159
Жəне соңында тестке сіздің қаншалықты адал жауап бергеніңізді
бағалауға мүмкіндік беретін 9 сұрақ ендірілген.
Сұрақтарға жауап
бере отырып, ыңғайлы болу үшін оң жауаптың тұсына «иə», бұрыс
жауаптың тұсына «жоқ» деп жазыңыз.
4. «Сілкіну», қызынуды сезіну үшін сіз жаңа əсерлерге жиі
ұмтыласыз ба?
5. Өзіңізді түсінетін, қолдайтын жəне жұбататын достарды
қажет етесіз бе?
6. Сіз бейқам адамсыз ба?
7. Сізге «жоқ» деп жауап беру өте қиын деп ойламайсыз ба?
8. Бір іске кірісу алдында сіз ойланасыз ба?
9. Егер сіз бірдеңеге уəде берсеңіз, əрқашан уəдеңізде (оның
сізге ыңғайлы немесе ыңғайсыздығына қарамастан) тұрасыз ба ?
10. Сіздің көңіл күйіңіздің түсуі
немесе көтерілуі жиі болып
тұра ма?
11. Əдетте, сіз ойланбай жылдам істеп, жылдам сөйлейсіз бе?
12. Жеткілікті себептерсіз өзіңізді бақытсыз адам ретінде
сезінуіңіз жиі бола ма?
13. Бəс тіккен жағдайда, сіз барлық нəрсені
істеуге барар ма
едіңіз?
14. Қарама-қарсы жыныстағы өзіңізге ұнайтын адаммен əңгіме-
лес кіңіз келгенде, сізде жүрексіну жəне қысылу сезімі пайда бола
ма?
15.
Сіз кейде өзіңізді ұстай алмай, ашуланасыз ба?
16. Сіз бір сəттік көңіл-күйіңіздің əсерімен əрекет етесіз бе?
17. Сіз айтуға немесе істеуге болмайтындай нəрсені айтып не-
месе істеп қойғанда жиі мазасызданасыз ба?
18. Сіз адамдармен кездескенше, əдетте, кітап оқығанды дұрыс
көресіз бе?
19. Сізді ренжіту оңай ма?
20. Серіктіктеріңізбен жиі болғанды ұнатасыз ба?
21. Өзгелерден жасырғыңыз келетін ойларыңыз бола ма?
22. Кейде қолыңыздағының бəрі жанып кетердей күш-қуа тыңыз-
дың артып кететіні, ал кейде мүлдем енжар болатыныңыз рас па?
23. Сіз достарыңыздың аз болғанын (есесіне өзіңізге ерекше
жақын) артық көресіз бе?
24. Сіз жиі армандайсыз ба?
25.
Сізге айғайласа, оған сіз солай жауап бересіз бе?
26. Өзіңізді кінəлі сезіну сізді жиі мазасыздандыра ма?
160
27. Сіздің əдеттеріңіздің бəрі де жағымды жəне дұрыс па?
28. Өз сезіміңізге ерік беруге жəне серіктіктерге барынша көңіл
көтеруге қабілеттісіз бе?
29. Сіз өзіңізді тез елігетін жəне сезімтал адаммын деп есептейсіз бе?
30. Сізді еті тірі жəне көңілді адам деп есептей ме?
31. Сіз қандай да бір маңызды істі істегенде, оны одан да жақсы
істей алар едім деген сезім жиі бола ма?
32. Сіз басқа адамдардың ортасында болғанда, көп жағдайда
үндемейсіз бе?
33. Сіз кейде өсек айтасыз ба?
34. Басыңызға əр түрлі ойлар келетіндіктен, ұйықтай алмайтын
кездеріңіз бола ма?
35. Егер сіз бірдеңе туралы білгіңіз келсе, біреуден сұрағаннан
гөрі, оны кітаптан оқығанды артық көресіз бе?
36. Сіздің жүрегіңіз қатты соғатын кездер бола ма?
37. Сізден үнемі зейін қоюды талап ететін жұмыс ұнай ма?
38. Сізде діріл ауруы ұстап қалу бола ма?
39. Егер
тексеруден
сақтанбасаңыз,
көлікте
жүгіңізді
тасығаныңыз үшін əрқашан ақша төлер ме едіңіз?
40. Бірін-бірі əзілдеп отыратын ортада болу сізге жағымсыз ба?
41. Сіз ашуланшақсыз ба?
42. Сізге əрекеттің жылдамдығын талап ететін жұмыс ұнай ма?
43. Болуы мүмкін жағымсыз оқиғаларға байланысты толқисыз ба?
44.
Сіз баяу, асықпай жүресіз бе?
45. Сіздің кездесуге немесе жұмысқа кешіккен кезіңіз болды ма?
46. Сіз жиі жаман түс көресіз бе?
47. Сіздің сөйлесуді ұнататыныңыз сондай, бейтаныс адаммен
əңгімелесу жағдайын ешқашан жібермейтініңіз рас па?
48. Сізді қандай да бір ауру мазалай ма?
49. Егер адамдармен көп қарым-қатынас жасаудан ұзақ уақытқа
айрылсаңыз, өзіңізді өте бақытсыз сезінер ме едіңіз?
50. Сіз өзіңізді жүйкесі жұқарған адам деп атай аласыз ба?
51. Таныстарыңыздың арасында сізге анық ұнамайтын адам бар ма?
52. Сіз өзіңізге өте сенімді адаммын деп айта аласыз ба?
53. Адамдар сіздің жұмыстағы
қателіктеріңізді немесе
жеке басыңыздағы жаза басуларыңызды нұсқаса тез ренжіп
қаласыз ба?
54. Сіз көңілді кештерден нағыз рахат алу қиын деп есептейсіз бе?
55. Өзгелерден төменмін деген сезім сізді мазасыздандыра ма?
161
56. Сізге айтарлықтай жалықтыратан серіктіктерді (компания-
ларды) жандандырып жіберу оңай ма?
57. Өзіңіз түсінбейтін нəрселер туралы айтатын кездеріңіз бола ма?
58. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы мазасызданасыз ба?
59. Өзгелерге қалжыңдағанды ұнатасыз ба?
60. Ұйықтай алмаушылықтан жапа шегесіз бе?
Тесттің нəтижесі бойынша өзіңіздің мінезіңіз туралы пікір айту
үшін сіздің нəтижеңізді мұнда келтірілген кілтпен салыстыру қажет.
Егер сіздің жауабыңыз кілттік тізімнің жауабымен сəйкес келсе,
оның тұсына «+» белгісін қойыңыз.
1) 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56 - иə;
5, 15, 20, 29, 32, 34, 41, 51 – жоқ..
Сұрақтардың бұл шкаласы
экстраверттік-интроверттікті
айқындауға бағытталған. Егер сіз мұнда «+» белгісін 12-ден жоғары
жинасаңыз, онда сізді
анық экстраверт деп, ал одан кем жинасаңыз
Достарыңызбен бөлісу: