Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


Қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар



бет7/14
Дата16.06.2016
өлшемі1.42 Mb.
#138545
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар

мен ұнтақ тау-кен өнімдері өндірісі

Қатты қорытпалар және баяу балқитын металдар өндірісінің аппаратшысы




  1. Қатты қорытпалар және баяу балқитын

металдар өндірісінің аппаратшысы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен бастапқы шикізатты және материалды көшіру, тиеу, түсіру, араластыру, елеу, сумен тазалау және қышқылмен өңдеу. Бастапқы шикізат пен материалдардың сапасын бақылау. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау. Қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау, майлау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін химиялық жабдық қызметінің принципі және пайдалану ережесі, бастапқы шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар, оларды тасымалдау ережелері.

2. Қатты қорытпалар және баяу балқитын

металдар өндірісінің аппаратшысы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен еріту, тұндыру, ажырату, сүзу, сілтілеу, шайғындау жолымен қатты металдарды өндіру үшін баяу балқитын металдардың химиялық таза тұздарын, қышқылдарын, тотығын алу процесін және басқа да гидрометаллургиялық тәсілдерді жүргізу.

Бастапқы өңделетін шикізатты және материалды каширлеу, тиеу, түсіру, араластыру, елеу, тазалау, су және қышқылмен өңдеу.

Тұз, қышқыл, сілті ерітінділерін дайындау. Зиянды қоспалардан ерітінділерді дайындау. Әртүрлі қондырғылармен баяу балқитын металдарды дайындау. Ағынды және шайынды суларды құрғату және бейтараптандыру. Баяу металдардың қышқылдарын жуу және құрғату. Ерітінділердің үлесті салмағын, температурасын, қышқылдығын, мөлдірлік және тығыздық деңгейін және басқа да параметрлерді бақылау. Сынамаларды сұрыптау. Жүргізілетін процестердің параметрлерін өлшеу және сапасын бақылау. Қолданылатын материалдар шығысына есеп жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті және қолдану тәсілі, қызмет көрсетілетін учаскеде коммуникация тәсімі мен аппараттардың тізбектері, температураны реттеу тәсілі, шикізаттардың, қышқылдардың, реагенттердің және басқа да қолданылатын материалдардың түрлері мен негізгі қасиеттері, зиянды қоспалардың түрлері, мөлшерлеу есебі, реагенттерді тиеу және өнімдерді түсіру жүйелілігі, материалдардың шығыс нормалары, шығарылатын өнімдердің міндеті мен қолданылуы, бастапқы шикізат пен материалдардың сапасына қойылатын талаптар, жансыз химия мен физика жөнінде негізгі мәліметтер.

3. Қатты қорытпалар және баяу балқитын

металдар өндірісінің аппаратшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Еріту, тұндыру, ажырату, сүзу, сілтілеу, шайғындау жолымен қатты металдарды өндіру үшін баяу балқитын металдардың химиялық таза тұздарын, қышқылдарын, тотығын алу процесін және басқа да гидрометаллургиялық тәсілдерді жүргізу. Өнімді зиянды қоспалардан тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтың жағдайын, технологиялық процестің барысын бақылау және оны реттеу. Технологиялық процестің дұрыс ағымын қамтамасыз ету, сыртқы белгілері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері және талдаулардың деректері бойынша химиялық реакцияның жағдайын және аяқталуын белгілеу. Реакторларды, сілтілеулерді, сүзгі аппараттарын, үйірткілерді, жылытқыштарды, сорғыларды және басқа да жабдықтарды басқару. Қызмет көрсететін аппаратқа шикізат, қышқылдарды, ерітінділерді және басқа да материалдарды тиеу. Ерітінділердің температурасы мен тығыздығын бақылау. Ерітінділердің үлес салмағын және тұнбалардың тұну тығыздығын және сақталуын белгілеу. Күңгірт ерітінділерді қалқымалау. Шикізат пен дайын өнімнің сапасын бақылау. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін әртүрлі аппаратура мен бақылау-өлшеу аспаптарының құрылғысы, орындалатын процестердің физикалық-химиялық және жылу техникалық негіздері, ерітінділердің, пульпалардың, дайын өнімдердің құрамы, шығарылатын өнім сапасына қойылатын талаптар, жансыз химия, физика, жылу техникасының негіздері.

4. Қатты қорытпалар және баяу балқитын

металдар өндірісінің аппаратшысы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қатты қорытпалар өндіру үшін гидрометаллургиялық тәсілдермен паровольфрамат, аммоний молибдатын және басқа да жоғары тазалықты баяу балқыма металдардың қосындысын алу процессін жүргізу. Технологиялық процестің барысын бақылау және оны реттеу. Қайта өңделетін шикізаттың, материалдардың және шығарылатын өнімнің сапасын бақылау. Сыртқы белгілері, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері, талдаулар деректері бойынша реакцияның жағдайы мен аяқталуын белгілеу. Технологиялық процестердің дұрыс ағымын қамтамасыз ету.

Білуге тиіс: әртүрлі типті аппараттардың конструктивті ерекшеліктері, технологиялық операциялардың химиялық реакциялары, режимдік карталар, шикізат, реагенттердің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, технологиялық процестердің ауытқуына және жабдықтың өндірістігіне әсер ететін факторлар, өндірістік шығындарды алдын алу және қысқарту тәсілдері, материал шығындарын есептеу ережесі.

Карбидтеу аппаратшысы
5. Карбидтеу аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары аппаратшының басшылығымен кедергі электр пештерінде вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу. Бұйымдарды, қайықшаларды, оқшандарды пештерге тиеуді және түсіруді дайындау. Пештерді монтаждау және демонтаждауға, ваккумды қондырғыларды герметикалауға, қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды жоюға қатысу. Тиеулерді тапсырыс, маркалары және қалып өлшемдері бойынша қалыптастыру. Шикіқұрамды қайықшалармен немесе оқшандармен толтыру. Температураны, салқындату жүйесінде судың болуы және шығыны, газды реакциялы қоспаларды бақылау. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау. Көтергіш және тасымалдау жабдықтарына қызмет көрсету. Оқшаулау қоспаларын дайындау. Пештерді, отбақыраштарды, тоңазытқыштарды тазалау. Дайын бұйымдарды салқындату. Жұмыс орнын тазалықта ұстау. Стропальдық жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмыс принципі және пайдалану ережесі, баяу балқитын металдар мен оның тотықтарын карбидтеудің және карбидтердің қатты қорытпа бұйымдарға газды тұнудың технологиялық процестері, бақылау-өлшеу аспаптарын және құралдардың міндеті және пайдалану ережесі, бұйымдарды, қайықшаларды немесе оқшандарды тиеу және түсіру әдістері, қондырғыларды герметикалаудың ережесі, оқшаулау қоспасының құрамы, строптаудың ережесі және тасымалдау және көтергіш механизмдерді басқару.

6. Карбидтеу аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен берілген технологиялық режимдер бойынша кедергі электр пештерінде немесе индукциялық жоғары жылдамдықты отбақыраш пештерде сутекті ортада вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу. Қайықшаларды немесе оқшандарды шикіқұраммен пешке тиеу және пештерден дайын өніммен түсіру. Пештерді жарақтандыру және герметикалау. Температураны, ток күшін, кернеуді, салқындату жүйесіне сутектің, азоттың, судың баруын реттеу. Газдың қысымы мен шығындалуын бақылау. Негізгі және қосалқы жабдықтарды басқару. Карбидтеу процессінің аяқталуын айқындау. Аспаптардың көрсеткіштерін жазу. Дайын өнімді есепке алу, басқа техникалық құжаттаманы жүргізу. Пештер мен қосалқы жабдықтардың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою. Қыздырғыштарды ауыстыру. Индукциялық отбақыраш пештерді жөндеу, монтаждау, демонтаждау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылғысын, электр жабдықтардың тәсімі және процестерді автоматтау, металл мен технологиялық газдар арасындағы реакция, шикізат пен газдар шығының нормалары, карбидтердің түрлері және олардың сапасын айқындау тәсілдері, карбидтеу процестерінің технологиялық режимдері, сутек пен азоттың қасиеті және оларды пайдалану ережесі, шикізат пен дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде химия, физика, электротехника негіздері.

7. Карбидтеу аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Индукциялық жоғары жылдамдықты отбақыраш пештерде сутекті ортада вольфрам, титан және басқа да баяу балқитын металдарды және олардың тотықтарын карбидтеу. Температуралы қисық пештердің есебі. Пештерді азотпен тазарту. Пештің жағдайын және оны одан әрі пайдалану жарамдылығын бақылау. Пештің температуралық режимін бақылау, реттеу және түзету. Оптикалық және радиациялық пирометрлердің жұмысын, пештің герметикалығын және газ коммуникациясын, жұмыс алдында және барысында жабдықтың және оның жүйесін және жекелеген тораптардың дұрыстығын тексеру. Карбидтеу процессінің аяқталуын және дайын өнімнің сапасын айқындау. Жоғары жылдамдықты генераторды қосу және жұмысын бақылау. Отбақырашты индукциялы пештерді жөндеу, монтаждау, демонтаждау.

Біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен баяу балқитын металдар карбидтері мен оның тотықтарының қабатын алу және вакуум қондырғыларындың газды реакциялы қоспалардан жасалған қатты қорытпаларға жағу процессін жүргізу. Тиеулерді тапсырыс, маркалары және қалып өлшемдері бойынша қалыптастыруды бақылау. Бұйымдарды қондырғы реакторына тиеу және дайын өнімді түсіру. Реакторды, қыздырғышты орнату және түсіру. Қондырғыларды герметикалау, вакуумдау, салқындату, тазарту. Жұмыс алдында және барысында вакуумды жүйенің герметикалығын және технологиялық газдардың тиісті қысымын орнатуды және реакциялық қоспаны, бақылау-өлшеу аспаптарын, автоматтау және сигнализация құралдарын тексеру. Барлық қызмет көрсететін жабдықтардың техникалық жағдайын тексеру және жұмысқа дайындау. Қондырғы реакторында – реакциялы газды қоспаны және реакциялы қоспаны жасау үшін суды салқындату жүйесіне, компоненттер мен реагенттерді қондырғы буландырғышына апаруды реттеу. Газдың қысымы мен шығынын бақылау. Негізгі және қосалқы аппаратураларды, көтергіш-тасымалдау жабдықтарына, сутекті тазалау қондырғыларына қызмет көрсету және басқару. Процестің технологиялық режимін реттеу және оның аяқталуын айқындау. Вакуум жүйесінде майды ауыстыру. Қызмет көрсететін жабдықтар жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою. Реакторды, вакуум сорғыларын жөндеуге, вакуумдық тығыздауды ауыстыруға қатыс.

Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы және конструктивті ерекшеліктері, қатты қорытпалар өндірісінің негізгі технологиясы, күрделі карбидтер өндірісінің түрлері мен технологиясы, карбидтерге қойылатын техникалық шарттар, температуралы қисық пештерді түсіру әдістемесі, карбидтерді алудың және қатты қорытпалардан жасалған бұйымдарға газофазолық тұнудың технологиялық процессі және режимі, өңделетін бұйымдар қорытпаларының қасиеті мен маркалары, карбидтерді газофазолық тұндыру процессінде пайдаланатын реагенттердің, зиянды компоненттердің қасиеті, олардың жіберілетін шоғырлануы, технологиялық жабдықтардың, сутекті тазалау қондырғыларының және басқа да қосалқы жабдықтардың құрылғысы, сутекті тазалау технологиясы және оның жағу алдында сутектің тазалығын айқындау тәсілдері, дайын өнім ақауының негізгі түрлері және оны түзетудің тәсілдері, жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтардың түрлері, белгілері және оларды жою тәсілдері, қызмет көрсететін жабдықтардың сызбасын оқу, электр-газ-су жабдығының тәсімі, сутекті, метанды, тетрахлоридті және басқа да қолданылатын компоненттерді пайдалану ережесі, өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасының көлемінде химия, физика, электротехника вакуумды техника негіздері.

8. Карбидтеу аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Вакуумды қондырғыларды газды реакциялық қоспадан жасалған қатты қорытпа бұйымдарға баяу балқитын металдар карбидін қабатын алу және жағу. «Қатқақтарды» есептеу. Жабдықтың герметикалық және техникалық жағдайын, технолгиялық режим процессінің сақталуын, оның реттелуін және талдаулардың нәтижесі бойынша түзетуін бақылау. Бақылау және эталонды талдаулардың үлгісі. Реагенттер мен компоненттердің реакциялық газды қоспасына қатынасын есептеу, және оның реактор қондырғыларға беруді реттеу. Бұйымдарды жабусапасын, аспаптар және сыртқы тексеріс бойынша карбидтің басылған қабатының қалыңдығын және құрылымын айқындау. Қызмет көрсететін жабдықты оңдау. Аспаптардың көрсеткіштерін түзету. Температуралық қисықтарды есептеу.қондырғы реакторында тиеу аймағын айқындау. Газ тарату блогында вакуумды тығыздануды, ротаметрлерді ауыстыру, ротаметрлерді баламалау. Реакторлар мен газ тарату блогының жарақтарын монтаждау және демонтаждау. Реакторды, вакуумды сорғыларды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеу. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Апат жағдайларды жою бойынша шаралар қабылдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және сигнализация құралдарының конструкциясын, вакуумды, газды, электрлік, су салқындатқыш жүйелерді, бұйым қорытпаларының маркаларына қарай технологиялық режимдерді, реакциялық қоспа компоненттерінің құрамы мен қатынасын, дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, эксперсс-талдаулар жүргізудің ережесі мен тәртібі, температуралық қисық қондырғыларды есептеу әдістемесі, апат жағдайларды жоюдың шаралары, тәртібі, ротаметрлерді баламалаудың ережелері, қызмет көрсететін жабдықтарды оңдау тәсілі, техникалық құжаттаманы жүргізу ережесі және қызмет көрсететін жабдықтардың мазмұны, физика, химия, электротехника, вакуумды техника, гидравлика негіздері.

Орта арнаулы білім қажет.

Қоспа мен ерітінділерді дайындау аппаратшысы


9. Қоспа мен ерітінділерді дайындау аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бензинде каучук ерітіндісімен қатты қорытпа қоспасын дайындау процессін жүргізу. Бензинде каучук және суда декстрин ерітіндісін дайындау. Каучук пен бензинді реакторға тиеу. Қоспаларды араластыру, кептіру шкафтарына тиеу, оларды кезеңмен араластыру. Кептірілген қоспаны қопсыту, елекпен елеу, үйкелеу және баспалау учаскесіне тапсыру. Реакторларға, қоспалауыштарға, кептіру шкафтарына, електерге, үйкелеу машиналарына және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Діріл електерінде торларды ауыстыру. Жүгірткіштерде қалып салмақтарын дайындау. Ерітінділерді сүзу және олармен тараларды толтыру. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау. Жабдықты және жұмыс орнын тазалықта ұстау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтар мен механизмдердің құрылғысы, қоспалар мен ерітінділерді дайындаудың технологиялық процессі, қоспалардың, қалып салмақтарының рецептурасын және химиялық-физикалық қасиеттерін, қоспаларды араластыру және кептіру режимі, бақылау-өлшеу аспаптарының, құрал-саймандардың және құралдардың міндеті және қолдану ережесі, шикізат, материалдардың, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптар, шығарылатын өнімнің міндеті және қолданылуы.


10. Қоспа мен ерітінділерді дайындау аппаратшысы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын алу процессін жүргізуге қатысу. Пульпаларды дайындау, оларды қондырғылардың қабылдау құрылғысына тиеу. Көтергіш және көлікті механизмдерді басқару. Қондырғылардың жекелеген тораптарының жұмысындағы ақауларды жоюға қатысу. Тозаңдату камерасын, тасымалдау ыдыстарын, қондырғы тораптарын жуу.

Білуге тиіс: қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын дайындаудың технологиялық процестерінің маңызы, қызмет көрсетілетін қондырғылардың және оның жекелеген тораптарының қызмет принципі, сумен жабдықтау жүйесі, строптау ережесі және көтергіш әрі тасымалдау механизмдерін басқару, пульпаның рецептурасын және химиялық-физикалық қасиеттерін, жабдықтарды жуу және тазалау тәсілдері, тозаңдату камераларын жууға және тазалауға қойылатын талаптар, қолданылатын жуғыш заттар.

11. Қоспа мен ерітінділерді дайындау аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын алу процессін жүргізуге қатысу. Қондырғының жұмысқа дайындығы, азоттың айналу жүйесін тексеру. Пластифицирленген қатты қорытпа пульпаларын тозаңдату камерасына беру. Бастапқы пульпаның жағдайын бақылау, ж:т қатынастарын айқындау және оның тұтқырлығын түзету. Теледидар камерасы арқылы және бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша тозаңдату камерасында технологиялық процесс барысын бақылау. Қондырғы жұмысын басқару пультінен және тікелей қондырғыдан тозаңдату камерасы ішіндегі жіберілетін оттектің құрамын, энергетикалық қондырғылардың жұмысын, бақылау-өлшеу аппаратурасын бақылау. Тозаңдатқыш қондырғылардың параметрлерін таңдау. Сынамаларды іріктеу. Скрубберлерге, циклондарға, май жылытқыштарға, газ қыздырғыштарға, жабдықтарға салқындату жүйелеріне және басқа да қондырғы тораптарына қызмет көрсету. Қондырғыны профилактикалық тексеру, қондырғының жеке тораптарының жұмысында ақаулықтарды орнату, жою және оларды жөндеуге қатысу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика мен сигнализацияның құрылғысы, қондырғыны азотпен, спиртпен, сумен, электр энергиясымен жабдықтау тәсімі, пневматикалық тәсім, пластифицирленген түйіршіктелген қатты қорытпа қоспаларын дайындау технологиясы, қолданылатын шикізат, материалдардың және дайын өнімнің физикалық-химиялық қасиеттерінің негіздері, технологиялық режимнің берілген параметрлері, шикізат пен дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, азотпен қондырылған әрлеп тазартулардың тәртібі мен ережесі, тозаңдату камерасының ішінде оттектің жіберілетін құрамы, сынамаларды іріктеу ережесі, қызмет көрсетілетін жабдықтардың сызбасы, жарылысы қауіпті ерітінділерді және газды қоспаларды пайдалану ережесі, жабдықты қосу және тоқтату тәртібі, өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде химия, физика, вакуумды техника, электротехника, механика негіздері, орындалатын жұмыс көлемінде слесарлық іс, апат жағдайды жою әдістері.

12. Қоспа мен ерітінділерді дайындау аппаратшысы 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тұйық циклде жұмыс істейтін қондырғыларда қопсыту, кептіру және пульпаларды түйіршіктеу әдісімен пластифицирленген түйіршектелген қатты қорытпалар қоспасын алу процессін жүргізуге қатысу. Түйіршіктелген құрамға дайын өнімге жүргізілген эксперсс-талдау сапасының нәтижелері бойынша технологиялық режимдердің параметрлерін түзету. Қызмет көрсетілетін қондырғылар жұмысының технологиялық режимдерінің сақталуын бақылау. Дайын өнімнің сапасын айқындау үшін эксперсс-анализдер жүргізу. Қондырғыларды жөндеу, оны оңдау және жөндеуден кейін жекелеген тораптарын оңдау. Апат жағдайларды алдын алу бойынша шаралар қабылдау. Дайын өнімді есепке алу.

Білуге тиіс: қондырғылардың және оның жекелеген тораптарының конструктивті ерекшеліктері, бақылау-өлшеу аспаптарын баламалау тәсілдері, эксперсс-талдауларды жүргізу ережесі мен олардың параметрлері бойынша технологиялық режимдерді түзету, жоғары сапалы пластифицирленген түйіршіктелген қатты қортпалы қоспаларды алудың оңтайлы режимін іздеу жүйесі, қондырғының қалыпты жұмысының бұзылу және оның жекелеген тораптарының істен шығу себебі, оларды жою тәсілдері және жабдықтарды оңдау, апат жағдайларды алдын алу шаралары, тәртібі, материалдар мен шикізаттардың шығыс нормалары.

Орта арнаулы білім қажет.

Молибденді қалдықтардың тотықтыру аппаратшысы


13. Молибденді қалдықтардың тотықтыру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газды арнайы пештерде молибденді ангидридтерді алу үшін молибденді өндірістің қалдықтарының тотығу процессін жүргізу. Пештерді жағу. Тотықтыру, қоспалауыштардың процессін реттеу. Тотықтыру кезінде қалдықтарды араластыру. Қорытылған түсіру. Молибденнің сублимирленген үштік тотығын араластыру, ылғалдау, түсіру. Қалдықтарды пешке салар алдында сұрыптау.

Білуге тиіс: молибденді қалдықтарды тотықтыру үшін пештердің, газдарды пешке беру жүйесінің, молибденнің сублимирленген үштік тотығын түсіру жүйесінің, желдеткіш жүйесінің, араластырғыштың құрылғысы, молибденді ангидридті алудың технологиялық процессін, молибденнің және оның тотықтарының қасиеті.

Қалпына келтіру аппаратшысы
14. Қалпына келтіру аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен үшке дейін қыздыру аймағымен электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процессін жүргізу. Қалпына келтірілген металды өңдеу. Металл натрийінің қалдықтарын жағу. Металл натрийі бар тұздардың жоғарғы қабатын өңдеу. Шикізатты орталау, оларды қайықшаларға мөлшерлеу. Ұнтақтарды елеу. Металдарды сыртқы белгілері бойынша сұрыптау және механикалық қоспалар мен үстіңгі тотықтардан тазарту. Араластырғыштарға, мөлшерлеу бункерлеріне, автоматты таразыларға, діріл електеріне, сүзгілерге және басқа да қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету. Шикізат пен дайын өнімді тасымалдау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылғысы, бақылау-өлшеу аспаптарының міндеті мен қолдану ережесі, олардың көрсеткіштерін пайдалану ережесі, баяу балқитын металдар мен оның қорытпаларының тотықтарын, қышқылдарын, тұздарын қалпына келтіру процессінің маңызы, қалпына келтіру процессінде қолданылатын шикізат пен материалдардың қасиеті, газды пайдалану ережесі, автоматты таразыларды және көтергіш-тасымалдау механизмдерін пайдалану ережесі.

15. Қалпына келтіру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген технологиялық режимдерге және олардың параметрлерін реттеуге сәйкес электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процессін жүргізу, сондай-ақ біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен үштен жоғары қыздыру аймағымен электр пештерде қызмет көрсету. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші және дайын өнімнің сапасы бойынша пештік температуралық режимін және қалпына келтірудің технологиялық процестерін бақылау. Сынамаларды іріктеу. Пешті басқару пультына қызмет көрсету, оның герметикалығын тексеру. Пештерді қосу және сөндіру алдында пешті және регенерациялық жүйені азотпен тазарту. Қайықшаларды пештерге тиеу және дайын өнімді түсіру. Қалпына келтіру пештеріне, сутек регенерациясы мен басқа жабдықтардың қондырғыларына қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қалпына келтіру пештерінің құрылғысы және сутек регенерациясының қондырғысы, қайықшаларды тиеу-түсірудің пневматикалық тәсімдері, сутекті пештерге және суды - тоңазытқыш пен гидрожапқыштарға келтіру жүйесі, шикіқұрамның құрамы, әртүрлі қалпына келтіргіштермен қалпына келтірудің технологиялық процессі, қалпына келтіру процессінің режимін температура және қайықшалардың қозғалу уақыты бойынша реттеу, қайықшаларды тиеу және түсіруді тәртібі мен режимдері, ақаулардың түрлері және оның алдын алу мен жоюдың тәсілдері, шикізат пен дайын өнім сапасына қойылатын талаптар, техникалық құжаттаманы рәсімдеу ережесі, өндірістік-техникалық даярлау бағдарламасы көлемінде физика, химия, электротехника негіздері.

16. Қалпына келтіру аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үштен жоғары қыздыру аймағымен электр пештерде баяу балқитын металдар мен қорытпалардың тотығын, қышқылын, тұздарын қалпына келтіру процессін жүргізу. Талдау деректері бойынша технологиялық режимнің параметрлерін түзету. Қалпына келтірудің технологиялық процесінің барысын, пештің температуралық режимін, сутек пен азоттың шығынын және қысымын; газүрлегіштердің жағдайын және жұмысын бақылау. Барлық жүйенің су және газ теңгерілімнің шығысына гидрожапқыштарды реттеу. Металды қалпына келтіру дәрежесін және сыртқы түрі бойынша барлық өңдеу сатысында қолданылатын материалдар мен жартылай дайын өнімнің сапасын белгілеу. Дайын өнімді тексеру, оған есеп жүргізу және таңбалау. Алынатын шикізат пен дайын өнімді өлшеуді бақылау. Қызмет көрсетілетін жабдықты ағымда жөндеу.

Білуге тиіс: қалпына келтіру пештерінің әртүрлі типінің конструкциясы, регенерационды жүйенің, газүрлегіш машиналардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және сигнализация құралдарының құрылғысы, қалпына келтіру процессінің физикалық-химиялық негіздері және оның тәсілдері, сутекті регенерациялау процессінің негізі, газ теңгерілімін реттеу тәсілі, сыртқы түрі бойынша металдарды қалпына келтіру дәрежесін және дайын өнімнің сапасын белгілеу әдістері, пештердің және басқа да жабдықтардың жұмысындағы ақаулық себептері, оны жою әдістері.

Танталды электр химиялық өндіру аппаратшысы
17. Танталды электр химиялық өндіру аппаратшысы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Материалдарды электролиздеуге және жабдықты жұмысқа дайындау. Фторлы және хлорлы тұздарды кептіру және шаншу. Электролиттің қайтармасын ұсақтау. Танталдың бес тотығын және ниобийді ілу және кептіру.

Білуге тиіс: электрлі кептіргіш шкафтарды және шаншу пештерінің міндеті, құрылғысы, шикіқұрамның құрамы мен оның компоненттерінің қасиеті, электролизді және вакуумды-термиялық қондырғыларына қызмет көрсету ережесі, бақылау-өлшеу аспаптарын және техникалық таразыларды пайдалану ережесі және жұмыс принципі.

18. Танталды электр химиялық өндіру аппаратшысы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Танталды, ниобий мен қорытпаларды электролиздеу процессін жүргізу; біліктілігі анағұрлым жоғарыаппаратшының басшылығымен электролиздің қондырғыларындағы катодты шөгінділерді тазарту және вакуумды-термиялық тазалау. Электрлі кептіргіш шкафтарға, шаншу пештеріне, электролизді және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларына қызмет көрсету. Компоненттерді дайындау, электролитті құрастыру және танталды электролиздеу үшін бес тотықты ниобийді мөлшерлеу. Вакуммуды-термиялық тазалау қондырғыларында танталды ұнтақтарды және катодты шөгінділерді ылғалдау және газсыздандыру. Вакуумды-термиялық тазалаудан кейін отбақыраштардан катодты шөгінділерді түсіру және оны одан әрі өңдеуге жіберу. Пайдаланылған электролитті түсіру және өндіріске қайтару. Белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: электролиз және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларының құрылғысы мен міндеті, электроэнергияны, қысылған ауаны, аргонды және сутекті қондырғыларға келтіру құрылғысы және тәсімі, физикалық-химиялық негіздер және электролиздеу, тұздан ажырату, газсыздандыру режимі, электролиттің құрамы, шикізатты құрастырушы компоненттердің қасиеті және оның процеске әсері, танталдың, ниобийдің, қорытпалардың негізгі қасиеттері және қолданылуы, ақаулардың түрлері және оны жоюдың тәсілдері.

19. Танталды электр химиялық өндіру аппаратшысы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Электролиз және вакуумлы-термиялық тазалау қондырғыларында танталды, ниобий мен қорытпаларды электролиздеу, катодтық шөгінділерден тазалау. Электролитті конденсаторлар және электр пештердегі катодтық шөгінділер үшін тантал мен жоғары таза қорытпалардың ұнтақтарын ылғалдау және газсыздандыру. Танталды электр тазарту. Қорытпаларды дайындау үшін бес тотықты ниобий қоспаларын құрастыру. Электр пештеріне, сорғыларға, вакуумды жүйелерге, сутекті тазалау және кептіру жүйелеріне қызмет көрсету. Алынатын металдың сапасын белгілеу. Белгілі түйіршікті ұнтақтарды алу мақсатында электролиз процессінің режимін реттеу. Электр пештердің және басқа да қызмет көрсететін жабдықтардың жағдайын және пайдалануды бақылау. Жабдықтардың жұмыс көрсеткіштерін есепке алу.

Білуге тиіс: электролиз және вакуумды-термиялық тазалау қондырғыларының конструктивтік ерекшеліктері, сутекті тазалау және кептіру жүйесінің жұмыс принципі, танталдан бұйымдар жасау үшін тазалықтың маңызы, электролитті конденсаторлар үшін танталдың ұнтағына және жоғары таза қорытпаларға қойылатын техникалық талаптар, тантал мен қорытпалардың қалдықтарын өңдеу технологиясы.

Баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерін дайындаушы
20. Баяу балқитын металдардың химиялық

жартылай дайын өнімдерін дайындаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Баяу балқитын металдардың химиялық жартылай дайын өнімдерді дайындау. Вольфрам мен молибден тотықтарын елеу, тарту. Молибденді, молибдат аммонийді кептіру және өндіріс қалдықтарын шаншу. Вольфрамды қышқылдарды еріту және тазалау. Ерітінділерді толтыру, сүзу және булау. Электрлі кептіргіш шкафтарды және пештерді, диірмендерді, араластырушыларды тиеу және түсіру. Пештердің және кептіргіш шкафтардың температурасын өлшеу. Вольфрамды ангидридті алу, сіңіру, араластыру және елеу.

Білуге тиіс: вольфрамды ангидридті алу үшін химиялық жабдықтардың және пештердің қызметінің принципі, қолданылатын материалдардың элементар химиялық қасиеті, бақылау-өлшеу аспаптарын қолдану міндеті және ережесі, пештерде және кептіргіш шкафтарда температураны реттеу және өлшеу тәсілдері, дистилляторға және бу қазандықтарына буды берді реттеу тәсілдері.

21. Баяу балқитын металдардың химиялық

жартылай дайын өнімдерін дайындаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі жапсырма және тантал ұнтақтарымен вольфрамды және молибденді тотықтарды, ангидридтерді алу. Химиялық таза тұздардан және газ тәрізді аммиактардан жапсырмалар мен әртүрлі ерітінділер дайындау. Ангидридтерді химиялық таза тұздардың әртүрлі ерітінділерін сіңіру, араластыру және елеу. Су және қышқылдық өңдеу, танталды ұнтақтарды кептіру, тарту, елеу. Материалдар мен өнімді сыртқы түрі бойынша белгілеу. Ареометрдің көмегімен әртүрлі ерітінділердің үлес салмағын белгілеу. Радиоактивті заттармен жұмыс жасау.

Білуге тиіс: вольфрамның, молибденнің, танталдың, қорытпалардың олардың негізінде және оларды өндіру кезінде қолданылатын барлық химикаттардың химиялық қасиеті, сорты және маркасы, вольфрамды ангидрид алу үшін химиялық жабдықтардың және пештердің құрылғысы, тантал ұнтағын алу технологиясы, оның өңдеу және баспалауға дайындау, металдық тантал қалдықтарын өңдеу және қалпына келтіру процессінен келіп түсетін қалдықтардан фторлы тантал алу технологиясы, бастапқы материалдар мен алынатын жартылай дайын өнімдерге қойылатын талаптар.

22. Баяу балқитын металдардың химиялық

жартылай дайын өнімдерін дайындаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сирек және радиоактивті металдармен вольфрам қорытпаларын дайындау үшін жоғары таза тантал ұнтақтарын және қоспаларды алу. Ұнтақтарды тарту, елеу, араластыру, елеу, ылғалдау. Ұнтақтардың қоспасын баспалауға дайындау. Қоспалар мен компоненттерді құрамын талдау үшін ұнтақтар мен штабиктердің сынамаларын іріктеу. Сыртқы түрі және химиялық талдау бойынша шикізат, жартылай дайын өнімнің және дайын өнімнің сапасын белгілеу.

Білуге тиіс: сирек радиоактивті металлдар бар қорытпаларды алу үшін жабдықтар мен пештердің құрылғысы, вольфрам, тантал, ниобий қорытпаларын алу, оларды өңдеу және баспалауға дайындау технологиясы, аса таза металдар алу үшін тұздарды тазалау технологиясы.

Сормайттың шыбықтарын өңдеуші
23. Сормайттың шыбықтарын өңдеуші 1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пішімбілікті барабандарда сормайттың шыбықтарын механикалық өңдеу, оларды өңдеуден кейін тиеу және түсіру. Шыбықтардың сынамаларын іріктеу және оларды өңдеу сапасын белгілеу. Зімпаралы таста шыбықтардың аяғын қайрау. Шыбықтарды оларды балқыту нөмірін көрсетіп байлау. Пішімбілікті барабандарға қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пішімбілікті барабандардың құрылғысы, өңдеу ұзақтығы және сормайт шыбықтарын өңдеу сапасына қойылатын талаптар.

Қатты қорытпа бұйымдарды өңдеуші
24. Қатты қорытпа бұйымдарды өңдеуші 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жентектеуден кейін құрғақ тәсілмен, қолмен түрпілеу және кесу құрал-саймандарымен қатты қорытпа бұйымдарды және ұнтақ металлургиясының бұйымдарын тазалау. Қатты қорытпалы шикізат бұйымдарының жоғарғы бетінен /, жарықшаларды, қылаулар мен лайларды жою. Торы үшкір жүзімен фаскаларды орнату. Жентектеуден кейін ұнтақты металлургия бұйымдарының пакетін аршу. Металды төсем шығыршықтары мен бұйымдардан қызуды тазалау. Бұйымдарды таңбалау және оны тараларға салу, сөрелерге орнату. Қалдықтарды жинау және сұрыптау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың құрылғысы, бұйымның сапасына қойылатын талаптар, бұйымдардың ақауларын жою тәсілдері, бақылау-өлшеу құрал-саймандарын пайдалану ережелері.

25. Қатты қорытпа бұйымдарды өңдеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шалыстықты, үгітінділерді, жарықшаларды жою қайрау станоктарында құрғақ тәсілмен қатты қорытпаларға фаскаларды орнату. Металл кесуші станоктарда өлшем ақауын түзету. Құрал-сайманды бұйымдардың әртүрлі қалыптары үшін құралдарды, ұстағыштарды дайындау. Станоктарда ажарлау шеңберін ауыстыру. өнімді қабылдау және тапсыру. Қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті станоктардың қондырғысы, қорытпалардың маркалары, стандартты бұйымдардың қалыптары, бақылау-өлшеу құрал-саймандарын пайдалану ережесі.


Темірді қалпына келтіретін және темір ұнтақтарды жұмсартатын пешші
26. Темірді қалпына келтіретін және

темір ұнтақтарды жұмсартатын пешші 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен әртүрлі конструкциялы электрлі және газ пештерінде темір ұнтақтарды жұмсарту процессін жүргізу. Пештің температуралық режимін және пештен дайын өнімнің шығуын бақылау. Сынамаларды іріктеу. Пешті пайдалану және темір ұнтақтардың графикасы бойынша ережелерді сақтау.

Білуге тиіс: жұмсарту пештері жұмысының принципі, темір ұнтақтарды жұмсарту процессінің негізі, ұнтақтардың, қалпына келтіру және инертті газдардың сапасына қойылатын талаптар, газ коммуникациясының тәсімі және газды пайдалану ережесі, белгіленген сигнализация.

27. Темірді қалпына келтіретін және

темір ұнтақтарды жұмсартатын пешші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Темір ұнтақтарды өздігінен жұмсарту және біліктілігі анағұрлым жоғары пешшінің басшылығымен әртүрлі конструкциялы электрлі және газ пештерінде технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес темір тотықтарын қалпына келтіру жолымен кеуек темірді алу процессін жүргізу. Пештердің материалдармен, қалпына келтіру және инертті газдармен қоректелуін, айналма пештердің орталық құбырларын жұмсарту және айналу жылдамдығы процессінің қарқындылығын реттеу. Пештерге, тоңазытқыштарға және басқа да жабдықтарға қызмет көрсету, оларды жөндеуге қатысу. Пештерді туннель вагондарымен, капсельдермен, табандықтармен, кюбельдермен тиеу және пештерден кеуек темірлерді түсіру. Пайдалану пештерінің ережесін, қалпына келтіру режимдері мен кестесін сақтау. Жабдықтың жұмыс көрсеткіштерін жазу және шығарылатын өнімге есеп жүргізу.

Білуге тиіс: жұмсарту және қалпына келтіру пештерінің, бақылау-өлшеу аппаратурасы мен пеш автоматикасының құрылғысы және режимі, темір ұнтақтарды жұмсартудың технологиялық процесі, темір тотықтарын әртүрлі қалпына келтіргіштермен қалпына келтіру процесінің негіздері, шикіқұрамның құрамы, темір тотықтары мен кеуекті темірдің сапасына қойылатын талаптар, жұмсарту процестерін реттеу тәртібі және тәсілдері, өнім ақауларының алдын алу және жою, дабыл қағу жүйесін.

28. Темірді қалпына келтіретін және

темір ұнтақтарын жұмсартатын пешші 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиялық және өндірістік нұсқаулықтарға сәйкес сағатына 2 т-ға дейін өндіретін темірді тікелей қалпына келтіретін газ және электр пештерінде темір тотықтарын қалпына келтіру жолымен кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесін жүргізу. Балқыту, шикізат және отынның жұмсалуын, пештің жабдығы мен футерлеу жағдайын, бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін қадағалау. Пештің жұмысы журналын жүргізу. Технологиялық процестің температуралық және газ режимін, газдың, ауаның қысымын реттеу. Пешті басқару пультіне қызмет көрсету. Пештің герметикалығын тексеру. Газдың кемуін жою. Пешті жөндеу. Жөндеуден кейін пеш пен тетіктерді қабылдап алуға қатысу.

Білуге тиіс: кинематикалық тәсімдерді, техникалық пайдалану ережесін және қалпына келтіру, газ және су коммуникацияларының жұмыс режимін, кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесін, алынатын жартылай өнімнің химиялық құрамы мен қасиетін, материалдардың жұмсалу нормасын, пештердің өнімділігін арттыру және шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту тәсілдерін.

29. Темірді қалпына келтіретін және

темір ұнтақтарын жұмсартатын пешші 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Сағатына 2 т-ға дейін және одан да көп өндіретін пештерде темірді тікелей қалпына келтіретін кричті және кеуек темір алудың технологиялық процесін жүргізу. Талдау немесе бақылау өлшеу нәтижелері бойынша өнімнің сапасын айқындау. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Төмендеу білікті пешшілерді басқару.

Білуге тиіс: пеш құрылымдарын, сумен және газбен жабдықтау тәсімдерін, дайын өнімнің сапасына қойылатын талаптарды, жабдықтың қатардан шығып қалуының себептері мен оларды жою тәсілдерін.

Орта арнайы білім талап етіледі.

Қатты қорытпаларды нығыздаушы


30. Қатты қорытпаларды нығыздаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қатты қорытпалар қоспаларынан және қатты қорытпалы металлдардың ұнтақтары мен олардың қорытпаларынан жасалған бұйымдарын, сондай-ақ сирек және радибелсенді металлдардың қоспаларынан жасалған бұйымдарды, барлық маркалар мен композициялардың байланыстарын, гидравликалық нығыздағыштар мен автомат нығыздағыштарда жасанды алмастарды өндіруге арналған контейнерлерді суықтай және ыстықтай нығыздау процесін жүргізу. Нығыздағыштар, автоматты қалағыштардың жұмысын бақылау. Нығыздағыштар мен нығыздағыш режимінің берілген қысымын қадағалау. Автомат нығыздағышты бағдарламалық басқаруға қызмет көрсету. Нығыздағыш формалардың жиынтығын, қоспаларды, шектеулерді және аспаптардың ілмектерін іріктеу. Нығыздағыш формаларға немесе нығыздағыштың арнайы бункерлеріне қоспаларды өлшеу, тиеу. Нығыздағыш қысымын реттеу. Нығыздалған бұйымдардың мөлшерін және салмағын кезең-кезеңімен бақылау. Нығыздалған бұйымдарды нығыздағыштардан алу және оларды ыдыстарға салу. Пуансондарды тазалау, түзету, ауыстыру және оларды жөндеуге қатысу. Механикалық эксцентрикті нығыздағышта құрыш түтіктерді алдын-ала шынықтырып, тазартып және майсыздандырып қысу. Құйылған карбидтерді түтіктерге құю және оларды дірілді станокта тығыздау. Түтікті рэлитті даярлау, түтіктерді таңбалау. Шығарылатын өнімді есептеу. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысында ұсақ ақаулықтарды анықтау және жою. Нығыздағыш тетіктерін жөндеу. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Шикізат, материалдар, даяр өнімді тасымалдау. Көтергіш-көлік жабдығын басқару. Жұмыс орнын жинастыру.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысын және пайдалану ережесін, орындалатын жұмыстың технологиялық процесін, нығыздаудың қарапайым теориясын, қоспалар қорытпаларының маркаларын, шығарылатын өнімнің түрлерін, шикізаттың, материалдың жұмсалу нормаларын, шығарылатын өнімнің және қолданылатын шикізат пен аспаптардың мөлшеріне, сапасына қойылатын талаптарды, бақылау-өлшеу аспаптарын, айлабұйымдарды және басқа да аспаптарды пайдалану ережесін, ақаулықтардың түрлерін және олардың алдын-алу және жою тәсілдерін, нығыздағыш тетіктерін жөндеу тәсілдерін, түтікті рэлит дайындау және түтіктерді таңбалау тәсілдерін, дабыл қағу және көтергіш-көлік жабдығын басқару ережесін.

31. Қатты қорытпаларды нығыздаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Баяу балқитын металлдардың арнайы балқымалардан ыстық күйінде созылыңқы нығыздағыштарда жасалған қабырғалары жұқа түтіктерді немесе басқа да бұйымдарды қайта тереңдетіп тарту процессін жүргізу. Қоспаларды нығыздағыш бункерге тиеу. Баяу балқитын металдарды және қорытпалардан жасалған штабиктерді, пластиналарды және брикеттерді бір уақытта жентектеу арқылы нығыздау процесін жүргізу. Жентектеу температурасын, қысымды және нығыздау жылдамдығын реттеу. Нығыздау (тарту) процесінің аяқталу уақытын анықтау. Нығыздау құралдарын ауыстыру. Бұйымдардың мөлшері мен олардың сапасын бақылау. Нығыздағыштың жұмысындағы ақаулықтарды жөндеу, анықтау және жою.

Білуге тиіс: баяу балқитын қорытпалардан жасалған жұқа қабырғалы түтіктерді тартудың технологиялық процесін, әртүрлі маркалардағы қорытпалардың түрлері, міндеті және негізгі қасиеттерін, стандартты бұйымдардың нысандарын, бұйымдардың ақаулықтарының пайда болу себептері мен олардың алдын-алу және жою тәсілдерін.

32. Қатты қорытпаларды нығыздаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Пластифицирленген қатты қорытпалардан гидравликалық нығыздағыштарда алынатын мундштуктілі әртүрлі бейіндегі жұқа қабырғалы түтіктер мен өзекшелерді нығыздау процесін жүргізу. Нығыздағышты жұмыстың тапсырылған режиміне келтіру. Қатты пластифицирленген қорытпаның брикетін нығыздағыштың жұмыс камерасына салу. Нығыздағыш аспапты (мундштук) ауыстыру. Нығыздағыштың жұмысын қадағалау және нығыздағыш қысымы мен жылдамдығын реттеу. Нығыз қалдықтан бұйымдарды кесіп тастау. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдаланып бұйымдардың мөлшерін және олардың сапасын кезең-кезеңімен бақылау. Реактордағы пластификаторды және араластырғыштағы пластифицирленген қорытпаны әзірлеу. Гидравликалық пресстердегі қорытпалардан жасалған брикеттерді нығыздау. Пресстерге, араластырғыштарға, реакторларға, кептіру шкафтарына, көлік құралдарына қызмет көрсету. Қызмет көрсетілетін жабдықты жөндеу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтың құрылғысы мен пайдалану ережесі, пластификатор және оның құрамдас бөліктерінің құрамы және қасиеті, шығарылатын өнімнің түрлері, пластифицирленген қатты қорытпалардың маркалары мен оларды даярлау тәсілдері, жұқа қабырғалы түтіктер мен өзекшелерді нығыздау технологиясы, бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысы және пайдалану ережесі, қызмет көрсетілетін технологиялық жабдықты жөндеу және ретке келтіру тәсілдері мен тәртібі, даяр өнімнің, жартылай фабрикаттар мен шикізаттардың техникалық шарттары мен сапасына қойылатын талаптары, өндірістік-техникалық оқыту бағдарламасы көлемінде химия, физика, электротехника, вакуумды техника, гидравлика негіздері.

Пакеттерді құрастырушы
33. Пакеттерді құрастырушы 2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жентектеуге арналған тәптіштерді айналатын үстелге орнатылған түптегі пакеттерге құрастыру. Болат даярламаларды құрастыруға даярлау: бетін тазарту, майсыздандыру және ауада кептіру. Даярламаларды шалыстыққа тексеру. Болат каркастарды ұнтақпен тозаңдандыру. Нығыздалған бұйымдарды тозаңдандырылған каркастарға қалау. Төсем қағазды әзірлеу. Пакеттерді жентектеуге беру.

Білуге тиіс: даярламалардың техникалық шарттары мен сапасына қойылатын талаптар, қолданылатын ұнтақтардың міндеті және оларды пайдалану ережесі, әртүрлі бұйымдарды құрастыру кезектілігі, түптің құрылғысы, графитті, отқа төзімді сырды, қағазды және басқа да бөлетін материалдарды құрастырғанда қолданылатын тәсілдері және олардың міндеті.

Баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды дәнекерлеуші
34. Баяу балқитын металдардан жасалған

бұйымдарды дәнекерлеуші 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Қаттамалар мен вольфрамнан, молибденнен және басқа да баяу балқитын металдардан жасалған, сондай-ақ, сирек және радиоактивті материалдар қосылған басқа да бұйымдарды пісіру аппараттарында пісіру және жұмсарту. Түрлі құрылымдағы мен маркадағы аппараттарды реттеу, ұсақ жөндеу және тазалау. Газ бен судың икемді иінділерін бөлшектеу және пісіру аппараттарына құрастыру. Аппараттарды түсіру және тиеу. Пісіру режимін анықтау үшін қаттамаларды қайта балқыту. Қаттамалардың және басқа да бұйымдардың сапасын сыртқы түріне қарай анықтау. Пісіру режимін бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша қолдау. Газдың және суыту сұйығының температурасын, берілу жылдамдығын реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: пісіру аппараттарының токпен, сутегімен және суыту суымен қоректендіру схемасының құрылымын, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және қолдану ережесін, сутегін кептіру жүйесі құрылымының принципін, қолданылатын материалдардың қасиеті мен маркасын, пісіру және жұмсарту режимдерін, бұйымдардың сыртқы түріне қойылатын талаптарды.

Күйежентектеуші
35. Күйежентектеуші 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұнтақ металлургия әдісімен дайындалған престелген, қатты балқыма бұйымдардың, болат каркасты ұнтақтардан престелген, пакеттерге, отырғызу және қорғаныс ортасы бар әдістемелік пештерге жиналған бұйымдарды күйежентектеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары күйежентектеушінің басшылығымен жүргізу. Сеппені дайындау және оны қайықшаларға толтыру. Бұйымды күйежентектеу үшін қайықшаға орнату және күйежектелгеннен кейін оны түсіріп алу. Металл бұйым салынған пакеттерді контейнерге орнату. Контейнерлерді тоңазытқышта салқындату. Контейнерлерді құмнан, күлден және басқа да ласнаулардан тазарту. 4-разрядта көрсетілген жекелеген жұмыстарды біліктілігі анағұрлым жоғары күйежентектеушінің басшылығымен орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың жұмыс істеу принципін, күйежентектеудің технологиялық процесінің мәнін, сутегімен және азотпен жұмыс істеу ережесін, сеппелердің нысанын, түрлері мен қасиеттерін, күйежентектелетін бұйымдардың сапасына қойылатын талаптарды.

36. Күйежентектеуші 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұнтақ металлургия әдісімен дайындалған престелген, қатты балқыма бұйымдардың, болат каркасты ұнтақтардан престелген, пакеттерге, отырғызу және қорғаныс ортасы бар әдістемелік пештерге жиналған бұйымдарды күйежентектеу процесін жүргізу. Бұйым салынған қайықшаларды, графит тарелкелерді пешке қою және оны пештен алу. Қосу және түсіру алдында пешті жұмысқа дайындау. Күйежентектелетін бұйымдардың пісіру маркасына сәйкес күйежентектеудің технологиялық режимін таңдау. Берілген технологиялық режимге сәйкес пештің жұмысын итергішпен және басқа да көмекші құралмен басқару. Пештің температура режимін: температураның көтерілуін, ұстау уақытын, суыту жылдамдаған бақылау. Газдың және суытушы судың берілуін реттеу. Итергіштің қайықшаларды берілген жылдамдықпен қозғауын реттеу. Суытқаннан кейін кететін судың температурасын, бұйымды күйежентектеу және суыту кезінде газдың қысым мен шығысын қадағалау және бақылау. Дайын өнімнің сапасын бақылау және оны тапсырыс, марка, қалып мөлшері бойынша сұрыптау. Пеш жұмысы көрсеткіштерінің есебін жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою, оларды жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың құрылымын, күйежентектеудің технологиялық режимін, коммуникациялар схемасын, технологиялық параметрлердің (температураның, қысымның, үстіңгі қабат тазалығының, уақыттың) бұйымның сапасына әсерін, бақылау-өлшеу аспаптарының нысанын және оларды пайдалану ережесін, пластификатордың физикалық-химиялық қасиеттерін, брактың алдын алу және жою тәсілдерін, физика, электротехника негіздерін.

37. Күйежентектеуші 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сирек металдар ұнтақтарынан престелген бұйымдарды, баяу балқитын метал карбидтерін орамасымен вакуумды тигельді индукциялық пештерде немесе вакуумды туннельді және тоқтаусыз жұмыс істейтін шахталық пештерде күйежентектеу процесін біліктілігі анағұрлым жоғары күйежентектеушінің басшылығымен жүргізу. Тиемелерді қалыптастыру. Пешті жұмысқа дайындау. Температуралық қисық сызықты есептеу және солар бойынша вакуумді күйежентектеу пештерінің тиелетін жұмыс аймақтарын анықтау. Пештерге, басқару пультіне, вакуумді насостарға, вакуум жүйесінің басқа да тораптарына, генераторға, су суыту жүйесі мен басқа да жабдықтарға қызмет көрсету. Пештегі вакуумның шамасын, пештің температуралық режимін бақылау және реттеу. Температуралық қисық сызықтың жай-күйін бақылау эталондарын тиеу арқылы тұрақты бақылау. Температураны белгілі бір уақыт аралығында оптикалық пирометрмен өлшеу. Вакуум сорғылардағы майдың деңгейін бақылау және май құю. Күйежентектелген бұйымдарды суыту үшін газдың берілуін реттеу, суыту сапасы мен бақылау-өлшеу приборларының көрсеткіштерін қадағалау. Сынама алу. Контейнерлерді майлау. Бұйымдардың ақауын түзету. Дайын өнімді сыртқы түріне қарай анықтау. Пешті және вакуум жүйесін тазалау. Күйежентектелген бұйымдарды тапсырыс, марка, қалып мөлшері бойынша сұрыптау. Қызмет көрсететін жабдықты профилактикалық қарау және оларды жөндеуге қатысу. Графитті қыздырғыштарды, насос жылытқыштарды, жылу изоляциясы прокладкаларын біліктілігі анағұрлым жоғары күйежентектеушінің басшылығымен жөндеу. Пеш жұмысындағы ұсақ ақауларды жою. Техникалық құжаттаманы жүргізу. Жұмыс орнын таза ұстау.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін вакуум пештерінің, вакуум насостарының, автоматика жабдықтарының және дабылдатқыштың, басқа да жабдықтардың құрылымын, бақылау-өлшеу приборлары мен олардың көрсеткіштерін пайдалану және қолдану ережесін, қызмет көрсететін жабдық сызбасын, көтеру механизмдерін қолдану ережесін, күйежентектелетін бұйымдардың түрлі балқыма маркаларына арналған күйежентектеудің технологиялық процесі мен температура режимін, температуралық қысық сызықты есептеу әдістері мен оларды бақылау тәсілдерін, күйежентектеу технологиялық процесінің бұзылғаны туралы дабылдатқыш қарау әйнегінің қараю сипатын, дайын өнім мен шығу өнімдерінің сапасына қойылатын техникалық талаптарды, қаттама мен пластина алу технологиясын, сутегінің, азоттың және фреонның қасиеттерін, контейнедің және вакуумды резинадағы прокладкалардың мөлшерін және олардың тозу шектерін, физика, электротехника, химия, электроника, вакуумды техника негіздерін кәсіптік-техникалық оқу бағдарламасы көлемінде.

38. Күйежентектеуші 6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сирек металдар ұнтақтарынан престелген бұйымдарды, баяу балқитын метал карбидтерін орамасымен вакуумды туннельді және тоқтаусыз жұмыс істейтін шахталық пештерде күйежентектеу процесін жүргізу. Вакуумдеу, пештегі вакуум шамасын бақылау және реттеу. Термобу шамдарын ауыстыру. Шамның қызу тогін анықтау. Тоқтаусыз жұмыс істейтін вакуумды пешті қосу алдында жұмысқа дайындау. Пештің температуралық қисық сызығын есептеу. Пештік температуралық режимін бақылау және реттеу. Өзі жазатын приборлардағы диаграммалық лентаны ауыстыру. Жұмыс тогін белгілеу. Температураны өлшеу, термобуды, радиациялық пирометрлерді ауыстыру. Температуралық қисық сызықты тұрақты бақылау. Вакуум жүйесі мен пештік қымталуын тексеру. «Ағындарды» есептеу. Вакуум жүйесінің ақаулы жұмыс себебін жою. Өнім балқымасының маркасына орай температура режимін түзету. Тоңазытқыштың жай-күйін қадағалау. Суыту жүйесіне судың берілуін реттеу. Арнайы жақпа дайындап контейнерді майлау. Дайын өнімнің сапасын сыртқы түріне қарай анықтау. Бұйымның брак болу себебін жою. Қызмет көрсететін жабдықты реттеу және оны жөндеуге қатысу. Графитті жылытқыштарды, насос қыздырғыштарын, прокладкаларды, термооқшаулауды жөндеу. Техникалық құжаттаманы жүргізу.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін жабдықтың, бақылау-өлшеу аспаптарының, автоматика және дабылдатқыш құралдарының құрылымын, вакуумды, сутегі, электр, механикалық, су суыту жүйесін, дайын өнімнің сапасына қойылатын техникалық талаптарды, графитті жылытқыштар мен бөлшектерінің мөлшері мен жол берілетін шектеулерді, жабдықтың қалыпты жұмысының бұзылу себептерін, материалдардың күйежентектеу кезінде физикалық-химиялық қасиеттері мен құрылымының өзгеру сипатын, физика, химия, электротехника, вакуумды техника негіздерін, жылу оқшаулау материалдарының қасиетін, қызмет көрсететін жабдықты реттеу тәсілдерін, техникалық құжаттаманы жүргізу ережесін.

Қатты балқыма өнімдерін өңдейтін станокшы
39. Қатты балқыма өнімдерін өңдейтін станокшы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үңгуіштерді, зенкерлерді, өзекшелерді, бұрғыларды, белгішілерді, фрездерді, фильердерді, штамп бөлшектері мен қатты балқыма дайындамаларынан жасалған басқа да бұйымдарды токарлық, фрезерлік, бұрғылау, жонушы, қайраушы станоктарда дайындау және өңдеу. Артық жиекті алып астау және фасонды қабат алу мақсатымен күйежентектелген қатты балқымадан жасалған дайындаманы өңдеу.

Білуге тиіс: токарлық, фрезерлік, бұрғылау, жонушы, қайраушы станоктардың құрылымын, универсальдік айлабұйымдардың құрылымы мен пайдалану ережесін, пластиктелген және күйежентектелген қатты балқыманы өңдеу үшін қолданылатын, қатты балқымамен және аса қатты материалдардан жасалған қадаумен арқауландырылған кесу құралын қайраудың геометриясы мен технологиясын, қатты балқыма бұйымдарын жасауға қажетті универсальді және арнаулы бақылау-өлшеу құралының құрылымын және оны қолдану ережесін.

Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан жасалған бұйымдарды ажарлаушы
40. Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан

жасалған бұйымдарды ажарлаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы R_а 1,25-0,63 (7-8 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу. Станоктар мен құралдарда бөлшектерді орнату және салыстыру. Шаңжинағыштырды, циклондарды, ылғалұстағыштарды және басқа да қызмет көрсететін жабдықтарды тазалау. Қалдықтарды жинау және сұрыптау. Материалдарды, дайындамаларды және дайын өнімді тасымалдау. Қызмет көрсететін жабдықты және жұмыс орнын тазалықты ұстау.

Білуге тиіс: бір типті ажарлау станоктарының құрылғысы, едәуір таралған құралдардың атауы, міндеті және қолдану шарты, бақылау-өлшеу құрал-саймандарының қарапайым және орташа күрделі құрылғысы, ажарлау дөңгелегі туралы негізгі мәліметтер, рұқсаттар мен қондырулар, дәлдік дәрежесі және кедір-бұдыр параметрлері (өңдеу тазалығының кластары) туралы негізгі мәліметтер, салқындатқыш және майлау сұйықтығының міндеті және қасиеті.

41. Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан

жасалған бұйымдарды ажарлаушы 3-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы R_а 0,63-,32 (7-8 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу. Қызмет көрсететін станоктарды жөндеу. Ажарлау дөңгелектерін орнату және тексеру, жүк көтергіш механизмдерді және құралдарды пайдаланумен дисктерді және таратушыларды түзеу. Индикатор бойынша салыстырумен станоктарда құралдар мен жарақтарды, бөлшектерді орнату. Станоктарда қайраумен кескіш қалыптарын түзету. Стандартты құрал-саймандар мен арнаулы құралдардың көмегімен өңдеу сапасын бақылау. Белгіленген технология бойынша өңделетін қоспаларды, суспензияларды және стандартты құрамдағы пасталарды дайындау. Өңделетін бұйымдарды тазалау және майсыздандыру.

Білуге тиіс: қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған бұйымдарды технологиялық өңдеудің теориялық негізі, қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы, ережесі және дәлдікке тексеру, әмбебап және арнаулы құралдар мен жарақтардың құрылғысы және қолдану ережесі, бақылау-өлшеу құрал-саймандардың және аспаптардың міндеті және қолдану ережесі, ажарлау дөңгелектерін тексеру тәсілдері және өңделетін материалдар мен өңдеу тазалығына қарай оларды қолдану шарты, өңдеу процессінің параметрлері және оның өнім сапасына және біркелкілігіне әсері, қорытпа маркасына, қалыптарына және бұйымның талап ететін қасиеттеріне қарай өңдеу режимдерінің таңдау ережесі, қолданылатын материалдардың, ажарлау дөңгелектерінің және қалдықтардың сипаттамасы; негізгі қасиеттер, өңделетін материалдардың белгілері мен құрамы, дайындамалар мен бұйымдардың белгілері, сыныптау және техникалық талаптары, ақаудың түрі мен себебі, оны жоюдың тәсілі, стандартты жемірлік қоспалардың, суспензиялардың, пасталардың, тазалаушы және жуғыш ерітінділердің құрамы мен қасиеті, рұқсаттар мен қондырғылар, дәлдік дәрежесі және кедір-бұдыр параметрлері (өңдеу тазалығының кластары).

42. Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан

жасалған бұйымдарды ажарлаушы 4-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Технологиясы бойынша орнатылған жабдықтардың режиміне және өңделетін пластиналарға қосымша талаптары жоқ, ажарлау, жазық сапаландыру станоктарында және көлемді дірілді жемірлік өңдеу станоктарында дәлдігі және кедір-бұдырлығы R_а 0,32-0,16 (7-8 класс тазалығы) қалыпты дәрежелі қатты қорытпа және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, илектеу талшықтарды, пішін бөлшектерін және басқа да бұйымдарды ажарлау, сапаландыру және дірілді жемірлік өңдеу. Қызмет көрсететін станоктарды жөндеу. Индикатор бойынша салыстырумен фасонды пішінді ажарлау дөңгелектерін, дисктер мен таратушыларды таңдау және тексеру. Станокта қайраумен фасонды кескіш қалыптарын түзету. Ажарлау және сапаландыру, оларды бұйымдарға қойылатын қосымша талаптарға қарай реттеу, оның ішінде стандартты емес дайындамаларды пайдалану және ақауды түзету кезінде процесс параметрлерін таңдау. Екі жазықта индикатор бойынша салыстырумен станоктарда бөлшектерді орнату. Арнаулы аспаптар мен оптикалық құрылғылардың көмегімен бұйымдардың өлшемін және өңдеу сапасын бақылау. Ультрадыбысты тазалау қондырғыларында бұйымдарды тазалау және жуу. Өңделетін қоспаларды, пасталарды, суспензиялар мен жуғыш ерітінділерді арнаулы техникалық талаптар бойынша дайындау. Қызмет көрсетілетін жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою және оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: жоғары дәлдік дәрежедегі бұйымдарды өңдеу үшін қолданылатын станоктарды, бақылау - өлшеу аспаптары мен құралдарын дәлдікке тексеру және жөндеу ережесі, құрылғысы, кинематикалық тәсімі, өңдеу процессінің параметрлері және бұйымдарға қосымша талаптарды қамтамасыз ету үшін немесе арнайы жемірлік пасталар мен қоспаларды түзету тәсілдері, бұйымдардың арнайы талаптары кезінде қолданылатын материалдар мен ажарлау дөңгелектердің сипаттамасы, жоғары дәлдік дәрежесі бұйымдарына қойылатын техникалық талаптар.

43. Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан

жасалған бұйымдарды ажарлаушы 5-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Жоғары және аса жоғары дәлдік дәрежесінде ажарлау, әртүрлі типті ажарлау және жазық сапаландыру станоктарында қатты және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, илектеу талшықтарды, пішін бөлшектерін R_а 0,32-0,16 (7-8 класс тазалығы) кедір-бұдыр параметрімен ысқылау және сапаландыру. Ерекше қасиеттерімен арнаулы стандартты емес құрамның қатты қорытпаларын өңдеу. өңдеу параметрлерін таңдау және өңдеу процессінде бұйымның (жарақтың) температурасының немесе қолданылатын материалдардың қасиеттерінің өзгеруіне байланысты реттеу.үш жазықта салыстырумен станоктарда бөлшектерді орнату. Эталондар мен бақылау бұйымдарын дайындау.

Білуге тиіс: қатты қорытпаларды өндіру және қолдану негіздері, қатты қорытпалардың физикалық қасиеттері және оның өңдеу режиміне әсері, аса жоғары дәлдік дәрежеде бұйымдарды өңдеу үшін қолданылатын ажарлау және жазық сапаландыру станоктарының конструктивті ерекшеліктері және дәлдікке тексеру ережесі, станоктарды жөндеумен байланысты есептер, күрделі бақылау-өлшеу құрал-саймандарын баптау және реттеу ережесі, стандартты емес қорытпаларды немесе бұйымдарды өңдеу кезінде берілген бұйымдардың қасиетін қамтамасыз ету үшін өңдеу режимдерін айқындау ережесі.

44. Қатты балқыма және баяу балқитын металлдардан

жасалған бұйымдарды ажарлаушы 6-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Аса жоғары дәлдік дәрежесінде ажарлау, арнайы және әмбебап, оның ішінде автоматты және жартылау автоматты станоктарда тексерілген технология және өңдеу және өңделетін құрал-саймандардың режимін таңдауды қажет ететін технологиялар бойынша қатты және баяу балқитын металдардан жасалған пластиналарды, көшірмелерді, эталондарды, матрица элементтерін, пуансондарды, эксцентриктерді, білікшелерді, пішін бөлшектерін, сондай-ақ сараптамалық, бірегейлік, бағалы бөлшектер мен құрал-саймандарды R_а 0,32-0,16 (7-8 класс тазалығы) кедір-бұдыр параметрімен ысқылау және сапаландыру. Қажетті есептерді орындаумен станоктарды жөндеу.

Білуге тиіс: әртүрлі типті ажарлау станоктарының конструкциясы және дәлдікке тексеру ережесі, аса күрделі бөлшектер мен құрал-саймандарды орнату, бекіту және аса күрделі бөлшектер мен құрал-саймандарды салыстыру тәсілдері, өңдеу жүйелілігін белгілеу әдісі, алмас құрал-саймандарын іріктеу әдістері, құрал-саймандар қалпын таңдау, түйіршіктелу, байланысу, шоғырлану және алмасты түйір сипаттамасы, күрделі пішіндерді өңдеу үшін алмасты ажарлау дөңгелектерін толтыру ережесі және тәсілдері, өңделетін материалдардың физикалық-механикалық қасиеті, бөлшектерді орнату және өңдеу кезінде ақаудың пайда болу себептері, өңдеудің дәлдігіне және тазалығына жету тәсілдері.

«Қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар мен ұнтақ тау-кен өнімдері өндірісі» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың 1969 және 1975 жылдары шығарылған қолданыстағы БТБА бойынша атаулары көрсетілген тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 5-бөлімінің 8-қосымшасында келтірілген.

Кәсіптердің, бөлімдердің өзгертілген атауы және олар енгізілген шығарылым нөмірлері көрсетілген БТБА-ның қолданыстағы «Қатты балқымалар, ауыр балқыма металдар мен ұнтақ тау-кен өнімдері өндірісі» бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптерінің тізбесі БТБА-ның (8-шығарылым) 5- бөлімінің 9-қосымшасында келтірілген.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет