41
сында сұрақтар зерттелінушіге көріністер мен жаңалықтар туралы
толығырақ мəліметтер алу мақсатында қойылады.
Тақырыптық апперцивті тестті тек
тұлға жобасын жасап қана
қоймай, сонымен бірге тұлға жауаптары ерекшелігі көрсетіледі.
Тақырыптық апперцивті тесткинофильм түрінде беріледі,
өмірдің
əр түрлі жағдайларындағы тұлға мінез-құлқына байланысты
бейнелері ашық көрсетіледі. Практикалық Тақырыптық апперцивті
тесттің нұсқасында 28 сурет бар. Басқа тесттерден айырмашылығы
тұлғаның динамикалық құрылымының
даралық ерекшеліктерін
зерттеуде жəне əрекет ету бағытын таңдауда шексіз ерік беріледі.
Мысалы, Р. Роршах тестінде анықталмаған қоздырғыш «Дақ», ал
тақырыптық апперцивті тест жүйесінде анықталмаған стимул –
ерікті жауап. Тақырыптық апперцивті тест бойынша жауап беру еркі
шектеусіз, бейне жəне суретті өңдеудің нəтижесінде алынған мате-
риалмен түрлі принциптер бойынша тəжірибиелер жүргізілуі тиіс.
Əдістеменің өңделуі. Тақырыптық апперцивті тестін өңдеуге
арналған 20 шақты сызба бар, олар тек əңгімелер талдауын ғана емес
категорияларға жəне тұлға типтеріне қарай бөлінеді. Соңғы уақытта
əдістеменің тиімділігін көтеру мақсатында адамдарды емдеу үшін
қолданатын бірнеше жаңа категориялар енгізіледі. Олар: 1) ұзақ
мерзімді, 2) деңгейлі, 3) шартты, 4) икемділік. Осы категориялардың
көрсеткіші ұпай түрінде қойылады жəне əр-қайсысының арасындағы
тығыз байланыстар ескеріледі. Мюррей
сызбасындағы суреттердің
ерекшелігін сипаттауда деңгейлі жəне икемділік категорияларының
болуы, əңгіменің əрбір кейіпкерінің белсенділігін анықтайды.
Əртүрлі деңгейдің кезектестігі мен жиілігі, вариативтілігі де
қарастырылады. Қиялғажайып əңгімелерді ұзақ уақыт бойы ақиқатқа
сəйкестендіріліп, кəсіби
тұрғыдан баяндалса, бұл «Артығымен –
МЕН» күшінің қажеттілігін басады. Ерте балалық шақта болған
уайымға қатысты мəселелерге ерекше зейін аударылады. Мюр-
рей принципі бойынша тəжірибе жұмысында
жұптасқан қасиеттер
көрініс береді. Олар: агрессия, қорғану, икемділік, депрессия, белгілі
бір ойға шамадан тыс берілуі,
сезімнің, сананың басқа нəрсеге тез
ауытқуы, көңілсіздік, эмоциялық қозуын білдіретін психикалық ауыр
жағдайдың болуы, оптимизм немесе пессимизм жəне т.б..
Достарыңызбен бөлісу: