Қазақстан республикасы денсаулықСАҚтау министрлігі қазақ мма-дағы Қр меджоо оқУ-Әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі496 Kb.
#133678
1   2   3   4   5   6   7

Хирургиялық ем


Туберкулез ауруын емдеудің негізгі әдісі химиотерапия екені белгілі, бірақ дүние жүзінің көптеген аймақтарында туберкулез микобактериясының штаммдарына дәріге төзімділіктің пайда болуы туберкулездің жазылмайтын және өлімге алып келетін түрлерінің көбеюіне алып келді. Мұндай науқастарда химиотерапия нәтижесіз болған жағдайда хирургиялық емдеу әдісінің орны үлкен болады.

Туберкулез кезіндегі хирургиялық әрекеттердің жалпы көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады: өмірлік көрсеткіштер, абсолютті көрсеткіштер, салыстырмалы көрсеткіштер.

1. Хирургиялық әрекеттердің өмірлік көрсеткіштері:


  • өкпеден қан кету немесе ауыр қан түкіруді, басқа емдеу әдістерімен тоқтату мүмкін болмаған жағдайда,

  • тензионды спонтанды пневмотракс

2. Хирургиялық әрекеттердің абсолютті көрсеткіштері:

  • өршімелі казеозды пневмония;

  • туберкулома (> 2см);

  • этиологиясы белгісіз дөңгелек құрылымдар (өкпе туберкулезі немесе рагы);

  • каверналы туберкулез;

  • шектелген фиброзды-каверналы туберкулез;

  • туберкулезді цирроз (бұзылған өкпе);

  • созылмалы туберкулезді плевра эмпиемасы.

3. Хирургиялық әрекеттердің салыстырмалы көрсеткіштері:

  • ірі қалдықты посттуберкулезді каверналар;

Хирургиялық әрекеттердің басқа көрсеткіштері:

  • кеуде ішілік лимфа бездерінің казеомасы;

  • алдыңғы хирургиялық әрекеттің асқынуын жою.

Қандай жағдай болмасын зақымданған өкпедегі кері қайтпайтын патологиялық өзгерістер хирургиялық ем жасаудың қосымша факторы болып саналады.

Хирургиялық емдеуді жасау мүмкіндігін егер мынадай жағдайлар сақталса қарастыруға болады:



  • туберкулез науқасын бірінші және екінші топтың адекватты дәрілерімен сауықтантыру мүмкін болмаса;

  • лобэктомия немесе пульмонэктомия жасай алатындай ауру шектелген болса;

  • өкпенің қалған бөлігі зақымдалмаған болса;

  • науқаста резекцияны көтере алатындай жеткілікті өкпе резерві бар қажетті хирургиялық қауіп болса.

Тыныс мүшелерінің туберкулезімен ауыратын науқастарды хирургқа кеңес жіберу мерзімдері.

  1. Өкпе туберкуломасы бар кісілер ауру анықтала салысымен хирургқа консультацияға жіберіледі, егер айқын перифокалды қабынуы болса 2-4 ай қарқынды емнен кейін қайта косультацияға жіберіледі.

  2. Каверналы туберкулез - 3 ай қарқынды емнен кейін бактерия бөлу сақталып, рентгенологиялық динамика болмаған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.

  3. Фиброзды-каверналы туберкулез - хирургиялық ем 5-6 ай қарқынды емнен кейін инфильтратты өзгерістер мен шашыранды ошақтар таралып жазылғаннан кейін жасалады.

  4. Ошақты, иинфильтратты туберкулез ыдырау кезеңінде - 3-4 ай қарқынды емнен кейін рентгенологиялық динамика болмай, ыдырау қуысы сақталған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.

  5. Казеозды пневмония - соңғы уақыттырдағы көзқарастарға сәйкес терапия казеозды пневмония терапиялық аурудан гөрі, хирургиялық ауру болып саналғандықтан, науқас ауруханаға түскеннен кейін тезірек хирургқа консультацияға жіберу қажет. Егер процесс емнің нәтижесінде ары қарай өрши түссе онда өмірлік көрсеткішпен опреация жасалуы керек.

  6. Асқынған созылмалы біріншілік туберкулез перифокалды инфильтрациясы тарағаннан кейін хирургқа консультацияға жіберіледі.

  7. Созылмалы плеврит және плевра эмпиемасы - 5-6 ай ем нәтижесіз болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.

  8. Өкпе туберкулезінің асқынған түрлері (өкпеден қан кету, спонтанды пневмоторакс және т.б.) жедел хирургқа консультацияға жіберіледі.

  9. Өкпедегі айқын метатуберкулезді өзгерістер қайта-қайта өршуге бейім болған жағдайда хирургқа консультацияға жіберіледі.

Хирургиялық емнен кейінгі өте маңызды шарт ол кем дегенде 12 ай бақылаулы химиотерапияны жалғастыру кезеңін жүргізу болып саналады.

Мультирезистентті туберкулезбен ауыратын науқастарды хирургқа консультацияға жіберу мерзімдері.

МРТ хирургиялық емдеудің көрсеткіштері мен керікөрсеткіштері қарама-қайшы болып келеді. Бір жағынан МРТ кезінде негізгі дәрілермен жүргізілген химиотерапиядан нәтиже болмағандықтан негізгі ошақ инфекциясын оперативті түрде алып тастау қажет болса, екінші жағынан қалған инфильтрация фокустарында және деструкция қуыстарында ТМБ-ның мультирезистентті түрлері көбеюде болады да резервті дәрілер нәтижелі болуы мүмкін. Егер резервті дәрілермен емдеу нәтижелі болмаған жағдайда, бактерия бөлу сақталады да операциядан кейінгі рецидив болуы мүмкін.

МРТ кезіндегі хирургқа консультацияға жіберу көрсеткіштері:



  1. ыдыраған ірі туберкуломалар кезінде, резервті дәрілермен химиотерапияның 4-6 ай интенсивті кезеңінен кейін бактерия бөлу сақталған жағдайда.

  2. шектелген ірі ригидті каверналар болып, резервті дәрілермен химиотерапияның 5-6 ай интенсивті кезеңінен кейін бактерия бөлу сақталған жағдайда;

  3. науқас өміріне қауіп туғызатын МРТ-ның асқынған ағымы - өкпеден қан кету, плевра эмпиемасы;

Операция жасалынған науқастарды DOTS стратегиясы бойынша емдеу тактикасы мынадай болуы тиіс:

Операция алдында БК+ анықталған науқастарға операциядан кейін ІІ категория бойынша толық толық емдеу курсы жүргізіледі. Егер операция алдында науқастың қақырық жағындысында теріс нәтиже анықталса, операциядан кейін ем ІІ категорияның жалғастыру кезеңінің схемасы бойынша жүргізіледі.

Операциядан кейін резервті дәрілермен емдеудің қарқынды кезеңі 1-2 айға созылады, себебі хирургиялық агрессия иммуно-репарациялық процесстердің әлсіреуіне және МРТ-нің реактивациясына алып келуі мүмкін. Жалғастыру кезеңінің ұзақтығы өзгермейді - 18-21 ай, жасуша ішіндегі латентті персистелген ТМБ-лар реверсияланып операциядан кейінгі рецидивке алып келуі мүмкін.
ДИСПАНСЕРЛІК БАҚЫЛАУ

Туберкулез диспансерінің науқастарды қадағалайтын топтары.



  1. нөлдiк топ (0) – туберкулез ауруының белсендiлігі күмәндi жандар;

  2. бiрiншi топ (I) – белсендi туберкулезі бар науқастар;

  3. екiншi топ (II) – белсендiлігі жоқ туберкулезі бар жандар;

  4. үшiншi топ (III) – туберкулезбен ауыру қаупi жоғары жандар;

0 топта төмендегілер бақыланады:

  1. АМСК жүйесі мекемелерінде жүргiзiлген стандартты диагностикалық алгоритмнен кейiн өкпедегі немесе басқа ағзалардағы туберкулездің белсенділігін анықтау мүмкiн болмаған туберкулезге күмән туғызатын жандар. Олар ТҚКҰ – да диспансерлiк есепке алынбаған белсенділігі күмәндi алғаш рет немесе қайта ауырған жандар болуы мүмкін.

  2. туберкулезге қарсы күресетін ұйымдарда диспансерлiк есепке алынбаған, туберкулинге сезiмталдық сипаттамасын анықтап, ажырату диагностикасын жүргізуді қажет ететiн балалар.

0 тобында бақыланатын жандарға зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық, құралдармен тексеру және басқа да зерттеу әдістері, соның ішінде туберкулинмен диагноз қою да жүргiзiледi. Өкпеден тыс туберкулез түрлерi бар науқастарда туберкулез ауруының белсендiлiгi өзге де клиникалық зертханалық зерттеулермен дәлелденуі мүмкін.

0 тобында бақыланатын жандарға туберкулезге қарсы дәрілерді қолдануға болмайды. Бақылау мерзiмi – 4 айға дейін. Науқаста туберкулездiң белсендi түрi анықталса, ол I топқа ауыстырылады. Туберкулиндi сынама жұққандық нәтижесінде оң болғаны анықталса, бала III Б тобына ауыстырылады.



I топта бактерия бөлетiн не бөлмейтiн белсендi туберкулезбен ауыратын барлық науқастар бақыланады:

  1. I А – туберкулез ауруының жаңа жағдайлары (I және III категория)

  2. I Б- аурудың қайтану жағдайлары (II категория)

  3. I В- туберкулездiң көптеген дәрiге төзімді, негізгі және резервті топтағы туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілермен ем қабылдаушылар (IV категория);

  4. I Г- негiзгi және резервтегі топтағы дәрiлермен қайта емделгеннен кейiнгi көптеген дәрiге төзімділігі бар бактерия бөлетін және де стандартты үлгіде ем жүргізу мүмкін емес науқастар (IV категория).

I А, I Б, I В топтарында бақыланатын науқастарға емдiк категорияларға сәйкес стандартты үлгідегі химиотерапия жүргiзiледi. Хирургиялық ем көрсеткіштерге сәйкес жүргiзiледi. Бақылау мерзiмi емнiң толық курсының ұзақтығына сәйкес анықталады. Ем «сауықты» немесе «ем аяқталды» деген нәтижемен аяқталса, науқас II диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.

«Ем тәртiбi бұзылды» деген нәтижесі бар науқастың емін әрі жалғастыру мәселесiн ОДКК шешедi.

I Г тобында бақыланатын науқастарға туберкулезге қарсы дәрілер қолданбайды. Көрсеткіштеріне қарай симптоматикалық (патогендi) ем, соның ішінде коллапсотерапиялық және хирургиялық ем әдiстерi қолданылады. Бақылау мерзiмi – дақылдық әдістің нәтижелері теріс болған уақытқа дейiн.

II топта ем курсы сәттi аяқталған туберкулез ауруы белсенді емес жандар бақыланады. Тексерулер жылына екi рет өткізіледі. Бақылау мерзiмi: үлкен қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 2 жыл; кіші қалдықты өзгерiстерi бар жандарды – 1 жыл.

Туберкулез ауруы қайталанған науқастар алдыңғы жүргізілген емге сәйкес I диспансерлiк есеп тобына ауыстырылады.



III топта туберкулезбен ауыру қаупі жоғары жандар бақыланып, төмендегi топтарға бөлiнедi:

1) III А тобындағылар:

туберкулездiң белсендi түрiмен ауыратын науқастармен қарым-қатынастағы жандар;

бактерия бөлу-бөлмеуіне қарамастан туберкулездiң белсендi түрiмен аурған науқастармен қарым-қатынастағы балалар мен жасөспiрiмдер;

бұрын белгiсiз болған туберкулез өлімі ошақтарындағылар.

Бақылау мерзiмi – қатынаста болған уақыттан бастап нәтижелi химиятерапиядан кейiн 1 жыл. Өлiм ошақтарындағы қатынаста болған жандар 1 жыл бойы бақыланады. Жан-жақты тексеру жылына екi рет жүргізіледі.

2) III Б тобындағылар:

біріншілік жұққандықтың ерте кезеңі (туберкулин сынамасының виражы);

бұрын жұққандығы бар, туберкулин сынамасы гиперергиялық нәтиже көрсеткендер;

БЦЖ вакцинасын еккенде жанама әсер байқалғандар.

Бақылау мерзiмi –1 жыл. Жан-жақты тексеру есепке алғанда және есептен шығарарда жүргізіледі.

Туберкулезбен ауыратын науқастар тұрғылықты жерiндегі, оқу орны орналасқан жердегі не тузету мекемелерiндегі ТҚКҰ-да диспансерлiк бақылануы тиіс. Науқастың тұрғылықты жерi өзгерген жағдайда, науқастың жаңа тұрғылықты жерiндегі фтизиатр 10 күннiң iшiнде есепке алуы керек.

Туберкулезбен ауыратын науқастарды диспансерлiк бақылау тәртiбi осы Нұсқаудың 7-қосымшасында көрсетiлген.

Диспансерлiк бақылауға алынған науқастардағы туберкулез үрдiсi белсендiлiгiнің түсініктемесі:

1) белсендiлiгi күмән туберкулез - өкпе немесе басқа ағзалардағы алғаш рет анықталған не диспансерлік есептен шығарылған жандарда анықталған белсенділігі белгісіз туберкулезді өзгерiстер. Туберкулез үрдісінің белсенділігін анықтау үшін диспансерлік бақылаудың нөлдік (0) тобы белгіленген. Бұл топта бақылаудың негізгі мақсаты – диагностикалық шаралардың жиынтығын өткізу;

2) белсендi туберкулез – кез-келген ағзадағы туберкулез микробактериялары тудырған және де зертханалық, клиникалық, рентгенологиялық белгілердің жиынтығымен сипатталатын арнайы қабыну үрдісі. Белсендi туберкулезі бар науқастарға емдік, диагностикалық, аурудың жайылуына қарсы, реабилитациялық, әлеуметтiк шаралар жүргізілуі қажет. Белсендi туберкулезі бар барлық науқастар I диспансерлiк есеп тобында бақыланады. II топта бақыланған науқасқа хирургиялық ем жүргізілгеннен кейiн, оны әрі қарай бақылау тактикасын ОДКК шешедi;



  1. қалдықты өзгерiстер - туберкулезден сауыққаннан кейiн ағзалар мен тіндерде әр түрлi қалдықты өзгерiстер анықталуы мүмкін. Олар: тығыздалған және әктенген ошақтар, әр түрлi көлемдi фиброзды және циррозды өзгерiстер (қалдықты тазарған қуыстар да болуы мүмкін), плевралық жабысулар, өкпедегі, плеврадағы және басқа ағзалар мен тіндердегі операциядан кейінгі қалдықты өзгерiстер. Кіші қалдықты өзгерiстер: жеке (саны 3-ке дейiн), ұсақ (1 см-ге дейiн) тығыздалған және әктелген ошақтар, шектелген фиброз (2 сегмент көлемінде). Басқа қалдықты өзгерiстердің барлығы үлкен қалдықты өзгерістер болып есептеледі.


ТЕСТІЛЕР

1. Ересектер арасында туберкулезді ерте табудың негізгі әдісі:

А) Туберкулиндікдиагностика

Ә) Флюорография

Б) Бактериоскопия

В) Рентгенография

Г) Бактериологиялық тексеру


2. Балалар арасында туберкулезді ерте табудың негізгі әдісі:

А) Туберкулиндікдиагностика

Ә) Флюорография

Б) Бактериоскопия

В) Рентгенография

Г) Бактериологиялық тексеру


3. Манту сынамасы бойынша тексеруге жататын балалар контингенттері:

А) әлеуметтік-жақсы жанұялардың балалары

Ә) туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер

Б) ревакцинация алдындағы 16-17 жастағы жасөспірімдер

В) физиотерапия жүргізудің алдында

Г) барлығы дұрыс


4. Манту сынамасы бойынша тексеруге жататын балалар контингенттеріне төмендегіден басқалары жатады:

А) қауіпті топтағы балалар

Ә) туберкулез ошағындағы балалар мен жасөспірімдер

Б) вакцинация алдындағы 2 айдан асқан балалар

В) ревакцинация алдындағы 6-7 жастағы балалар

Г) ревакцинация алдындағы 13-14жастағы балалар.


5. Қауіптілер тобына төмендегілерлен басқа балалар контингенттері жатады:

А) әлеуметтік-нашар отбасылардың балалары;

Ә) интоксикация симптомдары бар, жөтелетін стационарлы ем алып жатқан балалар;

Б) шеткері лимфа бездері ұлғайған балалар (4және одан көп топтар).;

В) гормонды ем жүргізудің алдында

Г) вакцинациядан кейін тыртық түзілмеген балалар.


6. 2 ТБ Манту сынамасының теріс реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 0-1 мм

Ә) 2-4 мм

Б) 5 мм және одан жоғары

В) 15 мм және одан жоғары

Г) 17 мм және одан жоғары


7. 2 ТБ Манту сынамасының күмәнді реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 0-1 мм

Ә) 2-4 мм

Б) 5 мм және одан жоғары

В) 15 мм және одан жоғары

Г) 17 мм және одан жоғары


8. 2 ТБ Манту сынамасының оң реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 0-1 мм

Ә) 2-4 мм

Б) 5 мм және одан жоғары

В) 15 мм және одан жоғары

Г) 17 мм және одан жоғары


9. Балалардағы 2ТБ Манту сынамасының гиперергиялық реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 2-4 мм

Ә) 5 мм және одан жоғары

Б) 15 мм және одан жоғары

В) 17 мм және одан жоғары

Г) 21 мм және одан жоғары


10. Жасөспірімдердегі 2 ТБ Манту сынамасының гиперергиялық реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 2-4 мм

Ә) 5 мм және одан жоғары

Б) 15 мм және одан жоғары

В) 17 мм және одан жоғары

Г) 21 мм және одан жоғары


11. Ересектердегі 2 ТБ Манту сынамасының гиперергиялық реакциясы кезіндегі папуланың көлемі:

А) 2-4 мм

Ә) 5 мм және одан жоғары

Б) 15 мм және одан жоғары

В) 17 мм және одан жоғары

Г) 21 мм және одан жоғары


12. Инфекциялық аллергия кезіндегі папуланың көлемі:

А) 0-1 мм

Ә) 2-4 мм

Б) 5 мм


В) 10 мм

Г) 12 мм
13. Туберкулез процессінің орналасуын анықтайтын туберкулин сынамасы:

А) Манту сынамасы

Ә) Пирке сынамасы

Б) Кох сынамасы

В) Моро сынамасы

Г) барлығы дұрыс емес
14. Жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын міндетті түрде туберкулезді табу үшін флюрографиялық зерттеуден (тегін) өтетін адамдардың тізімі:

А) Тамақ өнеркәсібі, қоғамдық тамақтандыру қызметкерлері;

Ә) Тағам өнімдері саудасы кәсіпорындарының қызметкерлері;

Б) Дәріхана қызметкерлері;

В) Науқастарды емдеумен, оларға қызмет көрсетумен және тамақтандырумен байланысты емдеу-профилактикалық мекемелерінің қызметкерлері;

Г) Жоғары және орта арнайы оқу орындарының қызметкерлері.



15. Жұмысқа орналасу кезінде және жыл сайын міндетті түрде туберкулезді табу үшін флюрографиялық зерттеуден (ақылы) өтетін адамдардың тізімі:

А) Туберкулезге қарсы күресетін мекемелердің қызметкерлері;

Ә) Оралмандар;

Б) Жалпы білім беру және мамандандырылған мектептер мен гимназиялардың қызметкерлері;

В) Әскери қызметке шақырылғандар;

Г) Жоғарғы және орта арнайы оқу орындарының студенттері, колледж, лицей оқушылары;


16. 1 көру алаңында 10 және одан көп БК болғандағы тексеру нәтижесі:

А) -


Ә) ҚТБ

Б) +


В) ++

Г) +++
17. 300 көру алаңында ҚТБ болмағандағы тексеру нәтижесі:

А) -

Ә) ҚТБ


Б) +

В) ++


Г) +++
18. 1 көру алаңында 1-10 БК болғандағы тексеру нәтижесі:

А) -


Ә) ҚТБ

Б) +


В) ++

Г) +++
19. 100 көру алаңында 10-99 БК болғандағы тексеру нәтижесі:

А) -

Ә) ҚТБ


Б) +

В) ++


Г) +++
20. 100 көру алаңында 1-9 БК болғандағы тексеру нәтижесі:

А) -


Ә) ҚТБ

Б) +


В) ++

Г) +++
21. Медицина мекемесіне қаралған кісілердің ішінен туберкулезге күмәндәніп келгендерге бактериоскопиялық зерттеу жасау көрсеткіштері:

А) 1 аптадан көп уақыт жөтелу

Ә) 3 аптадан көп уақыт жөтелу

Б) 2 аптадан көп уақыт жөтелу

В) туберкулез науқасымен қатынастағылар, бірақ ауру симптомдары жоқ

Г) барлығы дұрыс

22. Науқастардан жиналатын қақырық мөлшері.

А) 1-2 мл

Ә) 2-3 мл

Б) 3-4 мл

В) 3-5 мл

Г) 6-7 мл


23. Қақырықтың лабораторияға жеткізілуі үшін тоңазытқышсыз сақталу уақыты:

А) 1


Ә) 2

Б) 4


В) 5

Г) 7
24. Қақырықтың лабораторияға жеткізілуі үшін тоңазытқышта сақталу уақыты:

А) 1

Ә) 2


Б) 4

В) 5


Г) 7
25. Себінді жасау үшін қақырықтың тоңазытқышта сақталу уақыты

А) 1


Ә) 2

Б) 4


В) 5

Г) 7
26. Монорезистенттілік – ТМБ-ның төзімді болуы

А) барлық дәрілерге

Ә) изониазид пен этионамидке

Б) бір дәріге

В) екі және одан көп дәріге

Г) изониазид пен рифампицинке
27. Полирезистенттілік - ТМБ-ның төзімді болуы

А) барлық дәрілерге

Ә) изониазид пен этионамидке

Б) бір дәріге

В) негізгі топтың екі және одан көп дәрісіне

Г) изониазид пен рифампицинке


28. Мультирезистенттілік - ТМБ-ның төзімді болуы

А) барлық дәрілерге

Ә) изониазид пен этионамидке

Б) бір дәріге

В) екі және одан көп дәріге

Г) изониазид пен рифампицинке


29. Суперрезистенттілік - ТМБ-ның төзімді болуы

А) барлық дәрілерге

Ә) изониазид пен этионамидке

Б) бір дәріге

В) екі және одан көп дәріге

Г) изониазид пен рифампицинке


30. Суық абсцесстің пайда болу себебі:

А) БЦЖ-ны тері бетіне енгізу

Ә) БЦЖ-ны тері ішіне енгізу

Б) БЦЖ-ны тері астына енгізу

В) БЦЖ-ның мөлшерін көп енгізу

Г) БЦЖ-ны жоғары енгізу


31. Беткейлік жараның пайда болу себебі:

А) БЦЖ-ны тері бетіне енгізу

Ә) БЦЖ-ны тері ішіне енгізу

Б) БЦЖ-ны тері астына енгізу

В) БЦЖ-ның мөлшерін көп енгізу

Г) БЦЖ-ны жоғары енгізу


32. Лимфадениттің пайда болу себебі:

А) БЦЖ-ны тері бетіне енгізу

Ә) БЦЖ-ны тері ішіне енгізу

Б) БЦЖ-ны тері астына енгізу

В) БЦЖ-ның мөлшерін көп енгізу

Г) БЦЖ-ны жоғары енгізу


33. Келлоидты тыртықтың пайда болу себебі:

А) БЦЖ-ны тері бетіне енгізу

Ә) БЦЖ-ны тері ішіне енгізу

Б) БЦЖ-ны тері астына енгізу

В) БЦЖ-ның мөлшерін көп енгізу

Г) БЦЖ-ны жоғары енгізу


34. Ошақтарды топтарға бөлудің критерилері төмендегілерден басқасы:

А) бактерия бөлудің көптігі,

Ә) ошақта әйелдің болуы,

Б) науқаста және оның жанұя мүшелерінде зиянды әдеттердің болуы,

В) тұрмыс жағдайы,

Г) санитарлық-гигиена және эпидемияға қарсы правиланы сақтау,


35. Бактерияны аз бөлу бұл:

А) ТМБ дақылдары колонияларының өсуінің болмауы

Ә) ТМБ дақылдары колонияларының 20-ға дейін өсуі

Б) ТМБ дақылдары колонияларының 20-100-ге дейін өсуі

В) ТМБ дақылдары колонияларының 100-ден көп өсуі

Г) ТМБ дақылдары колонияларының жаппай өсуі


36. Бактерияны шамалы бөлу бұл:

А) ТМБ дақылдары колонияларының өсуінің болмауы

Ә) ТМБ дақылдары колонияларының 20-ға дейін өсуі

Б) ТМБ дақылдары колонияларының 20-100-ге дейін өсуі

В) ТМБ дақылдары колонияларының 100-ден көп өсуі

Г) ТМБ дақылдары колонияларының жаппай өсуі


37. Бактерияны көп бөлу бұл:

А) ТМБ дақылдары колонияларының өсуінің болмауы

Ә) ТМБ дақылдары колонияларының 20-ға дейін өсуі

Б) ТМБ дақылдары колонияларының 20-50-ге дейін өсуі

В ТМБ дақылдары колонияларының 50-100-ге дейін өсуі

Г) ТМБ дақылдары колонияларының жаппай өсуі


38. Туберкулез инфекциясының 1 тобына жатады

А) бактерия бөлуді тоқтатқан ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

Ә) бактерия бөлуді тоқтатқан ауыртпалық жағдайы бар науқастар

Б) туберкулезбен ауыратын жануарлармен қатынастағылар

В) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы бар науқастар

Г) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар


39. Туберкулез инфекциясының 2 тобына жатады

А) бактерия бөлуді тоқтатқан ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

Ә) бактерия бөлуді тоқтатқан ауыртпалық жағдайы бар науқастар

Б) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

В) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы бар науқастар

Г) бактерияны көп бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар


40. Туберкулез инфекциясының 3 тобына жатады

А) бактерия бөлуді тоқтатқан ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

Ә) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

Б) бактерияны шамалы бөлетін ауыртпалық жағдайы бар науқастар

В) бактерияны көп бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар

Г) бактерияны көп бөлетін ауыртпалық жағдайы жоқ науқастар


41.Туберкулез инфекциясының ошағындағы 1 жасқа дейінгі балаларға тағайындалады.

А) Изониазид 2 ай аралағында

Ә) Изониазид 3 ай аралағында

Б) Изониазид 6 ай аралағында

В) Изониазид және этамбутол 2 ай аралағында

Г) Изониазид және этамбутол 3 ай аралағында


42. Туберкулин сынамасының виражы бар балаларға тағайындалады.

А) Изониазид 2 ай аралағында

Ә) Изониазид 3 ай аралағында

Б) Изониазид 6 ай аралағында

В) Изониазид және этамбутол 2 ай аралағында

Г) Изониазид және этамбутол 3 ай аралағында


43. Туберкулин сынамасының гиперергиялық реакциясы бар балаларға тағайындалады.

А) Изониазид 2 ай аралағында

Ә) Изониазид 3 ай аралағында

Б) Изониазид 6 ай аралағында

В) Изониазид және этамбутол 2 ай аралағында

Г) Изониазид және этамбутол 3 ай аралағында


44. 1 категорияның қарқынды кезеңінде келесі химиопрепараттар тағайындалады:

А) изониазид + стрептомицин + этамбутол

Ә) изониазид + стрептомицин + этамбутол + рифампицин

Б) изониазид +рифампицин + пиразинамид + стрептомицин

В) рифампицин + пиразинамид + стрептомицин + этамбутол

Г) рифампицин + пиразинамид + канамицин + этамбутол + изониазид


45. 2 категорияның қарқынды кезеңінде келесі химиопрепараттар тағайындалады:

А) изониазид + рифампицин + пиразиномид+ стерптомицин+ канамицин

Ә) изониазид + стрептомицин + этамбутол + рифампицин

Б) изониазид +этамбутол + пиразинамид + стрептомицин+тиацитазон

В) рифампицин + пиразинамид + стрептомицин + этамбутол +изониазид

Г) рифампицин + пиразинамид + стрептомицин + этионамид



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет