Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі



бет31/59
Дата05.12.2022
өлшемі268.86 Kb.
#466473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
k-20-1u,k-19-1,3keshen. kazak adebi tilinin tarih zhane dialektologiyas

Халық ауыз әдебиеті деген ұғымға сол халықтын өзімен бірге жасасып, ұзақ заманалар бойына ұрпақтан-ұрпаққа ауызша жетіп, авторлығын жоғалтса да, ұмытылмай, ескірмей, халық сана ұғымында үнемі ұсталып, жетіліп, шыңдала түсіп отырған әдебиет тундысын жатқызамыз. Олар біренше түрге бөлінеді, әрқайсысының жанрлық, тілдік жағынан, пайда болуы, шығу мерзімі, дамуы, халық ұғымында толық сақталып қалуы жағынан өзіндік ерекшеліктері бар. Ауыз әдебиеті нұсқаларының кейбірі авторлы поэзиямен өте жақын, бірі екіншісінің тікелей жалғасы сияқты болып отырса, кейбіреулерінің алшақ екенін байқаймыз. Ауыз әдебиеті өзіне тән белгісі деп, 1-ден, авторының белгісіз болуы, бір кезде авторы болып, кейін біржола ұмыт болуы, 2-ден, ұрпақтан ұрпаққа ауызша жететіндіктен көп вариантты болып келуі, 3-ден, кейбір қалыптасқан дағдылы сөздер, тіркестер мен сөйлемдер ортақ болып, бір шығармасын екенші шығармаға сол күйінде ауысып, көшіп жүруі, 4-ден, ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесе көрінуі, жыршылық, өнер, ән-күй әуені, орындаушылық қабілеті көрсетілсе де ауыз әдебиеті түрлерінде бұлардың қасиеті бірдей емес. Мыс, ертегідегі варианттылық пен батырлар жыры, лиро-эпос жырларындағы варианттылық аты ұқсас болғанымен, сипаты, қасиеті мүлдем бөлек-бөлек. Ондағы сөз қолданудың тұрақтылығы да өзгеше. Батырлар жыры мен лиро-эпос жырының ауыз әдебиетіне тән қасиеті оларды ауыз әдебиетінің басқа түрлерімен, мыс, ертегілер мен аңыз әнгемелерінен гөрі жазба әдебиетке дейін өмір сүріп келген авторлы поэзиямен жақындастырады. Оларды жақындастыратын бір ерекшелік-олардың дүниеге келу мерзімі, ноғайлы заманының ар жақ, бер жағы. Сонда да олар туу мерзімі жағынан, негізінен XV-XYIIғ. шамасы болып отырады. Бұл ерекшелік, 1-ден, жырлардың тексінде ноғайлы Ормамбет хан заманында тәрізді анық айтылып отырса, 2-ден, Асанқайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Қазтуған сияқты жыраулардың ноғайлы-қазақ жыраулары деп аталуынан да көрінеді. Сондай-ақ халық ауыз әдебиеті эпос, батырлар жыры сияқты түрлеріндегі дәстүрлі ортақ образдар, қайталанып отыратын ортақ сөздер, тіркестер, шумақтардың сипаты да ертегілерден өзгеше, қайталаулар авторлы поэзиядан да, ақын–жыраулар шығармаларында байқалып отырады. Онын басты себебі: 1-ден, бұл әдебиеттің екі түрінің де ауызша тарауынан болса, 2-ден, ақын–жыраулар тілінің негізгі арнасы, қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатыр.
Эпостар мен батырлар жыры тілінде де, ақын-жыраулар шығармалары тілінде де қазіргі әдеби тілімізде дербес қолданылмайтың, тек белгілі формада ғана айтылып, түбір тұлғасы ұмытылып, көнеріп қалу себепті мағынасы күңгірт сөздер я белгілі тіркестер мен қос сөз құрамында кездеседі. Лексемалар өздерінің түбір күйінде о бастағы мағынасында басқа да сөздер мен дербес байланысқа түсіп жұмсалып отырғанын көреміз.
«Қозы көрпеш-Баян сұлу» жырында бүліну, бүлдіру етістігі қазіргі қазақ тілінде қолданылатын о бастағы түбір тұлғада яғни бүл түрінде жұмсалған:
Жиылысып сол араға бәрі келді,
Құба қалмақ сықылды іштен бүлді.
Қобыландыда: қалың қыпшақ бүлді деп, көрмегенін көрді деп. Бұдан, ең алдымен, тіліміздегі бүліну, бүлдіру, түсіну етістіктерінің түбір тұлғалары бүл, түс, бір кездерде өз мағынасында дербес қолданып келгенін байқасақ, 2-ден, эпос, батырлар жыры мен ақын-жыраулар шығармалары тілінде өз кезінде жеке қалдырып, кейін тілден шығып я түсіп қалған тілдік құбылыстың сақталуын, яғни ол жырлар тілінде өз кезеңінің, шығарылу мерзімінің тілдік ерекшеліктері сақталынғанын көреміз. Сондай-ақ қазақ әдеби тілінде бөлінбей, жеке-дара қолданылмайтын, тек қос сөздің екінші компоненті ретінде келетін әуре-сарсаң дегеннің сарсаң бөлігі де сергелдең мәнінде дербес қалдырып отырған.
Алпамыс жырындағы: Жанның бәрін сарсаң ғып,
Бір шұбар ат қалдырды.
Асан қайғы айтты дейтін: Құйрығы жоқ, жалы жоқ, құлан қайтып күн көрер? Аяғы жоқ, қолы жоқ жылан қайтып күн көрер? – деген астарлы нақыл сөз «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жырында сүйеніш, тірек мәнінде өзінше қисынын тауып қолданған:
Атасы бай болса да қыз бермеңіз,
Артында құйрығы жоқ, жалы жоққа.
Сондай-ақ алаулау, аламан, дем тарту; ұрыс, соғыс мағынасындағы ойын тәрізді сөздер; бадана көзді кіреуке (ақ сауыт); алты аршын ақ болат, төрт қырлаған көк сүңгі; қозы жауырын қу жебе, толғамалы ақ сүңгі (ала балта); тұлпар мініп ту алған: жара қатты, жан тәтті; оза шауып олжа алған, ертеңнен шапса, кешке озған; ылдидан салса; төске озған, ат сауырсын бір беру, т.б. тіркестер мен сөйлемдерде ортақ жолдар бар.
Ауыз әдебиетінің тілі «әдебиетке түсіп қалыптанған халық тілі екендігін» яғни «әдеби» екендігін айта келіп, Е.Жұбанов мынадай қорытынды жасайды: өмір сүру формасы ауызша болғандықтан, фольклор тілі өзінің біршама әдеби жүйесін бұзбас үшін де «өңгеден өзге» тілдік штамптарды, ерекше, тек ауызекі сөз өнеріне тән көне, көнерген, көнеленген тұлғаларды, айырым айшықты сөз орамдарын бойында сақтап, соларды өзінің стильдік нормасы ретінде тұтынады. Ал қандай бір болмасын норманы ұстану дегеніміз-жүйеге түсу, әдебилену болып табылатыны сөзсіз. Сондықтан қазақ әдеби тілінің тарихында ауыз әдебиеті тілінің өз орны бар екенін мойындамасқа болмайды.
Нақтылы бір тілдің (мәселен, қазақ тілінің) шындалған жазба әдебиеті мен ауыз әдебиетіндегі көрінісі неде?
Ғасырлар төрінен келіп жеткен ауыз әдебиетінің үлгілері қазақ әдеби тілінің арналарының бірінен саналады. Халықтық дәуірдің туындылары болып саналатын ауыз әдебиетінің үлгілері халықтық сөйлеу тілінен ерекшеленетін дүниелер. Олардың пайда болу уақыты мен жанрлық түрі жағынан әркелкі болып келуінің ең басты себебі түркі халықтарына ортақ және қазақтың төл топырағында туған үлгілерінің болуынан десек, шындықтың ауылынан алыс кетпеспіз. Ауыз әдебиеті үлгілері тілінде көне түркілік, оғыздық, қарлұқтық элементтер ұшырасу себебінің де бір ұшығы осында жатыр.
Ауыз әдебиетінің әдеби тілге қатысы қандай дәрежеде деген мәселе төңірегінде әлі күнге дейін тұрақты бір тоқтамға келу байқалмайды. Әдеби тілді фольклордың тікелей жалғасы деп қарайтын ғалым Е. Жұбанов мұндай «шеттетудің» дұрыс еместігін онымен келіспейтіндігін былайша дәлелдеуге тырысқан. Фольклор стилінің сөз жұмсауы үнемді болмайтыны белгілі. Әйтсе де ол күнделікті қарым-қатынас тілінен биік тұрған өнделген, көркем тіл. Жазба тілдегі публицистика секілді ол да қалың көпшілікке арналған, аймақтық тілдердің ең негізі, ең тұрақты лексикалық қорына негізделген, барша жұртқа түсінікті, диалект атаулыдан шоқтығы анағұрлым жоғары тұрған тіл. Оның әдеби тілге жуық болу себебі де осыдан. Ғалым ауыз әдебиетін әдеби тіл ұғымынан шеттетумен, тіпті кейде бөліп қараумен келіспейді. Ауыз әдеби тілінің көркем екендігіне еш күмәнсіз қарай отырып, «ауыз әдебиетінің құндылары жазба әдеби тілге бір табан жуық тұрған, ауызекі тіл мен жазба әдеби тілдің аралығындағы көпір», - деп санайтын Р. Сыздықованың пікірін еске сала кеткен артықтық етпейді. Сонымен бірге, ауыз әдебиеті халық тілі байлықтарын молынан қамтып, тілдің ішкі заңына лайық жасалған тілдік нормаларын сақтап, оларды шындай түсетін әдеби тілді сомдаудың алғашқы дүкені – лабораториясы, бірақ әдеби тілдің өзі емес. Оны да әдеби тіл деп дәріптейтін ғалымдар фольклор тілінде кездесетін жақсы тіл орамдарын, көркем әдебиет стиліне тән шеберліктер мен халық арасында орын тепкен шешендік сөздер тілдің «әдебилігінің» көрсеткіштері емес, тілдің эмоция, эстетикалық та қызмет атқаруының көркем, өрелі ойдың көріністері.
Халық ауыз әдебиеті ғасырлар бойы дамып жетілген халықтың ауыз әдебиетінің тілі қазақ әдеби тілінің алғашқы арнасы болып табылады, өйткені ол шешендік, дидактикалық, жауынгерлік, әлеуметтік, лирикалық және тарихи сипаттағы кейінгі поэзия үлгілерінің тууына негіз болды. Сонымен, қорыта айтсақ, қазақ халық ауыз әдебиеті қазақ әдеби тілінің басты арналарының бірі.
Ноғайлы дәуіріндегі халықтың негізін монғол жаулаушыларының құрамында болған байырғы түркілік этникалық ру-тайпалар құрады. Ноғайлы дәуірі Еуразия кеңістігінде көшпелі қоғамның саяси-құқықтық дамуында маңызды із қалдырған іргелі дәуірдің бірегейі еді. Ноғайлы дәуіріндегі көшпелі қоғамдық ой-сананың маңызды мұраларын тарихи дастандар мен батырлар жыры құрайды. Эксперимент Көне замандардан жырланып келе жатқан күллі түркі халықтарына ортақ дәстүрлі батырлар жырының қалыптануы осы кезеңде нақтыланды. Бұл жөнінде Қазақ әдебиетінің энциклопедиялық анықтамалығында: «Ноғайлы аталып, кейін бір-бірінен бөлініп кеткен түркі тайпаларының көпшілігі өздерінің ноғайлы кезінде жырлаған шығармаларын мүлде ұмытқан, не оның ұзынырғасын, үзінді жұрнақтарын ғана сақтаған. Ал қазақ атанған ноғайлылықтар сол кездегі мол мұраға ие болып, көпшілігін жоғалтпай сақтап қалған. Сөйтіп, бұрын ноғайлы әдебиеті делініп келген туындылардың көпшілігі қазақ әдебиетінің қорына қосылып, оның төл әдебиеті боп кеткен. Мысалы, «Ер Төстік», «Жиренше шешен», «Алдар көсе» т.б. ертегі аңыздар. «Алпамыс», «Қобыланды батыр», «Қамбар батыр» , «Ер Тарғын», «Ер Қосай», «Ер Сайын», «Едіге», «Қырымның қырық батыры», «Ер Жабай», «Ер Шора», «Орақ-Мамай» т.б. эпостық жырлар – сол ноғайлы заманының мұралары. Аталған жырлардың негізгі кейіпкерлері – ноғайлыдан шыққан адамдар. Әрбір жыр өз қаһармандарын ноғайлы батыры, не ноғайлының атақты адамдары деп танытады. Мәселен, «Қамбар батыр» дастанында Қамбардың тегі туралы «Қазақ емес, сарт емес, Қамбардың түбі – ноғайлы...» делінген. Осы жырдағы Назым сұлудың әкесі Әзімбайды екі баулы өзбектен дей келіп, оның елін де ноғайлы еді дейді. Сондай-ақ, Ер Сайынның әкесі Бозмұнай да ноғайлының – жүз отыз жас жасаған қариясы. Қара Қыпшақ Қобыланды да ноғайлы. Естерекұлы Ер Тарғын мен Қоңырат елінің батыры Алпамыстың әкелері де «қалың ноғайлы елінен».
Ноғайлы дәуірінің аузы дуалы би-шешендері мен жырауларының өздері жырлап өткендей, «жеті жұрт көшіп-қонған» бұл кезең көшпелі қоғамдағы саяси ой-санасының синтезделіп, даралана түскеніне және түркі дүниесіндегі тарихи оқиғалардың үлкен саханасына айналғаны тарихи ақиқат. Түркітану кеңістігіндегі Ноғайлы дәуірінің тарихи дастандары мен батырлар жырын негізінен екі үлкен топқа топтастыруға болады: Біріншісі байырғы түркі тайпаларынан бері жырланып келе жатқан эпостық жырлар. Оларға «Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», және т.б. жатқызуға болады. Екіншісі, ноғайлы дәуірінің төл тума жәдігерліктері. Олардың қатарына «Ер Қосай», «Ер Көкше», «Қырымның қырық батыры», «Едіге батыр» «Қарасай – Қази», «Парпария»,«Шора батыр», «Әділ Султан», «Мұса хан», «Аңшыбай батыр», «Құттықия», «Нұрадин», «Мұсахан»және т.б. жатады. Ноғайлы дәуіріндегі тарихи дастандардың идеялық мазмұны сол кезеңдердегі елдің ішкі бірлігі мен ынтымағы, елі мен жерін сыртқы жаудан қорғау, мемлекеттің біртұтастығы сияқты құндылықтарды насихаттайды. Бұл жөнінде зерттеуші А.И.М. Сикалиев былай дейді: «В ногайском героическом эпосе нашли свое воплощение буржуазная политическая и духовная жизнь ногайского народа в ХІІІ-ХҮІІ вв., его борьба с внутренними и внешними врагами, его мечта о светлом будущем. Наиболее распространенными являются поэмы: «Ахмет, сын Айсыла», «Копланды батыр», «Эдиге», «Мамай», «Манашы улы Туякбай», «Эр Таргыл», «Мусевке батыр», «Шора батыр», «Адиль- Солтан», «Сорок ногайских богатырей», «Карасай-казы», «Эр Кусеп», «Эр Косай», «Аманхор», «Эр Кокше», «Камбар батыр» и др (Sɪkalɪev A., 1980: 6). Нәтиже мен талқы Ноғайлы дәуіріндегі тарихи дастандар мазмұнында атадан ер болып туғасын, аттың жалын тартып мініп ел шетіне тиген сыртқы жаудан елін, жерін азат ету идеясы кеңінен суреттеледі. Мәселен мұны «Ер Қосай» жырынан да көруге болады. Бұл жырдың да сюжеті негізінен ноғайлы еліндегі жаугершілік әрекеттерді бейнелейді. «А, ноғайлым, ноғайлым, Көкірексінген ноғайлым. Көбеңсінген ноғайлым, Қайрат қылып, қан татпай, Тақасып жаумен оқ атпай. Келгенін жайпап, қиратпай, Кегіңді қалай аласың? Кек алмасаң жауыңнан. Қапыда өзің қаласың. Босқа қорықсаң, тұра бер. Жалғыз өзім болсам да, Өзім-ақ жауға барайын, Тобына ойран салайын. Жау жағадан алғанда. Ердің айтар мұңы бар. Айқасып жаумен қалайын. Ерлердің кегін алайын (Ер Қосай) Ноғайлы дәуіріндегі заманды армандау, аңсау сарыны Қазтуған мен Доспамбет, Шалкиіз, жырлары арқылы халыққа тарап, Мұрат ақын жырларымен сабақтасқан. Өйткені, Доспамбет те, Қазтуған да Ноғайлы, яғни Алтын Орда заманының басынан дәурені өткенін, халықтың кезіндегі тарихи тағдырын жырласа, бодандыққа түсіп, берекесі қашқан жұртының тағдыры Мұрат өлеңдеріне де арқау болған. Бұл қоныс жеті жұрттан қалған қоныс, Ноғайдың көшіп, талақ салған қоныс. Қазтуған, Асан қайғы, Орақ, Мамай, Біз түгіл осыларды алған қоныс... Ноғайлы дәуірінің ақын-жыраулық дәстүрі Мұрат арқылы бізге жеткен Махамбет өлеңдерінде де қайталанып отырады. Асан қайғы, Сыпыра жырау, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Шобан жыраулардан бастау алатын Ноғайлы дәуірінің эпостық туындылары мен фольклор шығармалары қазақ әдеби тілінің алғашқы арналары болып табылады. Көп жылдар фольклор тілімен шұғылданып келе жатқан Е. Жұбанов халық ауыз әдебиеті шығармаларының тілін ауызекі әдеби тілге жатқызды. Ол өзінің «Эпос тілінің өрнектері» атты монографиясында «эпостық жасампаз дәстүрі арқасында замана әуеніне талмай үн қосып отырған мұндай шығарма қазақ халқының ауызекі әдеби тілінің тамаша үлгісі ғана емес, сонымен бірге ол біздің кейінгі жазба әдебиет тілімізге де нәр береді. Эпос тілінің əдеби тілге, қазақтың ескі жазба тіліне, тіпті осы күнгі жазба əдеби тіліне қайнар көз болудағы орны да айырықша. Өз дәуірінде, өз заманында ауызша тараған бұл эпикалық шығармалар тілі сол дәуірдің ауызша әдеби тілінің қызметін толық атқарды. Өйткені әдеби тілдің аса маңызды қызметінің бірі қоғамды үйлестіруші қызмет болса, Ноғайлы дәуірінің тарихи дастандары мен туындылары өз уақытында, өз заманында қоғамдық, дидактикалық, шешендік, әлеуметтік, жауынгерлік, лирикалық қасиеттерді синкретті түрде ауызша әдеби тіл нұсқасында қолданысқа енгізілді. Ноғайлы дәуірі әдеби тіліндегі өзіндік ерешеліктері жөнінде зерттеуші Б. Момынова былай дейді: «Бұл ғасырлардағы көркем әдебиет нұсқалары тілінде өзіндік ерекшеліктер жеткілікті. Олардың тілінде бейтаныс сөздер, мағынасы күңгірт сөздер, сол сияқты грамматикалық ерекшеліктер кездеседі». Тарих қатпарының осы тұсында Ноғай Ордасының шығыс территориясында Қазақ хандығы құрылды. Кейіннен Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы арасында шапқыншылықтар басталды. Осындай ішкі тартыстың бірінде Ормамбет би өлді. «Дальнейший распад Ногайской орды способствовал присоединению отдельных, вероятно, довольно многочисленных ногайских улусов к Казахской орде и смешению их с казахами. Восточная группа ногайских улусов, «алтыаульцы» растворилась, повидимому, в состав казахов так называемого «Младжего жуза» (Zhɪrmunsɪɪ.V., 1974: 93). Аласапыран тарихтың осы бір кезеңінде Алтын Орда мен Ноғай Ордасының бірлігі мен билігін көксеген «Тоқтамыс толғауын» қайта жырлатты. Ай, жігіттер, чоралар! Ормамбет би өлгенде Он сан ноғай бүлгенде... Хан Тоқтамыс қарланып Байтағым деп зарланып Айтып жылай жөнелді, – деген үлгілес жырлар дүниеге келді. Ноғай Ордасының он сан ноғайлы ру-тайпалары қазақ құрамына келгенде сол дәуірдің мол әдеби мұрасын бірге әкелді. Осы келген ноғайлы дәуірінің жырға толы құнарлы бай лексикалық құрамы қазақтың ауызша әдеби тіл нормасын дамытты, жетілдірді. Тарихи дастандар мен толғаулар тілінің лексиканың құнарлы қабатын құрайтын лексикасемантикалық бірліктер мен тіркестер туралы зерттеуші Қ. Өмірәлиев өз тұжырымын ұсынады: «Тілдің байлығы осы сияқты тұрақты тіркестер мен сөз орамдарының молдығы, яғни олардың модель жағынан да, жеке бір сөздердің тіркес жасау өрісінің кеңдігі жағынан да әр тараптығы арқылы көрінбек (Umiraliev K., 2010: 6). Яғни біртектес түркі тілінде (қыпшақ тобында) сөйлейтін қазақ, ноғай, башқұрт ру-тайпаларының осы ноғайлы дәуіріндегі эпостық шығармалары осы тілдердің лексикалық қоры мен құрамында үлкен із қалдырды. XІV-XVII ғасырлардағы Ноғайлы дәуіріндегі жыр толғаулар тілінің лексикалық құрамын қазіргі қазақ тілінің лексикалық құраммен салыстырғанда едәуір бөлігін көнерген сөздер құрайды. Бұлар – көненің тот басқан қылышындай өткен дәуірдің өзіндік сырын аңғартатын шұрайлы да, образды сөздер. Бұл туралы академик Р.Сыздықова былай дейді: «Көнерген сөз дегеніміз – тарихи бір кезеңдерде қолданылған зат, бұйымдардың, орын алған оқиғалардың, құбылыстардың, ұғымдардың, ағымдардың атаулары».
Ш. Уәлихановтың сөзімен айтқанда, «төрде басы, төскейде малы бір болған» ноғайлы дәуірінің ру-тайпалары озық үлгілі тарихи дастандарды дүниеге әкелді. Ноғайлы дәуіріндегі эпостық жырлар мен тарихи дастандардың, толғаулардың тіліндегі бай лексикалық құрамы мен архаизм лексиканы төмендегідей тақырыптық топтарға бөлуге болады: Жер-су атаулары: Қырым, Ұрым, Еділ, Жайық, Азау, Жиренқопа, Бесоба, Ешкіқырған, Жирен, Тобылғытау, Егіздібұлақ, Балбұлақ, Айғырбүгілді, Қазан қаласы,Еділ суы, Жыланды тау, Қап тау, Бөкентау, т.б. Ерекшелігі ретінде таулардың атауынан соңтау, өзен, көл су атауларынан кейін көлі, суы (Қара ойықтың көлі, Еділ суы, Көк өзен) сөздерінің тіркестіріліп айтылуын атауға болады. Образдылықты білдіретін атауларға Қырық қақпалы Қырым, Қырық сан қырым, Алты күндік Қаптау, т.б. Бұлар нақты жер атауларынан гөрі бейнелі қолданысқа жатады, нақтылықты білдірмейді. Кісі есім атаулары: Тоқтамыс,Едіге, Ормамбет би, Орақ – Мамай, Қарасай – Қази, Аңшыбай батыр, Парпария, Ер Қосай, Ер Көкше, Шора батыр, Құттықия, Нұрадин, Мұсахан Ақшахан, Қыдырбай, Ақару, Қобыланды, Бек, Тауып хан, Құртқа, Апар, Жапар, Бибіжан, Қошабай, Алшағыр хан, Айқасқа, Байқасқа, Көкемпиқасқа, Көкқасқа, Қозғалмас хан, Хансұлу, Ибажан, Қостөре хан, т.б. Ру-тайпа атаулары: Қазақ, ноғай, Он сан ноғай, тоқсан баулы ноғай, қара қыпшақ ноғай, қалмақ, сыбан, Қостөре елі, Ормамбет елі, Жетітөре елі, бесқасқа елі, татар, башқұрт, қарқалпақ, қырым татарлары, алғадайлар, қызылбас.Қырық таңбалы Қырым, Он таңбалы Ұрым, Он екі баулы өзбек, Жауынгерлік лексика 1) Әрекет, іс-қимылды білдіретін сөз тіркестері: талқан ету (жеті қатар жебесін атып талқан етеді); ор қояндай өкірту (Алшағырдай қалмақты, ор қояндай өкіртіп); ордасында шалу (Ордасында шалады, өлтіріп кегін алады); басы бөліну (Басы бөлінді қалмақтың); атқан оғы өту (Шарайнаға қарамай, атқан оғы өтеді), т.б. Бұл қолданыстардың бәрі дерлік еркін сөз тіркестері емес, лексикалық мағына иеленген, лексикаланған тіркестерге айналған. Найзасын ендірді, серпуіне шыдамау, жауды жайратты, найзасын саптады, жаудың оттарын сөндірді, күлін көкке ұшырды, елін шабу, жауды жапыру, ойын салу, т.б.қимылды, қақтығыс кезіндегі іс-әрекетті білдіреді. 2) Қару-жарақ атаулары: мылтық, адырғы, дулыға, сауыт, қалқан, жебе, садақ, оқ, шарайна, айбалта, ақ сүңгі, ақ берен, қу жебе, көк жебе, сұр жебе, ақ найза, ақ семсер, ақ алмас семсер, ала балта т.б. Қару-жарақ атауларының жекелеген жырларда эпитетсіз жұмсалғаны байқалады. балдағы алтын ақ берен, алтын құндақ ақ берен, қанды көбе, қандыауыз толғамалы ай балта, көксүңгі,толғамалы ақ сүңгі, бадана көзді ақ сауыт,шар болат, шашақты найза, алтын қалпақ, жез телпек, жауырын жебе, алмас қылыш, ақ қара бас ту, қорамсаққа қол салу, қозы жауырын оқ алу. Қоғамдық-саяси лексика: Хан, бек, сұлтан, асыл, дана, ер, бай, жыршы, би, қойшы, ақсақал, бәйбіше, алғаным, жұрт, жақын, кемпір, шешей, пақыр, пенде, келін, ақсақал, аға, іні, жақыны (жеті ата жақыны) және тұрақты сөз тіркестері қас болу, хабар салу, кеңес құру, т.б. қоғамдық-саяси лексикаға, оның ішінде әлеуметтік тарихи мағынасы бар қолданыстарға жатады. Жан-жануар және мал атаулары: Атан, нар, ат, арғымақ, бие, ту бие, қой, жылқы, сиыр, бұқа, бура, буыршын, қазанат, тұлпар, сәйгүлік, тырна, тауық, тұйғын, сұңқар, бүркіт, жапалақ, арыстан, жолбарс, көк қоян, ор қоян, құба арлан, құлан, тарпаң, ақбөкен, қасқыр, қыран құс, тұрымтай, торғай, қаршыға, қошқар, тобылғы меңді торы ат, көк ала тай. Ноғайлы дәуірі эпостық шығармаларының лексикалық сипаты Тақырыптық топтар Мысалдар Тұрмыстық лексика: таяқ, шылбыр, күйме, мақпал, парша, атанға саба арту, төрт саба қымыз, бір сауын лақты ешкі, темірден кебіс, алтын тон, кіндік кесу, мерекелі той жасау, құрбандық шалу, мыс табақ, қалайы қазық, сом алтын тоқпақ, былғары саба, шыны аяқ, оймышты орындық, қара кестуырлық, шұға түңлік, қырмызыға малдырған қызыл-ала тон Діни лексика мен дерексіз сөздер: Алла, құдай, тәңірі, атақ, аруақ, дүние, құдірет, пері, медеу, мұң, серт, шаһид кешу, Ибраһим халил алла, ғазірейіл жұпар, кеп, белгі, өткен іс, кеңеңс, даңқ, жақсылық, жамандық, жалғыздық, әділдік, көңіл, нәпсі, жан, дәулет, бақыт, пейіл, қадір, ақыл, қүн, есеп, есендік, сыпайшылық күш, қызыл тіл, өтірік, пәле, гұмыр, жалған дүние, қылық, сүйесін, демесін, ит түрткі, ерлік, өрлік, зарлық, беріктік, сыр, қайрат, ант т.б. Ноғай тілінің лексикасы соңратын, соқта, асмар ету – сымарыиі ету, бажа, балаңқы, сықтау, мажар, аббар көшу, мамық тосату, жәміші, шемшірлік, шал сақалың, нарты, дестір, кілең бұз, көмбедей ару жалар, ителу, көмірту, күділенген бал, жарқа, кежігу, қоңқалау
Ноғайлы дәуірі эпостық шығармаларының лексика-семантикалық ішкі мазмұнынан «ата мекен», «түркі дүниесі мен руханияты», «ата қонысты қорғау», «қаһармандық», «ел бірлігі», «бесқару» сияқты ірі макрожүйені құрайтынын анықтауға болады. Ноғайлы дәуіріндегі эпостар ман тарихи дастандардың тілдік ресурстары фонетикалық, лексикалық, грамматикалық, сөзжасамдық тұрғыдан сол кезеңнің әдеби тіл нормасына сәйкес қалыптасқан. Мәселен Ноғайлы дәуіріндегі жыр дастандар мен жыраулар поэзиясындағы мәна, сәна сөз тұлғалары туралы Р.Сыздықова былай дейді: «Әрі күшейткіш сипат беру, әрі өлең өлшемін толтыру қызметін атқаратын бұл элементтер (мен, сен есімдіктерінің а вокативі тіркесуі арқылы жасалған тұлғалар) тек жазба әдебиетте емес, түркі халықтарының ауыз әдебиетіне де тән болған болу керек .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет