________________ 
Азот тотығының шамадан артық түзілуі____________________________ 
Тотығулық стресс реакциясының белсенуі_____________________ 
Цитотоксикалық әсер ету 
Жасушаның өліеттенуі, ісіну, осмостық әсер ету 
МИ ИНФАРКТЫ 
1–кесте. Инсульт кезіндегі энергия тапшылығы мен лактат–ацидоздың бүлдіруші 
әсері 
(Л.Я. Новикова Жіті ишемиялық инсульттер //Бірінші облыстық клиникалық 
аурухананың хабаршысы. –2002, № 2) 
Жасушада ішіндегі Ca
2+
жиналуы оның эндоплазмалық ретикулумнан 
босап шығуының күшеюінен дамиды. Сонымен қатар, Ca
2+ 
иондарының 
жасушадан шығуы бұзылады. Бұл энергияға тәуелді үдеріс болғандықтан, 
АТФ қоры азайған кезде ол қызметін тоқтатады. Сондықтан, АТФ азайған 
кезде нейрондарда Ca
2+
мөлшері көбейеді. Бұл өз кезегінде тотығу 
фосфорлану процесстерін баяулатып, сонымен бірге, ишемия кезінде 
нейрондар өлуінің басты механизмі ретінде іске қосылады.
Ацидоз және энергия тапшылығының күшеюі кезінде үш валентті 
темір екі валентті темірге айналып, жасушалық мембранада липидтердің 
асқын тотығы мен бос радикалдардың түзілуін арттырады. ЛАТ 
процесстерінің күшеюімен қатар нейротрансмиттердің түзілуі тежеледі. 
Бұл нейрондар арасындағы байланыстарды бұзып, оларда метаболизмдік 
бұзылыстарды одан сайын қиындатады. Сонымен қатар, NAD/NADH–
тәуелді тотығу жолдарының ингибициясы (тежелуі), пиридиннуклеотидтер 
мен флавиндердің тотықсызданған түрлерінің көбеюі байқалады. Бұл 
энергиялық 
субстраттардың 
тотығулық 
қасиетін 
жасушалармен 
жоғалтудың салдары, яғни «субстраттық ашығуды» қалыптастырады. 
Оттегі жеткіліксіздігінің өршуі цитохром b-с бөліміндегі тыныстық 
тізбектің электрлік тасымалдау қызметінің тежелуі немесе оның 
белсенділігінің толығымен жойылуын туындатып, тотығу фосфорлану 


42 
үдерісі мен тыныс алуды тоқтатады. Осы кезеңде энергия тапшылығының 
деңгейі жасушаның өлуі мен түрлі бұзылыстарды туындататын негізгі 
механизмдердің іске қосылуына жеткілкі болады. 
Сонымен қатар, гипоэргоз және лактат-ацидоз қозу медиаторларын, ең 
алдымен аспартат пен глутаматтың босап шығуына жағдай жасайды. Осы 
аминоацидергиялық нейротрансмиттерлер Са
2+
иондарының жаушада 
жиналуын белсендіретін және жасушада ішіндегі ферменттердің босап 
шығуына жағдай жасайтын NMDA- және AMPА-рецепторларын 
ынталандырады. Гиперферментативтік белсенділкің туындауы жасуша 
мембранасы мен митоходриялар мембраналарын бұзып, жасушалық 
энергияның бұзылыстарын одан сайын қиындатады. Сондықтан, 
цитотоксикалық және цитоэксайтуыттылық әсерлер биохимиялық каскад 
арқылы туындаған нейрондардың «екіншілкі өлуін» дамытады. 
Глутаматтың эксайтуыттылық әсері. Қалыпты жағдайда мида 
негізгі қоздырушы аминоацидергиялық медиаторлар: глутамат және 
аспартаттың жасушада ішіндегі мөлшері салыстырмалы түрде тұрақты 
деңгейде болады. Аспартат және глутамат мөлшерінің көбеюін келесі 
теңгерілу механизмдер: жасушааралық кеңістіктен астроциттер мен 
нейрондарды қайта қармап алуы, медиаторлардың босауын пресинапстық 
тежеу, метаболизмдік қайта өңделу туындатады. Бірақ, ишемияға 
ұшыраған жағдайда астроцитоз және белсенді тасымалдау каналдарының 
дисфункциясынан астроглияға синапстық саңылау арқылы аспартат пен 
глутаматтың тасымалдауының жоғары селективті жүйесі бұзылады. 
Нәтижесінде медиаторлардың қайта жаңғырту жүйелерінің жолдары 
өзгереді. Бұл синапстық саңылауда аспартат пен глутаматтың кідіру 
уақыты мен абсолютті концентрациясын қалыпты жағдайдан 
жоғарылатады және нейрондар мембраналарының деполяризациялану 
процесстері қайтымсыз сипатқа ие болады. Сондықтан, ишемияға 
ұшыраған 
жағдайда 
глутамат 
пен 
аспартат 
цитотоксткалық, 
эксайтоксикалық (ағылш. to excite – қоздыру, белсендіру) әсерін тигізеді.
Инсульт кезінде глутаматтың экстрацеллюлярлық деңгейдегі әсері 
энергия тапшылықтың дамуымен қатар ишемияланған ошақтың өлшеміне, 
К
+

Na
+

иондарының жасушада ішіндегі мөлшеріне, рН пен 
температурасына байланысты. Бұл емдік шаралар жүргізгенде маңызды.
Қоздырылған нейротрансмиттерлі аминқышқылдардың синапстық 
саңылауда жиналуы глутаматты рецепторларды шамадан артық қоздырып, 
келесі өзгерістерді туындатады: 
 ми нейрондарында АТФ түзілуінің азаюы және оны тұтынудың 
жоғарылауы өз кезегінде, нәруыздардың түзілуін, митохондриялардың 
Са
2+ 
иондарын қармап алуын, тотығулық фосфорилдену және гликолиз 
ферменттерінің белсенуін, иондық гомеостазды және ми нейрондарының 
жасушааралық және жасушада ішіндегі сигнал беру жүйесін бұзады; 
 нейрондардан 
нейрондарға 
дейінгі 
метаболизмдік 
бұзылыстардың бірізділігі, тек қана кальцийдің жиналуын арттырмай, 


43 
айналасындағы нейрондардың уытты қозуын күшейтеді («домино» 
механизмі); 
 әртүрлі медиаторлардың көптеп қосылуы және катоболизмдік 
реакциялардың басым болуынан дамыған қайтымсыз өзгерістер 
жасушаның өлуін туындатады; әсіресе зардаптаушы процесстер ретінде 
липидтердің асқын тотығуы және бос радикалдар, тромбоциттерді 
белсендіретін фактор, тромбоциттердің адгезиясы және агрегациясы, 
эйкозаноидтар, цитокиндер, лейкоциттер, коагуляция және фибринолизі
экзотоксиндер, Ca
+2
, лактат-ацидоз, жасушаның ісінуі және гендер 
экспрессиясының бұзылуы саналады; 
Бірақ, глутаматтың нейродеструкциялық әсер етуі кезінде кальцийдің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет