50
Ӛнер мен табиғатты ұштастырған кӛшпелілер «арпабас»,
«бағанернек», ''жауқазын», «жапырақ», «қоза», «тӛрткүл». «үшкүл»,
«шыныгүл», «түйетабан», суға байланысты «су», «суӛрнегі», «ирек»,
«тасқын», «арық» ою элементтерін ойлап тапты.
Кӛшпелі ӛзіне пана болған табиғат сыйын, яғни, тауды да назарынан
тыс қалдырмаған. Тау – ерліктің, ұлылыктың, күш-құдіреттің символы.
Тау – киелі. Сондықтан да қариялар жас ұрпаққа ӛз
ризашылығын
білдіргенде «таудай бол'« - деп жатады.
Халық арасында «Тәңірінің құдіретін кӛрем десең тауға бар» деген
сез бекер туындамаған сияқты. Адамнан бастап аң-құсқа дейін пана болған
асқар тауды ою-ӛрнекпен байланыстырған шебер халқымыз, «тау
оюымен» қолӛнер бұйымдарын жиектеген. «Тау оюы» – кӛбінесе ер
адамдардың киімдерінде жарасымдылық тапқан.
Ою-ӛрнектің негізгі бӛлігі аң, құс, жануарларға қатысты туындағаны
белгілі. Кӛшпелілердің негізгі кәсібі мал шаруашылығы. Аң,
жануарлардың терісі мен жүні – киім, еті – тамақ, сүті – сусын, мінсе –
кӛлік болған. Малға, малдың дене мүшелеріне байланысты кӛптеген ою
элементтері пайда болды. Олар: «тасқын», «арық», «ирек», «су»,
«қошқармүйіз», «сыңармүйіз», «қосмүйіз», «тақмүйіз», «тікмүйіз»,
«бұғымүйіз»,
«құсқанат»,
«қанатты
ою»;»қарғатұяқ»,
«иттабан»,
«қырықтырнақ», «балықкӛз», «итқұйрық», «түйетабан», «ботагӛз»,
«атбас». «тайтұяқ». «ашатұяқ»т.б. Мал бақ – береке, молшылық кӛзі.
Достарыңызбен бөлісу: