Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет20/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129
Нұсқау үлкен адамдар үшін. Сіздерге 24 сурет беріледі. Əрбір 
суретте 2 адам суреттелген, бірінші адам сөзі сол жақта жазылып 
тұр. Екінші адамның не ойлағанын аңдау керек. Жауапты тез жəне 
нақты беру керек. Тəжірибеге жүргізуге 5 минуттан – 35 минутқа 
дейін уақыт беріледі. 
Розенцвейгтің теориясы бойынша, əрбір жауап белгілі бір крите-
рий бойынша бағаланады. Реакциялық бағыт бойынша
1. Қоршаған ортаға бағытталуы: тірі жəне өлі қоршаған 
ортаға реакциялық бағыт, фрустрацияның сыртқы себебі
фрустрациялық жағдайдың дəрежесі, өзге адам көмегіне жүгіну.
2. Өзіне бағытталуы: зерттелуші фрустрациялық жағдайды 
өзіне қолайлы деп біледі.
3. Шарасыздық жағдай: фрустрациялық жағдайды шарасыз, 
яғни уақыт өздігінен шешеді деп қабылдайды. 
Реакциялық түр төмендегідей сатыға бөлінеді:
1. Кедергілердің басымдылығы. Реакциялық тип «өзіңе көңіл 
қою». Фрустрациялық пайда болдырған кедергіге мəн берілмейді. 
2. Өзіндік қорғану. Реакциялық тип «өзіңе көңіл қою». Өзін кінəлі 
деп тану, өзгелердің сөгісін естуден бас тарту немесе өзін кінəсіз деп білу. 
3. Қажетті табандылық. Реакциялық тип «мұқтаждықтарды 
қанағаттандыруға көңіл қою». Конфликттік жағдайды үйлесімді 
шешуге келуге мұқтаждықта болу. Яғни өзгелерге немесе өзіне 
жағдайды дұрыс шешуге сенім білдіру.
Е – Қоршаған ортаға бағытталуы,
I – Өзіне бағытталуы,
М – Шарасыздық жағдайдағы реакциялық бағыттардың 
белгіленуі.
Тез бейімделетін өзіндік сезімінің көрінуі.


52
ОД – бөгетке көңіл бөлу,
 ЕД – өзіңе көңіл бөлу,
NP – мұқтаждықтарды қанағаттандыруға көңіл бөлу.
Зерттелушінің, ең алдымен, тез арада өзіндік сезімінің өзгеруі 
жəне оның бағытын анықтауы. Мысалы, 14 суреттегі «Тағы шама-
лы күте тұрайық» деген жауап өзіне бағытталады, ал өзіндік сезімі 
жағынан мұқтаждықтарды қанағаттандыру болып табылады. Егер 
тез өзгеретін өзіндік сезімінің бағытын өзгертетін кедергілер болса, 
мына түрде белгілейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет