Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті «Көкшетау техникалық институты» рмм



бет4/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.85 Mb.
#131223
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

4 Сумен қамтамасыз ету

08.04.2009ж. техникалық кеңес хаттамасының негізінде, ТУ СТ РК ИСО 4427-2004 бойынша Ø110 PE 100 SDR17 полиэтилен құбырынан жобаланатын су құбырын С.Ш. Сазтөбе № 2 мұнай ұңғымасынан 2 метрде орналасқан сужинақтау ұңғымасынан қолданыстағы құбырға шығыс жағынан шығару қарастырылуда.




4.1 Кәріз

Жобаланатын объектінің ауданында кәріздің қолданыстағы торабы жоқ. Жобамен жобаланатын алаңда өндірістік-жауын кәрізі қарастырылған. Өндірістік кәріз жүйесіне өрт сөндіру сорғыш станциясының ғимаратынан және технологиялық алаңнан өндірістік ағындар ағады.

Өндірістік-жауын ағындары гидрожапқыш құбыры арқылы өздігінен ағу жолымен алдағы уақытта шығарылыуымен V=8м3 сорғыту сыйымдылығына келіп түседі. Өндірістік ағын суларын кәдеге жаратумен 05.01.2009 жылғы № 2 келісім-шарттың негізінде «БұранкөлҚұрылысСервис» ЖШС айналысады.

4.2. Жауын-шашын себелеулерінің шығыны

Жауын-шашын себелеулерінің саны ҚНжЕ 2.04.03-85 3.3.1-кестесі бойынша анықталған.

Суды ағызудың негізгі көрсеткіштері

3.3.1-кестесі



Судың ағызылуы

Себелеу шығыны

л/сек

м³/сағ

м³/тәулік

Өндірістік-жауын себелеуі

Траптан
Өрт сөндіру кезіндегі сорғыштардан









0.1


3.6

Өндірістік-жауын кәрізінің сыртқы тораптары

Өндірістік-жауын кәрізінің сыртқы тораптары МЕСТ 9583-75* 100-200 мм диаметрлі шойын тегеуірінді құбырлардан жасалады.

Өздік ағын кәріз құбырларында 3.902-8 сериялы гидроысырма құдықтары және кәріздік қарау құдықтары жобаланды. МЕСТ 8020-90 бойынша құрылымдалған темір/бетонды элементтерден кәріз құдықтарында қызмет көрсететін және жөндеу жүргізетін персоналды түсіру және көтеру үшін баспалдақ орнатылады.

Жобамен алдағы уақытта шығырылуымен 8м³ көлемді өндірістік-жауын ағындары үшін жер асты сорғыту сыйымдылығы қарастырылған. Сыйымдылық болаттан жасалған, ЕП үлгідегі жер асты сорғыту, диаметрі - 2000мм, ұзындығы - 2880мм, ысытусыз және электросорғыш агрегатынсыз көлемі - 8м³.

Ұсынылатын сыйымдылықты дайындаушы зауыт: «АтырауНефтеМаш» ЖШС.

5. Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары
5.1. Электрэнергиясының көздері
Жобаланатын тұтынушылар үшін электрэнергиясының негізгі көзі қолданыстағы УПН С.Ш. Сазтөбегі № 01/08 тірегі ВЛ 6кВ болып табылады.

УПН С.Ш. Сазтөбедегі қолданылатын ЩСУ кВ резервті көз болып табылады.



Электр энергиясын тұтынушылар және энергетикалық жүктемелер

Көрсетілген объект бойынша тұтынушылар болып табылады:

Компрессорлық станция:

- ауа компрессорларының электржетегі, компрессорларды басқару шкафтары, ішкі эл.жарықтандыру, өрт дабылының қалқандары мен аппаратуралары.

Сорғыш өрт сөндіргіш:

- өрт сорғыштарының электржетектері, айналма сорғыштар, эл.ысырмасы, ішкі эл.жарықтандыру.

Ішкі алаң тұтынушылары:

- сорғыту сыйымдылығының сорғыш электржетегі, шамшырақ жүйесі, аршылу эл.ысырмасы, сыртқы эл.жарықтандыру, сулы резервуарлардың эл.жылытқыштары, РУкВ блоктарын эл. жылыту және операторлық.



Компрессорлы

Электрмен қамтамасыз ету беріктілігі бойынша компрессорлы электрқабылдағыштар тұтынушылардың санатына жатқызылады. Компрессорлық жайда 220В жұмыс жарықтандыруы қарастырылған. Компрессорлық жайда ауаны басқару үшін жарықтандыру щитогы орнатылады, онда жарықтандыру жүйелерін автоматты түрде ажырату қарастырылған. Жұмыстық жарықтандыру үшін Л үлгідегі жарылыс/қорғағыш шырағданы қолданылады. Шырағдан кронштейннің көмегімен төбенің негізгі құрылымына бекітіледі. Шырағдандарды орнату орындары монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында орнында анықталады. Компрессорлық жайды апаттық жарықтандыру үшін ВЗГ-200 үлгідегі шырағдан қолданылады (24В). Шырағдандар шатырдың негізгі құрылымына бекітіледі.

Компрессорлық жайда апаттық жарықтандыру үшін РИП-24 үлгісіндегі резервтік қоректену көзі орнатылады. Жарықтандыруды ажырату ылғалды қорғалған жүйе пайдаланылады және компрессорлық жайдың сыртына орнатылады.

Компрессорлық жайдағы жарықтандырудың барлық сымдарының желісі электрдәнекерленген түтікте орындалады, құбырларды жалғастыру КТА үлгісіндегі қосу қораптарында жүзеге асырылады. Үрлеу және сору желдеткіштері ауа компрессорлық жайында орнатылатын магнитті іске қосқыш арқылы қосылады.



КТП 6/0,4 кВ

Тоққабылдағыштарды 0,4кВ кернеуінде қоректендіру үшін жобамен 400кВА трансформаторлық қуатты, 6кВ ауа кірмесі және 0,4кВ кабелді кірмелі 6/0,4кВ жинақты трансформаторлы кіші станция қарастырылды. КТПК-Э-400- 6/0,4кВ ұсынылатын зауыт дайындаушы: «ЭнергопромАктобе» ААҚ бірлескен кәсіпорны.


0,4 кВ ішкі алаңды кабелді желісі

Резервті қоректену көздерімен (С.Ш.Сазтөбе қолданыстағы ЩСУ-0,4кВ 0,4кВ шиналарымен) жобаланатын КТПК-Э-400-6/0,4кВ 0,4кВ керенуімен байланыс орында тартылған м.ВБбШв-1кВ сеч.2х (4х120)мм2 (ұзындығы: 350м) мыс сымдарымен жүзеге асырылады. РУ-0,4кВ блогындағы ВРУ-1-21-10, 4-1ЩС шкафтары жобаланатын КТПК-Э-400-6/0,4кВ трансформаторлық кіші станцияның жинағында қалқан автоматынан қоректенеді. Сорғыту сыйымдылығының электрқозғалтқыш сорғыштары, шамшырақты жүйелер, электржетекті ысырмалар (магнитті қосқыштар, басқару жәшіктері) үшін коммутирлі аппаратура РУ-0,4кВ блогында қарастырылған; басқару түймелері жарылғыштан қорғалған оқшаулауда және клемалы қорапта – алаңда, орны бойынша орындалған.

Сулы резервуарларды жылыту шкафтары РУ-0,4кВ блогынан 4-2ЩС шкафынан қоректенеді.

0,4кВ ішкі алаңды желілер мыс сымды қуатты және бақылаулы кабелдерден орындалады және кабелді орларда жерде тартылады. Инженерлік түйісу жерлерінде кабелдер асбест түтікшелеріне салынады.

Компрессорлық станцияның алаңын сыртқы жарықтандыру ИСУ-01-1000 үлгідегі прожекторлармен СК 22-1 үлгідегі темір/бетон тіреуде прожекторлық желкендерді орнату арқылы шешіледі және РУ - 0,4кВ.

ВЛ-6 кВ блогының қалқанынан қоректенеді

Жобаланатын КТПК-Э-400 6/0,4 кВ №01/08 тірегі Сазтөбе УПН-нен қолданыстағы ВЛ-6 кВ дәнекерлеу арқылы қосу. Жобаланатын ВЛ-6кВ, жалпы ұзындығы - 0,25км болатты аллюминедіжетекті м.АС-50, т/б тіреуінде «Сельэнергопроект» 3.407.1-143.1 бойынша СВ 105 жүргізіледі, орташа аралық - 50м.

Соңғы №1 және №7 тіреулерде жобаланатын ВЛ-6кВ (басында және соңында) ПРНЗ-10У1 жетегімен қоса РЛНД1-10Б-400 3 полюсті ажыратуды орнату қарастырылады.

РУ-0,4 кВ блогы.

Электрэнергиясын компрессорлық станция алаңының тұтынушыларының арасында тарату РУ-0,4кВ блогы арқылы жүзеге асырылады. РУ-0,4кВ ғимараты зауытта жасалған блокты-контейнерліні, жарықтандыруды және жүйелі желдеткіштің жинағын қарастырады.

Орны бойынша РУ-0,4кВ блогының ішінде қарастырылады:

- тегеуірінді қысқышымен ЩРН-18М қосу шкафы;

- кернеуді автоматты түрде ажыратуымен ЩМП-5 қуатты шкафы;

- компрессорлық станцияны эл.жабдықтау үшін ШУ-8256 АВТ арқылы резервке қосуға арналған басқару станциясының шкафы:

- ВРУ1-21-10 үлгідегі екі кірмелі 0,4кВ кірмелі-тарату қондырғысының шкафы;

- сорғышты өрт сөндіруді және ішкі алаңдағы тұтынушыларды эл.жабдықтау үшін ПМЛ 4230 үлгідегі 4 магнитті қосқыш, өрт дабылының қалқандары мен аппаратурасы және автоматика;

- 250А тоғына ВА 51-35 автоматты ажыратқыштарымен ПР8503-1151-54УЗ үлгідегі 4-1ЩС қуатты тарату шкафы және өрт сорғыштарын 110кВ эл-қозғалтқыштары үшін Б5130-4474 үлгідегі басқарудың эл.блоктары;

- шамалы қуатты жүктемелер үшін 63А тоғына АЕ2040 автоматты ажыратқыштарымен қоса ПР11-3077-54УЗ үлгідегі 4-2ЩС қуатты тарату шкафы;

- шамалы қуатты жүктемелер үшін 63А тоғына АЕ2040 автоматты ажыратқыштарымен қоса ПР8503-1011-54У3 үлгідегі 4-3ЩС қуатты тарату шкафы;

- айналмалы сулы сорғыштарының, сорғыту сыйымдылығының эл-қозғалтқышына арналған ПМЛ үлгідегі магниттік қосқыш;

- ысырма эл.жетектеріне арналған Я5414 басқарудың реверсивті жәшіктері.


5.2. Қорғау іс-шаралары
Оқшаулауының ақаулануы кезінде электр тоғымен зақымданудан қорғау іс-шаралары ретінде 0,4кВ кернеуін нөлдеу және 6кВ кернеуіне жерлендіру қарастырылған. Компрессорлық станцияның жабдығын, РУ-0,4кВ және КТПК-6/0,4кВ блогын жеке-дара жерлендендіру топырақта бұралған және бір-бірімен В16 дөңгелек болатты көлбеу жерлендіруімен жалғанған, орға төселген В16 дөңгелек болатты көлбеу электродтарымен атқарылады. Барлық жеке-дара жерлендіру жабдықтары барлық технологиялық жабдықтар мен аппаратураларды қосу арқылы сорғыш алаңында жерлендірудің тұтастай бір контурына біріктіріледі. Жерлендірудің кедергісі жылдың кез келген маусымында 4 Омнан көп болмауы тиіс. ҚР ҚН 2.04-29-2005 сәйкес компрессорлық станцияны және технологиялық жабдықтарды найзағайдан қорғау аралық желкенді тіреуде өзекті найзағай қабылдағыштарды орнату арқылы шешіледі. Жобаланатын ВЛ-6кВ барлық тіректері жерлендірілуге жатады.

Периметрі бойынша ВЛ-6кВ №7 жобаланатын шеткі тіректің жерлендіру шығысы ғимарат қабырғасына 0,4 м биіктікте бекіту арқылы 25х4 болат жолақты жерлендірудің ішкі контуры құрылымдалады, компрессорлық жайдың КТПК 6/0,4 кВ жерлендіру контурына жалғанады. Жерлендіру жетегін компрессор қаңқасына және ауа суытқыш аппаратурасына жалғау үшін дәнекерлеп қосу қолданылады, контроллер үшін – бұрандамалы жалғау. Жерлендірудің ішкі контуры жерлендірудің сыртқы контурымен жалғанады.



Электрлі химиялық қорғау

Қорғалатын құбырлардың шамалы ұзындығына және жер асты имараттарындағы шамалы металсыйымдылыққа байланысты компрессорлық станцияның алаңында жобамен магнитті гальваникалық анодтарды орнату арқылы жер асты имараттарын топырақты даттанудан протекторлы қорғау қолданылды. Протекторлы қорғағыш әрекетінің қағидасы қалыптасатын гальваникалық буда, ал топырақ электролит қызметін атқаратын қорғалатын болат имаратына қарағанда барынша қомақты электртеріс әлеуетке ие болатын арнайы орнатылған анод (протектор) бұзылуға ұшырайтындығында бекітіледі. Тартылатын төменгі қысым газқұбырын қолданыстағы топырақты газқұбырының дәнекерлеу орнынан D=219х8мм диаметрлі ұзындығы – 138 м компрессорлы станцияның алаңында конденсат жинағыш қондырғысына дейінгі дақтанудан қорғау ПК1 орналастырылатын ПМ-20У үлгідегі 4 протектордан тұратын топтық протекторлы қондырғымен жүргізіледі. Жоғарғы қысымды газқұбырын топырақты дақтанудан қорғау компрессорлы станция алаңынан бастап қолданыстағы газқұбырындағы D=159х8мм, ұзындығы – 375 м ПК2 дәнекерлеу орнына дейін қорғау №07.091.2.2.-344.00-ЭХЗ объектісі бойынша жобаланған қолда бар катод қорғанысының газқұбырымен металды қосу арқылы жүргізіледі.

Газқұбырының автомобиль жолымен түйіскен жерінде жобамен қаптаманы D=426х8мм, ұзындығы-50м протекторлы қорғау және қорғау әлеуетінде бақылау құралдарын орнату қарастырылды.

Жобамен компрессорлық станцияның алаңында V=8м3 өндірістік-жауын ағындарына, V=12,5м3 технологиялық сорғыту сыйымдылығына, жер асты сорғыту құбырына және құбырлардың автомобиль жолдары арқылы өткеруде қорғағыш қаптамаларына арналған топырақ дақтарынан сақтау қарастырылды. Қорғау ПМ-10У және ПМ-20У үлгідегі протекторлардан топтық протекторлық қондырғылармен жүзеге асырылады.

Құбырлардың қорғалатын жер асты бөлігін жер бетінен электрлі оқшаулау үшін жобамен оқшаулау ернемектері қарастырылады. Оқшаулау ернемектері жобаның технологиялық бөлігімен қамтылады және жерден қорғалатын құбырлардың кірмесінде және шығысында орнатылады.

6. Бақылау және автоматтандыру
6.1 Автоматтандыру объектілері
Осы жобадағы автоматтандыру объектілері ретінде келесі имараттар қарастырылды:


  • Компрессорлық станция

  • Операторлық.

  • Ішкі алаңды желілер.

  • Өрт сөндіру имараттары және тораптары.

Автоматтандыру деңгейі жобалауға қойылатын талаптармен, қолданыстағы нормативтік құжаттармен және тапсырыс берушімен ұсынылған техникалық тапсырыспен айқындалды. Жобамен қызмет көрсететін персоналдың тікелей агрегаттар мен аппараттарда ұдайы болуынсыз қалыпты пайдалану ахуалында қондырғының жұмысын қамтамасыз ететін объектілерді автоматтандыру, апаттық режим орын алған кезде, апаттық және технологиялық дабыл жағдайында автоматты қорғаныс және бұғаттау, сонымен қатар технологиялық қондырғыда газдануды бақылау жөніндегі іс-шаралар қарастырылды.

Газды анықтау жүйесі

Компрессорлық жайды газталдау жүйесі СГАЭС-ТГМ газталдау жүйесінің негізінде құрылды. СГАЭС-ТГМ жүйесі газдануды бақылау датчиктерінен және УПЭС булы қондырғыдан тұрады. Газталдаулар әрбір арна үшін үш шектен асу туралы дабылмен қамтамасыз етеді. Шектіліктің мәні бағдарламалы түрде белгіленеді. Өлшем диапазондарының шегінде газанализатор іске қосылу арналарының шектілік тапсырысының диапазоны.

Газоанализаторлар сәулелі және дыбыстық дабыл органдарының дұрыстығын бақылауға мүмкіндік беретін жұмыстың тестілік режиміне ие болады.

Газанализатордың әрбір арнасына сәуледиодтары сәйкес келеді:

1 жасыл – арна қосылды;

3 қызыл – берілген шектердің асып кетуі;

1 сары – арна дұрыс емес.

Сонымен қатар, кез келген шектің, кез келген арнаның айқындалатын газ қосындысы концентрациясының артуы кезінде басқару панеліне орнатылған дыбыстық дабыл іске қосылады. Газоаналитикалық жүйе метанның шоғырлануын және компрессорлық жайда СО бақылауға мүмкіндік береді, сонымен қатар операторлық жайда контроллерде «Апат» («Шекті 1» және «Шекті 2») дабылын береді.




6.2 Автоматтандырудың көлемі

- Компрессорлық:

Әрбір компрессор компрессорлық залда орнатылған «Murphy» бақылау және басқару шкафында орналастырылған «Centurion» контроллер базасында басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.

- компрессорлардың апат алды көрсеткіштерінде компрессорларды ажыратуды және мониторингті қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелі;

- компрессордың апаттық жағдайда тоқтағаны кезінде газды автоматты түрде шамшыраққа шығару;

- компрессорларды іске қосу кезінде және бос жұмыс істеу режимінде шуылды төмендету мақсатында компрессорлық тапсырыс түрінде шығарылатын газды атмосфераға жергілікті ығыстыру;

- компрессорлық ғимаратта өрт сөндіру жүйесі;

- газталдау жүйесі, газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады:

• технологиялық жүйелерден газдың шығуын автоматты түрде анықтау (20% және 50% НКПР);

• персоналға газ детекторлары арқылы ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл);

• 50% НКПР кезінде барлық айналатын жабдықтарды автоматты түрде тоқтату.

Жүйе компрессорларды және қосалқы жабдықтарды басқару және қорғау үшін арналған.

Басқару шкафынан компрессорды локалды басқару жүргізіледі:

- жабдықтардың жұмысын басқару;

- жабдықтың ақауы туралы технологиялық дабылдау;

- басқарудың алгоритмін орындау және технологиялық бөлшектердің жетектеріне басқарушылық ықпал етуді шығару;

Келтірілген қызметтер келесі операциялардың негізінде жүзеге асырылады:

- датчиктерден және қайта құрылымдаулардан ақпарат алу;

- ақпаратты алғашқы өңдеу;

- өлшеуіш арналарының ахуалын бақылау;

- төменгі деңгейдің RS-485 «Modbus» желісі арқылы орталық процессормен ақпарат алмасуды қолдау;

RS-485 «Modbus» арнасы арқылы басқару шкафы операторлықтағы контроллермен және компрессорлық станциядағы АРМ операторымен байланысады.

- Операторлық:

Операторлық залда қоректену шкафы, контроллер шкафы, газталдау шкафы, өрт дабылының панелі, оператордың және қондырғы инженерінің жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орындары экрандарының орналасуы үдерісті көзбен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.

Операторлық залдағы монитор экранына шығарылады:

- қондырғының технологиялық параметрлерінің нормаларынан ауытқуды апаттық дабыл беру;

- электржетектердің, ысырмалардың, клапандардың апаттық ахуалы туралы дабыл;

- қондырғы алаңында РД БТ 39-0147171-003-88 сәйкес НКПВ-дан 20% және 50% дейін газдануда дабыл беру;

- технологиялық аппараттардың максималды деңгейін және шекті апаттылықты (жоғарғы және төменгі) дабыл;

- UPS болуы және қоректену сапасы туралы ақпарат және желілік қоректенудің болмауы кезінде батареядан қоректену кезіндегі жүйенің жұмыс уақыты;

- технологиялық параметрлерді ағымдағы бақылау:

- өртке қарсы су қорының шекті деңгейін дабылдау;

- технологиялық параметрлердің, өрт сөндіру сорғыш агрегаттарының нормадан ауытқуын апаттық дабыл беру;

АРМ дисплейі технологиялық үрдістерді талдау мақсатында кем дегенде үш адамның бірмезетте келуіне қолайлы етіп орнатылған.



Ішкі алаңдық желілер және имараттар.

Жобамен шекті жоғарғы апаттық деңгей дабылын, деңгейді бақылау, сорғыту сыйымдылығындағы қысымды бақылау, батырылған сорғыштың шығысындағы қысымды бақылау, батырылған сорғышты басқару, ДЕ сыйымдылығынан конденсатты шығару қарастырылды.

Сорғыту сыйымдылығының алаңында метанға газданудың датчигін орнату қарастырылды. Деңгейді бақылау үшін фаза тарауына «3302» деңгей өлшемін, шекті деңгей дабылы үшін «Emerson» фирмасының «2120», қысым датчиктері түрінде «Emerson» фирмасының «3051» моделінің қысым түрлендіргішін қолдану қарастырылуда. «Электростандарт-прибор Сәуледыбыстық хабарландырғыш ЗОВ-1» ПГТ ССС-903 газдану датчигі кем дегенде 2 м биіктікте алаңда орнатылады.

- УПН-ге ысырма алаңы:

«AYMA» жетегімен ысырмаларды басқару оператордың жұмыс орнынан дискретті дыбыс бойынша МD VE 3006 контроллері арқылы берілген тапсырмаға қарай жүзеге асырылады. УПН ысырма алаңында метанға газданудың датчигін орнату қарастырылады.

Ысырмадан кейін қысымды бақылау үшін «Emerson» фирмасының «3051» моделді қысым жетегі қолданылды.

«Электростандарт-прибор Сәуледыбыстық хабарландырғыш ЗОВ-1» ПГТ ССС-903 газдану датчигі кем дегенде 2 м биіктікте алаңда орнатылады.

- шамшырақ айырғышының алаңы:

Жобамен деңгей өлшемін орнату қарастырылады, оның көрсеткіші бойынша конденсаттың сору, шекті апатты деңгейдің дабылы, шамшырақ айырғышында қысымды бақылау, сору сорғышынан шығудағы қысымды бақылау, айырғыштағы температураны бақылау, сорғыту сыйымдылығына конденсат бойынша сорғышты басқару жүзеге асырылады. Шамшырақ айырғышының алаңында метанға газданудың датчигін орнату қарастырылады.

- Газ айырғышының алаңы (конденсат жинақтау):

Жобамен конденсатты ағызу, шекті апаттық деңгей дабылы, газ айырғышындағы қысымды бақылау, тәрелке торындағы шамадан тыс қысымды бақылау, газ айырғышындағы температураны бақылау, сорғыту сыйымдылығындағы конденсат ысырмасын басқару жөніндегі жұмыс, жорғарғы және төменгі деңгейлерді орнату қарастырылады. Газ айырғышының алаңында метанға газданудың датчигін орнату қарастырылады.

- Компрессорлық станцияға кіреберістегі ысырма алаңы:

«AYMA» жетегімен ысырмаларды басқару оператордың жұмыс орнынан дискретті дыбыс бойынша МD VE 3006 контроллері арқылы берілген тапсырмаға қарай жүзеге асырылады. Ысырмадан кейін қысымды бақылау үшін «Emerson» фирмасының «3051» моделді қысымды түрлендіру қолданылады.

- Компрессорлық станцияның шығысындағы ысырма алаңы:

«AYMA» жетегімен ысырмаларды басқару оператордың жұмыс орнынан дискретті дыбыс бойынша МD VE 3006 контроллері арқылы берілген тапсырмаға қарай жүзеге асырылады. Компрессорлық станцияның шығысындағы ысырма алаңында метанға газданудың датчигін орнату қарастырылады.

- өрт сөндіру имараттары және желілері:

Жобамен резервуардағы судың деңгейін бақылау қарастырады, ол «Emerson» фирмасының «3301» деңгейді толқынды радарлы өлшегіштердің, шекті деңгейлер (жоғарғы және төменгі) дабылдарының ретінде «Rosemount 2120» сұйықтың деңгейін өлшеу дабылының көмегімен жүзеге асырылады. Деңгей өлшемдері резервуардың құрылымдау люгіне тікелей, ал дабылдар резервуар қабырғасына бақылаулы нүктелерде орнатылады, дабыл операторлық жайда орнатылған контроллерға беріледі. Жоба бойынша әрқайсысы үшін екі-екіден сорғыштардың екі тобы қарастырылды, алғашқы сорғыштар қысымды ұстап тұруына және судың өрт құбырында тапсырылған мәнде айналуына арналған, дабыл бойынша іске қосылатын сорғыштардың екінші қондырғыда орнатылады.

6.3. Өрт дабылы
Компрессорлық жайда аудан бойынша өрт сөндірумен ұнтақ өрт сөндіргіш қолданылады. Өрт сөндіру жүйесі «Гарант-12» («Буран») ұнтақты өрт сөндіру моделдерінің базасында құрылды. ҰӨМ ғимараттың шатырына бекіту үшін арнайы кронштейні болады. Моделдердің орналасуы 001/2009-KTM/IM/014/ОКС-2-02-ПС-002 сызбасында көрсетілген.

Ұнтақты өрт сөндірудің автоматты қондырғысы келесі негізгі функционалдық бөлшектерден тұрады:

• «Роса» қабылдау-бақылаулы күзет-өрт іске қосу приборы;

қосалқы қоректену көзі;

• өрт хабарландырғышымен қоса дабыл желісі(шлейф);

• ұнтақты өрт сөндіру моделдерін іске қосу желісі (шлейф);

• сәулелі және дыбыстық хабарландыру.

Компрессорлық жайдағы өрт дабылының және іске қосу буынының шлейфі электрлідәнекерлеу құбырында орындалады. Құбырларды жалғау КТА үлгісіндегі қосу қораптарында жүзеге асырылады.

Барлық құрылымдау және іске қосу-реттеу жұмыстары РД78.145-93 «Жұмысты жүргізу және қабылдау ережелері. Күзет, өрт және күзету-өрт дабылының жүйесі мен жинағына» сәйкес атқарылуы тиіс.

Операторлық жайдың және РУ қорғалуын арттыру мақсатында блок-контейнерді өрт сөндіру жүйесімен жабдықтау ұсынылады. Өрт сөндіру жүйесі «Буран-2.» ҰӨМ (р) ұнтақ өрт сөндіру өздігінен іске қосылатын модульдерінің негізінде құрылды. Модульдер төбеге бекітіледі және автономды қызмет көрсетілмейтін өнім болып табылады. Қорғалатын ауданы – 7 м2. Атап айтқанда, операторлық жай мен РУ «Буран-2,5» үлгідегі 32 модульдерімен жинақталады (16 жұмыс, 16 қосалқы).

Басқару аппаратурасы ретінде «Роса» ППКОПП приборы қолданылды. ППКОПП дабыл шлейфтерінің және іске қосу тізбегінің дұрыстығын ұдайы бақылауды қамтамасыз етеді. Өрттің бастапқы кезеңінде тиісті өрт хабарландыруының іске қосылуы болады. Хабарландырудың іске қосылуы туралы дабыл байланыстың сымды желісі бойынша ППКОПП беріледі. ППКОПП шығысындағы дабыл шлейфінде хабарландырудың іске қосылуы кезінде хабарландырудың сәулелік және дыбыстық дабылы беріледі. Өрт сөндіру жүйесін іске қосу үшін екі шлейфте хабарландырудың іске қосылуы туралы дабыл қажет. Жобамен жайдан шыға берісте «Ұнтақ, кет», ал кіреберісте «Ұнтақ, кірме» сәулелі табло орнату қарастырылды.

Өртті көзбен көру арқылы анықтау жағдайында «Қолмен іске қосу» түймешегі қарастырылған. Қабылдау-бақылаулы және қосалқы қоректену көзінің приборы операторлық жайда орналастырылады.



Приборларды, құбырларды және электржетектерді құрылымдау

Датчиктер мен приборлар жобаның технологиялық бөлігінде қарастырылатын және ескерілетін қаланатын құрылымдау бөлшектерінің және өнімдерінің көмегімен тікелей технологиялық жабдықта орнатылады.

Автоматтандыру жүйесін қоректендіру үздіксіз қоректену қондырғысынан және қоректену блогынан 24В тұрақты тоғымен, 220В кернеу, 50Гц өндірістік жиілік ауыспалы тоғымен жүйеге асырылады. Электрқоректенуді ЩКУ қалқандарына әкелу АВР екі кірмесімен «Электржабдықтау және электрқұралдары» тарауында қарастырылды.

Автоматтандырудың приборлары мен құралдары КИП және А құралдарына қызмет көрсету және алдын алу жөндеу жұмыстары жөніндегі ұйыммен қызмет көрсетіледі және жөнделеді.

Бастапқы параметрлер түрлендіргішінен (БПТ) есептеу блогына (ЕБ) дейін кабелдерді төсеу жеке дараланған экранды орамының жұбынан сауытталған және экрандалған кабельдермен атқарылды. Қондырғы аумағында кабельді төсеу кабельді орда атқарылды. Өнімдердің құрылымы Монтаж-Автоматика өндірісімен шығарылатын өнім қолданылды.

Технологиялық алаңда кабель салынған перфорирленген өнімдерді қолдану арқылы қолда бар болат құрылымдар бойынша қорғалған болат құбырларда төселеді. Кабельдің қорғау құбырының аралықтарын түйістіру және кабельді приборға жеткізу үшін СМП, СМТ біріктіргіші қолданылады, кабельдің ауыспалы қосулары металды жең қорғалады. Технологиялық қондырғының аумағынан тыс кабельді тарту қорғалған пластикалық құбырда жердің жобаланған белгісінен 0,7 метр тереңдікте кабель орында атқарылды. Технологиялық коммуникациялармен түйіскен жерде және жол астынан өтудегі асбоцементті құбырда, ордан шығарда болат қорғалған құбырда және технологиялық жабдықтарға жақын жерде металды жеңмен қорғалады.

Автоматтандыру приборларын және құралдарын құрылымдау, жерлендіру ҚНжәнеЕ 3.05.06-88, ҚНжәнеЕ 3.05.07, ПУЭ, РМ 4-224-89 сәйкес орындалуы тиіс.

Жерлендірудің контурлары, сонымен қатар нөл-жүйе контуры жобаның электр бөлігінде қарастырылды.



Құрамы және технологиялық қамтамасыз ету

Жұмыс сызбаларының көрсетілген жинағында әзірленген технологиялық қамтамасыз ету техникалық құралдардың келесі кешенін ұсынады:

- компрессорлық станция операторының автоматтандырылған жұмыс орны;

- жабдықтардың орналастырылуымен ЩКУ жүйелік шкафы;

- мәліметтердің резервтелген жүйелік шинасы;

- шкаф, газды талдау;

Басқару контроллері және ПАЗ ЩКУ-1 жүйелік шкафында орналастырылады. Контроллер мәліметтердің желілік шинасының деңгейінде интеграцияны қамтамасыз ететін дамыған желілік құралы, модульді жобалық-жинақты құрылымына ие болады.

Компрессорлық станция операторының әрбір автоматтандырылған жұмыс орнының құрамына кіреді:

- DellPrecision WS380 жұмыс станциясы, оның құрамына жатады:

а) жүйелік блок;

б) екі түрлі-түсті сұйық кристалды мониторинг 20’’;

в) пернетақта;

г) тұғырландырылған жүгіргі құралы (тінтуір);

д) сыртқы дыбыстық колонкалар.

Компрессорлық станция операторының әрбір автоматтандырылған жұмыс орнын мәліметтердің резервтік жүйелік шинасына қосу әрбір жұмыс станциясына орнатылған екі Ethernet карт арқылы жүзеге асырылады.

Объектіде басқару жүйесін қамтамасыз етеді:

- сорғыш агрегаттары мен бекітпе арматураларын бағдарламалық басқару;

- жабдықты автоматты және қашықтық басқару;

- газжетегінде қысымды автоматты түрде реттеу;

- жабдықтардың технологиялық көрсеткіштерін және ахуал көрсеткіштерін бақылау;

- апатқа қарсы автоматты қорғау және апаттық жағдайдың дабылы;

- комперссорлық станцияға келетін газдың көлемін есепке алу;

- жобаланатын объектіні қызмет көрсететін персоналдың ұдайы қатысуынсыз берілген режимде пайдалану;

- өрт пен газ шығуын автоматты түрде анықтау және өрт сөндіру

Технологиялық режим көрсеткіштерінің және жабдықтарының қалыпты технологиялық үрдістерден бұзылуын бақылау үшін жобамен газдану, қысым, температура, деңгей приборын, қорғау және дабыл құралын орнатуды қарастырады.

Газданудың дабыл беру аппаратурасының ретінде СГАЭС-ТГМ көпарналы, стационарлы, жарылыстан қорғалған газанализаторы қолданылды. Бағдарламалық-техникалық құралдың электрлі қоректенуі ~220 В, 50 Гц үздіксіз қоректену кернеуінің көзінен жүргізіледі және ПУЭ-ге сәйкес электржабдықтаудың І санатының тобына сәйкес келеді. PR1, PR2 принтерлерін электроқоректендіру ~220 В, 50 Гц кернеуімен атқарылды және ПУЭ-ге сәйкес электржабдықтаудың І санатының тобына сәйкес келеді. Электромагниттік ықпал етуден қорғау үшін дабылдардың кірмесі және шығысы үшін кабель трассасының жетегі экрандалған кабельмен орындалған.

Дабылдардың кіруі және шығуы үшін кабельдердің экраны мен кабель қабықшасы тиісті шкафтардың жүйелік жерлендіруінің оқшауланған шинасына электрлі қосу жолымен бір ұшынан жерлендіріледі.

ЩКУ-1 шкафында орналасқан техникалық құралдардың кешенін және газталдауды құрал-жабдықты жерлендіру техникалық құралдардың жерлендіру клеммасын тиісті шкафтардың құрал-жабдықты жерлендірудің оқшауланған шиналарына электрлі қосу жолымен орындалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет