Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы №1351 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»


Конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар



бет4/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
#187323
1   2   3   4   5   6   7
4.11. Конструкцияларды тасымалдау және сақтау кезіндегі қауіпсіздікке қойылатын талаптар

 

159. Конструкциялар сақтау мен тасымалдауға тиісті түрде оралып және таңбаланған жағдайда жіберіледі.

Конструкциялар қатты заттарға кездейсоқ соғылудан, жанасудан және дірілден қорғауды қамтамасыз ететін жәшіктерге, пакеттерге, пирамидаларға, контейнерлерге немесе өзге де ыдыс түрлеріне салынуы тиіс.

160. Шыныдан жасалған конструкцияларды сызаттағыш қосындылары жоқ және оның сақталуын қамтамасыз ететін жұмсартқы материалы бар ыдысқа орнатады.

161. Ыдыс жүктерді тасымалдау шарттарына сәйкес тасымалдау және сақтау жағдайларында есептік жүктемелерге төтеп беруі тиіс. Ыдысқа арналған нормативтік құжаттарда ыдысқа салынатын конструкциялардың ең жоғары саны көрсетілуі тиіс.

162. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың арасына сызаттағыш қосындылары жоқ төсеме материалдар төселуі немесе арнайы ұнтақ себілуі тиіс.

163. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциясының таңбалануы төменде көрсетілген талаптарға сәйкес салынуы тиіс:

1) көп қабатты шыныдан жасалған конструкцияның төменгі сол жақ бұрышына үй-жай ішінен оқылатын және мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін; дайындалған айы мен жылын; көп қабатты әйнектің шартты белгісін қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады;

2) шыңдалған шыныдан жасалған конструкцияның төменгі сол жақ бұрышына (үй-жайға қатынасы бойынша) мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауы және/немесе тауар белгісін, шыңдалған шынының шартты белгісін қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады.

Жабыны бар шыңдалған шынының жабыны жоқ жағынан төменгі сол жақ бұрышына (үй-жайға қатынасы бойынша) таңбалау салынады;

3) әр Шыны пакетке (қашықтық жақтаушаға немесе үй-жайға қатынасы бойынша шынының төменгі сол жақ бұрышына) шайылмайтын, анық үй-жай ішінен оқылатын және мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін, дайындалған айы мен жылын қамтитын таңбалау салынады.

Жарық өткізгіш мөлдір қоршағыш конструкцияларда көп қабатты немесе шыңдалған шыны қолданылған жағдайда таңбалауда қолданылған көп қабатты немесе шыңдалған шынының шартты белгісі көрсетілуі немесе көп қабатты немесе шыңдалған шынының таңбасы көрініп тұратындай етіп орналастырылуы тиіс;

4) отқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршаудың әрбір конструкцияларында мыналарды: дайындаушы кәсіпорынның атауын және/немесе тауар белгісін; шартты белгісі және/немесе сауда белгісін; отқа төзімділік сыныбын; қалыңдығын, мм қамтитын шайылмайтын анық таңбалау салынады.

164. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкцияларындағы, сондай-ақ ыдыстағы таңбалау конструкция туралы мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:



1) дайындаушы кәсіпорынның атауы және/немесе тауар белгісі;

2) шартты белгісі;

3) конструкциялардың данамен көрсетілген саны.

165. Конструкцияларды тасымалдау кезінде сақталуы және атмосфералық әсер етулерден, соққы мен дірілден қорғалуы қамтамасыз етілген жағдайда барлық көлік түрлерімен тасымалданады. Конструкцияларды көлік құралдарына орналастыру және бекіту өнім салынған ыдыс тасымалдау барысында ығысып кетпейтіндей және оны көлік құралынан түсіру кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндірмейтін түрде жүргізілуі тиіс.

166. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкцияларын тасымалдау кезінде контейнерлерде, жәшіктерде немесе өзге де ыдыс түрлерінде олар қозғалыс бағыты бойынша орналасатындай етіп (су көлігімен тасымалдаудан басқа) жайғастырады.

167. Конструкцияларды тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде олардың механикалық зақымдалудан сақталуын қамтамасыз ететін шаралар қабылдануы тиіс.

168. Кез келген конструкцияны адамдардың үстінен алып өтуге тыйым салынады.

169. Конструкцияларды тиеу-түсіру және тасымалдау операцияларын жүзеге асыратын барлық персонал бұл операцияларды орындау ережелері мен оларды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелерін оқыған болуы тиіс.

170. Конструкцияларды тиеу-түсіру және тасымалдау операцияларын орындайтын барлық персонал қорғау құралдарымен қамтамасыз етілуі және оларды бұл операцияларды орындау кезінде міндетті түрде қолдануы тиіс.

171. Конструкциялар мен олардың құрамдас элементтері құрғақ



жылытылатын жабық жайларда сақталуы тиіс.

172. Конструкцияларды сақтау кезінде (ыдыста немесе ыдыссыз) арнайы жұмсартқыш төсемдерге тігінен 3-15о бұрышпен еңкейтілген күйі орнатылуы тиіс.

173. Конструкцияларды сақтау кезінде олардың арасына төсем материалдар салынып немесе бетіне конструкцияны зақымдамайтын арнайы ұнтақтар себілуі тиіс.

174. Егер тасымалдау ыдысы ылғал болса, оны жабық жайларда ашып және конструкцияның кебуін қамтамасыз ету қажет.



 

 
4.12. Конструкцияларды кәдеге жарату кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары

 

175. Өнеркәсіптік қайта өңдеуге жатпайтын конструкция қалдықтарын кәдеге жарату қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

176. Конструкциялар мен олардың элементтерін кәдеге жарату оларды өнеркәсіптік қайта өңдеу жолымен жүргізілуі тиіс.

177. Құрамында қымтағыштары, металл бұйымдары бар конструкциялардың қалдықтарын (шыны пакеттер мен арматураланған шыны) кәдеге жарату кезінде жинақтаушы бұйымдарға бөлшектелуі тиіс (өнеркәсіптік қайта өңдеуге жатпайтын шыны және шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір қоршау конструкциялар қалдықтарынан басқа). Жинақтаушы бұйымдардың әрбір түрі жеке кәдеге жаратуға жатады.

178. Қаптама немесе жылудан оқшаулағыш элементтер қолданылған конструкциялар бұл элементтер үшін белгіленген кәдеге жарату ережелері бойынша кәдеге жаратылуы тиіс.

179. Бөлшектеу жұмыстарды жүргізу ережелеріне қойылатын талаптар, оның ішінде қауіпсіздік техникасы жөніндегі талаптары белгіленуі тиіс технологиялық құжаттар бойынша орындалуы тиіс.

 

 

5. Конструкциялардың техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау



 

180. Конструкцияларда қолданылатын материалдардың сәйкестігін міндетті және еркін растау қолданыстағы заңнамаға, «Құрылыс материалдарының, бұйымдар мен құрылымдардың қауіпсіздігі» техникалық регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 4 ақпандағы № 96 қаулысына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің нормативтік құжаттарының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

181. Сәйкестікті міндетті растау конструкцияларды өндіру үшін пайдаланылатын материалдар мен элементтер оған Қазақстан Республикасы қосылған және конструкцияның бұл элементтерінің сәйкестігін міндетті түрде растау көзделген халықаралық келісімдердің, конвенциялар мен өзге де құжаттардың қолданылу саласына жатқызылған жағдайда қолданылады.

182. Конструкцияның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және олардың осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін бағалау үшін конструкциялардың сипаттамаларына қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілеу кезінде үйлестірілген стандарттар қолданылады.

183. Үйлестірілген стандарттарда конструкция материалдары мен элементтерінің тұтынушылық қасиеттерін (сапасын) сипаттайтын көрсеткіштермен қатар қауіпсіздікті айқындайтын көрсеткіштердің нақты сандық мәндері түрінде сандық сипаттамалар мен сәйкестік презумпциясының қағидаты белгіленген.

184. Үйлестірілген стандарттардың талаптарына сәйкес конструкциялар осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкес деп есептеледі.

185. Конструкциялар олардың талаптары үйлестірілген стандарттарда көрсетілген талаптардан төмен емес өзге де стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар бойынша, ал мұндай құжаттар болмаған жағдайда сәулет, қала салу және құрылыс саласындағы уәкілетті органмен келісілген нормалардан төмен емес шарттарда дайындалуы мүмкін.

186. Конструкциялардың осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау мынадай:

1) жобалардың сараптау;

2) пайдалануға қабылдау кезеңдерде жүргізіледі.

187. Конструкциялардың сәйкестігін бағалауды және пайдалануға қабылдауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес комиссия жобалық құжаттардың сәйкестігін тексергеннен кейін жүргізіледі.

188. Техникалық регламенттердің өрт қауіпсіздігі саласындағы талаптардың орындалуын бағалау өрт қауіпсіздігі туралы заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

 

 

6. Үйлестірілген стандарттар тізімі



 

189. Талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін үйлестірілген стандарттар тізімі (дәлел қоры) осы Техникалық регламенттің 11-қосымшасында келтірілген.

190. Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін конструкцияға арналған қолданыстағы стандарттарды үйлестіру техникалық реттеу туралы заңнамаға сәйкес жүргізіледі.

 

 

7. Өтпелі кезең



 

191. Осы Техникалық регламент күшіне енгеннен кейін Қазақстан Республикасында қолданыстағы нормативтік құқықтық актілері мен сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы нормативтік техникалық құжаттары басқа материалдардан жасалған конструкциялардың қауіпсіздігіне, осы Техникалық регламент талаптарын қайталайтын және сәйкес келмейтін бөлігінде түзетуге немесе белгіленген тәртіппен күшін жоюға жатады.

192. Осы Техникалық регламент алғаш рет ресми жарияланған күнімен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі.



 

Техникалық регламентке



                                                        1-қосымша

 

Ауа саңылауына қойылатын талаптар

 

Термикалық үзгіш жік

Қаптайтын тақташа ауданы, м2

Қалыңдығы, мм

Ескерту

Ені 2-10 мм көлденең және тік жіктер

0,4 және одан астам

50

Ауаның кіруіне және шығуына арналған саңылаулардың қима ауданы кемінде 50 см2/м болуы тиіс

0,4 және одан аз

30

Ені 2-10 мм көлденең жіктер

0,4 және одан астам

40

0,4 және одан аз

20

 

Техникалық регламентке



                                                            2-қосымша

 

Қасбеттік қоршау конструкцияларының жылу оқшаулауыш

материалдарына қойылатын талаптар

 

Қалыңдығы, мм

Тығыздығы, кг/м3 көп емес

Жанғыш тығы

Жылу өткізгіштігі, Вт/м К, көп емес,

Қысылуға беріктігі (10%-дық деформациялану кезінде), кПа, кем емес

Су сіңірушілігі, көлемі бойынша %, көп емес

10 oС-та

25 oС-та

Пайдалану жағдайлары кезінде

А

Б

75

50-ден 75 дейін

НГ

0,047

0,077

 

 

-

-

125

75-тен жоғары 125 дейін

НГ

0,049

0,072

 

 

-

-

150

101-ден 150 дейін

НГ

0,052

0,070

 

 

-

-

225

201-ден 250 дейін

НГ

0,054

-

 

 

0,045-тен 0,100 дейін

30-дан 40 дейін

50, 80,100, 120,150

28-33

НГ

0,033

0,035

0,036

0,04

7

1,5

50, 70, 100, 120, 140, 150, 160, 180

46-50

НГ

0,033

0,035

0,036

0,040

3

1,5

30, 40, 50

80...110

Г1 (негіз НГ)

0,032

0,034

0,040

0,043

-

-

 

Техникалық регламентке



                                                            3-қосымша

 

Қасбеттік қоршау конструкцияларының экраны материалдарына

қойылатын талаптар

 

Материал

Сызықтық кеңею коэффициенті, oС-1

Минус 40oС-тан +80oС-ға дейінгі ауқымдағы деформация шамасы, мм/м

Нормативтік пайдалану мерзімі

Экранның қалыңдығы, мкм

Болат

0,1-10-4

1,20

5 жыл

Мырышты жабынның қалыңдығы 20 мкм дейін

10 жыл

Мырышты жабынының қалыңдығы кемінде 20 мкм және лак-бояу жабынның қабаты кемінде 40 мкм

Қыш гранит

0,06-10-4

0,71

50 жыл

Тақташаның қалыңдығы кемінде 7 мм

Алюминий қорытпасы

0,24-10-4

2,88

20 жыл

АД 31ТІ алюминий қорытпасынан жасалған анодталған элементтер үшін анодтық тотығу қабаты кемінде 15 мкм

35 жыл

АД 31ТІ алюминий қорытпасынан жасалған анодталған элементтер үшін анодтық тотығу қабаты кемінде 15 мкм және лак-бояу жабын қабаты үшін кемінде 40 мкм

40 жыл

6060 және 6063 маркалы алюминий қорытпасынан жасалған элементтер үшін

50 жыл

Алюминийлі-мырышты жабынның (гальвалюм немесе гальвалюм) болат (тоттануға төзімді болаттан жасалған) элементтер үшін қалыңдығы кемінде 20 мкм кем емес және лак-бояу жабын қабаты үшін кемінде 40 мкм

Шыны

90-10-7

0,25

50 жыл

Табағының қалыңдығы 15 мм дейін үздіксіз прокатталған шыныдан жасалған элементтер үшін

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет