9. Көлік инфрақұрылымының объектілері:
А) Теміржол, трамвай, жеңіл рельсті, монорельсті және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, Метрополитен желілерін, порттарды, порт құралдарын, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды, әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының қозғалысын басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
10. Құқық бұзушылықтың алдын алу-бұл:
А) Құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою арқылы құқық тәртібін сақтауға және нығайтуға бағытталған құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық шаралар кешені;
В) Құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын, қоғамда мінез-құлық нормалары мен қағидаларын қабылдауға және сақтауға қабілетті жеке адамды қалыптастыруға бағытталған шаралар кешені;
С) Азаматтардың заңға бағынатын мінез-құлқын, құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені;
D) Құқыққа қарсы мінез-құлқы бар адамға құқықтық, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек көрсетуге бағытталған құқық бұзушылық профилактикасы субъектілері жүзеге асыратын шаралар кешені, сондай-ақ психологиялық және (немесе) моральдық жарақаттануды еңсеру процесі;
С) Темір жол, әуе, су, автомобиль және магистральдық құбыр көлігінің қалыпты жұмыс істеуіне (қозғалысына және пайдаланылуына) қол сұғатын және азаматтардың өміріне, денсаулығына зиян не мүліктік, ұйымдастырушылық, моральдық сипаттағы залал келтірген, қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті іс-әрекеттер жатады.
E) Жол жүрісін басқару жөніндегі ұйымдық-құқықтық, нормативтік-әдістемелік, жобалау-іздестіру, ұйымдық-техникалық, бақылау-қадағалау, өкімдік және басқа да іс-шаралар кешені.
Достарыңызбен бөлісу: |