3. «Негізгі химиялық өндірістер»
26. Десублимациялау аппаратшысы
Параграф 1. Десублимациялау аппаратшысы, 3-разряд
102. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен гексахлорэтанды десублимациялау технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;
камерадан десублимацияланған өнімді түсіру;
бейтараптандыруға тасымалдау;
камераларды, абгаздық коммуникацияларды тазарту;
абгаздарды тазарту қондырғысына әк сүтін беру;
игерілген әк сүтін ауыстыру;
десублимациялық камераларға, абсорбциялық бағаналарға, ортадан тебетін сорғыларға қызмет көрсету.
103. Білуі тиіс:
қызмет көрсетілетін учаскеде құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
шикізаттың және десублимацияланған өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
өнімді камералардан түсіру ережесін;
камералар мен коммуникацияларды тазарту ережесі мен тәсілдерін.
Параграф 2. Десублимациялау аппаратшысы, 4-разряд
104. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен десублимациялау технологиялық процесін жүргізу;
бу тәрізді шикізатты десублиматорға беру, техникалық сумен суыту, гексахлорбензолды құрғақ қысылған азотпен үрлеу;
шаятын абсорбциялық бағаналарда абгаздарды ұстау және тазарту. Бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша температураны, қысымды, вакуумды, су шығынын және ауаны бақылау;
десублимациялау аппараттарына, сорғыш бағаналарға, шнектерге, элеваторларға, автоматтыларды таразыға, газүрлеуіштерге, бақылау - өлшеу құралдарына қызмет көрсету.
105. Білуі тиіс:
процестің технологиялық сызбасын;
десублимациялау процесін;
шикізаттың және десублимацияланған өнімнің физикалық- химиялық қасиеттерін;
құрал- жабдықтың жұмыс істеу қағидасын;
бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану ережесін.
Параграф 3. Десублимациялау аппаратшысы, 5-разряд
106. Жұмыс сипаттамасы:
десублимациялау технологиялық процесін жүргізу - өнімді бу тәрізді күйінне қатты фазаға ауыстыру арқылы өнімді бөлу;
бу тәрізді шикізатты (гексахлорэтанды, гексахлорбензолды) десублиматорларға беруді реттеу;
гексахлорэтанның буларын сұйық хлормен немесе вакуумдағы сұйық көмірқышқылмен, гексахлорбензолды – аппаратқа салқын суды берумен десублимациялау;
десублимацияланған өнімді хлордан және хлорды сутегіден құрғақ ауамен десорбциялау;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша температураны, қысымдарды, вакуумды, судың және ауаның шығынын бақылау және реттеу;
дайын өнімнің сапасын көзбен және зертханалық талдаулардың деректері бойынша бақылау;
әртүрлі жүйелердің десублимациялау аппараттарына, шнектерге, элеваторларға, автоматты таразыларға, сорғыш және тазартатын бағаналарға, циклондардың, газүрлеуіштерге, ортадан тепкіш сорғыларға, бақылау - өлшеу құралдарына қызмет көрсету;
басқа өндірістік учаскелермен жұмысты үйлестіру;
неғұрлым төмен біліктілікті аппаратшылардың жұмысын басқару;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
107. Білуі тиіс:
десублимациялау технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бекітпе арматураның құрылысын;
бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін;
оларға қойылатын талаптарды.
27. Имидирлеу аппаратшысы
Параграф 1. Имидирлеу аппаратшысы, 5-разряд
108. Жұмыс сипаттамасы:
дифенилгуанидин өндірісінде технологиялық процесті жүргізу;
шикізаттың мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу;
десульфураторды, қорғасын глетті және этил спиртін реактор-имидаторға тасу және тиеу;
массаны араластыру, реакциялық массаны аммиакпен қанықтыру;
тиокарбанилидты тиеу;
реакциялық массаны қыздыру, реакторға ыстық суды беру;
температуралық режимді ұстау;
бақылау- өлшеу құралдарының және көзбен қадағалаудың көмегімен процестің барысын бақылау;
сынамалар алу және және талдаулар жүргізу;
дайын өнімді сүзуге тапсыру;
жоғары қысыммен жұмыс істейтін реактор – имидаторларға, өлшеуіштерге, бақылау - өлшеу құралдарына, коммуникацияларға, көтеру- тасу механизмдеріне және басқа құрал- жабдыққа қызмет көрсету;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
109. Білуі тиіс:
имидирлеу технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың және бекітпе арматураның құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
сынамалар алу және талдаулар жүргізу ережесін;
есептеулер әдістемесін;
қысыммен жұмыс істейтін құрал- жабдыққа қызмет көрсету ережесін.
28. Түйістіру аппаратшысы
Параграф 1. Түйістіру аппаратшысы, 5-разряд
110. Жұмыс сипаттамасы:
экстралин өндірісінде түйістіру технологиялық процесін жүргізу;
шикізаттың мөлшері мен дайын өнімнің шығымын есептеу;
анилин мен метанолдың қоспаларын қысымды өлшеуіштерге қабылдау;
катализаторды түйістіру аппаратының түтіктеріне тиеу;
түйістіру аппаратын жылу тасушы жоғары органикалық булармен жылыту;
анилин мен метанолдың қоспаларын реакцияға мөлшерлеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көмегімен және талдау нәтижелері бойынша технологиялық режимнің параметрлерін реттеу: температураны, қысымды, аппараттардың қуаттану жылдамдықтары және басқаларын;
бу газ қоспасын конденсациялау мен вакуум айдаудың келесі сатыларын тапсыру;
өңделген катализаторды регенерациялау, түсіру және ауыстыру;
өнімдердің жану процесін қадағалау; регенерациялау кезінде катализаторда шайырлану;
талдауға сынамалар алу;
технологиялық процес нормаларынан ауытқулардың себептерін және құрал- жабдықтың жұмысындағы олқылықтарды жою;
жоғары қысыммен жұмыс істейтін түйістіру аппараттарына, өлшеуіштерге, сорғыларға, бақылау - өлшеу құралдарына қызмет көрсету;
құрал- жабдықтар мен коммуникациялардың герметикалығын бақылау;
қосу алдында құрал- жабдықты нығыздау;
даутермнің жұмыс бөлімдерін басқару;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
111. Білуі тиіс:
экстралин процестің технологиялық сызбасын;
анилин мен метанолдың қоспаларын түйістіру процесін және оны реттеу тәсілдерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімнің физикалық - химиялық қасиеттерін; сынамалар алу ережесін;
есептеулер жүргізу әдістемесін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды;
органикалық химия негіздерін.
29. Нитроздық процестің аппаратшысы
Параграф 1. Нитроздық процестің аппаратшысы, 3-разряд
112. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын алудың технологиялық процесінің жекелеген сатыларын жүргізу;
пеш бөлімінен газды қабылдау, суарушы қышқылдардың құрамдары мен концентрацияларын ұстап тұру үшін қажетті мөлшерде нитроз бен суды беру;
талдауға қышқылдардың сынамаларын алу;
қышқылдардың және дайын өнімнің нитроздылығы мен тығыздығы өлшеу;
дайын өнімді жинағыштарға тарату;
тұтынушыларға қышқылды шайқап шығару;
мұнараларға, жинақтарға, коммуникацияларға техникалық қызмет көрсету;
құрал- жабдықты жөндеуге қатысу;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
113. Білуі тиіс:
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;
күкірт газының, күкірт және азот қышқылдарының физикалық- химиялық қасиеттерін;
газ, қышқылдық және су коммуникацияларының сызбаларын;
процестің негіздерін.
Параграф 2. Нитроздық процестің аппаратшысы, 4-разряд
114. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу;
пеш бөлімінен газды қабылдау, суарушы қышқылдардың құрамдары мен концентрацияларын ұстап тұру үшін қажетті мөлшерде нитроз бен суды беру;
талдауға қышқылдардың сынамаларын алу;
суарушы қышқылдардың температурасын, тығыздықтарын, нитроздылығын, мөлшерін реттеу;
көзбен шолу арқылы және бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіштерінің көмегімен шашыратушы құрылғылардың жұмысын, жүйеге газ түсуін, оның концентрациясын, температурасын және әрбір мұнарадан шығу жерінде сиреуін бақылау;
күкірт ангидридін нирозбен жұтылу және тотығу, нитрозды азоттың тотықтарынан босатуды (денитрация), газдық фазада азот тотығының оттегімен тотығу және оның күкірт қышқылымен жұтылу процестерін реттеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша орнында немесе қашықтан күкірт газының тотығу жылдамдығын, күкіртті ангидридінің абсорбциясын реттеу;
технологиялық процестің параметрлеріне сәйкес тығыздықты, қышқылдардың және газдың температурасын, қалдық газдардағы азот тотықтарының пайыздық арақатынасын қамтамасыз ету;
сынамалар алу және талдаулар жүргізу;
құрал- жабдықтың жұмысын қадағалау;
құрал- жабдыққа, арматураға және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау.
115. Білуі тиіс:
мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын және жұмыс істеу қағидасын;
коммуникациялардың сызбасын;
бақылау- өлшеу құралдарын пайдалану ережесін сынамалар алу ережесін;
талдаулар жүргізу әдістемесін;
күкіртті ангидридының, күкірт және азот қышқылдарының физикалық- химиялық қасиеттерін;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
Параграф 3. Нитроздық процестің аппаратшысы, 5-разряд
116. Жұмыс сипаттамасы:
мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу және құрал- жабдық тәулігіне 400 т дейін қышқылды өндірген кезде процеске қызмет көрсетуге жұмыстарды үйлестіру;
мұнараға берілетін су мен қышқылдың және жасап шығарылатын қышқылдың мөлшерін есептеу;
кестелер, графикалар мен монограммалар бойынша циркуляциялықжәе өнімдік қышқылдардың мөлшерін анықтау;
газдың температурасы мен бүкіл жүйеде таратылуын және дайын өнімнің сапасын бақылау.
117. Білуі тиіс:
мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
күкіртті ангидридтің, күкірт нитрозасының және азот қышқыдарының физикалық- химиялық қасиеттерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын;
коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын.
Параграф 4. Нитроздық процестің аппаратшысы, 6-разряд
118. Жұмыс сипаттамасы:
мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын алудың технологиялық процесін жүргізу;
құрал- жабдықтың тәулігіне 400 т қышқылдан артық өнімділігі кезінде процеске қызмет көрсетуге жұмыстарды бақылау және үйлестіру;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестің барысын бақылау;
газдың температурасы мен бүкіл жүйеде таратылуын, тоңазытқыштардың күйлерін, мұнаралардың тозаңдату құрылғыларының жұмыстарын, құрал- жабдықтың герметикалығын және сорғылардың коммуникацияларын бақылау;
құрал- жабдықты қосуды және тоқтатуды басқару;
дайын өнімнің сапасын бақылау;
қажеттілік жағдайында - қызмет көрсетілетін учаскеде кез келген технологиялық процесті жүргізу;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау.
119. Білуі тиіс:
мұнаралық әдіспен күкірт қышқылын алу өндірісінің технологиясын;
процестің физикалық- химиялық негіздерін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын, кинематикалық және электрлық сызбаларын;
құрал- жабдықты жөндеуден кейін қабылдау ережесі;
стандарттармен және техникалық шарттармен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
120. Орта кәсіби білім қажет.
30. Гексахлорбензолды алу аппаратшысы
Параграф 1. Гексахлорбензолды алу аппаратшысы, 3-разряд
121. Жұмыс сипаттамасы:
хлорбензол өндірісі қалдықтарынан гексахлорбензолды алу процесін жүргізу;
бензолдың, азоттың және хлордың жартылай хлоридтарын түйістіру аппаратына беру;
аппаратты электр пеші арқылы жіберілген жылу тасушымен (дитолилметанмен) жылыту;
десублиматорларда қоспаны хлорлау;
шикізат компоненттерінің берілген арақатынасын, реакция температурасын, жылу тасушы деңгейін және процестің басқа параметрлерін бақылау;
дайын өнімнің сапасын бақылау;
оны түсіру және өлшеп орау;
түйістіру аппараттарына, десублиматорларға, электр пештеріне және басқа құрал- жабдықтар мен коммуникацияларға қызмет көрсету;
түйістіру аппараттарында катализаторды (активтенген көмірді) оқтын-оқтын ауыстырып отыру;
технологиялық журналда процесс көрсеткіштерін жазу.
122. Білуі тиіс:
гексахлорбензолды алудың технологиялық сызбасын;
құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;
бақылау- өлшеу құралдарының белгіленуін және оларды пайдалану ережесін;
шикізат пен дайын өнімге қойылатын талаптарды.
31. Үшхлорпропанды және
дихлоргидринді алу аппаратшысы
Параграф 1. Үшхлорпропанды және
дихлоргидринді алу аппаратшысы, 5-разряд
123. Жұмыс сипаттамасы:
үшхлорпропанды және дихлоргидринді алу процесін жүргізу;
шикізат компоненттерінің және дайын өнімнің шығымының арақатынастарын есептеу;
тегеурінді өлшеуіштерге эпихлоргидрин шикізатын қабылдау, ректификаттық бағанаға құйып алу;
тазарту, синтездеу, бейтараптандыру процестерін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және химиялық талдау нәтижелері бойынша мынадай технологиялық параметрлерді бақылау және реттеу: температураны, вакуумды, қысымдарды, концентрацияны және өнімнің қышқылдығын;
өнімдерді белгіленуі бойынша айдамалау;
кубтық қалдықтарды құйып алу, ағынды суларды зиянсыздандыру;
реакторларға, ректификаттық бағаналарға, нейтрализаторларға, еріткіштерге, конденсаторларға, өлшеуіштерге, ортадан тепкіштердің және вакуум - сорғыларға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
124. Білуі тиіс:
үшхлорпропанды және дихлоргидринді өндірудің технологиялық процесін;
тазарту, синтездеу, бейтараптандыру процестерінің физикалық- химиялық негіздерін және оларды реттеу ережесін;
коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;
бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
негізгі және көмекші құрал- жабдықтың құрылысын, жұмыс істеу қағидасын;
дайын өнімге стандарттар мен техникалық шарттар.
32. Фотогипосульфитты алу аппаратшысы
Параграф 1. Фотогипосульфитты алу аппаратшысы, 4-разряд
125. Жұмыс сипаттамасы:
сульфатты гипосульфитқа дейін тотықтырумен фотогипосульфитты алудың технологиялық процесін жүргізу және одан әрі өңдеумен күкірт қышқылымен буландыру арқылы оны ерітіндіден бөлу;
мышьяк - содалы ерітіндінің және күкірт қышқылының қажетті қажетті мөлшерн есептеу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша буландыратын аппаратқа ерітінді мен буды, күкірт қышқылын – еріткішке беруді, центрифугаға техникалық гипосульфитті тиеуді, кептіру жылдамдықтарын, буланған ерітіндіні тұндырғыштарға құюды және кристаллизаторларға беруді және басқа параметрлерді реттеу;
сынамалар алу және талдаулар жүргізу;
қондырғының (булағыш аппараттың, кристаллизатордың, центрифугалардың, кептіргіштің) жұмысын қадағалау;
құрал- жабдықты жөндеуге дайындау;
құрал- жабдыққа және коммуникацияларға күрделі емес жөндеу жасау;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
126. Білуі тиіс:
фотогипосульфитты өндірудің технологиялық процесін және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
коммуникациялардың және бекітпе арматураның сызбасын;
мышьяк - содалы ерітіндінің және күкірт қышқылының физикалық- химиялық және технологиялық қасиеттерін;
сынамалар алу ережесін; талдаулар жүргізу әдістемесін;
ерітіндінің құрамына және фотогипосульфиттың сапасына қойылатын талаптарды;
процестің физикалық- химиялық негіздерін.
33. Хлорлы темірді алу аппаратшысы
Параграф 1. Хлорлы темірді алу аппаратшысы 4-разряд
127. Жұмыс сипаттамасы:
бром өндірісінің қалдықтарынан хлорлы темірді (реактивті) алудың технологиялық процесін жүргізу;
шикізат компоненттерін есептеу;
тұндырғыштарға және сақтауға арналған ыдыстарға шикізатты мөлшерлеу және тиеу, булағыш аппараттарға құйып алу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша буландыру процесін бақылау;
процестің мынадай технологиялық параметрлерін қамтамасыз ету: температураны, вакуумды, қысымды, хлорлау толықтығын;
ерітіндіні хлорлау, жете буландыру, кристаллдауға құйып алу;
нутч - сүзгілерде хлорлыны темірдің кристалдарын сығу;
өнімді түсіру, банкілерге буып-түю, өлшеу;
сынамалар алу;
булағыш тостағандарға, тұндырғыштарға, кристаллизаторларға, нутч - сүзгілерге, вакуум – сорғыларға, бақылау - өлшеу құралдарына, арматураларға және коммуникацияларға қызмет көрсету;
аппараттарды тазалау;
құрал- жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды және технологиялық процесс параметрлерінен ауытқуларды анықтау және жою;
технологиялық журналда жазу жүргізу.
128. Білуі тиіс:
технологиялық процесті және оны реттеу ережесін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын және оларды пайдалану ережесін;
есептеулер әдістемесін; процестің физикалық- химиялық негіздерін;
шикізат пен дайын өнімге стандарттарды және техникалық шарттарды.
34. Диафрагмаларды сору аппаратшысы
Параграф 1. Диафрагмаларды сору аппаратшысы, 3-разряд
129. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен диафрагмаларды сору процесін жүргізу;
асбесттік пульпаны даярлау және хлор өндірісінде электролиздік ванналарға арналған асбесттік диафрагмаларды вакууммен сору;
асбесттік талшықты дайындау, массаны кейіннен сүзумен оны роллада өңдеу;
ванналарды дайындау;
пульпаны қысылған ауаның көмегімен ваннаға салу;
ваннанны вакуумдық желіге қосу;
ваннаға катодты түсіру, катодтың металл торына асбесттік пульпаны вакууммен сору (қабаттау);
арнайы камераға катодты тасу;
диафрагманы ыстық ауамен кептіру;
құрал- жабдықты тазалау және ұсақ жөндеу.
130. Білуі тиіс:
пульпаны дайындау және диафрагмаларды сорудың технологиясын;
вакуум мен қысымды өлшеу тәсілдерін;
құрал- жабдықтың құрылысы мен жұмыс істеу қағидасын;
темір ұста ісі.
Параграф 2. Диафрагмаларды сору аппаратшысы, 4-разряд
131. Жұмыс сипаттамасы:
электролиздерде диафрагмаларды сору процесін жүргізу;
пульпа дайындауға арналған шикізат компоненттерінің мөлшерін есептеу;
диафрагма қабатының қалыңдығын және ваннадағы пульпаның деңгейін бақылау;
вакуумды реттеу;
роллға, сүзгіге, ортадан тепкіштердің және вакуум - сорғыларға, ресиверлерге, көтеру- тасу механизмдеріне және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету .
132. Білуі тиіс:
пульпаны дайындау және диафрагмаларды сору технологиясын;
вакуум мен қысымды өлшеу тәсілдерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың, бақылау- өлшеу құралдарының құрылысын;
темір ұста ісінің негіздерін.
35. Қалдықты жинау және байыту аппаратшысы
Параграф 1. Қалдықты жинау және байыту аппаратшысы, 3-разряд
133. Жұмыс сипаттамасы:
неғұрлым жоғары біліктілікті аппаратшының басқаруымен тұзды қалдықты алу және бастапқы өңдеудің технологиялық процесін жүргізу. Жуатын бөлімнен және ылғалды электр сүзгілердің бөлімінен әлсіз қышқылды жинағыштарға қабылдау;
тұндырылған қалдықты тұндыру және іріктеу;
сүзгіге қалдықты беру;
оны тазарту, кальцийленген содамен қышқылдықты бейтараптандыру;
ағарған қышқылды шайқап ағызу;
қожды сығу, кептіру, ұсақтау;
электр сүзгілерді тазарту;
тұндырғыштарға, сүзгілерге, жинағыштарға, кептіргіш аппараттарға және басқа құрал- жабдықтарға қызмет көрсету;
құрал- жабдыққа күрделі емес жөндеу жасау.
134. Білуі тиіс:
қожды алу мен байытудың технологиялық процесін;
күкірт қышқылының, кальцийленген соданың, технологиялық отынның физикалық- химиялық қасиеттерін;
қызмет көрсетілетін құрал- жабдықтың құрылысын.
Параграф 2. Қалдықты жинау және байыту аппаратшысы, 4-разряд
135. Жұмыс сипаттамасы:
тұзды қалдықты алу және бастапқы өңдеудің технологиялық процесін жүргізу;
бақылау- өлшеу құралдарының көрсеткіштері және талдау нәтижелері бойынша процестің барысын, дайын өнімнің сапасын және шығымын, тұзды қалдықтағы ылғал мен қышқылдың мөлшерін бақылау;
сынамалар алу және талдаулар жүргізу;
технологиялық режим нормасынан ауытқуларды тудыратын себептердің алдын алу және жою;
Достарыңызбен бөлісу: |