Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 9 шілдедегі №675 Қаулысы «Техникалық реттеу туралы»



бет3/6
Дата12.06.2016
өлшемі389.5 Kb.
#130892
1   2   3   4   5   6
4-қосымшада келтіріледі;

автокөлік құралын пайдалану процесінде ауыстыратын оның кәдеге жаратылатын пайдалану материалдары мен құрамдас бөліктері бойынша мәліметтерді қамтитын құжат;

2) әрбір автокөлік құралына (шасси) көлік құралының бірегей сәйкестендіру VIN нөмірі берілуі тиіс;

3) әрбір автокөлік құралында оқу үшін қолайлы жерде орналасқан және арнайы құралды қолданбай алынбайтын, мемлекеттік, орыс және (немесе) ағылшын тілінде кемінде мынадай:

дайындаушының атауы;

көлік құралының сәйкестендіру VIN нөмірі;

автокөлік құралының рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

егер автокөлік құралы тіркемені (жартылай тіркемені) сүйреп тарту үшін пайдаланылуы мүмкін болса, автопоездың рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

алдыңғы осінен бастап автокөлік құралының әрбір осіне келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы;

отыру-тіркеу құрылымына (бар болса) келетін рұқсат етілген ең жоғары салмағы туралы ақпаратты қамтитын дайындаушының тақтайшасы болуы тиіс.

Дайындаушының тақтайшасын конструкциялық орындауға қойылатын талаптар осы Техникалық регламентке 5-қосымшада келтіріледі.



Егер дайындаушының тақтайшасындағы ақпарат ағылшын тілінде берілсе, оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (басшылықта) келтірілуі тиіс.

Сонымен қатар дайындаушының тақтайшасында мына ақпарат болмаса, ол қосымша тақтайшаларда (жапсырмаларда) орналасады:

дайындалған жылы немесе модельдік жылы;

экологиялық кезең;

тасымалданатын жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны (осы Техникалық регламентке 1-қосымшаға сәйкес М2 және М3 санатындағы автокөлік құралдары үшін);

4) автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне әсер ететін олардың конструкциялық ерекшеліктері туралы тұтынушыларды ескерту немесе ақпараттандыру мақсатында автокөлік құралының сыртқы немесе ішкі жағына дайындаушы жазған ағылшын тіліндегі мәтін мемлекеттік және орыс тілдеріне қайталанған болуы тиіс;

5) автокөлік құралдары борттық электрондық автокөлік құралын сәйкестендіру жүйесімен жабдықталған жағдайда ол дайындаушының тақтайшасы деректерінің, автокөлік құралының жиынтығы, автокөлік құралын пайдалану қауіпсіздігі параметрлерінің шекті мәндері және оларды тексеру режімі туралы мәліметтердің көрінуін қамтамасыз етуі тиіс;

6) ауыстыратын (қосалқы) бөлшектер ретінде жеткізілетін автокөлік құралдары құрамдас бөліктерінің таңбасында дайындаушының атауы немесе сауда белгісі болуы керек;

7) техникалық регламент талаптарына сәйкес келуі белгіленген тәртіппен бекітілген автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктері осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына автокөлік құралдарының сәйкес келуін растайтын сәйкестік белгісімен маркаланады.

Автокөлік құралдарын маркалау кезінде сәйкестік белгісі дайындаушының тақтайшасында немесе жеке тақтайшада {жапсырмада) орналасады. Сәйкестік белгісінің астында автокөлік құралына ресімделген «көлік құралының типін мақұлдау» немесе «шасси типін мақұлдау» нөмір көрсетіледі.

Тақтайшалардың орналасу орны «көлік құралының типін мақұлдауда» («шасси типін мақұлдауда») көрсетіледі.

Құрамдас бөліктерді маркалау кезінде сәйкестік белгісі өнім бірлігіне және/немесе затбелгіге, сондай-ақ орамаға және ілеспе техникалық құжаттамаға тікелей жазылады.

Маркалау айқын көрінуін қамтамасыз ететін және өшірілуін болдырмайтын кез келген қолайлы тәсілмен жүзеге асырылады.

 

 

3. Сәйкестік презумпциясы



 

10. Егер осы автокөлік құралына, сондай-ақ оның әрбір құрауышына қатысты осы Техникалық регламентте белгіленген қауіпсіздік талаптарына олардың әрбір сипаттамасы мен конструкциялық қасиеттері осындай талаптарға сәйкес келетінін анықталса, автокөлік құралы қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді деп есептеледі.

Автокөлік құралын айналымға шығару олардың конструкциялық қауіпсіздігіне қатысты техникалық регламентте белгіленген барлық талаптарға олар сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады. «Көлік құралының типін мақұлдаудың» («көлік құралының шассиі типін мақұлдаудың»), сәйкестік туралы сертификаттың немесе декларацияның тіркелген күні айналымға шығару күні болып есептеледі.

Осы Техникалық регламенттің қауіпсіздік талаптарын көлік құралдарының қанағаттандыратын шарты осы Техникалық регламентпен үйлестірілген стандарттарды қолдану болып табылады.

 

 

4. Сәйкестікті растау



 

11. Автокөлік құралын айналымға шығару кезінде олардың типінің Техникалық регламент талаптарына сәйкес келуін бағалау

1) бұрын пайдалануда болмаған автокөлік құралы типінің оны айналымға шығару кезінде техникалық регламенттің белгіленген талаптарына сәйкестігін растау типті мақұлдау рәсімін орындау арқылы жүзеге асырылады;

2) типті мақұлдау рәсімінің құрамдас бөлігі болып табылатын автокөлік құралы (шасси) типінің немесе автокөлік құралы (шасси) құрамдас бөліктері типінің қасиеттері мен сипаттамаларының сәйкестігін растау сәйкестікті міндетті растау немесе сәйкестікті декларациялау нысанында жүзеге асырылады.

«Көлік құралының типін мақұлдау» үлгі рәсімі осы Техникалық регламентке 6-қосымшада баяндалған.



3) автокөлік құралдары мен олардың құрамдас бөліктерінің техникалық регламент талаптарына сәйкестігін жалпы растаған жағдайда оған:

өнім үлгілерін сәйкестендіру;

ең нашар жағдайларда (күтілетін қауіпсіздіктің ең төмен көрсеткіштеріне ие нұсқалар мен болжамдарда) көлік құралының (құрамдас бөліктің) типі үшін репрезентативті болып табылатын өнімнің үлгілерінде қауіпсіздік талаптарын орындауды тексеру;

барлық сериялы шығарылатын өнім қауіпсіздік талаптарын орындауды қамтамасыз ету бөлігінде репрезентативтік үлгілерге қарағанда төмен емес көрсеткіштерге ие екенін растау кіреді.

4) көлік құралының типін білдіретін үлгінің Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:

аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген көлік құралдарын сертификациялық сынау хаттамалары және осы сынақтардың нәтижелері бойынша ресімделген сәйкестік сертификаттары;

оларға қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленген көлік құралдарының құрамдас бөліктеріне сәйкестік сертификаттары;

осы Техникалық регламенттің 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес балама дәлелдеме материалдар қаралады.



Басқа көлік құралдарының базасында немесе шассиінде дайындалған көлік құралдарының сәйкестігін бағалау кезінде сондай-ақ тиісінше базалық көлік құралына немесе шассиге ресімделген «көлік құралының типін мақұлдау» немесе «шасси типін мақұлдау» дәлелдеме материал болып табылады.

5) Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау мақсаттары үшін балама дәлелдеме материалдар ретінде сондай-ақ:

1958 жылғы Женева Келісіміне қатысушы елдердің Әкімшілік органы берген БҰҰ БЭК Ережесіне қатысты типті ресми бекіту туралы хабарлама;

БҰҰ БЭК Ережесіне эквивалентті сәйкес келетін Еуропалық одақтың Директивасына сәйкестік сертификаты;

1958 жылғы Женева Келісімі шеңберінде аккредиттелген шетелдік сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары танылады;

БҰҰ БЭК Ережесінің және Еуропалық Одақтың тиісті Директиваларының эквиваленттігі осы техникалық регламентке 7-қосымшада белгіленеді.



Балама дәлелдеме материалдарды қарау нәтижелері бойынша сәйкестікті растау жөніндегі орган осы Техникалық регламенттің талаптарына ұлттық сәйкестік сертификатын ресімдейді.

Жалпы көлік құралының типіне не болмаса оның жекелеген модификацияларына қатысты балама дәлелдеме материалдарды пайдалану үшін негіздер жеткіліксіз болған жағдайда жетпейтін дәлелдеме материалдар алу мақсатында қосымша сынақтар жүргізілуі тиіс. Көрсетілген ереже сондай-ақ көлік құралдарының құрамдас бөліктеріне қатысты қолданылады.

6) Техникалық регламент талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжаттар және оларды пайдалану:

«Көлік құралының типін мақұлдау» («шасси типін мақұлдау») сәйкестікті растау кезінде автокөлік құралының БҰҰ БЭК Ережесін қоса алғанда, осы Техникалық регламентте белгіленген нормативтік құжаттардың міндетті талаптарының тізбесіне сәйкестігін куәландырады. «Көлік құралының типін мақұлдаудың» («шасси типін мақұлдаудың») болуы автокөлік құралын айналымға шығару және оны жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдарда тіркеу арқылы жол қозғалысына қатысуға жіберу үшін қажетті талап болып табылады. «Көлік құралының типін мақұлдау» нөмірі Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі анықталған типке жататын әрбір автокөлік құралының көлік құралын тіркеу туралы куәлігіне енгізіледі;

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікке «көлік құралының типін мақұлдаудағы» автокөлік құралын қолдануда шектеу бойынша барлық ерекше белгілер, сондай-ақ белгілі бір экологиялық типке сәйкестігі туралы мәліметтер енгізіледі.

«Көлік құралының типін мақұлдау» автокөлік құралының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыруы және барлық жекелеген сипаттамалары мен конструкциялық қасиеттері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

Автокөлік құралының әрбір жекелеген сипаттамасының және конструкциялық қасиеттерінің, сондай-ақ құрамдас бөлік типінің оларға қатысты Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестігі, сәйкестікті растаудың белгіленген нысанына қарай:

сәйкестік сертификатымен;

сәйкестігі туралы декларациямен;

көлік құралы конструкциясының типі бойынша ресми бекітуге қатысты хабарламамен (1958 жылғы Женева Келісімі шеңберінде БҰҰ БЭК ережесі бойынша сертификациялаған жағдайда) расталады;

«Көлік құралының типін мақұлдауда» («шасси типін мақұлдауда») оның әрекет етуінің аяқталу мерзімі көрсетілген жағдайда осы құжат оның әрекет ету кезеңінде дайындалған автокөлік құралдарына (шасси, құрамдас бөліктері) ғана қолданылады;

«Көлік құралының типін мақұлдау» («шасси типін мақұлдау», сәйкестік сертификаты) автокөлік құралдарының (шасси, құрауыштар) партиясына құжаттың әрекет ету мерзімі көрсетілмей ресімделген жағдайда оның әрекеті тек осы партияға ғана қолданылады.

12. Жеке автокөлік құралдарын айналымға шығару кезінде және автокөлік құралдарының конструкцияларына өзгерістер енгізгеннен кейін олардың Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау

1) дайындалуы аяқталған жеке автокөлік құралдарын айналымға шығару кезінде және автокөлік құралдарының конструкцияларына өзгерістер енгізгеннен кейін олардың Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау оны міндетті сертификациялау немесе сәйкестігін декларациялау нысанында сәйкестендіргеннен кейін әрбір автокөлік құралына қатысты жеке жүзеге асырылады;

2) өтініш иесінің сәйкестігі оның өтінімі бойынша расталған сол типке жататын автокөлік құралының сәйкестігін бағалауға өтінім беруіне 12 айдан кейін рұқсат етіледі;

3) дайындалуы аяқталмаған жеке автокөлік құралдары сәйкестігін бағалауға жатпайды;

4) сәйкестігін бағалау көлік құралының нақты данасына қатысты жүргізіледі;

5) жеке көлік құралының сәйкестігі бағаланған жағдайда осы Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:

сәйкестігін растау жөніндегі орган немесе осыған аккредиттелген өзге ұйым жүргізген конструкцияны сараптау хаттамасы;

сәйкестігін растау жөніндегі орган берген сол типтегі немесе сол типтің шассиінде дайындалған автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасында бұрын жүргізілген сәйкестігін растау рәсімінің нәтижелері туралы анықтама;

аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары қаралуы мүмкін;

6) құрамдас бөлік типін білдіретін үлгінің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын дәлелдеме материалдар ретінде:

аккредиттелген сынақ зертханалары жүргізген сынақ хаттамалары;

осы Техникалық регламенттің 11-тармағының 5) тармақшасына сәйкес балама дәлелдеме материалдар қаралуы мүмкін;

дәлелдеме материалдарды дайындау мақсатында өтініш иелері кез-келген аккредиттелген сынақ зертханаларына өтініш беруге құқылы.

7) Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар және оларды пайдалану:

жеке автокөлік құралдарының осындай автокөлік құралдарына қатысты белгіленген Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі сәйкестікті растау туралы құжаттармен - сәйкестік туралы сертификаттармен және декларациялармен расталады;

Сәйкестік туралы сертификаттың немесе декларацияның болуы автокөлік құралын айналымға шығару және оны жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген органдарда тіркеу арқылы жол қозғалысына қатысуға жіберу үшін қажетті талап болып табылады. Сәйкестік туралы сертификаттың немесе декларацияның нөмірі Техникалық регламенттің талаптарына сәйкестігі анықталған әрбір автокөлік құралының көлік құралын тіркеу туралы куәлігіне енгізіледі;

Көлік құралын тіркеу туралы куәлікке сәйкестік туралы сертификаттағы немесе декларациядағы автокөлік құралын қолдануда шектеу бойынша барлық ерекше белгілер, белгілі бір экологиялық типке сәйкестігі туралы мәліметтер сондай-ақ конструкциясында жүргізілген өзгерістер туралы мәліметтер енгізіледі;

Сәйкестік туралы сертификат немесе декларация автокөлік құралының осы Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін куәландыруы және барлық жекелеген сипаттамалары мен конструкциялық қасиеттері туралы мәліметтерді қамтуы тиіс;

Автокөлік құралының конструкциясына өзгерістер енгізудің белгілі бір түрі бойынша жұмыстарды бірнеше рет орындауды жүзеге асыратын адамдар үшін жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік уәкілетті органда жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты бөлігінде автокөлік құралының конструкциясын келісу туралы куәлік ресімдеу қажет.

13. Қазақстан Республикасының аумағында пайдаланудағы автокөлік құралдарының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау



1) Техникалық регламенттің белгіленген талаптарына сәйкестігін бағалау әрбір көлік құралына қатысты оны сәйкестендіргеннен кейін, техникалық байқау нысанында жүзеге асырылады;

2) техникалық байқау техникалық диагностикалау құралдарын пайдалана отырып, құрамдас бөліктерін қосу немесе әрекетке келтіру немесе автокөлік құралының құрамдас бөліктеріне күшпен әсер ету және олардың жай-күйін тіркеуді бақылаумен орындалады;

3) техникалық байқау кезінде автокөлік құралын немесе оның құрамдас бөліктерін бұзуға жол берілмейді;

4) техникалық байқау кезінде автокөлік құралының құрамдас бөліктерін пайдалану қауіпсіздігіне талаптар автокөлік құралының жиынтығында осы құрамдас бөлік болған жағдайда қойылады;

5) автокөлік құралдарын техникалық байқау тәртібін және мерзімділігін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік уәкілетті орган белгілейді;

6) Техникалық регламент талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттар және оларды пайдалану:

пайдаланудағы автокөлік құралының Техникалық регламент талаптарына сәйкестігі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган берген техникалық байқаудан өткені туралы құжатпен расталады.

 

 

5. Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау)

 

Автокөлік құралдарының қауіпсіздігін мемлекеттік бақылау (қадағалау) Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

 

6. Үйлестірілген стандарттар тізбесі



 

14. Үйлестірілген стандарттар тізбесі

1) ҚР СТ МемСТ Р 51709-2004 «Автокөлік құралдары. Қозғалыс қауіпсіздігі шарттары бойынша техникалық жай-күйіне қойылатын талаптар. Тексеру әдістері».

2) ҚР СТ 1418-2005 «Автокөлік құралдары. Қайта жабдықтау. Жалпы ережелер және техникалық талаптар».

3) ҚР СТ 1419-2005 «Жинауға және қалаларды санитарлық тазалауға арналған машиналар. Жалпы қауіпсіздік талаптары».

4) ҚР СТ 1420-2005 «Мұнай өнімдерін тасымалдауға және құюға арналған автокөлік құралдары. Типтері, параметрлері және жалпы техникалық талаптар».

5) ҚР СТ 1433-2005 «Автомобильдер мен қозғалтқыштар. Зиянды заттардың шығарылымы. Анықтау нормалары мен әдістері».

6) ҚР СТ ИСО 3780-2007 «Жол көлігі. Дайындаушылардың халықаралық сәйкестендіру коды».

7) ҚР СТ ИСО 3779-2007 «Жол көлігі. Автомобильдердің сәйкестендіру нөмірі».

8) МемСТ 31304-2005 Автосервис қызметтері. Техникалық қызмет көрсету станцияларының қызметтері. Қызмет түрлері, көрсету тәртібі және олардың сапасына қойылатын талаптар.

9) МемСТ 31305-2005 «Автосервис қызметтері. Автомобильдердің әйнектерін қараңғылау. Жалпы талаптар».

10) МемСТ 31306-2005 «Автокөлік құралдары. Сыртқы жағына жарнама жазу. Жалпы талаптар».

 

«Автокөлік құралдарының



қауіпсіздігіне қойылатын

талаптар» техникалық регламентіне

1-қосымша

 

Техникалық регламенттің әрекетіне түсетін механикалық көлік

құралдары мен тіркемелерді жіктеу және анықтамасы

 

Атауы

СЭҚ ТН

кодтары

1

2

1. М санаты - кемінде төрт дөңгелегі бар және жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын

механикалық көлік құралдары

  

1) М1 санаты (жеңіл автомобильдер):

жолаушылар тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған кемінде сегіз орындығы бар көлік құралы (сондай-ақ төмендегі тармақты қараңыз);

8703

2) М2 санаты (автобустар, троллейбустар):

жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған

сегізден артық орындығы бар және ең жоғары салмағы 5 тоннадан аспайтын көлік құралдары

8702

3) М3 санаты (автобустар, троллейбустар):

жолаушылар тасымалдау үшін пайдаланылатын, жүргізушінің орындығынан басқа отыруға арналған сегізден артық орындығы бар және ең жоғары салмағы 5 тоннадан асатын көлік құралдары;

М2 және М3 санаттарының көлік құралдарына:

36 және № 107 Ережеге сәйкес үш кластан біріне немесе одан көбіне (І класқа, II класқа, III класқа);

52 Ережеге сәйкес екі кластан біріне (А класына, В класына).

І класс:

жолаушылардың салон ішінде ұдайы жүріп-тұруы үшін конструкциясында түрегеп тұратын жолаушыларға арналған орындар көзделген көлік құралдары.

II класс:

Негізінен отырған жолаушыларды тасымалдау үшін құрастырылған және екі қосарлы орындықтар үшін бөлінген кеңістіктің шегінен тыс шықпайтын өтпелердегі және/немесе орындардағы түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін көлік құралдары.

III класс:

Тек отырған жолаушыларды ғана тасымалдау үшін құрастырылған көлік құралдары

А класы:

8702

Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналған көлік құралдары; бұл кластағы көлік құралы орындықтармен жабдықталған және онда түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін.

В класы:

Түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдауға арналмаған көлік құралдары, бұл кластағы көлік

құралында түрегеп тұрған жолаушыларды тасымалдау көзделуі мүмкін емес.

Ескертпелер

«Біріктірілген автобус немесе қалааралық автобус» бір-біріне біріктірілген, екі немесе одан да көп  қатты секциялардан тұратын көлік құралын білдіреді; әр секцияның жолаушылар салоны жолаушылар бір секциядан екіншісіне еркін өте алатындай етіп біріктірілген; қатты секциялар өзара оларды тек шеберханада болатын құралдардың көмегімен ғана ажыратуға болатындай етіп

біріктіріледі;

Бөлінбейтін, бірақ біріктірілген екі немесе одан көп элементтерден тұратын біріктірілген автобустар немесе қалааралық автобустар бір көлік құралы ретінде қарастырылады;

Егер жартылай тіркемені сүйреп тарту үшін сүйреуіш (жартылай тіркемеге арналған сүйреуіш) көзделген болса, көлік құралын жіктеу кезінде есепке алынуы тиіс салмақ ретінде жарақталған күйдегі сүйреуіштің салмағына қосылған сүйреуішке жартылай тіркеме салатын ең жоғары  татикалық тік жүктемеге сәйкес келетін салмақ, сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйреуіштің өзінің ең жоғары жүк салмағы пайдаланылады;

«Жарақталған күйдегі көлік құралының салмағы» егер дайындаушы зауыт салқындататын сұйықтықты, майды, 90 % отынды, 100 % басқа сұйықтықтарды қоса алғанда шанақты және/немесе тіркеу құрылғысын белгілемесе, пайдаланылған суды, құралдарды, қосалқы дөңгелекті, жүргізушінің салмағын (75 кг) және қалалық және қалааралық автобустар үшін - егер көлік құралында экипаж мүшесі үшін орындық көзделсе, оның салмағын (75 кг) қоспағанда, сүйреген жағдайда шанағы мен тіркеу құрылғысы бар бос көлік құралының салмағы не болмаса кабинасы бар жүріс бөлігінің салмағы кабинамен бірге жүру бөлігінің салмағын білдіреді.

  

2. № санаты - кемінде төрт дөңгелегі бар және жүктер тасымалдауға арналған механикалық көлік

құралдары

1) N1 санаты (жүк автомобильдері және олардың шассиі):

жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан аспайтын көлік құралдары;

 

 

 

8704

8705

2) N2 санаты (жүк автомобильдері және олардың шассиі):

жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 12 тоннадан

аспайтын көлік құралдары;

8704

8705

3) N3 санаты (жүк автомобильдері және олардың шассиі):

жүктер тасымалдауға арналған және ең жоғары салмағы 12 тоннадан асатын көлік құралдары.

Ескертпелер

Егер жартылай тіркемені сүйреп тарту үшін сүйреуіш (жартылай тіркемеге арналған сүйреуіш)

көзделген болса, көлік құралын жіктеу кезінде есепке алынуы тиіс салмақ ретінде жарақталған күйдегі сүйреуіш салмағына қосылған жартылай тіркеменің сүйреуішке салатын ең жоғары статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін салмақ, сондай-ақ қажет болған жағдайда сүйреуіштің өзінің ең жоғары жүк салмағы пайдаланылады;

Кейбір арнайы көлік құралдарындағы (автокрандардағы, өздігінен жүретін жөндеу шеберханаларындағы, жарнамалық көлік құралдарындағы) жабдық және қондырғылар жүктерге теңестіріледі.

8704

8705

3. О санаты - тіркемелер (жартылай тіркемелерді қоса алғанда)

  

1) О1 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне, мотоциклдерге, мотороллерлерге және квадрициклдерге тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):

ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан аспайтын тіркемелер;

8716

2) О2 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):

ең жоғары салмағы 0,75 тоннадан асатын, бірақ 3,5 тоннадан аспайтын тіркемелер;

8716

3) О3 санаты (жеңіл және жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):

ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын, бірақ 10 тоннадан аспайтын тіркемелер;

8716

4) О4 санаты (жүк автомобильдеріне тіркемелер немесе жартылай тіркемелер):

ең жоғары салмағы 10 тоннадан асатын тіркемелер;

8716

5) сонымен қатар О2, О3 және О4 санатындағы тіркемелер мынадай үш типтің біріне жатады:

«жартылай тіркеме» - осі көлік құралының ауырлық ортасының артында (тең жүктеме жағдайында) орналасқан және көлденең және тік жүктемені сүйреуішке беруге мүмкіндік беретін біріктіру құрылғысымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік құралы. Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін;

  

«толық тіркеме» - кемінде екі осі бар және тігінен қозғала алатын (тіркемеге қатысты) және алдыңғы осьтің (осьтердің) бұрылуына қызмет ете алатын, бірақ сүйреуішке қандай да бір елеулі

статикалық жүктеме бермейтін, сүйреп тартатын құрылғымен жабдықталған сүйреп тартылатын көлік құралы.

Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін;

«орталықта орналасқан осі бар тіркеме» - тігінен қозғала алмайтын (тіркемеге қатысты) және осі

(осьтері) сүйреуіш тіркеменің ең жоғары салмағына сәйкес келетін көлемінің 10 % аспайтын немесе 1000 даН (көлемдердің қайсысы кіші екеніне қарай) елеусіз статикалық тік жүктеме берілетіндей етіп көлік құралының ауырлық ортасына (тең жүктеме жағдайында) орналасқан сүйреп тарту құрылғысымен жабдықталған көлік құралы.

Сүйреуіш бір немесе одан көп осьтерді сүйреп тартуды жүзеге асыруы мүмкін.

Ескертпе

Орталықта орналасқан осі бар жартылай тіркемеге немесе тіркемеге қатысты тіркемені жіктеу кезінде есепке алынуы тиіс салмақ сүйреуішпен бар орталықта орналасқан осі бар сүйреуішке тіркелген барынша тиелген жартылай тіркеменің немесе тіркеменің осі немесе осьтерінің жерге берілетін статикалық тік жүктемесі болып табылады.

  

4. Ерекше мақсаттағы көлік құралы:

жолаушыларды немесе жүктерді тасымалдауға арналған, сондай-ақ ерекше функцияларды орындауға арналған, ерекше шанақты және/немесе жабдықты қажет ететін М, N немесе О санатындағы көлік құралы.

1) автомобиль - үй:

Мсанатындағы ерекше мақсаттағы,

конструкциясында тұрғын кеңістік бар көлік құралы, онда мынадай жабдықтар бар:

Орындықтар және үстел;

орындықтардан жасалатын ұйықтайтын орындар;

ас үй жабдығы және қойма жайлары.

Бұл жабдық тұрғын бөлікке қатты бекітілуі тиіс;

сонымен қатар үстелде алмалы-салмалы конструкция болуы мүмкін;

2) бронды көлік құралы:

тасымалданатын жолаушыларды және/немесе жүктерді қорғауға арналған және оқ өтпейтін бронды қаптамамен жарақталған көлік құралы;

3) медициналық көмек көлік құралы:

ауру немесе жараланған адамдарды тасымалдауға арналған және осы үшін ерекше жабдықпен жарақталған М санатындағы автокөлік құралы;

4) катафлак:

өлгендерді тасымалдауға арналған және осы үшін ерекше жабдықпен жарақталған автокөлік құралы.

  

5. G санаты - жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары деп осы тармақтың талаптарына және 5) тармақшаға сәйкес тексеру шарттарына жауап беретін М және N санаттарындағы көлік құралдары есептеледі;

  

2) ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын № санатындағы көлік құралдарында, сондай-ақ М1

санатындағы көлік құралдарында егер:

бір осьті жетегі сөніп қалуы мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, конструкциясы бір уақытта олардың жетегін қамтамасыз ететін ең болмағанда бір алдыңғы және бір артқы осі;

ең болмағанда бір дифференциалды блоктау тетігі немесе осыған ұқсас әрекеттегі бір тетігі болса және егер олар бір көлік құралына есептелген 30% өрден өте алса, олар жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары болып есептеледі.

Сонымен қатар олар төменде келтірілген алты талаптың ең болмағанда бесеуіне жауап беруі тиіс:

кіру бұрышы 25о кем болмауы тиіс;

түсу бұрышы 20о кем болмауы тиіс;

көтеру бұрышы 20о кем болмауы тиіс;

алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180 мм кем болмауы тиіс;

артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 180 мм кем болмауы тиіс;

осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 200 мм кем болмауы тиіс;

  

3) бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, егер конструкциялары барлық дөңгелектерге бір уақытта жетекті қамтамасыз етсе, ең жоғары салмағы 2 тоннадан асатын N1 санатындағы көлік құралдары немесе ең жоғары салмағы 12 тоннадан аспайтын N2, М2 немесе М3 санатындағы көлік құралдары жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары деп есептеледі, не болмаса мынадай үш талап сақталса:

бір оське жетек сөндірілуі мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, ең болмағанда бір алдыңғы және бір артқы осьтерін бір уақытта жетек бар;

  

ең  болмағанда дифференциалды блоктаудың бір тетігі немесе осындай әрекеттегі бір тетігі болса, - олар жеке көлік құралына есептелген 25% өрден өте алады.

  

4) егер ең жоғары салмағы 12 тоннадан асатын М3 санатының көлік құралдарында немесе N3 санатының көлік құралдарында бір осьтегі жетек сөніп қалуы мүмкін көлік құралдарын қоса алғанда, егер оларда барлық дөңгелекке жетек бір уақытта болса, не болмаса мына талаптар сақталатын болса:

кемінде дифференциалды блоктаудың бір тетігі немесе осыған ұқсас әрекеттің бір тетігі болса;

жеке көлік құралы үшін есептелген 25% өрден өте алса;

мына алты талаптың кем дегенде төртеуі сақталса, олар жүріп өту мүмкіндігі жоғары көлік құралдары болып табылады:

кіру бұрышы 25о кем болмауы тиіс;

түсу бұрышы 20о кем болмауы тиіс;

көтеру бұрышы 20о кем болмауы тиіс;

алдыңғы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250 мм кем болмауы тиіс;

осьтер арасындағы жолды жарықтандыру 300 мм кем болмауы тиіс;

артқы осьтің астындағы жолды жарықтандыру 250 мм кем болмауы тиіс;

  

5) тексеру жүктемесі және шарттары:

  

ең жоғары салмағы 2 тоннадан аспайтын N1 санатындағы көлік құралдары және М1 санатындағы көлік құралдары жарақталған күйде болуы тиіс, яғни салқындатқыш сұйықтықпен, майлайтын маймен, отынмен, құрал-жабдықтармен және қосалқы дөңгелекпен жарақталған, бұл ретте жүргізушінің ең жоғары салмағы 75 кг тең деп есептеледі.

  

Алдыңғы абзацта көрсетілмеген механикалық көлік құралы дайындаушы зауыт белгілеген техникалық рұқсат етілетін ең жоғары салмаққа дейін жүк тиелген болуы тиіс.

  

Қажет етілетін өрден (25 % және 35%) өту қабілеті қарапайым есептеу арқылы тексеріледі.

Алайда ерекше жағдайларда техникалық қызметтер шынайы сынақ жүргізу үшін тиісті типтеп көлік құралын әкелуді талап ете алады.

  

Алдыңғы және артқы асылмасының бұрыштарын, сондай-ақ көтеру бұрышын өлшеу кезінде қорғау құрылғылары ескерілмейді.

  

Алдыңғы және артқы асылманың бұрыштарына қатысты анықтамалар мен сызбалар, өр және жол жарығы бұрыштары

  

«Кіру бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.10.

ережені қараңыз.


  

«Түсу бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.11.

ережені қараңыз.


  

«Көтерілу бұрышы» - ІSO 612: 1978 стандарты, № 6.9. ережені қараңыз.


  

«Осьтер арасындағы жол жарығы» деп жер мен көлік құралының төменгі қозғалмайтын нүктесінің арасындағы ең жақын қашықтық түсініледі.

Көп осьті арбалар бір осьті ретінде қарастырылады.


  

«Бір осьтің астындағы жол жарығы» деп бір осьтегі дөңгелектердің (қосарланған шина болған жағдайда ішкі дөңгелектердің) протекторы ізінің ортасы арқылы өтетін және дөңгелектер арасындағы көлік құралының қозғалмайтын төменгі нүктесіне тиетін шеңбер доғасының жоғарғы нүктесінен төмен бағыттағы қашықтығы түсініледі.

Көлік құралының бірде бір қатты бөлігі сызбада сызылған бөлікке ене алмайды.

Қажет болған жағдайда бірнеше осьтерге арналған жол жарығы олардың орналасу кезегі бойынша көрсетіледі, мысалы 280/250/250.

  




  

Құрамдастырылған белгілер М және N шартты белгілері G белгісімен үйлестірілуі мүмкін.

Мысалы жолсызбен қозғалуға жарамды N1 санатындағы көлік құралы N1 G деп белгіленуі мүмкін.

  

6. Шанақ типінің анықтамасы (құрамдастырылған көлік құралдары үшін ғана)

Шанақтың типі мынадай модификацияның көмегімен көрсетілуі мүмкін:

  

1) жеңіл автомобильдер (М1)

АА Седан:

ISO: 3833:1977, № 3.1.1 ережелері, бірақ бүйір терезелері төртеуден артық көлік құралдарын қоса

алғанда.

АВ Хетчбек:

жоғары ашылатын артқы есігі бар Седан (АА).

АС Универсал (жүк-жолаушы шанақты): ISO

3833:1997 стандарты, № 3.1.1.4 ереже

АD Купе: ISO 3833:1997 стандарты, № 3.1.1.5 ереже

АЕ Кабриолет:

ISO 3833:1997 стандарты, № 3.1.1.4.6 ереже

АF Көпмақсатты көлік құралы:

АА-АС кодификациясында көрсетілмеген және бір бөлімде жолаушыларды және олардың багаждарын немесе жүктерді тасымалдауға арналған автокөлік құралы. Алайда мұндай көлік құралы төмендегі екі талапқа сәйкес келсе, М1 санатындағы көлік құралы деп есептелмейді;

Жүргізушінің орнынан басқа отыруға арналған орындар алтаудан аспаса, егер көлік құралы орындықтарға арналған «қол жетімді» бекітулермен жабдықталса, «отыруға арналған орын» бар деп есептеледі,  «қол жетімді» деп пайдаланылуы мүмкін бекітулер түсініледі.

Бекітулер «қол жетімді» болмауы үшін, дайындаушы зауыт олардың пайдаланылуына физикалық кедергі келтіруі тиіс, мысалы оларға түйісу бастырмаларын дәнекерлеу арқылы немесе

  

әдеттегі құрал-жабдықтардың көмегімен алынуы мүмкін емес осындай қозғалмайтын бекітілген

бөлшектер орнату арқылы, және

Р-(М + N x 68)> N х 68,

Мұнда:

Р - техникалық жағынан рұқсат етілетін ең жоғары

жүкті салмағы, кг;

М - жарақталған күйдегі салмағы, кг

- жүргізушінің орнын қоспағанда отыруға

арналған орындар саны;

  

2) Ерекше мақсаттағы көлік құралдары (М1)

SА Автомобиль-үй: 4-тармақ, 1) тармақшаны қараңыз.

SВ Бронды көлік құралы: 4-тармақ, 2) тармақшаны қараңыз.

SС Медициналық көмек көлік құралы: 4-тармақ, 3) тармақшаны қараңыз.

SD Катафлак: 4-тармақ, 4) тармақшаны қараңыз.

  

 


«Автокөлік құралдарының

қауіпсіздігіне қойылатын

талаптар»

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет