Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика



Pdf көрінісі
бет19/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129
43
Тəжірибие нəтижелерін іріктеу:
І. Мақсатқа сəйкес №1 хаттамаға жазылған барлық жауаптар
пікірлер, суреттік талдаулар жазылса, №2 хаттамаға сəйкестендіріп 
көшіреді.
ІІ. Іріктеу кезінде нақты жауаптар зерттелелінуші түсінігімен 
сəйкестендіріледі.
ІІІ. Жалпы жауаптар жəне олардың қатынасының жобасы 
шығарылады. 
ІV. Тұлғаның нақты жауаптар психологиялық дамудың, ойдың 
бір жақтылығын құрайды.
V. Тұлға туралы жалпы қорытынды жасалды. Тұлғаның өмір сүріп 
отырған ортасы туралы пікір шығарылуы керек. Сана позициясының 
мазмұны тұлғаның динамикалық құрылымы мен эмоциялық 
ерік сферасы, іс-əрекет тəсілдері, тұлғаның жеке қасиеттері мен 
бағыттары жайында талқылаулар жасалуы керек. Тест іріктемесін 
жасаған кезде зерттелінушінің негізгі ерекшілігі қорытындыланады, 
дəлелденеді. 
Тақырыптық апперцептік тестте төмендегідей суреттерді ұсынуға 
болады.
1


44
2
3


45
4
5


46
6
7


47
8
9


48
10
11


49
12


50
13
Розенцвейгтің суреттік тесті
Əдістеме – адам қапыда болған қолайсыз жағдайлардан шығу не-
месе тұлғаның мұқтаждықтарының қанағаттануына кедергілерге де-
ген реакциясын зерттеуге арналады. Фрустрация – тұрақты жағымсыз 
эмоциялық күйге душар ететін шектен асқан қанағатсыздықты, сана 
мен əрекеттің бұзылуын білдіретін ұғым. Адамның мақсатына жету-
де кездесетін көптеген кедергілердің əсерінен пайда болатын өте күшті 
нервтік-психикалық күйзеліс.
Əдістеменің көмегімен апатия, ызалану, жабырқау реакцияларын 


51
зерттеуге болады. Мазмұнына қарай əдістемені проективті тестер 
бөлігінде жатқызуға болады. Əдістемеде 16 жағдай беріледі. Оның 
8-і адамға кедергі келтіру, адамды біреу тоқтатады, ренжітеді, ал 8-і 
адамды белгілі жағдайда айыптайды. 
Əдістемеде 24 схемалық сурет ересектерге, 24 балаларға 
арналған суреттер беріледі жəне топ бойынша немесе жеке дара 
түрде жүргізіледі. Жеке дара түрде жүргізілген кезде зерттелуші 
жауаптарды дұрыс оқуы керек. Жүргізуші оқу барысында дауыс 
тембріне жəне мимикаға көңіл аударуы керек. Кейде зерттелуші 
жағдайларды дұрыс түсінбейді. Егер зерттелуші жауабын өзгерткісі 
келсе, алғашқы жауап үстінен сызылады, бірақ өшірілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет