Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет6/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#138545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Түсті металдарды өңдеу

Суық металдарды сымдаушы


1. Суық металдарды сымдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орнақтарға илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді, фольгаларды дайындау. Илектеу алдында рольгангқа төлкемдерді, таспаларды салу. Дайындамалар мен дайын өнімді тасымалдау мен салу.

Білуге тиіс: қолданылатын құралдардың атауы, міндеті, майлаулар мен салқындататын сұйықтықтың атауы, металды таңбалау, тасымалдау және салу ережелері.

2. Суық металдарды сымдаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен екі- және алты білікшелі илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді суықтай илектеу процессін жүргізу. Калибрлі орнақтарда төлекмдерді калибрлеу және таспа илектеу және екі және үш білікті сортты орнақтарда шыбықтарды, төлкемдерді және әртүрлі сұлбаларды илектеу. Білікке илектелетін металдың берілу механизмін басқару. Қысымды түсірудің көмегімен орамды илектеуден кейін түсіру. Білікшелерді ауыстыру. Орнақта түсті металдардан жасалған фольга орамдарын жуу процессін жүргізу. Орнақ жұмысының көрсеткіштеріне есеп жүргізу. Орнақтарға қызмет көрсетуге және оңдауға, жөндеуге қатысу. Жұмыс орнын тазалықта ұстау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін табақты, таспалы илектеу және сортты орнақтардың құрылғысы, олардың механизмдері, орнақтарды пайдалану ережесі, біліктердің сыныпталуы және оларды салқындату жүйесі, суық илектеудің технологиялық процессінің негіздері, илектелетін металдың немесе қорытпаның негізгі ерекшеліктері, химиялық құрамы және маркасы, қолданылатын майлаулардың және салқындататын сұйықтықтың атайы мен құрамы, химия, физика, электротехника бойынша қарапайым мәліметтер, өнімнің механикалық бұзылуына әкеп соқтыратын илектеу орнақтары ақаулығының себептері, слесарлық іс.

3. Суық металдарды сымдаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Екі- және алты білікшелі илектеуге түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді суықтай илектеу процессін жүргізу. Көп кілетті, төрт және көп білікшелі орнақтарда түсті және бағалы металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлекмдерді илектеу процессін жүргізу: бір кілетті кері бағытта төрт білікті орнақтарда жеңіл қорытпалардан таспаларды илектеу; түсті металдар мен қорытпалардан таспаларды, табақтарды, төлкемдерді дайындап және өңдеп илектеу; біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен қосарланған түрдегі төрт және көп білікшелі орнақтарда фольганы илектеу. Илектеу орнағын тиеу, басқару пультінен тапсыратын, тасымалдайтын және дұрыс беретін механизмдерді басқару. Таспаны керуді, илектеу жылдамдығын, илектелетін бұйымдарды барабанға орауды реттеу. Илек қалыңдығын өлшеу. Орнақты оңдау мен жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін көп кілетті, көп білікті кері бағытты илектеу орнақтары, суықтай илектеудің теориясы мен технологиясының негіздері, суықтай илектеу кезінде қолданылатын илектеу орнақтарының сыныпталуы және түрлері, өңделетін өнімге мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар, білікшелерді блоктау, салқындату, майлау, теңестіру және майысуына қарсы жүйелер, ақау себептері және оларды алдын алу әдістері, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарының құрылғысы және пайдалану ережесі.

4. Суық металдарды сымдаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көп кілетті, төрт және көп білікшелі илектеу орнақтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған таспаларды, табақтарды, төлкемдерді илектеу процессін жүргізу, бір кілетті кері бағытта төрт білікті орнақтарда жеңіл қорытпалардан таспаларды илектеу, ауыр түсті металдар мен қорытпалардан таспаларды, табақтарды, төлкемдерді дайындап және өңдеп илектеу, қосарланған түрдегі төрт және көп білікшелі орнақтарда фольганы илектеу.

Автоматты көп кілетті және көпбілікті илектеу орнақтарында таспаларды илектеу, біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен титан, вольфрам, молибден, ниобий, цирконий қорытпаларын илектеу процессін жүргізу. Арнайыландырылған табақтарды өңдеп илектеу. Беруші транспортерлерге, салуларға, гидравликалық итергіштерге, ұшпа микрометрлерді және басқа да өлшеу құралдарына қызмет көрсету. Басу және көтерме механизмдерді басқару.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін әртүрлі типтегі илектеу орнақтарының конструкциясы, илектеу орнақтары мен білікшелерді пайдалану ережесі, электр қозғалтқыштың негізгі сипаттамасы, бақылау-өлшеу құрал-саймандарын және аспаптарды пайдалану ережесі, физика, химия, электротехника, механика негіздері, қолданылатын техникалық майлаулардың және эмульсияның түрлері, қасиеттері және сапасы.

5. Суық металдарды сымдаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Көп кілетті және көп білікшелі автоматты илектеу орнақтарында таспаларды және титан, вольфрам, молибден, ниобий, цирконий қорытпаларын илектеу процессін жүргізу. Фольганы қосарланған түрде біркелкі қосарланумен илектеу. Орнақты және басқару және оны жөндеу.

Білуге тиіс: автоматтандырылған көп кілетті және көп білікшелі орнақтардың конструкциялы және кинематикалық тәсімдері, білікшелерді калибрлеу негіздері, білікшелерге қол жетімділік, орнақтың барлық тораптарының құрылғысы және өзара әрекеттесуі, қызмет көрсететін орнақты автоматты басқару.

Құйма майларды пісіруші
6. Құйма майларды пісіруші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пасталарды, мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды және араластырғыштағы, жүгіртпелердегі, газ пештеріндегі немесе тақталардағы майларды дайындау. Технологиялық нұсқаулыққа сәйкес компоненттерді дайындау және ілу. Май дайын болғандығын және сапасын айқындау. Жабдықтарға қызмет көрсету және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, майлардың құрамы, сорты, сапасына қойылатын талаптар, пасталарды, мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды, майларды дайындау рецептурасы және тәсілі және олардың дайын болғандығын анықтау әдістері, құйма майларды дайындауға жіберілетін материалдардың қасиеттері, оралды шығындау нормалары, майлардың қасиеті.

7. Құйма майларды пісіруші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Мөлшерленетін химикаттардың температурасын ұстаудың автоматты жүйесін қолданумен берілген рецептура бойынша пасталарды, мастикаларды, сырларды, эмульсияларды, желімді, бүркігіш сұйықтарды, майларды дайындау. Компоненттерді таразылау және оларды ыдыстарға тиеу. Химикаттарды мөлшерлеу және реакторларға олардың кезектілігін сақтай отырып құю. Реакторлар мен ыдыстарда берілген температураны ұстаудың автоматты жүйесін бақылау. Құйма майлардың дайын болғандығын белгілеу.

Білуге тиіс: реакторлар мен ыдыстарда химикаттардың температурасын ұстаудың автоматты жүйесінің құрылғысы, температураны ұстаудың автоматты жүйесін қолданумен құйма майларды дайындау тәсілдері мен ережесі, ақау түрлері және оны алдын алу тәсілдері.

Түсті металдарды сымдаушы
8. Түсті металдарды сымдаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары сымдаушының басшылығымен 25 тс дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процессін жүргізу. Сымдау алдында дайындамаларды майлау және беру. Бұйымдарды қаттау, байлау және тасымалдау. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтар және қолданылатын аспаптар қызметінің принципі, бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың міндеті, бұйымдарды қаттау, байлау, тасымалдау ережесі, слесарлық істің ережесі.


9. Түсті металдарды сымдаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 25 тс дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процессін жүргізу. Құбырларды өзекшелерде таптау және өзекшеден алып тастау. Біліктілігі жоғары сымдаушының басшылығымен 25-тен 50 тс дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процессін жүргізу. Өңдеу кезінде бұйымдардың өлшемін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты және құрал-сайманды дайындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың, қолданылатын аспаптар мен бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы, түсті металдар мен балқымалардың негізгі қасиеттері, қолданылатын майлаудың түрлері мен қасиеттері.

10. Түсті металдарды сымдаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 25-тен 50 тс дейін күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту, барабанды үлгідегі орнақтарда құралбіліксіз құбырларды сымдау процессін жүргізу. Бағалы металдардан жасалған құбырларды сымдау. 50 тс күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында және одан жоғары үш есе сымдаудың қосарланған желілерінде, көпжіпті орнақтарда түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді және біліктілігі анағұрлым жоғарысымдаушының басшылығымен барабанды үлгідегі орнақтарда қалқыма құралбіліктерде құбырларды сымдау және балқыту. Дайндамаларды беру тасымалдағышын, көтергіш- үстелді,автоматты күймешені және қарпығыш механизмді басқару. Өңдеу технологиясына қарай сымдау жылдамдығын реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциялық ерекшеліктері, түсті металдар мен балқымалардан жасалған бұйымдарды өңдеу технологиясы, бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы, шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары және техникалық жағдайлары, слесарлық іс.


11. Түсті металдарды сымдаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. 50 тс күшейткіш біржіпті тізбекті сымдау орнақтарында және одан жоғары үш есе сымдаудың қосарланған желілерінде, көпжіпті орнақтарда түсті металдардан жасалған құбырларды, тілкемдерді, шыбықтарды, пішіндерді сымдау және балқыту процессін жүргізу. Бір өлшемнен екінші өлшемге ауысқан кезде орнақтардың электрлік, пневматикалық және механикалық тәсімін жөндеуге қатысу. Сымдау технологиясына сәйкес сымдау жылдамдығын және өңделіп жатқан металдың немесе балқыманың жағдайын бақылау және реттеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың кинематикалық, электрлік, пневамтикалық және конструкциялық тәсімі, сымдау бағыты бойынша өнімдерді өңдеу технологиясы.

Фольганы каширлеуші – сырлаушы
12. Фольганы каширлеуші – сырлаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі жоғары каширлеуші-сырлаушының басшылығымен машиналарда фольганы каширлеу, лактау және сырлау. Материалдарды қалыптандыруға дайындау. Берілген құрам бойынша сырларды, лактарды және басқа да материалдарды әзірлеу. Сырлайтын машинаны спиртпен тазарту. Қаңылтыр табаға желімді, лакты беру. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге көмектесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдық қызметінің принципін, қолданылатын аспаптардың, бақылау-өлшеу аспаптарының және құрал-саймандардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі, қолданылатын материалдар мен сырлаушылардың қасиеттері, орамдардағы фольганы каширлеу және бояу принциптері.

13. Фольганы каширлеуш - сырлаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Машиналарда біржақты қаптамалы фольганы каширлеу, лактау және сырлау. Желім, лак, парафин,бояғыш қабатының қалыңдығын, сортына қарай машинаның жылдамдығын реттеу және қағаздың, қолданылатын лактың, сырдың міндеті, парафиннің температурасы, білікшелерді салқындату және фольганың міндеті. Бояу мен желімдеудің біркелкілігін қадағалау. Сырлау және каширлеу машиналарына, тарқату және орау құрылғыларына, кептіргіш цилиндрлер мен бақа да механизмдерге қызмет көрсету. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, сырлау қабатының қалыңдығын тексеру ережесі, фольганы каширлеу, лактаудың және сырлаудың негізгі принциптері, өңделетін фольганың, қағаздың, желімнің, лактың, парафиннің және бояғыштың сорттары мен қасиеттері, жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

14. Фольганы каширлеуші - сырлаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Каширлеу бір уақытта сырлау немесе лактау, сырлау-басу агрегаттарында фольганы екі жақты бояумен сырлау немесе лактау процессін жүргізу. Сырлау мен желімдеудің біркелкілігін бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін сырлау-басу агрегаттарының конструкциялық, кинематикалық және электрлік тәсімі, фольганы екі жақты бояу және бір уақытта каширлеу және сырлау (лактау) технологиясы, қызмет көрсетілетін машиналардың жылдамдығы, шығарылатын өнімнің мемлекеттік стандарттары мен техникалық шаралары.

Сусальдық металдардың қалыптарын жинақтаушы
15. Сусальдық металдардың қалыптарын жинақтаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Органикалық пленкалардан дайындалған астардан жасалған сусальдық металдарды соғу үшін қалыптарды жинақтау. Қолмен берілген өлшемдер бойынша астарлар дайындау.

Білуге тиіс: табиғи пленкалардың негізгі қасиеттері, химикат ерітінділерінің қосылымдарын, астарлардың сапасына қойылатын талаптар және оның өлшемі, астарларды дайындау және жөндеу үшін қолданылатын құрал-сайман, сырлау материалдары.

16. Сусальдық металдардың қалыптарын жинақтаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жансыз пленкалардан дайындалған астардан жасалған сусальдық металдарды соғу үшін қалыптарды жинақтау. Топырақ қоса отырып, берілген өлшемдер бойынша астарлар дайындау. Топырақ дайындау. Сусальдық металдарды төсеу үшін кітапшалар дайындау. Әртүрлі астарларды жөндеу.

Білуге тиіс: жансыз пленкалардың негізгі қасиеттері, астарлардың сапасына қойылатын талаптар және оның өлшемі, астарларды дайындау және жөндеу үшін қолданылатын құрал-сайман, сырлау материалдары.

Бағалы металдардың ұстасы
17. Бағалы металдардың ұстасы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыұстаның басшылығымен берілген өлшемдер бойынша бағалы металдарды және сусальдық алтын, күміс алу үшін қорытпаларды балғамен және қолмен соққылау. Былғары пергаменттен банттар, теріден жастықтар, бамбуктардан пинцеттер мен кішкене саусақтар жасау. Қалыптарды жұмысқа дайындау: кесу, гипстеу, толтыру, үрлеу, дайындамаларды кесу, жұмсарту, пинцетпен көктеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың қызмет принциптері, алтынның, күмістің және сусальдық материалдарды дайындау үшін қолданылатын қорытпалардың негізгі қасиеттері, банттардың, жастықтардың, пинцеттердің өлшемі және оларды дайындау ережелері, бағалы металдарды және құрал-саймандарды сақтау ережесі.


18. Бағалы металдардың ұстасы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Берілген өлшемдер бойынша 0,0025 мм артық қалыңдықты қолмен – 0,00024 мм артық қалыңдықты гипсті пайдалана отырып, сусальдық алтын, күмісті алу үшін бағалы металдар мен олардың қорытпаларын балғамен соққылау. Қалыптарды гипстеу, орау. Металдардың қалып бойынша біркелкі жайылуы үшін қол балғамен соғу бағыттарын белгілеу. Балғаны оңдау және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың құрылғысы, сусальдық материалдар шығару үшін қолданылатын алтын мен күмістің сапасына қойылатын талаптар, сусальдық материалдардың салмағы мен өлшемі бойынша белгіленген рұқсаттар, бағалы материалдар мен олардың қорытпалары шығындарының нормалары, қолданылатын қол балғаларының салмағын.

19. Бағалы металдардың ұстасы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген өлшемдер бойынша 0,0025 мм артық қалыңдықты қолмен - 0,00024 мм артық қалыңдықты гипсті пайдалана отырып, сусальдық алтынды, күмісті алу үшін бағалы металдар мен олардың қорытпаларын балғамен соққылау. Металдың сапасы мен қалыңдығын, қолданыстағы қалыптардың жағдайы мен сапасын белгілеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін балғалардың конструкциясын, өңделетін өнімге рұқсаттар, металдың сапасын, қалыңдығын қолданыстағы қалыптардың жағдайы мен сапасын белгілеу ережелері, әдістері, өлшеу құралдарының көрсеткіштерін пайдалану ережелері, балғаның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері.

Бағалы металдардан жасалған бұйымдарды құрастырушы
20. Бағалы металдардан жасалған

бұйымдарды құрастырушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмысты 12-14 квалитетпен (5-7 класс дәлдігі), қолмен арнайы тегістеу, оңдау және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолданбай бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және бұйымдарды құрастыру. Ригельдерде және әртүрлі өлшемдегі құралбіліктерде құбырлы дайындамалрды созу. Тесіктерді бұрғылау және калибрлеу. Кедергі пештерде металдарды жұмсарту және шынықтыру. Құрал-саймандарды қалыптандыру және қалпына келтіру. Белгілер мен үлгілер бойынша дайындамаларды белгілеу және кесу. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралар мен бұйымдардың қызмет принципі, рұқсаттар, қондырмалар, квалитеттер, кедір-бұдырлықтың параметрлері (дәлдік кластары мен өңдеу тазалығы) туралы негізгі мәліметтер, қолданылатын бағалы металдар мен оның қорытпаларының негізгі қасиеттері, дайындалатын өнімге техникалық шарттар, шығындардың белгіленген нормалары мен бағалы металдарды сақтау ережесі.

21. Бағалы металдардан жасалған

бұйымдарды құрастырушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жұмысты 11-13 квалитетпен (4-5 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі R_а 0,16 (10 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, оңдау және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және қарапайым қалыпты бұйымдарды құрастыру. Металдарды оттекті-сутекті газбен жұмсарту және шынықтыру.

Білуге тиіс: өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың, бұйымдар мен газбен пісіру аппаратураларының құрылғысы, дайындалатын өнімге техникалық шарттар, рұқсаттар, қондырмалар, квалитеттер, кедір-бұдырлықтың параметрлері (дәлдік кластары мен өңдеу тазалығы), дәнекерлердің маркалары мен қасиеттері және тотыққан металды дәнекерлеу тәсілі.

22. Бағалы металдардан жасалған

бұйымдарды құрастырушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. жұмысты 8-11 квалитетпен (3-4 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі R_а 0,08-ден R_а 0,06-ға дейін (11-12 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, оңдау және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, айдау аппараттарын, кубтарды, иректүтіктерді, шыныбалқыма ыдыстарды және бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан орташа күрделі және күрделі қалыпты басқа да өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды құрастыру. Бағалы металдардан жасалған шегенді таптау. Күміс табақты дайындамаларды пісіру.

Білуге тиіс: өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың, бұйымдардың конструктивтік ерекшеліктері, дәлдікке тексеру ережесі, бақылау-өлшеу құрал-саймандары мен аспаптарының құрылғысы, лекальды және зегерлік жұмыстар туралы негізгі мәліметтер, станоктарды майлау жүйелері, рұқсаттар мен қондырмалардың жүйесі.

23. Бағалы металдардан жасалған

бұйымдарды құрастырушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. жұмысты 6-8 квалитетпен (1-2 класс дәлдігі) және кедір-бұдыр параметрі R_а 0,02-ден R_а 0,01-ге дейін (13-14 класс өңдеу тазалығы), қолмен арнайы тегістеу, оңдау және басқа да станоктарда пісіру мен дәнекерлеуді қолдана отырып, бағалы металдардың табақты және пішінді дайындамаларынан және оның қорытпаларынан ерекше күрделі қалыпты өндірістік, медициналық, зертханалық аппаратураларды және бұйымдарды құрастыру.

Білуге тиіс: өндірістік, медициналық және зертханалық құрастырылатын аппаратуралардың және бұйымдардың конструкциясы, пісірілетін металдардың механикалық және технологиялық қасиеттерін, дәнекерлердің қасиеттерін, квалитеттер мен кедір-бұдыр параметрлерінің жүйесі (дәлдік кластары және өңдеу тазалығы).

Түсті металдарды қыздырушы
24. Түсті металдарды қыздырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 600 тс дейін күші бар престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамалардың қыздыру процессін жүргізу. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамаларды дайындау және оларды қыздыру пештеріне беру. Жүктеу және көтерме механизмдердің көмегімен құймаметалдар мен дайындамаларды пешке тиеу. Металдың пешке қозғалуын бақылау. Пешті және қолданылатын механизмдерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештердің жұмыс принципі, қолданылатын механизмдерді және құралдарды пайдалану ережесі және қызметінің принципі, түсті металдар мен қорытпаларды қыздырудың негізгі технологиясы, құймаметалдар мен дайындамаларды таңбалау.

25. Түсті металдарды қыздырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарықыздырушының басшылығымен 600 тс дейін күші бар илемді орнақтарға және престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамалардың қыздыру процессін жүргізу. Құймаметалдар мен дайындамаларды пештерден түсіру және оларды илемді орнақтың рольгангына немесе пресстің тиеуші құрылғысына беру. Құймаметалдарды беру және түсіру механизмдеріне қызмет көрсету және оларды отқабыршықтарынан тазалау. Қыздыру пешінің жұмыс режимін бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештердің қолданылатын құралдардың және механизмдердің құрылғысын, оларды пайдалану ережесі, түсті металдар мен қорытпалардың негізгі ерекшеліктерін, әртүрлі түсті металдар мен қорытпаларды қыздыру кезінде пештер жұмыстарының жылу режимі, қолданылатын отынның түрлері мен қасиеттері, слесарлық іс.

26. Түсті металдарды қыздырушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 600 тс дейін күші бар илемді орнақтарға және престерге қызмет көрсететін стационарлық табанды қыздыру пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдар мен дайындамалардың қыздыру процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғарықыздырушының басшылығымен илемді орнаққа қызмет көрсететін айналма табанды сақиналы қыздыру пештерінде және жүру табанды өтпелі қыздыру пештерінде құймаметалдарды қыздыру процессін жүргізу. Пеш аймақтары бойынша жану және берілген жылу режимі процессін реттеу. Металдың біркелкі қызуын және төзімділігін қамтамасыз ету. Пешке бағытталған металдардың біркелкі қозғалуын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін пештерді пайдалану ережелері мен конструктивтік ерекшеліктері, қорытпалар мен температуралық режимдер бойынша құймаметалдарды тиеу жүйелілігі, түсті металдарды және қорытпаларды термиялық өңдеу негіздері, дайындамалардың қимасына қарай пештерде қыздыру режимі, жөндеуден кейін пештерді кептіру және жағу тәсілі,

отынды және оның жылу шығару тәсілін пайдалану жөніндегі нұсқаулық.

27. Түсті металдарды қыздырушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Илемді орнақтарға қызмет көрсететін айналма табанды сақиналы қыздыру пештерінде және жүру табанды өтпелі қыздыру пештерінде құймаметалдарды қыздыру процессін жүргізу. Металды қабылдау, қондыру және беру. Қыздыру пештерінің, аппаратураларының және жылу режимін автоматты басқару, бақылау-өлшеу аспаптарының, салқындату жүйесінің механизмдерінің сақтығын және тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету. Жөндеуден кейін пештерді қабылдауға қатысу. Пештердің және олардың жабдықтары жұмыстарының техникалық құжаттамасын жүргізу.

Білуге тиіс: айналма немесе жүру табандары бар қыздыру пештерінің конструктивтік ерекшеліктері, құрылғысы және оларды пайдалану ережелері, металдарды пештерден қабылдау, қондыру және беру тәртібі, температуралық режимдер, температуралық режимнің бұзылуымен туындаған ақаулардың түрлері, және оларды ескертулердің тәсілдері, отқабыршықтанудың себебі және оны азайтудың тәсілдері, газ-пеш техникасының негіздері.

Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы
28. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары оператордың басшылығымен түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды сымдау, түзету, ажарлау, жонғылау, кесу, құймаметалдарды аралау, кесу және жонғылау, полиграфиялық мырыш табақтарын өңдеу, автоматты және жартылай автоматты желілерде бірлескен жұмсартумен түсті металдардан жасалған сымдарды сымдау. Пульттан тиеу-түсіру жұмыстарын басқару. Гильотинді қайшылардың жұмысын бақылау, оларды жұмысқа дайындау және бұйымның берілген өлшеміне оңдау. Желілерде бұйымдар арасындағы қажетті аралықты қамтамасыз ету. Жеке механизмдеріне, желі агрегаттарына қызмет көрсету. Дайын өнімді түсіру, оларды орау, таңбалау, тасымалдау, салу. Желі тораптары мен механизмдерін оңдауға және жөндеуге қатысу. Қалдықтарды жинау. Желінің қызмет көрсететін учаскесін қарау. Стропаль жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: желі тораптары мен механизмдерін пайдалану ережесі және құрылғысы, түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері, технологиялық жабдықтардың желіге орналасуы, желінің жеке агрегаттарын басқару тәсімі, бұйымдардан, құймаметалдардан және полиграфикалық мырыш табақтардан үстіңгі қабаттың сапасына қойылатын талаптар, бақылау-өлшеу аспаптары мен құрал-саймандарды пайдалану ережесі, өнімді таңбалау ережесі мен тәсілдері, строповканың және жүктерді ауыстырудың ережесі.

29. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды сымдау, түзету, ажарлау, жонғылау, кесу, құймаметалдарды аралау, кесу және жонғылау, полиграфиялық мырыш табақтарын өңдеу, автоматты және жартылай автоматты желілерде бірлескен жұмсартумен түсті металдардан жасалған сымдарға алтын жалату. Біліктілігі жоғары оператордың басшылығымен автоматты және жартылай автоматты желілерде таспаларды бір-екі жақты ажарлау және ажарлау. Желілерді жұмысқа дайындау. Желіні тұтастай және оның жекелеген тораптарының жұмысын бақылау және қадағалау. Бұйымдарды өңдеу режимдерінің параметрлерін реттеу: түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды беру, сымдау, түзету, ажарлау, жонғылау, кесу, құймаметалдарды аралау, кесу және жонғылау, полиграфиялық мырыш табақтарын қышқылға төзімді лакпен және қорғау қабықшасымен жабу, табақтардың майын кетіру, жуу, жонғылау, ажарлау және кептіру механизмдерінің жылдамдығы. Бұйымдарды өңдеу сапасын бақылау және белгілеу. Қызмет көрсетілетін процестің технологиялық режимін реттеу және таңдау. Бұйымдардың берілген параметрлеріне сәйкес технологиялық құрал-сайманды таңдау және орнату. Жекелеген тораптарды, механизмдерді және желі тәсімдерін бір өлшемнен басқасына ауысқан кезде реттеу және оңдау. Қолданылатын материалдарды дайындау. Желі жұмыстарының қалыпты циклі бұзылған кезде агрегаттарды қолмен басқару.

Білуге тиіс: автоматты және жартылай автоматты желілерді пайдаланудың ережесі мен құрылғысы; автоматтау мен блоктаудың жұмыс принципі, желі және оның жекелеген агрегаттары жұмысының технологиялық режимдері, үстіңгі қабаттағы ақаулар мен қателіктердің түрі, олардың пайда болу себептер және ескертудің тәсілдері, түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу технологиясы, қолданылатын материалдардың, жуу құралдарының, майлау-салқындату сұйықтығының, пасталардың түрлері мен физикалық-химиялық қасиеттері, желі жұмысындағы ақаулықтардың себептері мен оларды жою тәсілдері, құрал-саймандарды қайрау, қалыптандыру және ауыстыру ережелері, өңделетін өнімге қойылатын мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттар.

30. Түсті металдарды өңдеу желісінің операторы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды сымдау, түзету, ажарлау, жонғылау, кесу, құймаметалдарды аралау, кесу және жонғылау, полиграфиялық мырыш табақтарын өңдеу, автоматты және жартылай автоматты желілерде бірлескен жұмсартумен түсті металдардан жасалған сымдарды сымдау. Желіні тұтастай және оның жекелеген тораптарының жұмысын оңдау.

Білуге тиіс: автоматты және жартылай автоматты желілердің кинематикалық және электрлік тәсімдері мен басқару тәсімдері, агрегаттардың жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, қолданылатын құрал-саймандардың құрылғысы, түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу режимін анықтамалар мен жабдықтың паспорты бойынша белгілеу ережесі, орындалатын жұмыс шегінде түсті металдар мен қорытпаларды өңдеу теориясының негіздері.

Түсті металдарды жұмсартушы
31. Түсті металдарды жұмсартушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыжұмсартушының басшылығымен созу, электр және жалын пештерінде, электрлік аппараттарда, арнайы қондырғыларда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамалар мен бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу.Табақты фольганы жұмсарту. Құдықтарда біртектестендіру. Металды тие. Жартылай өңделген өнімдерді және дайын бұйымдарды түсіру және орнына қою. Қызмет көрсететін пештерді жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пештердің және қосалқы механизмдердің жұмыс принципі, металдар құрылымындағы өзгерістер туралы негізгі мәліметтер, түсті жұмсартылатын металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар, түсті металдарды термоөңдеу режимі.

32. Түсті металдарды жұмсартушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Созу, электр, жалын пештерінде, электр түйістіргіш аппараттар мен арнайы қондырғыларда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу. Жоғары ваккумдыпештерде, кедергі электр пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу; Біліктілігі анағұрлым жоғарыжұмсартушының басшылығымен әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту, шыңдау, біртектестендіру. Қыздыру және салқындату температурасын реттеу. Термоөңдеудің технологиялық режимін қадағалау және бақылау. Салындының салмағын сақтау. Бақылау - өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін жазу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін пештердің, аппараттардың, қондырғылардың құрылғысы, өлшеу-бақылау аспаптарының қызмет принцип, түсті металдар мен қорытпаларды өңдеудің термиялық негіздері, металды жұмсарту, шыңдау және нормалау бойынша өндірістік нұсқаулық, қыздыру температурасы, салындылардың шамасы және жұмсартудың берілген шарттарына қарай пештегі металдың төзімділігі, өнім ақаулығын ескерту және жою тәсілдері.

33. Түсті металдарды жұмсартушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары ваккумды пештерде, кедергі электр пештерінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды жұмсарту процесін жүргізу; әртүрлі конструкциялы пештерде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамаларды және бұйымдарды жұмсарту, шыңдау, біртектестендіру.

Білуге тиіс: әртүрлі типті жұмсарту пештерінің конструктивтік негіздері, термиялық өңдеудің режимін таңдау ережесі және әртүрлі аспаптарды қолдану ережесі, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды термиялық өңдеудің технологиясы, шығарылатын бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

Орамдықтардың ұршықшысы
34. Орамдықтардың ұршықшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Орау машиналарында бекітіп, ауқымды өлшемге өңдегеннен кейін металдар мен қорытпалардан жасалған дайындамалар мен бұйымдар орамдарын орау. Орау машиналарын оңдау және оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: орау машиналары мен қолданылатын аспаптардың құрылғысы, оларды пайдалану ережелері, түсті металдардың қасиеттері туралы негізгі мәліметтер, көтергіш-тасымалдағыш құралдарды пайдалану ережесі, слесарлық іс.

35. Орамдықтардың ұршықшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Фольгалардың машиналарда қосарлану және екіге айрылу процесін жүргізу. Біркелкі үзіктері бар сапасы мен қалыңдығы бойынша бірдей қосарлану үшін іріктеу. Орамдарды гаспильге құю және оларды гаспильден түсіру. Таспаларды тартуды реттеу. Механизмнің жағдайын және машиналар жүрісінің жылдамдығын қадағалау. Қосарлайтын және екіге айыратын машиналарды оңдау.

Білуге тиіс: әртүрлі типтегі қызмет көрсететін машиналардың, жабдықтардың және құрал-саймандардың құрылғысы; машиналардың жұмыс жылдамдығы, механизмдердің жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою тәсілдері, өңделетін өнім сапасына қойылатын талаптар.

Фольганы тесуші
36. Фольганы тесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Басу және тесу машиналарында орам фольгаларын басу және каширлеу фольганы тесу. Ротпаринт табақтарын жасау. Табақтарды брактау. Айқын оттискі жағу үшін пішімбіліктерді тексеру. Сабынды эмульсия дайындау. Басу машиналарының пішімбіліктерін эмульсиялау. Басу және тесу сапасын бақылау. Басу және тесу машиналарына қызмет көрсету, оңдау, жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін машиналардың, жабдықтардың және қолданылатын аспаптардың құрылғысы, дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, және оны брактау ережесі, тесілген және басылған фольгалардың қасиеті, дайын өнімнің техникалық шарттары, қызмет көрсетілетін машиналардың оңтайлы жылдамдығы.

Бұйымдарды жалатушы
37. Бұйымдарды жалатушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бұйымдардың, құймаметалдардың, слябтардың, темір карталардың және басқалардың үстіңгі бетіне қолмен түрлі түсті металдарды жұқа қабатпен жалату (жағу) процессін жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, жалату үшін қолданылатын материалдар мен қорытпалар және олардың негізгі қасиеттері, жалатудың түрлері, жалатылған қабаттың белгіленген қалыңдығы, материал шығындарының нормалары.

Гидробаспақтарда баспалаушы
38. Гидробаспақтарда баспалаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыбаспалаушының басшылығымен 600 тс дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу. Механизмдерді басқару: бұйымдарды орналастыру, орау, бұйымдарды кесу және оларға 2000 тс артық күшті гидравликалық баспақтарда қызмет көрсету. Өнім сапасын тексеру. Баспаланған өнімді қабылдау. Өнімдерді түзеу, таңбалау, кесу салу. Құбырларды салқын кесу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін баспақтардың қызмет принципі, қосалқы механизмдердің құрылғысы мен пайдалану ережесі, өңделетін түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері, оларды ыстық күйінде пайдалану ережесі, баспалаудың технологиялық процессі, технологиялық құрал-саймандарды ауыстыру тәртібі, слесарлық іс; таңбалау тәсілі, оңдау кезіндегі ақаудың түрлері және оларды ескерту мен жоюдың тәсілдері.

39. Гидробаспақтарда баспалаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 600 тс дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды (әртүрлі өлшемдегі құбырлар, жолақтар мен пішіндерді) баспалау процесін жүргізу. Өзара әрекет ететін механизмді, шығатын желідегі механикаландырылған құрылғыларды, баспақ-қалдығымен қалып ұстағыш төлкелерді қозғалту үшін механизмдерді, бұйымдарды баспақ-қалдықтарынан кесіп тастауды, баспақ-тығырықтарын беруді, 2000 тс дейін күшейткіш гидравликалық баспақтарда контейнерге құюды басқару. Механизмдерді басқару: бұйымдарды орналастыру, орау, бұйымдарды кесу және оларға 2000 тс артық күшті гидравликалық баспақтарда кесу. Баспақтар мен механизмдерді оңдау. Құрал-саймандарды ауыстыру. Қызмет көрсетілетін баспақтар мен қосалқы механизмдердің ақаулықтарын анықтау және жою, жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін баспақтар мен қосалқы механизмдердің құрылғысы, пайдалану ережесі, түсті металдар мен қорытпалардың қасиеттері, өңдеудің температуралық режимдерін; баспалаудың технологиялық процессін, баспаланған өнімге қойылатын талаптар.

40. Гидробаспақтарда баспалаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 600-ден 2000 тс дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда немесе 2000 дейін күшейткішті автоматты баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу. Өзара әрекет ететін звеноларды, механизмді, шығатын желідегі механикаландырылған құрылғыларды, баспақ-қалдығымен қалып ұстағыш төлкелерді қозғалту үшін механизмдерді, бұйымдарды баспақ-қалдықтарынан кесіп тастауды, баспақ-тығырықтарын беруді, 2000 тс дейін күшейткіш гидравликалық баспақтарда контейнерге құюды басқару. Гидробаспақтарды басқару, қызмет көрсету және жөндеуге қатысу, баспақтар мен механизмдерді оңдау. Құрал-саймандарды ауыстыру. Өнім сапасын тексеру.

Білуге тиіс: әртүрлі конструкциялы баспақтардың құрылғысы және оларды пайдалану ережесі, баспақтарды оңдаудың ережесі мен тәсілдері. Гидро баспақтың және сорғы - аккумуляторлық станцияның барлық тораптары мен механизмдерінің өзара әрекет етуі, бұйымдар бойынша белгіленген технологиялық процесс; өлшемдер бойынша белгіленген рұқсаттар, өнімнің ақауын алдын алу түрлері мен тәсілдері, бригаданың барлық мүшелерінің жұмысын қабылдау.

41. Гидробаспақтарда баспалаушы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 2000 тс дейін күшейткішті гидравликалық баспақтарда ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған бұйымдарды баспалау процесін жүргізу. Гидро баспақтарды басқару, қызмет көрсету және оларды жөндеуге қатысу. Құрал-саймандарды ауыстыру. Өнім сапасын тексеру.

Білуге тиіс: баспақтардың конструкциясы, кинематикалық тәсімі және оларды пайдалану ережесі, сорғы-аккумуляторлық станцияның құрылғысын, металды қысыммен өңдеу негіздері, гидравлика, электр техника, механика негіздері, өндірістік-техникалық бағдарлама көлемінде металдардың технологиясы.

Техникалық майларды дайындаушы
42. Техникалық майларды дайындаушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электр пештерде техникалық майларды балқыту және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша оларды қысым ауасымен бүрку процессін жүргізу. Берілген құрам бойынша майларды өлшеу және бүрку камераларына тиеу. Бүркігіштердің жұмысын реттеу. Майлардың дайындығын анықтау және оларды камерадан шығару. Кесек майларды ұсақтау. Майларды тасымалдау. Пышақтарды қайрау. Қола жоңқалармен немесе алюминий бүркігіш майларымен өлшеу. Жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пештердің және қолданылатын аспаптардың құрылғысы, техникалық майларды дайындау үшін қолданылатын материалдар және олардың негізгі қасиеттері, барлық майлардың түрлеріне арналған өлшенділердің өлшемі, мемлекеттік стандарттар мен техникалық шарттарға сәйкес өнімнің маркалары, кесек майларды ұсақтау дәрежесі, майлардың шығын нормалары, өртке қарсы құралдарды пайдалану ережесі.

Ыстық металдарды илектеуші
43. Ыстық металдарды илектеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыилектеушінің басшылығымен әртүрлі типті илекті орнақтарда берілген технология бойынша ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процессін жүргізу. Илекті орнақтың жұмыс кілетіндегі үстелді көтеру және түсіру механизмін басқару. Металл құймаларын білікшелерге беру, дайындамаларды білікшелерден кілеттің артқы жағынан қабылдау және одан әрі илектеу үшін алдыңғы жағына тапсыру. Құймаметалдарды немесе слябтарды қабыршақтардан тазалау және оларды қисайту. Жолақтардың соңын және жиектерін кесу. Металдың орамдарын, табақтарын және жолақтарын түйіншектеу, салу. Қызмет көрсетілетін жабдықтар мен аспаптарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін орнақтардың, аспаптардың құрылғысы, оларды пайдаланудың ережесі, түсті металдар мен қорытпаларды ыстық илектеудің белгіленген режимі, илектелетін құймаметалдардың температурасы, көтергіш механизмдердің басқару тәсімі.

44. Ыстық металдарды илектеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті илекті орнақтарда берілген технология бойынша ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процессін жүргізу. Құймаметалдардың, слябтардың илектеуге дайындығын айқындау. Илекті орнақ білікшелеріне тапсыру үшін құймаметалдарды, жолақтарды, шыбықшаларды бағыттау қабылдау. Шыбықшалардың өлшемін бақылау. Эджерлік кілеттің жұмысын, салқындату және майлау жүйесін реттеу. Жолақтарды гильотинді қайшыларға тасымалдау үшін рольгангамдар мен табақ салушыларды басқару, жолақтардың соңы мен жиектерін кесу. Орнақтарды оңдау және жөндеуге және білікшелерді ауыстыруға қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі қызмет көрсететін орнақтардың, механизмдердің құрылғысы және оларды басқару тәсілдері, өңделетін металдардың және қорытпалардың негізгі қасиеттері, ыстықтай илектеудің технологиясы, орнақтардың май құбырының жүйесі.

45. Ыстық металдарды илектеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Табақты және сұрыпталған орнақтарда технологиялық режимге сәйкес ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процессін жүргізу. 700 мм және одан көп диаметрлі білікшелермен екі білікшелі орнақтарда, үздіксіз көп кілетті төрт- және үш білікшелі орнақтарда, құймаметалдарды тазалау щеткасын, рольгандарды, гильотин қайшыларды, орау машиналарын, табақ салушыларды, бүркігіштерді, тоңазығыштарды және басқа да қосалқы құрылғыларды автоматты және үлестіре басқарумен реверсивті орнақтарда; біліктілігі анағұрлым жоғарыилектеушінің басшылығымен үштік орнақтарында ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардын жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу. Білікшелерді, жылдамдықты және илектеудің бағытын реттеу. Қысу және көтеру механизмдерін басқару. Салқындату және майлау жүйесін, илектеудің белгіленген тәсімін бақылау. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші, орнақтың илегі және жұмысының сапасы бойынша құймаметалдарды қыздырудың температуралық режимін бақылау. Білікшелерді ауыстыру жұмыстарын орындау. Қызмет көрсететін жабдықтарды оңдау және жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін орнақтардың құрылғысы мен конструктивтік негіздері, басқару тәсімі, орнақтар мен білікшелерді пайдалану ережесі, түсті металдар мен қорытпаларды илектеу технологиясы, қыздыру пештерінің, қызмет көрсететін орнақтардың құрылғысы мен жұмыс режимі, орнақ қозғалтқышының негізгі сипаттамасы.

46. Ыстық металдарды илектеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. 700 мм және одан көп диаметрлі білікшелермен екі білікшелі орнақтарда, үздіксіз көп кілетті төрт- және үш білікшелі орнақтарда, құймаметалдарды тазалау щеткасын, рольгандарды, гильотин қайшыларды, орау машиналарын, табақ салушыларды, бүркігіштерді, тоңазығыштарды және басқа да қосалқы құрылғыларды автоматты және үлестіре басқарумен реверсивті орнақтарда; үштік орнақтарында ыстық күйінде түсті металдар мен қорытпалардын жасалған құймаметалдарды, слябтарды, дайындамаларды илектеу процесін жүргізу. Білікшелерді, жылдамдықты және илектеудің бағытын реттеу. Илектеу режимін және илектелетін өнім сапасын бақылау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін орнақтардың кинематикалық және электрлік тәсімі, түсті металдар мен қорытпаларды илектеу кезінде металды қаусыру режимі, илектеу кезінде түсті металдарды илектеудің және деформацияланудың негізгі теориясы, білікшелерді калибрлеудің негіздері, илектеу кезіндегі ақаулардың түрі және себептері.

Сусальдық металдарды кесуші
47. Сусальдық металдарды кесуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Дайын өлшемдерге бағалы металдардан жасалған фольгаларды кесу. Фермдерден жасалған сусальдық металдарды таңдау және оларды кітапшалап салумен берілген өлшемдерге қолмен кесу. Бүрмелерді ауыстыру. Пышақтарды қондыру және бөлу шайбаларын таңдау. Кесу құрал-саймандарын жұмысқа дайындау және оңдау. Фольгаларды және сусальдық металдарды кесу сапасын бақылау. Аспаптар мен құрал-саймандарды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, қол пышақтардың түрлілігі және олардың құрылғылары, бағалы металдардың негізгі қасиеттері, сусальдық металдардың сапасына қойылатын талаптар, сусальдық металдардың және фольгалардың салмағы мен өлшемдері бойынша белгіленген рұқсаттар, бағалы металдар шығынының нормалары.

Құбырды илектеуші
48. Құбырды илектеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарықұбырды илектеушінің басшылығымен біржіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процессін жүргізу. Таптау жаншу-машиналарына дейін құбырларды таптау. Илектеуге дейін және кейін дайындамалардың сапасын айқындау. Білікшелерді орнату және ауыстыру, оларды бұйымдардың берілген өлшемдері бойынша іріктеу. Құбырларды өзекшелерге кигізу және шешу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құбыр илектеу орнақтары мен аспаптар қызметінің принципі, әртүрлі құбыр илектеу жабдығының міндеті, түсті металдардың негізгі қасиеті, дайындамалардың, өзекшелердің, калибрлер мен білікшелердің сапасына қойылатын талаптар.

49. Құбырды илектеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біржіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процессін жүргізу. Илектелетін құбырлардың берілген өлшемдері бойынша құрал-саймандарды орнату және ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықты жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: құбыр илектеу орнақтарының құрылғысы, құбырларды илектеудің жылдамдығы мен негізгі параметрлері, түсті металдар мен қорытпалардың қасиеті, орнақтарды жөндеудің тәсілдері, дайындамалар мен илектелген бұйымдардың сапасына қойылатын талаптар.

50. Құбырды илектеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпжіпті және шығыршықты орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғарықұбырды илектеушінің басшылығымен көпжіпті құбырды илектеу орнақтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу, жұмсарту және кесу, көлденең илектеу орнақтарында құбырларды суықтай илектеу бірлескен процессін жүргізу. Индукциялық пештерге, кіру және шығу жақтарының механизмдеріне қызмет көрсету, құбыр соңдарын бухталық сымдауға дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеуге қатысу. Бір - және екіжіпті құбыр илектеу орнақтарды және қосалқы жабдықтарды оңдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін құрылғылар, илектеудің технологиялық процессі, құбырларды илектеу, жұмсарту және кесу режимдері, орнақтарды оңдау тәсілдері.

51. Құбырды илектеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көпжіпті құбырды илектеу орнақтарында түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу, жұмсарту және кесу, көлденең илектеу орнақтарында құбырларды суықтай илектеу бірлескен процессін жүргізу. Біліктілігі анағұрлым жоғарықұбыр илектеушінің басшылығымен үздіксіз көпкілетті және ұзын жүрісті, тез жүрісті көпжіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды суықтай илектеу процессін жүргізу. Илектелген құбырлардың берілген өлшемі бойынша құрал-саймандар мен индукторларды ауыстыру және орнату. Қызмет көрсететін жабдықты оңдау және жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті құбырды илектеу орнақтарының конструктивті негіздері, басқару тәсімі, түсті металдар мен қорытпалардан жасалған құбырларды илектеу, сымдау және жұмсарту процессінің технологиясы және негізгі теориясы, диаметр, қабырғаның қалыңдығы және қыбырдың ұзындығы бойынша белгіленетін рұқсаттар, орнақ қозғалтқыштарының негізгі сипаттамалары, орнақтарды оңдау тәсілдері.

52. Құбырды илектеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз көпкілетті және ұзын жүрісті, тез жүрісті көпжіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпаларды суықтай илектеу процессін жүргізу. Білікшелерді илектеу, ауыстыру процессін баптау, орнақтарды оңдау.

Білуге тиіс: суықтай деформацияланған құбырларды дайындаудың негізгі технологиясы, әртүрлі типті орнақтарда құбырларды суықтай илектеудің негізгі теориясы және технологиясы, илектелген құбырлардың ақауларын жою түрлері, себептері және шаралары, құрылғысы, пайдаланудың ережелері, құбырларды суықтай илектеу орнақтарының ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

53. Құбырды илектеуші 7-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үздіксіз көпкілетті және ұзын жүрісті, тез жүрісті көпжіпті орнақтарда түсті металдар мен қорытпаларды суықтай илектеу процессін жүргізу. Білікшелерді илектеу, ауыстыру процессін баптау, орнақтарды оңдау.

Білуге тиіс: суықтай деформацияланған құбырларды дайындаудың негізгі технологиясы, әртүрлі типті орнақтарда құбырларды суықтай илектеудің негізгі теориясы және технологиясы, илектелген құбырлардың ақауларын жою түрлері, себептері және шаралары, құрылғысы, пайдаланудың ережелері, құбырларды суықтай илектеу орнақтарының ақаулығының себептері және оларды жою тәсілдері.

Түсті металдарды қырушы
54. Түсті металдарды қырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Маятникті және басқа да шаржыларда құймаметалдарды, жолақтарды қыру. Жолақтарды, табақтарды және таспаларды қолмен қыру. Құймаметалдар, жолақтар, құбырлар, таспалар және табақтардың ақауларын пневматикалық немесе қол кескішпен шабу. Құрал-саймандарды қайрау, қалыптандыру және ауыстыру. Өнімді салу.

Білуге тиіс: қолданылатын шаржылар мен құрал-саймандардың құрылғысы мен міндеті, ақауларды қыру мен шабу тәсілдері, жартылай өңделген өнімнің өңделген үстіңгі бетінің сапасына қойылатын талаптар.

55. Түсті металдарды қырушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Құймаметалдарды, жолақтарды, таспаларды, құбырларды және табақтарды қыру станоктарында қыру. Қызмет көрсететін қыру станоктарын оңдау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысында ақауларды анықтау және жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін қыру станоктарының құрылғысы, бұйымның өңделген үстіңгі бетінің сапасына қойылатын талаптар, түсті металдар мен қорытпалардың негізгі қасиеттері, станоктарды оңдау тәсілі.

«Түсті металдарды өңдеу» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың 1969 және 1975 жылдары шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 4 - бөлімінің 6- қосымшасында келтірілген.

Кәсіптердің, бөлімдердің өзгертілген атауы және олар енгізілген шығарылым нөмірлері көрсетілген БТБА-ның қолданыстағы «Түсті металдарды өңдеу» бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптерінің тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 4 - бөлімінің 7- қосымшасында келтірілген.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет