Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 шілдедегі №796 қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»



бет3/4
Дата12.06.2016
өлшемі499.5 Kb.
#129811
1   2   3   4

Комиссия құрамында ________________________________________________________________________


(сынамаларды іріктеп алуға қатысатын тұлғалардың лауазымдары мен тектері)

_______________________________________________

_______________________________________________


___________________________________________________________ негізінде

(өкімдер, НТД)


(резервуарлардан, ОҚ-дан) сынамаларды іріктеп алуды жүргізген:


Сынамалардың нөмірі

АвиаЖЖМ-нің атауы

Сынамаларды іріктеп алу орны

Қандай мөлшерден


Сынамалардың көлемі


Талдау түрі






















Сынамалар ЖЖМ зертханасы дайындаған ыдысқа іріктеп алынды ______________________________________________________________________________

ұйымның атауы



Сынамаларға талдау жүргізу үшін іріктеп алынды.

ұйымның атауы, бақылау түрі, көрсеткіштер тізбесі


Комиссия төрағасы _____________________
Комиссия мүшелері _____________________

Қазақстан Республикасының азаматтық

авиация ұйымдарында авиациялық

жанар-жағармай материалдары

мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,

құюға беруге дайындаудың және

олардың сапасына бақылау

жүргiзудiң қағидасына

8-қосымша
Авиациялық оқиғалар немесе тосын оқиғалар кезіндегі ӘК жүйелерiндегi бөлшектер мен агрегаттардан авиа ЖЖМ сынамаларын, тұнбалар мен шөгінділерді іріктеп алу жөніндегі

әдiстемелiк ұсынымдар
1. Жалпы ережелер
1. Талдауға жiберiлетін авиаЖЖМ сынамалары тұтынушы ұйымда олар өтетін барлық кезеңдердi сипаттайды. АвиаЖЖМ сынамаларын iрiктеп алу орнын, сондай-ақ зерттеулердің бас орындаушы ұйымын осы авиациялық оқиғаны немесе тосын оқиғаны тергеу үшiн тағайындалған комиссия анықтайды. Егер тергеу жөніндегі комиссия тағайындалмаса, бұл мәселелерді авиа компанияның басшысы шешедi.

2. Комиссия жұмысында авиаЖЖМ сынамаларын iрiктеп алу орындарын анықтау кезінде және iрiктеп алудың өзiнде ЖЖМҰ маманының (инженер) қатысуы міндетті.

3. ӘК жүйелерiнен авиаЖЖМ сынамаларын iрiктеп алуды ЖЖМҰ маманының (инженердің) қатысуымен авиациялық техник, ал ЖЖМ сақталатын авиаотынмен қамтамасыз етудің жер үсті жүйелерінен немесе ыдыстардан ЖЖМҰ технигі жүргізеді.

4. Қазақстан Республикасы Азаматтық авиациясы масштабында ақпаратты сақтау мен өңдеу және авиациялық оқиғалар (бұдан әрі – АО) мен тосын оқиғаның себептері туралы қорытынды әзірлеуге мүмкіндік беретін көлемде зерттеу жүргізуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының ЖЖМ базалық зертханасы АО немесе тосын оқиғалардың себептерін тергеумен байланысты ӘК жүйесінен іріктеп алынған авиаЖЖМ сынамаларына, тұнбалар мен шөгінділерге зерттеу жүргізеді.

5. ӘК жүйелерiнен iрiктеп алынған сынамалар мен үлгiлердi талдау мақсаты авиаЖЖМ маркасын сәйкестендіру, тазалық деңгейі мен авиа ЖЖМ-нің нақты түрлері үшін нормативтерде белгіленген жүйелердегі авиаЖЖМ сапасының ӘК жүйесіне техникалық қызмет көрсету жөніндегі регламенттік жұмыстардың толық орындалуын анықтау үшін құйылатын авиаЖЖМ сапасымен ара қатынасын анықтау болып табылады.

6. Құю құралдарынан іріктеп алынған авиаЖЖМ сынамаларын талдау мақсаты өнім маркасын сәйкестендіру, олардың сапасының өнiмге жер үсті техникалық құжаттамалар талаптарына сәйкес келуін және авиаЖЖМ-ді ӘК-ге құюға беруге дайындау технологиясының толық орындалуын белгілеу болып табылады.

7. ӘК-ден АО немесе тосын оқиғалар себептерін белгілеу кезінде осы ӘК-ге құю үшін пайдаланылатын құюдың жер үсті құралдарынан, сондай-ақ өнімдерді құюға дайындаудың толықтығы мен деңгейін бағалау үшін:

1) белгіленген ағыста құюдың төменгі ұштығынан немесе құю құралдарының тарату пистолеттерінен авиаотынды;

2) бойлер немесе МҚ-ның тарату кранынан авиамайды;

3) құю агрегаттарының тарату желiсiнен гидрожүйелерiне арналған жұмыс сұйықтықтарын;

4) шығыстық бактан немесе сақтау резервуарынан СКҚ сұйықтығының сынамаларын іріктеп алу ұсынылады.
2. Авиа ЖЖМ сынамаларын, тұнбалар мен шөгiндiлерді іріктеп алу
8. Қосымшаның осы бөлімінде ӘК жүйелерінен және қажеттілігіне қарай АО немесе ӘК-ден тосын оқиғалардың себептерiн тергеумен байланысты құю құралдарынан сынамаларды іріктеп алу және сақтау ерекшеліктері айтылған:

1) барлық жағдайларда авиаЖЖМ сынамалары ЖЖМ зертханасы дайындаған ыдысқа iрiктеп алынады, сынамалар iрiктеп алу актiсі бланкісінің нысанында ол туралы жазба болады;

2) сынамалар сынамаларды iрiктеп алу орнынан ластануларды (механикалық қоспалар мен суларды) жою үшiн тұнбаны төгуден кейiн iрiктеп алынады;

3) авиаЖЖМ-нің iрiктеп алынатын сынамаларының көлемi осы Қағиданың талаптарына сәйкес келуі тиіс. Осы мөлшерде сынамаларды iрiктеп алу техникалық мүмкiн болмаған кезде актіде оларды орындауға мүмкіндік бермеу себептері, іріктеліп алынған сынамалардың нақты саны және сынамаларды іріктеп алудың нақты технологиясының еркешеліктері көрсетіледі;

4) егер агрегаттағы авиаЖЖМ қалдығы 0,5 л-ден көп болмаса, онда қалдық толық төгiледi және іріктеп алу актiсiнде белгі қойылады;

5) ӘК сүзгi элементтерін түсiрген кезде сүзгi блоктарынан авиаЖЖМ толық төгiледi және оларда жиналған ластаулардың табиғатын зерттеу үшiн қолданылады;

6) ӘК жүйелерiндегі авиаЖЖМ-нің болуы мен ластану табиғатын анықтау үшiн 0,5 дм 3 көлеміндегі тұнба алдын ала төгілмей нүктелік сынама іріктеп алынады;

7) авиаЖЖМ сапасын зерттеу үшін сынамаларды қосу кезінде ӘК жүйесінің бактарынан нүктелік сынамалар іріктеп алынбай, авиаЖЖМ осы Қағидада белгіленген мөлшерде жалпы ыдысқа немесе ол болмаған кезде кішкентай ыдысқа (жеке бөтелкелерге) құйылады, олардың заттаңбаларында 1, 2, 3 порция деген белгі қойылады.

8) төтенше жағдайларда оқиға орнына бiлiктi персонал келгенге дейін авиаЖЖМ жүйелерiнен ағу болған кезде мүмкiн болатын мөлшерде ағып жатқан өнiмді жинау қамтамасыз етiледі. Бұл ретте мүмкiндiгiнше, авиаЖЖМ-нің бiрiншi порциясымен өнiм іріктеп алынатын ыдысты шаяды. Жиналып алынған өнiмнен сынамаларды iрiктеп алуды және сынамалар жиынтығын қалыптастыруды белгiленген тәртiппен тергеу жөніндегі комиссия жүргізеді;

9) тұнба мен шөгiндiлер табылған отын, май және гидравликалық жүйелерден алынған сүзгiлер зерттеулер жүргiзiлгенге дейін ПКФ құралында тексеруден, жуудан өткізілмей зерттеуге жіберіледі. Кейiннен қосымша ластанудан қорғау үшiн ластанудың жеңіл ұшатын компаненттерінің булануын болдырмау үшін сүзгі элементтері мөр басылған саңылаусыз ыдысқа (полиэтилен қаптарға) буып түйiледi;

10) жағар май сынамаларын iрiктеп алу кезінде оның қасиеттерiнiң өзгеруiн болдырмау үшiн термикалық және механикалық әсерiнен аулақ болу керек;

11) тұнбалар, шөгiндiлер, жағар майлар сынамаларын агрегаттар бөлшектерiнің бетiнен iрiктеп алу бөлшек бетiнiң тұтастығын бұзбайтын және шөгiндi мен авиаЖЖМ компоненттерiмен байланыспайтын кез келген (қалауынша пластмас, ағаштың қатты cорттарынан жасалған) аспаптармен жүргізіледі. Егер мүмкiн болса (яғни, шағын көлемді болса, бөлшек), онда оны қоршаған ортадан ластаулардың түспеуінен полиэтилен пленкасымен қорғап, шөгiндiсi бар бөлшектi зерттеуге жiберу керек. Орама байланады және оған мөр басылады.


3. Авиа ЖЖМ сынамаларына құжаттамаларды ресiмдеу
9. Сынамаларды iрiктеп алу тергеу жөнiндегі комиссияның iстерiнде болатын актiмен ресiмделедi. Акт белгіленген нысан бойынша жасалады. Сынамаларды iрiктеп алу актісінің көшiрмесi зерттеу жүргiзетiн ұйымға жiберiледi.

10. АвиаЖЖМ сынамасы бар ыдысқа (бөтелкелерге):

1) АвиаЖЖМ атауы, оның түрi (маркасы);

2) ӘК түрлерi мен нөмiрлерi, авиаЖЖМ сынамасы іріктеп алынған қозғалтқыш немесе агрегат нөмiрi;

3) сынаманы iрiктеп алу күнi, сынамаларды іріктеп алған тұлғаның тегі мен қолы көрсетілген заттаңба жабыстырылады.

11. АвиаЖЖМ сынамалары, сондай-ақ сүзгiлер мен басқа да бөлшектер iлеспе хатпен және тергеу жөніндегі комиссияның техникалық актiсiмен зерттеуге жiберiледi. Бұл құжаттарда мақсаты және талдаулардың (зерттеулердiң) ұсыным көлемi, объектінің нақты сипаттамасы, агрегаттардың жұмыс iстеуi, соңғы регламенттiк жұмыстары және оларды жүргізу мерзімі көрсетіледі.

Iлеспе техникалық құжаттамада қажеттiлiгiне қарай, сондай-ақ: соңғы 5-7 құю әуежайлары, отын мен май маркалары, авиаЖЖМ-нің жұмыс істеуі, авиакеросиндегi СКҚ сұйықтығының маркасы мен пайыздық мөлшерi көрсетiледi, сондай-ақ құюға берілетін авиаЖЖМ сапасына құжаттаманың көшiрмесi қоса берiледi.

АвиаЖЖМ сынамаларын iрiктеп алудың ерекше шарттары: бактардың, агрегаттардың саңылаусыздығы, атмосфералық жағдайлары (жаңбыр, қар, шаң және т.б.), сынамаларды iрiктеп алу үшiн аралық ыдыстардың (құралдардың) қолданылуы, олардың жай-күйлері және басқалар атап өтіледі.


Қазақстан Республикасының азаматтық

авиация ұйымдарында авиациялық

жанар-жағармай материалдары

мен арнаулы сұйықтықтарды сақтаудың,

құюға беруге дайындаудың және

олардың сапасына бақылау

жүргiзудiң қағидаларына

9-қосымша




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет