Қазақстан республикасы жоғары оқу орындарының Қауымдастығы к. Ж. Төребаева, М. Н. Есенғұлова психологиялық-педагогикалық диагностика


Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даралық даму диагно-



Pdf көрінісі
бет57/129
Дата11.04.2024
өлшемі4.16 Mb.
#498442
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129
Мектеп жасына дейінгі баланың жеке даралық даму диагно-
стикасы
5-əдістеме « Қорқыныш үрей диагностикасы»
Мақсаты: эмоциялық- аффектілік жан толқуы өзгерістерін 
анықтау.
Зерттеу процедурасы: Баламен төменгі ретте сауалнама 
жүргіземіз.
1. Алғашқы сауал «сен қандай нəрседен қорқасың?» сұрағымен 
басталады. 
2. Жалғыз қалудан қорқасың ба?
3. Аурудан?
4. Басқа балалардан?
5. Тəрбиешіден?
6. Жазылудан?
7. Мыстан кемпірден, жеті жалмауыз, шайтаннан?
8. Қараңғыдан?
9. Қасқырдан, аюдан, иттен, өрмекшіден?


174
10. Машинадан, поездан, ұшақтан?
11. Тасқынан, найзағайдан?
12. Биіктіктен?
13. Тар бөлмеден, дəретханадан?
14. Судан, өрттен, оттан?
15. Соғыстан?
16. Дəрігерлерден?
17. Қаннан?
18. Қатты дыбыстан?
 Қорытынды бағалау: 
Баланың жауабына сай не нəрседен қатты қорқатыны жөнінде 
қорытынды жасалады. Қорқыныштың жалпы саны неғұрлым 
көп болса, ол баланы «бақыланушы топқа» қосып, коррекциялық 
бағытта жұмыс жүргізуге даярлаймыз (психоневрологпен кеңес).
Қорқыныш түрлерін төмендегіше топтастырамыз:

Дəрігерлік қорқыныш (ауру, егу, дəрігер).

Көңіл күйлік (қатты дыбыстар, транспорт, өрт, соғыс).

Ертегі кейіпкерлері мен жануарлар туғызатын қорқыныштар.

Қараңғылық пен түстен пайда болатын қорқыныш

Əлеуметтік жай күйлік ( адамдар, балалар, кешігу, жазалау, 
жалғыздық, биіктік су).
6-əдістеме «Жақын адамның өзіне қарым-қатынасының 
деңгейі мен сипатын зерттеу».
Мақсаты: баланың жақын адамдармен қарым-қатынасын жəне 
өзінің оларға қарым- қатынасын бағалау.
Жабдықтар: ақ қағаз бетіне алты қатардан тұратын екі баспалдақ 
ер бала мен қыз баланың бейнесі салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   129




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет