Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


Кәсіпорындарды инженерлік – техникалық жұмысшылар еңбек



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата16.11.2022
өлшемі195.74 Kb.
#464949
1   2   3   4   5   6   7   8
Еңбекті қорғау срсп 1

3. Кәсіпорындарды инженерлік – техникалық жұмысшылар еңбек 
қорғау заңдарын бұзғаны үшін қандай жауапкершілікке тартылады? 
Еңбек заңдарын бұзған, ұжымдық шарт бойынша өз міндеттерін 
орындамаған жұмыс беруші белгіленген тәртіп бойынша тәртіптік 
жауапкершілікке тартылуы мүмкін (ҚР Президентінің 1995 жылғы 19 
маусымдағы «Мемлекеттік кәсіпорын туралы» заң күшіне ие Жарлығының 
8бабы) бұл бапта жазаның үш түрі көрсетілген: ескерту, сөгіс жариялау және 
қызметінен босату (жеке еңбек шартын бұзу). Бұл жерде ескеріп өтетін бір жайт, 
тәртіптік жазалар түрлерінің тізімі осымен шектеледі, яғни, аталған баптың 
тармағында аталып өткендей, тәртіптік жазаның өзге түрлерін қолдануға жол 
берілмейді (бұл ереже арнайы тәртіптік жауапкершілікке таралмайды). 
Жоғарыда келтірілген баптан көрініп тұрғандай, жұмыстан босату (жеке еңбек 
шартын бұзу) басқа жазаларға қарағанда ауыр болып табылады және бұл шара 
еңбек тәртібін бұзу барысында, яғни, қызметкер еңбек функцияларын орындау 
кезінде жүріс-тұрыс ережелерін бұзған жағдайда өзге де шараларды қолдану 
ешбір нәтиже бермесе ғана қолданылады. Бұл жағдайда еңбек тәртібін бұзу, 
тәртіптік теріс қылық ретінде жұмысқа себепсіз шықпау, кешігіп келу, жұмыс 
орнына мас күйде немесе есірткі пайдаланып келу, жұмыс нормасын орындамау, 
сапасыз 
өнімдер 
жасау, 
заңсыз 
ереуілге 
шығу, 
жеке 
еңбек 
шарты бойынша өзіне жүктелген міндеттерін орындамау түсіндіріледі. 
мен қауіпсіздік қызметін ұйымдастыру жолымен іске асырылады. 
4. Еңбек қорғау бойынша бақылау қалай ұйымдастырылған? 
Өндірісте еңбек қорғау саласында қадағалау мен бақылаудың түрлері 
қолданылады: мемлекеттік қадағалау, ведомстволық бақылау. Бұл қадағалау мен 
бақылаудың мақсаты - өндірісте еңбек қорғау заңдарының барлық талаптарын 
бұлжытпай орындау болады. 
Мемлекеттік қадағалау. 
Еңбек қорғау заңдарын орындау жөнінде мемлекетік қадағалауды мынандай 
ұйымдар (органдар) жүзеге асырады: 
А.Еңбек қорғау департаменті (еңбек министрлігінің құрамында), жергілікті 
жерде еңбек қорғау басқармасы – мемлекеттік еңбек қорғау инспекциясы бар. 
Бұл органның басты функциясы – еңбек қорғау мәселелерін жан-жақты басқару 
және еңбек жағдайларын жақсарту жұмыстарын үйлестіру болып табылады. 


Б. Мемлекеттік кентехника қадағалауы (Госгортехнадзор) өндірісте 
жұмыстарды қауіпсіз жүргізу және кен қадағалау жөніндегі мемлекеттік 
комитеті. Бұл орган Министрлер кабинетінің құрамына кіреді. Ол мынандай 
қадағалауды жүргізеді: кентехникалық қадағалау, газ жөнінде қадағалау, 
қазандық бақылау қадағалауы. 
Кентехникалық қадағалаудың объектілері: тау-кен, химия, металлургия тағы 
басқа өнеркәсіп өндірістері. 
Газ жөнінде қадағалаудың объектілері: газдарды және мұнай заттарын 
шығару, өңдеу және пайдаланумен байланысты өндірістері. 
Қазан бақылау қадағалауының объектілері: қысыммен жұмыс істейтін және 
жүк көтергіш қондырғыларды пайдаланумен байланысты өндірістер. 
В. Мемлекеттік энергетика қадағалауы (Госэнергонадзор). Бұл қадағалау 
органы энергетика және отын ресурсы министрлігіне кіреді. Ол электр 
қондырғыларын жасау және электр мен жылу қондырғыларын пайдалану 
барысында қауіпсіздік техника ережелерін сақтауды қадағалайды. 
Г. Мемлекеттік санитария қадағалауы (Госсаннадзор). Бұл қадағалау органы 
денсаулық сақтау министрлігіне кіреді. Санитариялық қадағалау органы 
өндірісте еңбек жағдайларын жақсарту және айналадағы табиғи ортаны 
ластанудан сақтау шараларын жүргізуді қадағалайды. 
Д. Мемлекеттік өрт қадағалауды (Госпожнадзор). Бұл орган Ішкі істер 
министрлігіне кіреді. Өрт қадағалау органы кәсіпорындар мен мекемелерде өрт 
шығуына жол бермеу және өрт сөндіргіш құралдарын күй-жағдайын байқап 
отырады. 
Е. Мемлекеттік автоинспекция (МАИ). Бұл орган Ішкі істер министрлігінің 
құрамына кіреді. Ол жылжымалы автокөлік составтардың техникалық күйін, 
олардың қауіпсіз пайдалану жағдайларын және жолда жүру ережелерін бұзбауды 
қадағалайды. 
Ж. Бас прокурор және прокуратураның жергілікті органдары еңбек қорғау 
заңдарын өндірісте бұлжытпай орындауға жалпы қадағалау жүргізіп отырады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет