Алау шаруашылығын пайдалану тәртібі
Алау қашықтықтан жағылады.
Барлық қолданыстағы алаулар кезекші оттықтармен қамтамасыз етіледі.
Алаудың айналасындағы аумақ кемінде 50 метр радиуста қоршалады және сақтандырғыш белгілерімен көрсетіледі.
Алау аумағының қоршалу шегінде құдықтар, шұңқырлар және басқа да ойықтар орнатуға жол берілмейді.
Алау құбырына кіргізер алдында газ құбырларында қарауға және жөндеу жұмыстарын жүргізуге қол жететін от бөгеушілер орнатылады.
Магистралдық алау құбыры жолында шырақтың оқпанынан кемінде 50 метр қашықтықта орналасқан жалпы сепаратор қарастырылады. Алау құбыр жолының сепаратор жағына қарай еңкіш болуы қамтамасыз етіледі.
Жалпы алау жүйесіне:
жабдықты үрлегеннен кейін құрамында төменгі тұтану шегінен 50%-ға кем концентрациядағы жанғыш газдары бар инерт газын;
аппараттар мен құбыр жолдарынан шығарылған ауаны, сондай-ақ таза инерт газын;
шіруге, ашуға, полимеризациялауға, жылу шығаруға бейім және алау газ құбырының өткізу қабілеттілігін шектеуге қабілетті өнімдерді бұруға жол берілмейді.
Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
Кәсіпорындарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (шикізатты алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (спринклерлік, дренчерлік, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
Машиналар мен агрегаттардың тозаңсыздандыратын құрылғыларынан ауаны тазалауға арналған сүзгіштер оқшауланған үй-жайларда орнатылады.
Жабдық сүзгіштерінің жанатын материалы мерзім сайын, бірақ жылына бір реттен жиі емес оттан қорғау құрамымен өңделеді.
Зығыр түткіш, иіру-дайындау, тоқыма дайындау, тоқыма және брактау-өлшеу цехтерінің жұмыс істейтін үй-жайларында тозаң қосылымы шекті мөлшерден ауына жол берілмейді.
Рециркуляциялау кезінде жабдықтан шығарылатын тозаңданған ауа тиісті сүзгіштерде екі сатылы тазартылады.
Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі
Кәсіпорынның барлық ғимараттары мен құрылыстарында еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Ғимараттар, құрылыстар, шикізат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берілмейді.
Шикізаттың, өндіріс қалдықтарының, өндірістік тозаңның, дайын өнімнің жануы (өздігінен тұтануы) анықталғанда дереу кәсіпорынның өрт күзетіне және өрт сөндіретін авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарланады, қызмет көрсетуші персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсіпорын басшысына хабарлайды.
Қауіпті авария алдындағы факторлар (жанған шикізаттың, күйіктің, түтіннің иісі, машиналардың айналатын бөлшектерінің авариялық үйкелісі, жабдыққа бөгде заттар түскен, машинаға өнімнің үйілуі кезіндегі жоғары температура, шу, діріл) пайда болғанда барлық көлік жабдығы тоқтатылып, мұқият тексеріледі. Оны іске қосу ақаулықтардың себептерін анықтағаннан және оны жойғаннан кейін ғана жүргізілуі мүмкін.
Технологиялық (көлік) желісі автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау іс-әрекетін жүргізуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесі, шикізат беру тетігі, электр қозғалтқышы жетегінің шамадан тыс ток жүктемесінен қорғау ) айқындау, оны іске қосу себебін анықтап жою қажет. Технологиялық (көлік) желіні кезекті іске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
Технологиялық, көлік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнім анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсіпорын басшысына және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бір мезгілде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндірістік жабдықты және желдеткіш қондырғыларын тоқтатып, желдеткіштің ауа жолдарын жауып, электр желісі өшіріледі.
Жану ошақтарын жойғаннан кейін барлық ауа өткізгіштерді, сүзгіш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелерді) және өзге де желдеткіш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейін желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын іске қосуға жол берілмейді.
Өрттерді өндірістің тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндіруге жол берілмейді.
Көлік объектілерін ұстау тәртібі
Жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын басқа үй-жайлардан 2-типті өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінеді.
Сақтау үй-жайлары мен өндірістік және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарға қызмет көрсететін жылжымалы құрамының ағымдағы жөндеуі мен техникалық қызмет көрсету посттарының өндірістік қойма үй-жайларын аталған үй-жайларды ғимараттың басқа бөліктерінен 2-типті бітеу өртке қарсы қабырғалармен және 3-типті жабындармен бөлінген жағдайда В1-В4, Г және Д санатты ұйымдар мен осы кәсіпорындардың отқа төзімділігі ІІ-дәрежелі өндірістік ғимараттарда орналастыруға жол беріледі.
Сұйылтылған көмірсутекті газ бен қысымды табиғи газда жұмыс істейтін қозғалтқыштары бар автомобильдерден басқа жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларын жалпы білім беру мектептерін, мектепке дейінгі балалар мекемелерін және стационарлары бар емдеу мекемелерін қоспағанда, қоғамдық ғимараттардың жанында салынған құрылыстарда орналастыруға жол беріледі.
Жанында салынған және қоса салынған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайлары арқылы инженерлік коммуникациялары (су құбыры мен электрмен қамтамасыз етуді қоспағанда) транзитті төселген жағдайда олар, отқа төзімділік шегі ЕІ-150 бітеу құрылыс конструкцияларына бекітіледі.
Құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларының қақпасы ойығының отқа төзімділігі ЕІ-45, ені кемінде 1 метр болатын көлемдегі күнқағарлар қарастырылуы тиіс, күнқағар шетінен бастап қоғамдық ғимарат терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метр, құрылған және құрылып жатқан жылжымалы құрамды сақтау ғимаратының үстіңгі терезесінен бастап қоғамдық ғимаратының астыңғы терезелері ойығының шетіне дейінгі арақашықтық 4 метрден кем болмауы тиіс.
Сыртқы қақпалар эвакуациялық шығу жолдары ретінде:
босағасы жоқ немесе биіктігі 0,1 метрден аспайтын босағасы бар қақпалар болғанда кез келген үлгідегі қақпаларды орналастырған жағдайда пайдаланылуы мүмкін;
қақпалар сақтау, техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттерінің (қақпа саны бір бірліктен көп болғанда) үй-жайларында орналасқан жағдайда пайдаланылуы мүмкін.
Майлауға арналған материалдарды сақтау үй-жайларында таза және пайдаланылған майларға арналған ыдыстар және оларды тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтар үй-жайдың сыртқы қабырғасында орналастырылуы және тікелей сыртқа шығатын есігі болуы тиіс.
Жылжымалы құрамның техникалық қызмет көрсету және техникалық жөндеу бекеттерінің үй-жайларында егер көлемі 5 текше метрден аспаса таза және пайдаланылған майларды сақтауға, сондай-ақ майлау материалдарын тасымалдауға арналған сорғыш жабдықтарды орнатуға рұқсат етіледі.
Көлік құралдарының барынша төмен өту ені:
6,5 метр сақтау орындарының қабырғалары мен дарбазаларына перпендикулярлы орналасқан кезде – ені 2,3 метр;
5,5 метр сақтау орындары үшін дәл солай – ені 3,5 метр;
60º бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде дәл солай – 4,5 метр
45º бұрышында автомобильдерді орналастырған кезде – 3,0 метр қабылданады.
10 және одан астам техникалық қызмет көрсету мен ағымдық жөндеу бекеттері немесе 50 және одан астам автомобильдер қарастырылған кәсіпорын аумағының қоршауында кемінде екі кіру (шығу) жолы болуы тиіс. Бекеттері немесе автомобильдерді сақтау орындарының саны аз кәсіпорындар үшін аумақта бір кіру жолын орнатуға болады. Қоршаудағы қақпалардың ойығы 4,5х4,5 метрден кем емес етіп орындалады.
10 және одан астам техникалық қызмет көрсету және ағымдық жөндеу бекеттері немесе 25 астам автомобильдерді сақтау қарастырылатын автомобильдерге қызмет көрсетуге арналған үй-жайларда кемінде екі қақпа болуы қажет.
25 бірліктен астам мөлшерде көлік сақтау үй-жайлары үшін өрт болған жағдайда көлік құралдарын эвакуациялау реті мен тәртібі көрсетілген оларды орналастыру жоспары болады.
Жер астындағы гараж тұрақтарда машина орындары бөліп қою үшін өртенбейтін материалдардан жасалған тор көзді қоршаулар қолдануға жол беріледі.
Гараждардың төбелерін орнатып жөндеген кезде мемлекетаралық стандарт бойынша 1-РП төмен емес қабат бойымен оттың таралу топты жылытқыш пен гидро оқшаулағыш материалдар қолданылады.
Ашық тұрақ аумақтарында көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды техникалық қызмет көрсету беті қатты алаңшаларда жүзеге асырылады.
Көлік құралдарының шағын жөндеуі мен ағымды қызмет көрсетуін жүзеге асыруға арналған әрбір алаңшада «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасына сәйкес өртке қарсы құрал-сайман жиынтығы бар өрт сөндіру қалқаны орнатылуы тиіс.
Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшаларын өрт немесе басқа да төтенше жағдайлар болған кезде көшіруге кедергі жасауы мүмкін заттар мен жабдықтармен ыбырсытуға жол берілмейді.
Көлік құралдарын ашық сақтау гараждарының үй-жайлары мен алаңшалары таза ұсталады. Төгілген жанар-жағармай материалдарына құм сеуіп, дереу жиналады.
Көп пәтерлі тұрғын ғимараттарға, қоғамдық ғимараттарға қоса салынған гараж тұрақтарының үй-жайларында көліктік құралдарға құрастырылған бактардағы отынды қоспағанда, жанар жағармайды сақтауға жол берілмейді. Кейбір гараждарда бензин және дизельді отын – 20 килограмм, майлар – 5 килограмнан аспайтын жанаржағар майдың қосымша мөлшерін сақтауға жол беріледі. Бензин, дизельді отын және майлардың аталған көлемін тек металдан жасалған тығыз жабылатын ыдыста ғана сақтауға жол беріледі.
Гараждар мен ашық тұрақтарды олардың тура мақсаттарынан тыс (жанғыш материалдарды, газ баллондарын жинау, жөндеу шеберханаларын, сырлау камералары және т.б.) қолдануға жол бер.
Автомобильдерді сақтау үй-жайларын жылыту құйылу желдеткіші бар сулы немесе ауалы болып көзделуі тиіс. Күзет үй-жайларында иректелусіз беті тегіс зауыттан шыққан жергілікті жылыту құралдарын пайдалануға жол беріледі. Бұл ретте бетінің температурасы 100ºC асуы мүмкін жылыту құралдары жанбайтын материалдардан жасалған экрандармен қоршалады.
Үй-жайларда, шатыр астында және ашық алаңшаларда көлік сақтауға:
норма сақталмаған көлемде көлік құралдарын орнатуға, оларды орналастыру жоспарын бұзуға, автомобильдер арасындағы қашықтықты төмендетуге; олардың және ғимараттардың (құрылыстардың) арасындағы қашықтықты азайтуға;
шығу қақпалары мен өту жолдарын ыбырсытуға; ұста, термиялық, дәнекерлеу, сырлау және ағашпен өңдеу жұмыстарын жүргізуге, сондай-ақ тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолданып бөлшектерді шаюға;
көлік құралдарын отын бактарынан, отын өткізгіштері мен карбюраторлардан ағу болғанда, сондай-ақ электр жабдығы бұзылған жағдайда отын бактарының қылталарын ашық қалдыруға;
көлік құралдарына жанар-жағар майларын құюға, сондай-ақ оларды канализацияға немесе жақын аумаққа төгуге. Істен шыққан жанар-жағар май материалдарын, сүзгілерді, ескі-құсқы нәрселер және басқа да материалдар жинауды жанбайтын материалдардан жасалған, жабылатын қақпақтармен жабдықталған сыйымдылықтарға қарастыру керек;
аккумуляторларды тура көлік құралдарында, сондай-ақ осы мақсатқа икемделмеген үй-жайларда оталдыруға;
қозғалтқыштарды ашық отпен жылытуға (алау, шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары), жарықтандыру үшін ашық от көздерін пайдалануға;
жалпы тұрақтарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, сондай-ақ жанғыш газдарды тасымалдау үшін көлік құралдарын пайдалануға;
тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтардың сыйымдылықтарын сақтауға;
көлік құралдарын сырлауға, бөлшектерін тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жууға;
қозғалтқыштарын жылытуға, ашық отты қолданып, жөндеу жұмыстарын жүргізуге (шамшырақтар, дәнекерлеу шамдары және басқа да от көздері), сондай-ақ жөндеу және басқа да жұмыстар жүргізген кезде жарықтандыру үшін ашық отты көздерін пайдалануға жол берілмейді.
Газ тәрізді отында жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдалану кезінде:
газды қоректену жүйесі техникалық бұзылған (герметикалық емес) көлік құралдарын жабық үй-жайға тұраққа қоюға жол берілмейді;
көлік құралын түнгі немесе ұзақ тұраққа қойған кезде шығын вентильдерін жабу, магистралды газ құбырындағы барлық газды істен шығару қажет, одан кейін іске қосуды өшіріп, магистралды вентильді жауып, аккумуляторда «масса» ажыратылады;
жабық үй-жайда көлік құралының «өзіндік жүру» қозғалысын тек сұйық отында жүзеге асырылады (бензин, дизельді отын);
көлік құралдарын сақтауға арналған үй-жайларда сұйылтылған көмірсутекті газ өшіктіруді (КГӨ) жүзеге асыруға жол берілмейді;
үй-жайларды олардың ішінен көлік құралдары шыққаннан кейін мұқият желдетіледі;
қыстың күні көлік құралдарын гараждан тыс сақтаған кезде және температура төмен болған жағдайда қозғалтқышты алдын ала жылыту және газ коммуникацияларында мұздың пайда болуын жою ыстық сумен, бумен немесе ыстық ауамен жүргізіледі;
қысымды бақылаумен, газды өндірумен, қозғалтқышты жылытумен, карбюратор қоспалауыштарға әр түрлі отын түрлеріне ауыстырып қосу және газ жеткізумен байланысты жүйелер дұрыс жағдайда ұсталады. КГӨ бар баллондардағы сақтандырғыш клапандары, сондай-ақ отын жеткізілуін бұғаттауды қамтамасыз ететін электрлік магнитті клапандар дұрыс жағдайда пайдаланылады. Баллондарды куәландыру екі жылда бір реттен кем емес жүргізіледі.
КГӨ жабық гараж тұрақтарда және басқа да ішіндегі температурасы 25ºC асатын, жылытуы бар үй-жайларда қолдану және сақтау;
қозғалтқышты іске қосуды тек отынның бір түрінде – газ немесе бензинде ғана жүзеге асыруға жол беріледі.
Жанар-жағармай материалдарын таситын автомобильдерді 600 текше метрден аспайтын аталған материалдарды тасымалдауға арналған жалпы сыйымдылықты топтарға бөліп қарастыру қажет, бірақ 50 автомобильден көп болмауы керек. Жанар-жағармай материалдарын тасуға арналған автокөліктердің, сондай-ақ басқа автокөліктерді сақтауға арналған алаң арасындағы қашықтық 12 м кем болмауы тиіс.
10 автомобильге дейін және жалпы сыйымдылығы 30 текше метрге дейін автоцистерналардың жанар-жағармай материалдарын тасымалдауға арналған жылжымалы құрамды сақтау үй-жайларында негізгі қондырғылар тоқтап тұрған кезде автоматты түрде іске қосылатын үш қайтара ауа алмастыру көлемінде жарылыстан қорғағыш механикалық ауа сорғыш желдеткішінің қондырғысын орнату қажет.
Бояу және аккумуляторлық бөлімшелерді (учаскелерді) орналастыруға арналған үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесін бір-бірімен және басқа үй-жайлардың сорғыш желдеткіш жүйесімен біріктіруге болмайды.
Газ баллон автомобильдерін жер асты гараж тұрақтарында сақтауға болмайды.
Көлік құралдарын (жеке көлік түрлерінен басқа) сақтайтын ашық алаңдар мен тұрақтарға арналған ғимараттар әрбір 10 көлікке біреуден келетін сүйреткіш арқандармен (штангалармен) жабдықталады.
Жеке қолданыстағы гараждарда бұрын көрсетілген талаптарға қосымша жиһаздарды, жанғыш материалдардан жасалған үй тұрмысындағы заттарды, сондай-ақ 20 литрден астам жанармай мен 5 литрден астам май қорларын сақтауға жол берілмейді.
Автомобильдерді жөндеуге арналған үй-жайларда (газ автомобильдерінде баллондар газбен толтырулы болғанда) жанармай толтырылған багы бар автомобильдерге және май толтырылған картерлерге (№1 ТҚК бойынша жұмыстардан басқа) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
Жұмыс аяқталғаннан кейін үй-жай мен байқау шұңқырларын май сіңген, сүртілген материалдардан тазартылады.
2.Қорғалатын объекттің қысқаша сипаттамасы
2.1. Бас жоспар
Қаланың жылуын қамтамасыз етуге арналған «Атырау жылу электр орталығы» Атырау облысы, Атырау қаласында жобаланып салынған. Орналасқан жері Атырау қаласының ішінде орналасқан. Обьектінің отқа төзімділік уақыты - 1,5 сағат. Шығу жолдарының саны- 12. Қабырғалары металконструкциялы және профлисттен салынған. Баспалдақ торлары- темір конструкциялы.
Аймақтың жұмыс жасауға рельефі қолайлы. Кешен жазықтықта орналасқан.
Атырау жылу энергия орталығы Атырау мұнай өңдеу зауытының технологиялық қондырғыларының бір бөлігі болып табылады және зауыттың электр және жылу жүктемесі, 23-тен 24 МВт-қа дейін тұтынылатын электр энергиясының қолданыстағы өндірістік процесс бірлік бөлігін жабу үшін пайдаланылады.
АЖЭО келесі нысандарының құрылысын көздейді:
- Ескі бас ғимарат мақсаттарда 4 қазандықтарды ауыстыру;
- 12 МВт турбоагрегатты орнату бойынша жұмыстар кешені.
2012 жылдың желтоқсан айында жоба бойынша жұмыстар: «4 қазандықтарды орнату», нысан пайдалануға берілді.
2013 жылы жұмыстар аяқталып және 12 МВт бу турбина кешені пайдалануға берілді.
Ауа-райы
Аудан климатының ерекшелігі щұғыл континенталды, жылдық және тәуліктік температура амплитудасының айырмашылығы өте жоғары.
Абсолютті минималды температура - минус 35ºС.
Абсолютті максималды температура - плюс 46ºС.
Топырақтар мен саз қабаттары үшін нормативті тоңдану тереңдігі – 1,074; топырақтар үшін -1,40;
Инженерлік-геологиялық зерттелген аумақ шектерінде құмдақ жерлер көкжиекпен ұштасып жатыр.
2009 жылғы наурыз айындағы тексеріс нәтижесі бойынша жер асты сулары топырақ қабатының 2,1-ден 7,3м дейін тереңдікте тіркелген, минус 27,24-тен минус 29,03м абсолютті белгіге сәйкес келеді.
Құрылысқа арналған аудан ауа-райы - 3А.
Жолды-ауа-райы аймағы - V.
Жер сипаты және ылғалдану дәрежесі бойынша - 1.
Орналастыру шешімдері
Ғимараттың орналастырылуы, сонымен қатар компрессорлық станцияның аумағында көлік тұрағы жел бағытын ескере отырып, қолайлылықты және еңбек қауіпсіздік жағдайларын, алаңда тиімді өндіріске жағдай жасау, көлік және инженерлік байланыстарын тиімді ету, жоспарда жарылу, жанудан сақтану нормалары бойынша және тиісті қабылданған санитарлық талаптарды қарастыра отырып жасалынған.
Компрессор станциянан 100м қашықтықта бөлек орналасқан көмірсутек газдары мен буларын жинап өртейтін факел (под 7) жасалынған. Бұл қашықтық ҚНжЕ 11-89-80 (Өнеркәсіп кәсіп орындарының бас жоспарлары) сәйкес санитарлық талаптарға, отқа төзімділік дәрежесіне байланысты, жарылыс қауіпдік нормаларына байланысты салынған.
Жер бедерінің қарастырылуы
Жер бедерін қарастырғанда ғимараттар мен инженерлік комуникациялар биік орналастыру жәнеде ол ғимараттар мен инженерлік комуникациялардың бір-бірімен байланыстырылуы қарастырылған.
Жер бетінің тегістелуі бір бағытқа су ағатындай етіп тегістелінген.Суды ағызу жолдары ашық түрде жауын және қар ерітінділерінен пайда болатын су шалшықтары жиналмай ағып кетуге жасалынған.
Ал су шалшықтары арнайы орындарда дайындалған орындарға құйылады.
Құрылыс аймағында көгаландыру жұмыстарын жургізуге жер беті 10 см тереңдікте топырақтар қазылып алынған. Көгаландыру жұмыстарын 2090 м2 қарастырылған.
Алаң ішіндегі жолдар
Алаң ішіндегі жолдар мен өткелдер ҚНжЕ 2.05.07-91 (Өнеркәсіптердің транспорттық жолдары) сәйкес қабылданған.Аумақта сақиналық жолдар мен өткелдер жобада қарастырылып өтіліп жасалынған.
Ғимарат және ғимарат алаңдарында айқарма алаңы бар кіреберістер ескерілген. Жүріп өту өткелдері көлденнең профилъді, бір еңісті етіп жасалынған.
Көлденнең профилъді өткелдердің негізгі параметрлері:
-
жүру жолақтарының саны – 2 дана
-
көлік жүретін жол ені – 4,5 м
-
жол жағаларының іргетасы
-
көлік жүретін жолдың көлденең көлбеуі – 15%
-
жол жағаларының көлденең көлбеуі – 40%
Жобаланылған жолдардың жер деңгейінен биіктігі 0,3 м биіктіке биік жайылғаны ескеріледі. Биік жайылған жол көлемі 800 м2, нығаздалған жерлер ПГС-1484 м2 .
Алаң ішіндегі жолдар, айқарма алаңдар қиыршақ тас және «Прудон-494» арматураланған қоспасынан құйылып жасалған.Жол төсемінің жалпы аумағы – 3339 м2 .
Жол төлемінің конструкцияларына мыналар кіреді:
-
құмды қиыршақ таспен құйылған құйма қалыңдығы – 15 см
-
«Прудон-494» арматураларынан жасалынған ұяшық өлшемдері 20х20, биіктігі – 20см тор
2.2.Сәулеттендіру
Аумақтарда көгаландыру, сәулеттендіру жұмыстары (тротуарлар) жаяу соқпақтар, қоршаулар, қоқыс салғыштар (урна),отырғыштар қарастырылған.
Шаруашылық мұқтаждықтар үшін 320-8 (Шаруашылық алаңдар үшін аз сәулетті үлгідегі жобалар) қоқыс үшін контейнер 1-дана қарастырылған.
Аумақты қорғау үшін металл түрі М3В болып келетін металл торлардан және биіктігі 2м, диаметрі D-114мм тіреуші темір құбыр жасалынған ұзындығы 705м қоршаумен қоршалған.
Көрші ғимараттармен байланыстыру үшін ені 1м, жалпы ауданы 70 м2 болып келетін жаяу соқпақтар (тротуар) қарастырылған.
Жақсы санитарлық-гигиеналық шарттарын қамтамасыз ету үшін көгаландыру жұмыстары ескерілген. Ғимарат жандарында IC-1A 1-дана орындық, II типті 2-дана қоқыс салғыш (урна) 310-54 (Шаруашылық алаңдар үшін аз сәулетті үлгідегі жобалар) бойынша қарастырылған.
3.Экономикалық техникалық көрсеткіштер
Қоршалған аумақ ауданы – 1,82 га
Салынған құрылыс ауданы – 0,5 га
Алаң ішіндегі жабындылар ауданы және
оның ішіне кіретін жүру өткелдері – 0,33 га
Тротуарлық төсегіштер ауданы – 0,007 га
Қоршау ұзындығы – 705м
Көгаландыру жұмыстарына бөлінген аумақ ауданы – 0,009 га
Құрылыс коэффициенті – 28 %
Көгаландыру коэффициенті – 0.5 %
Құрылыстық - сәулеттік шешімдер
Бұл жобада келесі ғимараттардың құрылысы ескерілген.
-
Компрессорлық
-
Операторлық басқару орталығы
-
Алаң ішіндегі желілер
-
Өрт сөндіруге арналған ғимараттар
-
Сыртқы желілер
Компрессорлық
Компрессорлық ғимараты – бір қабатты, тіктөртбұрыш тәрізді жоспарда көрсетілген өлшемдері 16х42м.
Ғимарат қаңқасы, жақтаулық байланыстар схемасы негізгі тіреуші құрылымдар мен металлдық фермалар болып табылады. Бағана және өткізу жолдары темір өнімдерінен жасалынған.
Ғимарат қаңқасы мықты болуы үшін бір-бірімен байланыстырылып жасалынған.
Жапқыш құрылымдар “ Сэнвич ” тәрізді шатыр және қабырға панельдерінен жасалынған. Терезелер МЕСТ 12506-84, ал есіктер МЕСТ 14624-84 бойынша қабылданып, салынған.
Операторлық басқару орталығы
Қолмен басқару (РУ) орталығы
Қолмен басқару және операторлық ғимараттарының өлшемдері 6447х2489 (Қолмен басқару ғимараты ) және 6474х7467 (операторлық ғимараттары) Пенза қаласында өндірілген блок-контейнерлерден салынған.
Блок-контейнерлер бір-бірімен болттар арқылы тартылған және қажеттілігіне қарай ғимарат ретінде қолданылады.
Блок-контейнерлер іргетасы МЕСТ 13579-78 бойынша қабылданған.Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.
Алаң ішіндегі желілердің құрылысы келесі ғимараттармен қарастырылған:
-
Көлемі V- 12,5м3 болатын дренажды сыйымдылық
-
ГРПШ және оны қоршаған аумағы
-
Конденсат жинау алаңы
-
КТПК-Э іргетасы
-
Жарықтатқыш діңгегі
-
1 орынды әжетқана
-
2 дана лафетті оқпан қоюға арналған алаңы
-
Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы
-
Көлемі V-8м3 жаңбырлы-өндірістік суларды жинайтын дренажды сыйымдылық
-
Жапқыш алаңындағы алаң
-
Көлемі V- 12,5м3 болатын дренажды сыйымдылық
Көлемі V- 12,5м3 болатын жер асты дренажды сыйымдылығы жоспарда көрсетілген өлшемі 7,0х3,0м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм монолитті сульфатты бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.Дренажды сыйымдылық-Зауытта құрыштан жасалған. Сыйымдылық бетон іргетасына қамыттармен (хпмуттар) бекітілген.Іргетас жоспар бойынша өлшемдері 3,8х2,6м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Дренажды сыйымдылық жанында қоқыс құбыры (септик) қарастырылған. Ол темірбетоннан диаметрі 1,5м шеңбер тәрізді, теріңдігі 1,65м етіп жасалынған.Қоқыс құбыры (септик) беті темірбетон плитасымен жабылған.Құдық түбі жоба бойынша темірбетон плитасымен жасалынған.
- ГРПШ және оны қоршаған аумағы.
ГРПШ аумағы – жоспар бойынша қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық нығыздалған және қорғағыштармен қорғалған алаң. Тіректер диаметрі 108мм болатын құбырдан қойылған. Тірек негізіндегі бетон- өлшемі 1,4х0,7м бетонның В 15 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.
- Конденсат жинау алаңы
Конденсат жинауға арналған алаң – жоспар бойынша сыйымдылығы жоспарда көрсетілген өлшемі 4,5х4,5м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм монолитті сульфатты бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм жасалынған бетоннан жасалынған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.
Сыйымдылық асты іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 0,8х0,8м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Технологиялық құбырларға әр түрлі биіктіктегі жоба бойынша тіреулер қойылған.Тіреулер бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.
- КТПК-Э іргетасы
КТПК-Э іргетасы МЕСТ 13579-78 бойынша қабылданған. МЕСТ 13579-78 бойынша өлшемдері 2,2х4,8 болатын құрастырмалы блоктардан тұрады. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.
- Жарықтатқыш діңгегі
Жарықтатқыш діңгегі ұзындығы 22м болып келетін темірбетоннан жасалынған. Жарықтатқыш діңгегі жерге бұрғылау әдісімен орналастырылған.
Жарықтатқыш діңгегінің орнықтылығы үшін темірбетонды ригельдер қолданылған. Жарықтатқыш діңгегінің түбі қиыршақ тастар нығыздалып салынған. Жарықтатқыш діңгегінің 19,7м биіктігінде металлды баспалдағымен қызмет көрсету алаңы орналастырылған.Темірбетонды баған мен металл констукциялардың байланыстырылуы металлдық сағалармен орындалған. Сағаға металлдық алаңшаның бекіту монтаждық болттармен орындалған.Металлдық баспалдақтар әр 1,5м арақашықта қамыттар (хомуттар) арқылы бекітелген.
-1 орынды әжетқана
1 орындық әжетқана – жоспар бойынша өлшемдері 1,1х2,6м болатын ағаштан салынған.Шұңқыры бетоннан жасалынған, ал өлшемдері жоспар бойынша 1,5х1,85м болып келетін бетонның В 15 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 50мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.
- Лафетті оқпан қоюға арналған алаң.
Лафетті оқпан қоюға арналған алаңы жоспар бойынша өлшемдері 1,0х1,0м болатын бетонның В 15 классты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Қызмет көрсету алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған. Металл констукциялардың бір-бірімен байланыстырылуына 6мм жігін (шва) дәнекерлеу жұмыстары қолданылған.
- Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы
Алаулы (факельный) газды сеператор алаңы жоспар бойынша өлшемдері 7,0х10,0м бетонның В 15 W8 классты қалыңдығы 50мм бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген. Сыйымдылық асты іргетасы өлшемі 1,2х0,4м бетонның В 20 классты монолитті сульфатты бетоннан және МЕСТ 13579-78 бойынша құрастырмалы темірбетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 1м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған. Технологиялық құбырларға әр түрлі биіктіктегі жоба бойынша тіреулер қойылған.Тіреулер бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.
Алаңда бетонды траптар қарастырылған. Бетонды траптарды тірейтін жоспар бойынша өлшемдері 0,5х0,5м, жерге отырғызу тереңдігі 0,40м болатын тіректер жасалынған.Тірек беті металлдық тормен жабылған. Негізі таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Қызмет көрсету алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған бағаннан және прокатты.
Қызмет көрсету алаңы және алаулы (факельный) газды сеператор алаңы 0-1 үлгідегі 1.450.3-6 сериялы металлдан жасалынған. Металл констукциялардың бір-бірімен байланыстырылуына 6мм жігін (шва) дәнекерлеу жұмыстары қолданылған.
- Алаулы (факельді) қондырғы іргетасы.
Алаулы (факельді) қондырғы іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 2,4х2,4м бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Зәкір астындағы тартулар бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаулы (факельді) қондырғы және қызмет көрсету алаңы – зауытта жасалған. Алауды өртеу және оларды басқару жүйелері құрылады: реттейтін блок бетонның В 15 W8 классты бетоннан қалыңдығы 300мм бетон іргетасынан және басқару пульттінің жоспар бойынша өлшемдері 0,5х0,5м бетонның В 18 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.
- Көлемі V-8м3 жаңбырлы-өндірістік суларды жинайтын дренажды сыйымдылық
Көлемі V- 8м3 болатын дренажды сыйымдылық іргетасы жоспар бойынша өлшемдері 4,0х3,0м бетонның В 15 классты қалыңдығы 50мм бетоннан және бетонның В 12,5 классты қалыңдығы 100мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Бетон негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң периметр бойынша буйір тастармен жиектелген.
Көлденең болатты дренажды сыйымдылық – зауытта жасалған.Сыйымдылық бетонға бекітілген. Сыйымдылық асты бетонның В 20 W8 классты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 0,7м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.
- Технологиялық құбырлар тіректері.
Технологиялық құбырлар тіректері әр түрлі биіктіктегі және конструкциялардан жоспарланған.Тіректер бетонның В15 W8 классты болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.
- Жапқыш қондырғы (задвижки) астындағы алаң.
Құбырдың жапқыш қондырғы (задвижки) астындағы алаң жоспар бойынша өлшемдері 3,0х3,0м және 1,0х1,0м В15 классты қалыңдығы 300мм болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған.. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған. Алаң айналасы ені 0,5м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.
- Өрт сөндіру келесі құрылыс имараттарынан тұрады:
- Сорғыш станциясы
-Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары
Сорғыш станциясы
Жоспар бойынша өлшемі 6х12м болып келетін тіктөртбұрышты өртті сөндіруге арналған сорғыш имараты.
Имарат бір қабатты, биіктігі 5,35м, ал тасымалдаушы қабырға конструкциясының биіктігі 3,4м. Имарат ішінде 1 т жүкті көтеретін қолмен басқарылатын жүк көтергіш орналастырылған.
Сорғыш имарат негізі бетонның В20 W8 F50 классты болатын ленталық монолитті бетоннан жасалынған.Негізгі тіреуші қабырғалар ұлутас блоктарынан салынған.Ұстатқыш (перемычки) 4 үлгі 1,038 сериялы етіп қабылданған.
Ағаш терезелер МЕСТ 12506-84
Ағаш есіктер МЕСТ 14624-84 бойынша қабылданып жасалынған.
Жабынды – прокатты арқалық металлдық қуыстармен жасалынған.
Шатыр – қалыңдығы 100мм жазық бір еңісті “ Сэнвич ” тәрізді шатыр панельдерінен жасалынған.
Ғимарат айналасы ені 1,5м болатын жер бетімен тегістелініп құйма құйылған.
-Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары Көлемі V- 400м3 болатын 2 дана өртке қарсы су қорын сақтау резервуары тік цилиндрлік, көлемі 400м3 етіліп құрыштан зауытта жасалынған.Сыйымдылық диаметрі – 8530мм, биіктігі – 7460мм. Іргетасы негізі бетонның В20 W8 F50 классты болатын ленталық монолитті бетоннан жасалынған. Іргетас асты екі қабатты тығыздалған құмды-қиыршақ тас жастық қызметінде өтеу үшін төселген.
Сыртқы желілер үшін құрылыстар келесі имараттардан тұрады:
- диаметр 50мм болатын үрлеу май шамының іргетасынан
- технологиялық құбырлар тіректер
- диаметр50мм болатын үрлеу май шамы
Бұл құрылыс астары жоспар бойынша өлшемі 0,75х0,75м бетонның В 15 классты монолитті бетоннан жасалынған. Тіреулер негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған
-Технологиялық құбырлар тіректері.
Технологиялық құбырлар тіректері әр түрлі биіктіктегі және конструкциялардан жоспарланған.Тіректер бетонның В15 W8 классты болатын монолитті сульфатты бетоннан жасалынған. Іргетас негізі қалыңдығы 100мм таушайыр тасынан толық қанықтырылған құйма құйылған.Тіреу сырғанауының алдын алу үшін, тіреулерде құрыштан жасалынған жолақтар қарастырылған.
Технологиялық шешімдер
Осы бөлімде әзірленді: компрессорлы станцияның сенімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті жабдық пен жұмыс көлемі, технологиялық имараттардың жинағы.
Компрессорлы станция «Сазтөбе» УПН шамшырақ желісінен «Сазтөбе-ГСП Толқын» УПН» газ құбырына ілеспе мұнай газын ажырату үшін жобаланды. С.Ш. Сазтөбе кен орнындағы УПН-да Тасым, О.Ш.Сазтөбе және С.Ш.Сазтөбе кен орындарынан ілеспе мұнай газын жинастыру жүргізіледі. Одан кейін газ тығыздалғаннан соң «Толқынмұнайгаз» газ жинастыру пунктіне жіберіледі. Мұнай газы ұзындығы 181 м, диаметрі 219 мм сорғыш газ құбыры арқылы компрессорлы станцияның жобаланған алаңына келеді. Көрсетілген газ құбырының жер бетіне шығысында құбырды қаңғыма тоқтардан құбырды қорғау үшін оқшаулағыш фланцілі қосу қарастырылған. Газ мұнай газын тамшылы сұйықтықтан ажырату үшін ГС1-4,0-600-1-И газ айырғышына кіреді. Газ айырғышындағы ауланған сұйықтықтың деңгейі электржетегімен реттеледі (ЗП7). Ауланған сұйықтық ЕНП-12,5-2000-1-3 сорғыту сыйымдылығына жеткізіледі. Газ айырғышында бекіткіш ысырмасымен газдың кірісі мен шығысының аралығында өшіргіш арматура мен байланысты желі қарастырылған. Газ айырғышынан кейін газ ГРПШ-ға бағытталады. Жалпы ұзындығы 375 м болатын компрессорлы станциядан айдау газ құбыры МЕСТ 8732-78 бойынша 159х8мм диаметрлі құбырдан жобаланған. Газқұбыры құбырдың түбіне дейін 0,8 м тереңдікке түсірілген. Айдау газқұбырының «УПН Сазтөбе – ГСП Толқын» газқұбырына дәнекерлеу жеріне дейінгі қашықтық 375 м. Автожолмен түйіскен жерде газқұбыры 426х10мм диаметрлі қорғағыш футлярға салынады. Қаптаманың шеттері көбікті-битумды тығыздағышпен тығыздалады. Құбырдың автожолмен түйіскен бұрышы 90º құрайды. Жер асты газқұбырының негізгі бөлігі ВСН 2-38-85 сәйкес ІІ санатқа жатқызылады. Автомобиль жолдарынан өту кезінде және құбырды дәнекерлеу барысында газқұбыры тиісінше 25м және 10м қашықтықта І санатқа жатқызылады. Құбырлардың бұрылу бұрыштарында ажыратқыш белгілер қойылады. Құбырды бітемеленуіне тексеру және беріктілігіне сынау Рсынау=1,25Ржұм. гидравликалық тәсілмен жүргізілгені дұрыс. Дәнекерленген түйісу орнын бақылау: 100% физикалық тәсілмен, оның ішіндегі 25% радиографиялық тәсілмен жүргізіледі. Жер асты газқұбырларын оқшаулау күшейтілген (сырлау, оқшаулағыш поливинилді/хлорлы жабысқақ лента, ПЭКОМ қорғағыш орамасы).
Жобамен апаттық өшіру үшін электржетекті арматура қарастырылған. Арматура ғимараттан 4 м қашықтықта, 219 мм коллекторлы сорғышта (ЗПЗ) және 159 мм қысымдағышта (ЗП6) орнатылған. Сонымен қатар, электрожетекті өшіргіш арматурасы 325 мм (ЗП4) шамшырақ коллекторында және 57 мм кезекші шілтерге газды беру желісінде (ЗП4) орнатылған. Кіріс және шығыс негізгі коллекторлар, шамшырақты және сорғыту коллекторлары құбыр түбіне дейін 1,2 м биіктікте тірек эстакадасына ғимараттан 2,1 м қашықтықта қойылған.
Электрожетекті өшіргіш арматурасы УПН (ЗП2) сорғыш газқұбырында және 0,4 МП (артық) қысымымен газды 108 МП (артық) дейін тығыздау үшін «CameronCompressionSystems» фирмасының AJAX DPC-2802LE маркілі компрессорларын орнату қарастырылған.
Блокты компрессор болат қаңқаға құрылымдалады және оған компрессорлы қозғалтқыш, компрессор мен қозғалтқыштың май жүйесі, кіріс, аралық (әрбір қысым деңгейінен кейін) және шығыс айырғыштары, әрбір қысым деңгейінде соруда және қысымдауда пульсациялық сыйымдылықтың жинағы және газды деңгей/аралық және соңғы суытудың ауа суыту аппараты жатады. Сондай-ақ, АВО қозғалтқыш пен компрессорды суыту жүйесінде айналатын антифризбен суытылады.
Компрессормен бірге компрессор көрсеткіштерінің апаттық көрсеткіш жағдайында өшіруді және мониторингті жүзеге асыруды қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелінің жинағы да ұсынылады. «Жарылғышты және зиянды газбен жұмыс атқаратын поршенді компрессорлар құрылымы және қауіпсіз пайдалану ережесі» ПБ 03-582-03 сәйкес, мұнайлы газ құбырында ПАЗ компрессорының жүйесіне енгізілген пневмо/жетекті екі қатпарлы бекіткіш арматура мен қолмен іске қосылатын шарлы шүмек қарастырылады. Кірме айырғышының алдына «өзінен кейін» қысымды реттегіш орнатылады. Компрессордың айырғыштарында тамшылы ылғалды мұнай газынан (конденсат) ажырату жүзеге асырылады. Компрессор айырғышымен қоса конденсатты автоматты түрде шығарудың барлық құбырлары жалпы коллекторға енгізілген. Коллектордан сорғыту V=12,5м3 сорғыту сыйымдылығына келіп түседі. Компрессорлардың сақтандырғыш клапандарында газды жалпы коллекторға шығару қарастырылған. Компрессорлардың апаттық тоқтау жағдайында газды автоматты түрде шығару да шамшыраққа шығарылады. Компрессорларды іске қосу және бос жұмыс істеу кезінде НК ПР және шуылды төмендету мақсатымен компрессорлы ғимаратқа шығарылған газды атмосфераға жергілікті шығару қарастырылған. Компрессорлы ғимаратта өрт сөндіру және газанализациялау жүйесі қарастырылады.
Газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады: технологиялық жүйеден газ шығуды автоматты анықтау (20% және 50% НКПР); газ детекторларынан персоналға ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл); 50% НКПР кезінде барлық айналып тұрған жабдықтардың автоматты түрде өшірілуі. Жобаланатын объектінің қауіпсіз пайдалануын қамтамасыз ету үшін келесілер қарастырылады:
• апаттық жағдайда (аппараттардың бітемеленуінің бұзылуы, құбырлардың жарылуы, приборлардың ақаулығы, компрессорлы станция аумағында өрт болуы) газды қолданыстағы шамшырақ қондырғысына жіберу үшін УПН қолданыстағы шамшырақты газқұбырынан ЗП1 электрлі ысырманы ашу және УПН қосу кезінде жобаланатын сорғыш газқұбырында ЗП2 қашықтықты/электрлі ысырманы жабу арқылы УПН мұнай газын беруді тоқтату қарастырылады;
• сонымен қатар, апаттық жағдайда газды сорғыш газқұбырынан және компрессордан шығару және ол ЗП3 сорғыш коллекторында, ЗП6 қысымдағыш коллекторында электрлі ысырманы жабу және ЗП4 шамшырақты коллекторда электрлі/ысырманы ашу жолымен жобаланатын шамшырақты қондырғыда жағылады.
Қондырғының қосалқы жүйелері сорғыту сыйымдылығынан, шамшырақты жүйеден тұрады. Қосалқы жүйелер № 001/2009-KTM/IM/014/OKC-2-04 -002, -003, -004 № 001/2009-KTM/IM/014/OKC-2-06 -002, -007 сызбаларында көрсетілген.
ЕП-12,5-2000-1-3 үлгідегі 12,5м³ көлемді жер асты сорғыту сыйымдылығы сорғытуды жинастыру үшін қолданылады. Сорғыту сыйымдылығына келесі өнімдер: технологиялық қондырғылардан сорғыту (компрессорлар, шамшырақты айырғыш, газайырғышы), газайырғышынан конденсат келіп түседі. Сорғыту сыйымдылығынан бөлінген газ шашырату құбыры арқылы атмосфераға шығарылады. Сорғыту сыйымдылығының ішіне жалын немесе от еніп кетуінің алдын алу үшін газды шашырату құбырында от сақтандырғышы қарастырылған. Сорғыту сыйымдылығынан сорғыту УПАН-ғы келесі НГС-ке келіп түседі. Сору НВ 50/120 (беріліс- 50м3/сағ., қысым-120м) үлгідегі көлбеу орнатылған жартылай көмілген электр/сорғыш агрегатының көмегімен жүзеге асырылады. Сұйықтың деңгейі НВ 50/120 жартылай көмілген сорғышты өшірудің (төменгі деңгейге жеткенде) деңгейлі (жоғарғы және төменгі) датчиктерімен және оператор жайындағы дабылмен қадағаланады. Шамшырақты жүйе шамшырақты қондырғы, шамшырақты айырғыш және шамшырақты айырғыштың сорғышынан тұратын бастапқы жабдық бірліктерінен тұрады. Жинақталған сұйықтық ОСС 13-70 сорғышымен сорғыту желісінің коллекторына, ол жерден жер асты сорғыту сыйымдылығына келіп түседі. Жобада зауытта жасалған шамшырақты қондырғы қолданылды, шамшырақ ұңғымасының диаметрі – 300 мм, биіктігі – 15м, ГФНГ-250/200 шамшырақты ұшымен, шамшырақ жануын және жалынды бақылау жүйелерімен жабдықталған. Технологиялық құбырлар «Ру 10 Мп дейін болат технологиялық құбырларды жобалау жөніндегі нұсқаулық» СН 527-80 жобалаудың технологиялық нормаларына сәйкес жобаланды. Технологиялық құбырларға қырларының тиісті қалыңдығымен 20-шы маркілі болаттан жасалған МЕСТ 8732-78 бойынша 45 – 300 мм диаметрлі жіксіз болат құбырлар, сонымен қатар құбырлардың бөлшектері тиісті қысымға сәйкес МЕСТ 17375 - 17378-2001 бойынша дайындалады.
Арматура жарылғышқа қауіпсіз орындалуымен 1,6МП - 16МП қысымда қабылданады.
Технологиялық құбырларды тарту құбыр түбінен 0,5 метрден 1,2 мерге дейінгі төменгі тірек биіктігінде жер үсті және құбыр эстакадаларында (құбыр түбіне дейін 1,2 м) жүргізіледі.
Жер беті құбырларын оқшаулау: 2 қабатқа МЕСТ 25129-82 бойынша ГФ-021 грунтовкасымен сырлау, 100 мм – 40 мм дейін, 100 мм – 60 мм артық диаметрлі құбырлар үшін оқшаулау қалыңдылығымен минералды/мақталы, 0,8 мм қалыңдықтағы мырышты парақтармен оралады. Дәнекерленген жерлерді бақылау: 100% - радиографирлендіру тәсілімен. Құбырларды беріктілікке сынау және бітемеленуіне тексеру Рсынақ=1,25Ржұмыс гидравликалық тәсілмен жүргізгені дұрыс болады.
Автомобиль жолдарымен түйіскен жерлерде газқұбырлары жол жамылғысының үстіңгі қабатынан құбыр түбіне дейін 4,5 м жер бетінде, ал сорғыту құбырлары 273 мм диаметрлі қорғағыш футлярда тартылады. Қаптамалардың шеттері жол жамылғысынан әр тарапқа 2 м шығарылуы тиіс. Қаптаманың шеттері көбікті/битумды тығыздағышпен тығыздалады. Құбырдың автомобиль жолымен түйісу бұрышы 90º құрайды. Жобамен сорғыш сыйымдылығының жағына қарай 0,002 ылдилануымен құбыр үстіне дейін 1,2 – 1,3 м тереңдікте 65мм диаметрлі сорғыту құбырының желісін жер асты тарту қабылданды. Дәнекерленген жіктерін бақылау: 100% - радиографирлендіру тәсілімен. Құбырларды мықтылығына сынау және бітемеленуіне тексеру Рсынақ=1,25Ржұмыс гидравликалық тәсілмен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |