Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі


)түркі бірлестігіне дейінгі дәуір



бет29/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

1)түркі бірлестігіне дейінгі дәуір, - бұл дәуір шамамен, біздің заманымыздың V ғасырына дейін созылады, екі түрлі белестен тұрады; алтай бірлестігі, хун бірлестігі.
Алтай дәуірі дейтін атау тіл білімі тарихында белгілі алтай гипотезасымен байланысты қойылған атау. Алтай гипотезасы алтай тілдерінің туыстығы жайлы теориялық болжам. Сондықтан гипотеза деп қаралады. Бұл дәуірде кейін түркі халықтарының негізін салатын тайпалар монғол тайпаларынан бөлініп жіктеліп шықты деп қарау керек. Бұл дәуір тарихқа дейінгі дәуір. Бұл дәуірде әлі аты белгілі халық та, ру да жоқ. Дұрысында бізде ондай мәлімет жоқ. Түркологияда бұл ранне протюркский деп аталып жүр. Түркіге дейінгі дәуірдің - бірінші кезеңі болса керек. Екінші кезеңі түркологияда хун дәуірі деп талатын мерзім. Хун дәуірі деген атау біздің заманымыздың алғашқы жылдарында өмір сүрген хун империясына байланысты.
Хун империясы орталық азиядан шығыс европаға дейінгі ұлан-байтақ территорияны мекен еткен түркі-монғол, түнгус-маньчжур тектес тайпаларды біріктерген қуатты мемлекет болған. І ғасырда империя ауызбіршіліктің жоқтығынан, сондай-ақ көршілердің әсерінен де екіге: батыс және шығыс хун мемлекеттеріне ажырайды. Бұл жіктеліс түркі тайпаларының кейінгі дамуына үлкен әсер етті, мемлекеттің батыс бөлігіне қараған рулар мен тайпалардың кейінгі тарихи тағдыры бірге болды да, мемлекеттің шығыс бөлігінде қалған рулар мен тайпалардың кейінгі дамуы бірыңғай болды.
Сөйтіп түркі тілдерінің қазіргі батыс және шығыс топтарының қалыптаса бастауы осы Хун империясынан басталады. Бұл дәуірде осыдан бұрын басталған түркі тілдерінің монғол тілдерінен жіктелу процесі аяқталады. Бұл кезеңде оғыз-қарлұқ-қыпшақ тіл бірлестігі қалыптасты. Бірақ оғыз, қарлұқ, қыпшақ тілдері бір-бірінен айқын жіктеле қойған жоқ. Оғыз-қыпшақ-қарлұқ тіл бірлестігі екінші жағынан, қазақтың халық тілінің басты арналарының біріне айналса, қыпшақ, қаңлы, үйсін, тайпа тілдері қазақтың халық тілінің құрамына енгендер.
Түркологияда V-Х ғасыр көне түркі дәуірі деп аталып жүр. Бұл алғашқы түркі мемлекетінің-түркі қағанатының дәуірі, түркі жазуының, түркі жазба тілінің дәуірі. Дәуірдің тарихи-әлеуметтік үлкен ерекшелігі- түркілер өз тарихын өздері жаза бастаған, өздері жайлы мәліметті өздері хатқа түсіре бастаған кез. Бұл дәуірдегі негізгі белгілер деп мыналар аталады: сөз ортасында, сөз соңында т/д дыбыстарының сәйкес қолданылуы басым болады:адақ. Бұл ерекшелік біздің заманымызда якут тілінде сақталып қалған. Орхон-енисей ескерткіштері тілдік сипаты жағынан бүгінгі түркі тілдерінің қайсысын да еске түсіреді, солардың қайсысының да көне заманғы архетипі ретінде қарастырыла алады. Дегенмен, көне түркі дәуірінде қыпшақ, оғыз, ұйғыр тайпалық тілдері бой көрсете бастады. Көне түркі дәуірі жазбаларында сол тілдік бірлестіктердің, сондай-ақ жеке тілдер: қыпшақ, оғыз, қырғыз, ұйғыр т.б. тілдердің ерекшеліктері көрініс тапқан.
Қазақ әдеби тілі, оның дыбыстық-фонетикалық жүйесіндегі, сөздік құрамындағы, грамматикалық құрылысы сөз тудыру, сөз түрлендіру жүйесіндегі негізгі заңдылықтар мен нормалардың көпшілігі көне түркі тілінен мирас болып енді.
Оларды айқынырақ байқау үшін әр кезеңдегі көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазақ әдеби тілімен салыстыра қараған жөн. Сонда ғана түркі әдеби тілінің қазақ әдеби тілінің қалыптасуындағы үлкен бір тарихи негізі мен арнасы екені айқындалады. Көне түркі мұраларының қазақ әдеби тіліне қатысы. Бұл кезең-түркі тілдері тарихының жазба мұралары сақталған ең көне кезеңі. Көне түркілердің үздік мәдениетін көрсетерлік әр түрлі жазба ескерткіштер бізге дейін келіп жетті. Оның көпшілігі тасқа қашалып жазылған. Бірлі-жарым ағаш таяқшаға ойылып жазылған да жазба ескерткіштер табылды.
Көне кезеңнің тілдік ерекшеліктерін белгілейтін мұралары көпшілік әдебиетте Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштері деп аталып жүр. Ол ескерткіштер көлемі жағынан әр қилы, кейіпкерлері бірлі-жарым сөз тіркестері мен сөйлемдерден тұрса, (Енисей, Талас ескерткіштер), кейбірі үлкен көлемді текстер (Орхон ескерткіші) болып келеді. Бұдан әрине Орхон, Талас жазба ескерткіштерінен бұрын дүниеге келген мұралар болмады деген пікір тумайды. Бұл жерде көне түркі тілінің бізге жеткен жазбалары сөз болып отыр. Бірақ түркі тайпаларының тілінің де поэзиясының да басы, туу басы сол тарихи белгілі сөз үлгілері емес. Ол дүниеге келген тарихи құбылыстардың туу басы емес, тарихы белгілі кезеңнің ғана басы. Сонда да V-VIII ғ.тән сөз үлгілері-түркі тектес халықтар тілінің, сөз мәдениетінің шартты түрде ғана басы болып есептелінеді. Бұл жазбалар тек бізге жеткен, бізге белгілі болған түркі халықтарына ортақ көне жазба әдебиеттің, демек әдеби тілдің басы болып қазіргі көптеген түркі әдеби тілінің соның ішінде қазақ әдеби тілінің тарихи негіздерінің қалыптасу арналарының басы, алғашқы жазба көріністері болып қаралуға тиісті.
Орхон-Енисей-Талас жазба ескерткіштерінің табылуы, оқылуы, зерттелуі жайында әдебиеттерде көбірек айтылып жүр. 1893 ж. дат ғылымы В.Томсен, 1894ж. академик Радлов құпия (руникалық) жазудың кілтін тауып, оқуға мүмкіндік туғаннан былайғы жерде бұл ескерткіштер тілі әр елдің ғалымдарының назарын аударып келеді. Көлемі үлкен жазба мұраларының тілін зерттеген ғалымдар бұл ескерткіштердің әдеби мұралар екенін дәлелдеп отыр. М.Стеблева көне түркі ескерткіштерін белгілі бір поэтикалық өлшемге бағындырып әрбір буынның мұралық екпінін тауып, поэзиялық шығарма деп дәлелдеді.
Оны қазақ әдебиеті мен тілінің тарихын зерттеп жүрген Мұсабаев, Махмұтов, Айдаров сынды ғалымдар да қолдайды, көне түркі поэзиясын өлең үлгісінде жазылған шығармалар деп қарайды. Көне түркі жазба ескерткіштерін мейлі поэзиялық шығарма дейік, мейлі шешендік толғау үлгілері бар прозалық шығарма дейік, хан жарлықтары мен шежіренің үлгісі дейік, қайткен күнде де көне түркі ескерткіштердің жазба әдеби нұсқа екеніне ешкім де күмән айтпайды. Демек, оның тілі де сұрыпталған, сымбатталған, нормалары толық қалыптасқан өз кезенде үлкен дәстүрі болған, кейін олардың көбі қазіргі түркі тілдеріне негіз болған әдеби тіл екендігіне дау жоқ.
Әрине, қазақ әдеби тілі мен көне түркі әдеби тілі арасында айырмашылық мол. Көне түркі тілі қазақ әдеби тілінің қалыптасу басы бола алмайды. Қалыптасу арналарының бірі, тарихи негіздері ғана бола алады. Айырмашылықтарының болуы заңды. Оның көбі тілдің лексикалық құрамына байланысты. Бірақ соған қарамастан көне түркі тілінің грамматикалық құрылысын, фонетикалық жүйесін, лексикалық құрамын талдап қарасақ, қазақ әдеби тілінің негізгі нормаларының көбі көне түркі түркі тілімен сай келеді. Бұл - ол нормалардың өте ертеде қалыптасқандығын, кейін қазақ әдеби тілі қалыптасқанда, оған негіз болғанын көрсетеді.
Ғалым Ғ.Айдаров «Орхон-Енисей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі»атты еңбегінде осы аталмыш жазба ескерткіштердің алфавитінен бастап, дауысты, дауыссыз,қос дауыссыз дыбыстарды көрсететін таңбалар, буын түрлерін, дыбыс тіркестерін, ескерткіштердің лексикасы, омонимдер, синонимдер, антонимдер, көп мағыналы сөздер, сөз таптары мен тыныс белгілеріне, т.б тоқталған.
Түйіндей кетсек, көне жазба ескерткіштері мен қазақ әдеби тілі арасында тарихи сабақтастықты тануға, табуға болады, бірақ V-VIII, VII-XIIғасырлардағы көне жазба мұралар, түрколог ғалымдардың бірауызды пікірі бойынша «жалпытүркілік»дәуір болып саналады.
Қыпшақ жазбаларының бірі-"Кодекс куманикус". Бұл - XIV ғ. басына (1303 ж) жататын ескерткіш. Еңбек латын әрпімен жазылған және екі бөлімнен тұрады: Біріншісі - куманша (қыпшақша)-латынша парсыша сөздік те, екіншісінде ауыз әдебиетінің әр түрлі үлгілері келтірілген. Осы Кодекс Куманикус- кейбір тілдік ерекшеліктерді қазіргі қазақ тілімен салыстыра қарасақ, 1-ден, жоғарыда көрсетілгендей, бұл екі тілдің арасындағы жалғастылықты, 2- ден, қазақ тілінде жаңа тілдік көріністердің басталуы.
Басқа да қыпшақ жазбалары сияқты мұнда да сөз ортасы мен сөз соңында ғ дыбысы кейде у, й дыбыстарымен алмаса келетіндігін немесе бүтіндей түсіп қалатыңдығын аңғарамыз. Мұндай құбылыс бір сөздің әр жердегі қолданысының өзінен де көрініп отырады: оғұл-ұл, бағла-байла, сарығ-сары, бігіз-біз. Кезінде С.Малов бұндай ерекшелік қаз.қ.т. өзіндік белгісімен сәйкес келетінін атап көрсеткен болатын. Кей жағдайда ч дыбысының орнына ш қолданылады (қысқаш-қысқач, мұнша-мұнча/ аш-ач емес, ш дыбысы с дыбысының орнына қолданылады. Тіші-тісі, йеміш-йеміс, тас-таш, түшті-түсті/, й дыбысының орнына е дыбысының жұмсалуы осы ғасырлар арасындағы тілдік жалғастылықты арттыра түседі. «Кодекс куманикус» тілінде жүйелі түрде болмағанымен басқа да қыпшақ жазбалары тәріздес дыбыс үндестік заңының орын алуы бұл тілде кездейсоқ емес, жаппайылық қасиеті болғанын көрсетеді.
«Тержуман түркі уа араби»(Түрікше-арабша тәржіма) Бұл сөздік 1245 жылы Египетте жазылған, 75 беттік қолжазба, 2,5мыңдай түркі сөздері жинақталған, «Китаб ал-идрак ли-лисан ал-атрак» («Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме кітап»)1312 жылы Карде жазылған, 3500-ге тарта қыпшақ сөздері араб тіліне аударылған.
1343 жылы Египетте түрікше-монғолша-парсыша сөздік жасалады. Біраз ғалымдар бұл сөздіктің авторы белгісіз десе, П.М. Мелиоранский бұл тержуманның авторы Мұхаммед ибн Қайса дегенді айтады. Қолжазбаның түркі тілінің фонетика мен грам.арн. бөлімі тым шағын. Қолжазбаны парсы,монғол тілдерін қатысы бөлімдер де бар.
Еңбек төрт бөлімнен құралған: 1 бөлімі-есім сөздер. Бұл бөлім сөздердің лексикалық мағынасына 26 топқа бөлінген. 2бөлім етістікке арн. 3бөлім етістіктің жіктелуіне, 4 бөлім қосымшаларды баяндауға арналған. Етістіктің жіктелуін сөз еткенде оны үш жаққа, үш шаққа бөле, болымды және болымсыз түрде сөз еткен, оларды жекелеп көрсеткен. Түркі тілінде грамматикалық род, действенное число дегеннің болмайтындығы да дұрыс көрсетілген. Қосымшалар деп аталатын соңғы бөлімінде түркі тілдеріне тән біраз шылаулар, есімдіктер берілген.
Сөздікті алғаш рет Голландия ҒалымыТеодор Хоутсман 1894ж. неміс тілінде бастырып шығарған. Ғалымдар бұл басылымды 3 тарауға бөлінеді: 1-де шағын алғы сөз, 2-де түрікше-немісше сөздік, 3-де қолжазбадан біраз текст берілген дейді. Басылымның сөздік бөлімінде мың жарымдай түркі, араб сөздері, екі жүздей монғол-парсы сөздері, салыстырыла берілген. Хоустманның айт. Сөздікке енген түркі сөздері Қыпшақ тіліне жатады. Н. Баскаков сөздікке енген сөздерді «Код. кум» сөздерге өте жақын дегенді айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет