Қазақстан республикасы ғылым және жоғАРҒы білім министрлігі


 Өндірістегі қатер жағдайлар қалай есепке алынып, тексеріледі?



Pdf көрінісі
бет6/8
Дата16.11.2022
өлшемі195.74 Kb.
#464949
1   2   3   4   5   6   7   8
Еңбекті қорғау срсп 1

9. Өндірістегі қатер жағдайлар қалай есепке алынып, тексеріледі? 
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыскерлердің, 
сондай-ақ мына тұлғалардың еңбек қызметіне байланысты және еңбекке 
қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеліп соққан денсаулығының зақымдану 
жағдайлары тергеп-тексерілуі тиіс: 
Жұмыскерлердің, сондай-ақ: 
1) кәсіптік практикадан өтіп жүрген кезде оқу орындарында оқитын 
адамдардың; 
2) әскери қызмет, арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткерумен 
байланысты емес жұмыстарды орындауға тартылған әскери қызметшілердің
арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлерінің; 
3) бас бостандығынан айыру орындарында және сот үкімі бойынша еңбекке 
тартылған адамдардың; 
4) азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге де 
мамандандырылған 
кәсіби 
авариялық-құтқару 
қызметтері 
мен 
құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамының, авариялардың, 
дүлей зілзаланың салдарларын жою жөніндегі, адам өмірін және мүлікті құтқару 
жөніндегі ерікті командалар мүшелерінің еңбек қызметіне байланысты және 
еңбекке қабілетсіздігіне не қайтыс болуына әкеп соққан денсаулығының 
зақымдану жағдайлары осы Кодекске сәйкес тергеп-тексерілуге жатады. 
Өзінің еңбек (қызметтік) міндеттерін немесе жұмыс берушінің 
тапсырмаларын орындауы кезінде жұмыскердің өндірістік жарақаттануы
денсаулығының кенеттен нашарлауы немесе улануы салдарынан оның еңбекке 
қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айырылуына не қайтыс болуына әкеп 
соқтырған зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік фактордың жұмыскерге әсер 
етуі - еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаға жатады (ҚР ЕК 1-бабы, 1-
тармағының 27) тармақшасы). 
Бұған қоса, түсіндірме беріліп отырған тармақтың талаптары өндірістік 
практикадан өтетін тұлғаларға да қолданылады, өйткені ҚР-ның білім туралы 
заңнамасына сәйкес кәсіптік практикадан өту үшін орын ұсынатын жұмыс 
берушілер қауіпсіз жағдайлар жасауға және шарттармен көзделген міндеттерді 
орындауға міндетті. 
Сондай-ақ еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаларды тергеп-
тексеруді егер олар әскери қызметшілер мен арнаулы мемлекеттік органдардың 


қызметкерлерін авариялардың, өрттердің, табиғи зілзалалардың салдарларын 
жоюға тартқан кезде болып өткен болса, жүргізу қажет. 
Осыған орай, азаматтық қорғау саласындағы әскерилендірілген және өзге 
де 
мамандандырылған 
кәсіптік 
авариялық-құтқару 
қызметтері 
мен 
құралымдарының, әскерилендірілген күзеттің жеке құрамдары мен ерікті 
командалар мүшелерінің адам өмірі мен дүние-мүлкін құтқаруға қатысуын еңбек 
қызметіне жатқызған жөн. 
Онда зардап шегуші бас бостандығынан айыру орындарында және сот 
үкімі бойынша еңбекке тартылған тұлға болып табылатын жазатайым оқиға 
туындаған кезде, оны тергеп-тексеруді және есепке алуды жұмыс беруші – түзеу 
мекемесінің әкімшілігі онымен жұмыс орындарын жасауға шарт жасасқан заңды 
тұлға, немесе сот шешімі бойынша қоғамдық жұмыстарды жүзеге асыру үшін 
жұмыс орнын ұсынған заңды тұлға жүргізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет