Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет67/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129
190
10-сурет


191
11. Тілік суреттер: Ірі жəне ашық түсті суретті немесе қарапайым 
сюжетті салуға əрекет жасап көріңіз (суреттің сапасы маңызды 
емес), содан кейін кескіндемені бірнеше сыныққа бөлшектеңіз. 
Бала осы тіліктерді қайтадан құрастыруы керек. Бір суретті əр 
түрлі етіп бөлшектеуге болады. Мысалы, сіздің сұрауыңыз бойын-
ша бала желімдеген шəйнек тағы да бірнеше рет құлап, əр түрлі 
сынықтарға бөлініп қалды делік. Бір жағдайда сурет тігінен немесе 
диагоналі бойынша, ал екінші жағдайда - заттың бөлшектеріне (кор-
пусына, қақпағына, шүмегіне, тұтқасына) сəйкес тіліктеледі, үшінші 
жағдайда сынықтар күрделі болу керек.
12. Қосымша суреттер: Бұл «Тілік суреттер» ойынының басқа 
үлгісі, қарапайым суреттен бірнеше бөлікті қырқып алып, олар-
ды таза параққа жапсырыңыз да, тіліктерді қара сызықпен айнал-
дыра жиектеп шығыңыз.Ойықтарды кескіндеменің сəйкес келетін 
қосымша суреттерімен толықтыру үшін бала əр қосымша суреттің 
тек орнын ғана табуы тиіс болады.
13. Нысандар шеберханасы: Бұл шеберхананы ұйымдастыру 
мүлде қиын емес. Ол үшін бастары алып тасталған сіріңкелер (не-
месе есептеуіш таяқшалар), мыстан жасалған иілгіш сым бөліктері 
(немесе қалың жүннен иірілген жіп) жəне геометриялық фигуралар 
үлгілері қажет болады. Квадрат, тік төртбұрыш, үшбұрыш сияқты тік 
бүйірлі фигураларды бала таяқшалардан тізіп, ал дөңгелек жəне овал 
сияқты фигураларды сымнан құрастыра алады. Балалардың əрқайсысы 
жасауды үйренген соң, оны сол нысандардың түрлерімен таныстыру-
ды бастаңыз. Енді үлгі ретінде жіңішке жəне енді тік төртбұрыштар, 
бұрыштарының көлемі əр түрлі үшбұрыштар жəне т.б. алыңыз. 
Үлгілерді жасай отырып, алдын ала баланың қолындағы материалдан 
осы фигураларды жасау мүмкін екендігіне көз жеткізіңіз. Балаға мына-
дай қарапайым фигураларды жасауға болады:
11-сурет




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет