Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігі



бет24/39
Дата12.11.2022
өлшемі2.12 Mb.
#464656
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Умкд Комп жели Инф-21-1 мп - утвержд

Кабельдік канал
Кабельдік канал қос өткізгішті (twisted pair), коаксиалды (coaxial), оптоволоконды (optical fiber) болып бөлінеді.


қос өткізгішті кабель коаксиалды оптоволоконды


кабель кабель
1.Қос өткізгішті кабельдік каналды қос ширатпалы, айналмалы, есулі, оралмалы кабель деп те атайды. Ол кабельдердің ішіндегі өте арзаны болып табылады. Қос өткізгішті кабельдің артықшылығы: бағасы төмен және қондыру күрделі емес.



Кедергіден қорғауды арттыру үшін көбінесе экрандалған қос өткізгіш (STP) қолданылады. Экрандалған қос өткізгішті кабельде электромагниттік сәулелердің таралуын азайтады. Яғни, пайдаланушылардың денсаулығына зияны аз болады. Экрандалмаған қос өткізгішті (UTP) кабельдер де бар. Мұндай кабельде сыртқы кедергілердің әсерінен мәлімет алмасу жылдамдығы кемиді және байланыс сапасы төмен болады.
Қос өткізгішті кабельдің ақпаратты тарату жылдамдығы 100 Мбит/с дейін болады. Тарату жылдамдығы 1 Мбит/с болса кабельдің ұзындығы 1000 метрден аспауы тиіс.
Қос өткізгішті кабельдің 5 категориясы бар.
1 және 2 категориялар сапасы аса жоғары емес, көлемі аз ақпарат таратуды қамтамасыз етеді.
3 категория тарату жылдамдығы 10 Мбит/с желілер үшін қолданылса, 4 категория 16 Мбит/с дейін желідегі жылдамдықты қамтамасыз етеді, ал 5 категория 100 Мбит/с дейін. 5 категорияның кабелі ұзаққа шыдайды және сенімді.


2.Коаксиалды кабель – байланыс желілерінде сигнал таратуға арналған диэлектрлік оқшаулағышы (С) бар ішкі (D) және экран түріндегі сыртқы (В) өткізгіштерден тұратын кабель. Полимерлік қорғаныш қабығымен (А) қапталған.



Мұнда экран түріндегі сыртқы (В) өткізгіш екі қызмет атқарады: біріншіден, сыртқы әртүрлі әсерлер мен электромагниттік өрістерден ішкі (D) өткізгішін қорғайтын экран қызметін атқарады, екіншіден, ол да ішкі (D) өткізгіші секілді ақпараттық сигналды таратады.


Коаксиалды кабельдер қолданылу саласына байланысты локальдық компьютерлік желілер үшін, ауқымды телекоммуникациялық желілер үшін, кабельдік теледидарға арналған деп бөлінеді.
Сипатына қарай жуан, жіңішке, телевизиялық, твинаксиалды деп бөлінеді. Твинаксиалды кабель құрылымы жағынан коаксиалды кабельге ұқсас, тек екі диэлектрлік оқшаулағышы бар, екі ішкі өткізгіштен тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет