Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет2/6
Дата12.06.2016
өлшемі389.5 Kb.
#130892
1   2   3   4   5   6
3-қосымшада автокөлік құралдары сипаттамаларының және конструкциялық қасиеттерінің, сондай-ақ жоғарыда аталған тәуекелдер бойынша жіктелген автокөлік құралдарының құрамдас бөліктерінің тізбелері берілген.

Жоғарыда сипатталған тәуекелдерді әлеуметтік қабылданған деңгейге дейін төмендету:

пайдалануға енгізілетін автокөлік құралдарына және олардың айналымға шығарылатын құрамдас бөліктеріне қатысты белгіленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткізу арқылы өндіріс сатысында;

пайдаланудағы автокөлік құралдарына қатысты, оның ішінде оларға техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді орындау кезінде, сондай-ақ конструкцияға өзгерістер енгізгенде, белгіленген талаптарға сәйкес болуына қол жеткізу арқылы пайдалану сатысында;

пайдалану аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін пайдаға асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету және оларды рециклдаудың қажетті дәрежесіне қол жеткізу арқылы пайдаға асыру кезінде жүзеге асырылуы тиіс.

  

2. Қауіпсіздік талаптары



 

4. Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жалпы қағидаттары

1) жаңа қауіпсіздік талаптарын қолданысқа енгізу өнеркәсіптерге жаңа талаптарға сәйкес келетін өнімді шығаруға ауысуға мүмкіндік беретін, экономикалық негізделген ауыспалы кезең өткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы тиіс;

2) автокөлік құралдары құжаттарының түпнұсқаларын ұстаушылар:

автокөлік құралдарының оларды дайындау аяқталғаннан кейін айналымға шығарылғанға дейін тексерілуі тиіс конструкциялық қауіпсіздік өлшемдерін;

автокөлік құралдарының оларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу аяқталғаннан кейін тексерілуі тиіс пайдалану қауіпсіздігі өлшемдерін;

жоспарланған ресурстарды дайындау кезінде автокөлік құралдарын пайдалануды жалғастырудың қолжетімдігі өлшемдерін;

оларға сәйкес болуы шығар алдындағы бақылауды орындау кезінде қамтамасыз етілетін талаптарды белгілейді.

5. Конструкциялық қауіпсіздікке қойылатын жалпы талаптар



Автокөлік құралдарының конструкциялық қауіпсіздігіне қойылатын талаптар:

1) автокөлік құралдарының жаппай және габариттік параметрлерінің шекті мағыналарына;

2) Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайларына алғаш рет тіркеуге ұсынылатын автокөлік құралдары басқару органдарының орналасу сәйкестігіне;

3) М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарының жалпы конструкциясына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 36; 52; 107);

4) Қауіпті жүктерді халықаралық тасымалдау туралы 1957 жылғы Еуропалық келісімнің (ҚЖХТ) ережелеріне сәйкестігі мәніне қауіпті жүктерді тасымалдайтын арнайы немесе мамандандырылған автокөлік құралдарына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 105);

5) Тез бұзылатын жүктерді тасымалдау туралы 1970 жылғы Еуропалық келісімнің (ТБЖТ) ережелеріне сәйкестігі мәніне тамақ өнімдерін тасымалдайтын мамандандырылған автокөлік құралдарына;

6) арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарын қосымша жабдықтауға;

7) жедел және арнайы қызметтердің арнайы және мамандандырылған автокөлік құралдарының түс-графикалық бояу сызбаларына, айырым белгілеріне, жарық және дыбыс сигналдарына;

8) «Дөңгелекті көлік құралдарын мерзімді техникалық байқау үшін біркелкі жағдайлар қабылдау және осындай байқауларды өзара тану туралы келісімнің» (1997 жылғы Вена Келісімі) ережелеріне сәйкестігі мәніне халықаралық автомобиль қозғалысына қатысатын автокөлік құралдарына;

9) конструкциялардың қауіпсіздігіне және осындай автокөлік құралдарын пайдалануға қатысты қолданылатын заңдардың талаптарына сәйкестігі мәніне үлкен габаритті және ауыр салмақты жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарына;

10) тежеу жүйелерінің конструкциясына және тиімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 13; 13-Н; 90);

11) автокөлік құралдарының рульдерін басқару, олардың басқарылуы және тұрақтылығы конструкциясына және тиімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 79; 111);

12) автокөлік құралдарының жарық-техникалық және дыбыстық сигнал қондырғыларының санына, орналасқан орнына, сипаттамаларына және жұмысына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 1-8; 19; 20; 23; 27; 28; 37; 38; 45; 48; 69; 70; 77; 87; 91; 98; 99; 104; 112; 113; 119; 123);

13) жол-көлік оқиғасы процесінде және тікелей одан кейін туындайтын, автокөлік құралы конструкциясының жүргізушілерге және жолаушыларға жарақат әкелетін әсерлерін төмендететін қабілетіне, сондай-ақ жол-көлік оқиғасынан кейін техникалық құралдарды қолданбастан автокөлік жүргізушісі мен жолаушыларды эвакуациялау мүмкіндігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 12; 14; 16; 17; 21; 25; 29; 32; 33; 42-44; 58; 61; 66; 73; 80; 93; 94; 95; 114; 126);

14) автокөлік құралы конструкциясының жол-көлік оқиғасы кезінде басқа да жол қозғалысына қатысушыларға физикалық әсер етуін төмендету қабілетіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 26);

15) автокөлік құралының өртке қарсы қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 30; 34; 67; 110; 115; 118);

16) Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары үшін барлық бағыттағы сыртқы кеңістіктің жүргізуші орнынан көрінуіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 46; 125);

17) қажетті нақтылықпен және қажет жағдайларда автокөлік құралдарының қозғалыс параметрлерін тіркеу және олар туралы жүргізушіге хабарлау өлшемдеріне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 39; 68; 84; 85; 89);

18) белгіленген пайдалану ережелері сақталған кезде, олардың істен шығуы жол-көлік оқиғасын тудыруы мүмкін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің сенімділігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 11; 30; 54; 55; 64; 108; 109; 124);

19) электромобильдер мен троллейбустердің электр қауіпсіздігіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 100);

20) автокөлік құралдарын рұқсатсыз пайдаланудан қажетті қорғау деңгейіне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 18; 97; 116);

21) автокөлік құралдарының қоршаған ортаны ластайтын заттары шығындыларының шекті мәніне (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 15; 24; 49; 83; 101; 103);

22) автокөлік құралдарының сыртқы шуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 51; 59; 117);

23) автокөлік құралының конструкциясы бөліктерінің сыртқы электр магниті сәулелері көздеріне және олардың электр магниті үйлесімділігіне әсер ету тұрақтылығына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 10);

24) автокөлік құралдарының ішкі жабдықтарының және басқару органдарының орналасуына (БҰҰ ЕЭК ережелері, № 21; 35; 121);

25) жолаушылар автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында қабылданған жол қозғалысы жағдайлары кезіндегі қауіпсіздігіне қатысты қосымша ұйғарымдардың үлкен сыйымдылығын орындауына;

26) қоңыржай-суық климат жағдайларында пайдалануға арналған автокөлік құралдарының ауа температурасы төмен жағдайларда пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты қосымша ұйғарымдарды орындауына;

27) автокөлік құралдары конструкциясының және ол жасалған материалдардың тиімді және экологиялық қауіпсіз пайдаға асырылуын қамтамасыз ету қабілетіне;

28) автокөлік құралдарын эксплуатациялау материалдары ретінде озонды бұзатын заттарды қолдануды болдырмауға;

29) автокөлік құралдарының конструкциясында пайдаланылатын материалдардың санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкестігіне қатысты белгіленеді.

6. Пайдалану қауіпсіздігіне қойылатын талаптар



Автокөлік құралдарын пайдалану қауіпсіздігі автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқаудан өткізу және автокөлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге уәкілетті лауазымды адамдардың тікелей жолдар мен көшелерде тексеру жүргізу арқылы қамтамасыз етіледі.

Мерзімді техникалық байқаулар мынадай жалпы қағидаттарды сақтай отырып жүргізілуі тиіс:

техникалық байқау көлік құралының ешқандай бөлігін бөлшектемей және алмай жүргізілуі тиіс;

бақылау-диагностикалау жабдығы мен өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат берілген Өлшеу құралдарының мемлекеттік тізіліміне енгізілуі, өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттары және тексеру туралы белгіленген құжаттары болуы тиіс;

техникалық байқау шектеулі уақыт шегінде жүргізілу керек. Техникалық байқау жүргізу үшін қажетті нақты уақыт тексерістен өтіп жатқан көлік құралының санаты мен жай-күйіне байланысты өзгеруі мүмкін, бірақ 30 минуттан аспау керек.

Автокөлік құралдарын мерзімді техникалық байқау визуалды түрде, автокөлік құралы құрамдас бөліктерінің әрекеті мен жұмыс істеуін көру, сондай-ақ құрамдас бөліктерді аспапты бақылау құралдары арқылы жүзеге асырылуы тиіс.

Мерзімді техникалық байқау бағдарламасы жиынтығына қатысты тексеруден; пайдалану қауіпсіздігінің жекелеген қасиеттерін сипаттайтын параметрлердің шекті мәндерін; жекелеген құрамдас бөліктердің тозығын (ақауларын) пайдалануда рұқсат етілген шектеулерді; жұмыс қабілеттілігі көрсеткіштерінің шекті ықтимал нашарлауын сипаттайтын нормаларды, автокөлік құралдарының конструкцияларын өзгертудің рұқсат етілген шегін шектеуді; оның ішінде:

1) тежеуді басқаруды:

жұмыс тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

қосымша тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

тұрақта тұру тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын және жұмыс істеу тиімділігін;

қосалқы тежеу жүйесін пайдалану сипаттамасын;

блоктауға қарсы тежеу жүйесінің жұмыс істеуін;

2) рульді басқаруды:

руль тетігінің және оны бекітетін картердің, руль приводының, руль дөңгелегінің және руль колонкасының механикалық жай-күйі мен жұмыс істеуін;

жалпы люфті;

дөңгелектерді орнату бұрыштарын реттеу;

3) көру:

көру аясы;

әйнектердің жай-күйі;

артқы көру айнасы және аспаптар;

әйнек тазалағыштар;

әйнек жуғыштар;

4) сыртқы жарық аспаптарының, шашыратқыштар мен электр жабдығының саны, орналасуы, түстері, көру бұрыштары, жай-күйі, жұмыс істеуі және сипаттамалары:

фаралар;

алдыңғы және артқы габариттік оттары, бүйір сигналдық шамдары;

тежеу сигналдары;

бұрылу көрсеткіштері;

алдыңғы және артқы тұманға қарсы фаралары;

артқа жүру шамдары;

артқы нөмірлік белгіні жарықтандыру кіші лампалары;

жарық шашыратқыштар, бүйірлік шашыратқыштар, артқы тану белгілері;

бақылау сигналдары;

сүйреуіш пен тіркеменің немесе жартылай тіркеменің арасындағы электр қосылғыштар;

электр сымдары; міндетті емес оттар;

аккумуляторлар;

5) осьтер, дөңгелектер, шиналар мен аспалар:

осьтердің механикалық жай-күйі;

дөңгелектер мен шиналардың өлшемі, сипаттамалары және тозуы;

аспа элементтерінің және оларды бекіткіштердің (рессорлар, амортизаторлар, түтіктер, беруші айналмалы моменттің, итергіш штангалар мен аспа тетіктерінің, сондай-ақ шарнирлік элементтердің) механикалық жай-күйі;

6) шасси мен шассиге агрегаттар мен тораптарды бекіту элементтерінің:

түтін түтіктері мен тұншықтырғыштардың;

автокөлік құралының салоны мен кабинасында зиянды заттар құрамының;

отын багы мен түтіктердің (жылытуға және түтіктерге арналған отын багын қоса алғанда);

бамперлердің, бүйірлік қорғану және артқы сырғанауға қарсы құрылғының;

қосалқы дөңгелектің кронштейндерінің;

тіркеу құрылғысының;

трансмиссиялардың;

қуат агрегатын бекіткіштің;

аудару тетігінің;

кабина немесе шанақ қондырғыларының;

есіктер және есік құлыптарының;

еденнің;

жүргізуші мен жолаушылар орындықтарының;

басқару органдарының;

кабина мен шанақ басқыштарының;

өзге де ішкі және сыртқы фитингілердің;

шашыратқыштардың (қанаттардың), шашыраудан қорғауға арналған құрылғылардың жай-күйі мен жұмыс істеуі;

7) өзге де жабдықтың:

қауіпсіздік белдіктерінің, балаларға арналған ұстау құрылғылары мен оларды бекіту орындарының;

өрт сөндіру құралдарының;

құлыптар мен айдап әкетуге қарсы құрылғылардың;

апаттық тоқтау белгілерінің;

алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған дәрі-дәрмек қобдишасының;

дөңгелектердің астына салынатын сырғанауға қарсы тіреуіштердің;

дыбыстық сигнализация жүйесінің;

спидометрдің;

тахографтың;

жылдамдықты шектеуге арналған құрылғының бар-жоғы, жай-күйі және жұмыс істеуі;

8) қоршаған ортаға әсер етумен байланысты факторлар:

шу;

пайдаланылған газдар;

радиокедергілер деңгейі;

сұйықтықтардың ағуы;

9) М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарына қойылатын қосымша талаптар:

есіктер мен апаттық шығулардың;

терлеуге және мұздануға қарсы құрылғылардың;

желдету жүйесінің;

орындықтардың;

ішкі жарық құрылғылары және бағытты көрсететін тақтайшалардың;

түрегеп тұратын жолаушыларға арналған өтпелердің, жолдың, орындардың;

тұтқыштардың;

баспалдақтар мен басқыштардың;

жүргізушінің жолаушылармен байланыс жүйесінің;

жазулардың;

жүріп-тұруға қабілеті шектеулі жолаушыларды тасымалдауға қатысты М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдарының конструкциясы және қосымша жабдығы;

арнайы жабдықты тексеруден тұрады.

Автокөлік құралдарын пайдалануға дайындау кезіндегі жұмыстарды жүргізу процестері қолданыстағы заңдарда және техникалық регламенттерде белгіленген биологиялық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі, экологиялық қауіпсіздік, машиналар мен жабдықтарды қауіпсіз пайдалану және кәдеге жарату, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалану және оларға жақын аумақты қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес келу керек.

Автокөлік құралдарын өткізу кезінде жұмыстарды жүргізу процестеріне сату алдындағы дайындық жөніндегі автокөлік құралдарын дайындаушының нұсқаулықтарға жазылған техникалық әсерлер кіруі тиіс.

Автокөлік құралдарын техникалық байқау шеңберінде бақылау-диагностикалық жұмыстарды жүргізу процесіне осы Техникалық регламентте белгіленген осы санаттағы автокөлік құралдарына қойылатын барлық талаптарды бақылау кіруі тиіс.

Автокөлік құралдары техникалық қызмет көрсету және (немесе) жөндеу аяқталғаннан кейін пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жұмыстарын жүргізу процесіне:

автокөлік құралдарының, оның құрауыштарының, жүйелерінің ақаусыз жай-күйін автокөлік құралы иесінің өтініміне сәйкес қалпына келтіру жөніндегі қажетті техникалық әсер ету;

жалпы автокөлік құралдарына немесе оны құрамдас бөліктері мен жүйелеріне техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу жүргізгеннен кейін автокөлік құралдарының ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша жүргізілген техникалық әсер етулердің номенклатурасына қарай автокөлік құралдарына қойылатын қауіпсіздік талаптарын бақылау кіруі тиіс.

Автокөлік құралдарының және оның құрамдас бөліктерінің ақаусыз жай-күйін қалпына келтіру бойынша техникалық әсер ету автокөлік құралдарын дайындаушылар әзірлеген нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүргізілуі тиіс.

Автокөлік құралдарын өткізу және техникалық қызмет көрсету және/немесе жөндеу кезінде жұмыстар жүргізу процесін жүзеге асыруда:

сәйкес келуін құжаттық растауы бар қосалқы бөлшектер мен материалдар;

техникалық реттеу және өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келетін мамандандырылған жабдық (бақылау-диагностикалық жабдық, көлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерін техникалық диагностикалау құралдары) қолданылуы тиіс.

Мамандандырылған жабдықтың сипаттамасы олар үшін осы жабдық қолданылатын автокөлік құралдарының немесе олардың құрамдас бөліктерінің типіне, салмақ және габариттік параметрлеріне сәйкес болуы тиіс.

Осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарға автокөлік құралдарының сәйкес келуін бақылау үшін қолданылатын мамандандырылған жабдық қажетті дәлдікпен белгілі бір диапазонда автокөлік құралдарының қажетті параметрлерін өлшеуге мүмкіндік беруі тиіс.

7. Автокөлік құралдарын сақтау процесіне қойылатын талаптар:



1) қауіпті жүктерді, улайтын немесе улы заттарды автомобильмен тасымалдауға арналған және сол үшін пайдаланылатын мамандандырылған автокөлік құралдары олар үшін арнайы бөлінген алаңдарда басқа автокөлік құралдарынан бөлек сақталуы тиіс;

2) автокөлік құралдарын сақтау орындарына орналастыру олардың және ғимараттар мен имараттардың элементтері арасындағы ара-қашықтық қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетіндей және олардың еркін шығуын қамтамасыз ететіндей болуы тиіс. Сақтау аймағында автокөлік құралдарын жөндеу жұмыстарын жүргізуге және техникалық қызмет көрсетуге, сондай-ақ сүрту және пайдалану материалдарын сақтауға жол берілмейді;

3) сұйықтандырылған мұнай газымен жұмыс істейтін газбаллонды автокөлік құралдарын сақтау өртке қарсы сигнализациямен және өртке қарсы бекеттермен жабдықталған ашық алаңшаларда жүзеге асырылуы тиіс. Газбаллонды автокөлік құралдарын сақтауға арналған алаңшаларды конструкциясы оларда орнатылған газ баллондарын қызу мүмкіндігін болдырмайтын жылыту жүйесімен жабдықтауға рұқсат етіледі;

4) сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін газ баллонды автокөлік құралдарын сақтау ашық тұрақтарда да, сығымдалған табиғи газбен жұмыс істейтін көлік құралдарын пайдаланатын кәсіпорындарға арналған өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтай отырып, жабық үй-жайларда да жүзеге асырылуы мүмкін;

5) автокөлік құралдарын сақтау инфрақұрылымдарының объектілері қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі тиіс.

8. Автокөлік құралдарын пайдаланудан шығару және кәдеге жарату



1) автокөлік құралдарын пайдалану аяқталғаннан кейін кәдеге жарату тәртібі қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес келуі тиіс;

2) кәдеге жаратылатын автокөлік құралдарының қайта қолдану үшін пайдаланылатын құрамдас бөліктері пайдалану қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келуі тиіс;

3) кәдеге жарату жөніндегі кәсіпорындар кәдеге жаратылған автокөлік құралдарының меншік иелеріне немесе олардың уәкілетті өкілдеріне кәдеге жарату туралы анықтама береді.

9. Автокөлік құралдарын маркалау кезінде қойылатын талаптар



1) дайындалған және бұрын пайдалануда болмаған әрбір көлік құралына мемлекеттік және орыс тілдерінде басып шығарылған мыналар қоса берілуі тиіс:

дайындаушының кепілдік міндеттемелері және автокөлік құралын пайдаланудың кепілді мерзімі ішінде оны пайдаланушы сақтауға міндетті ережелер;

пайдалану, техникалық қызмет көрсету және жөндеу кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды сипаттауды қамтитын пайдалану бойынша нұсқаулық (басшылық). Пайдалану бойынша нұсқаулықтың (басшылықтың) мазмұнына қойылатын талаптар осы техникалық регламентке



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет