Қазақстан республикасы ғылым және білім министрлігі ш. Есенов атындағы каспий мемлекеттік технологиялар



Pdf көрінісі
бет24/41
Дата24.09.2024
өлшемі0.63 Mb.
#503921
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41
Этопедагогика оқулық

3. Бабаджа қатын мазары (Х-ХІ ғасыр) күйдірілген кірпіштен 
қаланған, жалпы формасы куб тәрізді, 16 қырлы күмбезді құрылыс. 
Мазардың қас беті ӛзге үш бетінен қарағанда биіктеу, жоғарғы жағы 
кірпіштерді ӛрнектеп ӛріп қалау арқылы кӛркемделген. Ішкі тӛрт бұрышты 
бӛлменің тӛбесі күмбезделіп жабылған. Жалпы бабаджа қатын мазарының 
сәндік әшекейлері ӛте қарапайым, құрылысы онша күрделі емес. 


47 
4. Алашахан мазарын – шебер кірпіштерді ӛрнектей қалау әдісімен 
қалаған. Мазардың артқы екі бүйір қабырғасы киіз үйдің қабырғасына 
ұқсаған ромб тектес бедерлі оюмен әшекейленген. Алдыңғы қас бетін, 
кірпіштердің ӛзіндік пішіндерін 
пайдаланып, тік тӛртбұрышты 
ойықтармен, бедерлермен ӛріп шыққан. Мазар күмбезбен жабылған. 
5. Маңғыстау жеріндегі күмбезді мазардың бірі – Шақпақ ата 
мазары (Х ғасыр). Мазар күмбезінің дәл тӛбесінен күн жарығы түсетін 
арнайы тесік қалдырылған. Шақпақ ата мазарының сыртқы қабырғалары, 
Маңғыстау жерінде осы күнге дейін қолданылып келе жатқан ою-
ӛрнектермен әшекейленген.
Қазақстан территориясының түкпір-түкпірінде сақталып келген 
сәулет ӛнерінің туындыларын, сол аймақта ӛмір сүрген халық суретшілері 
туғызған. 
Қазірге дейін Қазақстанда 25 мыңнан астам тарихи-мәдени 
ескерткіш табылған болса, (ал табылмағаны қаншама?), соның 12 мыңнан 
астамы Батыс Қазақстан ӛлкесінде орналасқан.
XIV-XV ғасырдағы сәулет өнерінің ішінен Ахмет Иассауидің 
мешітінің құрылысы ерекше орын алады. 
Мешіт Ақсақ Темірдің әмірімен XIV ғасырдың соңында басталды, 
сол кездегі діни құрылыстың ең ірісі болды. 
Мешіт ғимараты күйдірген кірпіштен салынған. Жалпы ұзындығы 
62,5 м., ені 46,5 м. Сыртқы кӛрінісі симметриялы, онда үлкенді-кішілі 35 
залдар мен бӛлмелер бар. Олар бір-бірімен 8 дәлізбен, ӛтпелі 
баспалдақтармен жалғасып жатыр. Ғимараттың құрылысындағы тағы бір 
ерекшелік күмбезді қазандықты қоршаған залдар мен бӛлмелер күмбезді 
ұстап тұрған тіректің ролін атқарады. 
Ғимараттың ішкі залдары мен бӛлмелерінде – қабірхана, мешіт, кіші 
және үлкен Ақсарай, кітапхана, құдықхана, асхана орналасқан. Қазандық – 
мешіттегі ең үлкен, сәулетті орын. Оны диаметрі 18 метрдей асқақ күмбез 
жауып тұр. Залдың табанынан күмбез тӛбесіне дейін 39 метр. Залдың 
ортасында 7 металдың қоспасынан құйылған алып тайқазан тұр. Салмағы 2 
тонна, диаметрі 2,4 метр. Қазандық үш қатарлы сан алуан ӛсімдік тектес 
ою-ӛрнектермен әшекейленген, араб жазуларымен нақышталған белбеулі 
безендер орап тұр. Қазан тұлғасы – сәндік-қолданбалы ӛнердің 
қайталанбас 
үлгісі. 
Мешіттің 
композициялық 
ауқымдылығы, 
пропорциялық ӛлшемдерінің дәлдігі, құрылысы шешімінің ұтқырлығы
мейлінше кӛркем безендірілуі XIV-XV ғасырдағы Орта Азия мен 
Қазақстан сәулет ӛнерінің даму деңгейінің жоғары болғандығының дәлелі. 
Қазақ қолөнеріндегі экологиялық мәселелер, тәлім тәрбиелік мәні 
Қазақ ежелден ӛнерге бай халық. Ӛздерін Табиғат-Ананың тӛл 
баласы ретінде сезініп, қоршаған ортаға асқан жауапкершілікпен қараған 
ата-бабаларымыз, ӛнердің кілтін де табиғаттан тапқан. Дархан дала тӛсінде 
еркін ӛсіп, оның сұлулығына кӛз жанарларын қандырып, жан-
жүректерімен сезініп ӛскен кӛшпелілер табиғатты тірі. ақылды деп 
қабылдап, онымен барлық уақытта санасу. сұхбаттасу дәстүрін ұстанған. 


48 
Қазақтардың табиғатпен қатынасын философ Н.Н.Молдабеков: «Табиғат – 
тіршілік ортасы, адам анасы. Табиғат бүкіл организмге ортақ, үйлесімді 
байланыстардың кеңістігі. Табиғатпен жарасқандар тыныштығын табады, 
тынысын қалпына келтіреді. Табитаттың мамыражай ашық кӛркі қазақ 
тіршілігіне сергектік те әкеледі. Одан қазақтын қарны да, кӛңілі де 
тояттанады- дейді».
Ежелден кӛшпелілердің дүниетанымында табиғат пен адам егіз. 
Тіршілік сыйлаушы табиғатқа табына отырып, ӛздерін оның тікелей 
жалғастырушылары деп түсінген кӛшпелілер қоршаған ортаны әртүрлі 
наным-сенімдер, тыйымдар арқылы қорғап отырған. Табиғат сыйын тек 
материалдық тұрғыда ғана пайдаланбай одан рухани нәр алды, яғни, 
табиғатты дәстүрлі ӛнерге арқау етті. Осындай қоршаған ортамен тепе-
теңдік, ұйлесімдік ӛмір салтын ұстану мен қазақтың тұрмыс-тіршілігі
салт-дәстүрлері, дүниетанымының бірлігі негізінде айтыс, жыр, ертегі-
аңыз, музыка, сәулет, қолӛнер сиякты дәстүрлі мәдениет ӛзегі қалыптасты. 
Қазақ халқы ӛнерді ерекше қадір тұтып, ғасырлар ӛткен сайын оны 
ұрпак санасында жаңғыртып, атадан-балаға мирас етіп қалдырған. Ӛнердің 
майталман шеберлерін халық арасында «он саусағынан ӛнер тамған» 
дарын иесі деп құрметтеген. Шеберлер ӛз ӛнерін келер ұрпаққа мұрат етіп 
қалдыру мақсатында ел ішіндегі дарынды балаларды жинап, шәкірт 
дайындаған. Олар шәкірттеріне ӛз ӛнерінің қыр-сырын талмай үйретіп 
отырған. «Ӛнерлінің ӛрісі кең», «ӛнерлі ӛрге жүзеді» деген қанатты сӛздер 
ӛзінің ӛміршеңдігін бүгінгі күні де танытуда. 
Қазақ дәстүрлі мәдениетінің негізгі тірегінің бірі кӛркемӛнердің алар 
орны ерекше. 
Адам мен қоршаған ортадан бастау алып, кӛшпелі халық болмысына 
тән тұрмыс-тіршілігімен, дүниеге кӛзқарасымен, сана-сезім, ой-ӛрісімен. 
салт-дәстүрімен сабақтастықта пайда болған ӛнер туындылары терең мәнгс 
ие. Кӛшпелілер кӛркемӛнері сан-салаға болінеді. Мәселен, суретші дүниеге 
деген кӛзқарасын, болмаса табиғат кӛрінісін қылқалам ұшымен бейнелесе, 
ақын-жазушылар сӛз құдіреті арқылы білдірген. күйші-сазгерлер саз 
үнімен жеткізсе, қолӛнер шеберлері бейнелеу арқылы білдіріп жатады. 
Қазақтың дәстүрлі мәдениетіндегі кӛркемӛнердің ӛміршең бір саласы – 
қолӛнер. Қазақ халқының қолӛнері тарихпен бірге жасасып келе жатқан 
мәдени мұра. Ежелгі тас дәуірінен бастау алып. уақыт ӛте келе сүйек, 
мүйіз, ағаштан түрлі құрал-жабдықтар жасау арқылы толыға түскен 
қолӛнер саласы бүгінде материалдық және рухани байытылған ӛнер 
саласы деңгейін иеленіп отыр. Халқымыз қолӛнер бұйымдарын тұрмыстың 
барлық салаларында қолданғаны белгілі. Т.Бәсенов «Халықтың 
қолӛнерінде, әдет-ғұрып жабдықтармен қатар, аң аулауға, мал ӛсіруге және 
егіншілікке қажетті құрал -жабдықтар да кіреді.Олар: киіз үйдің сүйегі, 
ағаш кереует, кебеже, сандық, кілем, сырмақ, алаша, ши, түрлі-түсті 
басқұрлар, арқан, жіп, қайыс, таспа. Шеберлер ӛз қолӛнер туындыларын 
түрлі нақыштармен әшекейледі. Қолӛнерде кӛңілге қонымды мәнерлер мен 
ондағы қолданған әдістер тұрмысымыздың барлық саласында және сәулет 


49 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет