Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №717 Қаулысы «Ішкі су көлігі туралы»


§ 3. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман)



бет2/6
Дата09.06.2016
өлшемі386.5 Kb.
#125327
1   2   3   4   5   6
§ 3. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман)

 

91. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман):

1) капитанға тікелей бағынады және оның бірінші орынбасары болып табылады;

2) әкімшілік жағынан бүкіл экипажға басшылық етеді;

3) кеме рейсте болған кезде капитан өз функцияларын орындауы мүмкін болмаған жағдайда, капитанның аға көмекшісі кеме иесі белгілейтін пунктке дейін көшу кезеңіне (10 тәуліктен артық емес) кеме басқаруды қабылдайды.

92. Капитанның аға көмекшісінің экипаждың осы Жарғыда көзделген жалпы функцияларын орындауға қатысты өкімдерін (жалпы кеме қызметін ұйымдастыру, уақыт кестесі, кемеде тәртіп сақтау, сондай-ақ қауырт жұмыстар, кеме дабылдары, кемені тиісті санитарлық жағдайда ұстау, киім нысанын және оның ұқыптылығын сақтау, капитанның бұйрықтары мен нұсқауларын орындау жөнінде) кеме экипажының барлық мүшелері орындайды.

93. Капитанның аға көмекшісінің қарауында мыналар болады:

1) корпус, палубалар, қондырмалар, рангоут, такелаж, люктік жаппалар, су танкілері және қылталары, өлшеу және ауа құбырлары; адамдар тұратын, тұрмыстық және палубалық қызметтік бөлмелер, траптар;

2) жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйрейтін, құтқарушы құ рылғылар;

3) өртке қарсы су магистральі, тұрмыстық техника:

4) палубалық бөліктің авариялық, құтқару, өртке қарсы, шкиперлік және шаруашылық-тұрмыстық жабдықтау (құрал-сайман және материалдар).

94. Капитанның аға көмекшісі:



1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына, Қазақстан Республикасының Көлік  және коммуникация министрлігі және кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өзінің меңгеруіндегілерді техникалық пайдалануды және ұстауды;

2) өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын;

3) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді;

4) кемеде кемінде айына бір рет үлкен жиыстыру өткізуді;

5) өзінің меңгеруіндегілері бойынша тіркелімдік және басқа да техникалық құжаттаманы сақтауды; палубалық бөлік бойынша жөндеу ведомостарын уақытында жасауды;

6) тамақ өнімдерін, ауыз суды уақытында алуды, дұрыс сақтауды, жұмсауды және есепке алуды; экипаждың тамақтану мәзірін бекітуді;

7) адамдар тұратын және қызметтік бөлмелерде суағарлардағы және пайолдар астындағы су деңгейін бақылауды;

8) өзінің меңгеруіндегілер бойынша іс қағаздарын және есептілік жүргізуді;

9) палубалық жұмыстармен айналысатын экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқама откізуді;

10) экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және палубалық бөліктің өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ санитарлық ережелерді сақтауын бақылауды;

11) адамдарды кемеге отырғызу және оларды кемеден түсіру қауіпсіздігін;

12) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, өртке қарсы қорғанысқа, адамдарды құтқаруға уақытында және жан-жақты дайындауды;

13) құтқарушы құралдардың шұғыл пайдалануға тұрақты даярлығын, оларға ұдайы еркін қол жетімділікті, тиісті жабдықтармен толықтырылуын;

14) оның меңгеруіндегі палубаларда және бөлмелерде, сондай-ақ палубалық бөлігі бойынша жұмыстарды орындаған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды;

15) камбузда, адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тәртіпті;

16) экипаж мүшелерін және кемеде уақытша болатын адамдарды тұрғын бөлмелер бойынша орналастыруды;

17) экипаж мүшелерінің белгіленген мерзімдерде медициналық байқаулар мен егулерді өтуін; қажет болған жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; кеменің дәрі қорабын тиісінше ұстауды, сондай-ақ кеменің дератизациядан және дезинсекциядан етуін;

18) құрғақ қоқыс пен тамақ қалдықтарын тапсыруды;

19) барлық кеме бөлмелері кілттерінің көшірмелерін сақтауды;

20) дербес немесе Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі немесе кеме иесі уәкілеттік берген адамдардың қатысуымен жолаушылар билеттеріне бақылау жүргізілуін;

21) палубалық бөлік бойынша техникалық оқуды жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.

95. Жүк операцияларын бастаудың алдында және оларды орындау кезінде капитанның аға көмекшісі:



1) кеменің қауіпті жүктерді тасымалдау дайындығына басшылық етеді және оларды тасымалдаудың ережелерін сақтау жөніндегі барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

2) ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді тиеуге, бекітуге және түсіруге, палубалық жүкті орналастыруға және бекітуге өзі басшылық жасайды.

96. Кеме рейске шығар алдында капитанның аға көмекшісі:



1) өзінің меңгеруіндегілердің алдағы рейске дайындығын тексереді;

2) кемені аралап шығады, сынап байқау арқылы рульдік және зәкірлік құрылғылардың, сигналдық-айырымдық оттардың, жарық, дыбыс және авариялық сигнал беру құралдарының, кемеішілік байланыстың, басты қозғалтқыштармен қашықтан басқарудың дайындығын тексереді, ал көлге және су қоймасына шығудың алдында трюмдердің, иллюминаторлардың, люктердің және палуба мен борттардағы басқа да саңылаулардың жабылу сенімділігіне көз жеткізеді;

3) кеменің палубалық құрылғыларын, палубаларда орналасқан жүктерді және басқа да мүлік пен заттарды бекітудің сенімділігін тексереді;

4) кемеден бөтен адамдарды шығарады және белгіленген уақытта рейске дайыидығы туралы капитанға хабарлайды.

97. Жүзу кезеңінде капитанның аға көмекшісі:



1) палубалық құрылғылар мен жүктердің тиісінше бекітілуін бақылайды және қамтамасыз етеді;

2) корпустың су өткізбеушілігін ұйымдастырады және бақылау жүргізеді;

3) мұз қату жағдайларында кемені жүзуге дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды.

98. Экипаж кемені тастап шыққан кезде капитаңның бірінші көмекшісі кеме бөлмелерін тексеруді қамтамасыз етеді және кемеде адамдар қалмағанына көз жеткізеді.



 

§ 4. Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман)



 

99. Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман) тікелей капитанның бірінші көмекшісіне бағынады.

100. Капитанның екінші көмекшісі жүкті, багажды және поштаны қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырады; оларды тиеудің, бекітудің және түсірудің, жүкке, багажға және поштаға көлік құжаттарын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.

101. Капитанның екінші көмекшісі:

1) кемеде жүкті орналастырудың жүк жоспарын жасайды және оны капитанға бекітуге ұсынады;

2) жүк бөлмелерінің дайындығын қамтамасыз етеді және механикпен бірге жүк құрылғыларының жүктерді қабылдауға дайындығын, жүк көтергіш құрылғылардың дұрыс пайдаланылуын тексереді;

3) кемедегі жүк операциялары кезінде экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қадағалайды;

4) жүктерді тиеу, орналастыру, тасымалдау және түсіру кезінде санитарлық ережелердің және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;

5) жүк бөлмелерінің дұрыс ашылуын және жабылуын қарап отырады, жабылған кезде оларда адамдар қалуына жол бермейді;

6) жүк бөлмелерін пломбылау кезінде қатысады және пломбалардың сақталуын тексереді;

7) жүктің жай-күйін және тиеу, тасымалдау және түсіру процесінде жүк бөлмелерінде температуралық режимнің және желдету режимінің сақталуын қадағалайды;

8) жол журналын, жүк кітабын және жүк тасымалдау жөніндегі басқа да іс қағаздарын жүргізеді, жүк есебін жасайды және оны капитанға қол қоюға ұсынады;

9) жүктің кем шығу, жоғалу немесе зақымдану жағдайларын белгіленген тәртіппен ресімдейді.

10) Жүктерді ауыстырып тиеу кезінде капитанның екінші көмекшісінің қарамағында жүкті есептеу және трюмдерде жұмыс істеу үшін тағайындалған, кеме экипажының мүшелері болады, оларға жүкті қабылдау, салу және тапсыру және басшылық ететін жұмыстары туралы нұсқау береді.

11) Капитанның екінші көмекшісі жүк операцияларын жүргізу кезінде кемеден капитанның, ал ол болмаған кезде - өзінің функцияларын кезекші бастыққа немесе капитан немесе капитанның аға көмекшісі тағайындаған басқа адамға тапсырып, капитанның аға көмекшісінің рұқсатымен ғана кете алады.

12) Жүк тасымалдамайтын кемелерде капитанның екінші көмекшісінің функциялары аясын капитан белгілейді.

105. Өзінің меңгеруіндегінің рейске дайындығы туралы капитанның екінші көмекшісі капитанның аға көмекшісіне хабарлайды.



 

§ 5. Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман)



 

106. Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман) тікелей капитанның аға көмекшісіне бағынады.

107. Капитанның үшінші көмекшісінің функциялары ішкі су көлігі кемелерінде кеме иесі әзірлейтін лауазымдық нұсқаулықта айқындалады.

108. Капитанның үшінші көмекшісінің қарауында теңіз кемелерінде навигациялық карталар және құралдар, корректуралық материалдар, техникалық кітапхана, штурмандық және гидрометеорологиялық аспаптар мен құрал-саймандар, көзбен шолып бақылау, байланыс, сигнал беру және қолмен дыбыстық сигнал беру құралдары, сондай-ақ кеме кеңсесі болады.

109. Капитанның үшінші көмекшісі:



1) өзінің меңгеруіндегі аспаптарды, құралдарды және керек-жарақтарды техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) өзінің меңгеруіндегі аспаптарға, құралдарға және керек-жарақтарға қатысты техникалық құжаттаманы жүргізеді және сақтайды;

3) өзінің меңгеруіндегі аспаптарға, құралдарға және керек-жарақтардың, техникалық әдебиеттерге, жүзу үшін карталар мен құралдарға, корректуралық материалдарға тапсырыс береді, алады, есебін жүргізеді және сақтайды, уақытылы карталар мен құралдардың корректурасын жүргізеді;

4) билеттер сатады (жолаушылар кемелерінде), кассалық есептеме жүргізеді және оны капитанға қол қоюға ұсынады;

5) жұмыс уақытының есебін жүргізеді, жалақы есептейді, капитанның сенімхаты бойынша ақша алады және оны ведомост бойынша экипаж мүшелеріне береді;

6) хронометриялық журнал жүргізеді, тәулік сайын хронометрдің түзетуін анықтайды (шығарады) және кеме сағаттарының көрсеткіштерін салыстырады;

7) девиациялық жұмыстардың уақытында жүргізілуін қадағалайды;

8) байланыстың кору құралдарымен сигнал жүргізу, өзінің меңгеруіндегі аспаптарды және құралдарды орналастыру және пайдалану жөнінде палубалық командамен оқулар мен жаттығулар өткізеді;

9) кеменің келуі мен кетуін ресімдейді;

10) белгіленген тәртіппен кемелік, машиналық және басқа да журналдарды алады және куәландырады, оларда тізілімді сақтайды;

11) журналдардың бланкілерін және басқа да бланкілерді, кеңсе жабдықтарын, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды лоне т.с.с. алады, олардың есебін жүргізеді;

12) өзінің меңгеруіндегінің рейске дайындығын қамтамасыз етеді және оның дайындығы туралы белгіленген уақытта капитанның аға көмекшісіне хабарлайды.

 

§ 6. Жер снарядының (түбін тазартқыш сиарядтың) командирі(багермейстері)



 

110. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) командирі (багермейстері) (бұдан әрі - Жер снарядының командирі) қолданыстағы тараудың «капитан» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және өзінің функцияларын орындайды (кеменің мақсатын ескере отырып), сондай-ақ жер снарядына бекітілген кемелердің жұмысына басшылық жасайды.

111. Жер снарядының командирі сондай-ақ:

1) жер снаряды жұмысының қауіпсіздігін;

2) алдағы жұмысты орындауға алынған тапсырманы командалық құраммен пысықтауды және экипаждың назарына жеткізуді;

3) жұмысты кезекшілік бойынша бөлуді;

4) зерттелетін учаскеде навигациялық жабдықтар белгілерінің жарамды іс-әрекетін бақылауды;

5) жүргізілу ережелеріне сәйкес жұмыс журналын және есеп пен есептіліктің басқа да құжаттарын жүргізуді қамтамасыз етеді.

112. Жер снарядының командиріне өндірістік-технологиялық қызмет мәселелерінде жер керуенінің құрамына кіретін зәкір ауыстырып қоюшылардың, брандвахталардың, баржалардың және басқа кемелердің жұмысы бағындырылған.

113. Жер снарядының командирі навигациялық жабдықтар белгілерін дұрыс орналастыруды және оның шекараларында жер снаряды жүмыс істейтін кеме жолының тазалығын қамтамасыз ету жөнінде жабдықтау учаскесінің қызметкерлеріне бұйрықтар береді.

114. Жер снаряды командирінің (багермейстерінід) бірінші көмекшісі, жер снаряды командирінің (багермейстерінің) аға көмекшісі.



 

§ 7. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі



 

115. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі жер снаряды командирінің орынбасары болып табылады, қолданыстағы тараудың «Капитанның аға көмекшісі» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды орындайды (кеменің міндетін ескере отырып).

116. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі сондай-ақ:

1) жер керуенінің жұмыс құрылғыларын (шөміш шынжырын, плаврефулерді) орнату және құрастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды, тіркеп суйреу кезінде керуеннің дұрыс бекітілуін қадағалайды, үлкен практикалық тәжірибені талап ететін, жауапты тағайындау жұмыстарына қатысады;

2) жер снаряды жұмысының технологиялық режимін әзірлейді және бекітуге ұсынады және оны жүйелі бақылайды;

3) жер снаряды жұмысының технологиялық режимін бақылайтын өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалайды.

 

§ 8. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі



 

117. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі тікелей жер снаряды командирінің бірінші көмекшісіне бағынады, қолданыстағы тараудың «Капитанның екінші көмекшісі» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды (кеменің міндетін ескере отырып) орындайды.

118. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі:

1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес меңгеруі бойынша оған кестемен бекітілген, палубалық тетіктерді техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының істен шығуын өзі немесе оған бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;

3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;

4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, өзінің меңгеруіндегі кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;

5) өзінің меңгеруі бойынша белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

6) ойықтың жұмыс және бақылау қақпақтарын орнатуды және олардың қолданылуын қамтамасыз етеді.

 

§ 9. Жер снаряды командирінің үшінші көмекшісі



 

119. Жер снаряды командирінің үшінші көмекшісі тікелей жер снаряды командирінің бірінші көмекшісіне бағынады, қолданыстағы тараудың «Капитанның үшінші көмекшісі» параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды (кеменің міндетін ескере отырып) орындайды.

120. Командирдің үшінші көмекшісі:

1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың Нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес меңгеруі бойынша оған кестемен бекітілген, палубалық тетіктерді техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;

2) өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;

3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;

4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, өзінің меңгеруіндегі кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;

5) өзінің меңгеруі бойынша белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;

6) құтқару шлюпкаларын, жұмыс қайықтарын дұрыс техникалық пайдалануды және ұстауды және оларды жабдықтауды қамтамасыз етеді;

7) су өлшеу бақылауларының журналын жүргізеді;

8) кеменің дәрі қорабын меңгереді.

 

§ 10. Шкипер



 

121. Өздігінен жүрмейтін кеменің шкипері кеме экипажының басшысы және кеме иесінің сенім білдірген адамы болып табылады, шкипер тікелей кеме иесіне бағынады және кемеде тәртіп сақтау, кемеге зиян келтіруді және ондағы адамдарға қауіп төндіруді болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.

122. Шкипер сондай-ақ:



1) кемені, кеме техникасын дұрыс техникалық пайдалануды және қызмет көрсетуді және кеме жабдықтары мен тасылатын жүктің сақталуын қамтамасыз етеді;

2) қолданыстағы ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкес жүкті қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырады;

3) тіркеп сүйреушінің капитанының өздігінен жүрмейтін кемені басқару жөніндегі нұсқауларын орындайды;

4) әрбір жүкті ауыстырып тиеу жұмысының алдында жүк көтергіш және қабылдаушы құрылғыларды тексереді;

5) энергетикалық және қазандық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз етеді;

6) кеме қажеттіліктері үшін құрал-сайман, материалдар, отын және су алуды және дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;

7) экипаж мүшелерінің жұмыс уақытының есебін жүргізеді;

8) кеме құжаттамасын және есептілікті жүргізеді.

 

§ 11. Шкипердің көмекшісі



 

123. Шкипердің көмекшісі тікелей шкиперге бағынады. Шкипер кемеде болмаған кезде шкипердің көмекшісі оның өкілеттіктерін пайдаланады және функцияларын орындайды.

124. Шкипердің көмекшісі:



1) шкиперге функцияларын орындауға көмектеседі;

2) кемені дұрыс тиеу-түсіруді және кемеге жүктерді орналастыруды қамтамасыз етеді;

3) такелаждық, балташылық, сырлаушылық және зәкірлік-шынжыр арқанды жұмыстарды орындайды;

4) меңгеруі бойынша өзіне кестемен бекітілген кеме техникасын дұрыс техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді.

 

§ 12. Механик



 

125. Механик капитанның кемені техникалық пайдалану жөніндегі орынбасары және механикалық және электротехникалық бөліктері бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж мүшелерінің тікелей бастығы болып табылады.

126. Механиктің кемені техникалық пайдалану мәселелері жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін кеме экипажының барлық мүшелері орындайды.

127. Механиктің қарамағында басты қозғалтқыштар, білік құбырлары және қозғаушы-рульдік кешен, көмекші тетіктер, жүйелер, электр жабдығы, машина бөлмелері, палубалық тетіктердің, құрылғылардың және тұрмыстық техниканың механикалық және электротехникалық бөліктері болады.

128. Механик машиналық бөлікке жататын қосалқы бөлшектер, құрал-сайман, материалдар және басқа да мүлік үшін материалдық жауапты тұлға болып табылады және олар бойынша есеп және түгендеу кітабын жүргізеді.



129. Механик:

1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды;

2) палубалық тетіктер мен құрылғыларға және корпустық құрылымдарға техникалық қызмет көрсетуді;

3) кезекшіліктер атқаруды сенімді ұйымдастыруды, жұмыстарды орындауды және өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын;

4) өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің кеме техникасын техникалық пайдалану жөніндегі ережелерді, қағидаларды, нұсқаулықтарды, басшылықтарды және басқа да құжаттарды зерделеуін;

5) меңгеру бойынша техникалық оқуды жоспарлауды және өткізуді;

6) кеме техникасына техникалық қызмет көрсетуді өткізудің күнтізбелік кестелерін жасауды;

7) техникалық қызмет көрсетуге басшылық жасауды және оның орындалуын қадағалауды;

8) машиналық бөлік бойынша жылу техникалық бақылау жүргізуді және нормативтік техникалық-экономикалық көрсеткіштерді орындауды;

9) кеме техникасының жарамсыздығын уақытында жоюды және оны жөндеуді экипаждың күшімен кемені пайдаланудан шығармай ұйымдастыруды, ал экипаждың күшімен жоюға болмайтын жарамсыздықтар анықталған жағдайда бұл туралы белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін капитанға хабарлауды;

10) техникалық пайдаланудың озық әдістерін енгізуді;

11) кеме техникасы капитанының рұқсатымен Кеме қатынасы тіркелімі және басқа да техникалық қадағалау органдарының куәландыруына уақытында ұсынуды;

12) жөндеу ведомостарын уақытында жасауды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, жөндеу жұмыстарының және бекітілген кеме техникасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың сапасын және көлемінің толықтығын бақылауды;

13) машина бөлмелерінде және өзінің меңгеруіндегі бөлмелерде өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды, өрт сөндіргіш және су теккіш сорғылардың, жүйелер мен құрылғылардың іс-әрекетке тұрақты даярлығын;

14) өтінімдер жасалуын, өзінің меңгеруі бойынша қосалқы бөлшектерді, құрал-сайманды, материалдарды, отын мен майлайтын майларды қабылдауды, есепке алуды және сақтауды, олармен жабдықталуын бақылауды;

15) өзінің меңгеруі бойынша кеменің техникалық құжаттамасын, іс қағаздарын және есептілігін жүргізуді және сақтауды;

16) күрделі жағдайларда жүзген кезде капитанның нұсқауы бойынша энергетикалық қондырғыны басқаруға басшылықты;

17) капитанның энергетикалық қондырғының жұмыс режиміне байланысты барлық өкімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Өкімді орындау кеме техникасының қатардан шығуына себеп болуы мүмкін жағдайларда, механик болжамды салдарлары туралы капитанды ескертуге және капитанның келесі өкіміне сәйкес іс-әрекет жасауға міндетті. Осындай өкімдер туралы машина журналында жазбалар жасалуға тиіс.

130. Механик экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске дайындауға және ұйымдастыруға қатысады және машина-қазандық бөлмелеріндегі өміршеңдік үшін күреске басшылық жасайды.

131. Егер кеменің қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе және оны қалыпты пайдалануды бұзбаса, механик кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан дербес шығарады.

132. Кемені жөндеуге қойған кезде, ұзақ тұрғанда, сондай-ақ сыртқы ауаның төменгі температурасы кезінде жүк операцияларын жүргізген уақытта механик кеме техникасының жібуін болдырмау мақсатында іс-шаралар және ескерту шараларын өткізуді қамтамасыз етеді.

133. Егер бағыныштылардан әлдекімнің іс-әрекеті кеме техникасының қатардан шығуымен қауіп төндірсе, механик бұл туралы капитанға хабарлап, ол адамды функцияларын орындаудан босатады.

134. Кеменің экипажсыз, бекітілген өздігінен жүрмейтін кемелермен жұмысы кезінде механик осы кемелерде кеме техникасын техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді.

135. Механик өзінің меңгеруіндегіні рейске дайындауды қамтамасыз етеді және белгіленген уақытта даярлық туралы капитанға хабарлайды.

136. Кемеге тағайындалған механик, белгіленген тәртіппен өзінің алдындағыдан кеме техникасын, отынды, майлайтын материалдарды, құрал-сайманды, қосалқы бөлшектерді және құрылғыларды, нормативтік техникалық құжаттаманы, командалық құрамның механикке бағынышты жауапты тұлғаларының баянаттарын, сондай-ақ өзінің меңгеруі бойынша іс қағаздары мен есептемені қабылдайды. Қабылдау-тапсыру туралы капитан бекітетін акт жасалады. Актінің бір данасы кемеде қалады, ал екіншісі кеменің иесіне жіберіледі. Қабылдау-тапсыру күні және уақыты машина журналында тіркеледі.



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет