ұсақ жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
172. Білуі тиіс:
сары фосфорды өндірудің технологиялық процесін;
әр түрлі қуатты электр пештерінің құрылымын;
пеш тораптарының құрылысы мен өзара әрекеттесуін;
олардың электр энергиясымен, сумен, азотпен қуаттану сызбаларын;
фосфор өндірісі өнімдері мен шихта компоненттерінің физикалық- химиялық қасиеттерін;
балқыту өнімдерін пайдалану ережесін;
пештің өнімділігіне әсер ететін факторларды;
сынамалар алу ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
Параграф 3. Сары фосфорды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
173. Жұмыс сипаттамасы:
сары фосфорды алудың технологиялық процесін жүргізу;
технологиялық процесс параметрлерін реттеу: азот қысымын, буды, қысылған ауаны және басқаларды су беру;
электр сүзгілерде электродтардың қағу механизмінің жұмысын қадағалау;
барлық тораптардың және пеш агрегаттарының жұмысын автоматты реттеу;
қажет болған жағдайда автоматтыдан қолдық реттеуге көшу;
электр энергиясының өңделген пеші бойынша қож бен феррофосфорды шығару уақытын анықтау және оларды шығару жүрісін бақылау;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық режимнің бұзушылықтарын жою;
жұмсартылған су сорғысы тоқтаған жағдайда пештерді авариялы сумен қамтамасыз ету;
неғұрлым жоғары дәрежелі аппаратшыға, шеберге немесе диспетчерге құрал- жабдықтың жұмысындағы және технологиялық процестегі бұзушылық жағдайлары туралы дер кезінде хабарлау;
диспетчерге пеш жұмысы туралы деректерді жеткізу;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
неғұрлым жоғары дәрежелі аппаратшының немесе шебердің көрсетуімен пешті ауыстырып қосу;
авариялы жағдайлар кезінде– өз бетінше;
бақылау- өлшеу құралдарына және автоматты жүйелерге қызмет көрсету және баптау;
оларды жөндеуге қатысу.
174. Білуі тиіс:
сары фосфорды өндіру технологиясын;
автоматты жүйелер мен басқару пультының сызбаларын;
құрал- жабдықтың, бастапқы және екінші бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика жүйелерінің құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
электрлық айдау және конднсация процестерінің физикалық- химиялық негіздерін;
пештің, құралдардың, автоматика жүйелерінің жұмысындағы ақауларды және оларды реттеу ережесін;
коммуникациялардың және арматураның сызбасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 4. Сары фосфорды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
175. Жұмыс сипаттамасы:
сары фосфорды алудың технологиялық процесін жүргізу;
құралдар мен көзбен қадағалаулардың көмегімен шихталау барысын, шихтаны тиеуді, фосфорды тотықтыру мен айдауды, қож бен феррофосфорды шығаруды бақылау;
пештің жұмысын қадағалау;
шихтанің біркелкі түсуін, петің үйлесімді тоқтық тиелуін, пеш газдарын тазартудың және фосфор конденсациясының қажетті қойылатын шарттарын қамтамасыз ету;
басқа технологиялық параметрлерді қолдау;
процесс барысыны бұзушылықтарын және технологиялық тармақтағы құрал- жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою бойынша шаралар қабылдау;
пешті немесе бір электр сүзгіні тоқтатқан кезде тазарту мен жоспарлық-ескерту жөндеуге қауіпсіздік шараларының сақталуын бақылау;
қож бен феррофосфордың дер кезінде шығаруын қамтамасыз ету;
технологиялық процеске қызмет ететін аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру.
176. Білуі тиіс:
сары фосфор өндірудің технологиялық сызбасын және физикалық- химиялық қасиеттерін негіздерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
пешті қосу және тоқтату тәртібін;
технологиялық процестің мүмкін себептерін, туындау себептері мен оларды жою бойынша шараларды;
электр пеште барлық жұмыс орындарына қызмет көрсету ережесін;
дайын өнімге және шикізатқа қойылатын талаптарды.
177. Орта кәсіби білім қажет.
45. Сұйық тыңайтқыштарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Сұйық тыңайтқыштарды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
178. Жұмыс сипаттамасы:
сұйық тыңайтқыштарды өндірудің үздіксіз технологиялық процесін жүргізу: негізгі компоненттерді алу, араластыру, газ тәрізді аммиакты немесе қышқылдарды алу, оларды бейтараптандыруға беру, сұйық тыңайтқыштардың ерітінділерін алу және оларды берілген құрамға дейін химиялық тазартылған сумен немесе конденсантпен сұйылту, қалдық газдарды абсорбциялау, дайын өнімді сақтау және түсіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен технологиялық процестің барысын бақылау немесе микропроцессорлық техника негізінде жүйелердің көмегімен процесті басқару;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
оның жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.
179. Білуі тиіс:
сұйық тыңайтқыштар процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
процестің технологиялық параметрлерін және оларды реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Сұйық тыңайтқыштарды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
180. Жұмыс сипаттамасы:
сұйық тыңайтқыштарды өндірудің үздіксіз технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: негізгі компоненттерді алу, араластыру, газ тәрізді аммиакты немесе қышқылдарды алу, оларды бейтараптандыруға беру, сұйық тыңайтқыштардың ерітінділерін алу және оларды берілген құрамға дейін химиялық тазартылған сумен немесе конденсантпен сұйылту, қалдық газдарды абсорбциялау, дайын өнімді суыту және сақтай қоймасына жіберу, дайын өнімді сақтау және түсіру;
қажет болған жағдайда – сұйық тыңайтқыштарды өндірудің кез келген технологиялық процесін жүргізу;
автоматика құрылғыларының көмегімен технологиялық параметрлерді реттеу немесе микропроцессорлық техника негізінде жүйелердің көмегімен процесті басқару;
бақылау - өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының және микропроцессорлық жүйелердің жұмысын бақылау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында өнімнің шығымы мен сапасын бақылау;
есептеулерді жүргізу және тапсырмаларды түзету;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу.
181. Білуі тиіс:
сұйық тыңайтқыштар процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
182. Орта кәсіби білім қажет.
46. Контактілік массаны өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Контактілік массаны өндіру аппаратшысы, 5-разряд
183. Жұмыс сипаттамасы:
контактілік масса өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
негізгі ерітінділерді даярлау және тазарту;
шикізатты сілтіден айыру;
араластырғышқа компоненттерді есептеу және мөлшерлеу;
өнімді тұндыру;
реакцияның анықталған температуралық режимін ұстап тұру;
сынамалар алу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестің барысын бақылау;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды жою;
контактілік масса суспензиясын одан әрі өңдеуге тапсыру және оның өтуін бақылау;
реакторларға, сорғыларға, тельферерге, компрессорларға және басқа құрал- жабдықтарға, коммуникацияларға және арматураға қызмет көрсету;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;
аппаратура мен коммуникацияларға күрделі емес жөндеу орындау;
контактілік масса өндірісте жұмыс істейтін жұмысшыларға басшылық ету.
184. Білуі тиіс:
контактілік масса өндіру процесінің технологиялық сызбасын;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен техникалық пайдалану ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуі және пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.
47. Контактілік күкірт қышқылын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Контактілік күкірт қышқылын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
185. Жұмыс сипаттамасы:
контактілік күкірт қышқылын өндірудің технологиялық процестерін жүргізу. газды тазалау, күкірт ангидридін каталитикалық тотықтыру және абсорбциялау;
аккумуляторлық қышқыл алу процесін жүргізу, электр сүзгілерді шаю, түйістіруаппараттарды қыздыру;
тоқтатудан кейін жүйені қосу;
олеумның, кептіргіш, аккумуляторлық және реактивті қышқылдардың тұрақты концентрациясын қамтамасыз ету;
цистерналардың құйылуы мен төгуін, тоңазытқыштардың жұмысын және ағынды сулардың қышқылдығын бақылау;
дайын өнімды жинау және жіберу;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
186. Білуі тиіс:
күкірт қышқылы процесінің технологиялық сызбасын;
газдарды тазарту, ауаны кептіру, күкірт ангидридін каталитикалық тотықтыру және абсорбциялау процестерінің физикалық- химиялық негіздерін;
процестің технологиялық параметрлерін және оларды реттеу ережесін;
күкіртті және күкірт ангидридінің, күкірт қышқылының, олеумның, аккумуляторлық және реактивті қышқылдардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен техникалық пайдалану ережесін;
сынамалар алу ережесін;
процестерді қолмен реттеуден автоматтыға ауыстырып қосу тәсілдерін;
құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау ережесін.
Параграф 2. Контактілік күкірт қышқылын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
187. Жұмыс сипаттамасы:
контактілік күкірт қышқылы өндірісінің технологиялық процестерін жүргізу кезінде жұмыстарды бақылау және үйлестіру: шикізатты қабылдау, газды тазарту, ауаны кептіру, балқыту, күкіртті сүзу және өртеу; күкірт ангидридінің газын салқындату; каталитикалық тотықтыру; күкірт ангидридін абсорбциялау, күкірт қышқылын белгілі концентрацияға дейін жеткізу, дайын өнімді қоймаға жинау және жіберу;
технологиялық процесс нормаларынан ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
неғұрлым күрделі процестердің жүруіне басшылық ету: аккумуляторлық және реактивтік қышқылды, олеумды алу, электр сүзгілерді шаю, түйістіруаппараттарды қыздыру, тоқтатудан кейін жүйені қосу;
цистерналардың құйылуы мен төгілуін, тоңазытқыштардың жұмысын және ағынды сулардың қышқылдығын бақылау;
жоғары вольтты аппаратураны қосу және сөндіру;
контактілік массаны тиеуді, құрал- жабдықты жөндеуден қабылдауды бақылау.
188. Білуі тиіс:
шикізаттың әр түрлі түрлерінде күкірт қышқылын өндірудің технологиялық сызбаларын;
контактілік күкірт қышқылын, аккумуляторлық және реактивті қышқылдарды және олеумды өндірудің барлық сатылары бойынша процестің физикалық- химиялық қасиеттерін;
жоғары вольтты аппаратураны пайдалану ережесін;
дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.
189. Орта кәсіби білім қажет.
48. Қызыл фосфорды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Қызыл фосфорды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
190. Жұмыс сипаттамасы:
сары фосфорды қызылға қайта жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
сары фосфорды және суды берілген температураға дейін қыздыру;
балқытылған сары фосфорды аппараттарға (диірменге) құю;
жүк көтергіш механизмдердің көмегімен электромуфельдерде аппараттарды орнату;
шекті люктарда аппараттарды жабу;
цапфалардың астында біліктердің және мойынтіректерде доңғалақтарды тазарту;
суды құйып алу;
аппараттардың электромуфельдерден алу, салқындату;
сынамалар алу;
фосфорды сальниктік ысырмалардан сұрыптау және оны аппараттарға (диірменге) тиеу;
ыдысты шаю және азотпен үрлеу;
тазалау құрылғыларының жұмысын бақылау;
аппараттардан сары фосфордың буларын үрлеп шығару;
қайта жасау аппараттарына, электр муфельдеріне, көтергіш механизмдарына және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
сүйкелуші бөлімдерді және механизмдарды майлау.
191. Білуі тиіс:
сары фосфорды қызылға қайта жасаудың технологиялық сызбасын;
сары және қызыл фосфордың физикалық- химиялық қасиеттерін;
коммуникациялардың сызбасын;
бақылау- өлшеу құралдарын және жүк көтеретін машиналар мен механизмдерді пайдалану ережелерін.
Параграф 2. Қызыл фосфорды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
192. Жұмыс сипаттамасы:
сары фосфорды қызылға қайта жасаудың технологиялық процесін жүргізу;
сары фосформен аппараттарды (диірмендерді) электромуфельдердің ұяшығына орнатуды және аппараттарды қосуды басқару;
аппаратқа тиелген катализатордың мөлшеріне байланысты сары фосфордың қажетті мөлшерін есептеу;
технологиялық параметрлерді қамтамасыз ету: температураны, қысымды және басқаларын;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен аппараттарда фосфордың фазалық күйін және талдау деректері бойынша өнімнің дайындығын анықтау;
дайын өнімнің сапасын бақылау;
шекті аппараттардың, электромуфельдердің, азоттық клапанның, трубкалардың және диірмендерді үрлеуге арналған шлангілер мен бақылау қуыс бұрғысының істейтіндігін тексеру;
муфельдің электр қыздыруын қосу және ағыту;
диірмендердің айналу жылдамдығын реттеу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;
ұсақ жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу;
қызыл фосфор өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларға басшылық ету.
193. Білуі тиіс:
технологиялық сызбаны және оны реттеу ережесін;
құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
49. Кремний органикалық лактарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Кремний органикалық
лактарды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
194. Жұмыс сипаттамасы:
кремний органикалық лактарды дайындау және еріткіштерді регенерациялаудың технологиялық процесін жүргізу;
тұндырғыштарға лактарды тиеу;
еріткіштің мөлшерін есептеу;
еріткішті – шикізатты айдау кубтарына тиеу;
ылғал мөлшеріне сынамалар алу;
температуралық режимді, еріткіштің сапасын және мөлшерін бақылау;
еріткіштерді регенерациялау;
аппараттарға - еріткіштерге, тұндырғыштарға, аса жоғары центрифугаларға, өлшеуіштерге, ректификаттық бағаналарға және айдау кубтарына, ыдыстарға, сорғыларға және бақылау - өлшеу құралдарына, арматураларға және коммуникацияларға қызмет көрсету;
тұтынушыларға еріткіштерді ағызып беру;
құрал- жабдықты эмаль жабындарын жөндеу үшін арзамиттік жаққыштарды дайындау;
дайын өнімді есепке алу.
195. Білуі тиіс:
кремний органикалық лактарды дайындау және еріткіштерді регенерациялаудың технологиялық сызбаларын;
еріту тұндыру, тазарту, араластыру, центрифугалау процестерінің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
құрал- жабдықты, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
коммуникациялардың және арматураның сызбасын;
кремний органикалық лактарға және шикізатқа стандарттар және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Кремний органикалық
лактарды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
196. Жұмыс сипаттамасы:
кремний органикалық лактардың өндірісінде үздіксіз әдіспен технологиялық процестер кешенін жүргізу;
өлшеуіштерге шикізатты қабылдау;
реакциялық қоспаларды дайындау, компоненттердің берілген қатынастарын сақтаумен оларды реакторға мөлшерлеу;
қоспалардың согидролизі, кейіннен шаюмен алынған силанолды сепарациялау;
артық еріткішті айдау және оны регенерацияға тапсыру;
силанолды полиэфиром және шайырмен түрлендіру;
шайырды конденсациялау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында технологиялық процестердің барысын қадағалау;
температураны, қысымды, вакуумды және технологиялық процесс параметрлерін бақылау және реттеу;
талдауға сынамалар алу;
реакциялық қоспада негізгі фракцияның мөлшері ауытқыған кезде шикізаттың мөлшерін есептеу;
бұлғауыштармен эмальданған реакторларға, гидролизерлерге, конденсаторларға, тұндырғыштарға, сүзгілерге, мөлшерлегіштерге, қоймаларға, сорғыларға, коммуникацияларға, бақылау - өлшеу құралдарына және автоматика құралдарына қызмет көрсету;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
197. Білуі тиіс:
кремний органикалық лактардың өндірісінде үздіксіз әдіспен процестің технологиялық сызбасын;
гидролиз, конденсациялау процестерінің және басқаларының физикалық- химиялық негіздерін;
және оларды реттеу тәсілдерін;
құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын; есептеулер әдістемесін;
сынамалар алу ережесін; дайын өнімге және щикізатқа қойылатын талаптарды;
органикалық және бейорганикалық химияның негіздерін.
198. Орта кәсіби білім қажет.
50. Криолитті өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Криолитті өндіру аппаратшысы, 5-разряд
199. Жұмыс сипаттамасы:
криолит өндірісінің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: химиялық ерітінділерді дайындау, пісіру, сүзу және кептіру;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
технологиялық параметрлерді реттеу: температураны, қысымды, фторлы алюминий, фторлы натрий және криолит ерітінділерінің концентрацияларын, дайын өнімдегі ылғалдың берілген пайызын;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестердің барысын, өндірістің барлық сатыларында дайын өнімнің сапасы мен шығымын бақылау;
өнімнің дайындығын көзбен анықтау;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
реакторларға, сүзгілерге, компрессорларға, кептіргіш шнекпен пештерге қызмет көрсету;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;
криолит өндірісіне қызмет көрсететін жұмысшыларды басқару.
200. Білуі тиіс:
криолит өндірудің технологиялық процесінің сызбасын және оларды реттеу ережесін;
фторлы натрийдың, фторлы алюминийдың, криолиттың және технологиялық отынның физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен техникалық пайдалану ережесін;
дайын өнімге және шикізатқа қойылатын талаптарды.
51. Металл натрийді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Металл натрийді өндіру аппаратшысы, 4-разряд
201. Жұмыс сипаттамасы:
өндірістің барлық сатыларында сілті металдардың қалдықтарын қайта өңдеудің технологиялық процесін жүргізу: қалдықтарды балқыту сілтісіне және концентрацияланған сілті ерітіндісіне ауыстыру, парафинді тазарту, ерітінділерді сүзулер және ағарту, қалдық ағындарын айдап ағызу;
бақылау - өлшеу құралдарының жұмысын тексеру;
зертханалық талдау деректерінің негізінде сөндіруші реагенттердің (буды, суды, әлсіз сілті ерітіндісін, азотты) қажетті мөлшерін есептеу;
қалдық газдарды сілтілі аэрозольдерден және парафин буларынан тазарту жүйесінің, қондырғыларды гидроқатайту және уыту жүйелерінің жұмсын реттеу;
қалдықтарды қлшеудіжәне тиеуді бақылау;
бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша технологиялық процесті реттеу;
балқытылған сілтінің құйылуын бақылау;
механикалық қоспаларды жою және оны балқытылған парафиннан жою үшін қатты сілті ерітінділерін сүзу;
сілтілі ерітінділерді ағарту, негізгі заттың концентрациясын анықтау, сілтіні тұтынушыларға тапсыру;
екінші парафинды механикалық қоспалардан және сілтілі ерітінділерден тазарту;
құрал- жабдықты сілтілі металдардан тазартуды бақылау;
желдету жүйелеріне қызмет көрсету;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
құрал- жабдықты профилактикалық жөндеу;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
202. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
реагенттерді есептеу әдістерін;
сілтілі металдардың және олардың қалдықтарының физикалық- химиялық қасиеттерін;
сынамалар алу, көтеру- түсіру механизмдерін пайдалану ережесін;
жарылыс қауіпті өндірістерде жұмыс ережесін.
Сілтілі металдардың қалдықтарын қайта өңдеудің технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізген және неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен құрал- жабдықты сілтілі металдардан тазарту процесін жүргізген кезде - 3-разряд.
Параграф 2. Металл натрийді өндіру аппаратшысы, 5-разряд
203. Жұмыс сипаттамасы:
металл натрийды өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
жұмыс бөлімдерінің жұмысын бақылау және үйлестіру: электролизді, азотты балқытуды, сүзуді, тазалауды және кептіруді, дайын өнімді орауды;
балқымалар дайындау үшін қажетті компоненттердің мөлшерін есептеу;
процестің барлық сатыларында өнімнің шығымы мен сапасын бақылау және реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының деректері бойынша балқытқыштың, тұндырғыштың, сүзуші жүйелердің манометрлік және температуралық режимдерін автоматты реттеу жүйесін басқару;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу;
құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару;
оны жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
204. Білуі тиіс:
металл натрийі процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
коммуникациялар жүйесін;
коммуникациялар жүйесін;
есептеулер әдістемесін;
шикізаттың, материалдар мен дайын өнімнің компоненттердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін.
52. Мышьяк тәрізді тұздарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Мышьяк тәрізді тұздарды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
205. Жұмыс сипаттамасы:
мышьяк тәрізді тұздарды алудың технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: кальций арсенатын және арсенитін, натрий арсенитін, парижді көкті;
реакторда пульпаны буландыру және оны сүзгіге тапсыру;
тұнбаны сүзу және тазарту;
оны кептіргіш аппаратқа беру;
процесс барысын бақылау;
технологиялық параметрлерді реттеу: температураны, сиретуді, өнімдегі берілген ылғал пайызын, шикізатты және басқаларды тиеу уақытының интервалын;
салқындату, ұсақтау, себу;
сынамалар алу;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
бұлғауышпен және бумен жылытумен реакторларға, сорғыларға, сүзгілерге, кептіргіш барабандарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
оның жұмысындағы ақаулықтарды жою және ұсақ жөндеу жүргізу;
мышьяк тәрізді тұздарды өндіруге қызмет көрсететін жұмысшыларды басқару.
206. Білуі тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскенің технологиялық сызбасын;
мышьяк тәрізді тұздардың компоненттердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
сынамалар алу ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
53. Калий тотығын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Калий тотығын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
207. Жұмыс сипаттамасы:
калий тотығын өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
өнімді алудың барлық сатыларында параметрлерді бақылау және реттеу: калийді балқыту және сүзу; ауаны тазарту және кептіру, тотықтыру;
технологиялық ауаны процеске дайындау: оны механикалы қоспалардан, адсорбентті және көмірқышқыл газдан, онда ылғалдың қажетті микроконцентрациясын жасау, температура мен қысымды тұрақтандыру;
газ тәрізді оттегіні механикалық қоспалардан тазарту;
металл калийді дайындау сапасын бақылау;
зертханалық талдаулардың, бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің және есептеулердің негізінде тотықтырғыш- реакторлар және тотығу аймақтары бойынша технологиялық ауаны, газ тәрізді оттегіні және калийды реакторларға беруді реттеу;
тотықтырғыш- реакторлардың жұмысының манометрлік және температуралық режимдерін автоматты реттеу жүйесін басқару;
бақылау- өлшеу құралдарының деректері бойынша салқындату жүйесінің жұмысын реактор - тотықтырғыштардың және сүзуші жүйелердің жұмысын реттеу;
реактор - тотықтырғыштардың және кептіру блоктарының сүзгілерін регенерациялау процестерін жүргізу;
өнімді түсіруді бақылау;
талдауға сынамалар алу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмысын бақылау;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды жою;
калий тотығын өндіруде жұмыс істейтін персоналдың жұмысын басқару.
208. Білуі тиіс:
калий тотығын өндіру технологиясын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
коммуникациялар сызбасын;
шикізаттың, материалдардың және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
есептеулер әдістемесін;
жүк көтеретін механизмдер құрылғысын және оларда жұмыс істеу ережесін.
54. Бейтарап кремнегельді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Бейтарап кремнегельді өндіру аппаратшысы, 3-разряд
209. Жұмыс сипаттамасы:
бейтарап кремнегельді (белаксты) өндіру бойынша бүкіл жұмыстар кешенін орындау;
компоненттерді дайындау;
реакторға су беру, кремнегельді қолмен тиеу, араластыру;
содалы ерітіндіні даярлау;
пульпаны бейтараптандыру;
бейтараптанған пульпаны сүзу;
қысыммен бактан пульпаны пеш форсункасына беру;
өнімді кептіру;
құралдардың көмегімен және химиялық талдау нәтижелері бойынша құрал- жабдықтың жұмысын және өнімнің сапасын, технологиялық процестің барысын бақылау;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
реакторларға, сүзгілерге, қысым бактарға, сорғыларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға қатысу;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
210. Білуі тиіс:
бейтарап кремнегельді өндіру технологиясын;
кремнегельдің, содалы ерітіндінің және дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
55. Нитроаммофоски өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Нитроаммофоски өндіру аппаратшысы, 5-разряд
211. Жұмыс сипаттамасы:
нитроаммофоски алудың технологиялық процесін жүргізу;
азот және фосфор қышқылдарын, сұйық аммиакты және хлорлы калийды қабылдау және сақтау;
аммиак селитрасының балқымасын және аммоний фосфаттарының пульпасын алумен азот және фосфор қышқылдарын газ тәрізді аммиакпен бейтараптандыру;
амиакты селитрасын, аммоний фосфатын, сұйық аммиакты, хлорлы калийды және ретурді араластыру және бір уақытта нитроаммофоски алумен ұсақтау;
фосфор және азоттық қышқылдарын, аммиакты және хлорлы калийды беруді реттеу;
дайын өнімді кептіру, оны жіктеу және салқындату;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын бақылау;
сатураторларға, реакторларға, аммонизатор - ұсатқыштарға, кептіргіш барабандарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
қалдық газдарды тазарту;
дайын өнімді орау, сақтау және тиеу;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау.
212. Білуі тиіс:
нитроаммофоски процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Нитроаммофоски өндіру аппаратшысы 6-разряд
213. Жұмыс сипаттамасы:
нитроаммофоски өндірудің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты беруді, азот және фосфор қышқылдарын газ тәрізді аммиакпен бейтараптандыруды, аммоний фосфаттарының пульпасын және балқымасын хлорлы калиймен араластыруды; дайын өнімнің шығымын;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша өнімнің шығымы мен сапасын бақылау;
автоматты құрылғылардың көмегімен және қолмен процесс параметрлерін реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмысын бақылау;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеуді және есепке алуды жүргізу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
нитроаммофоски өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды, операторларды және басқа жұмысшыларды басқару.
214. Білуі тиіс:
нитроаммофоски процесінің технологиялық сызбасын;
процестердің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарын пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
215. Орта кәсіби білім қажет.
56. Регенеративті заттарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Регенеративті заттарды өндіру аппаратшысы 5-разряд
216. Жұмыс сипаттамасы:
регенеративті заттарды алудың технологиялық процесін жүргізу;
өндірістің барлық сатыларында технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу: шикізатты ұсақтауды, фракциялар бойынша жіктеуді және орталауды; негізгі материалдарды іріктеуді, түтуді және вакуум - термиялық өңдеуді, шихта дайындауды және сығымдауды, дайын өнімді термоөңдеуді;
бастапқы шикізат пен негізгі материалдарды талдаулардың негізінде регенеративті заттарды дайындау үшін есептеулер жүргізу;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды жою;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматты реттеу жүйелерінің жұмысын қадағалау;
дайын өнімді өлшеу;
құрал- жабдықты жөндеуге тапсыру және оны жөндеуден қабылдау;
регенеративті заттардың өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
217. Білуі тиіс:
технологиялық процесті;
регенеративті заттардың өндірісі үшін шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, жүк көтеру механизмдерінің, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын.
57. Силикагельдерді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Силикагельдерді өндіру аппаратшысы, 3-разряд
218. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен индикаторлық силикагельді алу процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;
силикагельді ылғалдандырғышқа тиеу және оны бумен өңдеу;
ылғалданған силикагелтді ваннаға беру;
оны қоспалардан тазарту, қышқыл тұзбен ағарту, тазарту және кептіру;
силикагельді импрегнаторлармен сіңдіру, кептіру және себу;
сынамалар алу;
құрал- жабдықты жөндеуге қатысу.
219. Білуі тиіс:
силикагельді өндірудің технологиялық процесін;
құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
сынамалар алу ережесін.
Параграф 2. Силикагельдерді өндіру аппаратшысы, 4-разряд
220. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен үздіксіз тәсіл кезінде силикагельдерді алу процесін жүргізу немесе кезеңдік тәсіл кезінде силикагельдерді алудың технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша технологиялық параметрлерді реттеу;
индикаторлардың ерітінділерін дайындау;
өнімді ылғалдандырудың берілген деңгейін, кептіру температурасын, өндірістің кезеңдік тәсілі кезінде елек құрамы, ылғал жұту және түсінің өзгеруі бойынша талаптарды қамтамасыз ету;
«Сіңдіргіш – кептіргіш» түрлі бағаналарда тазартуды, сіңдіруді, ылғалдандыруды, кептіруді жүргізу;
үздіксіз процестер кезінде ауа үрлегіштерге, вакуум - сорғыларға, ленталық конвейерлерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
дауын өнімді есепке алу;
өндірістің кезеңдік тәсілі кезінде силикагельдерді алуға қызмет көрсететін жұмысшыларды басқару.
221. Білуі тиіс:
силикагельдерді алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
силикагельдерді алудың кезеңдік тәсілінің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 3. Силикагельдерді өндіру аппаратшысы, 5-разряд
222. Жұмыс сипаттамасы:
өндірістің үздіксіз тәсілі кезінде силикагельдерді алудың технологиялық процесін жүргізу;
бастапқы және екінші импрегнаторларды құрастыру;
шикізат сапасына байланысты өндірістің технологиялық параметрлерін анықтау;
АСУ көмегімен процесті жүргізу;
ерітіндіні беруді автоматты реттеумен қалыпқа келтіру, гельді бағаналар қасбетінде эрлифтілік берумен және реагенттерді автоматты мөлшерлеп құюмен тазарту, өнімді кептіру, үздіксіз әрекет ету бағанасында сіңдіру;
сынамалар алу;
дайын өнімді, шикізат пен көмекші материалдарды есепке алу;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын бақылау;
өндірістің үздіксіз тәсілі кезінде силикагельдерді алуға қызмет көрсететін жұмысшыларды басқару және жұмысын үйлестіру.
223. Білуі тиіс:
технологиялық процесті және оның физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты техникалық пайдалану ережесін;
коммуникациялардың сызбасын;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
есептеулер әдістемесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
58. Күрделі-аралас минералды тыңайтқыштарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Күрделі-аралас минералды
тыңайтқыштарды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
224. Жұмыс сипаттамасы:
күрделі-аралас минералды тыңайтқыштарды өндірудің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты беруді; аммиакты селитрасының қорытпасын даярлқтары және карбамидты (несепнәрді) дайындауды, фосфор және күкірт қышқылдарын түтікті реакторда сұйық аммиакпен бейтараптандыруды, өнімді түйіршіктеуді және кептіруді, жіктеуді және ұсақтауды, дайын өнімді салқындатуды, майлауды және ұнтақ жағуды, қалдық газдарды тазартуды, дайын өнімді түсіруді;
тыңайтқыштардың шығарылымын бір маркадан екіншісіне аудару бойынша жұмыстарды үйлестіру;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында өнімнің сапасы мен шығымын бақылау;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеуді және есепке алуды жүргізу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындауды бақылау және оны жөндеуден қабылдау;
күрделі-аралас минералды тыңайтқыштардың өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды және аппаратшыларды басқару.
225. Білуі тиіс:
күрделі-аралас тыңайтқыштардың процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
226. Орта кәсіби білім қажет.
59. Сульфитті тұздарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Сульфитті тұздарды өндіру аппаратшысы, 3-разряд
227. Жұмыс сипаттамасы:
сульфитті тұздарды өндірудің жекелеген сатыларын жүргізу немесе натрий бисульфитінің өндірісіндегі барлық жұмыстар кешенін өз бетімен жүргізу;
содалы ерітіндіні дайындау, шиізатты тасу, аппараттарға жұмысшы ерітінділерді беру;
сорғыш мұнараларға, реакторларға, бейтараптандырғыштарға, кристаллизаторларға, центрифугаларға, желдеткіштерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамалар алу;
дайын өнімді орау және тиеу;
аппараттарды тазарту, жуу;
күрделі емес жөндеу орындау
228. Білуі тиіс:
өндіріс процесінің технологиялық сызбасын және процесс параметрлерін;
шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
сынамалар алу ережесін.
Параграф 2. Сульфитті тұздарды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
229. Жұмыс сипаттамасы:
өндірістің кезеңдік тәсілі кезінде сульфитті тұздарды алудың технологиялық процесін жүргізу;
күкірт ангидридін абсорбциялау, бисульфитті ерітіндіні сүзу, оның содалы ерітіндімен бейтараптандыру, кристаллдау, центрифугалау, кристалдарды кептіру, себу және дайын өнімді орау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша процестің барысын бақылау. Жұмыс ерітінділердің құрамдарын, газдардың қысымдарын, ерітінділерді беруді және барлықтардың процес сатыларында температуралық режимді реттеу;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
күрделі емес жөндеу орындау;
өндірістің кезеңдік тәсілі кезінде сульфитті тұздардың өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
230. Білуі тиіс:
сульфитті тұздар процесінің технологиялық сызбасын;
процестерді реттеу ережесін;
күкіртті натрийдың, соданың және басқа шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 3. Сульфитті тұздарды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
231. Жұмыс сипаттамасы:
өндірістің үздіксіз тәсілі кезінде сульфитті тұздарды өндірудің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты, соның ішінде қысылған ауаның көмегімен сода тасушы- цистерналардан соданы қабылдауды, сульфит – бисульфатты ерітіндіні алумен күкірт ангидридін абсорбциялауды, тұздардың ерітіндісін бейтараптандыруды, кристаллдауды, ФГН- 2001 маркаларының центрифугаларында центрифугалауды, қалдық газдарды абсорбциялаумен кристалдарды кептіруді, дайын өнімді түюді, орау және түсіруді;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
неғұрлым күрделі процестерді жүргізуді басқару: абсорбциялау – бейтараптандыру - кристаллдану – кептіру, тоқтатудан кейін жүйені қосуды;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында өнімнің сапасы мен шығымын бақылау;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процесс параметрлерінен ауытқулардың алдын алу және жою;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеуді және есепке алуды жүргізу;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындауды бақылау және оны жөндеуден қабылдау;
өндірістің үздіксіз тәсілі кезінде сульфитті тұздардың өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды және жұмысшыларды басқару.
232. Білуі тиіс:
өндірістің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
өндірістің барлық сатылары бойынша процестің физикалық- химиялық негіздерін;
құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
233. Орта кәсіби білім қажет.
60. Сульфомайларды және улы химикаттарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Сульфомайларды және улы
химикаттарды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
234. Жұмыс сипаттамасы:
сульфомайларды және улы химикаттарды алудың технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: ализаринды майды, «Монополь» майын, дегринді, хром майын, нафтен қышқылдарын және басқаларды;
шикізатты дайындауды және аппаратқа тиеуді, майлардың сульфиттеуді, тазартуды, бейтараптандыруды, дайын өнімнің сапасы мен шығымын бақылау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша технологиялық процестін барысын бақылау: химиялық ерітінділерді дайындау, тотықтыру, сульфиттеу, бейтараптандыруды;
қысымды, температураны, күкірт қышқылын және сілтіні беруді, қоспа құрамын, қышқылдардың және сілтілердің концентрациясын реттеу;
реакторларға, бейтараптандырғыштарға, тұндырғыштарға, сорғыларға, компрессорларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;
сульфомайлар және улы химикаттар өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
235. Білуі тиіс:
өндірітің технологиялық сызбасын және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
коммуникациялардың және арматураның сызбасын;
күкірт қышқылының, сілтінің және басқа шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
236. Орта кәсіби білім қажет.
61. Суперфосфатты өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Суперфосфатты өндіру аппаратшысы, 5-разряд
237. Жұмыс сипаттамасы:
суперфосфатты алудың технологиялық процесін жүргізу: шикізатты қабылдау және сақтау; фосфатты шикізатты қышқылмен ұсақтау; суперфосфатты тасу; бейтараптандыру; ұнтақтәріздіні ұсақтау және түйіршікті суперфосфатты кептіру; түйіршіктерді себу; ірі фракцияны ұсақтау, дайын өнімді тиеу; фтормөлшері бар газдарды абсорбциялау;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялық процестің барысын қадағалау;
құрал- жабдыққа қызмет көрсету;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.
238. Білуі тиіс:
ұнтақ тәрізді, түйіршіктелген және қос суперфосфатты өндіру процестерінің технологиялық сызбаларын және оны реттеу ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды, техникалық шарттарды.
Параграф 2. Суперфосфатты өндіру аппаратшысы, 6-разряд
239. Жұмыс сипаттамасы:
суперфосфат өндірісінде технологиялық процестерді жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты беру, фосфатты шикізатты қышқылмен ыдырату, суперфосфатты тасу, бейтараптандыру, ұнтақтәріздіні ұсақтау және түйіршікті суперфосфатты кептіру, түйіршіктерді себу, ірі фракцияны ұсақтау, дайын өнімді тиеу, фтормөлшері бар газдарды абсорбциялау;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында сапасы мен шығымын бақылау;
автоматика құралдарының көмегімен және қолмен процесс параметрлерін реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмысын қадағалау;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеуді және есепке алуды жүргізу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
суперфосфат өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
240. Білуі тиіс:
суперфосфат өндірісінің технологиялық сызбаларын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарын пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды, техникалық шарттарды.
241. Орта кәсіби білім қажет.
62. Термиялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Термиялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы, 3-разряд
242. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен фосфор ангидридін алудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу немесе термиялық әдіспен фосфор қышқылын өндіру бойынша жекелеген жұмыстарды орындау;
фосфорды балқытуға қатысу, буларды жағу;
фосфор ангидридін барабандарға тиеу, оларды дәнекерлеу және тасу;
фосфор қышқылын іріктеу, қалдық газдарды тазарту.
243. Білуі тиіс:
фосфор қышқылын термиялық әдіспен өндірудің негіздерін;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін;
улы және өздігінен жанатын өнімдерді тасу ережесін.
Параграф 2. Термиялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы, 4-разряд
244. Жұмыс сипаттамасы:
фосфор ангидридін өндірудің технологиялық процесін жүргізу немесе фосфор қышқылын термиялық әдіспен өндіру бойынша жұмыстар кешенін орындау;
фосфорлы су астында балқыту, балқытылған фосфорды оның үстіндегі су қабатына қысыммен беру, балқытылған фосфорды қысылған ауамен балқыту, фосфор буларын жағу, фосфорлық ангидридін кристалдау, фосфорлық қышқылының буларын гидратациялау, конденсациялау және тұндыру, қышқылды іріктеу және сүзу;
қалдық газдарды тазарту;
пештерге, гидратациялық және тазартатын мұнараларға, электр сүзгілерге, сорғыларға, желдеткіштерге, жинағыштарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
сынамалар алу;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау
245. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
процесс жүргізудің технологиялық параметрлерін;
құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
сынамалар алу ережесін;
шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
Параграф 3. Термиялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
246. Жұмыс сипаттамасы:
фосфорды балқыту, фосфорлы ангидридті кристалдау мен гидратациялау процестерін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша фосфор беруді, жағуды, фосфорлы ангидридтің гидратациясын және фосфор қышқылының буларының ұстап алуларын бақылау;
суландыру мұнарасына және өртеу камераларына түсетін газ температурасын, қышқылды құрау температурасын, су мен ауаның қысымын, фосфорды өртеу кезінде ауаны беруді, суарушы сұйықтықтардың мөлшері мен температурасын реттеу;
технологиялық режим нормаларынан ауытқулардың алдын алу және жою;
сынамалар алу;
термиялық фосфор қышқылының және фосфорлы ангидридтің өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
247. Білуі тиіс:
технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;
фосфордың, фосфор ангидридінің және фосфор қышқылының физикалық- химиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;
аппараттар мен механизмдерді қосу мен сөндіру реттілігін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
сынамалар алу ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
63. Тежегіштік сұйықтықты және антифриздарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Тежегіштік сұйықтықты
және антифриздарды өндіру аппаратшысы, 3-разряд
248. Жұмыс сипаттамасы:
бутил спирті (немесе изобутанол) және кастр майының негізінде тежегіштік сұйықтықтарды дайындау процесін жүргізу немесе гликольдер мен хлор органикалық шикізаттардың негізінде тежегіштік сұйықтықтар мен антифриздарды дайындау бойынша жекелеген жұмыстарды орындау;
шикізаттық компоненттерді және ыдысты тасу;
ыдысты дайындау: тазарту, буландыру, бояу;
шикізаттық компоненттерді өлшеу және аппараттарға тиеу;
массаны араластыру;
температуралық режимді бақылау;
сынамалар алу;
дайын өнімді құю;
ыдысты тығындау, этикеткаларды жапсыру, трафарет түсіру, биркалар ілу, өлшеу;
құрал- жабдықты тазарту және майлау.
249. Білуі тиіс:
тежегіштік сұйықтықтар процесінің технологиялық сызбасын;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
дайын өнім дайындау және тығындау ережесін.
Параграф 2. Тежегіштік сұйықтықты
және антифриздарды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
250. Жұмыс сипаттамасы:
қарапайым полиэфирлер мен хлор органикалық қосылыстардың гликольдарының негізінде тежегіштік сұйықтық пен антифриздарды дайындау процесін жүргізу;
массаны араластыру және жылыту;
температураны, шикізаттың енгізілетін компоненттерінің арақатынастарын және басқа параметрлерді бақылау және реттеу;
ыдыстардағы сұйықтықты өлшеу;
реакциялық массаны тұндыру және кейіннен сүзу;
араластырғыштарға, реакторларға, тұндырғыштарға, сүзгілерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
өнімді автоматтарда ұсақ ыдысқа құю;
тұтынушыға жіберу;
тиеу құжаттамасын дайындау;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
251. Білуі тиіс:
тежегіштік сұйықтық пен антифриздар процесінтің технологиялық сызбасын;
құрал- жабдықтың құрылысы мен пайдалану ережесін;
коммуникациялардың және арматураның сызбасын;
бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және пайдалану ережесін;
тұндыру және сүзу процестерінің физикалық- химиялық негіздерін;
оларды реттеу тәсілдерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды, техникалық шарттарды.
64. Фоспорды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Фоспорды өндіру аппаратшысы, 3-разряд
252. Жұмыс сипаттамасы:
мононатрийфосфаттан фоспорды өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
берілген рецептураға сәйкес компоненттерді мөлшерлеу;
негізгі ерітіндіні дайындау және тазалау;
ерітіндіні содамен бейтараптандыру;
динатрийфосфатты буландыру;
өнімді кристаллдау, тұндыру, сүзу;
динатрийфосфатты сумен араластыруымен фоспорды дайындау;
бақылау- өлшеу құралдары бойынша және көзбен өнімнің технологиялық режимі мен сапасының параметрлерінің сақталуын бақылау;
еріткіштерге, булағыш аппараттарға, тұндырғыштарға, сүзгілерге, сорғыларға, компрессорларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
технологиялық режим параметрлерінен ауытқулардың алдын алу және жою.
253. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен жартылай фабрикаттардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды, техникалық шарттарды.
65. Фосфор қосылыстарын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Фосфор қосылыстарын өндіру аппаратшысы, 3-разряд
254. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен фосфорлы кальцийді өндірудің технологиялық процесін жүргізу немесе бескүкіртті фосфорды өндіру бойынша жұмыстардың бүкіл кешенін жүргізу;
реакторларға тиеуге материалдарды дайындау;
реакторларға тиеу, оларды муфельдерге орнату және процесс аяқталғаннан кейін алу;
дайын өнімді ұсақтау;
оны реакторлардан түсіру және орау;
бөшкелердің фосформен жылытуды реттеу, ыдыста фосфорды шайқау;
бос ыдысты тазарту;
буландыру ванналарына, көтергіш құралдарға, ұсату құрылғыларына қызмет көрсету;
құрал- жабдықты жөндеуге қатысу.
255. Білуі тиіс:
қызмет көрсетілетін өндірістің технологиялық сызбасын;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын;
жүк көтеру механизмдеріне қызмет көрсету ережесін.
Параграф 2. Фосфор қосылыстарын өндіру аппаратшысы, 4-разряд
256. Жұмыс сипаттамасы:
цинк фосфиді мен фосфорлы кальций өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері, химиялық талдау нәтижелері және сыртқы белгілері бойынша процестің барысын бақылау;
сынамалар алу және химиялық талдаулар жүргізу;
температура режимін, газ бен будың қысымын реттеу;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
оған күрделі емес жөндеу орындау.
257. Білуі тиіс:
цинк фосфиді мен фосфорлы кальций процесінің технологиялық сызбасын; процестің физикалық- химиялық негіздерін;
технологиялық параметрлер және және оны реттеу ережесін;
сары фосфор мен басқа шикізаттың физикалық- химиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын.
Параграф 3. Фосфор қосылыстарын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
258. Жұмыс сипаттамасы:
цинк фосфиді мен фосфорлы кальцийді автоматтандырылған өндірістерде өндірудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, химиялық талдау нәтижелері бойынша параметрлерді реттеу және технологиялық құрал- жабдықтың жұмысын бақылау;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқулардың алдын алу және жою;
бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарын қарапайым қалпына келтіру;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтта өндірісінде жұмыс істейтін жұмысшыларды басқару.
259. Білуі тиіс:
цинк фосфиді мен фосфорлы кальцийдің автоматтандырылған өндірістерінің технологиялық сызбаларын;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
66. Фторлы алюминийді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Фторлы алюминийді өндіру аппаратшысы, 4-разряд
260. Жұмыс сипаттамасы:
фторлы алюминий өндірісінің технологиялық процесін жүргізу;
фторлы сутегілі қышқылды және алюминий тотығының гидратын қабылдау;
фторлы алюминий пульпасын алумен кремнефторлы сутегілі қышқылмен алюминий тотығының гидратын ыдырату, ленталық вакуум - сүзгіде пульпаны сүзу, кристаллизаторда негізгі ерітіндіні кристалдау, барабандық вакуум - сүзгілерде сүзу, кристалдарды қыздыратын пеште қыздыру, дайын өнімді тасу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестердің барысын қадағалау;
құрал- жабдыққа қызмет көрсету;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
261. Білуі тиіс:
фторлы алюминий процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Фторлы алюминийді өндіру аппаратшысы, 5-разряд
262. Жұмыс сипаттамасы:
фторлы алюминий өндірісінің технологиялық процестерін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: шикізатты қабылдау, кремнефторлы сутегілі қышқылмен алюминий тотығының гидратын ыдырату, пульпаны сүзу, кристалдау, барабандық вакуум - сүзгілерде сүзу, қыздыру және тасу;
технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
фторлы алюминий өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды басқару;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдауды бақылау.
263. Білуі тиіс:
фторлы алюминий өндірісінінің технологиялық процесін;
өндірістің барлық сатылары бойынша процестердің физикалық- химиялық негіздерін;
сынамалар алу ережесін;
дайын өнім мен шикізатқа қойылатын техникалық талаптарды.
67. Фторлы натрийді өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Фторлы натрийді өндіру аппаратшысы, 4-разряд
264. Жұмыс сипаттамасы;
фторлы натрий өндірудің технологиялық процестерін жүргізу бойынша жұмыстард үйлестіру: дәнекерлеу, еріту, центрифугалау;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
дозаланатын компоненттердің арақатынасы мен шикізат мөлшерін есептеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша процестің барысын бақылау;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату, оның жұмысын қадағалау және ақаулықтарды жою;
сынамалар алу және талдаулар жүргізу;
дайын өнімді есепке алу;
технологиялық журналда жазу жүргізу;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
265. Білуі тиіс:
фторлы натрий процесінің технологиялық сызбасын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының және бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын, техникалық пайдалану ережесін;
коммуникациялардың және арматураның сызбасын;
кремнефторлы натрийдың, кальцийленген соданың, фторлы натрийдың, майлайтын және басқа көмекші материалдардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
68. Хром қосылыстарын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Хром қосылыстарын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
266. Жұмыс сипаттамасы:
хром қосылыстарын өндірудің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру (хром ангидриды, калий және натрий бихроматы, натрий монохроматы, хром тотықтары): бейтараптандыру, ыдырату, тотықтыру, буландыру, кристаллдау, сүзу, центрифугалау, кептіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестердің барысын, дайын өнімнің шығымы мен сапасын, жартылай өнімдер мен өнімдерді басқа цехтерге беруді және қабылдауды бақылау;
химиялық теңдеулерді қолданумен есептеулерді орындау;
құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
хром қосылыстары өндірісінде өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды басқару.
267. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
шикізаттың физикалық- химиялық негіздерін және реттеу ережесін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды, техникалық шарттарды.
268. Орта кәсіби білім қажет.
69. Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
269. Жұмыс сипаттамасы:
экстракциялық фосфор қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу;
апатитті және күкірт қышқылын қабылдау және сақтау, реагенттерді экстракторға мөлшерлеу және апатитті концентратты күкірт қышқылымен ыдырату, фосфор қышқылын сүзу және концентрациялау, қатарлас- цехке кремнефторсутегі қышқылды беру және сақтау, фтор мөлшері бар газдарды абсорбциялау;
апатит және күкірт қышқылын беруді реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестердің барысын қадағалау және олардың параметрлерін реттеу;
экстракторларға, сүзгілерге, жинағыштарға, абсорберлерге және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
құрал- жабдықты қосу және тоқтату;
құрал- жабдықтың күйін қадағалау және ұсақ жөндеу;
экстракциялық фосфор қышқылының өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды және басқа жұмысшыларды басқару.
270. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
физикалық- химиялық негіздерін және процестерді реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
Параграф 2. Экстракциялық фосфор қышқылын өндіру аппаратшысы, 6-разряд
271. Жұмыс сипаттамасы:
экстракциялық фосфор қышқылын өндірудің технологиялық процесін жүргізу бойынша жұмыстарды үйлестіру: апатитті және күкірт қышқылын беру, реагенттерді экстракторға мөлшерлеу және апатитті концентратты күкірт қышқылымен ыдырату, фосфор қышқылын сүзу, фосфогипсті алып тастау, концентрациялау, қатарлас- цехке кремнефторсутегі қышқылды беруді және сақтауды бақылау, фтор мөлшері бар газдарды абсорбциялау;
қажет болған жағдайда - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында өнімнің сапасы мен шығымын бақылау;
атоматты құрылғылардың көмегімен және қолмен параметрлерді реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмысын қадағалау;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеуді және есепке алуды жүргізу;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау және жою;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындауды бақылау және оны жөндеуден қабылдау;
экстракциялық фосфор қышқылының өндірісінде жұмыс істейтін аппаратшыларды және жұмысшыларды басқару.
272. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
технологиялық параметрлерді және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
бақылау- өлшеу құралдарын және автоматика құралдарын пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
273. Орта кәсіби білім қажет.
70. Сілтілі металдарды тазарту аппаратшысы
Параграф 1. Сілтілі металдарды тазарту аппаратшысы, 3-разряд
274. Жұмыс сипаттамасы:
металл натрийдың (калийдың) қалдықтарын сөндіру процесін жүргізу;
сөнген қалдықты контейнерлерге тиу;
қалдықтарды тасу, оларды сөндіру;
ерітіндіні сарқып алу және оны бөшкелерге құю.
275. Білуі тиіс:
технологиялық сөндіру процесінің режимін;
металл натрийдың (калийдың), қалдықтың және каустиктың физикалық- химиялық қасиеттерін.
Параграф 2. Сілтілі металдарды тазарту аппаратшысы, 4-разряд
276. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен механикалық жетекпен рафинерлерде металл шикі- натрийды тазартудың технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша температураны, деңгейлерді және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;
пеште қалдықты араластыру, одан парафинды және металл натрийды алу;
қалдықты рафинерлерден вакуум – шөмішпен түсіру және оны екінші қайтара тазарту пешіне тиеу;
металл натрийды, қызыл каустикты қоймаға тасу, барабандарды және сауытқорамдарды- сақтау жеріне;
қызыл каустикпен барабандарды тазарту оларды қатарлап жинау;
пештердің электр қыздыруын, рафинерлердің ақаусыздығын, қалдықты тиеу үшін формалардың барын тексеру;
құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау;
технологиялық журналда жазу жүргізу;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау .
277. Білуі тиіс:
технологиялық тазарту процесі және оны реттеу ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын;
коммуникациялардың сызбасын;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін.
Параграф 3. Сілтілі металдарды тазарту аппаратшысы, 5-разряд
278. Жұмыс сипаттамасы:
механикалық жетекпен рафинерлерде металл шикі- натрийды тазартудың технологиялық процесін жүргізу;
шикі- натрийды бұлғауыштан қысылған азотпен рафинерлерге қысу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және зертханалық талдау нәтижелері бойынша температураны, деңгейлерді және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;
металл натрийға ыдысты дайындау және сапасын тексеру;
рафинерлерге және тазартылған ыдысқа құйылатын шикі- өнімнің деңгейін бақылау;
құрал- жабдықтың ақаусыздығын бақылау;
бақылау- өлшеу құралдарының жұмысын және желдету бөлімінің режимін реттеу;
талдау нәтижелері бойынша партияда жаңа өнімді жиынтықтау;
құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуге тапсыру және оны жөндеуден қабылдау;
шикізаттың шығыны мен дайын өнімнің шығымын есептеу;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жүргізу;
технологиялық журналда жазу жүргізу;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
279. Білуі тиіс:
технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
рафинерлер мен пештердің құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;
есептеулер жүргізу әдістемесін; көтеру- түсіру механизмдерін пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
71. Рекристалдау аппаратшысы
Параграф 1. Рекристалдау аппаратшысы, 4-разряд
280. Жұмыс сипаттамасы:
металл гидрототықты қалдықты кейіннен рекристалдаумен меншікті салмақтар бойынша жою әдісімен шикі- калийды қайта өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;
миксерлерді, электр пештерді, жинағыштарды және басқа құралдарды процеске дайындау;
айырбас аппаратынан калийды миксерге бұру және калийды металлгидрототықтыө қалдығынна бөлу және оны рекристалдау процестерін жүргізу;
технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу: температураны, негізгі заттың концентрациясын, азоттың шығыны мен қысымын, балқытылған өнімдердің деңгейлерін, қоспалардың концентрацияларын;
стандартты калийды жинағыштарға және сауытқорамдарға құйып алу;
сынамалар алу;
дайын өнімнің шығымын есептеу және оны тұтынушыларға беру;
құрал- жабдықтың жұмысындағы туындайтын ақаулықтарды және құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық режим параметрлерінен ауытқуларды жою;
көтеру- түсіру механизмдерінде жұмыс істеу;
миксерлерді сөндіру учаскесіне беру;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуге тапсыру және оны жөндеуден қабылдау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
281. Білуі тиіс:
технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, көтеру- түсіру механизмдерінің құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
дайын өнім мен материалдарға қойылатын техникалық талаптарды және стандарттарды.
72. Металл натрийді таңдаушы
Параграф 1. Металл натрийді таңдаушы, 4-разряд
282. Жұмыс сипаттамасы:
миксерлердің көмегімен электролизер жинағыштарынан металл натрийды таңдау процесін жүргізу;
миксерлерді, сифондарды, электрокарларды, жүк ұстайтын құралдарды және крандық магнитке қарсы таразыларды жұмысқа дайындау;
вакуумдық және азоттық коммуникацияларды, жинағыштарда натрийдың деңгейін, тұздық ысырмалардың, бекітпе арматуралардың, қақпандардың, бақылау - өлшеу құралдарының күйін тексеру;
өнімді тазарту бөліміне тасу;
таңдалған натрийды есепке алу және әрбір электролизерден тоқ бойынша оның шығымын есептеу;
вакуум- шөмішті және электрокараны жөндеуге тапсыру, оларды жөндеуден қабылдау;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;
электрокараға күрделі емес жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
283. Білуі тиіс:
металл натрийды алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
жүк көтеру механизмдеріне жұмыс жасау және ілмектеу ережелерін;
есептеулер әдістемесін;
электрокараның құрылысын және жүргізу ережесін.
73. Пакеттеуші тармақ операторы
Параграф 1. Пакеттеуші тармақ операторы, 5-разряд
284. Жұмыс сипаттамасы:
қатарды (пакетті) термоширататын қабыршаққа ораудың технологиялық процесін жүргізу;
қатарды (пакетті) қашықтан басқару пультынан айналдырып қою және бағытын өзгерту;
гидро- және пневоможүйелердің жұмысын бақылау;
дайын өніммен тиелген пакеттердің санын есепке алу;
пневмоэлектрлық сигнал құрылғылары бойынша құрал- жабдықтың жұмсындағы олқылықтарды анықтау және жою.
285. Білуі тиіс:
пакеттеуші тармақтағы қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен қызмет көрсету ережесін;
технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;
есепке алу ережесін;
шығарылатын өнімге талаптарды.
Параграф 2. Пакеттеуші тармақ операторы, 6-разряд
286. Жұмыс сипаттамасы:
қатарды (пакетті) қалыптастыру және оны термоширататын қабыршаққа ораудың, қабыршақты ширатудың, қатарды (пакетті) қашықтан басқару пультынан айналдырып қою және бағытын өзгертудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көмегімен температураны, қысымды, қабыршақты ширату және термопісіру уақытын бақылау және реттеу;
гидро- және пневоможүйелердің жұмысын бақылау;
дайын өніммен тиелген пакеттердің санын және термоширататын қабыршақтың шығынын есепке алу;
автоматты пакеттеуші тармақтың барлық өзара байланысты тармақтарының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларға басшылық ету.
287. Білуі тиіс:
пакеттеуші тармақтың технологиялық сызбасын;
құрал-жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен әрекет ету қағидасын;
автоматты тармаққа қызмет көрсету ережесін;
процестерді бұғаттау сызбасын;
технологиялық режим және оны реттеу ережесін.
74. Түйістіру аппараттарын қайта зарядтаушы
Параграф 1. Түйістіру аппараттарын қайта зарядтаушы, 3-разряд
288. Жұмыс сипаттамасы:
түйістіру аппараттарын жаңадан катализатормен қайта зарядтау;
вакуумның көмегімен аппараттан істеп болған катализаторды түсіру, оны ұсақтау, циклонға сору;
катализаторды циклоннан түсіру, бидондарға салу, үймеге тасу;
жаңа катализаторды қабылдау, онымен түйістіру аппаратының түтіктеріне біркелкі құю;
вакуум - сорғыларға, сүзгілерге, көтеру- түсіру механизмдеріне қызмет көрсету.
289. Білуі тиіс:
катализаторлардың түрлері;
олардың физикалық- химиялық қасиеттерін;
құрал- жабдықтың құрылысы мен қызмет көрсету ережесін;
катализаторды түсіру және ауыстыру тәсілдерін.
Параграф 2. Түйістіру аппараттарын қайта зарядтаушы, 4-разряд
290. Жұмыс сипаттамасы:
этилен өндірісінде түйістіру аппараттарын катализатормен қайта зарядтау;
катализатордың қажетті мөлшерін және оны тиеу қалыңдығын есептеу;
аппаратты салқындату, істеп болған катализаторды түсіру, тазарту;
жаңа катализаторды дайындау және оны аппаратқа тиеу;
аппаратты монтаждау және сығымдау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша аппаратта температураны және сығымдау кезінде азот қысымын бақылау;
түйістіру аппараттарына, коммуникацияларға, селитра ванналарына қызмет көрсету.
291. Білуі тиіс:
түйістіру аппараттарының құрылысы;
оларды қайта бөлшектеу тәсілдері;
катализаторларды түсіру және ауыстыру тәсілдері;
катализаторлардың физикалық- химиялық қасиеттерін және оларға техникалық талаптарды.
75. Металл натрийді кесуші
Параграф 1. Металл натрийді кесуші, 3-разряд
292. Жұмыс сипаттамасы:
металл натрийды бөліктерге кесу;
оны қоймадан тасу;
металл натриймен барабандарды ашу және оны жетектік пышақтың көмегімен кесу;
қажет болған жағдайда – металл натрийдың бөлшектерін арнайы бидондарға салу, оларды тығыз тығындау, өлшеу, таңбалау және цехке - тұтынушыға жеткізу;
жұмыс процесінде туындайтын олқылықтардың алдын алу және жою;
металл натрийдың кіріс - шығыс есебін жүргізу;
қайтару ыдысын залалсыздандыру.
293. Білуі тиіс:
металл натрийдың физикалық- химиялық қасиеттерін;
пышақтың құрылысын және оны пайдалану ережесін;
есеп жүргізу ережесін.
76. Сынап жинаушы
Параграф 1. Сынап жинаушы, 2-разряд
294. Жұмыс сипаттамасы:
арнайы ағындардың тартпаларын тазарту;
қондырғылардан, едендерден, тартпалардан сынап пен қалдықты жинау;
сынапты баллондарға құю;
баллондарды сақтау жеріне тасу;
қақпандардың, вакуумдық және абгаздық қондырғылардың, сілтілі және сутегі тоңазытқыштардың жұмысын қадағалау.
295. Білуі тиіс:
жұмыстарды жүргізу ережесін.
77. Пакеттерді қалыптаушы
Параграф 1. Пакеттерді қалыптаушы, 3-разряд
296. Жұмыс сипаттамасы:
пресс- формаларды жинауға дайындау;
пластиналарды жуатын бөлімшеден тасу, оларды белгіленген тәртіпте жинау столына қою, пресс-формалар мен бөлшектерді – кептіргіш шкафтан;
пресс- формаларды белгілі реттілікпен жинау;
жиналған пресс-формаларды шихтамен толтыру үшін беру;
металл пластиналардың сапасын бақылау;
пресс- формалардың пластиналары мен бөлшктерін гигроскопиялық ылғалдан және магнезиямен ыдырау өнімдерінен тазарту;
оларды жуу және кептіргіш шкафта кептіру;
кептірудің температуралық режимін реттеу.
297. Білуі тиіс:
пресс- формаларды жинау ережесін;
металл пластиналардың сапасын бақылау тәсілдерін;
кептірудің температуралық режимін және оны реттеу ережесін;
металл пластиналарға және жиналған пресс-формаларға қойылатын талаптарды.
Параграф 2. Пакеттерді қалыптаушы, 4-разряд
298. Жұмыс сипаттамасы:
пакеттерді пресс-формаларға қалыптау;
жиналған пресс-форманы қабылдау, оны діріл столдың плитасына орнату;
пресс- форманы жұмысқа дайындау;
шихтаның імектерді ілу;
пресс- форманы дірілді қосумен шихтамен толтыру;
құралдың көмегімен шихтаны пресс- форманың бүкіл периметріне және ұяшықтарына біркелкі бөлу;
шихтаны амплитуданы реттеудің жартылай автоматты жүйесінің және діріл жиілігінің көмегімен тығыздау;
бірінші пакетті сығымдағаннан кейін бүкіл периметрі бойынша пластиналардың қалыңдығын өлшеу;
пластиналарлың салмағын тексеру;
қажет болған жағдайда – жаңа ілмек пен тарақты таңдап алу;
құрал- жабдыққа профилактикалық жөндеуді орындау;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
шихтаның шығынын және алынған пакеттердің санын есепке алу.
299. Білуі тиіс:
қалыптау процесін;
қолданылатын материалдардың қасиеттерін;
ілмектерді іріктеу ережесін;
діріл амплитудасы мен жиілігін реттеу тәсілдерін;
қалыпталатын бұйымдарға техникалық талаптарды.
Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктік аныктамалығының
(25-шығарылым) қосымшасы
Достарыңызбен бөлісу: |