Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1351 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Өндіру кезінде конструкцияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары



бет2/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#187323
1   2   3   4   5   6   7
4.2. Өндіру кезінде конструкцияларға қойылатын қауіпсіздік талаптары

 

32. Конструкцияларды монтаждау және орнату жүргізу кезінде тиісті құжаттарды ресімдеу арқылы мыналар тексеруге жатады:

1) негіздің немесе іргетастың конструкцияларды монтаждау және одан түсетін жүктемелерді қабылдау үшін дайындығы;

2) монтаждау алаңқайын жұмыс жүргізу аймағына бөгде адамдардың кіруінен қорғаудың қамтамасыз етілуі;

3) қауіпсіздік контурларын қамтамасыз ету, қауіпті аумақтың қоршаулары және ескерту белгілерінің болуы;

4) қолданылатын жабдықтың, техниканың және арнайы жұмыс түрлеріне аттестатталған персоналды тарта отырып, монтаждау-құрастыру процестері қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуі;

5) жабдық жиынтығының расталуы;

6) конструкцияны дайындалған алаңқайға немесе іргетастарға қажетті орнықтылықты қамтамасыз ете отырып, қауіпсіз орнату бойынша тиісті шаралардың қабылдануы;

7) апаттан құтқару қызметтерінің жақындай алуының қамтамасыз етілуі.

33. Конструкциялардың кетергіш элементтерінің (кронштейндер, бағыттаушылар, анкерлер, бекітпе элементтері) жауапкершілігі II деңгейдегі ғимараттары үшін кемінде 30 жыл және жауапкершілігі І деңгейдегі ғимараттары үшін кемінде 50 жыл нормативтік пайдалану мерзімі болуы тиіс.

34. Жылу оқшаулағыш материалдардың нормативтік пайдалану мерзімі жауапкершілігі II сыныпты ғимараттары үшін кемінде 30 жыл және жауапкершілігі І сыныпты ғимараттары үшін кемінде 50 жыл болуы тиіс.

35. Конструкцияларды өндіру кезінде анкерлеудің мынадай:



1) бетонға - 50мм;

2) кірпішке - 80 мм;

3) жеңіл бетонға - 100 мм болатын ең аз тереңдігі сақталуы тиіс.

36. Өндіру кезінде конструкциялардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін тіректік-ригельдік жүйе ойыққа немесе ғимараттың көтергіш конструкцияларына бекітілуі тиіс.

37. Көтергіш қаңқаның конструкциясы бағыттауыштардың күйін үш жазықтықта реттеу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Реттеу ауқымы өндіру кезінде мыналарға:

1) негіз бетінің тік жазықтықтан рұқсат етілетін және/немесе нақты ауытқуларына;

2) кронштейндерді негізге бекіту орындарын геодезиялық бөлуге арналған шектік рұқсаттарға және монтаждау жұмыстарының орындалу дәлдігіне;

3) қаптама панельдердің геометриялық мөлшерлерінің рұқсат етілетін ауытқуларына;

4) жылу әсері кезінде элементтер деформацияларының есептік шамаларына байланысты белгіленуі тиіс.

38. Конструкциялардың көтергіш пішіндері мен кронштейндері үшін мыналар қолданылуы тиіс:



1) алюминий қорытпаларынан жасалған профильдер;

2) табақтық тоттануға тезімді болат және одан суықтай иілген профильдер;

3) осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес мырышталған болат табақ және одан суықтай иілген профилдер (тек қана қызмет ету мерзімі 10 жылдан аспайтын және биіктігі екі қабаттан аспайтын ғимараттар үшін).

Көтергіш қаңқа элементтерінің есеппен расталған көтергіш қабілетін қамтамасыз ететін басқа материалдарды қолдануға рұқсат етіледі.

39. Профилдердің көлденең қимасының нысаны мен нысаны осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес беріктігін есептерінің нәтижелері бойынша тағайындалуы тиіс.

40. Өндіру кезінде көтергіш қаңқа конструкциясындағы материалдардың температура өзгеруі реакциясын өтейтін және қосымша кернеулердің, деформациялар мен қираулардың пайда болуының алдын алатын техникалық шешімдер қолданылуы тиіс.

Осы мақсатта тік және/немесе көлденең бағыттауыштарды ауданы 25 м2 аспайтын температуралық блоктарға бөлу қажет. Температуралық блоктар қаптама тақташалар немесе панельдер тек бір температуралық блоктың бағыттауыштарына ғана бекітілетіндей етіп орнатылуы тиіс. Осы талаптың орындалуын қамтамасыз ету үшін бағыттауыштардың ұзындықтары қаптама тақташалардың немесе панельдердің тиісті өлшеміне еселенуі тиіс.

41. Көтергіш қаңқа элементтерін өзара бекіту үшін мыналар қолданылуы тиіс:



1) бұрандамалық қосылыстар;

2) тойтарма қосылыстар;

3) өздігінен кескіш бұрандалық қосылыстар.

Өздігінен кескіш бұрандалық қосылыстарды жауапкершіліктің III деңгейіндегі, биіктігі екі қабаттан аспайтын ғимараттарға ғана қолдануға болады.

42. Бекітпе элементтеріне арналған материалдар, әдетте көтергіш қаңқа элементтерінің материалдарымен біртектес болуы тиіс.



Алюминий қорытпасынан жасалған суырылатын тойтармалар қолданылған жағдайда тоттануға төзімді болаттан жасалған өзегі болуы тиіс.

43. Конструкцияны көтергіш қабырғаға және бекітпе элементтерін бір-бірімен бекіту кезінде «металл-алюминий» үйлесіміндегі бөлгіш элементтер қолданылуы тиіс.

44. Конструкцияның қаптамасын қауіпсіз бекіту үшін қаптаманы жаю схемасына конструкцияны дайындау кезінде жиналатын қателіктердің өтелуін қамтамасыз ететін өтеу буындарын енгізу қажет.

45. Ауа саңылауына қойылатын талаптар ондағы ауаның ең жоғары рұқсат етілетін қозғалыс жылдамдығын ескере отырып, есептеу арқылы және осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген талаптарға сәйкес анықталуы тиіс.

46. Қасбеттік қоршау конструкциясының ғимараттың төлесімен төменнен жалғасу және ғимараттың жоғары жағынан шатырымен жалғасу орындарында ауаның кіруі мен шығуына арналған саңылаулар ескерілуі тиіс, олардың қимасының ауданы қасбеттің келденең жиегі ұзындығының әр метріне кемінде 50 см2 болуы тиіс.

47. Ғимарат бұрыштарындағы ауа саңылаулары қасбеттік қоршау конструкциясының бүкіл биіктігі бойынша ауа өткізбейтін тік оқшаулаумен (аралық жабынмен) бөлінуі тиіс.

48. Жылу оқшаулағыш қабатты құру үшін физикалық-механикалық қасиеттері осы Техникалық регламенттің 2-қосымшасында келтірілген көрсеткіштерді қанағаттандыруы тиіс талшықты жылу оқшаулағыш материалдардан жасалған бұйымдар қолданылуы тиіс.

49. Тығыздығы 80 кг/м3 кем (бірақ кемінде 30 кг/м3) минералдық мақтаны және тығыздығы 30 кг/м3 кем (бірақ кемінде 11 кг/м3) шыны штапельдік талшықтан жасалған жылу оқшаулағыш бұйымдарды екі тығыздық қағидаты бойынша құрылған жылу оқшаулағыш қабаттың ішкі элементі ретінде пайдалануға болады. Бұл ретте сыртқы элементтің қалыңдығы жылу оқшаулағыш қабаттың жалпы қалыңдығынан 0,1-ден кем болмауы тиіс.

50. Көбікті-полистиролды конструкциялардың жылудан оқшаулағыш қабаты ретінде пайдалануға болмайды.

51. Қасбеттік қоршау конструкцияларының жылу оқшаулағыш қабатының қалыңдығы осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жылу техникалық есептеу нәтижелерінің негізінде тағайындалуы тиіс.

52. Жылу оқшаулағыш қабаттың тақталарын бекіту арнайы дюбельдердің және шайбалары бар анкерлердің көмегімен механикалық әдіспен жүзеге асырылуы тиіс.

53. Созылмалы жылу оқшаулағыш материалдарын пайдалану кезінде анкерлер орналасқан жерлерде жылу оқшаулағыш қабаттың тұтас қалыңдығын сақтау үшін шектегіші бар анкерлер қолданылуы тиіс (матрац әсеріне болдырмау үшін).

54. Жылу оқшаулағыш қабат тақташаларын негізге желімдеу әдісімен бекіту аккредиттелген зертханада желім қоспасының беріктігіне жүргізілген сынақтар нәтижелері ұсынылған жағдайда ғана орындалуы тиіс.

55. Жылу оқшаулағыш қабатты орнату кезінде жылытқыш тақташаларының бір-біріне және негізге, сондай-ақ көтергіш қаңқаның элементтеріне тығыз жанасуы қамтамасыз етілуі тиіс. Ауа өткізгіш саңылаулардың жалпы ауданы қасбет беті ауданының 5%-нан аспауы тиіс.

56. Ауа өткізгіш саңылаулар жылу оқшаулағыш тақталардың түйіскен және көтергіш қаңқаның олар арқылы өтетін кронштейндерінің өткін орындарында орналасуы тиіс. Жылу оқшаулағыш қабатты орнату кезінде көтергіш қабырға мен оқшаулағыш қабаттың арасындағы қуыс тесіктердің болуына рұқсат етілмейді.

57. Жылу оқшаулағыш қабаттың сыртқы беті бу өткізгіш материалдан жасалған жел-гидро қорғағыш үлдірмен (мембранамен) жабылуы тиіс. Мұндай материалдың бу өткізгіштік мөлшері кемінде 0,30 мг/[м*ч*Па] болуы тиіс.

58. Қасбеттік қоршау конструкциялары экранының қаптама панельдері ретінде мына материалдар пайдаланылуы тиіс:

1) цементті-талшықты материалдардан (фиброцементтен) сығымдау әдісімен алынған тақташалар;

2) қатпарлы пластиктерден жасалған тақташалар;

3) шыны пластиктерден жасалған композиттік тақташалар;

4) табиғи тастан жасалған тақташалар;

5) қыш тақташалар мен қыш-граниттен жасалған тақташалар;

6) жабынқыштық тақташалар;

7) алюминий табақтар;

8) шындалған соққыға төзімді шыны және т.б.

Экран материалдарына қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 3-қосымшасында келтірілген.

59. Экранның қаптама панелдерін көтергіш қаңқаның бағыттауыштарына бекіту тәсілі бағыттауыштардың бетіне тығыз жатуды, жел әсері кезінде сылдырламауын қамтамасыз етуі тиіс. Қаптама тақталардың арасындағы саңылаулардың мөлшері, бекіткіш элементтердің (кляммерлер) беріктігі мен иілгіштігі көтергіш қаңқа элементтерінің ықтимал температуралық деформацияларын ескере отырып, мынадай:

1) тақташаның сынуы;

2) кляммерді бекітетін тойтармалардың кесілуі;

3) кляммердің деформациясы;

4) панельдердің немесе тақташалардың өздігінен құлауы сияқты қолайсыз салдарларды болдырмау үшін тағайындалуы тиіс.

60. Экранның қаптама панельдерін бекітуге арналған кляммерлер тек аустениттік сыныпқа жататын тоттануға төзімді болаттан жасалуы тиіс.

61. Шатыр биіктігі әртүрлі ғимараттардағы төмен орналасқан шатырға жанасып тұрған экранның қаптама панельдерінің төменгі қатары шатыр жөндеу жұмыстарын орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін алмалы-салмалы болуы тиіс.

62. Жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды монтаждау конструкциялар элементтерінің бекітілуін, олардың орнықтылығы мен геометриялық өзгермеуін қамтамасыз етуі тиіс. Орнатылған конструкциялар элементтерін шылбырлар босатылғаннан кейін жылжытуға жол берілмейді.

63. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды өндіру кезінде қалыңдығы 6 мм-ге дейінгі шыны үшін жиек бұрыштарын доғал ету, ал қалыңдығы 6 мм-ден асатын шыны үшін жиегін алмас құралын қолдана отырып, әрлеу міндетті болып табылады.

64. Монтаждау жұмыстарын биік ашық жерлерде 15 м/сек астам жел жылдамдығында, көктайғақта, найзағай кезінде немесе жұмыс аймағы шегінде көруге кедергі болатын тұман кезінде орындауға болмайды.

65. Пайдалануға берілетін конструкциялар техникалық регламенттердің, осы Техникалық регламенттің және жоба құжаттаманың талаптарына сәйкестігіне бағалау жүргізу мақсатында тексерілуі тиіс.

66. Конструкцияларды тексеру оларды бұзбай бақылаудың көзбен шолу - құралмен тексеру және алынған нәтижелерді сараптамадан өткен жобамен салыстыру әдістерімен жүргізіледі.

67. Конструкцияларды тексеру кезінде мыналар:

1) жобаның техникалық сараптамасы қорытындысының болуы;

2) жасырылған жұмыстарға арналған актінің болуы;

3) конструкцияның жобада қабылданған техникалық шешімдерге сәйкестігі;

4) пайдаланылатын негізгі материалдар мен бұйымдардың жобалық ерекшелікке сәйкестігі;

5) механикалық бүлінулердің, негізгі элементтердің жоба ережесінен ауытқуының болуы;

6) бекіту немесе оларға қасбеттік қоршау конструкцияларын тіреу үшін пайдаланылатын ғимараттың (құрылыстың) көтергіш конструкциялары элементтерінің жай-күйі тексеріледі.

68. Конструкция жобаға сәйкес болмаған кезде сәйкессіздіктер тізбесі қоса берілетін теріс қорытынды ресімделеді.

69. Сәйкессіздіктер жойылғаннан кейін қайта тексеру жүргізіледі. Қорытындыда кезекті тексеру мерзімі айқындалады.

70. Конструкцияларды тексеру кезінде адамдардың өміріне немесе денсаулығына, жеке немесе заңды тұлғалардың мүлкіне, мемлекет мүлкіне



қауіп төндірумен байланысты сәйкессіздіктер анықталған жағдайда аккредиттелген ұйым сәйкессіздіктер туралы мемлекеттік органға хабарлайды.

 

 

4.3. Қасбеттік қоршау конструкцияларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар



 

71. Сыртқы қабырғада қолданылатын қасбеттік қоршау конструкцияларының қауіпсіз сындарлы шешімі болуы, көтергіш қабырғаға қауіпсіз бекітілуі және ғимаратты немесе құрылысты пайдалану кезінде конструкциялардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

72. Конструкциялардың көтергіш қаңқасының ұзақ мерзімге шыдамдылығына баға беру кезінде оларды пайдаланудың нормативтік мерзімі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес қабылдануы тиіс.

73. Конструкцияның ғимараттың немесе құрылыстың қызмет ету мерзіміне тең немесе одан асатын қызмет ету мерзімі болуы тиіс.

74. Конструкциялар материалдарының нормативтік пайдалану мерзімі жауапкершілігі II деңгейлі ғимараттар үшін кемінде 30 жылды және жауапкершілігі І деңгейлі ғимараттар үшін кемінде 50 жылды құрауы тиіс.

75. Конструкциялар сыртқы қабырғаның көтергіш қабілеті конструкцияға жел, қар және жаңбыр жүктемелерінің әсеріне төтеп берген жағдайда ғана пайдаланылуы тиіс.

76. Қасбеттік қоршау конструкцияларына қосымша аспа элементтері мен жабдықтарды бекітуге тыйым салынады.

77. Конструкциялардың ұзақ уақыттық, таңба ауыспалық, серпінді соққылық, жел, температура және ылғал әсерлеріне орнықты бекітпе, оқшаулау, қаптама материалдары болуы тиіс.

78. Осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес конструкциялардың металл элементтері агрессивті орталар ықпалы кезінде тоттанудан қорғалуы тиіс.

79. Алюминий қорытпаларынан жасалған металл конструкцияларын биіктігі 100 метрден аспайтын ғимараттарда қолдануға болады.

Жобалау кезінде басқа да техникалық шешімдерден ауытқу жобалау және уәкілетті ұйымдармен келісіледі.

80. Анкерлер үшін «жұлынуға» сенімділік коэффициенті осы Техникалық регламенттің талаптарымен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес қабылдануы тиіс, бірақ кемінде 5 болуы тиіс.

81. Орта агрессивтілігінің кез келген дәрежесі кезінде байланыстық тоттанудан қорғау үшін мына шаралар көзделуі тиіс:

1) бекіту жүйесінің барлық элементтерінің бір тектес материалдардан жасалуын көздеу. Бұл жағдайда алюминий қорытпаларынан жасалған және алюминий тойтармаларымен жалғанатын конструкциялар пайдаланылуы тиіс;

2) мырышталған немесе тоттануға төзімді болаттан жасалған және алюминий конструкциялармен жанасатын анкерлік бұрандамалар мен басқа да бекіткіш бөлшектердің тиек бастарына гальваникалық байлам үшін полимерлік шайбалар орнатылады немесе түйісу беттері III немесе IV топтағы атмосфералық жауын-шашынға төзімді лак-бояу материалдарымен боялуы тиіс;

3) кірпіш немесе бетон конструкцияларымен жанасатын алюминий элементтерінің беттері бір мезгілде термоайырғыш элементтің қызметін де атқаратын металл емес төсеммен қорғалуы тиіс;

4) алюминий элементтерінің антисептиктермен өңделген ағаш конструкцияларға тікелей жанасуына рұқсат етілмейді.

82. Конструкциялар экранының қаптама элементтері үшін су сіңіруі 0,2 %-дан аспайтын, аязға төзімділігі - кемінде 50 цикл болатын материалдар пайдаланылуы тиіс.

83. Пайдаланудағы конструкцияларды тексеру осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарда көрсетілген кезенділікпен жүргізіледі.

Тексеру конструкцияның пайдалану процесінде пайда болған тозу дәрежесі мен жобадан ықтимал ауытқуларын анықтау мақсатында конструкцияны бұзбай көзбен шолу - құралдық бақылауды білдіреді.

 

 
4.4. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларын пайдаланылу кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

 

84. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары пайдалану кезінде қауіпсіз шыныдан дайындалуы тиіс.

Қауіптілігі жоғары орындарда адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қауіпсіз шыныдан (көп қабатты немесе шыңдалған) жасалған конструкцияларды пайдалану міндетті болып табылады.

85. Адамдар көп болатын (әр 2 м2 1 және одан да көп адам есебімен) жерлерге және өткіндерге арналған қауіптілігі жоғары үй-жайларда қауіпсіз қаптама материалдан, көп қабатты немесе шыңдалған қауіпсіз шыныдан жасалған конструкциялар пайдаланылуы қажет.

86. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды (ғимараттардың кіру топтары, шыны төбелер мен шатырлар, балкондар мен лоджиялар, сөрелер, қысқы бақтардың қоршаулары, жарық өткізгіш мөлдір қасбеттер мен аралық жабындар, шыныпакеттер, шыны едендер, баспалдақтардың баспалары, баспалдақтардың қоршаулары, баспалдақ таяныштары, зениттік шамдар, мансардалық терезелер, шыны күнқағарларда) қауіпсіз қолдануға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген.

87. Егер олар қираған кезде ірі сынықтар (3 см2-ден астам) пайда болмаса шыңдалған шыныдан жасалған конструкцияларды пайдалану қауіпсіз деп есептеледі.

88. Адамдардың шыныдан жасалған конструкцияға соқтығысуы мүмкін жерлерде түссіз мөлдір табақтық шыныдан жасалған аралық жабындар мен қабырғаларда оңай байқалатын таңбалау болуы және олар адамның конструкцияға соқтығысуына төтеп беретіндей болуы тиіс.

89. Адамдардың конструкцияға соқтығысуы мүмкін жерлерде көп қабатты шыны немесе көп қабатты және шыңдалған шыны үйлесімі немесе адамның конструкция арқылы құлап кетуінің алдын алатын қорғағыш қоршау пайдаланылуы қажет.

90. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес берілген биіктіктен құлаған салмағы 45 кг жұмсақ дененің соғылуына төтеп беруі тиіс. Бұл ретте шыныда өтпелі саңылау болмауы тиіс және шыны жақтаушада ұсталып тұруы тиіс.

91. Егер жарық өткізгіш мөлдір конструкция пайдалану кезінде нақты бір қорғаныс сыныбының талаптарына сәйкес келсе (жұмсақ дене соқтығысуына төзімділігі), ол одан төменгі қорғаныс сыныптарының талаптарына сәйкес деп қабылданады.

92. Қауіпсіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды қолданылу талап етілетін үй-жайларда шынының қорғаныс сыныбы кемінде СМ1 болуы тиіс.

93. Қауіпсіз шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды пайдалануға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 4-қосымшасында келтірілген, онда (адамның шыныға соқтығысу мүмкіндігі бойынша) қорғаныштық сыныбы берілгеннен төмен болмайтын пайдалануға қауіпсіз шыныларды ғана қолдануға болатын конструкциялардың түрлері көрсетілген.

94. Мына: аралық жабындар, қасбеттер, шатырлар мен зениттік шамдар сияқты жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда шыңдалған шыны, көп қабатты шыны немесе көп қабатты мен шыңдалған шынылардың үйлесімін пайдалану міндетті.

95. Зениттік шамдар мен шыны шатырлардың жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларында шыңдалған шыныны астыңғы шыны ретінде (үй-жайдың ішіне қаратылған) пайдалануға тыйым салынады.

96. Егер жарық өткізгіш мөлдір конструкциямен соқтығысудың алдын алатын тұрақты қоршаулар көзделмесе, есіктен 0,3 м аз қашықтықта орналасқан шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция қауіпсіз шыныдан (шыңдалған немесе көп қабатты) дайындалуы тиіс.

97. Есіктерде немесе аралық жабындарда орнатылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция түріне қарай шынының мына түрлері қолданылуы тиіс:



1) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция бір шыныдан құралған болса, тек қауіпсіз шыны (шыңдалған немесе көп қабатты) қолданылуы тиіс;

2) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция екі қабат шыныдан құралған болса, тек қауіпсіз шыны (шыңдалған немесе көп қабатты) қолданылуы тиіс;

3) егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция үш қабат шыныдан құралған болса, шеткі шынылар қауіпсіз (шыңдалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындалуы тиіс, аралық шыны нормаланбайды;

4) екі қабатты балкон есігінің жарық өткізгіш мөлдір конструкциясы тек қауіпсіз (шындалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындалуы тиіс.

98. 3-ші қабаттан жоғары орналасқан үй-жайлар балкондарының, лоджиялары мен шыны қасбеттерінің жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларының сыртқы жағын, сондай-ақ, егер оның төменгі шеті еден деңгейінен 700 мм төмен биіктікте орналасқан болса жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкциясының ішкі жағын тек қауіпсіз (шыңдалған немесе көп қабатты) шыныдан дайындауға рұқсат етіледі.

99. Егер басқа себептермен қауіпсіз шыны қолдану талап етілмеген болмаса, көп қабатты үйлердің баспалдақ алаңқайлары мен тамбурларында қалыңдығы кемінде 6 мм болатын табақ шыныны пайдалануға рұқсат етіледі.

100. Ғимараттар мен құрылыстарда адамдардың термикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету сыртқы шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламентте белгіленген энергия үнемдеу жөніндегі талаптарға жауап беретіндей жағдайда жүргізіледі.

101. Конструкцияларда күн қуатын сіңіру коэффициенті 50 %-дан асатын шыныны қолданылған кезде ол шыңдалған, ал конструкцияның механикалық қауіпсіздігі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес есептеу нәтижелерімен расталуы тиіс.

102. Терезе немесе есік конструкцияларына орнатылатын шыныларға (шыны пакеттерге) күннен қорғайтын полимерлік үлдірлер жапсыруға рұқсат етіледі, бұл ретте полимерлік үлдірлер жапсырылған шынылар (шыны пакеттер) осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес болуы тиіс.

103. Жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда күн энергиясын сіңіру коэффициенті 50 %-дан асатын жапсырылған үлдірі бар (оған үлдір жапсырылған шыны) шыныларды (шыны пакеттерді) қолдану кезінде шыны шыңдалған болуы тиіс.

104. Сыртқы шынылауда қолдану үшін шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды таңдау шынылаудың талап етілетін энергия үнемдеу деңгейін қамтамасыз ететіндей жүргізілуі қажет.

105. Жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың энергия үнемдеу қабілеті жылу өткізуге үлестік кедергісінің мәнімен сипатталуы тиіс.

106. Сыртқы шынылаудың жылу өткізуге үлестік кедергісін осы Техникалық регламенттің



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет