Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты



бет12/19
Дата14.06.2016
өлшемі1.16 Mb.
#135790
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19

Білуге тиіс. Қызмет көрсетілетін машиналардың кинематикалық, электр және электронды тәсімдердің құрылғысы, жабдықтарды, айлабұйымдарды және құралдарды техникалық пайдалану және оларға күтім жасау ережесі, регламент жұмыстарын жүргізу тәртібі, анықталған ақауларды диагноздау және жою тәсілдері, механика, пневматика, гидравлика, электр техника негіздері.

Жұмыс үлгілері.

1) Өнімділігі минутына 50 м²-ға дейін автокомпрессорлар;

2) Қозғағыш қуаты 147 кВт-ден жоғары (200 л.с.-ке дейін) автогрейдерлер;

3) Бетон қалағыштар;

4) Қуаттылығы 73 кВт-тен жоғары (100 л.с-тен жоғары) бульдозерлер;

5) Өзі жүретін коперлар;

6) 25 тоннадан жоғары жүк көтеретін өзі жүретін, шынжыр табанды және қысым доңғалақты мұнара крандар;

7) Кедір-бұдыр қабатты жабындар құрылғысына арналған машиналар;

8) Пішіндегіштер;

9) Қозғағыш қуаттылығы 135 кВт-қа дейін (180 л.с-ке дейін) ремиксерлер;

10) Өнімділігі сағатына 200 т-ға дейін асфальтбетондарды араластырғыштар;

11) Қозғағыш қуаттылығы 147 кВТ-дан жоғары (200 л.с.-дан жоғары) құбыр қалағыштар;

12) Өнімділігі сағатына 300 т.-ға дейін асфальт бетонды қалағыштар;

13) Бұрғылау диаметрі 500 мм-ден жоғары жерді басу және көлденең бұрғылау қондырғылары;

14) Сыйымдылығы 1,25-тен жоғары шөмішпен бір шөмішті экскаваторлар.

8-разряд

Жұмыс үлгілері.

1) Қозғағыш қуаттылығы 135 кВТ-тан жоғары (180 л.с-тен жоғары) ремиксерлер;

2) Ресайклерлер;

3) Өнімділігі сағатына 200 тоннадан асатын асфальт бетон араластырғыштар;

4) Өнімділігі сағатына 300 тоннадан асатын асфальт бетон қалағыштар;

5) Жол фрездері.

7-8-разрядтарды алу үшін арнайы орта (кәсіптік) білім талап етіледі.

Табиғи таспен қаптаушы

212. Табиғи таспен қаптаушы 2-разряд


Жұмыс сипаттамасы. Ерітінді мен құрғақ қоспаны берілген құрамы бойынша даярлау. Қаптауды бекітуге арналған ұялардың қапталатын бетін қолмен тесу. Қаптау бетін және жігін тазалау. Тақтайшаларды босату, сұрыптау және қатарға қалау. Аршығаннан кейін қаптау тақтайшалары мен тастарды тазалау. Табиғи тастан тротуарды аршу.

Білуге тиіс. Табиғи таспен қаптауда қолданылатын негізгі материалдардың түрі, ерітінділер мен құрғақ қоспаларды даярлау тәсілдері, жердің бетін қаптауға даярлау тәсілдері.

213. Табиғи таспен қаптаушы 3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Едендер мен қабырғаларды дайын маяктар бойынша жонылған тастар мен жасанды тақтайшалармен қаптау және жөндеу. Табиғи тас тақтайшалардан тротуарлардың құрылғысы. Цемент ерітіндімен бітемелеу және құю. Қаптаудағы жіктерді шабу. Қаптауда жіктерді кендірмен тығындау. Тасты қол аспабымен ірі өңдеу. Тақтайшаларды шешу. Тасты жару және ұсақтау. Төсенішті тегістеу. Қаптамадағы соқалар мен ұяларды тесу. Тақтайшалардың сырт жағын өңдеу. Тақтайшалар мен тастарда ұя тесіктері мен шұңқырларды қолмен тесу және бұрғылау. Турасызықты тақтайшаларды, сондай-ақ едендер мен қабырғаларды қолмен тегістеу және жылтырату. Тасты желімдеуге арналған ыстық және суық жағымдарды әзірлеу.

Білуге тиіс. Қаптауды бекіту тәсілдері, қаптауда, тегістеу және жылтыратуда қолданылатын түрпілер мен материалдардың қасиеті, олардың қасиеттеріне қойылатын талаптар, тасты ірі өңдеу және турасызықты беттерді тегістеу тәсілдері, тегіс бетті қаптауда сапасына қойылатын негізгі талаптар, тасты тегістеу және жылтырату ережесі, жағымды әзірлеу технологиясы.

214. Табиғи таспен қаптаушы 4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Едендерді, қабырғаларды, баспалдақ алаңдары мен көпір тіреулерін тегістелген және жылтыратылған тақтайшалармен тегістеу және жөндеу. Дайын жонылған блоктардан тегіс ұстындарды құрастыру. Өлшенген жазық беттерді маяк қондырып тесу. Табиғи тастан жеке саты қалау және алмастыру. Жағалаулардың қабырғаларын жонылған тақтайшалармен қаптау. Жонылған бөлшектерден жақтаулар мен қоршау тумбаларын орнату. Жолдар мен тротуарларға тақтайшалар төсеуде жақтау тастарын орнату. Сызбалар мен ерекшеліктері бойынша тақтайшалар мен тастарды жинақтау және белгілеу. Қаптаудың жігінің барлық түрлерін ерітіндімен бітеу. Құм бүріккіш аппараттың көмегімен жердің бетін тазалау. Турасызықты беті мен тастың жүзін механизацияланған құралмен дөрекі жону. Турасызықты беті мен тастың жүзін қолмен және механизацияланған құралмен жартылай тазалап жону. Тасты «тонға ұқсас» етіп өңдеу және гранит қаптауды қағу. Сатыларды, жақтаулар мен аркалық тастарды жону. Тастар мен тақтайшаларда механизацияланған құралмен ширектер мен ішкі бұрыштарын жону және тесіктерді жасау. Мәрмәр тақтайшаларды кесу. Тас блоктардың қырларын механизацияланған құралмен тегістеу. Турасызықты беттерді механизацияланған құралмен және турасызықты үлгілік бөлшектерді (карниздер, белбеулер, жақтаушалар, тұтқалар) механизацияланған құралмен тегістеу және жылтырату. түрпілерді орнату және ауыстыру. Тақтайшаларды жағымдармен желімдеу және жабу.

Білуге тиіс. Қапталатын турасызықты беттерді тесу және ию тәсілдері, турасызықты беттер мен жүздерді жартылай тазалап шабу тәсілдері мен бір ізділігі, блоктар мен тастарды кесу, фрезерлеу, тегістеу және жылтыратуға арналған механизмдердің құрылғысы, олармен жұмыс істеу ережесі, әртүрлі жынысты тастарды өңдеу тәсілдері мен бірізділігі, тақтайшаларды желімдеу тәсілдері, қаптау сапасына қойылатын талаптар.

215. Табиғи таспен қаптаушы 5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты беттерді жонылған тақтайшалар мен үлгілік тастармен қаптау және жөндеу. Жонылған дайын блоктардан ойық тікжолақпен ұстындар құрастыру. Терезе және есік ойықтары мен терезе тақтайшаларының жиектерін орнату. Сатылар мен турасызықты баспалдақ бөгеттерін қаптау. Қуыстарды, жауырындық қабырғаны, ұстындарды және осы тәрізділердің бетін тегістелген және жылтыратылған тақтайшалармен қаптау және жөндеу. Қапталуы күрделі бөлшектерді сызбалар және ерекшеліктері бойынша жинақтау және белгілеу. Қиынжиек және таспалардың турасызықты беттерін қол және механизацияланған аспаппен таза және қаптап жону. Қисық сызықты беттерді және үлгілік бөлшектерді ірілей және жартылай тазалап жону. Терезе алды тақтайшаларды және ойықтар жиектерінің бөлшектерін әзірлеу. Орташа күрделіліктегі даяр үлгілер мен қалыптарды сызу және әзірлеу. Желідегі тастарды даяр үлгілер және қалыптар бойынша әзірлеу. Станоктардағы тастарды өңдеу. Қаптаманың турасызықты бетін және архитектуралық безендірудің (әсембағандар, сауыттар, тұтқалар, бунақтіреулер, шарлар, дөңгелектер) бөлшектерін тегістеу және жылтырату. Қаптаманың бүлінген жерлерін суық және ыстық жағымдарды қолданумен жөндеу.

Білуге тиіс. Қисық сызықты қапталатын беттерді бөлу тәсілдері: тастар мен тақтайшаларды таза тесу тәсілдері мен бірізділігі, архитектуралық бөлшектердің түрлері, тасты өңдеуге, тегістеуге және жылтыратуға арналған станоктардың құрылғысы, қаптаманың бүлінген жерлерін жөндеу және бітеу, қисық сызықты беттерді қаптауға қойылатын талаптар.

216. Табиғи таспен қаптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты беттердің барлық түрлерін тегістелген және жылтыратылған тақтайшалармен қаптау және жөндеу. тұрақты және ауыспалы қималардың тегіс және ойық тікжолақпен бағаналарын даяр тегістелген және жылтыратылған блоктардан құрастыру. Қисық сызықты сатылық бөгеттерді қаптау. көпірлік тіректер мен көпірлердің аралық құрылыстарын асу және қаптау. Даяр үлгілік тесіктерді мәрмәр тақтайшалармен жиектеу. Таза жонылған үлгілік бөлшектер мен барлық түрдегі архитектуралық бұйымдарды әзірлеу. Қисық сызықты беттер, қиынжиектер мен таспаларды тазалап жону. Күрделі архитектуралық қалыптар мен даяр үлгілерді сызу және әзірлеу. әріптер, сандар және оюларды белгілеу және ойып алу. Күрделі пішіндегі үлгілік бөлшектер мен архитектуралық әшекейлерді белгілеу.

Білуге тиіс. Архитектуралық бөлшектерге арналған тастарды таңдап алу және өңдеуге қойылатын талаптар, аса күрделі беттерді қаптауға белгілеу және бөлу, қаптаманың бүлінген жерлерін жөндеу тәсілдері.

Мәрмәршә - қаптаушы


217. Мәрмәршә - қаптаушы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Мәрмәр қоспа әзірлеуге арналған материалдарды даярлау (елеу және сүзгіден өткізу). Жасанды мәрмәрдан архитектуралық әшекейлеу бөлшектерін әзірлеу үшін құрастыру және бөлшектеу. Мәрмәр қоспаның даярлау қабаты мен құрамына арналған ерітіндіні даярлау. Бетті өңдеуге даярлау. Берілген сурет бойынша жасанды мәрмәрмен өңдеуге арналған материалдарды даярлау.

Білуге тиіс. Жасанды мәрмәрмен өңдеуде қолданатын материалдардың түрлері мен қасиеттері, даярлау қабаттарына арналған ерітіндіні даярлау құрамы мен ережесі, баяулатқыштарды мөлшерлеу ережесі, архитектуралық безендіру бөлшектерін әзірлеуге арналған үлгілердің құрылғысы.

218. Мәрмәршә - қаптаушы 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жазық беттердің әрін жылтырату. Архитектуралық безендірудің турасызықты бөлшектерін әзірлеуде мәрмәр қоспаны үлгілерге салу. Бетіне даярлау қабатты жағу. Қабырғалар мен едендердің бетін флю-ат ерітіндісімен дымқылдандыру.

Білуге тиіс. Жасанды мәрмәрмен әрлеу негізінің сапасына қойылатын талаптар, мәрмәр қоспаны төсеу тәсілдері.

219. Мәрмәршә - қаптаушы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Жазық беттерге мәрмәр қоспаны төсеу. Бояуларды және берілген сурет бойынша мәрмәр қоспаның құрамын таңдау. Мәрмәр қоспаны дайындау. Архитектуралық безендірудің қисық сызықты бөлшектерін әзірлеуде мәрмәр қоспаны үлгілерге салу. Жазық беттерді әрлеу. Жасанды мәрмәрдан архитектуралық безендірудің турасызықты бөлшектерін орнату. әрлеуге дайындалған беттерді тексеру және тегістеу. Жасанды мәрмәр беттерді жөндеу.

Білуге тиіс. Өндірістік жағдайларда сілті және жарық төзімді бояғыштарды айқындау тәсілдері, бояу және мәрмәр қоспа құрамын таңдау ережесі, бетті жасанды мәрмәрмен әрлеу технологиясы, әрлеудің сапасына қойылатын талаптар.

220. Мәрмәршә - қаптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қисық сызықты беттерді әрлеу. Үтіктелген мәрмәрға тамыр жолақтармен әшекейлеу. Жасанды мәрмәрдан архитектуралық безендірудің қисық сызықты бөлшектерін орнату. Суреттер, нобайлар және үлгілер бойынша жасанды мәрмәрдан көркемдік-сәнді жабын. Жасанды мәрмәрдің бетіне суреттер мен нобайлар бойынша сурет, нышандарды ою. Жасанды мәрмәрдан жасалған едендер мен архитектуралық бөлшектерді қалпына келтіру.

Білуге тиіс. Күрделі беттерді (ұстындар, әсембағандар, тартымдар) жасанды мәрмәрмен әрлеуге бөлу және белгілеу тәсілдері, мәрмәр беттерге сурет салу ережесі, архитектордың суреттері мен нобайлары бойынша көркемдік-сәнді әрлеу тәсілдері.

Тақтайшы - қаптаушы
221. Тақтайшы - қаптаушы 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Керамика, әйнек, асбест цемент және басқа тақтайшаларды мөлшері, түсі және сұрыбы бойынша сұрыптау. Берілген құрам бойынша ерітінділерді, құрғақ қоспалар мен жағымдарды қолмен әзірлеу. Негіздеменің бетін тақтайшалармен қаптауға дайындау.

Білуге тиіс. Қаптаманың түрлері және міндеті, сыртқы және ішкі беттерді тақтайшалармен қаптауда қолданылатын негізгі материалдардың түрлері, ерітінділерді әзірлеу тәсілдері.

222. Тақтайшы - қаптаушы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Даяр маяктар бойынша жігінің қалыңдығы 2 мм-ден асатын қабырғалар мен едендердің тұтас турасызықты бетін ерітіндідегі керамикалық, оның ішінде «Гресс» тәрізді, әйнек, асбест цемент және басқа тақтайшалармен қаптау. Едендерді құйылған тастан жасалған тақтайшалармен қаптау. Тақтайшалар арасындағы жіктерді ерітіндімен толтыру. Металл торларды керу және сылау. «Ветонит» 3000 тәрізді және басқа ерітінділерден жасалған тегістеу қабатының құрылғысы. Қапталған беттерді аршу. Тақтайшалардың жиектерін жонып алып тастау және кесу. Тақтайшаларды бұрғылап тесу. Тақтайшаларды бекітуге арналған «Бостик» тәрізді жағымдарды қоса, ерітінділер мен жағымдар әзірлеу. Жапсарларды ерітіндімен тығындау және оларды қоспалармен (фуга) толтыру. Ерітінділерді әзірлеу және қапталған беттерді жуып тазарту.

Білуге тиіс. Тұз қышқылы, кальций содасы ерітіндісінің қасиеттері және ерітінділердің шекті концентрациясы, сыртқы және ішкі беттерді қаптауда тақтайшаларды орнату және бекіту тәсілдері, қаптау сапасының талаптары; деңгеймен жұмыс істеу ережесі.

223. Тақтайшы - қаптаушы 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Турасызықты беттерді қаптауға маяк желілерді асу және шыңдау. Жауырындық қабырғаларды, қуыстар және басқа да ұсақ беттерді қаптау. Ерітіндіде және жағымдардағы тақтайшалармен жігінің қалыңдығы 2 мм-ге дейін қабырғалардың тұтастай турасызықты бетін қаптау. үлгілік тақтайшаларды (карниздер, еденкемерлер, бұрыштықтар) орнату. Жай сурет белгісімен әшекейбедерлерді қалау. Қаптау тақтайшаларын ауыстыру. еден тақтайшаларын жөндеу. «Марблит» әйнегімен және кристаллит әйнек, мәрмәр әйнекпен беттерді қаптау. Тақтайшаларды дірілді таптауға арналған машиналарды пайдаланып едендерді қаптау.

Білуге тиіс. Көлденең және тік беттердің маякты тораптарын белгілеу, асу, шыңдау тәсілдері, үлгілік тақтайшаларды орнату және бекіту тәсілдері, едендерді жөндеу және тақтайшаларды ауыстыру ережесі, «Марблит» әйнегімен қаптау тәсілдері, тақтайшаларды дірілді таптауға арналған машиналардың құрылғысы.

224. Тақтайшы - қаптаушы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Төбелерді және қисық сызықты беттерді қаптау. Берілген сурет бойынша қаланатын бетті белгілеп кілем керамикадан жасалған едендерді төсеу. Бетін белгілеу және кез келген суретті әшекейбедерлерді қалау. Тақтайшалармен сәнді қаптау.

Білуге тиіс. Қисық сызықты беттерді тақтайшалармен қаптауға және сәнді қаптауға белгілеу тәсілдері, сәнді қаптау түрлері мен тәсілдері.

225. Тақтайшы - қаптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Холлдарда, кеңселерде және тағы басқа да ірі көркем панноларды жасау және қалау. Сарайлар, храмдар және көркем құндылық болып табылатын басқа да нысандарды қайта құруда суретті керамикалық тақтайшаларды қалау. Беттерді керамикалық жібек графикалық тақтайшалармен және айна тақтайшалармен қаптау.

Білуге тиіс. Суретті тақтайшалармен қаптауға белгілеу тәсілдері, әшекейлеуге беттерді тегістеу тәсілдері, айналы тақтайшаларды қалаудан алдын өңдеу үшін қажет материалдар, айналы тақтайшаларды қалау үшін ерітінділерді әзірлеу материалдары мен тәсілдері.

Синтетикалық материалдармен қаптаушы


226. Синтетикалық материалдармен қаптаушы 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Негіздерді компрессордың көмегімен шаңнан арылту. Негіздерге алғашқы бояуды кистімен жағу. Орамдық материалды жаю. Тығыздағыш және жағым әзірлеу үшін цементті қолмен елеу. Полимер тақтайшалар, стандарт жеке бұйымдар мен индустриялық әзірленген элементтерді сұрыптау және таңдау. Линолеум, релин, полимер тақтайшаларды және т.б. шешу.

Білуге тиіс. Құйылатын жіксіз едендердің, линолеум, релин, синтетикалық материалдар, полимерлі тақтайшалар, стандартты өңдеу бұйымдардан едендердің және беттерді қаптауда қолданылатын индустриялық әзірленген элементтердің құрылғысында пайдаланылатын материалдардың негізі түрлері.

227. Синтетикалық материалдармен қаптаушы 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Даяр белгі бойынша маяктық мөлшерқадаларды қалау. Құйылатын жіксіз едендердің құрылғысында даярлау қабатты қалау және тегістеу. Синтетикалық қоспа және суық жағымдарды әзірлеу. Едендерге арналған негіздерді қолмен тығыздау. Тақтайшаларды бұрғылап тесу. Тұсқағаздардың жиегін қолмен кесу. Желім қайнату. Желім қоспаны бетіне жағу. Қабырғаларға қағаз жапсыру.

Білуге тиіс. Еден құрылғысы мен бетті қаптауда қолданылатын материалдардың негізгі қасиеттері, еден құрылғысы мен бетті қаптауға арналған негіздерге қойылатын талаптар, құйылатын жіксіз едендерге, орама материалдарды жапсыруға және бетті қаптауға арналған суық жағымдарды әзірлеу технологиясы, полимер тақтайшалардағы бұрғылап тесу тәсілдері, желім қайнату және тұсқағазды кесу тәсілдері.

228. Синтетикалық материалдармен қаптаушы 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Еден құрылғысына және стандарт бұйымдармен және индустриялы әзірленген элементтермен қаптауға арналған негіздердің бетін бөлу және өлшеу. Тегістеу машиналармен негіздердің бетін тегістеу. Бір түсті синтетикалық қоспадан құймалы жіксіз едендердің құрылғысы. Ыстық жағымдарды әзірлеу. Енін белгілеу, қиыстыру және кесумен едендердің негізіне орама материалдар мен резина паркетті жапсыру. Қарапайым суретті едендерге синтетикалық, линолеум, релин тақтайшалар және паркеттер төсеу. «Бөлмеге шақталған» линолеум кілемдерді құрғағанша төсеу. Жазық беттерді синтетикалық тақтайшалармен, стандартты өңдеу бұйымдармен және индустриялық әзірленген элементтермен қаптау. Линолеум жіктерін дәнекерлеу. Бір түсті ксилит қоспа және даяр ксилит тақтайшалардан едендер құрылғысы. Пластмасса еденкемерлер мен тұтқаларды орнату. Қабырғаларды жеңіл және орташа тығыздықтағы тұсқағаздармен, маталармен желімдеу. Тұсқағаздардың жиектерін тұсқағаз кесетін машиналарда кесу. Тұсқағаздарды станоктарда кесу. Жапсырылған беттегі дақтарды кетіру.

Білуге тиіс. Қолданылатын материалдар мен орындалатын жұмыстардың сапасына қойылатын талаптар, стандартты өңдеу бұйымдары мен индустриялық әзірленген элементтерді бекітудің тәсілдері, құймалы жіксіз едендердің құрылғысында синтетикалық қоспаны төсеудің тәсілдері, синтетикалық материалдармен орама материалдарды жапсыру және бетін қаптау, линолеум дәнекерлеуді пайдалану ережесі, линолеум жіктерін дәнекерлеудің тәсілдері, ыстық жағымдар әзірлеу технологиясы, тұсқағаз кесетін машиналардың құрылғысы және жұмыс істеу принципі.

229. Синтетикалық материалдармен қаптаушы 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Түрлі-түсті құймалы жіксіз едендердің құрылғысында синтетикалық қоспаның беткі қабатын жағу. берілген сурет бойынша синтетикалық қоспаның түстері және реңктерін таңдау. «Бөлмеге шақталып» пісірілген линолеум кілемдерді жапсыру. Күрделі суретті синтетика, линолеум, релин тақтайшалардан және резина паркеттен (нобайлар бойынша) едендерді төсеу. Сурет бойынша түрлі-түсті ксилит қоспадан едендердің құрылғысы. Қисық сызықты беттерді синтетикалық және полимер тақтайшалармен, стандартты өңдеу бұйымдармен және индустриялық әзірленген элементтермен қаптау. Линолеум мен релиннен жасалған едендерді және полимер тақтайшалар, стандартты өңдеу бұйымдары және индустриялық әзірленген элементтерден жасалған едендерді ауыстыру және жөндеу. Ворсолин және кілем жабындардың құрылғысы. Спорттық имараттардағы тартан жабындардың құрылғысы. «Таркетт» тәрізді жабындардың құрылғысы. Қабырғаларға жоғары сапалы және ағаш тұсқағаздар, дерматин және т.б. өте жақын жапсыру. Төбелерге тұсқағаздар жапсыру.

Білуге тиіс. Синтетикалық қоспа әзірлеуде қолданылатын бояғыштардың қасиеті, синтетикалық қоспаның әртүрлі реңктерін алу үшін түстерді үйлестіру ережесі, қисық сызықты беттерді қаптаудың тәсілдері, жабындар мен қаптамаларды жөндеудің және ауыстырудың ережесі.

230. Синтетикалық материалдармен қаптаушы 6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тік цилиндрлі және сопақша беттерді синтетикалық материалдармен қаптауды белгілеу және құрылғысы. Цилиндр және сопақша үлгідегі үй-жайлардағы әшекейбедерлер, еденкемерлердің құрылғысы. Цилиндр және сопақша беттердің синтетикалық материал қаптамасын ауыстыру және жөндеу.

Білуге тиіс. Синтетикалық материалдармен қаптаманы белгілеудің тәсілдері, тік цилиндр және сопақша беттердің қаптамасын жөндеу және ауыстырудың тәсілдері.

Отқа берікші


231. Отқа берікші 2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Отқа берік және құрылыс ерітінділерді қолмен әзірлеу. Отқа берік және керамикалық кірпішті және талшықты материалдардың негізіндегі бұйымдарды сұрыптау. Отқа берік ұнтақтарды елеу. Әйнек қоспамен құмыралардың тосқауылдарын құйғаннан кейін сылау. Керамикалық кірпіштен жасалған сілемдер мен төсемдердің қаламасын аршу. Отқа берік кірпішті балшық пен ерітіндіден тазалау. Отқа беріктерді қатарға және табандықтарға қалап қатпарлау.

Білуге тиіс. Отқа беріктердің негізгі түрлері және сұрыптау ережесі, құрылыс және қарапайым отқа берік ерітінділерді әзірлеу тәсілдері, керамикалық кірпіштен аршу тәсілдері.

232. Отқа берікші 3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Керамикалық, жылу оқшаулағыш кірпіштерден және талшықты тақтайшалардан сілемдер және төселімдерді қалау. Қуыстарды еден тақтайларымен және шой таспен толтыру. Қаламаны ұнтақ тәріздес материалдармен, асбест картонмен және пілтемен оқшауландыру. Айналдырып қалау арқылы экран құбыржолдардың (қазандықтардың) өтетін жерлерін асбест пілтемен және мақта минералды тақтайшалармен оқшауландыру. Отқа берік ерітінділер (арнайы белгілерден басқа) мен ыстыққа төзімді бетондарды қолмен әзірлеу. Үлгілік отқа берік бұйымдарды (арнайы белгілерден басқа) қатарға қалап сұрыптау және таңбалау. Отқа берік кірпіштер мен үлгілік бұйымдардан (арнайы белгілерден басқа) қаламаларды аршу.

Білуге тиіс. Отқа берік ерітінділер және ыстыққа төзімді бетондарды әзірлеу тәсілдері, коалинді талшық негіздегі негізгі отқа берік материалдар, ерітінділер мен бұйымдардың түрлері және міндеті, отқа беріктердің сапасына нысаны және мөлшері бойынша қойылатын негізгі талаптар, отқа берік кірпіштерден қаламаларды аршу және үлгілік отқа берік бұйымдарды (арнайы белгілерден басқа) сұрыптау тәсілдері.

233. Отқа берікші 4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Керамикалық кірпіштен және турасызықты қабырғаларды талшықты тақтайшалардан және сілемдерді, төселімдерді, оттықтар мен саптамаларды отқа берік кірпіштерден қалау. Шахталық пештерді, шойынды балқыту құдықпештерді қалау және жөндеу. Керамикалық бұйымдарды күйдіруде арбашықтарды даярлау, оттықты отқа берік ерітінділермен майлау. Әйнек пісіретін және отқа күйдіру пештеріне және басқа пеш қондырғыларына қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу. Футерлеуде және ауаөткізгіштерді оқшаулап отқа берік қалау. Жылжымалы оттықтарды, табаларды, есіктерді, саңылауларды отқа берік бетондармен және оқшаулау қоспасымен толтыру. Көміртекті блоктар мен көміртекті қоспаларды әзірлеу. Ұяшықтарды, саптамаларды, ауа жылытқыштарды тазалау. Берілген құрам бойынша арнайы ерітінділер, (қышқылға берік, ыстыққа берік) бетондар және оқшаулау қоспаларын әзірлеу. Жазықтық бойынша кірпіш және көміртекті блоктарды қолмен құрастырып және қиюластырып жону. Арнайы белгілерден отқа берік үлгілік бұйымдарды сұрыптау, сыртқы түрі бойынша оларды жарамсыздыққа шығару. Арнайы белгілерден отқа берік қаламаларды аршу. Қазандықтарды оқшаулау, қазандық блоктарға бетон қосындыларды қалау. Қазандықтардың жеңіл гарнитурасын қондыру. Сыртқы бетті отқа берік құраммен торкреттеу.

Білуге тиіс. Үлгілік отқа берік және термооқшаулау бұйымдардың, көмір қышқылды және ыстыққа төзімді бетондардың, талшықты тақтайшалар мен ыстыққа төзімді бетондардың түрлері мен маркалары, оларды қабылдап алу және сақтау тәртібі, жылу өткізбейтін бетондардың түрлері мен маркалары, өндірістік пештердің элементтерін қалау сапасына қойылатын талаптар, отқа берік құрамды торкреттеу тәсілдері.

234. Отқа берікші 5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Регенераторлардың қабырғаларын кәдуілгі және үлгілік отқа берік кірпіштен қалау. Регенераторлардың және кокс камералардың аражабындарын қалау. Регенераторлар және ауа жылытқыштардың саптамаларын қалау. Арнайы мақсаттағы күмбездер, өтпелі каналдар және балқыту агрегаттарының басқа да бөлшектерін қалау. Есіктер мен тікқұбыржолдарды футерлеу. Керамикалық және жылу өткізбейтін кірпіштен қисықсызықты қабырғалар, күмбездер мен пештің аркаларын қалау. Отқа берік кірпіштен жапсарының қалыңдығы 2 мм-ге дейінгі жұмыс оттықтарын, пештің күмбездері мен аркаларын қалау. Ауа және газ құбыржолдарын отқа берік кірпішпен футерлеу. Оттықтар мен тұтандырғыш белдіктерді отқа берік етіп толтыру. Ыстыққа төзімді блоктардан өндірістік пештер құрылымының жиынтық элементтерін монтаждау. Қазандықтардағы күрделі шойын гарнитураны қондыру. Көмірқышқылды блоктардың арасындағы жапсарлар мен саңылауларды көмірқышқылды қоспамен толтыру. Көмір қышқылды қоспадан жасалған тегістеуіш қабатты төсеу. Домна пешінің түбіне ыстыққа берік ерітінді мен көмір қышқылды пастаны құю. Ішкі беттердің (реакторлардан басқа) отқа берік құрамын торкреттеу. Жазықтық бойынша үлгілік отқа берік бұйымдарды қолмен құрастырып жону. Отқа берік кірпіш пен көмірқышқылды блоктарды механизациялық өңдеу. Шілтерге, өтетін жолдарға отқа берік бұйымдарды қалау. Температуралық жіктердің көлденең және тік құрылғысы. Бетондық қоспаларды оттық қысым орындарына, экран (қазандықтар) құбыржолдарды бекіту белдіктеріне, жанасу орындарына қалау. Тығыздағыш сылақ және толтырылған қоспаны жағу.

Білуге тиіс. Отқа берік материалдарды өңдеуге арналған механизмдердің құрылғысы және пайдалану ережесі, өндірістік пештер мен қазандықтарды пайдаланудың шекті температурасы, сылақ пен толтырмалардың құрамы, өндірістік пештер мен қазандық агрегаттардың құрастырушы элементтерін сапалы қалауға қойылатын талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет