Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


§12. Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау ерекшеліктері



бет5/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#131425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§12. Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау ерекшеліктері

 

312. Үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарын бөледі.

313. Тасымалдаушылар жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша өзі аударғыш шанақтарды жылыту жүйесімен жабдықтауды, бұл жұмыстарды жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының есебінен төлеу арқылы өздеріне алуы мүмкін.

314. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу үшін жүк жөнелтуші ожауының көлемі автокөлік құралының шанағы көлемінің 1/3 аспайтын тиегіш механизмдерді бөледі.

315. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу кезінде тиегіш механизмнің ожауы автокөлік құралы шанағының түбінен 0,5 м аспайтын қашықтықта болады.

316. Шанақты үйіп тасымалданатын жүктердің қалдықтарынан тазарту тәртібі мен шарттары жүкті автомобильмен тасымалдау шартында белгіленеді.

317. Үйіп тасымалданатын жүктерді тиеу кезінде жүргізуші автокөлік құралының кабинасында болмайды. Жүк жөнелтушіге жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуға рұқсат етілмейді.

318. Жүк жөнелтуші тасымалдаушымен автокөлік құралының тиелуге берудің басталғаны туралы жүргізушіні хабардар ету (дыбыстық немесе жарықтық сигналмен) тәртібін, сондай-ақ автокөлік құралын тиеуге қою орнын белгілеу тәсілін (белгі ағаштармен, белгілермен, нұсқағыштармен) келіседі және жүкті автомобильмен тасымалдау шартында көздейді.

319. Карьерлерде тиеу жұмыстарының орындалу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүк жөнелтуші:



1) карьердің ішіндегі жолдың өтетін бөлігін төменгі еңіс жағынан биіктігі 0,7 м топырақ үйіндісімен немесе қорғаныш қабырғамен қоршауды;

2) карьер ішіндегі жолдың 8 градустан артық еңісі болған кезде, жолдың өрінен бастап, 100 м аспайтын қашықтықта ұзындығы 50-100 м еңіссіз жол учаскесін жабдықтауды;

3) еңістері бар тиеу алаңшаларында автокөлік құралы доңғалақтарының астына тіреулер қоюды;

4) автокөлік құрал қозғалысына кедергі жасайтын көмірдің, кеннің және басқа да пайдалы қазбалардың кесектерін жинауды;

5) карьер ішіндегі жолға қажет кезде шаңды кетіру үшін су шашуды;

6) карьер ішіндегі жұмыс орындарына жарық орнатуды қамтамасыз етеді.

320. Жүк жөнелтуші карьерлерде газдардың белгіленген нормадан артық шоғырлануына жол бермеуі тиіс.

321. Жүк жөнелтуші автокөлік құралын беру кестесін жару жұмыстары мен тиегіш механизмдерді жөндеу кестесімен келіседі.

322. Үйіп тасымалданатын жүктерді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар жүк жөнелтуші мен жүк алушының таразысы болған кезде – салмақ бойынша, ал таразы болмаған кезде өлшеу-таразыға тарту актісі бойынша жүргізеді.

323. Жүктің меншікті салмағында өзгеріс байқалған жағдайда, тасымалдаушы немесе жүк жөнелтуші тасымалданатын тонналы жүктің мөлшерін қайтадан бірге анықтауды талап етуі мүмкін.

324. Үйіп тасымалданатын жүктерді бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына тасымалдау кезінде ресімдеу жүк жөнелтушінің жүргізушіге әрбір сапарға талон беруі арқылы жүргізілуі мүмкін.



Соңғы сапарды орындау кезінде жүк жөнелтуші үйіп тасымалданатын жүктерді тасымалдау кезінде берілетін талондардың орнына – тауар-көлік жүкқұжатын, ал топырақ тасымалдау кезінде тасымалданатын жүктің барлық мөлшеріне өлшеу немесе таразыға тарту актісін ресімдейді.

 

 

§13. Металды және металл бұйымдарды тасымалдау ерекшеліктері



 

325. Қағиданың осы параграфында металдың және металл бұйымдардың мынадай топтарын тасымалдау шарттары көзделеді:

1) автокөлік құралының көлемін және салмағын ескере отырып, заңнамада белгіленген рұқсат етілетін салмақ пен көлем өлшемдерінен аспайтын;

2) ұзындығы 8 м артық;

3) бір орынның салмағы 3 тоннадан артық./

326. Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар тиеу жұмыстарын металдарды және металл бұйымдарды тасымалдау кезінде механикаландырады.



Тасымалдаушылар өздерінде өзі түсіретін автокөлік құралы немесе механизация құралы болған кезде, тасымалдау шарты бойынша металдардың және металл бұйымдардың механикаландырылған түсірілуін өздеріне алуы мүмкін.

327. Жүк жөнелтуші түрлі ұзындықты металды және металл бұйымдарды тиеу кезінде, автокөлік құралының шанағына анағұрлым қысқаларын үстіне салады.



Ұзын көлемді металл бұйымдарды ұзартылма тіркемелерге тиеу кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы кабинасының артқы қабырғасы мен жүктің арасында, тіркеме автокөлік құралға қатысты әрбір жаққа 90 градус бұрышқа еркін бұрыла алу үшін саңылау болуын қамтамасыз етеді.

Цилиндр түріндегі металдарды және металл бұйымдарды жүк жөнелтуші автомобильдер мен тіркемелерде тростармен, сондай-ақ ағаш сыналар сала отырып бекітеді.

Ұзын көлемді және ауыр салмақты металдарды және металл бұйымдарды тиеу немесе түсіру жұмыстарын орындау алдында жүк жөнелтуші немесе жүк алушы жүк автомобильдері мен тіркемелердің алдыңғы және артқы доңғалақтарының астына сыналар салады.

328. Тасымалдаушылар жүргізушілердің техника қауіпсіздігі және ұзын көлемді және шомбал металдар мен металл бұйымдарды тасымалдау технологиясы жөніндегі арнайы нұсқауын өткізеді.

329. Ені және ұзындығы бойынша шанақ көлемдерінен шығатын, бірақ жүгі бар автокөлік құралының заңнамада белгіленген габариттік өлшемдерінен аспайтын ұзын көлемді металдар және металл бұйымдар Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережесіне, Көлік құралдарын пайдалануға жіберудің негізгі ережелерін және лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың міндеттерін және Көлігі арнайы жарықтық және дыбыстық сигналдармен жабдықталуға және арнайы түстік-графикалық схемалар бойынша боялуға тиісті жедел және арнайы қызметтердің тізбесіне сәйкес алдыңғы және артқы жағынан белгіленеді.

330. Ұзын көлемді және шомбал металдарды және металл бұйымдарды кран жабдығының көмегімен тиеу немесе түсіру кезінде жүргізуші автокөлік құралы кабинасында болмайды, ал жүк жөнелтуші мен жүк алушы жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытпайды.



Автокөлік құралы шанағының алдыңғы бөлігіне тасымалдаушы кабинаны жүктің зақымдауынан қорғайтын болат қалқан қояды.

 

 

§14. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау ерекшеліктері



 

331. Тасымалдаушылар ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдау үшін тасымалдауға ұсынылатын ағаштың және ағаштан жасалған бұйымдардың ұзындығын ескере отырып, кониктері, тіркемелері, ұзартылма жартылай тіркемелері бар автомобильдер немесе ернеулі платформалары бар автомобильдер бөледі.

Жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдардың кабинаға сырғу мүмкіндігін болдырмайтын кониктермен және құра-жабдықтармен (сырғанауға қарсы шиналармен немесе жалдармен) жабдықтауы тиіс. Кабинаның артынан оны бөренелер мен шыбықтар бастарының соққыларынан қорғау үшін қалқан орнатылуы тиіс.

332. Ағаш таситын жолдар бойынша ағаш дайындауды жүзеге асыратын мекемелермен, жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша ағаш тасу кезінде автокөлік құралының барынша ені 3,2 м, барынша биіктігі 4 м ретінде қабылданады. Автопоездың жалпы ұзындығына шек қойылмайды. Жүк жөнелтуші тиеу пункттерінде және барлық автомобиль ағаш тасығыш жолдарымен қиылыстарда сымдардың, электр кабельдерінің және тағы басқа кемінде 4,5 м биіктікте ілінуін, сондай-ақ кез келген жүк көтергіштікті ағаш тасығыштардың еркін маневр жасауы мен айырылысуын қамтамасыз етеді.

333. Тасымалдау қашықтығы 10 км дейін болған кезде, ағаш тасу негізінен жартылай тіркемелерді алдын ала тиеу арқылы жүргізіледі.

Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды автокөлік құралына тиеу мен бекітуді – жүк жөнелтуші, ал түсіруді және бекіткіштерін алуды жүк алушы жүзеге асырады. Жүргізушінің тиеу-түсіру жұмыстары мен бекітуге қатысуына рұқсат етілмейді. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды кранның көмегімен тиеу және түсіру кезінде жүргізушінің автокөлік құралының кабинасында болуына рұқсат етілмейді. Жүк жөнелтушінің (жүк алушының) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытуына рұқсат етілмейді.

334. Жүк жөнелтуші ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк автомобилі мен тіркеме кониктерінің арасына біркелкі орналастырады. Автокөлік құралындағы жүктің биіктігі ұзартылмадағы жүктің биіктігінен сортаменттер тасылатын болса 100 мм-ден, ал шыбықтар тасылатын болса 300 мм-ден аспайды.

335. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдар тіркемелері бар жүк автомобилімен тасыған жағдайларда жүк автомобильге тіркемені тіркеуді жүк жөнелтуші жүргізеді. Тіркеуші автопоезд жинақтарының арасында жүргізушінің рұқсатымен ғана болуы мүмкін.

336. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар орындардың көлемі мен саны бойынша жүзеге асырады. Жүктің салмағын жүк жөнелтуші есептеу арқылы анықтайды және орындардың көлемі мен саны бойынша тауар-көлік жүкқұжатында көрсетеді.

337. Ағаш пен ағаштан жасалған бұйымдарды тасымалдауға тасымалдаушылар қауіпсіздік техникасы және осындай тасымалдың ерекшеліктері бойынша нұсқаудан өткен жүргізушілерді ғана жібереді.

 

 

§15. Жүктерді контейнерлер мен тегендерде тасымалдау



 

338. Жүктердің ұсақ топтарын ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау әмбебап контейнерлермен жүзеге асырылады. Ерекше тасымалдау шарттарын қажет ететін жүктердің жеке түрлерін тасымалдау жағдайында, тасымалдау мамандандырылған контейнерлермен немесе тегендермен жүзеге асырылады. Әмбебап контейнерлермен халық тұтынатын азық-түлік және өнеркәсіп тауарлары, өнеркәсіптік және басқа ұйымдардың материалдық-техникалық бұйымдары, сондай-ақ азаматтардың үй мүліктері тасымалданады.

Тегендермен пакеттелген түрде ыдысты-майда даралы жүктер тасымалданады.

339. Жүктердің автомобиль тасымалдары үшін қолданылатын әмбебап және мамандандырылған контейнерлер мен тегендер мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді және олардың кімге тиістілігіне қарамастан мынадай таңбасы болады:



1) Қазақстан Республикасы;

2) контейнер тиесілі адамның шартты (қысқартылған) атауы;

3) контейнердің нөмірі;

4) ыдыстың массасы, нетто массасы мен брутто массасы, кг;

5 ішкі көлемі, м3;

6) жасалған орны, айы және жылы;

7) соңғы күрделі жөндеуден өткен орны, айы және жылы.

340. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған әмбебап контейнерлердің негізгі үлгілері, брутто массасы 2,5 (3) тонна (бұдан әрі – т), 5 т, 10 т, 20 т және одан артық контейнерлер болып табылады.

341. Контейнерлер мен тегендерді тасымалдау үшін тасымалдаушылар жүк автомобильдерді, ернеулі платформасы бар тіркемелер мен жартылай тіркемелерді немесе мамандандырылған автокөлік құралдарын (контейнер тасығыштар, фургондар) бөледі.

342. Контейнерлер мен тегендерді автокөлік құралдарына тиеу кезінде мынадай талаптар сақталады:



1) контейнерлер мен тегендер платформаның барлық алаңында, шанақтың алдыңғы ернеуінен (қабырғасынан) бастап оның бойлық білігіне симметриялы түрде біркелкі орналастырылады;

2) контейнерлер мен тегендердің санын және оларды автокөлік құралында орналастыру схемаларын жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы бірге белгілейді, бұл ретте контейнерлердің немесе тегендердің брутто жалпы салмағы автокөлік құралының жүк көтергіштігінен аспайды, ал контейнерлер мен табандықтардың көлемдері автокөлік құралдарының көлемдерінен шықпайды, сондай-ақ жол белгілерінде көрсетілген көлемдерден аспайды;

3) қалааралық тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші контейнерлерді автокөлік құралында есіктерін платформаның ішіне қаратып орналастырады;

4) қалалық және қала маңындағы тасымалдау кезінде, шартта автокөлік құралынан контейнерлерді алмай жүктерді тиеу мен түсіруді жүзеге асыру көзделетін болса, контейнерлерді жүк жөнелтуші есіктерін ернеулерге қаратып орналастырады;

5) контейнерлердің толық емес жинағын тасымалдау кезінде, оларды автокөлік құралы платформасының алдыңғы ернеуіне тығыз орналастырады. Бос контейнерлерді есіктерін ашық қалдырып тасымалдауға рұқсат етілмейді.

343. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар контейнерлер мен тегендердің алмасу пункттерін кәсіпорындарда, көтерме-сауда базаларында, материалдық-техникалық жабдықтау базаларында, жүк терминалдарында және басқа да жүктерді жөнелту мен алу пункттерінде жасауы мүмкін.

344. Жүктерді контейнерлермен тасымалдауға арналған жылдық шарттарда немесе бір жолғы тапсырыстарда мыналар:

1) әрбір үлгідегі контейнерлермен жүктерді тасымалдау көлемдері (оның ішінде контейнерлерді әкелу және әкету бойынша бөлек түрде);

2) жүк жөнелтушіге бос контейнерлерді әкелу және жүк тиелгендерін әкету кестесі;

3) контейнерлерді тиеу және түсіру тәртібі (оларды автокөлік құралдан алып немесе автокөлік құралдан алмай);

4) жүк жөнелтушіде контейнерлерді алмасу пунктін ұйымдастыру, оның жұмыс тәртібі, айналымдағы контейнерлердің санын белгілеу, құжаттарды ресімдеу тәртібі және тағы басқа;

5) контейнерлердің айналым мерзімдері келісіледі.

345. Тасымалдаушылар тиеу үшін ақаусыз, берілген жүкті тасымалдау үшін жарамды, жүктің қалдықтары мен қоқыстан тазартылған контейнерлерді береді.



Берілген жүкті тасымалдауға арналған контейнерлердің жарамдылығын жүк жөнелтуші анықтайды. Контейнерде, тасымалдау кезінде жүктің сақталуына ықпал етуі мүмкін қандай да болмасын ақаулықтар байқалған кезде, тасымалдаушы мұндай контейнерге тиеуден бас тартуы мүмкін.

Жүктерді қаңқасы қисайған, тиек құрал-жабдықтарында немесе пломбалау құрылғыларында ақаулық, көтеру сырғаларында жарықтар немесе айырылған жерлер бар, қаптамасы немесе төбесі зақымдалған және жүктің жетіспеуіне, бүлінуіне немесе зақымдануына әкелуі мүмкін басқа да ақаулықтары бар контейнерлерде тасымалдауға рұқсат етілмейді.

346. Жүктерді контейнерлерде автомобиль көлігімен тасымалдау осы Қағиданың 7-тарауына сәйкес жасалатын бір автомобильмен (автопоезбен) бір жүк алушының мекенжайына тасымалданатын әрбір тиелген контейнерге немесе контейнерлер тобына жасалатын тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделеді.

347. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:

1) «Жүктің атауы» деген бағанада – жүктің атауын, контейнердің нөмірін, пломбаның бедерін;

2) «Орындар саны» деген бағанада – контейнерлердің санын (әртүрлі жүккөтергіш контейнерлер үшін бөлек);

3) «Салмағы, кг» деген бағанада жүктің брутто салмағын және контейнердің өз салмағын көрсетеді.

Бір тауар-көлік жүкқұжатымен ресімделген бірнеше контейнерді тасымалдау кезінде, жүк жөнелтуші онда барлық контейнерлердің нөмірлері мен олардың әрқайсысындағы пломбаларды көрсетеді.

348. Бос контейнерлерді толтыру үшін алдын ала әкелу кезінде тасымалдаушы әрбір автокөлік құралына екі данада ілеспе ведомосын осы Қағидаға 14-қосымшаға сәйкес жазып береді, олардың біреуі – контейнерлердің қозғалысын есепке алу үшін, ал екіншісі бос контейнерлерді тасымалдау кезінде орындалған көліктік жұмысты есепке алу үшін қызмет етеді.

349. Жүк жөнелтушіде контейнерлерге жүк тиеу және жүк алушыларда жүкті контейнерлерден түсіру, әдетте, контейнерлерді автокөлік құралдан алып жүзеге асырылады.

Тиелген және бос контейнерлерді автокөлік құралдарынан алуды және қоюды жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар жүзеге асырады.

350. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерге толық сыйғанынша, бірақ оның жүк көтергіштігінен асырмай толтыруы мүмкін.



Жүк жөнелтуші жүкті контейнерде, тасымалдау кезінде оның контейнер ішінде жылжып кету мүмкіндігі болмайтындай және жүктеме контейнердің еденіне біркелкі бөлінетіндей етіп орналастырады.

Жүк жөнелтуші жүкті орналастыру кезінде жүк пен контейнер есігінің арасына 30-дан 50 мм дейін бос кеңістік қалдырады. Жүктерді немесе оларды бекітуге арналған құрал-жабдықтарды (тіректер, сыналар, төсемелер және басқалар) контейнердің қабырғаларына, еденіне және төбесіне шегемен немесе қапсырмамен қағуға рұқсат етілмейді.

351. Жүк жөнелтуші жүктерді контейнерлерде ыдыссыз, бастапқы орамасымен немесе жеңілдетілген ыдыспен тасымалдау кезінде, жүктерді қажалудан, майысудан, мұздап қалудан немесе қызып кетуден сақтайтын құралдарды (контейнердің қабырғаларын қағазбен қаптау, қорғаныш тақтайшаларды, резеңке төсемелерді қою, жүкті жұмсақ оқшаулағыш материалдармен орау және тағы басқа) қолданады.



Контейнерге майланған күйдегі қосалқы бөлшектерді, метиздерді және басқа өндірістік-техникалық мақсатқа арналған өнімді тиеу алдында жүк жөнелтуші контейнерге төсеу және контейнердің қабырғалары мен жүктің арасына салу үшін тығыз қағаз қолданады немесе контейнердің ішкі бетін ластанудан және зақымданудан сақтайтын басқа шаралар қабылдайды.

352. Сұйық жүктер контейнерлермен тасымалдауға жеңілдетілген ыдысқа (тор жәшіктер, қатырма қораптар) салынған, сыйымдылығы 1 л аспайтын ұсақ ыдыспен (бөтелкелер, банкалар) ғана жіберіледі.



Контейнерге тиелуі немесе одан түсірілуі тиеу-түсіру механизмдерін қолданусыз мүмкін емес ауыр салмақты жүктер тасымалдауға тасымалдау шарты бойынша қабылданады.

353. Әмбебап контейнерлермен ыдыссыз сусымалы жүктерді, өткір және улы заттарды, сондай-ақ иісі нашар және контейнердің қабырғалары мен еденін ластайтын жүктерді тасымалдауға рұқсат етілмейді.

354. Тасымалдаушылар жүгі бар контейнерлерді контейнерлер мен пломбалардың сыртқы тексерілуі бойынша және жүк жөнелтуші көрсеткен салмақ бойынша жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.

355. Тиелген контейнерді жүк жөнелтушіден қабылдау кезінде тасымалдаушы контейнердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын, пломба сымының бүтіндігін, сондай-ақ контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнердің нөмірі мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді.



Пломбаларының бедерлері анық емес, сондай-ақ пломбалары дұрыс ілінбеген контейнерді қабылдауға рұқсат етілмейді. Контейнердің немесе пломбаның ақаулылығы, контейнер нөмірі мен пломбалардың бедерлеріндегі белгілердің және тауар-көлік жүкқұжатындағылардың сәйкес еместігі байқалған кезде, тасымалдаушы бұл туралы жүк жөнелтушіге хабарлайды.

Мұндай контейнерлер тасымалдауға байқалған кемшіліктер жойылғаннан кейін қабылданады.

Жүк жөнелтуші автокөлік құралы келгенге дейін контейнерді тиейді, оны осы Қағиданың 5-тарауына сәйкес пломбалайды және ілеспе құжаттарды дайындайды.

356. Жүгі бар әрбір контейнерге жөнелтуші тиелген орындардың санын көрсетіп, мөрмен және қолмен расталған жүктің тізімдемесін салады.

357. Жүк жөнелтушінің зақымданбаған пломбасымен жарамды контейнермен келген жүктер жүк алушыға жүктің салмағы, жай-күйі және жүк орындарының саны тексерілмей беріледі.

358. Жүк алушы жүгі бар контейнерлерді қабылдау кезінде контейнерлердің сыртқы тексерілуін жүргізеді, пломбаның бүтіндігі мен жарамдылығын және контейнерлердің нөмірлері мен пломбалардың бедерлеріндегі жөнелтуші бақылау белгілерінің тауар-көлік жүкқұжатында көрсетілген контейнерлердің нөмірлері мен бақылау белгілеріне сәйкестігін тексереді және тауар-көлік жүкқұжатында контейнерді қабылдағаны туралы қол қояды. Жүк алушының тауар-көлік жүкқұжатындағы қолы мөрмен немесе мөртабанмен расталғаннан кейін ғана жүк алушы пломбаны алуы және контейнерді ашуы мүмкін.

359. Жүк жарамсыз контейнерде, сондай-ақ пломбасы бұзылған немесе болмаған контейнерде келген жағдайда, жүк алушы контейнерді тасымалдаушымен бірге ашады, салмағын, орындар санын және жүктің жай-күйін тексереді және жүктің жоғалғаны, бүлінгені немесе зақымданғаны байқалған жағдайда тауар-көлік жүкқұжатына жазады немесе осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес акті жасайды.

360. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүктер түсірілгеннен кейін жүк алушылар контейнерлерді жүктердің қалдықтарынан тазартады, ал шикі мал өнімдерін және тез бүлінетін жүктерді тасымалдаудан кейін жүк алушы контейнерлерді жуады және қажет болса оларды дезинфекциялауды жүргізеді.

361. Жүктердің темір жол станцияларынан, теңіз порттарынан (айлақтардан) және әуежайлардан орталықтандырылған әкетілуі кезінде жүк алушылар өздерінің мекенжайына келген жүгі бар контейнерлерді, жүктерді көліктің тиісті түрлерімен тасымалдау қағидаларында белгіленген мерзімдерде қабылдайды.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет