Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы №1278 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы



Дата23.02.2016
өлшемі11.68 Kb.
#7865
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы

6 желтоқсандағы № 1278 қаулысына

өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 6 желтоқсандағы № 1278 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақтағы «жылына екі рет» деген сөздер «жыл сайын» деген сөздермен ауыстырылсын, «және 10 тамызға» деген сөздер алынып тасталсын;

4-тармақтағы «А.С. Есімовке» деген сөз «- Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі А.Е. Мусинге» деген сөзбен ауыстырылсын;

көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасының 2005-2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасында:

«Бағдарламаның паспорты» деген 1-бөлімінде және «Қажетті ресурстар және қаржыландыру көздері» деген 6-бөлімінде:

«6407,3» деген сандар «12829,7» деген сандармен ауыстырылсын; «3703,3» деген сандар «3716,2» деген сандармен ауыстырылсын; «1341,8*» деген сандар «3972,9» деген сандармен ауыстырылсын; «1362,2*» деген сандар «5140,6*» деген сандармен ауыстырылсын; 8-бөлім осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет