Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет3/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#138545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

12) Алюминий өндірісіндегі целлюлоздық қойыртпақ - дайындау, сүзгілерге, алюминатты ерітіндіні гидроқойыртпақтарға жіберу;

13) Ерітінділер - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен қоюлатқыштарда тұндыру (мөлдірлету) және сөлалғышта (цементаторда) металл мен қоспалардан тазарту;

14) Алюминатты ерітінділер - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен декопезарда бұрау әдісімен ажырату, «таңба» дайындау немесе карбонизаторларда карбондау (көмірқышқыл газын ажырату) процессін жүргізу;

15) Мат, сілті, алюминат және басқа да ерітінділер, мыссызданған электролит - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен белгіленген концентрацияға және салыстырмалы салмаққа дейін булау процессін жүргізу;

16) Кристалл сода – дайындау; натрий бикарбонатын карбондау және кристалдандыру, кристалдарды сүзгілеу және кептіру, оларды үгу және себу процестерін жүргізу;

17) Кадмий тұзы – реагенттерді дайындау, тұндыру, жуу, кептіру, үгу және себу процестерін жүргізу, өнімді ыдыстарға салу;

18) Күйжентек, тозаң, құрамында қалайысы бар материалдар - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен диффузорларда бак аппаратурасының, диірменнің, сүзгілер мен ағызу әдісінің көмегімен сілтілеу процестерін жүргізу;

19) Сирек металды шикізат - жіктеу, еріту және сүзгілеу процестерін жүргізу;

20) Феррованадий - ерітіндідегі басты элементті тұндыру процессін жүргізу;

21) Шламдар – мыссыздандыру, қышқылда еріту, қыздыру және ауамен үрлеу жолымен мысты жою, қоюлатқыштар мен үзгіштерде қоюлату және жуу;

22) Электролитті хром – хром ангидриті бар барабандарды ажырату, оны арту, ерітіндіні тарту және электролизге беру.

19. Аппаратшы-гидрометаллург 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Өнімді сілтілеу, агитациялау, еріту, ажырату, тұндыру, сүзгілеу, буландыру, ағынды және жуған су мен ерітіндіні залалсыздандыру және бейтараптандыру, олардан металл алу және залалсыздандырылған ағындыларды төгу мүмкіндігін айқындау. Ерітіндіні қоспаларды немесе негізгі металды тұндыру, тұнбаларды өңдеу арқылы тазалау. Ерітінділерді, қышқылдарды, қалпына келтірушілер мен басқа да реагенттерді мөлшерлеу. Қойыртпақ, ерітінді, тұнбаның концентрациясын, салыстырмалы салмағын, температурасын, айналымын және басқа да көрсеткіштерін реттеу және бақылау. Орта, салыстырмалы салмақ жағдайын, ерітіндіні тазалау дәрежесінің концентрациясы, өнім сапасын, процесс реакциясының аяқталу уақытын, ерітінділердің залалсыздану дәрежесін айқындау. Аппараттарды бақылау және оларды қоректендіруді реттеу, белгіленген дәрежеде технологиялық режимді сақтау. өнімді ағызу тазалығын бақылау. Дайын өнімді есепке алу және материалдар мен реагенттер шығыны. Қызмет көрсетілетін жабдықты басқару, оның жай-күйін бақылау, ретке келтіру және жөндеуге қатысу. Кезең-кезеңімен тексеру және бақылау өлшеу құралдарының тетігін тазалау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылысы мен техникалық сипаттамасы, аппараттарды сөндіріп-жағу тәсімі, қызмет көрсетілетін жабдықтағы арматураның құрылысы, мақсаты мен орналасуы, ерітінділердің концентрациясы, қойыртпақтың температурасы, салыстырмалы салмағы, қойыртпақтың тұндырылу дәрежесі, тұндыру процессіндегі коагуляцияның рөлі, ортаның сутектік көрсеткішінің технологиялық процестегі маңызы мен әсері, ерітінді, сілті, қышқылдың, шығарылатын өнімнің негізгі қасиеті, құрамы және сапасына қойылатын талаптар, осы процесте қолданылатын шикізаттың түрлері мен сипаттамасы, технологиялық процестегі ауытқушылықтарға әсер ететін факторлар, шикізат пен материалдарды өндірістік ысыраптаудың алдын алу және азайту тәсілдері, металды көптеп алуды қамтамасыз ететін процестерді жүргізу әдістері, режимдік карталар, күрделі емес сызбаларды оқу ережелері, қысым астында жұмыс істейтін ыдыстарды пайдалану ережелері, техникалық құжаттаманы жүргізу және сақтау ережесі, өндірістік-техникалық оқыту мектептерінің бағдарламасы шегінде химия, физика, гидравлика, жылу техника, электротехника негіздері.

Жұмыс үлгілері:

1) Сазтопырақ өндірісі үшін боксит және басқа да шикізат - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жіті бумен қыздырылатын, қыздыратын элементтермен жабдықталған, механикалық орналастырылған және автоклавтық қойыртпақты көп мәрте сепарацияланған күрделі жүйесі бар автоклавтарда алюминатты ерітіндіні кремнийден арылту процессін жүргізу;

2) Гипохлорит – дайындау;

3) Кадмий губкасы - еріту және тұндыру процессін жүргізу, пекті сілтілеу;

4) Қышқылдар, тұқылдар - сілтілеу, қышқылдандыру, қоспалардан тазарту процестерін жүргізу, ерітінді дайындау;

5) Сілті балқымалар - қазандықтарда тұндыру процестерін жүргізу, тұнбалардан металл королькелерін шығару;

6) Өнім және жартылай өңделген өнімдер - сүзгілеу аппараттарында сүзгілеу, жуу және тазалау процестерін жүргізу;

7) Қоспалар – гидраттарды еріту, сілтілеу, концентраттарды тұндыру арқылы ерітіндіден металл, аппараттағы металлоидтарды және болат кеспектерді фракциялық бөлу процессін жүргізу;

8) Сазтопырақ өндірісіндегі гидратты қойыртпақ – автоматты режимде белгіленген режим бойынша қысым ықпалында жұмыс істейтін білтелі сүзгілерде және сүзгілеу беті 200 м² дейінгі дискілі сүзгілерде сүзгілеу процессін жүргізу;

9) Ерітінділер - агитаторларда, сөлалғышта (цементаторда) темір, кобальт, кадмий, таллий және басқа да сирек металл қоспасын мыстан тазарту және қоюлатқыштарда тұндыру (мөлдірлету) процестерін жүргізу;

10) Алюминат ерітінділер - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен декомпезарда бұрау әдісімен ажырату, «таңба» дайындау немесе карбонизаторларда карбондау (көмірқышқыл газын ажырату) процессін жүргізу;

11) Мат, сілті, алюминат және басқа да ерітінділер, мыссызданған электролит - белгіленген концентрацияға және салыстырмалы салмаққа дейін булау процессін жүргізу;

12) Реактивтер - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен дайындау;

13) Карбонат содасы - сазтопырақ өндірісіндегі каустификаторларда каустификациялау процессін жүргізу;

14) Күйжентек, тозаң, құрамында қалайысы бар материалдар - диффузорларда бак аппаратурасының, диірменнің, сүзгілер мен ағызу әдісінің көмегімен сілтілеу процестерін жүргізу;

15) Қалайы, кобальт және басқа да металдардың хлориды - біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен өнімді еріту және хлорлау арқылы алу;

16) Электролитті хром – хром ангидритті еріту және күкірт қышқылы және барий гирототығымен тұндыру процестерін жүргізу;

17) Шламдар - күкіртті күйдіру.


20. Аппаратшы-гидрометаллург 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды қышқылмен, сілтімен, хлормен, экстрагентпен өңдеу арқылы тазартылған ерітінді, гидроқышқыл, хлорид, натрий антимонаты, кальций станниті, каустика содасы және басқа да өнімді алу процесін жүргізу; қыздыратын элементтермен жабдықталған; механикалық орналастырылған және автоклавтық қойыртпақты көп мәрте сепарацияланған күрделі жүйесі бар автоклавтарда сазтопырақ өндірісі үшін боксит және басқа да шикізатты автоклавтық сілтілеу процессін жүргізу.

Қызмет көрсетілетін жабдықты басқару, оның жай-күйін байқау және бақылау, технологиялық режимді сақтау, бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау мәліметтері бойынша оның параметрлерін реттеу. Агрегаттарға ерітіндінің, қойыртпақтың, хлордың, судың, тығыз ауаның, будың түсуін реттеу. Салыстырмалы салмақ, ерітінді мен қойыртпақ концентрациясының, аппараттағы қысымның, ерітіндінің құрамындағы хлоридтің, хлор түсуінің басталу және аяқталу уақытының, технологиялық процестің аяқталу уақытының ж:т қатынасын айқындау және оны белгіленген шекте сақтау. Қойыртпақ пен ерітіндіден қоспалардың толық алынуын, шығарылатын өнімнің сапасын бақылау. Шығарылатын өнімді есепке алу. Күрделі емес химиялық талдау жүргізу. Біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшылардың жұмысын үйлестіру. Сазтопырақты алудың технологиялық процессіне кіретін жұмыстардың толық емес кешенін орындау. Жөндеуге қатысу және жабдық жұмысының көрсеткіштерін жазу.

Білуге тиіс: әр түрлі типтегі жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және сигнализация құралдарының құрылысы, технологиялық операциялардың химиялық реакциясы, режимдік карталар, шикізаттың, реагенттер мен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар мен техникалық шарттар, қызмет көрсетілетін жабдыққа арналған сызбаларды оқу тәртібі, қойыртпақ пен конденсаттың өздігінен түзелу тәсімі, қойыртпақ пен конденсаттың көп мәрте сепарациясы кезінде жылу ауысу негіздері, хлордың қасиеттері және оның технологиялық процестегі рөлі.

Жұмыс үлгілері:

1) Никель, кобальт, кадмий және сирек топырақ элементтерінің гидрототығы – алу;

2) Никель – процесті біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен жүргізу;

3) Мырыш тұқылдары, тозаң - сілтілеу және ерітіндіні тазалау процестерін жүргізу;

4) Сазтопырақ өндірісінде гидратты қойыртпақ - сүзгілеу беті 200 м² дейінгі дискілі сүзгілерде сүзгілеу процессін жүргізу;

5) Алюминат ерітіндісі – бокситті сүзгілеу қабаты бар сүзгілерде тексеру сүзгісі;

6) Титан - сілтілеу процессін жүргізу және тәжірибелік өндірісте электролитті тұздан жуу;

7) Қалайы, кобальт және басқа да металдардың хлориды - өнімді еріту және хлорлау арқылы алу.

21. Аппаратшы – гидрометаллург 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сілтілеу әдісімен, гидраттарды еріту, нефелин күйежентегін, бокситті немесе басқа шикізатты сілтілеу арқылы натрий алюминатын және алюминий гидратын алу, өнімді тұндыру, сүзгілеу, ажырату, булау, сирек топырақ металл өнімдерін еріту, экстрагирлеу, тұндыру, сүзгілеу және т.б. жолымен алу процессін жүргізу. Ерітіндіні, қойыртпақты беруді реттеу және ерітіндіге енгізілетін «таңбаның» санын есептеу. Көп компонентті ерітінділер мен реактивтерді дайындау, реакцияның аяқталғанын айқындау. Будың, судың, тығыз ауаның шығуын, аппараттағы ыдыратуды, ерітіндінің процеске қайтуын, температураны және реактордың рН ортасын бақылау.

Белгіленген тереңдік бойынша никельді тұндыру процессін жүргізу, қойыртпақтың реакторға берілу жылдамдығын реттеу, темір ұнтағын мөлшерлеу, атом асорбциондық анализатордың көмегімен ерітінді құрамындағы никельді айқындау. Гидоциклонда никель шламын екі дәрежелі байыту процессін жүргізу. Қойыртпақ жіктеуішін реттеу. Қажетті есептеулерді орындау. Шығарылатын өнімді есепке алу. Сазтопырақ және сирек металл өндірісінде біліктілігі анағұрлым төмен аппаратшының жұмысын басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері, алюминий гидрототығын алу, никельді, мысты, кобальтты сульфаттау және оларды тотықтанған қойыртпақтан тұндыру процессінің барысына ықпал ету тәсілдері, реактивтер, қойыртпақ, көп компонентті ерітінді дайындау тәсілдері және олардың сапасына қойылатын талаптар, химиялық реакциялар.

Жасанды шеелит жасау аппаратшысы


22. Жасанды шеелит жасау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вольфрам қышқылын жуу процессін жүргізу. Ерітіндінің температурасы мен салыстырмалы салмағын бақылау. Ерітіндіні сүзгілеуге ауыстыру. Вакуум-сүзгілерде сүзіндіні жуу. Сынамаларды іріктеу. Вакуум-сүзгілерден өнімді түсіру. Өнімді тасымалдау. Вакуум-сүзгілердегі төсемдерді ауыстыру. Қызмет көрсетілетін жабдық жұмысындағы ақаулықтарды айқындау және жою.

Білуге тиіс: құбырлар мен аппараттардың сұлбасы, сүзгілеуге және сүзгілеу матасының сапасына қойылатын талаптар, шикізаттың, материалдар мен шығаратын өнімнің негізгі қасиеттері, өнімді тығындау тәсілдері.

23. Жасанды шеелит жасау аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сілтілеу арқылы тұзды-қышқыл және содалы ерітіндіні қоспалардан тазарту процессін жүргізу. Агитаторлар, қыздырғыштар, сорғылар, жинақтар, желдеткіштер және осыларға қатысты басқа да аппараттарды басқару. Агитация жылдамдығын және қойыртпақ ерітіндісінің циркуляциясын реттеу. Ерітіндінің салыстырмалы салмағын, температурасын, қышқылдығын, деңгейін, ауаның берілуін бақылау. Сынаманы іріктеу. Қажетті өлшемдерді жүргізу. Вольфрам қышқылын жеткізу. Материал шығынын есепке алу.

Білуге тиіс: қолданылатын жабдықтар мен бақылау өлшеу аспаптарының құрылысы, өндірістік техникалық оқыту мектептері бағдарламасының жүктемесіндегі химия, физика негіздері, сутегі көрсеткішінің мәні және оның технологиялық процеске ықпалы, ерітінділердің құрамы, ерітінділер, материалдар, реагенттердің негізгі қасиеттері және олардың сапасына қойылатын талаптар, шартты сигнализация.

24. Жасанды шеелит жасау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қоспалардың тұнбаларын содамен еріту, агитациялау, сүзгілеу, хлорлы алюминий және хлорлы магний ерітінділерін дайындау арқылы жасанды шеелит алу процессін жүргізу. Агитаторлар, булау жабдықтарын, сүзгілерді, сорғыларды, вакуум-сорғыларды, жүк көтергіш машиналарын басқару. Жабдықтың жай күйін, белгіленген технологиялық режимді бақылау. Ерітінді мен қойыртпақтың ж:т қатынасын, салыстырмалы салмағын, концентрациясын айқындау. Су, бу, тығыз ауаның түсуін және ыдырауын бақылау. Қойыртпақтың сорылу дәрежесін тексеру.

Білуге тиіс: әр түрлі типтегі аппараттардың құрылысы, металлургия негіздері, химиялық реакция, анағұрлым оңтайлы сутегі көрсеткіші кезінде зиянды қоспаларды жою мақсатында өндірістік процестің барысына ықпал ету тәсілдері, ерітіндінің, қойыртпақтың, дайын өнімнің құрамы мен олардың сапасына қойылатын талаптар.

Плазмалық құрылғылардың аппаратшысы
25. Плазмалық құрылғылардың аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Монототық және металл халькогенидтерін: кремний, кадмий және т.б. алу процессін жүргізу. Технологиялық жабдықты процеске дайындау. Реакторлар мен желіні босату және тазалау. Шикіқұрамды қоректендіргішке салу.

Монометрлерді бақылау көздеріне қосу. Процесс алдында қоректендіргіш құрылғылардың жұмысын және жүйенің герметикалығын тексеру. Плазмалық реактордағы қоректендіргіш түтікті орталықтау. Вакуумдық сорғыны қосу және өшіру. Электродтарды басқа плазмалық шілтерде жинақтау және орталықтау. Қысымды технологиялық жабдықтың әр түрлі нүктелерінде өлшеу.

Білуге тиіс: жоғары жиілікті доға плазмалық құрылғылардың құрылысы, төмен температуралы плазмада ұнтақ пен жабын алу тәсілдері, плазмаға берілетін газ бен өнімдердің қасиеттері.

26. Плазмалық құрылғылардың аппаратшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Суық плазмада үлдір жабын алу процессін жүргізу. Реакторларды процесті жүргізу үшін жинау. Сынамаларды химиялық және гранулометриялық талдау үшін іріктеу.

Білуге тиіс: осы процесте қолданылатын әр түрлі типтегі технологиялық жабдықтың құрылысы, жоғары жиілікті генераторлар мен тұрақты ток генераторының сұлбасы, процесті жүргізу барысында кездесетін ақаулықтардың түрлері мен себептері, берілетін газ құрамының жоғары жиілікті генераторлардың сипаттамасына әсер етуі.

27. Плазмалық құрылғылардың аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Плазмалық құрылғыда ерекше таза және баяу балқитын металдар мен балқымаларды (монокристалдар мен монокристалды үлдір) алу процессін жүргізу. Плазматронды орнату және ретке келтіру. Құрылғыны шайқаудың вакуумдық жүйесін, мөлшерлеу және әперуші құрылғыларды, плазмалық факелді және тұрақты ток электр кернеуі көзін басқару. Электродтарды ауыстыру және плазматронды шағын жөндеу. Вакуумды сорғылар мен тығындау арматурасын жөндеу. Төмен кернеулі көз бен басқа электр жабдықтарын жөндеуге қатысу. Пешті қосу, ұстағыштың белгіленген диаметрі және балқығыштың технологиялық режимі негізінде жабдық жұмысын таңдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін плазмалық құрылғылардың құрылымдық ерекшеліктері мен оларға газ жіберу ерекшеліктері, физика, химия, электротехника, электр өлшемдері, вакуумдық техника негіздері, пештерде вакуумды айқындау әдістері және аққыш тесікті іздеу аппаратурасын пайдалану ережесі, монокристалға арналған астар мен дайындаманы плазмалық факелге қатысты орналастыру, плазмалық реакторлардың температуралық аймақтары, технологиялық жабдықтың әр түрлі ақаулықтарының себептері мен оларды жою тәсілдері.

Арнайы орта білім талап етіледі.

Өте таза сілті металдар қоспаларын алу аппаратшысы


28. Өте таза сілті металдар қоспаларын алу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен температурасын төмендету және конденсатын іріктеу әдісі арқылы сирек сілті металдардың су ерітінділерінен бейорганикалық кристалдарды өсіру процессін жүргізу. Өте таза сілті металдар қоспаларын алуға қатысу. Деминералданған протийлі және ауыр (Д2) суды дайындау. Шикізат пен материалды қабылдау; реактивтер шикізаты мен жартылай өңделген өнімді әперу және арту және оларды мөлшерлеу.белгіленген концентрацияда қышқыл, тұз және сілті ерітінділерін дайындау. Ерітінділердің тығыздығын, сілтілігін, қышқылдығын айқындау. Ерітіндінің тығыздығын, концентрациясы мен рН қарапайым тәсілдермен реттеу. өте таза заттар алу үшін және кристалдарды өсіру үшін жұмысқа дайындалу және жабдыққа қызмет көрсету. Вакуумдық сорғыға қызмет көрсету. Сынамаларды іріктеу. Дайын өнімді өлшеп орау және буып-түю. Белгіленген нысандағы құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: шикізат, жартылай өңделген өнімдер, қолданылатын газ, қосымша материалдар, дайын өнімдердің физикалық және химиялық қасиеті, шикізатқа, дайын өнімдерге, қосымша материалдарға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт, қызмет көрсетілетін негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының жұмыс істеу қағидаттары, ерітіндінің рН, тығыздығы және концентрациясы туралы түсінік және оларды өлшеу тәсілдері, таңбаны тегістеу тәсілдері, вакуумдық техника, физика, химия, электротехника негіздері.

29. Өте таза сілті металдар қоспаларын алу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Температурасын төмендету және конденсатын іріктеу әдісі арқылы сирек сілті металдардың су ерітінділерінен бейорганикалық кристалдарды өсіру процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен тиісті гидрооксидтерді бейтараптандыру арқылы өте таза ангидрид фосфорын, протийлі және дейтерленген ортофосфорлық қышқылдарды, дейтерфосфатын, дигидрофосфатын, сирек сілті металдардың метафосфатын, және басқа да қоспаларды алу процессін жүргізу. Ауыр суды оның құрамындағы қалдықтардан регенерациялау. Таңбаны монтаждау, кристаллизаторларды жинақтау. Қызмет көрсетілетін пештер мен аппараттарды, механизмдерді, электр құрылғыларын, бақылау - өлшеу аспаптарын және автоматика құралдарын жұмысқа дайындау және қосу.

Білуге тиіс: технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздері, қызмет көрсетілетін негізгі және қосымша жабдықтың құрылысы, суда еритін кристалдарды өсіру әдістері мен технологиясы, паразит кристалдардың және кристалдардың басқа да ақаулықтарының пайда болу себептері және оларды жою тәсілдері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы кемшіліктерді анықтау және жою тәсілдері, жарамсыздық пен өндірістік шығынның алдын алу тәсілдері, қалдықтарды қайта өңдеу және бейтараптандыру технологиясы, электротехника негіздері.

30. Өте таза сілті металдар қоспаларын алу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тиісті гидрооксидтерді бейтараптандыру арқылы өте таза ангидрид фосфорын, протийлі және дейтерленген ортофосфорлық қышқылдарды, дейтерфосфатты, дигидрофосфатты, сирек сілті металдардың метафосфатын, және басқа да қоспаларды алу процессін жүргізу. Қыздыру кезінде сілті металдар қоспаларының шығынын, өсірілген кристалдар сапасын анықтау. Пештер мен аппараттарды, механизмдерді, электр құрылғыларын, бақылау-өлшеу аспаптарын дайындау, қосу және оларға қызмет көрсету.

Білуге тиіс: өте таза қоспаларды алудың технологиялық процессі, өндірістің технологиялық және аппаратуралық сұлбасы, осы технология бойынша негізгі және қосымша жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика құралдарының құрылымдық ерекшеліктері, қыздыру кезінде сілті металдар қоспаларының шығынын анықтау әдістемесі, алынатын сілті металдар мен өсірілген кристалдар қоспаларының сапасына қойылатын талаптар.

Сілті металдар қоспаларының гидрототығын алу аппаратшысы
31. Сілті металдар қоспаларының

гидрототығын алу аппаратшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сирек сілті металдың гидрототық және галогенді қоспаларын алу процессін жүргізуге қатысу. Ерітіндіні булау. Мыс пен күмістің өте таза галогенидтерін алу. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен белгіленген концентрацияда қышқыл, тұз, және сілті ерітінділерін дайындау. Деминералданған суды дайындау және ысыту Ерітіндінің тығыздығын, концентрациясы мен рН анықтау. Негізгі және қосалқы жабдықты жуу және жұмысқа дайындауға қатысу. Сынамаларды іріктеу, дайын өнімді өлшеп орау және буып-түю. Вакуумдық сорғыға қызмет көрсету. Қалдықтарды бейтараптандыру. Шикізат пен материалдарды қабылдау; шикізатты, реактивтерді, жартылай өңделген өнімдерді мөлшерлеу және арту. Белгіленген нысандағы құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: шикізат, жартылай өңделген өнімдер, қолданылатын газ, қосымша материалдар, дайын өнімдердің физикалық және химиялық қасиеті, шикізатқа, дайын өнімдерге, қосымша материалдарға қойылатын техникалық шарттар мен мемлекеттік стандарт, қызмет көрсетілетін негізгі және қосымша жабдықтардың, бақылау өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарының жұмыс істеу қағидаттары, ерітіндінің рН туралы түсінік және рН қарапайым әдістермен анықтау тәсілдері, вакуумдық техника негіздері, гидрототық концентрациясын титрлеу арқылы және тығыздығы бойынша анықтау, қалдықтарды бейтараптандыру технологиясы, орта мектеп аясында физика, химия және электротехника негіздері.

32. Сілті металдар қоспаларының

гидрототығын алу аппаратшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен талдау және оларды мұқият тазалау арқылы сирек сілті металдың гидрототық және галогенді қоспаларын алу процессін жүргізу. Ерітіндінің тығыздығын, концентрациясы мен рН реттеу. Сирек сілті металдардың өте таза протийлі және дейтерленген гидрототығын сүзгілеу және басқа да тәсілдермен тазалау. Қышқыл, тұз және сілтінің белгіленген концентрациядағы ерітіндісін дайындау. Қызмет көрсетілетін негізгі және қосымша жабдықты жуу, жұмысқа дайындау, жинау. Қызмет көрсетілетін пештерді, электр құрылғыларын, бақылау - өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын жұмысқа дайындау және қосу.

Білуге тиіс: технологиялық процестің физикалық-химиялық негіздері, ерітіндінің рН өлшеу, ерітіндінің концентрациясын айқындау тәсілдері, осы технологиялық процестерді жүргізудің айырықша ерекшеліктері, тығыз және ыстық газбен жұмыс істеу ережесі, вакуумдық техника негіздері, қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, өндірістің технологиялық және аппаратуралық тәсімі, электротехника, электроника, химия, физика негіздері.

33. Сілті металдар қоспаларының

гидрототығын алу аппаратшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Талдау және оларды мұқият тазалау арқылы сирек сілті металдың гидрототық және галогенді қоспаларын алу процессін жүргізу. Технологиялық процестің өн бойында сирек сілті металдар қоспаларының иондық және электр өткізгіштігін өлшеу. Негізгі және қосымша жабдықтың технологиялық сұлбасының герметикалығын тексеру. Қызмет көрсетілетін пештерді, электр құрылғыларын, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын жұмысқа дайындау және қосу.

Білуге тиіс: осы технология бойынша негізгі және қосымша жабдықтың құрылымдық ерекшеліктері, сирек сілті металдар қоспаларының иондық және электр өткізгіштігін өлшеу әдістемесі, металл және кварц жабдықтарының герметикалығын тексеру әдістері, олардың жұмысындағы ақаулықтарды жою тәсілдері.

34. Сирек топырақ элементтерін

ажырату жөніндегі аппаратшы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен ион алмасу және элюант дайындау әдісімен сирек топырақ элементтерін ажырату процессін жүргізу. Бағаналарға шайыр салу. Алғашқы ерітінділерді дайындау және беру. Мыс сирек топырақ элементтерін бағаналарға сорбциялау процессін жүргізу. Ерітінді жылдамдықтарын журналға жазуды жүргізу, алынған фракциялардың рН мәндері. Қышқылы мен сілтілігін айқындау жөнінде талдау жүргізу.

Білуге тиіс: алғашқы ерітінділердің, баяулатқыштар мен элюанттардың қозғалу сұлбасы, сирек топырақ элементтердің жеке тотықтандырғыштарын алу технологиясы, орта мектеп бағдарламасы мен арнайы техминимум шегінде химия негіздері, технологиялық және аппаратуралық сұлбалар, ион алмастырғыш шайыр мен реактивтерге қойылатын талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет