Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


§9. Өсімдік шаруашылығы өнімін тасымалдау



бет4/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#131425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§9. Өсімдік шаруашылығы өнімін тасымалдау

 

233. Астықты қырман шаруашылығына және (немесе) астық қабылдау кәсіпорындарына, сүрлем массасын егіс даласынан сүрлем салу орындарына, картоп пен көкөністерді көкөніс қоймаларына немесе өткізу орындарына тасымалдау, тасымалдаушылар мен шаруашылық жүргізуші субъектілер – көрсетілген ауылшаруашылық өнімдерінің иелері (бұдан әрі – ауылшаруашылық иелері) арасында жасалған жүктерді автомобильмен тасымалдау шарттарының негізінде, ал қант қызылшасын, картопты және көкөністерді қабылдау пункттеріне тасымалдау – тасымалдаушылар мен тиісті ауылшаруашылық өнімдерді қабылдауды жүзеге асыратын шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында жасалған жүктерді автомобильмен тасымалдау шарттарының негізінде жүргізіледі.

234. Астық, сүрлем массасы және қант қызылшасы ыдыссыз тәсілмен ернеулі автокөлік құралдармен және (немесе) өзі аударғыш-автокөлік құралдармен тасымалданады.



Картоп, бақша дақылдары, қырыққабат және тамыр жемістер жаппай жинау кезеңінде ыдыссыз тәсілмен ернеулі автокөлік құралдарымен және (немесе) өзі аударғыш-автокөлік құралдармен, сондай-ақ ернеулі автокөлік құралдардағы мамандандырылған жәшік ыдыс пен мамандандырылған көкөніс контейнерлерінде тасымалдануы мүмкін.

Ерте пісетін көкөністер, сондай-ақ қызанақтар, қиярлар, бұрыш, баклажандар және басқа көкөністер, әдетте, стандартты ағаш ыдыста тасымалданады.

235. Астық, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картоп және көкөністер тасымалдауға осы Қағиданың 9-қосымшасына сәйкес белгіленген нысандағы тауар-көлік жүкқұжаты ұсынылады.



Астықты, қант қызылшасын, сүрлем массасын, картопты және көкөністерді қабылдау мен тапсыруды тасымалдаушы салмақ бойынша жүзеге асырады.

236. Астық тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар астықты жауын-шашынның әсерінен бүлінуден және жойылудан сақтау бойынша шаралар қабылдайды.



Автокөлік құралдарын астық тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар еден мен ернеудің қосылатын жерлерінің тығыздалуын қамтамасыз етеді және де шанақтардың ернеулерін 1,0 - 1,1 метр (бұдан әрі – м) биіктікке дейін өсіруі, оларды тартқыштармен жабдықтауы мүмкін.

Астық иелерінен астық қабылдау ұйымдарына және қырман шаруашылығына астықты тасымалдау үшін арналған автокөлік құралдары бүркемелермен жабдықталады. Автокөлік құралдарының шанақтарына бүркемелерді бекітуді тасымалдаушы жүзеге асырады.

237. Астықтың салмағын анықтау үшін астық қабылдау кәсіпорындары және қырман шаруашылығы әрбір сапар кезінде автокөлік құралын жүгімен және жүксіз таразыға тартуды жүргізеді.

238. Астықтың мемлекеттік қорын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік ресурстардың астығын сақтайтын астық қабылдау кәсіпорындары және аталған астық қабылдау кәсіпорындарынан астық тасуды жүзеге асыратын тасымалдаушылар астықтың кез келген мөлшерін тиеуді, Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен, астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, олардың қатысушыларының қызметін реттейтін және үйлестіретін, сондай-ақ астықтың мемлекеттік қорын басқаруды өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын орталық атқарушы органмен келіседі.

239. Астықтың тасымалдануға тиісті әрбір партиясы мынадай құжаттармен сүйемелденеді:



1) экспорттау және импорттау кезінде азық-түліктік және жемшөптік астық – астықтың сапа сертификаты;

2) алғашқы және келесі репродукциялардың тұқымдары – тұқымға арналған куәлік;

3) іріктелген тұқым – тұқымның аттестаты.

240. Қант қызылшасын тасымалдауға автомобильмен жүктерді тасымалдау шартын жасасу кезінде онда кері бағытта жүретін автокөлік құралдарын қант қызылшасының сығындысын тасымалдау үшін пайдалану мүмкіндігі көзделуі мүмкін.

241. Қант қызылшасын егістіктен тасу жүйелілігін жиын басталғанға дейін оның иелері тасымалдаушылармен бірге тасымалдаудың барлық кезеңіне белгілейді.

242. Жүк алушы қант қызылшасын қабылдау пункттерінде түсіруді: ершікті автопоездардан – үйме жасағыштармен; жүк автомобильдерден және тіркемелі автопоездардан – бүйірлік лақтырғыштары бар үйме жасағыштармен немесе қырғыштармен жабдықталған тракторлармен жүзеге асырады.

243. Автокөлік құралдарын қант қызылшасын тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар шанақтардың ернеулерін өлшеуді шанақтың еденінен 1,0 – 1,5 м биіктікке дейін биіктетуі мүмкін.

244. Автокөлік құралдарын сүрлем массасын тасымалдауға дайындау кезінде тасымалдаушылар шанақтардың ернеулерін өлшеуді шанақтың еденінен 1,3 – 1,5 м биіктікке дейін биіктетуі мүмкін.



Ауылшаруашылығы ұйымдары ернеулі платформасы бар автокөлік құралдарын түсіру құрал-жабдықтарымен (тормен, қалқандармен және басқалармен) жабдықтайды. Тасымалдаушылар автомобильмен жүктерді тасымалдау шарты бойынша ернеулі платформасы бар автокөлік құралдарын түсіруге арналған құрал-жабдықтармен жабдықтауы мүмкін.

245. Жер бетінде сүрлем салу кезінде автокөлік құралдарды үймелерге түсіруге рұқсат етілмейді.

246. Сүрлем массасын қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар салмақ бойынша жүзеге асырады. Сүрлем массасының салмағын анықтау автокөлік құралдарын жүгімен және жүксіз бақылау таразыға тарту арқылы жүргізіледі (бір жұмыс күні үшін кемінде бір рет).

247. Картоп пен басқа да көкөністерді тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар картоп пен басқа да көкөністерді механикалық зақымданудан, жауын-шашыннан, төмен және жоғары температуралардың әсерінен сақтау бойынша шаралар қабылдайды.

248. Жүк жөнелтуші тасымалдауға жүкті мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес келетін жарамды, таза, құрғақ, бөтен иісі жоқ ыдыспен береді.

Ауылшаруашылық өнімдерінің иелері және (немесе) шаруашылық жүргізуші субъектілер жіберетін, оларды қабылдауды жүзеге асыратын, картоп пен басқа да көкөністер, тасымалдауға жүктердің сақталуын қамтамасыз ететін стандартты емес ыдыспен қабылдануы мүмкін.

249. Картоп пен басқа да көкөністер автокөлік құралдары-рефрижераторлармен, изотермиялық шанағы бар автокөлік құралдармен, фургон немесе ернеулі-автокөлік құралдармен тасымалданады.



Картоп пен басқа да көкөністерді тасымалдауға арналған автокөлік құралдарын іріктеуді тасымалдаушылар сыртқы ауа температурасын және тасымалдау ұзақтығын ескере отырып жүргізеді.

250. Сыртқы ауаның температурасы оС төмен кезде, картоп пен басқа да көкөністер тасымалданатын ернеулі автокөлік құралдарды жүк жөнелтуші жылытуы тиіс.

251. Тасымалдаушылар картоп пен көкөністерді тасымалдау үшін бөлетін автокөлік құралдарының қажетті такелажы: кенебі, жіптері болуы тиіс.

Қырыққабатты тұрақты тасымалдау кезінде автомобильдер мен тіркемелердің ернеулері шанақтың еденінен 1,4 м дейін, ал басқа көкөністерді және картопты тасымалдау кезінде – 0,9 м биіктікке дейін биіктетілуі тиіс.

252. Жүк жөнелтуші көкөністер мен картоп бар жәшіктерді, қаптарды, қағаз қаптарды, автокөлік құралының шанағына жүк орындарының арасына аралық қалдырмай, тығыз қатарлармен қалайды.

253. Картоп пен басқа да көкөністерді контейнерлермен немесе автокөлік құралы-фургондармен бір жүк алушының мекенжайына тасымалдау кезінде, жүк жүк жөнелтушінің пломбасымен жөнелтіледі.

 

 

§10. Жануарларды тасымалдау ерекшеліктері



 

254. Жануарларды (құстарды, терісі бағалы аңдарды, хайуанаттар паркінің жануарларын, балықтар мен араларды қоса алғанда) тасымалдау мамандандырылған автокөлік құралдарымен, ал олар болмаған немесе жетіспеген кезде арнайы жабдықталған ернеулі автокөлік құралдармен жүзеге асырылады.

Жануарлар мен құстарды өзі аударғыш шанақтары бар автокөлік құралдарымен тасымалдауға рұқсат етілмейді.

255. Автокөлік құралдарын жабдықтауға ірі қара малды және жылқыларды тасымалдау үшін ернеулерді шанақтың еденінен – 2 м дейін және қойларды, ешкілерді және шошқаларды тасымалдау үшін 1,5 м дейін биіктікті өсіру және көлденең және тігінен қырлы жуан ағаштарды орнатуды қамтиды.



Жануарларды тасымалдау үшін қажетті жабдық пен құрал-жабдықтарды жүк жөнелтуші береді және автокөлік құралына орнатады.

Автокөлік құралының шанағында алып жүрушінің болуы қажет кезде, жүк жөнелтуші жануарлардан қоршалған арнайы орын (ірі жануарларды тасымалдау кезінде - шанақтың алдыңғы жағында) жабдықтайды.

Жануарларды қолайсыз ауа-райы жағдайларында (қатты ыстық, күзгі және қысқы мезгіл) тасымалдау кезінде, оларды қорғау үшін жүк жөнелтушінің талап етуі бойынша автокөлік құралының шанағы жабық болуы тиіс жағдайларда, кенепті – тасымалдаушы, ал басқа қажетті материалдарды жүк жөнелтуші береді.

256. Автокөлік құралы шанағының едені жарамды болуы тиіс, шанақта жануарларды жарақаттауы мүмкін бұрандардың, шегелердің және басқа заттардың шығып тұрған ұштары болмауы тиіс.



Малды тасымалдау кезінде шанақтың еденіне сабаннан, қалыңдығы жануарлардың зәрін сіңіріп алуды қамтамасыз ететін төсеме салынады. Жол үстінде шанақтан төсемені лақтыруға рұқсат етілмейді.

257. Ұсақ жануарлар мен құстарды тасымалдау өткізбейтін түбі бар торлармен жүргізіледі. Жүк жөнелтуші торларды автокөлік құралдарының шанағында, ауаның әрбір торда еркін айналуын қамтамасыз ететіндей етіп орналастырады. Ұсақ жануарлар мен құстар бар торлар тиелгеннен кейін жүк жөнелтуші оны мықтап бекітеді.



Терісі бағалы аңдар, олардың түріне байланысты тасымалдауға металл торлы есігі бар металл немесе берік ағаш торлармен беріледі. Торлардың есіктерінде өз бетімен ашылу мүмкіндігін болдырмайтын берік тиектері болады және құлыптармен жабылады.

258. Автокөлік құралдарының қозғалысы оқыс жұлқусыз әрі аялдаусыз, жолдардың дөңес жерлері алдында қозғалыс жылдамдығы азайтылып, тасымалдау барысында жануарлардың орнықтылығын қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүзеге асырылады.

259. Қозғалыстың әрбір сағатынан кейін автокөлік құралдарын 15-20 минутқа аялдатқан дұрыс.

260. Жолда жануарлар қысқы кезеңде кемінде бір рет, жазғы кезеңде кемінде екі рет суарылады.

261. Егер жануарларды автомобиль көлігімен тасымалдау ұзақтығы 12 сағаттан аз болса, онда бұл жағдайда, жолда қоректендіру жүргізілмеуі мүмкін.

262. Егер шартта өзгеше көзделмесе, тасымалдаушы жолда жануарлардың аурудан, оларды автокөлік құралдарында дұрыс орналастырмаудан және бекітуден, сондай-ақ ауа температурасының жеке жануарлар мен құстарды тасымалдау шарттарына сәйкес келмеуі салдарынан болған шетінеуге байланысты шығыстарды өтемейді.

263. Жануарларды тиеуге таза және дезинфекция жасалған автокөлік құралдары беріледі. Жануарларды тасымалдауға арналған автокөлік құралдарының жарамдылығын және санитарлық өңдеудің сапасын мемлекеттік ветеринарлық қадағалау органдары бақылайды.

Барлық жануарларды тиеу алдында және тиеу кезінде, олар өздеріне тиесілі шаруашылықтың (базаның, ұйымның) ветеринарлық дәрігері және мемлекеттік ветеринарлық қадағалаудың ветеринарлық инспекторы тексереді.

264. Жүк жөнелтуші түрі, жынысы және жасы бойынша біртекті жануарлар мен құстардың бір автокөлік құралға тиелуін жүргізеді.



Бір автокөлік құралына түрі, жынысы және жасы әртүрлі жануарларды бөлек тиеу мүмкін емес кезде, оларды бір-бірінен сенімді қоршаулармен бөлу шартымен тасымалдауға рұқсат етіледі.

265. Жүк жөнелтуші тиеу кезінде ірі жануарларды (жылқыларды, сиырларды, өгіздерді және басқаларды) автокөлік құралдарында басымен кабинаға қарай орналастырады және берік байлайды.



Ірі қара малдың, шошқалардың, қойлардың, ешкілердің және басқа ұсақ жануарлардың төлін байлаусыз, бірақ барлық жануарлар автокөлік құралының шанағында жата алатындай етіп тасымалдауға рұқсат етіледі. Ауру жануарлар тасымалданбайды.

Жылқылар тағасыз тасымалданады.

266. Жануарларды автокөлік құралымен қандай да бір жұқпалы дерт бойынша қолайсыз аумақтар арқылы тасымалдау кезінде, бағыттарды тиісті мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау органдары жергілікті атқарушы органдармен:



1) ауданаралық және қала маңындағы тасымалдар кезінде – ауданның (қаланың) бас мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық инспекторымен;

2) ауданаралық тасымалдар кезінде – облыстардың ветеринарлық-санитарлық органдарымен;

3) облысаралық және халықаралық тасымалдар кезінде – ветеринария саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша белгілейді.

267. Жануарларды жерден мамандандырылған автокөлік құралына тиеу үшін артқы трап есік пайдаланылады. Басында бірінші бөлікті тиеу жүргізіледі. Жануарларды қозғалыс бағыты бойынша бастарымен алға қарай орналастырады, шанақтың алдыңғы қабырғасындағы сақиналарға байлайды, осыдан кейін бірінші қоршау жабылады. Содан кейін екінші бөлік тиеледі және тағы сол сияқты.

268. Жануарларды қаптал есік арқылы және артқы трап есікті пайдалану арқылы мамандандырылған автокөлік құралының бөліктеріне тиеу жүйелілігі осы Қағидадағы 11-қосымшада көрсетілген.

269. Жануарларды жерден мамандандырылған емес автокөлік құралдарына тиеу жиналмалы көпіршелер бойынша жүргізіледі.



Бұл ретте жүк жөнелтуші шектегіш ағаштарды автокөлік құралдың шанағынан алдын ала алады, жануарларды кіргізеді және қозғалыс бағыты бойынша қояды, алдыңғы көлденең ағашқа қысқа байлайды, артқы ернеуді жабады және автокөлік құралдарға шектегіш ағаштарды орнатады.

270. Жануарларды автокөлік құралдарына тиеу тәсілдерін, оларды орналастыруды, сондай-ақ жануарларды бір автокөлік құралмен тасымалдау нормаларын жүк жөнелтуші тасымалдау шарттарын, (автокөлік құралының үлгісін, жануарлардың түрі мен жасын, тасымалдау алыстығын, жыл мезгілін, жол төсемінің жай-күйін және тағы басқа), автокөлік құралының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығын толығырақ пайдалануды және тасымалданатын жануарлар және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз етуді ескере отырып белгілейді.

271. Автокөлік құралы бару пунктіне келісімен жануарлар дереу түсіріледі. Жануарларды түсіру тиеу кезінде қабылданған кері тәртіппен жүргізіледі.

272. Жолда жануарлармен бірге жүру және күтім жасау үшін жүк жөнелтуші жануарларды тасымалдауға қабылдау, жолда жануарларға күтім жасау, суару, қоректендіру, жануарлардың бекітілуін, күзетілуін бақылау, жануарларды жүк алушыға тапсыру үшін алып баратын адамдарды бөледі.

273. Автокөлік құралына тиелген жануарлар үшін жүк жөнелтуші бірге жүретін адамдардың үлкеніне қажетті құжаттарды (белгіленген нысандағы ветеринарлық куәлік, табын ведомосі, тауар-көлік жүкқұжаты және тағы басқа) береді.

Жануарларды ағынмен жүретін бірнеше автокөлік құралдарымен тасымалдау кезінде, қажетті құжаттар (тауар-көлік жүкқұжатынан басқа) тасымалданатын жануарлардың барлық партиясына берілуі мүмкін.

274. Тасымалдауға алдын ала ветеринарлық тексеруден өткен жануарлар ғана жіберіледі. Жануарлардың әрбір партиясына ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен ресімделген тиісті ветеринарлық сертификат беріледі.



Бір ветеринарлық сертификатты бірнеше автокөлік құралы үшін ұсынуға, бір жүк алушының мекенжайына барғанда ғана рұқсат етіледі. Бұл жағдайда ветеринарлық сертификат бірге жүретін адамдардың үлкеніне беріледі. Жануарларды заңнамада белгіленген тәртіппен берілген ветеринарлық сертификатсыз тасымалдауға рұқсат етілмейді.

275. Жануар жолда ауырған кезде, бірге жүретін адам ауырған жануарды тексерту және ветеринарлық қызметкердің нұсқауы бойынша одан әрі іс-әрекет жасау үшін жақын маңайындағы ветеринарлық пунктке барады. Жануарды союға ерекше, жануардың жай-күйі оны ет дайындау ұйымдарына дейін жеткізуге мүмкіндік бермейтін жағдайларда ғана рұқсат етіледі. Сою туралы актіге мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық бақылау және қадағалау ветеринарлық-санитарлық инспекторы қол қояды, Актіде мемлекеттік ветеринарлық-санитарлық қадағалау органдарының етті одан әрі пайдалану туралы қорытындысы көрсетіледі.

276. Автокөлік құралдарының тасымалданатын жануарларды ветеринарлық дәрігер тексеру үшін, сондай-ақ бірге жүретін адамдардың үлкенінің сұрауы бойынша (жануарларды суару, қоректендіру, демалдыру) кідіруі (тұруы) осы Қағиданың 11-тарауына сәйкес бірге жүретін адам және жүргізуші қол қоятын актілермен ресімделеді.

Егер шартта өзгеше көзделмесе, тұруды және жануарларды ветеринарлық дәрігер тексеру үшін ветеринарлық мекемеге соғуды, сондай-ақ жануарларды суару, қоректендіру, демалдыру үшін тұруды жүк жөнелтуші төлейді.

277. Бару орнына келісімен негізгі бірге жүретін адам жүк алушыға қарап шығу үшін табын ведомосін, жолдама парақты, ветеринарлық сертификатты, малдың жолда шетінеуі және амалсыз сойылуы туралы актілерді ұсынады. Мал өлшеуді жүк алушы бірге жүретін адаммен бірге жүргізеді. Малды тапсыру актімен ресімделеді. Жүк жөнелтушінің алдында жануарларды жеткізгені және тапсырғаны туралы есепті бірге жүретін адам береді.

278. Жануарлар түсірілгеннен кейін автокөлік құралдары санитарлық өңдеуден өтеді. Механикалық тазартудан кейін автокөлік құралдарын мынадай дезинфекциялағыш заттардың бірімен: формальдегидтің 2 % ерітіндісімен, құрамында 2-3 % белсенді хлор бар хлорлы әктастың ерітіндісімен, хлораминнің 4 % ерітіндісімен, өткір натрдың 2 % ыстық (60-70 Со) ерітіндісімен, жаңа сөндірілген әктастың 20 % маңызымен, көрсетілген заттардың әрқайсысының шығынының нормасы 1 шаршы метр ауданға 0,5 литр болатындай етіп дезинфекциялануы тиіс. Басқа да дезинфекциялағыш заттарды, егер олар жоғарыда көрсетілген мақсаттарға сәйкес келетін болса және Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілсе қолдануға болады.

279. Автокөлік құралының шанақтарын уақтылы санитарлық өңдеу үшін жануарларды жаппай түсіретін орындарда дезинфекциялау-шаю пункттері ұйымдастырылуы тиіс.



 

 

§11. Құрылыс жүктерін тасымалдау ерекшеліктері



 

280. Тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар кірпіш тасымалдауды пакеттік тәсілмен: балшық кірпішті – тегендерге «шырша түрінде» қалап, силикат кірпішті – тегендермен және тегендерсіз қоршау немесе тарту құрылғылары арқылы жүзеге асырады.

281. Жүк жөнелтуші кірпіш тасымалдау үшін тегендер, таспа қоршаулар және пакеттерді бекітуге және бөлуге арналған құрал-жабдықтарды береді. Жүктерді автомобильмен тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушылар автокөлік құралдарына қоршағыш құрылғылар мен бекіткіш құрал-жабдықтарды дайындауды және орнатуды жүк жөнелтушінің есебінен өзіне алуы мүмкін.

282. Кірпішті тегендермен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін жүктің тегендерге қалануын қамтамасыз етеді. Тегендердің үлгілері мен параметрлері мемлекеттік стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Төменгі қатарынан, пакеттің бұрыштарынан және тік жақтарынан кірпіштері түсіп қалған пакеттерді тиеуге рұқсат етілмейді.

283. Кірпішті жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар стандартты түрде толтырылған пакеттердің саны бойынша жүзеге асырады.

284. Кірпішті тиеуді, сондай-ақ пакеттерді бекітуді тасымалдаушы, ал бекіткіштерді ажырату мен кірпішті түсіруді жүк алушы жүзеге асырады.

Тасымалдаушылар жүкті автомобильмен тасымалдау шарты бойынша бекіткіштерді орнату мен ажыратуды жүргізуі мүмкін. Түсіру аяқталғаннан кейін жүк алушы автокөлік құралы шанағының еденін кірпіш қоқымынан тазартады.

285. Автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан аспайтын жағдайларда, пакеттерді жүк жөнелтуші шанақ білігінің бойымен, ал автокөлік құралының жүк көтергіштігі 7 тоннадан артық болса, шанақ білігіне перпендикуляр түрде шахмат тәртібімен автокөлік құралдың қаптал ернеулерінің біріне тығыз қойылады. Кірпіштерді тегенге қалау тәртібі осы Қағиданың 12-қосымшасында келтірілген.



Пакеттерді шанаққа көлденең орналастыру кезінде жүк жөнелтуші қимасы 50х50 мм және ұзындығы 1 м ағаштарды қаптал ернеуге жанаспайтын шеткі пакеттер тегендерінің астына салады.

286. Тасымалдаушы автокөлік құралында кірпіш пакеттерінің қалануы мен бекітілуінің жол қозғалысы қауіпсіздігінің және автокөлік құралының сақталуын қамтамасыз ету талаптарына сәйкес келуін тексереді. Жүк жөнелтуші тасымалдаушының талап етуі бойынша жүкті қалау мен бекітудегі байқалған қателіктерді жояды.



Пакеттерді бекіту, сондай-ақ олардың бекітілу дұрыстығын тексеру тиегіш механизмдерді автокөлік құралынан әкеткеннен кейін ғана жүргізіледі.

287. Босаған тегендерді тиеуді – жүк алушы, ал түсіруді кірпіш жүк жөнелтуші жүргізеді.

288. Босаған тегендерді қабылдауды және тапсыруды тасымалдаушылар дана саны бойынша жүргізеді.

289. Темір-бетон өнімдер олардың түріне байланысты көлденең, тік немесе қиғаш күйде тасымалданады.



Тасымалдау және сақтау кезінде техникалық шарттар бойынша белгілі бір нүктелерінде тіреуді қажет ететін темір-бетон өнімдеріне жүк жөнелтуші тіреу нүктелерін көрсетіп таңба жасайды.

290. Тасымалдау шарты бойынша жүк жөнелтуші тасымалдаушының келісімімен автокөлік құралдарын қосымша құрал-жабдықтармен қосымша жабдықтауды жүргізуі мүмкін. Тараптардың келісімі бойынша қосымша құрал-жабдықтарды орнатуды тасымалдаушы жүк жөнелтушінің есебінен жүргізуі мүмкін.

291. Темір-бетон өнімдерді бекіту үшін қажетті төсемелер мен аралық төсемелерді жүк жөнелтуші ұсынады. Қысқы мезгілде жүк жөнелтуші темір-бетоннан жасалған өнімдерді қар мен мұздан тазартып ұсынады, сондай-ақ резеңке жапсырылған төсемелер мен аралық төсемелер қолданады.

292. Тасымалдаушылар темір-бетон өнімдерді орындар саны мен стандарттық салмақ бойынша жүк жөнелтушіден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.

293. Қозғалыс үшін қауіпті аймақтардағы тиеу және түсіру пункттерінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы тәуліктің кез келген мезгілінде көрінетін сақтандырғыш жол белгілері мен көрсеткіштерді орнатады.

294. Темір-бетон өнімдерді шығыран жабдығының көмегімен тиеу және түсіру кезінде жүргізуші автокөлік құралының кабинасында болмауы, ал жүк жөнелтуші (жүк алушы) жүкті автокөлік құралы кабинасының үстімен жылжытпауы тиіс.

295. Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдау үшін тасымалдаушылар өзі аударғыш автомобильдерді, ожау немесе бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдерді, цистерналарды бөледі. Бетонның құрғақ қоспаларын және құрылыс ерітінділерін ыдыстық тәсілмен қаптарда тасымалдау үшін тасымалдаушылар ернеулі платформалары бар автомобильдерді, ал ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде - бункер үлгісіндегі шанақтары бар автомобильдер мен автомобиль-цистерналарды бөледі.

296. Сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін тасымалдауға арналған өзі аударғыш-жүк автомобильдердің тығыздалған артқы ернеуі, 450-500 мм биіктікке өсірілген алдыңғы және қаптал ернеулері болады.

297. Тасымалдаушылар сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерін жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды көлемі және салмағы бойынша жүргізеді.

Сұйық бетонды және құрылыс ерітінділерін жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар көлемі мен салмағы бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген тасымалдау кезіндегі бетон мен құрылыс ерітінділерінің тығыздалу коэффициентін ескере отырып жүргізеді.

Жүкті автомобильмен тасымалдау шартында жүк жөнелтуші тасымалдануға тиісті сұйық бетон мен құрылыс ерітінділері қоспаларының көлемдік салмақтарын, тасымалдаушылар тасымалданған жүктің көлемін тоннамен қайта есептеу үшін көрсетеді.

298. Жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жүкті тасымалдау кезінде сұйық бетон мен құрылыс ерітінділерінің мемлекеттік стандарттарда белгіленген және тасымалдау кезінде жүктің сақталуын қамтамасыз ететін шектік жеткізу мерзімдерін ескереді. Жеткізу мерзімдерін жүк жөнелтуші, әрбір сапарға берілетін және жүк алушыға жүкпен бірге тапсырылатын ерітіндінің паспортында осы Қағидаға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетеді.

299. Цемент тасымалдау кезінде тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар цементке жауын-шашын тиюіне және оның тозаңдануына жол бермей, жүктің сақталуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды.

300. Цемент ыдыссыз тәсілмен мамандандырылған автомобиль-цистерналарда, сондай-ақ ыдыстық тәсілмен (қаптарда) ернеулі платформасы бар автомобильдермен және кенеппен жабылып тасымалданады.

301. Жүк жөнелтуші цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдауға 100 0С аспайтын температурамен береді.

302. Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде, оны жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар автомобиль-цистернаны жүгімен және жүксіз таразыға тарту арқылы салмақ бойынша жүзеге асырады.



Қаптардағы цементті жүк жөнелтушіден қабылдау мен жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар атауы, орындардың саны және таңбаламада көрсетілген стандарттық салмақ бойынша жүзеге асырады.

303. Цементті ыдыссыз тәсілмен тасымалдау кезінде жүк жөнелтуші мен жүк алушы автокөлік құралы-цистернаны жүксіз және жүгімен таразыға тартуды, цистернаның люктерін тиеу алдында ашу мен тиегеннен кейін жабуды, түсіру жеңдерін цистернамен қосуды және ағытуды жүргізеді.

304. Жүк алушыдан цементті түсіру кезінде тасымалдаушы сығымдағышты іске қосуды және түсіру шүмегін ашуды, ал түсіру аяқталғаннан кейін сығымдағышты ажыратуды және түсіру шүмегін жабуды жүргізеді.

305. Жүк алушының автокөлік құралы-цистерналардан цемент түсіруге арналған қатты төсемі бар алаңшалары болуы қажет.

306. Тұрақты түсіру орындарында (ерітінді тораптарында, құрылыс индустриясы зауыттарында, ірі құрылыстарда) жүк алушы автокөлік құралы-цистернаның 12-14оС еңкіштігін қамтамасыз етіп, түсіру алаңшаларын жабдықтайды. Уақытша объектілерде түсіру алаңшалары көлденең және қабылдау құрылғысының жағына қарай еңісі болады. Түсіру орнына автокөлік құралы-цистернаны тракторлармен сүйреп әкелуге рұқсат етілмейді.

307. Жүк алушы цемент қабылдауға арналған сыйымдылықты автокөлік құралы-цистернаның сығымдағыш қондырғысы қамтамасыз ететін түсіру биіктігіне сәйкес келетін биіктікке орнатады. Уақытша сыйымдылықтардағы (қоймалардағы) қабылдау люктері жалғастырғыш шлангалардың өлшемдеріне сәйкес келеді және түсіру аяқталғаннан кейін тығыз жабылады. Қабылдау құрылғыларының түсіру шлангаларын сымның, жіптің және басқа қолға түскен құралдардың көмегімен бекітуге рұқсат етілмейді. Цистернаның ішінде қысым жасау үшін ауаның бөтен көздерін пайдалануға рұқсат етілмейді.

308. Жүк жөнелтуші автокөлік құралы тиелуге келгенге дейін түрі мен өлшемі бірдей шиферді, тегендерге оны қабаттап салып, алдын ала дайындалуын қамтамасыз етеді, автокөлік құралға тиеуді және тегендерді автокөлік құралдарына біркелкі қоюды жүргізеді.

309. Тиеулі жабық автокөлік құралдарын, шифері бар пакеттерді жүк жөнелтуші пломбалауы тиіс.

310. Тегендерге толтырылған шиферді жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушы орындардың саны бойынша жүргізеді.

Шиферді тасымалдауға салмақ бойынша қабылдауға жүк жөнелтуші мен жүк алушының таразысы болған кезде ғана рұқсат етіледі.

311. Жүк жөнелтуші шиферді тасымалдауға жинақтаушы бөлшектерімен (арқалар, шегелер) ұсынған кезде тасымалдаушы, тасымалдауға жүк қабылданған тәртіппен оларды жүк жөнелтушіден қабылдайды және жүк алушыға тапсырады.



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет