Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


§ 1. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау ерекшеліктері



бет3/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#131425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§ 1. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау ерекшеліктері

 

159. Нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

160. Жүк жөнелтуші нан және нан-тоқаш өнімдерін пештен алынғаннан кейін белгіленген мерзімдер бойы ұстап, тасымалдауға ұсынады.

161. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің сақталуын қамтамасыз ету үшін жүк жөнелтуші тиеу кезінде мынадай талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді:

1) науаларды нан және нан-тоқаш өнімдерінің стандартты санымен толтыру;

2) бөлке нанды бір қатарға ұзындығынан бүйір немесе төменгі қабығымен қою;

3) таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін (батондар, өрме нан, бөлкелер және басқалар) бір қатарға биіктігі бойынша астыңғы немесе бүйір қабығымен науаның бүйір немесе артқы қабырғасына қиғаштап қою;

4) салмағы 200 грамға (бұдан әрі – г) дейінгі таба нан мен нан-тоқаш өнімдерін бір-екі қатарға биіктігі бойынша қою.

162. Нан және нан-тоқаш өнімдерінің бір рет әкелу нормалары автомобильмен жүкті тасымалдау шартында белгіленеді.

163. Тасымалдаушылар нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдау үшін науаларды қоюға арналған бағыттауыштармен жабдықталған мамандандырылған автомобиль-фургондар немесе нан және нан-тоқаш өнімдерін контейнерлерде тасымалдау үшін лайықталған автомобильдер бөледі.

164. Нан және нан-тоқаш өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған науалардың атауы мен саны бойынша әрбір науадағы өнімнің санын есептемей жүзеге асырады.

165. Егер шартта өзгеше көзделмесе, нан және нан-тоқаш өнімдерін тиеу мен бос науаларды түсіруді жүк - жөнелтуші, ал нан және нан-тоқаш өнімдерін түсіру мен бос науаларды тиеуді жүк алушы жүргізеді.

166. Нан және нан-тоқаш өнімдері түсірілгеннен кейін жүк алушы науаларды нанның қоқымдарынан, сондай-ақ нан-тоқаш өнімдерінің жеке сұрыптарын тасымалдау кезінде төселетін қағаздан тазартады.

167. Жүк алушы бос науалардың мамандандырылған автомобиль-фургонға өзіне жеткізілген толтырылған науалар саны бойынша тиелуін қамтамасыз етеді.

168. Мамандандырылған автомобиль шанағының ішінде жөндеу жұмыстарын жүргізу қажет кезде тасымалдаушы шанақтағы науаларды жүк жөнелтушіге тапсырады.

169. Нан және нан-тоқаш өнімдерін тасымалдауға арналған науалар жүк жөнелтушінің мүкәммал ыдысы болып табылады. Егер шартта өзгеше көзделмесе, науаларды санитарлық өңдеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.

 

 

§2. Торттарды, тәтті тоқаштарды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау ерекшеліктері



 

170. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар торттарды, тәтті тоқаштарды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

Торттарды, тәтті тоқаштарды және басқа кремді өнімдерді тамақтық емес өнімдермен, сондай-ақ өзіне тән өткір иісі бар тағамдармен және жаңа піскен нанмен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

171. Жүк жөнелтуші торттарды тасымалдауға үлбі таспамен байланған қатырма қораптармен ұсынады. Қораптар шанақта, шанақтың биіктігі бойынша бірнеше қатар етіп қаланады. Майда даралы өнімдер (тәтті тоқаштар және басқалар) биіктігі бойынша бір қатармен, қақпақпен жабылатын металл науаларға салынады.

172. Жүк жөнелтуші кондитерлік және кремді өнімдерді тасымалдауға 0-ден плюс 6оС дейінгі температурамен ұсынады.

173. Тасымалдаушылар торттарды, тәтті тоқаштарды және басқа кремді өнімдерді тасымалдау үшін изотермиялық шанағы бар жүк автомобильдерді немесе мамандандырылған автомобиль-фургондарды бөледі.

174. Кремді өнімдерді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қораптардың атауы мен саны немесе стандартты толтырылған науалар бойынша жүзеге асырады.

Науа жартылай толтырылған кезде, майда даралы өнімдерді қабылдау және тапсыру өнімдерді санау бойынша жүзеге асырылады.

175. Кремді өнімдерді тиеу және түсіру соқпай және оқыс шайқамай, абайлап жүргізіледі.

176. Егер шартта өзгеше көзделмесе, автокөлік құралының шанағын және науаларды санитарлық өңдеуді жүк жөнелтуші жүргізеді.ф

 

 

§3. Етті, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет өнімдерін тасымалдау ерекшеліктері



 

177. Жануарлардың етін автокөлік құралдарымен аудан сыртына тасымалдауға қатырылған, тоңазытылған немесе суыған күйде (6 сағат бойы кебу қабыршағы пайда болғанша суытудан өткен) рұқсат етіледі.

178. Жаңа сойылған немесе жібіп кеткен (жібітуден өткен) ет тасымалданбайды.

179. Автокөлік құралдары, соның ішінде мамандандырылған автокөлік құралдары-ет тасымалдауға арналған рефрижераторлар тиісті түрде жабдықталады.

180. Мамандандырылған емес автокөлік құралдарымен суыған және тоңазытылған етті тасымалдау іші ақ қаңылтырмен немесе мырышталған темірмен немесе осы мақсат үшін рұқсат етілген басқа материалмен қапталған, тығыз жабылатын қақпақты арнайы сусектермен (жәшіктермен) жүргізіледі.

181. Суыған және тоңазытылған етті (құс етінен басқа) жақын қашықтықтарға, бір ғана елді мекеннің шегінде тасымалдау кезінде оны үйіп, бірақ ең көбі екі қабаттап тиеуге рұқсат етіледі. Бұл ретте автокөлік шанағының едені жуылған, таза кенеп, содан соң таза жаймалар төселеді. Еттің үсті сондай-ақ таза жаймалармен, ал содан соң кенеппен жабылады.

Ашық шанақты автокөлік құралдарымен тасымалданатын мұздатылған етті қатарлап қалауға рұқсат етіледі, ол да жоғарыда көрсетілгендей таза жаймалармен жабылуы тиіс.

Құс еттері жәшіктерге салынады.

182. Автокөлік құралының шанағында бұл үшін адамдарға арналған арнайы орын жабдықталған жағдайларды қоспағанда, жүк тиеуші жұмысшылар немесе басқа адамдар тиелген етпен немесе ет өнімдерімен бірге шанақта болмайды.

183. Ет тасымалдауға төмендегідей шарттар сақталғанда қабылданады:

1) тұтас еттер белгіленген талаптарға сәйкес бөлшектенуі (ірі қара мал мен басқа ірі жануарлардың ұшасы – төрт бөлікке, шошқалардың ұшалары – ұзынабойымен жартылай ұшаға немесе бүтін ұшамен, қой еті мен басқа ұсақ жануарлардың еті – бүтін ұшалармен), бассыз болуы тиіс;

2) ұшаларда механикалық зақымданулар, қанды сүйелдер, соғылған жерлер, қанның іздері, тезек және т.б., сондай-ақ мойын бөлігінде, ішкі және сыртқы беттерде жалбыршақтар, ішкі ағзалардың қалдықтары болмауы тиіс;

3) мұзға немесе қарға оранған қатырылған ұшаларды тасымалдауға, сондай-ақ қатырылған, тоңазытылған немесе суыған етті бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді;

4) қатырылған ет топтамаларын пергаментке немесе басқа осы мақсат үшін қолданылатын материалға орап және тиісті ыдысқа салып тасымалдауға рұқсат етіледі;

5) әрбір ет ұшасында және жеке бөліктерде ветеринарлық-санитарлық тексерудің белгіленген нысандағы айқын таңбасы болуы тиіс.

184. Етті шанақтарына мұнай өнімдері, басқа да иісті заттар сіңген (ластаған) автокөлік құралдарымен немесе өзіне тән өткір иісі бар басқа өнімдермен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

185. Жүк жөнелтуші тасымалдауға, егер санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары өзге температуралық режимдерді белгілемесе, осы Қағиданың 10-қосымшасында көрсетілген температураға дейін суытылған етті, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет тағамдарын ұсынады. Жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында тасымалдауға берілетін тоңазытылған еттің, қосымша өнімдердің және жартылай дайын ет тағамдарының температурасын белгілейді.

186. Егер шартта өзгеше көзделмесе, етті, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет өнімдерін тиеу, автокөлік құралының шанағында суытылған және қатырылған етті ілгектерге ілуді қоса алғанда – жүк жөнелтушінің, ал түсіру – жүк алушының күштерімен және құралдарымен жүргізіледі.

187. Тоңазытылған еттерді, қосымша өнімдерді, жартылай дайын ыдыстағы ет өнімдерін жүк жөнелтуші автокөлік құралына тығыз қабатпен қалайды.

Тұтас тоңазытылған және қатырылған ет ілгектерге ілінеді.

188. Таңбаланған салмағы бар етті, қосымша өнімдерді және ыдыстағы жартылай дайын ет өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар қайтадан өлшемей жүк орындарының саны бойынша; топталған, тұтас және жартылай тұтас еттерді, қосымша өнімдерді қабылдау мен тапсыруды – орындар саны және салмағы бойынша; шұжық өнімдерін, қақталған еттерді, жартылай дайын ет тағамдарын қабылдау мен тапсыруды, жүк жөнелтушінің пломбасы бар ыдыспен жүзеге асырады.

189. Етті, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет тағамдарын бір жүк алушының мекенжайына тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралының шанақтарының, жеке секцияларының, контейнерлердің немесе арнайы ыдыстардың пломбалануын қамтамасыз етеді.

190. Жүк алушы кері ұсынған бос мүкәммал ыдысты, тасымалдаушы келісілген ақы бойынша жүк жөнелтушіге жеткізеді.

191. Ет, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет тағамдарын дайын ет өнімдерімен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді. Дайын ет өнімдері Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған таза ыдыспен тасымалданады. Мұндай өнімдерді ыдыссыз үйіп тасымалдауға рұқсат етілмейді.

192. Егер шартта өзгеше көзделмесе, күн сайын, ет, қосымша өнімдерді және жартылай дайын ет тағамдарын тасымалдау аяқталғаннан кейін автокөлік құралдары санитарлық өңдеуден өткізіледі, оны тасымалдаушы жүзеге асырады.



 

 

§4. Сүт және сүт өнімдерін тасымалдау ерекшеліктері



 

193. Сүт және сүт өнімдерін (кілегей, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран және тағы басқа) тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар белгіленген санитарлық-гигиеналық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

194. Сүт ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады.



Сүт тағамдары ыдысты тәсілмен тасымалданады.

Тасымалдаушылар сүт және сүт тағамдарының ыдысты тасымалы үшін тасымалдау ұзақтығын, ыдыс түрін және сыртқы ауа температурасын ескере отырып, мамандандырылған автокөлік құралдарын бөледі.

195. Жүк жөнелтуші жүкті тасымалдауға мынадай ыдыспен:



1) сүтті – металл флягалармен, металл, пластмасса себеттерге, жәшіктерге салынған шишалармен немесе пакеттермен;

2) өлшеніп оралмаған сүт тағамдарын – металл флягалармен және ағаш бөшкелермен;

3) өлшеніп оралған сүт тағамдарын – металл, пластмасса себеттермен, металл жәшіктермен ұсынады.

196. Жәшіктер мен себеттердің бүйір қабырғалары бөтелкелердің немесе басқа тұтыну ыдысының мойнынан жоғары болуы тиіс.



Сүт және сүт өнімдері бар сыйымдылықтар, өлшеп оралған сүзбе, ірімшік және басқа сүт өнімдері тасымалдауға жүк жөнелтушінің пломбасымен ұсынылады.

Сүт және сүт өнімдері бар сыйымдылықтарды жүк жөнелтуші резеңке астары бар қақпақтармен тығыз жабады.

197. Сүтті және сүт тағамдарының түр-түрін бірнеше жүк алушының мекенжайына тасымалдауға бір автокөлік құралымен ұсыну кезінде жүк жөнелтуші алдын ала, автокөлік құралы келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топтайды және тиеуді бір постта жүзеге асырады.

198. Тасымалдаушы жүк алушы берген бос мүкәммал ыдысты жүк жөнелтушіге жеткізеді.

199. Жүк жөнелтуші сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау үшін Тернердің 19 градусынан аспайтын қышқылдықпен ұсынады. Сүттің температурасы (сәуір – қыркүйек) кезеңінде – плюс 6оС аспауы, ал жылдың қалған мезгілінде плюс 2 0С төмен болмауы тиіс.



Қалалық сүт зауыттарынан, оны сатуды немесе пайдалануды жүзеге асыратын кәсіпорындар мен ұйымдарға тасымалдауға ұсынылатын сүттің температурасы 8 0С аспауы тиіс.

Сүттің температурасы мен қышқылдығын жүк жөнелтуші тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

200. Ыдыстағы сүтті және сүт өнімдерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы флягалардың, бөшкелердің, сондай-ақ стандартты түрде толтырылған жәшіктер мен себеттердің саны бойынша жүзеге асырады.



Сүтті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде оны қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.

201. Сүтті сүт зауыттарынан ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші:



1) цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды;

2) тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды;

3) цистернаны толтыруды;

4) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларын пломбалауды жүргізеді.

202. Жүк алушы:



1) цистернаның люктері мен құйып алу құбырларында жүк жөнелтушінің пломбаларының болуы мен жарамдылығын тексеруді;

2) пломбаларды алуды;

3) сүтті құйып алғаннан кейін цистернаны ішкі және сыртқы жағынан жууды және дезинфекциялауды;

4) цистернаның люктерін пломбалауды;

5) жолдама парақта немесе санитарлық өңдеу паспортында санитарлық өңдеу жүргізу уақытын белгілеуді;

6) қысқы мезгілде құйып алу шүмектері мен құбырларын ыстық сумен және бумен қыздыруды жүргізеді.

 

 

§5. Ұнды және жарманы тасымалдау ерекшеліктері



 

203. Ұн мен жарманы тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар ұнға жауын-шашынның тиюіне жол бермей, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды. Ұнды және жарманы тұрақты иісі бар немесе беті ластанған жүктермен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

204. Ұн ыдыссыз тәсілмен – мамандандырылған автомобиль-цистерналармен немесе ыдысты тәсілмен ернеулі платформасы бар автокөлік құралдармен немесе автокөлік құралы-фургондармен тасымалданады.



Жарма ыдысты тәсілмен тасымалданады.

205. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүзеге асырады.



Автокөлік құралын пломбалауды жүк жөнелтуші жүргізеді.

206. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші:



1) мамандандырылған автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен өлшеу;

2) цистернаның люктерін тиеу алдында ашуды және тиелгеннен кейін жабуды және тиеу жеңдерін цистернаға жалғауды және ағытуды;

3) цистернаны толтыруды;

4) тиегеннен кейін тиелген люктерді және түсіру құбырларын пломбалауды жүргізеді.

207. Ұнды ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк алушы:



1) мамандандырылған автомобиль-цистернаны жүксіз және жүгімен өлшеу;

2) толтыру люктері мен түсіру құбырларында пломбалардың болуын тексеруді, түсіру құбырларынан пломбаларды алуды;

3) түсіру жеңдерін цистернаға жалғауды, ағытуды және түсіру пунктінде орнатылған өз сығымдағышының сығылған ауасымен ұнды шығаруды;

4) түсіруден кейін түсіру құбырларын пломбалауды;

5) цистернаның сыртқы бетін тазартуды жүргізеді.

208. Жүк алушыда ұнды түсіру кезінде жүргізуші сығымдағышты қосады және түсіру шүмегін ашады, ал түсіргеннен кейін сығымдағышты сөндіреді және түсіру шүмегін жабады.

209. Ыдыстағы ұнды және жарманы жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және өлшемей, орындардың стандартты салмағы бойынша жүзеге асырады.

 

 

§6. Шарапты, ликер-арақ өнімдерін, сыраны және алкогольсыз



сусындарды тасымалдау ерекшеліктері

 

210. Шарап, ликер-арақ өнімдері, сыра және алкогольсыз сусындар ыдыссыз тәсілмен – мамандандырылған автомобиль-цистерналармен және ыдысты тәсілмен автокөлік құралы-фургондармен, ернеулі платформасы бар автокөлік құралдармен, сондай-ақ контейнерлермен тасымалданады.

211. Шыны және керамикалық бөтелкелерді, банкаларды және тағы басқаны жүк жөнелтуші ағаш немесе полиэтилен жәшіктерге немесе қатырма ыдысқа салады.

212. Жүк жөнелтуші жәшіктер мен бөшкелерді автомобильдің шанағында тығыз, аралықсыз орналастырады.

Толық толтырылмаған шанақтағы жәшіктер мен бөшкелер жылжып кетпеу үшін тіреулермен бекітілуі тиіс. Бөшкелерді бірнеше қатарға орналастыру кезінде, әрбір келесі қатар тақтай төсемелерге, барлық шеткі қатарларды сыналау арқылы қаланады. Сыналар орнына басқа құрал-жабдықтарды қолдануға рұқсат етілмейді. Жүк жөнелтуші жүкті, егер ол шанақтың ернеулерінен жоғары орналасса, байлайды.

213. Жүк жөнелтуші тиеу алаңшаларын эстакадалармен және рампалармен жабдықтауды қамтамасыз етеді.

214. Ыдыстағы шарапты, ликер-арақ өнімдерін, сыраны және алкогольсыз сусындарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар бөшкелердің, стандартты түрде толтырылған жәшіктердің саны бойынша, ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырады.

215. Толтыру алдында жүк жөнелтуші цистернаның тазалығы мен онда иістің болмауын, люктердің жабылу тығыздығын және пломбалауға арналған құрал-жабдықтардың жарамдылығын тексереді.



 

 

§7. Шаруашылық ауыз суын тасымалдау ерекшеліктері



 

216. Шаруашылық ауыз суын тасымалдау арнайы маркерленген ыдыста және осы мақсаттарға арналған жабдықталған автомобиль-цистерналарда жүзеге асырылады, басқа мақсаттарда қолдануға тыйым салынады.

217. Шаруашылық ауыз суын тасымалдау үшін автокөлік құралдарының белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органдары берген санитарлық паспарты болуы тиіс.

218. Шаруашылық ауыз суын тасымалдау санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.

219. Барлық сыртқы ыдыстың үсті және цистерналар қызғылт түске боялуы тиіс. Цистерналардың бүйір жақтарына және ыдыстарға «Ауыз су» жазуы ілінеді.

220. Суды ағызу үшін жабдық (кран) және люк арқылы судың жиналуын болдырмау үшін ілмек жабдықпен жабдықталған, суды тасымалдау үшін конструктивті қатынаста ыдыспен және цистернамен сұйық зат тасу үшін тығыздалып жабылатын қақпақ люктары болуы тиіс. Суды ағызу жабдығы ыдысты судан толық босатуды қамтамасыз етуі тиіс.

221. Егер шартта өзгеше көзделмесе, цистернаны дезинфекциялауды жүк жөнелтуші жүргізеді.

222. Құю кезінде жүк жөнелтуші цистернаның тазалығын және онда иістің болмауын, люктың тығыздалып жабылуын тексереді.

223. Ыдыстың және цистернаның ішкі жағының үстінде коррозияға қарсы қабаттың бұзылу табылған кезде қосымша коррозияға қарсы қабат төселуі тиіс.



 

 

§8. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау



 

224. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар жүктерге жауын-шашын, кір және шаң тиюіне жол бермей, олардың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдайды.

Өнеркәсіп тауарларын тұрақты иісі бар немесе беті ластанған жүкпен бірге тасымалдауға рұқсат етілмейді.

225. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдауға арналған автокөлік құралдарымен қоқыс, көмір, керосин, цемент және басқа осыларға ұқсас жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.

226. Түрлі номенклатуралы өнеркәсіп тауарларын бір автокөлік құралмен бір немесе бірнеше жүк алушының мекенжайына тасымалдау кезінде, жүк жөнелтуші автокөлік құралдар келгенге дейін жүкті жүк алушылар бойынша топ-топқа бөледі және бір тиеу бекетінен тиеуді жүзеге асырады.

227. Өнеркәсіп тауарларын тасымалдау үшін тасымалдаушылар автокөлік құралы-фургондарды, ал олар болмаған кезде ернеулі платформасы бар автокөлік құралдарын бөледі.

228. Өнеркәсіп тауарларын жүк жөнелтуші ыдыспен немесе орамамен тасымалдауға ұсынады.

Өнеркәсіп тауарларын тасымалдауға орамасыз беруге, егер бұл тасымалдау шартында ескерілсе, рұқсат етіледі.

Өнеркәсіп тауарларының буылып-түйілуі және таңбалануы Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

229. Жүк жөнелтуші тасымалдауға ұсынатын өнеркәсіп тауарлары қораптарға, пакеттерге, байламдарға, теңдерге, бумаларға буылып-түйіледі, олардың қораптың, пакеттің, байламның, теңнің, буманың сақталуын қамтамасыз ететін және байлануын немесе орамасын бұзбай жүкке қол жеткізу мүмкіндігін болдырмайтын байлауы болады.

230. Майда даралы өнеркәсіп тауарлары бар жәшіктерді, қораптарды тасымалдауға жүк жөнелтуші бандерольдеп (мөрлеп) беруі тиіс. Бандерольдеу жүргізілетін материалдар (қағаз таспа, тоқыма бау және басқалар) түйіндерсіз және жалғанбаған біртұтас және біріктірілген жерлерінде жасаушының немесе жүк жөнелтушінің мөрімен (мөртабанымен), қораптың екі бөлігін біріктіретін затбелгі желімдеп бекітіледі.

Бандероль материалды (қағаз таспаны, тоқыма бауды және басқаларды) жыртпай жүкке қол жеткізу мүмкін болмайтындай жүргізіледі.

231. Рулондармен тасымалдауға ұсынылатын өнеркәсіп тауарларын (маталар, кілем бұйымдары және басқалар) жүк жөнелтуші пломбалайды.

232. Ыдыстағы өнеркәсіп тауарларын жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүктің атауы, саны және жүк орындарының стандартты салмағы немесе жүк орындарында көрсетілген салмақ бойынша жүзеге асырады.

Автомобиль фургонмен бір жүк алушының мекенжайына тасымалданатын өнеркәсіп тауарларын қабылдау және тапсыру жүк жөнелтушінің пломбасымен жүзеге асырылады.

 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет