163
немесе басқа жеке адамдық тенденциялардың көріну дəрежесімен
анықталады. Егер осы тенденцияларды
қысқаша атап көрсететін
болсақ, əрбір шкалаларға төмендегідей сипаттама береміз.
1-шкала. Жоғары қысымшылдық көрсеткіш, жоғары дəрежеде
бақылау жеке адамның тұрақты қасиетінің сапасы ретінде, дизадап-
тация кезінде өз ағзасының дұрыс қалыптасуының ауытқушылығына
көп зейін аударатындығын білідіреді. Төмен көрсеткіштер – бұл
қарама-қарсы мағынаны білдіреді, яғни жоғарыда көрсетілген жеке
адамның ерекшеліктері мен жағдайының болмауын айқындайды.
3 - шкала - эмоциональды лабилділік - оның көрсеткішінің нор-
мадан шығып көтерілуі ортадағы əсерлерге жоғары сезімталдықты
жəне эмоциональды жағдайының тұрақсыздығын бейнелейді.
Жоғары болған кезде истероидтық, яғни мазасыздық күйі жоғары
көрінеді.
2
- шкала - пессимистік шкаласы, бұл сапа қанағаттанбаушылық,
уайымдауға бейімділікті көрсетеді. Бұл адамның депрессиялық
жағдайда екендігін білдіреді.
4 - шкала - импульсивтік шкаласы. Жоғары болуы астеникалық
типін бейнелейді. Жоғары импульсивті психопатиялық мінез-
құлықтардың нашарлығы психопатиялық синдромдардың белгісін
көрсетеді.
5 - шкала- жұмсақтық шкаласы. Батылдық жартылай рөлдік мінез
- құлықтың дəржесінің сəйкес келуін жəне сексуальды бейімдеушілік
деңгейін көрсетеді.
6 - шкала – Талапшылдық. Əрбір
істің орындалуына шектен
тыс талап қоюға бейімділік, жағымсыз уайымдауларға тоқталу
жəне бəсекелестікті бейнелеу. Жоғары көрсеткіштері аффектке
бейімділігін сипаттайды.
7 - шкала - мазасыздық. Жоғары үрейшілдікті,
мазасыздық,
өз - өзіне сенбеушілік, конформдылықты айқындайды. 7 - шкала
бойынша жоғары көрсеткіштер көрінген психастеникалық акцен-
туация проблемаларын, тежелгіштікті игеру, жүйке ауытқуларын
сипаттайды.
8 - шкала - даралылық шкаласы. Жеке ойы мен жасаған
қылықтарының тəуелсіздігі соншалықты,
тіпті қоғам талабына
сəйкес келмейтін пікірлерді білдіреді. Жоғары көрсеткіштер кезінде
өзіндік қызығушылықтар, айтып болмайтын қылықтар, шешуге
мүмкін емес мəселелерді көтеруінен көрінеді.
9 - шкала оптимистік деңгейді айқындайды жəне əсер етеді.
164
Төмен жатса жалпы белсенділікті жəне өмірді сүюшілік деңгейін
төмендету негізін білдіреді.
10 - шкала қарым – қатынасқа бейімділік. Жеке адамның
əлеуметтік еліктеулерін, субъективті уайымдарына көңіл бөлу,
тұйықтыққа
дейін барғандығын көрсетеді, сонымен бірге жеке
адамның шындық əлемге көңіл бөлуі немесе өзін-өзі бақылауы
төмен деңгейін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: