15. Қуыршақ пианино сатып алды. Бұл ойынды өткізу үшін
алдыңғы ойында қолданылған қуыршақтың жиһазы бар бөлмесі
мен оның сызбасы қажет. Алайда, сызбаның суретін салмай,
калың қағаздан қырқып алынған геометриялық фигураларды
қолданып қағаз бетіне қойған жөн. Тапсырманың мəні жиһаздың
орындарын ауыстыру. Қуыршақ пианино алуға ұйғарады, бірақ
оны қайда қоярын білмейді. Ол үшін қалған жиһаздардың орын-
дарын ауыстыру керек. Баладан қуыршаққа көмектесуін өтініңіз.
Ол үшін оған пианиноны білдіретін тік төртбұрышты беріңіз де,
одан сызбадағы жиһаздардың орындарын осы жаңа бұйым сыя-
тындай етіп ауыстыруын сұраңыз. Бұл айтарлықтай оңай іс емес:
пианино қабырғаның жанында тұруы керек жəне оның жанында
орындық сыятындай жер болуы тиіс. Содан кейін бала қуыршақ
бөлмесіндегі жиһаздардың орындарын ауыстырып, өз жоспарын
іске асыруы керек. Бұл əрекет таңдап алынған шешімнің дұрыс
немесе бұрыстығын дəлелдейді. Мұндай ойын жиһаздың кез-
келген түрімен өткізілуі мүмкін.
16. Ойыншықты тап. Ойын бөлмеде өткізіледі. Бастар алдын-
да сіз өз бөлмеңіздің сызбасын сызуыңыз керек. Бұл оңай. Белгілі
бір масштабты таңдап алып (мысалы, 1:10), бөлменің қабырғаларын
сызыңыз, есік пен терезелерді белгілеңіз, содан кейін бөлмедегі зат-
тарды бейнелеңіз. Сызбаның шамаланған үлгісі 60-беттегі суретте
келтірілген. Бұл ойында сызбаны пайдалана отырып, жасырылған
затты тауып алу керек. Ересек адам мен бала кезекпен ойыншықты
жасырып, сызбаға белгілі бір белгі қояды. Бала бөлменің кез кел-
ген жерінде тұрып сызбаны пайдалануды үйренуі тиіс. Ол үшін,
алдымен, ол сызбаны бағытқа салып (оны есіктің кескіні есікке, ал
терезенің кескінін терезеге «қарап» тұратындай етіп қою), сосын
өзінің бөлменің қай жерінде орналасқанын анықтауы тиіс (мен мына
194 орындықта отырмын). Содан
кейін сызбада белгіленген зат-
ты бөлмеден тауып алу оңайға
соғады. Кейіннен ойынды басқа
бөлмеде, ас үйде өткізуге неме-
се 180 градусқа айналдырылған
сызбаны қолдануға болады.