Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларға жөн-жоба қалай



Pdf көрінісі
бет3/8
Дата16.11.2022
өлшемі195.74 Kb.
#464949
1   2   3   4   5   6   7   8
Еңбекті қорғау срсп 1

5. Қауіпсіздік техникасы бойынша жұмысшыларға жөн-жоба қалай 
өткізіледі? 
ҚР Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалығы «Қызметкерлерді еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқамалық 
өткізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» ҚР 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 25 
желтоқсандағы № 1019 бұйрығына сәйкес өткізу сипаты мен кезеңіне сүйене 
отырып: кіріспе; алғашқы ; қайталама; жоспардан тыс ; масқатты болып бөлінеді. 
Қауіпсіздік техникасы бойынша кіріспе нұсқамалығы «Қызметкерлерді еңбек 
қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқыту, оларға нұсқамалық 
өткізу және білімдерін тексеру қағидалары мен мерзімдерінің» (бұдан әрі – 


Қағидалар) 37-39-т. жазылған және жаңадан қабылданған барлық қызметкерлер 
үшін жүргізіледі. Осы кіріспе нұсқамалық ұйымдағы тиісті қызметтің немесе 
тұлғаның – бас жетекшісімен келісілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады. 
Соңында Кіріспе нұсқамалықты тіркеу журналына (үлгісі 4-Қосымшада) екі 
жақтың қолдары міндетті түрде қойыла отырып, жазылады. 
Мақсатты нұсқамалық (Қағидалардың 53-т.) мамандық бойынша 
міндеттермен тікелей байланысты емес біржолғы жұмыстарды немесе бір реттік 
жұмыстарды 
орындаған 
кезде, 
сондай-ақ 
апаттар 
мен басқа 
да 
оқиғалардың салдарын жою кезінде жүргізілуі тиіс. 
Қызметкерді жоғарыда берілген нұсқамалықтармен таныстырғаннан кейін 
олардың жүргізілуіне жауапты тұлға 5-қосымшаға сәйкес Тіркеу журналына 
барлық тиісті тараптардың қолдарын міндетті түрде қойғыза отырып, жазады. 
Мақсатты нұсқамалық жоспарланған жұмыстарды жүзеге асыруға мүмкіндік 
беретін құжаттарға енгізіледі.
Кіріспе нұсқамалықты қоспағанда, жұмыс орнындағы нұсқамалықтар 
ауызша сұрау немесе оқытудың техникалық құралдарының көмегімен білімін 
тексерумен, сондай-ақ жұмыстың қауіпсіз тәсілдері бойынша меңгерген 
дағдыларын тексерумен аяқталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет