Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты


құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау



бет2/6
Дата15.06.2016
өлшемі0.69 Mb.
#136845
1   2   3   4   5   6

құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшыларды басқару.

40. Білуі тиіс:

концентрациялау технологиясын;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;



азот және күкірт қышқылдарының, табиғи газдың (мазуттың) технологиялық қасиеттерін;

талдаулар және есептеулер жүргізу әдістемесін;

концентрацияланған қышқылдарға қойылатын техникалық талаптарды;

процестің физикалық- химиялық қасиеттерін.

Параграф 4. Қышқылдарды концентрациялау аппаратшысы, 6-разряд


41. Жұмыс сипаттамасы:

тұзды ректификациялау әдісімен әлсіз азот қышқылын концентрациялау мен жоғары қысымды автоклавтарда тура синтез әдісімен концентрацияланған азот қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу;

процесте жұмыс істейтін жұмысшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша реакциялық және қорғанс стақандардың күйін, желдету газдарында оттегінің мөлшерін, қысылған оттегінің, азот қышқылын, суды беруді және қысымын бақылау және реттеу;



автоклавтарды үрлеудің ұзақтығын анықтау;

автоклавтардың, ректификациялау бағаналарының және басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау, жөндеуге тапсыру және оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

42. Білуі тиіс:

концентрациялау процесінің технологиялық сызбасын және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;



белгі беру және блоктау сызбаларын;

концентрацияланған азот қышқылы мен басқа өнімдердің технологиялық қасиеттерін; талдаулар және есептеулер жүргізу әдістемесін;

концентрацияланған азот қышқылына қойылатын техникалық талаптарды.

43. Орта кәсіби білім қажет.

7. Ашудастарды бояу аппаратшысы


Параграф 1. Ашудастарды бояу аппаратшысы, 3-разряд
44. Жұмыс сипаттамасы:

ашудастарды бояу процесін жүргізу;

ашудастарды өлшеу, оларды астауға төгу;

корунд түрлері бойынша бояғыштардың қажетті мөлшерін есептеу;

бояғыштарды қосу және ашудастарды қолмен (күрекшемен) араластыру;

ашудастарды араластырғышқа тиеу және түсіру;

оқбақырларды боялған ашудастармен толтыру;

оларды пешке тиеу және түсіру;

ашудастарды араластыру және бояу деңгейін көзбен бақылау;

бояғыштардың шығынын есепке алу;

араластырғыштарды қосу және тоқтату;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу.

45. Білуі тиіс:

технологиялық процесті;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмыс қағидасын;

ашудастардың, бояғыштардың, корундтың физикалық- химиялық қасиеттерін;

есептеулер жүргізу әдістемесін;

негізгі материалдарға және дайын өнімге қойылатын талаптарды.

8. Оксимирлеу аппаратшысы


Параграф 1. Оксимирлеу аппаратшысы, 3-разряд
46. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен оксимирлеу технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

циклогексанонды және гидроксиламинсульфатты реакциялық қоспаға беру;

қоспаларды араластыру және бөлінген күкірт қышқылын аммиакпен бейтараптау;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша процестің параметрлерін бақылау және реттеу;

оксиматорларға, нейтрализаторларға, сорғылар мен басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;



олардың жұмысын бақылау;

құрал- жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды анықтау.

47. Білуі тиіс:

оксимирлеу процесінің технологиялық сызбасын және физикалық- химиялық қасиеттерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбаларын;

гидроксиламинсульфаттың, циклогексанонның, циклогексаноноксимның, аммиактың физикалық- химиялық қасиеттерін;



сынамалар алу ережесін.

Параграф 2. Оксимирлеу аппаратшысы, 4-разряд


48. Жұмыс сипаттамасы:

оксимирлеу технологиялық процесін жүргізу;

циклогексаноноксимге реакциялық қоспаны және аммоний сульфатының ерітіндісін бөлу;

циклогексаноноксимды аммоний сульфатының ерітіндісінен циклогексанонмен экстракциялау;

кептірілген циклогексанон-оксимды және аммоний сульфатын одан әрі өңдеуге беру;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша циклогексанон мен гидроксиламинсульфаттың шығындарын, реакциялық массаның температурасын, ерітінділердің концентрациясын, РН-ортаны; деңгейлерді және басқа көрсеткіштерді бақылау және реттеу;

оксиматорларға, кептіргішке, экстракторға, тұндырғыштарға, бақылау- өлшеу құралдарына және коммуникацияларға қызмет көрсету;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жүргізу;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

49. Білуі тиіс:

оксимирлеудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбаларын;

гидроксиламинсульфаттың, циклогексанонның, циклогексаноноксимның, аммиактың физикалық- химиялық қасиеттерін;



сынамалар алу ережесін және талдаулар жүргізу әдістемесін;

процестің физикалық- химиялық қасиеттерін.

Параграф 3. Оксимирлеу аппаратшысы, 5-разряд


50. Жұмыс сипаттамасы:

оксимирлеу технологиялық процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен және бақылау талдауларының нәтижелері бойынша процесс параметрлерін, жартылай өнімдердің шығымы мен сапасын бақылау және реттеу;

берілетін компоненттердің арақатынасын (гидроксиламинсульфаттың және циклогексанонның) есептеу;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының, коммуникациялардың және арматураның күйін қадағалау;

қажет болған жағдайда автоматты басқарудан қолмен басқаруға көшу;

жекелеген аппараттарға және оксимирлеу сатысының механизмдеріне қызмет көрсету;

құрал- жабдықтың жұмысында олқылықтарды анықтау және оларды жою.

51. Білуі тиіс:

оксимирлеудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;

есептеулер әдістемесін; циклогексаноноксимға қойылатын техникалық талаптарды;

коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбаларын;

негізгі материалдарға және дайын өнімге қойылатын талаптарды.

9. Корунд кристалдарын күйдіру аппаратшысы


Параграф 1. Корунд кристалдарын күйдіру аппаратшысы, 4-разряд
52. Жұмыс сипаттамасы:

корунд кристалдарын күйдірудің технологиялық процесін жүргізу;

корунд кристалдарын тиеу үшін пеш пен контейнерлерді дайындау;

кристалдарды өлшеу, тасу және тиеу;

бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен бақылаудың көмегімен температураны, тоқ күшін, суды салқындатушы жүйеге беруді реттеу;

электр пештерінің, вакуум-сорғылардың және олармен байланысты электр құралдары мен аспаптардың жұмысын қадағалау;

кристалдарды пештен түсіру;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға дайындау;

Құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау.

53. Білуі тиіс:

корунд кристалдарын күйдіру технологиясын;



қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;

күйдірілетін өнімге қойылатын талаптарды.

10. Шикі қоспаны дайындау аппаратшысы


Параграф 1. Шикі қоспаны дайындау аппаратшысы, 5-разряд
54. Жұмыс сипаттамасы:

тура синтез әдісімен концентрацияланған азот қышқылының өндірісінде берілген құрамның шикі қоспасын дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

жұмыс қоспасының құрамын есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының, көзбен бақылаудың көмегімен және талдау нәтижелері бойынша берілетін компоненттердің концентрациясы мен арақатынасын, жинағыштар мен бұлғауыштарда деңгейді, азоттың сұйық тотықтарын және суды беруді, жұмыс қоспаны және ағарған қышқылды - әлсіз азот қышқылы цехына, флегманы – нитроолеум жинағышына шайқауды және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;



сынамалар алу және бақылау талдауларын жүргізу;

араластырғыш- бұлғауыштардың, ортадан тебетін сорғылардың, жинағыштар мен басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтардың жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты қосуға және тоқтатуға, жөндеуге дайындау, оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

55. Білуі тиіс:

жұмыс қоспасын дайындаудың технологиялық процесін және оны реттеу ережелерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;

дозаланатын компоненттердің және алынған қоспаның физикалық- химиялық қасиеттерін;

есептеулер әдістемесін;

жалпы химия негіздерін.

11. АГ-тұзды өндіру аппаратшысы


Параграф 1. АГ-тұзды өндіру аппаратшысы, 3-разряд
56. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен АГ-тұзды алудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша аппараттарда температураны, жылытуға түсетін будың қысымын, АГ-тұздың ерітіндісін сүзуді және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықтарды қосуға және тоқтатуға қатысу;

оны жөндеуге дайындау.

57. Білуі тиіс:

АГ-тұзды алудың технологиялық процесін;



құрал- жабдықтың және бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс қағидасын;

коммуникацияның және бекітпе арматураның сызбасын;

шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін.

Параграф 2. АГ-тұзды өндіру аппаратшысы, 5-разряд


58. Жұмыс сипаттамасы:

гексаметилендиаминды адипин қышқылымен бейтараптандыру, кристалдау, сүзу және оны кептіру әдісімен АГ-тұзды алудың технологиялық процесін жүргізу;

процеске қызмет көрсетумен айналысатын неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша, көзбен жинағыштарға және реакторға компоненттерді дозалауды, РН- ортаны, буландырғышта және вакуум кристаллизаторда вакуумды, АГ-тұздың ерітіндісін сүзуді, сүзгі түтіктерінен активтелген көмірді алып тастауды және оны түсіру шнегімен дозалауды және басқа параметрлерді бақылау және реттеу;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдықтың, автоматика құралдарының және бақылау- өлшеу құралдарының жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау;

аппараттарды жөндеу мен тазартуды бақылау;

құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау.

59. Білуі тиіс:

АГ-тұзды алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін; құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялар және арматура сызбасын;

адипиндік қышқылының, гексаметилендиаминның, азоттың, ауаның, активтенген көмірдің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

процестің физикалық- химиялық негіздерін;

жасалатын өнімге қойылатын талаптарды.

12. Адипин қышқылын өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Адипин қышқылын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
60. Жұмыс сипаттамасы:

мыс- ванадий катализаторды қатыстырумен қысыммен азот қышқылымен циклогексанолды тотықтыру әдісімен адипин қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу;

өндірістің әр түрлі бөлімдерін бақылау және үйлестіру (реактордың, катализатор дайындаулар, центрифуганың, вакуум - кристаллдаудың, кептіргіштің, азот қышқылын концентрациялаудың);

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша қысымды, температураны, вакуумды, компоненттердің дозаларын, кристалдардың ылғалдылығын, шикізаттың сапасын және басқа параметрлерді бақылау және реттеу;



қызмет көрсетілетін бөлімдердің іске қосуы мен тоқтатуын басқару;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

61. Білуі тиіс:

адипин қышқылын алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

дикарбон қышқылдардың, циклогексанның, азоттық қышқылдарының және оның тотықтарының, адипиндік қышқылдың физикалық- химиялық қасиеттерін;

есептеулер әдістемесін; өнімге талаптарды.

13. Адипонитрилды өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Адипонитрилды өндіру аппаратшысы, 4-разряд
62. Жұмыс сипаттамасы:

АГ- тұз бен аммиак суын жасауға арналған катализаторды (силикагельде фосфор қышқылын) қатыстырумен адипин қышқылы мен аммиакты өзара әрекеттестіру арқылы адипонитрилды алудың технологиялық процесін жүргізу;

адипин қышқылы мен амииакты реакциялық кубтарға салу;

адипонитрилды айдау бағанашығында тазарту;

таза адипонитрилды кристалдау;

ыстық гидротәріздес кубтық қалдықтарды барабандарға құю және оларды үймеге тасу;

реакторларға, айдау бағаналарына, кристаллизаторларға, центрифугаларға, сүзгілерге, сорғыларға, жылу айырбастаушыларға, тоңазытқыштарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;

сынамалар алу және талдаулар жүргізу;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

63. Білуі тиіс:

адипонитрилды алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

адипин қышқылдарының, адипонитрилдың және аммиактың физикалық- химиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

Параграф 2. Адипонитрилды өндіру аппаратшысы, 5-разряд


64. Жұмыс сипаттамасы:

адипонитрилды алудың технологиялық процесін жүргізу және неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен қадағалаудың көмегімен қашықтан буландырғыш мен реактордағы айналым газының температурасы мен қысымын, сұйық аммиактың шығынын, компоненттердің дозаларын, вакуумды, концентрациялауды және процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

реакторларды, сүзгілерді, сорғыларды, жылу айырбастаушыларды, тоңазытқыштарды және басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтарды қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау.

65. Білуі тиіс:

адипонитрилды алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

адипиндік қышқылдардың, адипонитрилдың, аммиактың, сутегінің технологиялық қасиеттерін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды.

14. Аммиак селитрасын өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Аммиак селитрасын өндіру аппаратшысы 5-разряд
66. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 500 мыңға дейін т. қосынды өнімділікпен өндірістерде аммиак селитрасы өндірісінің технологиялық процесін жүргізу;

технологиялық процеске қызмет көрсетумен айналысатын неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

азот қышқылының, аммиактың және аммиак селитрасын алу үшін қажетті қоспалардың мөлшерін есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша;

өндірістің барлық сатылары бойынша технологиялық процестің параметрлерін бақылау және реттеу: шикізаттың шығынын; деңгейлерді; әлсіз азот қышқылын, аммиакты, қоспаларды, буды, суды, май қышқылдарын, парафинды берулерді және басқа параметрлерді;



қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының және коммуникациялардың күйін тексеру;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару;

құрал- жабдықты жөндеуді бақылау және жөндеуден қабылдау, оның жұмысындағы ақауларды жою.

67. Білуі тиіс:

аммиак селитрасын өндірудің технологиялық процесін және оның физикалық- химиялық негіздерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

аммиактың, әлсіз азот қышқылының, қоспалардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

есептеулер әдістемесін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Аммиак селитрасын өндіру аппаратшысы, 6-разряд


68. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 500 мың т. және одан жоғары қосынды өнімділікпен өндірістерде немесе жылына 450 мың т. бірлік қуатымен агрегаттарға қызмет көрсету кезінде аммиак селитрасы өндірісінің технологиялық процесін жүргізу;

компоненттердің мөлшерін есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатыларында технологиялық процестің параметрлерін бақылау және реттеу;



процестің әр түрлі сатыларында бақылау талдауларын жүргізу;

құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының және коммуникациялардың күйін тексеру;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару;

жөндеуден қабылдау;

технологиялық процесс параметрлерінен ауытқулардың себептерін анықтау және жою;

құрал- жабдықтың және коммуникацияның жұмысындағы ақаулықтарды жою.

69. Білуі тиіс:

аммиак селитрасын өндіру технологиясын;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

дабыл қағу және бұғаттау сызбаларын;

аммиактың, әлсіз азот қышқылының, қоспалардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

бақылау талдауларын жүргізу және есептеулер әдістемесін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды.

70. Орта кәсіби білім қажет.

15. Диметилтерефталатты өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Диметилтерефталатты өндіру аппаратшысы, 6-разряд
71. Жұмыс сипаттамасы:

диметилтерефталатты өндірудің технологиялық процестерін жүргізу: параксилолды ауамен тотықтыру, этерификациялау, метанолды тазарту, шикі эфирді және диметилтерефталатды дисталляциялау, екі есе қайта кристаллдау , қосымша өнімдерді шығаруларды, дайын өнімді өлшеп орауларды, кубтық қалдықтарды өртеулерді, катализаторларды рекуперациялау және дайындауды. неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

процестің барлық сатылары бойынша компоненттердің мөлшерін және жүктемені есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша процесс параметрлерін бақылау және реттеу: диметилтерефталаттың мөлшерін, түсті санды, кристаллдану температураларын, қышқылды санды, переэтерификация деңгейін, шайылу сандары, күлдің, темірдің ұшатын қоспаларының, фосфордың, азоттың мөлшерін, қысымды, деңгейлерді, шикізат пен электр энергиясының шығынын, параксилолды, метанолды, ацетаткобальтты, май қышқылдарын, кокс майларын, улы калийды, мәрмәрдән істелген үгінділерді, майларды, мобильтермды -600, активтенген көмірді берулерді;



құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару;

құрал- жабдықты, бақылау- өлшеу құралдарын, автоматика құралдарын және коммуникацияларды жөндеуді бақылау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

72. Білуі тиіс:

диметилтерефталатты алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

өнімдердің, жартылай фабрикаттардың және өндіріс процесінде алынатын және қолданылатын химикаттардың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.

73. Орта кәсіби білім қажет.


Параграф 2. Дициандиамидты өндіру аппаратшысы, 5-разряд
74. Жұмыс сипаттамасы:

кальций цианамидінің тұзын кейіннен сүзумен, карбондаумен және оны дициандиамидке полимерлеумен кальций цианамидін гидролиздау арқылы дициандиамидты алудың технологиялық процесін жүргізу;

дициандиамидты өндіру процесіне қызмет көрсететін неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының көмегімен, сондай-ақ талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша газдың қысымын, ерітіндінің сілтілігін, цианамидты пульпаның температурасын, полимерлену деңгейлерін, газ, суды, циандиамидты пульпаны және аммиакты суды беруді бақылау және реттеу;



бақылау- өлшеу құралдарының диаграммалық көрсеткіштерін қайта есептеу;

карбонизаторларды, полимеризаторларды, буэжекциялық қондырғыны, сорғыларды және басқа қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтарды қосуды және тоқтатуды басқару;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, автоматика құралдарының және коммуникациялардың күйін тексеру;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

75. Білуі тиіс:

дициандиамидты өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

кальций цианамидінің және дициандиамидтың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;



дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды, есептеулер жүргізу әдістемесін;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

16. Калий селитрасын өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Калий селитрасын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
76. Жұмыс сипаттамасы:

натрий селитрасынан және хлорлы калийдан конверсиялық әдіспен және хлорлы калий мен кальций нитраты ерітінділерінен катиондық алмасу әдісімен калий селитрасын өндірудің технологиялық процесін жүргізу;

калий селитрасын өндіру процесіне қызмет көрсететін неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бастапқы жатырлық ерітіндінің қоспаларын есептеу;



бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен қадағалау көрсеткіштері бойынша өндірістің барлық сатылары бойынша технологиялық процестің параметрлерін бақылау және реттеу: шикізат және электр энергиясының шығынын, буды және суды берулерді, жатырлық ерітінді шайқалтуларын, будың қысымын, ерітінді температураларын, натрий (кальций) селитрасы және хлорлы калийдың арақатынастарын және басқа параметрлерді;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және коммуникациялардың күйін тексеру;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау ;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

77. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және коммуникациялардың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

калий селитрасының және хлорлы калийдың физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;



дайын өнімге қойылатын талаптарды;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

17. Корундты өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Корундты өндіру аппаратшысы, 3-разряд
78. Жұмыс сипаттамасы:

неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен кристалдау аппараттарының сутегі- оттегі жалынында жасанды корундтарды алудың технологиялық процесін жүргізу;

кристалдау аппараттарын жұмысқа дайындау;

ұнтақты және қыш өнімдерді тасымалдау;

ұнтақтың сапасын тексеру;

корундтың түріне байланысты стақандарды (жанарғыларды) бояғыштың қоспаларымен (хром, темір, никель, титан, ванадий тотықтары) алюминий тотығының ұнтағымен толтыру және оларды кристаллизациялық аппараттарға құю;



бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен қадағалаудың көмегімен сутегі мен оттегінің қысымы мен шығынын, азоттың болуын бақылау және реттеу;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

79. Білуі тиіс:

процестің технологиялық параметрлерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

компоненттердің физикалық- химиялық қасиеттерін.

Параграф 2. Корундты өндіру аппаратшысы, 4-разряд


80. Жұмыс сипаттамасы:

жасанды корунд алудың технологиялық процесін жүргізу;



бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен қадағалаудың көмегімен шикізаттық компоненттерді беруді, аппараттағы шырақты ортаға кетіруді; сутегі мен оттегінің қысымы мен шығынын; алюминий тотығының ұнтағының ерітілген қабатының диаметрін бақылау және реттеу;

кристалдау аппараттарына және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;

олардың жұмысын қадағалау;

кристалдарды суыту және аппараттан түсіру;



құрал- жабдықты қосу және тоқтату;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын басқару және үйлестіру.

81. Білуі тиіс:

корундты өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

компоненттердің технологиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге стандарттар мен техникалық шарттарды.

Жоғары күрделілікті аппараттарда ерекше жауапты монокристалдарды өсіру бойынша жұмыстарды орындау кезінде - 5-разряд

18. Несепнәр өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Несепнәр өндіру аппаратшысы, 6-разряд
82. Жұмыс сипаттамасы:

барлық сатылар бойынша несепнәр өндірісінің технологиялық процесін жүргізу: қысыммен көміртегі қос тотығын және аммиактан несепнәрсі синтездеу, несепнәр ерітіндісін дисталляциялау және булау, несепнәрдің концентрацияланған ерітінділерін құрғақ тұзға қайта өңдеу;

технологиялық процесті жүргізумен айналысатын неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

аммиактың және көміртегі қос тотығының арақатынастарын, аммоний карбонатының несепнәрге айналу деңгейін, дисталляциялаудан кейін несепнәр мен аммиактың мөлшерін, фракциялау бағанашығын суаруға аммиак суының шығынын есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен және талдау нәтижелері бойынша процестің технологиялық параметрлерін: синтез бағаналарында және танкілерде қысымды, будың, сұйық аммиактың шығынын, аммиак пен будың температурасын, аммиак пен азотты танкілерге беруді, цистерналардан аммиакты құюды, дайын несепнәрдің сапасын және басқа параметрлерді бақылау және реттеу ;

синтездеу, тазарту, сүзу, булау, кристаллдау, ұсату, орау бөлімдерінің құрал- жабдықтарын қосуды және тоқтатуды басқару;



құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды жою;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

83. Білуі тиіс:

несепнәр өндірісінің технологиялық процесін және физикалық- химиялық негіздерін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

дабыл қағу және бұғаттау сызбаларын;

процесті реттеу ережесін;

қолданылатын компоненттердің және олардың қоспаларының технологиялық қасиеттерін, есептеулер әдістемесін;

дайын өнімге қойылатын техникалық талаптарды.

84. Орта кәсіби білім қажет.

19. Натрий нитраты мен нитритін өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Натрий нитраты мен нитритін өндіру аппаратшысы, 5-разряд
85. Жұмыс сипаттамасы:

әлсіз азот қышқылы мен нитраттық сілтілерден азот тотықтарын сілтілік сіңіру арқылы сілтілік абсорбциялау сілтілерінен натрий нитраты мен нитритін алудың технологиялық процесін жүргізу;

технологиялық процесті жүргізумен айналысатын неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен және талдау нәтижелері бойынша барлық сатылары бойынша процестің технологиялық параметрлерін бақылау және реттеу: булау, кристалдау, центрифугалау, кептіру, натрий нитратында хлоридтардың мөлшерін, булағыш аппараттардағы температураны, будың қысымын, деңгейлерді, вакуумды, сілтілер мен буды беруді, жас сілтілерді басқылауды және басқа параметрлерді;

сынамалар алу;

нитритті жатырлықты абсорбциялық бөлімге қайтарудың дұрыстылығын анықтау;

қышқыл сілтілерді бейтараптандыру үшін қажетті су мөлшерін есептеу;

булағыш аппараттарды, кристаллизаторларды, центрифугаларды, сорғыларды, желдеткіштерді және қызмет көрсетілетін басқа құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

олардың жұмысын қадағалау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

аппараттарды тазарту;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

86. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысын;

натрий сілтілерінің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

сынамалар алу ережесін;

талдаулар және есептеулер жүргізу әдістемесін талдау;

процестің физикалық- химиялық негіздерін;

шығарылатын өнімге стандарттарды.

20. Нитрофоски өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Нитрофоски өндіру аппаратшысы, 6-разряд
87. Жұмыс сипаттамасы:

нитрофоски алудың технологиялық процесін жүргізу;

процесті жүргізумен айналысатын неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

азот қышқылының және апатиттың, күкірт қышқылы мен аммиактың арақатынастарын есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, сондай-ақ талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша өндірістің барлық сатылары бойынша технологиялық процестің параметрлерін бақылау: ыдырату, араластыру, аммонизациялау, кептіру, ұсату, салқындату, себу, ұсақтау, дайын өнімді орау және түсіру, өнімде ылғалдың және негізгі заттың мөлшерін, шикізат пен электр энергиясының шығынын; буды, суды, азот қышқылдарын, апатитты, фосфор қышқылдарын, аммиакты және хлорлы калийды беруді, қысымды, температураны және басқа параметрлерді;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды және жөндеуге дайындауды басқару: шнек - араластырғыштарды, мөлшерлегіштерді, тасығыштарды, аммондау реакторларын, бұлғауыштарды, реакторларды, кептіргіш және салқындатушы барабандарды, оттықтарды, гүрсілдерді, шнектерді - ұсатқыштарды және басқа құрал- жабдықтарды;

құрал- жабдықты жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, автоматика құралдарының және коммуникациялардың күйін тексеру;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау;

технологиялық журналда жазу жүргізу

88. Білуі тиіс:

нитрофоски өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның, дабыл қағу және бұғаттау сызбаларын;

нитрофоскидің, азот және күкірт қышқылдарының, аммиактың технологиялық қасиеттерін;



есептеулер жүргізу әдістемесін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды.

89. Орта кәсіби білім қажет.

21. Аммоний сульфатын өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Аммоний сульфатын өндіру аппаратшысы, 4-разряд
90. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 25 мың т. дейін өнімділікпен қондырғыда аммоний сульфатын алудың технологиялық процесін жүргізу;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу: температураны, қысымды, ерітіндінің концентрациясын; тұзды, бу мен ауаны центрифугаға беруді; сілтілердің деңгейлерін және басқаларды. Қондырғының жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу орындау.

91. Білуі тиіс:

аммоний сульфатын алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

шикізат пен дайын өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;

шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.

Параграф 2. Аммоний сульфатын өндіру аппаратшысы, 5-разряд
92. Жұмыс сипаттамасы:

жылына 25 мың т. және одан жоғары өнімділікпен капролактам өндірісінен аммоний сульфатының әлсіз ерітінділерінен кристалдық аммоний сульфатын алудың технологиялық процесін жүргізу;

процесте жұмыс істейтін неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын бақылау және үйлестіру;

бақылау- өлшеу құралдарының, аналитикалық бақылаудың көрсеткіштері, көзбен қадағалау нәтижелері бойынша технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу: ерітіндінің температурасын, қысымды, ерітінді концентрацияларын, деңгейді, шығынды және булағыш аппараттардың басқа жұмыс параметрлерін, кристаллизаторларды, центрифугаларды, кептіргіштерді, сорғыларды, қоюландырғыштарды, тасығыштарды, ыдыстық жабдықтауларды, құбырларды;

дайын өнімді бақылау және түсіру;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

булағыш аппараттарды, кристаллизаторларды, центрифугаларды, кептіргіштерді, сорғыларды, қоюландырғыштарды, тасығыштарды және қызмет көрсетілетін басқа құрал- жабдықты қосу және тоқтату;

құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының, бекәтпе және реттеуші арматураны, құбырлардың күйін тексеру;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

93. Білуі тиіс:

аммоний сульфатын алудың технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

шикізат пен дайын өнімнің қасиеттерін, дайын өнімге қойылатын талаптарды.

22. Фенилметилуретиланды өндіру аппаратшысы


Параграф 1. Фенилметилуретиланды өндіру аппаратшысы, 6-разряд
94. Жұмыс сипаттамасы:

шаю, кептіру, кристалдау процестерінің, анилинмен метилхлорформиатты конденсациялаумен фенилметилуретиланды алудың технологиялық процесін жүргізу;

сода ерітіндісінде негізгі зат пен қоспалардың концентрациясын есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен, талдау және көзбен қадағалау нәтижелері бойынша процесс параметрлерін бақылау және реттеу: реакциялық қоспаныжәне суды салқындауға беруді, субы реакторларға жылытуға беруді; содалы ерітіндінің концентрациясын; ұстау уақыттарын және басқа параметрлерді;

бақылау талдаулар жүргізу;

конденсациялау реакторларының, қорытпа бөлгіштерінің, кептіргіштердің, тоңазытқыш - конденсаторлардың, кюльвалецтердің, қақпандардың және қызмет көрсетілетін басқа құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;



құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

95. Білуі тиіс:

фенилметилуретиланды өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

содалы ерітіндінің, анилинның, эфир мен метилхлорформиаттың физикалық- химиялық қасиеттерін;

талдаулар және есептеулер жүргізу әдістемесін;

шығарылатын өнімге талаптарды.

23. Цианийлік металдарды өндіру аппаратшысы
Параграф 1. Цианийлік металдарды өндіру аппаратшысы, 5-разряд
96. Жұмыс сипаттамасы:

цианийлік металдардың өндірудің технологиялық процесін жүргізу;

процесте айналысатын жұмысшылардың жұмысын үйлестіру;

компоненттердің қажетті мөлшерін есептеу;

бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша процестің барлық сатылары бойынша (синтездеу, сору, сүзу, кептіру және басқалар) параметрлерді бақылау және реттеу: пульпада нілдегіш қышқыл концентрацияларын, сору деңгейлерін, будың қысымын және оның реакторға берілін, ауа және компоненттердің беруін, реактордағы вакуумды, сорылудан кейін пульпадағы нілдегіш қышқылдың артығын және басқа параметрлерді;

сынамалар алу және талдаулар жүргізу;

еріткіштердің, реакторлардың, нутч - сүзгілердің, сорғылардың, желдеткіштердің, электротельфердің және қызмет көрсетілетін басқа құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

97. Білуі тиіс:

цианийлік металдарды өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

коммуникациялардың және арматураның сызбасын;

негізгі компоненттердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

талдаулар және есептеулер жүргізу әдістемесін;

дайын өнімге қойылатын талаптарды;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

24. Монокристалдар өсіру үшін жабдықтар даярлаушы


Параграф 1. Монокристалдар өсіру үшін жабдықтар даярлаушы, 4-разряд
98. Жұмыс сипаттамасы:

корунд қалдықтарынан қыш өнімдерді дайындаудың технологиялық процесін жүргізу;

қалдықтарды іріктеу;

компоненттердің қажетті мөлшерін есептеу;

корундты ұсақтау және елеу;

корунд шихтасын дайындау;

қыш өнімдерді формалау, кептіру және жоғары температуралық күйдіру;

ұсақтау және уату ұзақтығын, кептіру және күйдіру температурасын, сондай-ақ процестің басқа параметрлерін бақылау және реттеу;

өнімдерді салқындату, пештен түсіру, оларды сорттау;

уатқыштың, дірілелектің, араластырғыштың, жұмыр диірмендердің, күйдіру пештерінің және басқа құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;

құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;

құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау;

технологиялық журналда жазу жүргізу.

99. Білуі тиіс:

технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;

қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

компоненттердің физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;

есептеулер жүргізу әдістемесін;

дайын өнімге стандарттар мен техникалық шарттарды;

процестің физикалық- химиялық негіздерін.

25. Катализатор торларын орнатушы


Параграф 1. Катализатор торларын орнатушы, 4-разряд
100. Жұмыс сипаттамасы:

концентрацияланбаған азот қышқылының өндірісінде контактілік аппараттардың катализатор торларын алу және орнату;

катализатор торларының күйін қадағалау, регенерациялау және оларды жөндеу;

катализатор щаңының қалдығын жинау;

көзбен қадағалау және қолмен реттеу арқылы жылытылатын қышқылдың температурасын, торлардың беттерін тазартудың және тесудің сапасын бақылау;

платина ұстағыштарды құрастыру және сұрыптау;

контактілік аппараттарды, әуедегі сүзгілерді және коммуникацияларды жуу және тазалау.

101. Білуі тиіс:

контактілік аппараттардың және әуе сүзгілердің құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;

азот тотықтарын алудың технологиялық процесін;

тұз қышқылы мен сутегінің негізгі қасиеттерін;

контактілік аппараттар мен әуе сүзгілеріне қойылатын талаптарды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет