Қазақстан республикасы денсаулықСАҚтау министрлігі қазақ мма-дағы Қр меджоо оқУ-Әдістемелік секциясы қарағанды мемлекеттік медицина академиясы



бет3/7
Дата13.06.2016
өлшемі496 Kb.
#133678
1   2   3   4   5   6   7

Тексеріс жүргізу тәртібі. 5 минут ішінде кем дегенде 100 микроскопиялық көру аймағын тексеріп қарау керек. Нақтылы тәртіппен бар жұғындыны қарап шығару керек. Мысалы, тексеріс жұғындының сол жақ шетінің ортасынан басталса, микроскоп столын айналдыратын бұранданы өте жай бұрап отырып, жұғындыны жүйелі түрде оның оң жақ шетінің ортасына дейін жеткенше жүргізіледі. Көру аймағы жұғындының ұзындығына кем дегенде 100-ге сәйкес болуы керек. Содан кейін жұғындыны кем дегенде 10-ге сәйкес болуы керек. Содан кейін жұғындыны солға қозғалтып, тағы 100 көру аймағын тексеру керек. Содан кейін жұғындыны солға қозғалып, тағы 100 көру аймағын тексеру керек. Сөлітіп жұғындының бар микроскопиялық шалымы (300) көру аймағы тексеріледі.


Туберкулез бактериялары кішентай сәл иілген, азды-көпті түйіршікті, оқшауланған, екіге қосақталған, топталған қызыл таяқшалар, олар жұғындының көгілдір фонында жақсы көрінеді. Қышқылға төзімді бактериялардың (БК) санын анықтап оны кітапшаға жазу керек. Жұғындыны қарап тексеріп болғаннан кейін, оны микроскоп столына қойып, ондағы реттік санды тексеріп, тексеріс жүргізу нәтижесін жолдама парағының соңғы бағанасына жазады. Иммерсиялық майдан тазарту үшін жұғындыны толуолға (немесе ксилолға) батырады, содан соң оны тексерілген жұғындылар сақталатын қорапқа салады.

Жұғындыларды, олардың жолдама парағында жазылғандай кезегімен тексеру керек. Келесі жұғындыны тексеру алдында иммерсиялық линзаларды таза мақтамен сүртіп, мақтаны қоқыстар шелегіне тастайды,


Тексеріс жүргізу нәтижелелері


Анықталған бактериялардың саны аурудың қаншалықты ауыр және науқастың қасындағы адамдарға қанша қауіпті екендігін анықтайды. Демек, тексеріс жүргізу қаншалықты сапалық сипат көрсетсе, соншалықты сандық сипат көрсетуі де керек. Анықталған БК (қышқылға төзімді бактериялар) саны көрсетілген нәтижелелер тіркелмелі былайша өткеріледі.

Тексеріс жүргізу нәтижелелері



БК жоқ

300 көру аймағына

0

1-3 БК

300 көру аймағына

жұғындыны қайталау

4-9 БК

100 көру аймағына

+ (нақты санын көрсету)

10-99 БК

100 көру аймағына

++

1-10 БК

1 көру аймағына

+++

10 БК-дан астам

1 көру аймағына

++++


ТУБЕРКУЛЕЗДІ АЛДЫН АЛУ

Туберкулезді алдын-алу негізгі үш түрі бар.



  1. Спецификалық алдын-алу

  2. Санитарлық алдын-алу

  3. Химилықпрофилактика


ТУБЕРКУЛЕЗДІ СПЕЦИФИКАЛЫҚ АЛДЫН АЛУ

Туберкулезді спецификалық алдын-алу БЦЖ вакцинациясы мен ревакцинациясы арқылы жүзеге асады. БЦЖ вакцинасы - қалдықты вируленттілігі бар, бірақ өзінің иммуногенді қасиетін сақтаған тірі микобактериялар болып табылады.

Бірінші иммунизация кезінде БЦЖ вакцинасының әсерінен иммунитеттің Т- и В-жүйесі мобилизацияланады. Жасушалық иммунитетті стимуляциялау макрофагтардың фагоцитоз және лизис жасау белсенділігін жоғарылаумен байқалып, жоғарысезімталды баяу типті реакцияның (поствакцинальды аллергия) және гуморальды – туберкулезге қарсы антиденелердің пайда болуымен қатар жүреді.

Еуден кейінгі 2 апта ішінде БЦЖ штаммы L-түрге айналып, осы түрде ағзада ұзақ уақыт сақталадыда, туберкулезге қарсы жасанды иммунитетті ұстап тұрады. 70 жылдары Н.А.Шмелов, З.С.Земскова, И.Р. Дорожкова БЦЖ штаммының L-түрі алғаш рет еккеннен кейін ағзада 7-8 жыл ішінде ссақталатынын анықтаған.

БЦЖ (BCG – Bacilles Calmette, Guerin) вакцинасын француз ѓалымдары А. Кальмет жєне К. Герен, 13 жыл ењбек етіп – туберкулез таяќшасының б±ќатектес т‰рінен ќайта себу арќылы, б±ѓан глицирин, б±ќаның µтін ќосып – осы вакцинаныњ штаммын тапты. 4 жылдан кейін осы штамм вируленттілігін ‰й – жануарларына, тењіз шошќасына, ал 13 жылдан кейін – ‰й ќояндарына, маймылдарына жоѓалтып алды. Ал осы жануарлар туберкулез таяќшаларымен келесі кездескенде тµзімділігі жоғары болды.

Ењ алѓашќы нәресте Францияда 1921 жылдың шілде айында егілді. БЦЖ вакцинасы туберкулездің спецификалық профилактикасына қолданылатын жалғыз препарат болып табылады. Қазіргі кезде БЦЖ вакцинасы туберкулезге ќарсы 68 мемлекетте егіледі жєне – 118 елге егуге ұсыныс жасал,ан.

Туберкулездің спецификалық профилактикасының нәтижелілігі жүргізілген егудің нєтижелілігіне байланысты болып, поствакцилық тыртықтың көлемімен анықталады. Егу д±рыс жасалғанда тыртыќ 90–95% жағдайда вакциналанѓан нәрестелерде және 95-98% ревакцинацияланѓан балаларда пайда болады.

Вакцинация жасалған нәрестелерде туберкулез ауруы 6,5 есеге, ал ревакцинация жасалған балаларда 2-3 есеге азайды. Баланың қолындағы тыртық неғұрлым үлкен болса, туберкулез қорғану индексі өте жоғары болып саналады. Бұл мәліметтер тәжірибеде БЦЖ вакцинасының құндылығын көрсетеді.



Қолдану әдісі және мөлшерлеу.

Бірінші рет вакцинация жаңа туған дені сау нәрестелерге және шала туған нәрестелерге салмағы 1,5 кг болғанда өмірінің алғашқы 4 күндері жасалынады.

Нәрестелерді педиатр қарағаннан кейін ғана вакцинация жасауға рұқсат етіледі, ол сәбидің тарихнамасында негізделініп жазылады. Жаңа туған балаларға вакцинацияны егу кабинетінің медбикесі дәрігердің белгілеу бойынша бала шешесінің көзінше жасайды, медбикенің егу жүргізуге рұқсат қағазы болуы тиіс.

Жасалынған вакцина егу, вакцина туралы деректер (шығарушысы, сериясы, мөлшері, жарамдылық мерзімі, егу жасалған күн) нәрестенің тарихнамасына және айырбас картасына жазылады, ол бала перзентханадан шыққаннан кейін тұрғылықты жеріндегі емдеу мекемесіне беріледі. Анасы перзентханадан жасалған егу, жазылған егу төл құжатын тапсырады.

БЦЖ вакцинасы сол иық бетінің жоғарғы және орта бөлігінің үштен бір шегінде, қатаң түрде тері ішіне, шет елдерден алынған вакцина 0,05 мл бір жасқа дейінгі нәрестелерде, 0,1 мл бір жастан асқан балаларға салынады. Ресей вакцинасы балалардың жасына қарамастан 0,1 мл мөлшерде салынады.


  • Нәрестелерге БЦЖ ваккцинациясын жасаудың кері көрсеткіштері:

  • бастапқы инфекция БЦЖ, жанұядағы басқа балалардан анықталған (иммунодефициттiң тұқым қуалаушылық мүмкiндiгi);

  • АИВ\ЖИТС;

  • шала-2000 гр-дене салмағының аздығы немесе гестационды шақ 33 аптадан төмен;

  • ОНЖ зақымдалуы- жүйке жүйесiнiң туыла зақымдану белгiлерi (ауыр деңгейде);

  • жатырдағы жұқпалы аурулар, жаңа туылған нәрестенiң денесiне микробтың жайылуы;

  • жаңа туылған нәрестелердiң гемолитикалы аурулары (ауыр және орташа ауыр түрлерi);

  • орташа және ауыр түрдегi аурулар, фебрилдi дене қызуы және жалпы жағыдай қалпын бұзумен көрiнедi.

Ревакцинаға Манту сынауының терiс нәтижесi анықталған 6 жастағы (1сынып) сау балалар жатады.

Ревакцинасияны АМСКдiң мамандары ТҚМ фтизиопедиатрларымен қосылып жүргiзедi, ұйымдастырылған мектептермен бiрге республика көлемiнде оқыйтын 6 жастағы (1-сынып) балаларға оқу жылының алғашқы айында (қыркүйек) жүргiзiледi. Бұл кезде басқа егулер түрiн жүргiзуге болмайды.Қолданылмаған БЦЖ вакцинациясының қалдықтарын аймақтық мемлекеттiк санэпидбақылау департаментiне өткiзiледi. БЦЖ вакцинациясын үнемi сақтау тек, босану үйлерiне ғана (босану бөлiмшелерiнде) тоңазтқышта арнайы құлыппен жабылу арқылы сақтауға рұқсат етiледi.

Манту 2 ТБ сынамасымен БЦЖ ревакцинасының аралығы 3-күн мен 2-апта аралығы.

51. БЦЖ ревакцинасына керi әсерлерI:



  1. туберкулез микробактериясын жұқтырғандар немесе бұрын туберкулезбен ауырғандар.

  2. Манту сынамасының оң немесе күмәндi нәтижесi

  3. Манту 2 ТБ сынамасына керi әсерлер

  4. БЦЖ вакцинасының асқынуы немесе басты БЦЖ инфекциясының жанұядағы басқа балалардан анықталуы.

5) АИВ - жұқтырғандар.

6) иммуно мұқтаждық жағыдайы қатердiң жаңа түрлерiнiң пайда болулары.

7) ауыр жұқпалы және жұқпалы емес аурулар,созылмалы аурулардың күшейуi, оның iшiнде аллергия түрiндегiлерi.Ревакцинаны сауыққаннан кейiн бiр ай өткен соң жүргiзедi.

8) уақытша егулерден босатылған жандар, толық жазылып керi әсерлер қайтқанша,бақылауға алынып, егулер есебiне тiркеледi.

Манту сынамасы және қайта егу аралық мерзімі 3 күннен аз немесе 2 аптадан артық болмауы тиіс.

Жоғарыда тізімде көрсетілмеген басқа аурулардан әрқайсысы ауруға сәйкес мамандар рұқсаты бойынша БЦЖ егу және қайта егу жасалынады. Басқа профилактикалық егу жұмыстары БЦЖ ревакцинациялауға алдында және одан соң 2 айдан кейін жүргізілуі тиіс.

Бір жасқа толмаған, БЦЖ таңбалары дамымаған балаларға 6 айдан соң тек бір рет қана, алдын ала Манту сынамасын жасамай ақ вакцина қайта егіледі.

Вакцинациядан кейін тыртық анықталмаған 1 жастан асқан балаларға алдын ала Манту сынамасы жасалынып, содан соң егу жүргізіледі.

Вакцинация, ревакцинация жасауға бір рет қолданылатын туберкулин шприцтері пайдаланылады. БЦЖ құрғақ вакцинасын қолдану алдында ерітеді. Вакцинаны еріту, вакцина өңдіруші қосып берген ерітіндімен ғана (стандартты ерітінді) ерітуге рұқсат етіледі. Еріткіш мөлдір, түссіз болуы керек және онда басқа қоспалардың болмауы шарт.

Егілетін өлшемі 0,05 мл, тең егетін шаманы алу үшін 20 дозалық флаконға 1,0 мл ерітінді жібереді, ал 40 дозалық вакцинаны еріту үшін 2, 0 мл ерітінді қажет болады. Ерітілген вакцина 1минут ішінде біркелкі тұнба, беру керек.

Ерітілген вакцинаны қатаң түрде тазалық сақтаған және күн және күндізгі жарықтан сақтаған кезде ғана 6 сағатқа дейін қолдануға болады. Қолданылмаған вакцинаны қайнату немесе залалсыздандырғыш ерітінділеріне құю арқылы жою керек немесе пешке жағып жіберу керек.

Вакцина салынған ампуланы ашпас бұрын дұрыс қарап шығу керек.

Препарат төменгі жағдайларда қолданылмайды


  • ампулада жазу болмағанда немесе толық жазылмағанда;

  • жарамдылық мерзімі өткен болса;

  • ампула жарылған болса;

  • заттың физикалық қасиеттері өзгерген жағдайда;

  • ерітілгеннен кейін ерітіндіде қосымша заттар немесе ерімеген қалдықтар болса қолдануға жарамсыз деп табылады.

Бір рет егу үшін стерильді шприцке ерітілген вакцинаның1,5 мөлшері алынады, содан соң инедегі ауаны шығару үшін оған вакциннің 0,05 мл бөлігін стерильді шарикке шығарады және поршень 0,1 мл тұсына келтіріледі. Әр 1,5 мөлшер тарту алдында вакцина шприц арқылы араластырылуы керек. БЦЖ вакцинасы қатаң түрде тері ішіне жіберілуі тиіс және оны сол жақ иықтың сыртқы беткейіне жоғары үштен бір бөлігіне 70%-тық спиртпен сүртілгеннен кейін жасалынады.

Иненің қиғаш кесілген жағын жоғары қаратып тері ішінің беткі қабатына кіргізеді. Оның тері ішіне кіргеніне көз жеткізіп алу үшін алдымен кішкене вакцина жіберіп көреді, содан соң қалғанын жібереді (0,1 мл). Егу техникасы дұрыс болған жағдайда диаметрі 6-8 мм шамасында ақшыл түсті инфильтрат түзілуі тиіс. Жаңа туылған балаларда инфильтрат одан кішірек (5-6 мм) болады. Инфильтрат 15-20 минуттан кейін жоғалады.

Вакцинаны тері астына жіберуге болмайды, өйткені ол кезде суық абсцесс түзілуі мүмкін.

Вакцина жіберілген орынды йодпен және басқа ерітінділермен сүртуге және дәкемен таңуға болмайды.



Егуге реакция

БЦЖ вакцинасы жіберілген орында өзіне тән ортасында кішкене бөртпесі бар және шешек тәрізді қабық түзілген диаметрі 5-10 мм инфильтрат сияқты реакция пайда болады, бірқатар жағдайларда пустуляция байқалады. Кейде инфильтрат ортасында кішкене шірік (некроз) пайда болады.

Жаңа туылған кезде егілген балаларда, егу реакциясы 4-6 аптадан соң жергілікті егу пайда болады, қайта егуден соң жергілікті егу реакциясы енді 1-ші аптадан-ақ байқалады. Мұндай реакциялар қалыпты деп есептеледі де, ешқандай емдеусіз-ақ кері дамуға ұшырайды. Суға шомылу кезінде егу орнын жарақаттаудан аулақ болған жөн.

Егу орнында кері даму өзгерістері 2-4 ай ішінде, ал кей балаларда одан көп мерзімде жүреді де, оның орнында беткейлік тыртық (2-10 мм диаметрі) қалады.

Егілген және қайта егілген балаларға бақылауды дәрігер мен медициналық бикелер жүргізеді. Олар егу немесе қайта егу кейін 1, 3, 6, 12 айдан соң егу реакциясының жергілікті өзгеру сипатын және өлшемін тіркеулері керек. Бұл мәліметтер №63/у, 112/у және 26у формаларында тіркелуі тиіс.

Асқынулар

Асқынуларға жататындар:



  • Тері асты суық абсцесі;

  • Беткейлік жара;

  • Перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті;

  • Келлоидты тыртықтар;

  • Остит.

БЦЖ егу және қайта егуден соң асқыну жергілікті сипатта болып келеді де, олар сирек кездеседі (0,02%-ке жуық).

Асқынуларға жататындар: тері асты суық абсцесі,диаметрі 10 мм-ден үлкен теріге жіберілген БЦЖ егу орнындағы жара инфильтрациясы, абсцесс түзу және кальцинация кезеңінде бездердің 1,5 см-ге дейін және одан көп үлғаюы кезіндегі перифериялық лимфа бездерінің лимфадениті (қолтық, мойын, бұғана үсті, бұғана асты бездері), келлоидты тыртықтар.



Тері асты суық абцесстері. Жергілікті температуралық реакциясы болмайтын абсцесстің пайда болуымен сипатталады. Суық абсцесстің дамуы БЦЖ вакцинасын егу техникасы бұзылып және оның тері астына кетуіне, сол сияқты егілетін заттың сапалығына және оның мөлшеріне байланысты. Ол ісік тәрізді, пальпация жасағанда ауырмайды, ортасында флюктуация анықталады, кейбір жағдайда қолтық лимфа бездері ұлғаяды, егуден кейін 1-8 ай ішінде пайда болуы мүмкін.

2-3 ай ішінде өздігінен жайылып кетуі немесе флюктуация пайда болып жұмсаруы мүмкін, кейбір жағдайда иіссіз ірің ағатын өзек пайда болуы мүмкін. Суық абсцесс орнында терең жара қалады. Жазалған кезде орнында жұлдызша тәрізді тыртық түзіледі.

Емі. Ішке 2-4 ай аралағында изониазид (5 мг/кг) тағайындалады.

Жергілікті – рифампицин (0,45 г) мен 10-20%-ті димексид ертіндісінің апликациясы жасалады.

Флюктуация пайда болған жағдайда әр 2-3 күн сайын шприцпен казеозды затты шприцпен сорып, суық абсцесс аймағына стрептомицин (15 мг/кг) ерітіндісін жібереді. Суық абсцесс орнындағы жараны изониазид ұнтағын себу жолымен емдеген жөн. Егер суық абсцесс 2-3 ай ішінде жергілікті емдеуге бағынбаса, сыртқы қабығымен хирургиялық жолмен сылынып тасталады. Хирургиялық емнен кейін химиотерапия изониазид дәрісімен 1 ай аралығында жалғастырылады.

Беткейлік жара. БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі тері және теріасты-май клетсаткасының дефектісі. Жараның пайда болуы көп жағдайда егілетін заттың жоғары реактогендігіне немесе мөлшерін көп енгізуге байланысты болады. Беткейлік жараның диаметрі 10-30 мм болады. Беткейлік жара ревакцинациядан кейін 3-4 аптадан кейін пайда болады. Ол терінің жоғарғы қабатының беткейлік жарақаттануымен сипатталады.

Жараны емдеу үшін изониазид ұнтағын, ал екіншілік инфекцияның алдын алу үшін жара айналасына бактерияға қарсы майлар жағады.



Поствакцинальды лимфадениттер – бұл БЦЖ вакцинасын енгізген жердегі регионарлық лимфа бездердің, жиі қолтық, кейде бұғана үсті және асты, сирегірек мойын, жақасты, иекасты ұлғаюы байқалады. Бірнеше лимфа бездердің бірден зақымдалуы мүмкін.

Поствакцинальды лимфадениттер көбінесе бірінші рет егілген балаларда білініп, баланың 2-3 айлық жасында қалыпты жергілікті реакция болғанда, кейде тері асты суық абсцессімен бірге пайда болады. Қайта егілгендер арасында поствакциналық лимфаденит егу орнында өте сирек кездесіп, әдңтте суық абсцесспен қосарланады.

Регионарлық лимфа бездерінің инфильтрация, абсцесстену және кальцинация кезеңіндегі 1,5 см және одан көпке ұлғаю асқыну болып саналады.

Вакцинадан кейінгі лимфаденитке ешқандай белгілерсіз басталу тән. Поствакциналық лимфадениттердің клиникалық белгілерінің білінуі, нәрестеде табылған процесстің кезеңдеріне (инфильтрация, абсцесс, кальцинация) байланысты әр қилы болады. Кейбір жағдайда флюктуация, кейде иіссіз ірің ағатын өзек пайда болады.

Егер поствакцинальды лимфаденит ұзақ уақытқа созылса, балада интоксикация симптомдары пайда болуы мүмкін (субфебриалді температура, микрополиадения, тәбеттің төмендеуі, салмақтың қосылмауы, гипохромды анемия, бауырдың 1-2 см-ге ұлғаю т.б.).

Интоксикация симптомдары жиі кальцинация кезеңіндегі поствакцинальды лимфадениті бар балаларда кездеседі. Кальцинаттар әдетте кездейсоқ кеуде клеткасын рентгенологиялық тексеру кезінде табылады.

Туберкулин сынамалары оң нәтижелі болады.

Интоксикация белгілері поствакциналық лимфадениті бар балаларда кальцинация кезеңінде жиі байқалады. Кальцинаттар кездейсоқ табылады. Туберкулин реакциясының виражы, туберкулиндік интоксикация туберкулинге сезімталдық күшеюі немесе «салқын тиіп» ауру жиілеу жөнінде рентгенологиялық тексеру кезінде вакцинані егу орны перифериялық бездеріндегі кальцинаттарға көңіл аударған жөн. Кальцинаттардың өлшеміне және интоксикация белгілеріне қарай емдеу тактикасы әр түрлі болуы керек. Интоксикация белгілері болмаған және кальцинат 1 см-ден кіші болған жағдайда емдеу қажет емес. Кейде олар өздігінен жойылып кетеді.

1 см-ден үлкен кальцинаттар және интоксикация белгілері болған жағдайда хирургия жолымен емдеу /безді алып тастау/ және арнайы химиотерапия қолдану керек.

Поствакцинальды лимфадениттердің емі


Инфильтрация кезеңі (ем емхана немесе санаторий жағдайында жүргізіледі):

Ішке – изониазид (Н – 5 мг/кг)

Жергілікті – аппликациялар: рифампицин (0,45г) + 10% немесе 20%-ті димексид ертіндісі (10мл немесе 20мл препарат + 90мл немесе 80мл дистиллирленген су) тәулігіне 2 рет 1 ай аралығында. Лимфа бездерінің ұлғаюға тенденциясы байқалған жағадайда этамбутол (Е – 15 мг/кг) + витамин А тағайындауға болады, емнің ұзақтығы – 2 – 4 ай (жекелей, динамикасына байланысты)

Казеоздынекрозды кезең (ем емхана, санаторий немесе стационар жағдайында жүргізіледі):

Алғашқы 2 ай – ішке изониазид (Н – 5 мг/кг), этамбутол (Е – 15 мг/кг) + витамин А (1 жылға дейін – 1 капля майлы ертіндісінің 1 тамшысын күнара, 1–7 жас - күнделікті) ересек жастағы балаларға – аевит мөлшері жасына байланысты.

Жергілікті – лимфа безінің ішіндегі затын пункциясы арқылы аспирация жасап стрептомицин (15 мг/кг) + сирепар 0,1–0,3 мл енгізеді (лимфа безінің көлеміне байланысты) аптасына 1–2 рет, курсы 3-6 инъекция динамикасына байланысты.

Жағымды динамика болғанда ем бір дәрімен (Н), баяу динамика кезінде – екі дәрі (Н+Е) тағайындалады.

Хирургиялық ем қатаң көрсеткіш бойынша қолданылады: бір ай аралығында динамика болмаған жағдайда немесе лимфа безі 5 см-ге дейін және одан көпке ұлғайғанда. Бұл кезде хирургиялық жолмен абсцессті жару немесе лимфа безін алып тастау күнделікті жергілікті 10 немесе 20%-ті димексид ертіндісімен рифампицин апликациясымен қосар жүргізіледі.

Емнің жалпы ұзақтығы 3–4 ай. Хирургиялық емнен кейін бір ай аралағында химиотерапия бір изониазидпен + жергілікті 10-20%-ті димексид ертіндісімен рифампицин апликациясымен жалғасады.



Келлоидты тыртықтар. Егуден кейін реакция орнында дәнекер тканінен тұратын ісік тәрізді, тері бетінде дөңестеніп тұратын ақшыл сары түсті өте тығыз, диаметрі 10 мм жыне одан асатын түзілім.

Олардың кез келген тері жарақаттануы орнында пайда болатын келлоидты тыртықтардан клиникалық айырмашылықтары жоқ (фурункул, шешек, операциядан және күйген орын тыртықтары т.б.).

Олар қайта егілген препубертат жасындағы қызбалалар және аллергиялық қайта құрылу қарсаңындағы жасөспірімдерде немесе енгізу жерінен жоғарғы (иық буынына қарай) егіп тыртықты киімнің тітіркенуіне байланысты пайда болады.

Әдетте поствакциналық келлоидтың өсуге деген тенденциясы болмайды. Кейбір жағдайларда олардың баяу өсуі басталуы мүмкін, ол тыртық аймағында шаншып ауру, қышу немесе ашу, келлоид айналасында күлгін сақина, ал оның қабатында тамыр торлары байқалатын өзгенрістермен қосарланып жүреді.

Көлемі 1 см-ден асатын ірі келлоидты тыртықтар негізінен өсуге бейім болып келеді, сондықтан олар асқынуларға жатқызылған. Диаметрі 1 см-ден кіші келлоидты тыртық келлоидтар емдеуге жатпайды.

Емдеуге негізінен ірі келлоидтар жатады, оларды 0,5% гидрокортизон эмульсиясы ертіндісіне 0,5% новокаин еріндісін қосып инемен шаншиды. Шаншуды аптасына 1 рет туберкулин инесімен келлоидтың ең қалың жеріне 5-6 жасайды. Шприцке 1 мл-ден гидрокортизон эмульсиясын және новокаин алады (келлоид бетін алдын ала спиртпен және йодпен сүртеді). Емдеу курсы 5-10 шаншудан тұрады. Гидрокортизон эмульсиясымен шаншуды лидазамен шаншуды алмастырып қолдануға болады (12 жастан үлкен балаларға 64 бірлік, 7-11 жастағыларға 32 бірлік). Келлоидты тыныштық кезеңінде емдеген тиімдірек.

Келлоидтарды хирургиялық жолмен емдеуге болмайды, өйткені ол 1-3 айдан асқынып, 2-3 есе үлкен өлшемдегі келлоид түзеді. Келлоид түзуден сақтану үшін қайта егуден соң медициналық қарсылық заңдылықтарына сүйене отырып қайта егуді иықтың жоғарғы үштен бір бөлігіне жасау керектігін қатаң есте сақтау керек.

Асқынудың сипаты және өлшемі туралы деректер №63, 26, 112 есептік формаларда тіркеледі. Егер асқыну себебі егу қағидаларын бұзу салдарынан болған болса, оларды жою шараларын қолданады.

Асқынулар болған балалар, емдеу-профилактикалық орындарға, туберкулезге қарсы диспансерге жіберіледі.
ТУБЕРКУЛЕЗДІ САНИТАРЛЫҚ АЛДЫН АЛУ

Туберкулезді санитарлық алдын алу - туберкулез инфекциясының ошағындағы туберкулезге қарсы эпидемиялық алдыналу шаралары.

Туберкулез инфекциясының ошағы деп – бактерия бөлушінің тұратын жері (жекеменшік үйі, пәтері, жатақханадағы бөлмесі), оқу, жұмыс істеу, демалу орындарын санау керек. Туберкулез инфекциясының ошақтарын үш эпидемиологиялық топқа бөледі. Ауру ошағын қайсы бір топқа жатқызудың негізгі болып төмендеген критерийлер саналады: бактерия бөлудің қарқындылығы, ауру ошағында балалардың, жасөспірімдердің, жүкті әйелдің, маскүнемнің және нашақордың болуы, тұрмыстық – үй жағдайы және санитарлық – гигиеналық және індетке қарсы жүргізетін ережелердің сақталмауы, сол сияқты ауру мен оның отбасы мүшелерінің әлуметтік тұрмыс деңгейінің жағдайы.

Бактерия бөлу қарқындылығы былайша бағаланады:

1) орташа бактерия бөлу ҚТБ+1 нақты сандық көрсетiлiмi;

2) көп бактерия бөлу (+2 ден +3 ке дейiн).



  1. Ошақтық бiрiншi эпидемиологиялық тобына жататындар:

  1. көп бактерия бөлетiн науқастардың ошағы;

  2. орташа бактерия бөлушi балалар мен жасөспiрiмдерi бар науқастар, жүктi әйелдер, маскүнемдер мен нашақорлар;

  3. санитарлы – гигиеналық жағдайлары жоқ және төменгi деңгейде өмiр сүретiн ошақтар.

  1. Екiншi топқа анда-санда бактерия бөлетiн науқастар тұратын жерлер жатады, бiрақ аталған ошаққа осы ереженiң 5 тармағындағы 2), 3) бөлiктерiндегi факторлар болмаған жағдайда.

  2. Үшiншi топқа жататында:

  1. бактерия бөлу тоқтағаннан жерлер, бактерия бөлушiнiң тұрғылықты жерiн өзгертуi немесе қайтыс болуы (оның iшiнде диспансерге белгiсiз науқастар);

  2. туберкулезбен ауыратын малшаруашылығының жануарлары анықталған туберкулез ошақтары.

Үшiншi тотағы қатынаста болған туберкулез ошақтарының жандары бiр жыл бойы бақыланады.

Эпидемиологиялық ошақтың бiрiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына тоқсан сайын барып қаралуы керек.

Эпидемиологиялық ошақтың екiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жарты жылда бiр рет барып қаралуы керек.

Эпидемиологиялық ошақтың үшiншi тобына жататын жандар туберкулезге қарсы және санитарлы – эпидемиологиялық қызметтердiң мамандарына жылына бiр рет барып қаралуы керек.

Ошақта жағдай өзгерiп, қауiп төнген болса туберкулез жұқпалы ауруының ошағы эпидемиологиялық бiр топтан бiр топқа эпидемиолог дәрiгердiң және аймақтық фтизиатр дәрiгердiң шешiмi мен ауыстырылады.

СЭС -да есепте тұратын туберкулездiң бактерия бөлушi науқастардың есебi туберкулезге қарсы мекемелердiң санитарлы – эпидемиологиялық қызметiнiң мамандарымен ай сайын тексерiледi.


Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында жүргiзiлетiн

эпидемиологияға қарсы алғашқы шаралар

Ошақтағы шаралар үшке бөлiнедi алғашқы, кезектi және қорытынды.

Алғашқы шараға науқасты оқшаулау және кезектi дезинфекцияны жүргiзу мен бақылау және туберкулез науқастарын туберкулезге қарсы мекемелерге есепке алып, тексеру жатады.

Бактерия бөлушi науқасты есепке алғаннан кейiнгi алғашқы үш күн iшiнде ошақта алғашқа эпидемиологиялық дезинфекция жүргiзiп, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлiгiнiң 2005 8 шiлдесiндегi №332 «Денсаулық сақтау ұйымдарының алғашқы медициналық құжаттамаларын бекiту» бұйрығына сәйкес, эпидемиологиялық тексерудiң картасы (330-у) толтырылады.

Ошақты алғаш аралағанда науқасты және оның жанұя мүшелерiнiң жеке күәлiктерiнiң мәлiметтерiн анықтау өте маңызды. Науқас әр түрлi жерлерде тұратын болса немесе тiркелген болса, кезектi жүргiзiлетiн шаралардың мәселелерi толығымен мекен – жайларды аралағаннан кейiн ғана шешiледi.

АМСК жүйесiнiң қызметкерлерi ошақты тексергеннен кейiн, науқастың жанұя мүшелерiнiң тазалық, әлеументтiк және басқада өмiр жағдайларын ескере отырып, сауықтыру жобасы құрады.

Ошақты тексергеннен кейiн оны сауықтырудың жобасы құрылады. Ошақты сауықтыру жобасына кiретiндер:


  1. науқасты оқшаулап емдеу;

  2. балалар мен жасөспiрiмдерге нұсқау бойынша алдына алулар жүргiзу;

  3. науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;

  4. қатынаста болған жандарды тексеру;

  5. ересеек қатынаста болғандар мен науқасарға эпидемиологияға қарсы ережелердi үйрету және алдынғы кезекте кезектi дезинфекция шараларын үйрету.

Науқасқа «Туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк аймағының картасы» – ТБ 16 формасы атты медициналық карта толтырылады. Туберкулез жұқпалы ауруының ошағы жөнiндегi мәлiметтер мен сауықтыру жобасы және туберкулезге қарсы ұйымдармен жүргiзiлетiн шаралардың мәлiметтерiн дәрiгер аймақтық медбикенiң картасына (№93 формасы) тiркеуi қажет.

Туберкулезге қарсы ұйымдар немесе бөлмелер жоқ ауылдық жерлерде, туберкулез ошақтарындағы жұмыстарды АМСК жүйесiнiң дәрiгерлерi жүргiзедi.

АМСК жүйелерiндегi кеңес беру жұмыстарын облыстық және аудандық ТҚМ фтизиатрлары жүргiзедi.

Ошақтағы кезектi дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасын үйде анықтаған жағдайда жүргiзiледi. Бұл шаралар санитарлы эпидемиологиялық жүйенi жобалау мен емдеу, мал дәрiгерлiк негiзде жүргiзiледi.

Ошақта жүргiзiлетiн шаралар:


  1. кезектi дезинфекция; балаларды оқшаулау, оның iшiнде жаңа туылған нәрестелердi;

  2. қатынаста болғандарды тексеру;

  3. науқасты, жанұя мүшелерiн жеке бастың тазалығына үйрету;

  4. тұрмыстағы санитарлы – гигиеналық жағдайды жақсарту;

  5. емханалық негiздегi науқастың емiн және қатынаста болғандарды (бала бақшада, балаларға арналған сауықтыру ұйымдарында, мектептерде) алдына алуды бақылау.

Ошақты сауықтыру жұмысы аймақтық фтизиатр дәрiгердiң бақылауымен медициналық медбике жүргiзуi керек.

Қатынаста болғандар әрдайым ТҚМ тексерулерi қажет. Медбике жанұялық және өзгеде қатынаста болғандарды тексеру керек, бiрiншi кезекте балалар мен жасөспiрiмдердi және жүктi әйелдердi, сонымен қатар мал шаруашылығндаға туберкулезбен ауырған жануарлармен қатынаста болған жандарды тексередi.

Жаңа туылған нәресетенi БЦЖ вакцинациясынан кейiн босануға көмектесетiн қйымдарда бактерия бөлетiн науқастардан иммундық қорғанысы қалыптасқанға дейiн 2 ай бойы оқшаулайды. Бұл жағдай науқастың ауруханаға жатуымен немесе нәрестенiң уақытша ошақта болмауымен (нәрестелер бөлiмшесi мен балаларүйiнде) жүзеге асады.

Туберкулез ошағындағы қорытынды шараға науқастың эпидемиологиялық есептен шығарылу жатады.

Медициналық қызметкерлер ошақтарды аралағанда, эпидемиологияға қарсы ережелердi (бет перде тағу, медициналық халат киiу және жеке бастың тазалығын сақтау) сақтаулары қажет.
Қызмет бойынша (оқу орны) ошақты санитарлы-эпидемиологиялық

ұйымдардың алғашқы рет тексеруi

Науқастар туралы хабарлама алғаннан кейiнгi 7 күн iшiнде фтизиатр мен эпидемиолог науқастың санитарлы – гигиеналық бөлiмдердiң мамндарымен бiрiге отырып, науқастың жұмыс орнында (оқу орнында) тексерулер жүргiзедi.Ошақтың шегi мен қатынаста болғандарды эпидемиолог дәрiгер анықтайды.

Науқастың жұмыс орны бойынша қатынаста болғандарға белсендi бактерия бөлушi науқаспен қарым - қатынаста қызметкерлер мен жұмыскерлер жатады.Барлық қатынасты болғандар жұмыс орны (оқу орны) юойынша туберкулезге қарсы мекемелерде тексерулерi қажет.

Гигиенист дәрiгермен бiрiгiп, науқастың жұмыс орнындағы жұмымыс жағдайы, зияндылығы, кезекшiлiгi, тамақтану тәртiбi, флюорографиялық тексерулерi сияқты жайттардың тексерiлуi қажет. Науқастың жұмыс орны ошағының тексерiлуi жөнiндегi тексерудiң актiсi толтырылып, науқастың емханалық картасына жабыстырылады.

Қатынасты болған жандардың тексеруден кейiн 6 ай өткен болса оларды қайталама флюрографиялық тексерумен балалар мен жасөспiрiмдерге туберкулендi сынаманы мiндеттелген уақытта жүргiзедi.
Балаларға арналған мекемелерге және теңестiрiлген мекемелерге жүргiзiлетiн эпидемиологиялық шаралар

Эпидемиологиялық зерттеу әр тiркелген белсендi туберкулез жағдайында жүргiзiледi. Эпидемиолог және фтизиатр және қызмет көрсетушi мекеменiң медициналық қызметкерiнiң және жетекшiлерiнiң қатысуымен жүзеге асады.Керек жағдайда Республикалық санитарлы – эпидемиологиялық бақылау комитетiн шақырады.

Сонымен қатар жалақыға жұмыс iстеушiлердiң табелдiк тiзiмiн салыстырады, балалар мен жасөспiрiмдердiң тiзiмдiк құрамын тексерiп, өткен және кезектi жылға флюорографиялық зерттеулердiң қорытындысы мен күндерiн тексередi.Зерттеу нәтижесiнде, ошақ шектерiн анықтап, шаралардың жобасын құрады.

Барлық қатынаста болғандар жайлы мәлiметтер тұрғылықты жерiне сәйкес тексеру жүргiзу мақсатында АМСК жүйесi мен ТҚМ берiледi. Бұл жұмысты босану үйлерiнiң шала туылған және әлсiз нәрестелер бөлiмшесiнде және балалар үйлерiнде жүргiзедi.

Жұқпалы аурлар және психоневрологиялық ауруханаларда жатқан науқастарда белсендi туберкулез анықталған жағдайда, алғашқы эпидемиологияға қарсы шараны осы ұйымдардың қызметкерлерi жүргiзуi қажет.

Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында кезектi

дезинфекциялық шараны жүргiзу

Туберкулез ошақтарында кезектi дезинфекция туберкулездiң бактерия бөлушi науқасы үйде болған жағдайда жүргiзiледi.Науқасқа «Туберкулездiң бактерия бөлетiн түрiмен ауыратын науқас» деген тұжырым қойылып, есепке тiркелген уақыттан бастап, санитарлы- гигиеналық, эпидемиологияға қарсы және дезинфекциялық тәртiптердi сақтай отырып, кезектi шара жүргiзiледi. Ошақтағы ең тиiмдi кезектi дезтнфекциялық шара болып, бөлменi жиi желдету болып табылады (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан).

Кезектi дезинфекцияны және оның дұрыс жүргiзiлуiн ТҚМ анықтайды, олар науқастарға Қазақстан Республикасының аймағында қолданатын қақыруға арналған түкiргiш зат (2-ден кем емес) пен дезинфекциялық заттар берiледi.Науқастың емханалық картасына аймақтық дәрiгер кезектi дезинфекцияның жүргiзiлген күнi мен айақталған күндерiн белгiлеп, шараның толық және сапалы өтуiне жауапкершiлiк мiндетiн аалады.Кезектi дезинфекцияны науқас немесе оның жанұя мүшелерiнiң бiреуi жүргiзедi (балалар мен жасөспiрiмдерден басқа).

Аймақтық фтизиатр дәрiгер науқасқа жеке бастың санитарлы тазалығын үйретедi: бет перденi қолдану, түкiретiн затқа қақыру және кезектi дезинфекцияны жүргiзу. Науқасқа қақырығын жинауға толық, жақсы жабылатын қақпақпен 2 түкiргiш ыдыс берiледi.

Санитарлы – эпидемиологиялық қызметтiң дезинфекциялық бөлiмдерi (бөлiмшелер), дезинфекциялық станция мен туберкулезге қарсы мекемелер кезектi дезинфекциялық шараны ұйымдастырып, әдiстемелiк жетекшiлiк етедi.

Дезинфекция жүргiзуге арналған заттарды туберкулезге қарсы мекемелер бередi, аталған мекемелер болмаған жағдайда, АМСК жүйесi бередi,аталған мекемелердiң бюджетiнде осы шараға арналған арнайы қаржы болады.


Туберкулезге қарсы мекемелерде жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция

Уақытылы және сапалы күнделікті дезинфекцияның өткiзiлгенiн ТҚМ жетекшiсi қамтамасыз етедi.ТҚҰ жүргiзiлетiн күнделікті дезинфекция Қазақстан Республикасында жүргiзуге рұқсат етiлген препараттармен жүргiзiледi.

Туберкулезге қарсы ауруханаларада дезинфекцияны арнайы штаттық нормативтегi дезинфекторлар жүргiзедi.

ТҚҰ – да күнделiктi дымқыл тазаланып, желдетiлуi (күнiне 2-3 рет, 30-40 минуттан) керек. Ал қызметкерлер болса, жоғары сапалы қорғаныстағы (99%) бет перделердi киюлерi қажет. Бөлмелерде бактерицидттi сәулелендiргiш қондырғылар орнатылуы керек.

Науқас ауруханаға жатқан жағдайда оның киiмдерiн арнайы шеттетiлген бөлмелерге қойып, науқас оларды тек күндiзгi қыдыруға ғана пайдаланады.

Науқас ауруханадан кеткеннен кейiн ол қолданған төсек жабдықтары (аурухананың жастығы, көрпесi, төсенiшi) дезинфекциялық камерада залалсыздандырылады.

Туберкулезге қарсы мекемелердiң iшкi заттары күнделiктi дымқыл сұртiлiп, тазалануы керек.

Қақырықты жинау, тасымалдау, залалсыздандыру және қақырық ткiргiш заттарды беретiн жұмыстарды арнайы киiнген және дайындалған қызметкерлер жүргiзедi.Қақырықты жинау мен залалсыздандыру арнайы бөлiнген бөлмелерде жүргiзiледi.

Қолданылған асханалық ыдыстарды биялаймен (перчатка) арнайы белгiленген буфеттегi үстелге жинап, тамақ қалдықтарынан тазалап, жеке ыдыстарда залаласыздандырғаннан кейiн жуып, сүртпей, арнайы кептiретiн сөрелерге салу керек.

Қолданылған ыдыстарды ауамен залалсыздандыратын құрылғыда залалсыздандыралы. Қолданылғын ыдыстырды жинағаннан кейiн үстелдi арнайы дезинфекциялық ертiндiге салынған сүлгiмен сүрту керек.

Тамақ қалдықтарын арнайы ыдысқа (шелек, бөшке) жинап, бетiне құрғақ дезинфекциялық затты 1:5. сәйкес. Қалдық тамақтарды тармиялық жолмен (булап қайнататын ошақтарда) залалсыздандырылса малға беруге болады.

Кiрлердi арнайы киiммен, биялаймен, резiңке аяқ киiм кигкен жұмыскер, керегелерi кафелденген, биiктiгi 1,5 м, механикалық желдеткiш орнатылған арнайы бөлмелерде сорттайды.

Кiрдi желiм қаптарға жинап, кiр жуатын бөлiмге жiбередi, аталған жерда кiрлердi залалсыздандырады.Жеке кiр жуатын бөлiм болма,ан жағдайда, кiрдi жiберместен бұрын белгiленген күндерi залалсыздандырып, жеке кiр жуатын машиналармен жуады.

Туберкулезге қарсы мекемелерде стерилизациялық-дезинфекциялық іс-шаралар мен нозокомиалды жұқпалардың берілуін алдын алу ҚР ДСМ-нің қолданыстағы бұйрықтарына сәйкес жүргізіледі.

Ауыр жағдай болмаса, ауруханада жатқан науқастарға келуге болмайды. Оның үстiне келушiлер арнайы қорғаныш заттарын (халат, бет перде) қолдаанулары қажет.
Туберкулез жұқпалы ауруының ошақтарында

жүргiзiлетiн қорытынды дезинфекция

ТҚҰ – да қорытынды дезинфекция мекеме көшкен жағдайда, жөндеуден өтсе, салынса, ауыстырылса жылына 2 рет жүргiзiледi.

Қорытынды дезинфекцияны осы нұсқаудың екiншi қосымшасына сәйкестелген дезинфекциялық заттармен жүргiзедi.

Ошақтардағы қорытынды дезинфекцияны туберкулезге қарсы диспансерлерден сұраныс келгеннен кейiн 6 немесе 12 сағат iшiнде дезинфекциялық станцияның, дезинфекциялық бөлiмнiң (бөлiмше) және Мемлекеттiк санитарлы – эпидемиологиялық бақылау Департаментiнiң қызметкерлерi жүргiзедi.

ТҚҰ – да қорытынды дезинфекцияны Қазақстан Республикасының аймағында қолдануға рұқсат еткен дезинфекциялық препаратармен ТҚҰ – ның қызметкерлерi жүргiзедi.

Қорытынды дезинфекцияны жүргiзетiн жағдайлар:



  1. науқас кеткеннен кейiнгi барлық жағдайда;

  2. тұрғылықты жерi өзгертiлсе, көшсе (пәтердi немесе бөлменi заттарымен қосып, залалсыздандыру).

Науқас ошақтан кетпеген жағдайда, қорытынды дезинфекция жүргiзу аралығы ошақтағы қауiпсiздiк жағдайына байланысты осы Ереженiң 1 қосымшасына сәйкес жүргiзiледi.
ТУБЕРКУЛЕЗДІ ХИМИЯЛЫҚ АЛДЫН АЛУ

Бұл жекелеген профилактика. Әдіс туберкулезге қарсы дәрілерді туберкулез ауруын алдын алу мақсатында жүргізіледі.

Химиялық профилактика үшін негізінен изониазид қолданылады. Изониазидтің жоғары бактериостатикалық әсері бар, адам ағзалары мен тіндеріне жақсы енеді және улы әсері аз.

Химиялық алдына алу қауiп -қатер тобының жандарына сонымен қатар,толық тексерiстен соң тоқтатылған туберкулез үрдiсi анықталған шипа – жайлық немесе ұйымдастырылған топтық жағдайдағы АИВ жұқтырған балалар мен жасөспiрiмдерге мiндеттi түрде медициналық қызметкердiң бақылауымен тақайындалады.

Химиялық алдына алуда негiзгi дәрi – изониазид (Н). Тәулiктiк Н мөлшерi бiр iшкенге, күнде, 5 мг/кг масса есебiнде, мiндеттi түрде толық тағайындалған курс аяқталғанша медициналық қызметкердiң бақылауымен.

Туберкулиндi тоғысудың виражында (нормергия, гиперергия) химиялық алдына алу курсының уақыты 3 айлық мерзiмде.Бұрын туберкулез микробактериясын жұқтырған, гиперергиялық тоғысу анықталған жандарға химиялық алдына алу екi ай жүргiзiледi. Этамбутол 15 мг/кг дене салмағы есебiнен тағайындалады. Этамбутол тағайындалмас бұрын окулист кеңесi қажет. Дәрiнiң жақсы қабылдануы мақсатында дәрiмен қоса полидәрумендер тағайындалады, құрамында А және В дәрумендерi бар.

Н қабылдағанда зинды әсерлер (эозинофилия, аллергиялы дерматит, парестизин, т. б) пайда болса, қосымша тексеруден өту керек (қан, зәр). Керi әсерлер байқалса, Н 5-7 күнге тоқтатады. Аллергиялы тоғысулар кезiнде, десенсибилизисиялы терапия мен антигистаминдi дәрiлермен ем жүргiзiледi. Екiншi тағайындау кезiнде Н қабылданбаса, химиялық алдына алу тоқтатылады. Вирусты гепатиттен кейiн химиялық алдына алу жұқпалы ауруды тасушының барлық клиникалық белгiлер жоғалғаннан кейiн 6 айдан кейiн ғана тағайындалады. Бұндай кезде химиялық алдын алу гепатопротекторлар жүзiнде жүргiзiледi.

Химиялық алдына алу қарым-қатынаста болған туберкулез ошақтарының виражбен гиперергиялық тоғысу анықталған жандарына есепке алынған кезден бастап бiр рет жүргiзiледi.

Туберкулез ошақтарының барлық 1- жасқа дейiнгi балаларына бактерия бөлетiндерiне БЦЖ вакцинасынан кейiн 2-айлық аралықты сақтай отырып, изиониазидпен 3- айлық (3Н) мерзiмде химиялық алдына алу жүргiзiледi.

Химиялық алдына алу (3H) туберкулездiң микобактериясын жұқтырған гормонды (цитостатикалық) ем қабылдаушы балалар мен жасөспiрiмдерге де тағайындалған.

Химиялық алдына алудан зиянды әсер алатындар қояншық, ОНЖ зақымдануы, бауыр және бүйрек аурулары мен туберкулез емес этиологиясын қызметiнiң бұзылуы.

Туберкулезге қарсы мекемелердiң дәрiгерлерiмен нұсқау берiлiп, бақыланады.Химиялық алдына алуды дәрiгерлер амбулаториясында, жалпы iс-жүзiндегi дәрiгерлер бөлiмшесiнде, мектептерде, балалар - бақшасында, орта және жоғарғы оқу орындарында медициналық бөлiмшелердiң медициналық қызметкерлерiмен жүргiзiледi.

Химиялық алдына алудың өткендiгi туралы науқастың амбулаторлық медициналық картасына (форма 026/у) тiркеледi, туберкулезге қарсы мекеменiң диспансерлiк картасына ТБ01(қаз) дисп, күнделiктi «орындалған емнiң қадағалану бетi» медициналық қызметкердiң бақылауымен тiркелiнедi.

Туберкулездi химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерге және ересектерге бiрдей жүргiзiледi:



  1. бәрiне, АИВ - құрылымның (туберкулез науқасы мен қатынаста тұрмайтын) тоғысуының оң нәтижелi болуы;

  2. өкпе немесе өкпеден тыс туберкулезi науқасымен бактерия бөлсiн, бөлмесiн қатынас ұстанған;

Химиялық алдына алу АИВ жұқтырылған балалармен жасөспiрiмдерде аймақтық туберкулезге қарсы диспансерлердiң фтизиаторларымен тағайындалады, жинақтаулы клиника-рентгенологиялық зерттеулерден кейiн туберкулездiң белсендi еместiгi анықталғаннан кейiн , изонизидпен (Н) 5 мг/кгдене салмағы есебiмен (0,3г аспайды) қоса пиродрксин-25мг бiр тәулiкте күнделiктi тәртiпте 6-ай бойы тағайындалады.

Туберкулезге қарсы диспансерлерде есепте тұрмайтын АИВ жұқтырылған науқастарға химиялық алдына алулар ЖИТС орталығының қызметкерлерiмен АИВ жұқтырылғандарда бақылайтын мекемелерде жүргiзiледi. Кейде ғана химиялық алдына алу ата – ананың, туыстарының, бақылауымен жүргiзiледi. Оларға қолхат арқылы дәрi берiлiп, бақылау мерзiмi 10 күннен аспау керек.



Вираждық балалардың арасында химиопрофилактика 1 рет жүргізіледі.

ТУБЕРКУЛЕЗДІҢ ЕМІ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет