Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет97/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129
Талдауға арналған сұрақтар
1. Сіз көзге көрінбейтін қандай əлеуметтік ережені бұзуға 
тырыстыңыз? Ережені бұзған өз əрекеттеріңізді сипаттаңыз. Жəне 
ол қандай жағдайда өткендігі туралы баяндаңыз.
2. Нақты осы ереженің бұзылуына адамдар қандай реакция 
қайтарды? Олардың вербалды жəне вербалды емес реакцияларын
сонымен бірге, өзіңіз байқаған басқа да заңдылықтарды сипаттаңыз.


246
3. Осы ережені бұзу кезінде өзіңізде қандай реакция бол-
ды? Өз ойларыңыз бен сезімдеріңізді сипаттап, олардың өзгерген, 
өзгермегенін көрсетіңіз.
Үлкен əлеуметтік топтар психологиясын зерттеу принциптері
Мақсаты: Студенттердің үлкен əлеуметтік топ классификаци-
ясы, үлкен əлеуметтік топтар психологиясының құрылымы, үлкен 
топтарды зерттеудің ерекшеліктері, əлеуметтік кластардың психоло-
гиясы, этникалық топтардың психологиялық ерекшеліктері туралы 
білімдерін бекіту.
Практикалық тапсырма
Мақсаты: Топтар құрылымына талдау жасау.
Төменде салынған шеңберді – шеңберлік диаграмма деп 
елестетіңіз. Бұл сіз оқитын тобыңыздың мүшелерін көрсетеді жəне 
оны бөліктерге бөліңіз. Əрбір бөліктің көлемі əрбір адамның топтық 
іс-əрекетке салған қорының көлеміне сəйкес келуі тиіс. Мұндай 
бөлікті өзіңізге жəне оқытушыға да (куратор) кесіңіз жəне əрбір 
бөліктің кімге арналғандығын, аты-жөнін белгілеңіз.
Талқылауға арналған сұрақтар
1. Сіз əрбір адамның топтың іс-əрекетіне салған қорының 
көлемін анықтау барысында қандай өлшемдерді қолдандыңыз? Мы-
салы, белсенділігі, пікірінің сапасы, қызықты сұрақтардың болуы, 
басқаларға əсері.
2. Шеңберді қалай бөлгеніңіз туралы баяндаңыз. Бəріне бірдей 
бөліктер бердіңіз бе немесе кейбір адамдарға басқаларына қарағанда 
көбірек бердіңіз бе?
3. Ең үлкен бөліктерді алған үш адамды атаңыз. Олар топ бас-
шысы ретінде əрекет етті ме? Егер əрекет етсе, олардың жоғарыда 
көрсетілмеген басшылық қылығының аспектілерін баяндаңыз.
4. Сіз өзіңізді топтың басқа мүшелерімен салыстырмалы түрде 
қалай бағаладыңыз: сіз топта қандай рөл атқардыңыз?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет