Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 шілдедегі №826 Қаулысы «Автомобиль көлігі туралы»


§16. Пакеттелген жүктерді тасымалдау ерекшеліктері



бет6/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.76 Mb.
#131425
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
§16. Пакеттелген жүктерді тасымалдау ерекшеліктері

 

362. Өздерінің өлшемдері мен қасиеттері бойынша пакеттеліп жасалуы мүмкін, жүктерді жүк жөнелтуші тасымалдауға, әдетте, пакеттелген түрде ұсынады.

363. Пакет деп ыдыстағы (жәшіктердегі, қаптардағы, бөшкелерді және басқалар) жеке орындардан құралған, бір-бірімен бір рет пайдаланылатын тасымалдау және сақтау үдерісінде әмбебап немесе арнайы немесе көп айналымдық пакеттегіш құралдардың көмегімен байланыстырылатын тегендердегі немесе оларсыз:



1) механикаландырылған тиеу (түсіру) мүмкіндігін;

2) пакеттердің бүтіндігін;

3) автокөлік құралдарының жүк көтергіштігін (сыйымдылығын) барынша пайдалануды қамтамасыз ететін ірілендірілген жүк орны түсініледі.

364. Пакеттегі жүктерді бекіту құралдарында жүк жөнелтушінің бақылау белгілері болады және бекіткіштер мен бақылау белгілерін бұзбай пакеттерден жеке жүк орындарын алу мүмкіндігін болдырмайды.



Жүк жөнелтушінің атауы бар пломбалар, құлыпқа бекітілген бақылау таспасы, отырғызу пленкасы бақылау белгілері болып табылады.

Аталған талаптар дұрыс сақтамай құралған пакеттермен жүктерді тасымалдауға беруге рұқсат етілмейді.

365. Жүктерді пакеттеуді жүк жөнелтуші оларды тасымалдауға бергенге дейін жүзеге асырады.



Жүк жөнелтуші пакетте пакеттегі жүк орындарының санын, сондай-ақ пакеттің брутто және нетто салмағын көрсетеді.

366. Жүк жөнелтуші пакеттерді мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес қалыптастырады.



Әрбір пакетке бірдей орамадағы немесе орамасыз, бір жүк алушының мекенжайына баратын біртекті жүкті ғана салуға рұқсат беріледі.

367. Тегендердегі пакеттермен ыдысты және майда даралы жүктер тасымалданады. Жайпақ тегендерде стандартты ыдыстағы және орамадағы (жәшіктердегі, қораптардағы, қаптардағы және т.б.); тағанды тегендерде – беріктігі жеткілікті емес ыдыстағы майда даралы, тіреу беттері тегіс емес осал жүктер жәшікті тегендерде орамасыз жүктер, машина жасау, парфюмерия, резеңке техникалық өнеркәсіптің ұсақ өнімдері тасымалданады.



Кейбір жүктер (түсті металдардың құймалары, шиналар, бумалар және басқалар) тегендерді қолданбай пакеттелуі мүмкін.

368. Көп айналымдық пакеттегіш құралдарды қауіпті жүктер мен өзіне тән иісі бар жүктерді пакеттеу үшін пайдалануға рұқсат етілмейді. Мұндай жүктерге ерекше жағдайларда пайдаланылған пакеттегіш құралдарды тасымалдаушы жүк алушыдан – олар тазартылғаннан кейін, ал қажет жағдайларда жуып және дезинфекцияланғаннан кейін қабылдайды.



Жайпақ тегендердегі жәшіктерді бекіткіштердің схемалары осы Қағидаға 11-қосымшада келтірілген.

369. Жүктерді тегендерге шегелермен, қапсырмалармен немесе басқа жүкті немесе тегенді зақымдауы мүмкін осыларға ұқсас құралдармен бекітуге рұқсат етілмейді.

370. Пакет құрастыру кезінде мынадай талаптар сақталады:

1) пакеттің салмағы тегендіктің атаулы жүк көтергіштігінен аспайды;

2) жайпақ тегеннің жан-жағынан пакеттің жиынтық асылмасы 40 мм аспайды.

371. Жүк жөнелтушілерге (жүк алушыларға) тиесілі тегендер жүктерді тасымалдаудан кейін, егер шарттардың талаптары бойынша өзгеше көзделмесе, өздерінің иелеріне қайтарылады.



Бос тегендерді тасымалдау құны уағдаласу тарифтері бойынша алынады.

372. Жүктерді автомобиль көлігімен тасымалдауға арналған жылдық шартта немесе біржолғы тапсырыста:



1) пакеттелген жүктерді тасымалдау көлемі;

2) тегендердің (пакеттердің) үлгілері мен параметрлері;

3) пакеттерді тиеу және түсіру тәртібі мен тәсілдері;

4) тегендерді қайтару немесе алмастыру тәртібі мен мерзімдері;

5) пакеттелген жүктерді тасымалдауға тән басқа да жағдайлар қосымша келісіледі.

373. Тауар-көлік жүкқұжатында жүк жөнелтуші:



1) пакеттердің санын, жеке орындардың буылып-түйілу түрін, мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес теген үлгісін;

2) пакеттегі жүктің нетто салмағын;

3) пакеттердің брутто салмағын көрсетеді.

Тауар-көлік жүкқұжатының барлық қалған деректемелері осы Қағиданың 4-тарауына сәйкес толтырылады.

374. Жүктерді пакеттермен жүк жөнелтушіден тасымалдауға қабылдауды және жүк алушыға тапсыруды тасымалдаушылар пакеттердің санын сырттай тексеру бойынша пакеттерді бөлшектемей және салмағын тексермей тексеру арқылы жүзеге асырады.

375. Бекіткіші бұзылып келген пакеттер жүк алушының талап етуі бойынша бөлшектеледі, ал зақымданған жүк орындары салмағы пакеттегі жүк орындарының санын тексеру арқылы беріледі.



Тиелген күйдегі ақаулы тегендерді жүк алушы қабылдайды.

376. Бос тегендерді алуды, пакеттерді құрастыруды, оларды автокөлік құралдарына тиеуді және бекітуді – жүк жөнелтуші, ал пакеттерді босатуды, оларды автокөлік құралынан алуды, тегендерді түсіруді, автокөлік құралдарына бос тегендерді тиеуді жүк алушы жүзеге асырады.



Жүк жөнелтушілер мен жүк алушылар пакеттелген жүктердің механикаландырылған тиелуі мен түсірілуін қамтамасыз етеді.

377. Ақаулы бос тегендерді тасымалдаушылар, жүк жөнелтушілер және жүк алушылар қабылдамайды.



 

 

15. Халықаралық қатынаста тез бүлінетін жүктерді



тасымалдайтын автокөліктік құралдарын куәландыру тәртібі

 

378. Куәландыруды ұйымдастыру тәртібі автомобиль көлігімен жүзеге асырылатын тез бүлінетін жүктердің халықаралық тасымалдары үшін арналған арнайы көлік құралдарын тексеруді жүргізетін сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) қойылатын негізгі талаптарды анықтайды.

379. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдарды (сарапшылар) жазбаша өтініштің негізінде автомобиль көлігі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітеді.

380. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) үміткердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік көшірмесі, не салыстыру үшін түпнұсқасын көрсете отырып көшірмесі. Куәліктің түпнұсқасы сол күні қайтарылады;

2) өндірістік база, соның ішінде оларды пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына, сондай-ақ ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын суытуға немесе жылытуға арналған жабдықтың изотермиялық қасиеттері мен тиімділігін сынақтан өткізу немесе сараптық тексеру әдістеріне сай келетін сынақ құралдары мен бақылау-өлшеу аспаптары туралы мәліметтер;

3) ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргізу үшін арнайы біліктілік даярлығынан өткен және көлік құралдарын тексеру саласында іс жүзінде машығы бар персонал туралы мәліметтер;

381. Үмітерлерден өтініш алынған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды зерделеуді жүргізеді;

382. Үміткердің дайындығы оң бағаланған жағдайда, оның көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ және сараптық тексеру жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыруы шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган бұйрығымен бекітілуге жатады.

383. Сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) функциясын орындауға үміткер теріс бағаланған жағдайда, үміткер шешім қабылданғаннан кейін 5 жұмыс күнінің ішінде бас тартудың себептері көрсетіле отырып, жазбаша түрде хабардар етіледі.

384. Уәкілетті орган көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ станцияларының тиісті функцияларын және сараптық тексерулерді орындауға үміткерлерден мынадай жағдайларда:

1) ұсынылған құжаттар толық емес немесе осы Қағиданың 380-тармағында көрсетілген белгіленген талаптарға сәйкес болмаса;



2) ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтер жалған болса;

3) үміткердің қызмет көрсетуші персоналының мамандығы ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеру жүргізуге сәйкес болмаса, сондай-ақ оларда ТБТҚ мүше елдердің оқыту ұйымдарында қажетті емтихандарды тапсырып, сынақтарды өткізу жөніндегі арнайы дайындықтан өткендігі туралы куәліктері немесе сертификаттары болмаса;

4) өндірістік техникалық базасы болмаса немесе ТБТҚ талаптарына сәйкес келмесе бас тартады.

385. Уәкілетті орган сынақ станциялары мен сараптық ұйымдардың (сарапшылардың) көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігіне сынақ және сараптық тексеруді жүргізу мүмкіндігіне бес жылда бір рет қосымша тексеру жүргізеді.

386. Уәкілетті орган мынадай жағдайларда сынақ станцияларының немесе сараптық ұйымдардың іс-әрекетін тоқтату туралы шешім қабылдайды:

1) сынақ станциясының немесе сараптық ұйымның жазбаша өтініші негізінде;

2) осы Қағиданың талаптары бұзылғанда;

3) уәкілетті органға ұсынылған материалдар мен құжаттардың бұрмалану фактілері анықталғанда;

4) егер көлік құралдарын сынау немесе сараптық тексеру екі жыл ішінде өткізілмесе;

5) арызданушылардың сынақ немесе сараптық тексеруді жүргізу сапасының қанағаттанарлықсыздығына бірнеше рет берген негізді өтініші бойынша.

387. Көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкес сынақ немесе сараптық тексеру жүргізу үшін өтініш берушілер уәкілетті орган бекіткен сынақ станцияларына немесе сараптық ұйымдарға (сарапшыларға) өтініш жасайды.

388. Сынақ станциялары ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын сынауды орындайды және сынақ хаттамаларын береді.

389. Сараптық ұйымдар (сарапшылар) ТБТҚ талаптарына сәйкес көлік құралдарын сараптық тексеруді орындайды және сараптық тексеру хаттамаларын береді.

390. Көлік құралының Халықаралық тез бүлінетін тамақ өнімдерін тасымалдау туралы және осы тасымалдауларға (ТБТҚ) арналған арнайы көлік құралдары туралы келісімнің талаптарына сәйкестігі туралы белгіленген үлгідегі куәлік (бұдан әрі – Куәлік) алу үшін өтініш берушілер осы Қағиданың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінішті, техникалық паспорттың көшірмесін, сынақ хаттамасының түпнұсқасын немесе сараптық тексеру хаттамасының түпнұсқасын уәкілетті органға жібереді.

391. Сынақ станциялары немесе сараптық ұйымдар (сарапшылар) беретін осы сынақ хаттамалардың оң нәтижелерінің негізінде уәкілетті орган осы Қағиданың 17-қосымшасына сәйкес өтініш берушіге Куәлікті ресімдейді және береді.

392. ТБТҚ Уағдаласушы тараптар болып табылатын шет елдердің құзыретті органдары берген куәліктер уақытша болып табылады және Қазақстан Республикасында көлік құралын мемлекеттік тіркегеннен кейін үш айдың ішінде уәкілетті орган берген Куәлікпен ауыстырылуы тиіс.

Шет елдердің құзыретті органдары берген куәлікті Қазақстан Республикасының Куәлігіне ауыстырған кезде өтініш беруші уәкілетті органға өтінімін, ауыстырылатын Куәлікті және ауыстырылатын куәліктің деректері негізінде толтырылатын Куәлік бланкісін ұсынуы қажет.

393. Куәлік алған өтініш берушілердің көлік құралының ТБТҚ талаптарына сәйкестігі туралы ілме-куәлікті көлік құралына іліп қоюына болады. Ілме-куәліктің нысаны, жазылуы және орналасқан орны ТБТҚ талаптарына сәйкес болуы тиіс.

394. Тез бүлінетін жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдаланылатын және ТБТҚ талаптарына сәйкес келетін, уәкілетті орган берген Куәлікті алған көлік құралдарына ТБТҚ талаптарына сәйкес танудың әріптік белгілері мен жазулары түсіріледі.

 

 

16. Тез бүлінетін жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдарына қойылатын талаптар



 

395. Қазақстан Республикасында тіркелген, тез бүлінетін жүктерді халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарының уәкілетті орган ресімдеген және берген куәлігі болады.

396. Көлік құралдары Куәлік алу үшін көлік құралдарының изотермиялық қасиетінің және оларға орнатылған салқындатуға немесе жылытуға арналған жабдық тиімділігінің ТБТҚ талаптарына сәйкес тексеруден өтеді. ТБТҚ нормаларына сәйкес тексерілуге изотермиялық көлік құралдары, салқындататын көлік құралдары, рефрижератор-көлік құралдары немесе тез бүлінетін жүктерді құрлықтағы халықаралық тасымалдауға арналған жылытылатын көлік құралдары жатады.

397. Тез бүлінетін жүктерді халықаралық тасымалдауға арналған көлік құралдарын тексеру кезеңділігі ТБТҚ талаптарына сәйкес келеді.

398. Көлік құралдарының ТБТҚ талаптарына сәйкестігін тексеруді сынақ станциялары мен сараптық ұйымдар (сарапшылар) сынақтар мен сараптық тексеру жүргізу арқылы, ТБТҚ талаптарына сәйкес сынақ хаттамасын немесе сараптық тексеру хаттамасын бере отырып жүзеге асырады.



 

4-у нысаны



 

Автомобиль көлігімен жүктерді

тасымалдау қағидасына

1-қосымша

 

 

Сериясы _______________________            ЖҮК АВТ0МОБИЛІНІҢ № ЖОЛДАМА ПАРАҒЫ

 

Жұмыс режимі ______ Код

 

«_____»_____ 200__ж                           ____________________________

Автомобиль ________________________________           Гараж №

маркасы мем. нөмір белгісі

 

Тасымалдаушы

мөртабанының

орны

Жүргізуші ____________________              Таб. №

Т.А.Ә Жеке басы куәлігінің № класы

 

Тіркеме ___________________                Гараж №

маркасы мем. нөмір белгісі

 

 

Алып жүретін адамдар: __________________________________________________

 

Жүргізушінің және автомобильдің жұмысы

ЖҮРГІЗУШІГЕ ТАПСЫРМА

операция

кесте бойынша уакыт

нөлдік жүріс

спидометр көрсеткіші

нақты уақыты, күні, айы, сағ., мин.

кімнің иелігіне (тасымалдаушының атауы мен мекен-жайы)

уакыт

сағат.

саны

сапарл.саны

сағ.

мин.

келу

кету

 

 

1

2

3

4

5

6

16

17

18

19

20

гараждан шығу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

гаражға қайтару

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жанармай қозғалысы, литр

жанармайдың маркасы

марка коды

берілді

қалдық

тапсырылды

норма өлшеу коэф.

жұмыс уақыты сағ.

Ерекше белгілер:

шығу кезінде

қайту кезінде

арн. жабдқ.

қозғ.

_____________________________

7

8

9

10

11

12

13

14

15

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қолдары

май құюшының

механ.

механ.

май құюшының

диспетчердің

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жанармайға берілген талондардың сериялары мен нөмipлepi

 

 

Жүргізуші куәлігін тексерді

Автомобиль техникалық жағынан жарамды ___________

___л жанармай беруге тапсырма берді.

 

Шығу рұқсат етілген, механиктің қолы ________

Тапсырыс берушінің қолы __________________________

Жүргізуші денсаулық жағдайы бойынша басқаруға жіберілді, қолы __________

Автомобильді қабылдады, жүргізушінің қолы __________

 

мөртабан

 

жарамды

Автомобиль қайтқан кезде -----------------

жарамсыз



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет