9-қосымшасында көрсетілген талап етілетін мәндерден кем болмайтындай түрде қабылдау қажет.
107. Тұрғын, балаларға арналған, емдеу, көпшілікке арналған, әкімшілік, кеңселік, сауда ғимараттары үшін жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкцияларға орнатуға қолдану өңірі үшін қалыпты пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі 0,92 құрайтын терезе ортасындағы шынының ішкі бетінің шық түсу нүктесі температурасынан кем болмайтын температураны қамтамасыз ететін шынылар қолданылады.
108. Өндіріс ғимараттарының шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкцияларына орнату кезінде қолдану өңірі үшін қалыпты пайдалану жағдайларында қамтамасыз етілуі 0,92 құрайтын терезе ортасындағы шынының ішкі беті температурасы 0 oС кем болмайтындай шынылар (шығын пакеттер) таңдалып алынуы тиіс.
109. Түссіз мөлдір табақ шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар бағытталған жарық өткізу коэффициенті бойынша осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 1-кестесінде көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
110. Шыныдан жасалған шудан қорғайтын жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар әуедегі шудың деңгейін азайту үшін қолданылуы тиіс.
111. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар үшін пайдаланылатын шудан қорғау көрсеткіштері ғимараттар мен құрылыстардың орналасуына байланысты таңдалуы тиіс.
112. Шыныдан жасалған шудан қорғағыш жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар көлік көп жүретін магистральдарға шығатын, әуежайларға, шулы өндірістерге, стадиондарға, ойын-сауық мекемелеріне жақын орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың сыртын шынылауда қолданылуы тиіс, бұл ретте шыныдан жасалған конструкциялардың шудан қорғау жөнінде мынадай көрсеткіштері (шудан қорғау көрсеткіштері) қолданылуы тиіс:
1) Rw - әуедегі шуды азайту индексі;
2) RАавиа — авиакөліктің әуедегі шуын азайту индексі;
3) RАтран — жер үсті көлігінің әуедегі шуын азайту индексі.
113. Ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға шудан қорғау көрсеткіштері бойынша қойылатын ең аз талаптар осы Техникалық регламенттің 10-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген.
114. Қасбеттік қоршау конструкцияларының шудан оқшаулауының талап етілетін мәні 25 дБ көп болмауы тиіс.
4.5. Соққы әсеріне және сынуға төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
115. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес берілген биіктіктен құлаған салмағы (4,1 ± 0,02) кг болат шардың соққысына төтеп берсе, соққы әсеріне төзімді конструкцияларға жатады.
116. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламенттің 5-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес берілген кинетикалық энергиясы бар салмағы (2,0 ± 0,1) кг болатын балтамен (балғамен) соққының берілген санына төтеп берсе, сынуға төзімді конструкцияларға жатады.
117. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар белгілі бір соққыға төзімділіктің немесе сынуға төзімділіктің тиісті сыныбының талаптарына сәйкес болса, ол одан да төмен соққыға немесе сынуға төзімділіктің тиісті сыныбының талаптарына сәйкес болады.
4.6. Оққа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
118. Егер олар осы Техникалық регламенттің 6-қосымшасында көрсетілген қарудан атылған оқтың үш рет тиюіне тесілмесе, ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын көп қабатты оққа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар оққа төзімді конструкцияларға жатады.
4.7. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
119. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мелдір конструкциялар үшін жарылғыш заттар зарядтарының сырттағы санкцияланбаған жарылысынан пайда болатын әуелік соққы толқынының әсерінен зақымдалудың бастапқы және қайталама факторларынан болатын әлеуетті зиянды жоюға немесе азайтуға мүмкіндік беретін көп қабатты шынылар таңдалып алынуы тиіс.
Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіз сипаты конструкцияның «әйнек-үлдір» композициясының тұтастай үй-жайдың ішіне қарай ұшып түскенде қирауын болдырмауы тиіс.
120. Жарылысқа төзімді көп қабатты шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция, сондай-ақ «әйнек-үлдір» түріндегі жарылысқа төзімді конструкция осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1 және 2-кестелерінде келтірілген шарттарға сәйкес жарылысқа төзімділік сынақтарына төтеп беруі тиіс. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның қирау сипаты осы Техникалық регламенттің 8-қосымшасына сәйкес "С" қауіптілік сыныбынан аспауы тиіс.
121. Егер шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкция жарылысқа төзімділіктің белгілі бір сыныбының талаптарына жауап берсе, онда ол жарылысқа төзімділіктің одан төмен сыныптарының талаптарына да жауап береді.
122. Сыртқы жарылыс қауіп-қатері және тиісінше шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның жарылысқа төзімділігіне қойылатын талаптар былайша жіктеледі:
1) тротил эквивалентімен қуаттылығы 3, 12 және 20 кг алып жүретін бомбамен террористік шабуыл: осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес SВ1 - SВ7 сыныптары;
2) тротил эквивалентімен қуаттылығы 30, 40, 64, 80, 100 және 125 кг автокөлік бомбасымен террористік шабуыл: осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 2-кестесінде келтірілген талаптарға сәйкес ЕХV45 - ЕХV10 сыныптары.
123. Егер жақтауша конструкцияларында шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардан елеулі қирауларға әкеп соқтыруы мүмкін сындарлы жүктемелердің көтергіш конструкцияға берілуінің алдын алу үшін сақтандырғыш иілме элементтер көзделмесе, террористік шабуыл кезінде шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың опырылып құлау қатерін барынша азайту үшін және ғимараттар мен құрылыстардың опырылып құлау қатерін азайту үшін жарылысқа төзімділігі ғимараттың негізгі қоршау және көтергіш конструкцияларының жарылысқа төзімділігінен асатын жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды орнатуға рұқсат етілмейді.
124. Егер сақтандырғыш жақтауша конструкциялары (лақтырылатын немесе ашылатын) ескерілмесе газ-ауа қоспасының көлемді жарылысы кезінде ғимараттар мен құрылыстардың опырылып құлау қатерін азайту үшін жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды ғимараттар мен құрылыс үй-жайларында, сондай-ақ жанғыш газы бар баллондарды сақтау немесе пайдалануға арналған үй-жайларға орнатуға болмайды.
125. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қорғаныштық сыныптары мен оларға қойылатын талаптар осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 1-4-кестелерінде келтірілген.
126. Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар ғимараттар мен құрылыстардың мақсатына қарай сыртқы жарылыс қауіп-қатерін талдауға сәйкес, оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарға іргелес аумақтың жалпыға қол жетімділігін ескере отырып, таңдалып (шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың опырылып құлау қатерін барынша азайтуға қатысты талаптарды ескере отырып) алынуы тиіс.
Жарылысқа төзімді шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды қолдануға қойылатын ең аз талаптар осы Техникалық регламенттің 7-қосымшасының 5-кестесінде келтірілген.
4.8. Оттан қорғалған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
127. Өрт шығу кезінде адамдардың өмірі мен материалдық құндылықтарды қорғау, оттың таралуына жол бермеу, көшіру жолдарын қорғауды қамтамасыз ету үшін, өрт шығу ошақтарын шектеу үшін оттан қорғалған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларында отқа төзімділік талаптарына сәйкес отқа төзімді шыныларды ғана қолдану рұқсат етіледі.
128. Отқа төзімді арнайы шыныны қолдана отырып, шыныдан жасалған жарыққа мөлдір конструкциялар мыналардан:
1) термикалық өңдеу сынағынан өткен шыңдалған шыныдан (100% бақылау);
2) отқа төзімді көп қабатты шыныдан;
3) отқа төзімді арматураланған шыныдан дайындалуы тиіс.
Сұйық толтырғышы бар шыны пакеттерін оттан қорғағыш шыны ретінде қолдануға жол берілмейді.
129. Өлшем бірліктерін қамтамасыз ету үшін отқа төзімді шыныдан жасалған конструкциялардың мынадай белгіленуін қолдану қажет: Е, ЕІ, ЕW қаріптерімен шыныдан жасалған конструкциялардың отқа төзімділік сыныбы белгіленеді, одан әрі минутпен берілген отқа төзімділік шегі сандармен белгіленеді.
130. Оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға отқа төзімділік шегі сынақ нәтижелері бойынша беріледі: отқа төзімділіктің ең төменгі шегі 30 минутті құрауы тиіс, одан әрі отқа төзімділік шегінің деңгейлері - 45 минут, 60 минут және 30 минут аралықпен одан да жоғары.
Егер оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияның сынау нәтижелері бойынша белгіленген отқа төзімділік шегі аралық шаманы білдірсе, онда мұндай шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияға отқа төзімділік шегі бойынша жақын тұрған төменгі деңгей беріледі.
131. Отқа төзімді шыныдан жасалған конструкциялар үшін оттан қорғалған шыныға қолданылатын белгілеулер қолданылады. Бұл ретте өндіруші (сатушы) отқа төзімді шыныға нақты шыныны сынаудың нәтижелері бойынша кез келген үлгілік жақтауша конструкция жиынтығындағы отқа төзімділік сыныбын және шегін тағайындауға құқылы.
132. Оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды мыналардан дайындалуы керек:
1) Е сыныбы шынысынан - отқа төзімділігін сынау кезінде белгіленген отқа төзімділік шегінде өзінің бүтіндігін сақтауы, қорғалатын жаққа қарай өрттің және жану өнімдерінің енуіне кедергі болатындай физикалық кедергі ретінде әрекет етуі тиіс. Е класы үшін өртке қарама қарсы жақта орналасқан шыны беті температурасының өсуі шектеулері белгіленбеген, сондай-ақ ол жылу сәулеленуін (ыстықты) өткізеді;
2) ЕW сыныбы шынысынан - Е класындағы шыныдан жасалған оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларға қойылатын талаптарға қосымша отқа төзімділіктің белгіленген шегі ішінде өткізілетін жылу сәулеленуін шектеуі (10 кВт/м2 көп емес) тиіс;
3) ЕІ сыныбы шынысынан (шыныдан жасалған оттан қорғалған оқшаулағыш конструкция) — Е сыныбы шынысынан жасалған оттан қорғағыш конструкцияға қойылатын талаптарға қосымша отқа төзімділіктің белгіленген шегінде өткізілетін жылу сәулеленуін адамға қауіпсіз болатындай деңгейге дейін шектеп (2,5 кВт/м2 көп емес) отырылуы тиіс. ЕІ сыныбы бұйымның отқа қарама қарсы жағында орналасқан шыны бетінің орташа жоғарылау температурасы 140 oС аспауы тиіс.
133. Оттан қорғау конструкцияларына қойылатын талаптар:
1) отқа төзімді арматураланған шыныны тек Е30 сыныбы шынысынан жасалған оттан қорғалған жарыққа мөлдір конструкцияларда ғана қолдануға болады;
2) Е сыныбының отқа төзімді шынысын тез тұтанғыш материалдары бар көшіру жолдары мен жайлардың оттан қорғалған жарыққа мөлдір конструкцияларда қолдануға болмайды;
3) Е сыныбының отқа төзімді шынысын, егер отқа қарсы кедергідегі шынылаудың жалпы ауданы кедергінің 25 %-нан асатын болса, оттан қорғалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларда қолдануға болмайды.
134. Ғимараттардың мына элементтерінде тек ЕІ сыныбының отқа төзімді шынысын қолдануға болады:
1) көшіру жолдарының қорғалуын қамтамасыз ететін өртке қарсы кедергілердің шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары;
2) басқа ғимараттарға тікелей жақын орналасқан шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары (от пен жылу энергиясының берілуінен өрттің жақын орналасқан ғимараттарға таралуының алдын алу үшін);
3) сыртқы көшіру жолдарының тікелей жақын орналасқан (мысалы, ғимарат қабырғаларына немесе шатырдың көлденең бөліктері арқылы өтетін көшіру жолдарына тікелей жақын) терезелердің немесе шатырлардың шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары, сондай-ақ сыртқы көшіру жолдарына әкелетін есік конструкциялары;
4) іргелес жатқан ішкі көшіру сатыларын қоршап тұрған шыныдан жасалған жарық өткізгіш мелдір қасбеттің сыртқы конструкциялары;
5) биік ғимараттардағы өртке қарсы баспаналардың жарық өткізгіш мөлдір конструкциялары;
6) қасбеттің ішкі бұрышында ғимараттың әртүрлі бөліктерінің арасына өрт таралуының алдын алатын кедергі рөлін атқаратын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір сыртқы конструкциялар.
4.9. Конструкциялардың өрт қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
135. Конструкциялардың тіршілік циклінің барлық сатыларында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт қауіпсіздігі саласында қолданыстағы заңнамаларға, техникалық регламенттерге және өзге де нормативтік құжаттарға сәйкес белгіленген талаптар орындалуы тиіс.
136. Конструкцияларды жобалау және монтаждау кезінде мына талаптар орындалуы тиіс:
1) конструкциялық шешімдер конструкцияның ішкі қуысына өрт жалынының ену ықтималдығына болдырмауы тиіс;
2) терезе және есік қуыстарының бүкіл бойымен қаптаманың астына қалыңдығы кемінде 0,55 мм мырышталған болаттан немесе басқа да жанбайтын материалдардан жасалған қорғағыш маңдайша-экрандар орнатылуы тиіс. Экрандар қуыстың тиісті қиябетінен шетіне қарай кемінде 70 мм болатын қашықтықта негіз бен қаптаманың арасындағы саңылаудың бүкіл ені бойында конструкцияның негізгі жазықтығына перпендикуляр орналасуы тиіс;
3) ғимараттарда әртүрлі биіктіктегі шатыр учаскелері болған жағдайда соңғысы оған жоғарыдан жанасып жатқан шатырмен бүкіл жанасу контуры бойынша түйісу шекарасынан кемінде 3 м пайдаланылатын ені болуы және қасбеттік қоршау конструкцияларында қуыстар болуы тиіс;
4) ғимараттан шығатын жерлерде жоғарғы жағынан биіктігі 15 м дейін ғимарат конструкциясынан кемінде 1,2 м-ге шығыңқы және биіктігі 15 м және одан жоғары ғимараттардың кемінде 2,0 м шығыңқы етіп жанбайтын материалдан жасалған қорғауыш аспалар (мандайшалар) орнатылуы тиіс.
137. Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қасбеттік қоршау конструкцияларына оттың таралуына кедергі болатын жануы қиын немесе жанбайтын санаттарға жататын материалдар мен бұйымдар қосылады.
138. Конструкцияларды өндіру кезінде кәсіпорынның барлық қызметтерінің және өндіріске қатысы бар жұмысшылардың жұмыстары осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес өндірістің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етілетіндей түрде ұйымдастырылуы тиіс.
139. Қаптама тақташаларда сәндік тас үгіндісін желімдеу үшін қолданылатын эпоксидтік және полиэфирлік шайырлардың негізіндегі компаундылардың немесе 600 г/м2 аспайтын мөлшерде жұмсалатын акрилдық композициялардың болуы қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігін ұлғайтпауы тиіс.
140. Қасбеттік қоршау конструкцияларында ішкі қабаты алюминий гидроксиді негізіндегі жанбайтын материалдан жасалған жазық үш қабатты бұйымдар түріндегі қаптамаларды қолдануға рұқсат етіледі.
Өрт қаупін елеулі дәрежеде төмендету үшін қасбеттік қоршау конструкцияларында балқу температурасы барынша жоғары алюминий қорытпаларын пайдалану қажет.
141. Қасбеттік қоршау конструкцияларын мынадай жағдайларда:
1) техникалық куәлікте көзделмеген материалдарды жазықтықтарды қаптауға және бекіткіш бұйымдарды, жылытқышты дайындау үшін пайдалану кезінде (яғни, енгізілген өзгерістер, оның ішінде жаңа конструкциялық шешімдер жарамдылықты растау үшін жаңадан отпен сынауды, жаңа техникалық куәлікті толтыруды немесе қолданыстағы куәлікке өзгерістер енгізуді талап ететін болса);
2) қасбеттік қоршау конструкцияларында отпен сынаудан өтпеген және тек ұқсас материалдардың жанғыштық және тұтанғыштық топтарының сәйкестігіне негізделумен ғана қабылданған материалдарды қолдану;
3) техникалық куәлікте көзделген және қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігі сыныбымен және осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттармен регламенттелген биіктігі бұзылған жағдайда;
4) қасбеттік қоршау конструкцияларында пайдаланатын материалдардың шығу тегін және сапасын растайтын құжаттар болмаған жағдайда қолдануға рұқсат етілмейді.
142. Қасбеттік қоршау конструкциясы арқылы өрттің таралуына жол бермеу үшін терезе қуыстарын өрт кезінде қалқалап тұратын құрылғылармен қорғауды көздеу қажет.
Қасбеттік қоршау конструкцияларының өрт қауіптілігі конструкциялардың өрттің дамуына қатысу дәрежесін және олардың өрттің қауіпті факторларын туындату қабілетін айқындау үшін қаптаманың түріне байланысты өрт қауіптілігі бойынша жіктелуі тиіс.
143. Өрт қауіпсіздігі жанбайтын және әлсіз жанатын композиттік материалдарды өртке қарсы қорғану жөніндегі сындарлы шешімдермен үйлестіріп қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.
144. Қасбеттік қоршау конструкцияларының учаскелері периметрі бойынша ғимараттан шығатын барлық көшіру жолдарының әр еңісінен жанбайтын минералды-мақталық тақташаларын жылытқыш ретінде қолдана отырып, ені кемінде 1 м болатындай жасалынуы тиіс.
Қасбеттік қоршау конструкцияларының учаскелері өрт баспалдағының, сыртқы кіреберіс баспалдағы кескінінің бүкіл биіктігі шегінде және баспалдақтың тиісті шетінен санағанда әр бүйірлік жағына қарай кемінде 0,5 м жанбайтын минерал-мақталық тақташалар қолданылып жасалуы тиіс.
145. Жобалауға арналған материалдарда көрсетілген конструкцияның техникалық шешімдерінен ауытқулар, көзделген материалдар мен бұйымдарды басқасына алмастыру жобалау ұйымдарымен келісіледі.
146. Сәндік-қорғағыш сылағы бар қасбеттік қоршау конструкцияларында кесіп, жиектеу мен жиектеуді орындау үшін қасбеттік қоршау конструкцияларында қолдануға рұқсат ету құжатына бар тас жыныстардан жасалған талшықтары бар және талшықтарының балқу температурасы кемінде 1000 oС болатын жанбайтын минералды-мақталық тақташалар қолданылуы қажет.
4.10. Конструкциялардың санитарлық-эпидемиологиялық, радиациялық қауіпсіздіктеріне және қоршаған ортаны қорғауға қойылатын талаптар
147. Шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкцияларды өндіру кезінде қолданылған көп қабатты шынылар және шыны пакеттердің, барлық негізгі материалдар мен жинақтаушы бұйымдардың санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарға сәйкес санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен расталуы тиіс.
Осы Техникалық регламенттің қалған объектілері үшін санитарлық-эпидемиологиялық қорытындымен санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін растау талап етілмейді, себебі олардың қауіпсіздігі материалдың қасиеттерімен қамтамасыз етіледі.
148. Санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ғимараттар мен құрылыстарда қолданылатын шыныдан жасалған жарық өткізгіш мөлдір конструкциялар осы Техникалық регламентте белгіленген ғимараттар мен құрылыстарда адамдардың көру қауіпсіздігі, термикалық қауіпсіздігі және шудан қорғауға қойылатын талаптарға жауап беруі тиіс.
149. Олардың тіршілік циклінің барлық сатыларындағы конструкциялардың радиациялық қауіпсіздігі қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгіленген талаптарды орындау жолымен қамтамасыз етілуі тиіс.
150. Конструкциялар адам ағзасына жағымсыз әсерін тигізуі мүмкін және осы Техникалық регламентпен үйлестірілген нормативтік құжаттарда белгіленген шекті рұқсат етілетін мәннен асатын мөлшерде қоршаған ортаға радиоактивті сәулелену көзі болмауы тиіс.
151. Сәулеленудің күтілетін жеке жылдық қарқынды мөлшері конструкцияларды қолдану мүмкіндігі туралы шешім қабылдау өлшемдері болып табылады, оларды жоспарланған түрде пайдалану кезінде 10 мкЗв аспауы тиіс, ал жылдық қарқынды мөлшері бір адамға - Зв артық болмауы тиіс.
152. Адамға және қоршаған ортаға радиация әсерін тигізуі мүмкін конструкцияларды санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз айналымда
қолдануға рұқсат етілмейді.
Конструкциялардың радиациялық қауіпсіздігінің нақты нормативтері осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарда белгіленеді.
153. Конструкциялардың әрбір партиясы кәдеге жарату кезінде радиациялық бақылаудан өткізілуге тиіс.
154. Радионуклидтермен ластанған конструкциялардың элементтерін кәдеге жарату жұмыстарын жүргізетін персонал ұшқынға төзімді, жақсы активсіздендірілген материалдардан жасалған арнайы жеке қорғану құралдарымен жарақталуы тиіс.
155. Конструкцияларды өндіру кезінде үлесті бета-белсенділігі 0,3 - 100 кБк/кг, немесе үлесті альфа-белсенділігі 0,3-10 кБк/кг, немесе құрамындағы трансурандық радионуклидтер мөлшері 0,3 - 1,0 кБк/кг болатын материалдар мен бұйымдарды мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана шектеулі түрде қолдануға болады және олар міндетті радиациялық бақылауға жатады.
156. Қайта өңдеу ұйымдарына жөнелтуге арналған ластанған шикізат активсіздендірілгеннен кейін қосарлы радиоактивті қалдықтардың пайда болуын болдырмайтын радиациялық объектілерінде одан әрі пайдаланудың кез келген нұсқалары кезінде алдын ала өңдеуге жатады.
Өндіріс процесінде радиоактивті заттарды қолданатын кәсіпорындардан жіберілген қосарлы материалдардың тобы активсіздендіру туралы құжаттармен қамтылуы тиіс.
157. Құрамында радионуклидтер бар материалдарды активсіздендіру немесе басқа да әдіспен өңдеу жүргізілетін ұйымдардың санитарлық төлқұжаты және көрсетілген қызмет түрлерін жүргізуге лицензиясы болуы тиіс. Шикізатты өңдеу және оны одан әрі пайдалану технологиясы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындының негізінде әзірленіп, бекітіледі.
158. Өзге материалдардан жасалған конструкцияларды өндіру кезінде қоршаған ортаны ластамайтын технологиялық процестер қолданылуы және оны қорғау мақсатындағы іс-шаралар кешені көзделуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |