Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысымен бекітілген



бет5/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.15 Mb.
#4038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


6-стратегиялық бағыт. Әділет органдары ұсынатын мемлекеттік қызметтердің сапасын, азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және білікті заң көмегіне қолжетімділікті қамтамасыз ету

6.1-мақсат. Әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызмет сапасын арттыру


Нысаналы индикатордың атауы, міндеттері және қол жеткізудің түпкiлiктi мерзiмi (кезенi) көрсетілген тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi


Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есепті кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

Нысаналы индикатор

1. Әдiлет органдары көрсететiн қызмет сапасына тұтынушылардың қанағаттануы.

Әлеуметтiк сауал

%

76

78,3%

Министрліктің тапсырмасы бойынша жергілікті жерлерде мемлекеттік қызметтердің сапасына әлеуметтік сұраунама жүргізілді. Мемлекеттік қызметтерді тұтынатын сұратылған респонттердің саны – 960, оның 40,1% - жаса 18-де 30-ға дейінгі, 35,4% - 31 жастан 45 жасқа дейінгі азаматтар.

Әлеуметтік сұраунаманың нәтижелері бойынша сұртылған 78,3% немесе 752 респонденттер әділет органдары көрсететін қызметтерді пайдаланғанына қанағаттанатынын хабарлады, 20,8% - жартылай қанағаттанғандар, 0,8% -қанағаттанбағандар.

Өңірлер бойынша, азаматтардың көпшілігі Ақтөбе, Атырауғ Қызылорда, Павлодар облыстарының және Алматы қаласы әділет органдарының жұмысына қанағаттанатынын айтады.






2. ЖБИ рейтингiндегi «Бизнестi бастау үшiн қажеттi рәсiмдер саны» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

ДЭФ есебi

орын

40

47

Дүниежүзілік банкінің «Doing Business» рейтингі көрсеткіштерінің жылдық есебі берілген индикатор бойынша елеулі өсуін көрсетеді.

Бұл ретте ҒИБ ДЭФ Есебіне сәйкес 2 т.және 3 т. индикаторлар бойынша жоспарлық көрсеткіштерге жетпеген.

Мәселенің қорытындысы, ол көрсетілген индикатордың бизнесті бастау үшін қажетті барлық кешенді іс-шараларды қамтуында (банк шоттарын ашу, мөр дайындау, лицензиялық-рұқсат рәсімдерін өту, кеңсенің орналасқан жерін анықтау, тіркеу алымдарын төлеу мен тіркеуге дейінгі іс-әрекеттер).

ҒИБ ДЭФ көрсетілген көрсеткіштері мемлекеттік құрылымдардың бірқатары орындайтын кешенді іс - әрекеттерді қамтиды

(Ұлттық Банк, Қаржы министрлігі, Ішкі істер министрлігі және тағы басқалар), оның ішінде тек қана біреуі заңды тұлғаларды тіркеу түрінде әділет органдардың қызметіне кіреді.

Тіркеу рәсімдерінің өзіне келсек, Әділет министрлігі оны жан-жақты жеңілдету және оңтайландыру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде.

Осыған байланысты, осы рәсімдерді әкімшілік және өзге де кедергілерді азайту және бюрократиялық тосқауылдардан құтылудың толық кешенді шараларын көздейтін, қабылдау сатысында тұрған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасын атап өту жеткілікті.

Жоғарыда айтылғанды ескере отырып, Әділет министрлігі 2 т.және 3 т. индикаторларды басқа мемлекеттік органдарға бекіту бойынша Қазақстан Респубикасының Премьер-Министріне 2012 жылдың 12 желтоқсандағы № 11-02-01/И-4588 хат жолдаған.



3. ЖБИ рейтингiндегi «Бизнестi бастауға қажет уақыт» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

ДЭФ есебi

орын

50

80

4. Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингiндегi «Кәсiпорындарды ашу» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.

Дүниежүзiлiк Банктiң есебi

орын

45

25




5. Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингiндегi «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша позицияны жақсарту

Дүниежүзiлiк Банктiң есебi

орын

26

28

Индекаторды зерттеу шегінде меншік иесінің жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеуге дейін өтуге мәжбүр барлық рәсімдердің жүйелігі бағаланады. Рәсімдерді бағалау әдіснамасының талдауы көрсеткендей, меншікті тіркеу тіркеуші органның құзіреттілігі шегінен шығады.

Сонымен қатар, рейтингте басты позицияларды алатын елдер тәжірибесі бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық тіркеуді ендіру қажеттілігін анықтайды.

Осылайша, жылжымайтын мүлікке құқықтарды электронды тіркеу және деректер базаларымен ыкпалдастыру қарастырылған Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингіндегі «Меншікті тіркеу» индикаторы бойынша позиция Қазақстанды жоғарылау көтеру мүмкіндік туғызу деп ойлаймыз.


6.1.1-мiндет. Әдiлет органдарының мемлекеттiк қызметтер көрсету процесiн оңтайландыру, олардың ашықтығы мен қол жетiмдiлiгiн қамтамасыз ету

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептілік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Әдiлет органдарының жалпы қызмет санынан әдiлет органдары электрондық форматта көрсететiн қызметтер үлесi.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi (қызметтердiң жалпы санына (қағаз түрiнде және электронды форматта) электронды форматта көрсетiлген қызметтердiң %)

%

20

Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті жалпы саны 9 322 195 қызмет көрсетті, оның 6 351 708 электрондық форматта көрсетілді

ЗТ тіркеу саласында

2012 жылы заңды тұлғаларды тіркеу саласында көрсетілген қызметтердің жалпы саны 235 283 құрайды, оның ішінде 47 977 анықтама электрондық түрде, 96 715 анықтама қағаз түрінде берілді, 20 249 шағын кәсіпкерліс субъектісі мәртебесімен және 1027 заңды тұлғаларды интернет-ртіркеу жасалынды



Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында 2012 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 8 120 679 құрайды, оның электрондық форматында – 6 295 564, қағаз нысанын – 1 825 115 қызмет.



АХАЖ саласында

Азаматтық хал актілерін тіркеу саласында 2012 жылы көрсетілген қызметтердің жалпы саны 959 239 құрайды, оның ішінде 791 654 актілік жазба тіркелді.

Электрондық формате 5600 қызмет көрсетілді, оның ішінде – 5190 некені тіркеуге он-лайн-өтініш берген, қағаз нысанында 786 054 қызмет көрсетілді.

Заң қызметін көрсету және лицензиялау саласында

Заң қызметін көрсету және лицензиялау саласында көрсетілген қызметтердің жалпы саны 6 994 құрайды.


Сот актілерін орындау комитеті 2012 жылдың қаңтарынан 1 желтоқсанына дейін 231 лицензия берілді, оның 23 лицензиясы қағаз түрінде және 208 лицензиясы электрондық құжат түрінде «Е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасы арқылы берілді.




2. Әдiлет органдарының автоматтандырылған қызметтер үлесi.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

61,5

Қазақстан Республикасы Үкіметтің «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2012 жылғы 29 ақпандағы № 273 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметтердің тізіліміне сәйкес әділет органдары 38 қызметінің ішінде 18 қызметі электорнды түрде көрсетіледі, тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету саласы бойынша 16 қызмет, сот-сараптама қызметі аясында – 1 қызмет, атқарушылық іс-жүргізуші бойынша – 1 қызмет

Минисртлік бойынша:

-Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен көрсетілген қызметтердің жалпы саны 30, сонын ішінде 17 яғни, 56,6% электрондық түрде көрсетілтің қызметтер.

Заңды тұлғаларды тіркеу саласында 6 электрондық қызмет жүзеге асырылды (оның ішінде 4 анықтама беру) .

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында

Барлығы саны 10, оның ішінде электронық форматта көрсететін 3.

АХАЖ тіркеу туралы саласында

Барлығы саны 10, оның ішінде электронық форматта көрсететін 6.


- Сот актілерін орындау комитетімен 1 қызмет электронды және қағаз нұсқада көрсетіледі




3. Бизнестi тiркеумен байланысты операциялық шығындарды (рұқсаттарды, лицензияларды, сертификаттарды, аккредитацияларды алумен, кеңестердi алумен) 2011 жылмен салыстыру бойынша уақыт пен шығынды қоса отырып, 2011 жылға қарай 30% және 2015 жылға қарай тағы да 30% төмендету.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

%

20

2012 жылдың 24 желтоқсанында мемлекет Басшысымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына қол қойды

Заң төмендегілерді қарастарады:

- электрондық тіркеуді енгізу арқылы шағын кәсіпкерлікті тіркеудің хабарлама тәртіпке ауысу;

- жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерін тіркеу мерзімін 1 күнге дейін азайту;

- куәліктің қағаздағы нысанның орнына электронды анықтама енгізу;

- жеке кәсіпкерліктің субъектілерін тіркеу кезінде жарғыны ұсыну талабын алып тастау;

- заңды тұлғаның мекен-жайын растайтын қағаз нысанындағы құжатты, салық органдарының қағаз нысандағы анықтаманы және т.б. ұсынуды алып тастау.

Одан бөлек, Заң кіші кәсіпкерлік мәртебесімен заңды тұлғалардың тіркеу ретін, сонымен қатар кәсіпкерлік әрекет бастамасы туралы тіркеу органына хабарлама ұсынған сәттен бастап кәсіпкерлік әрекетінің бастамасы мүмкіндігін жобалап түсіндіреді.







Тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар

Есептілік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

1. Мiндеттi тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлi тiзiлiмiн енгiзу бойынша бiрыңғай республикалық ақпараттық жүйе құру

Қазіргі таңда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу бойынша бірыңғай республикалық база жасалды.

2012 жылдың 27 желтоқсанында аталған базаны енгізу жұмыстары аяқталды.

«Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдігін тіркеу» мемлекеттік қызметін одан әрі дамыту мақсатында, ағымдағы жылдың 18 мамырында ҚР Премьер-Министрінің Орынбасары Е.Т. Орынбаевпен тұрғындардан осы қызметті көрсеткенде талап ететін құжаттардың санын қысқарту, бизнес-үдерістерді оңтайландыру бойынша 2012-2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Осы жоспарға сәйкес қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Әлеуметті-маңызды мемлекеттік қызметтердің сұрақтары бойынша ҚР кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобасымен (әзірлеуші ККМ) жылжымайтын мүлік кепілін электронды тіркеу бойынша нормалар қарастырылған, бүгінгі таңға, аталған заңнаманың жобасы Елбасының бекітілуіне жолданды.

Жеке және заңды тұлғалар екінші деңгейдегі банктермен кепіл туралы немесе кепіл туралы мәлімет бар басқа да шарт жасағанда, банк жеке және заңды тұлғаның жылжымалы мүлік кепілінің тіркеуге жазбаша келісімі негізінде электронды режимде тіркеуші органның ақпараттық жүйесіне кепіл ұстаушының электронды санды қолтаңбасымен расталған өтінішті жолдайды.

Өтінішке кепіл ұстаушы және кепіл берушінің электронды санды қолтаңбасымен расталған электронды құжат нысанындағы жылжымалы мүлік кепілі туралы шарт ұсынылады, жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін бюджетке түсетін алымды растайтын құжат туралы мәлімет пен реквизиттері көрсетіледі.

Тіркеуші орган (Жылжымайтын мүлік орталықтары) электронды құжат нысанындағы қоса берілген құжаттармен жылжымалы мүлік кепілін тіркеу туралы өтінішті тіркейді немесе тіркеші органның электронды санды қолымен расталған тіркеуден бас тарту туралы негізделген жауап жолдайды.

Басқа мемлекеттік дерек қорларынан жеке және заңды тұлғалардың сәйкестендіру деректрін алу және екінші деңгейдегі банктердің ақпартаттық жүелерімен несиелік келісім шарттар туралы мәлімет алмасу мақсатында аталаған іс-шара мен «міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» дерек қорын ықпалдастыруы қарастылырған.

Халыққа қызмет корсету орнының  ақпатарттық жүйесін мен «міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу» дерек қоры ықпалдастырылған жағдайда,  «электрондық үкімет шлюзі» арқылы МДҚ «ЖТ» және МДҚ «ЗТ» арызданшылармен төлқұжаттардың және заңды тұлғаның тіркелу куәлігі көшірмелері ұсынынуы қажет болмайды.





2. «АХАЖ» тiркеу пунктi бағдарламасын пысықтау.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Заңына сәйкес, азаматтық хал актілерін тіркеу АХАЖ ТП ақпараттық жүйесі арқылы тіркеледі. Осыған байланысты жыл сайын ақпараттық жүйені жетілдіру жұмысы жүргізіледі.

2012 жылы келесі жұмыстар жоспарланды және іске асырылды:

-  «Азаматтық хал актілерді тіркеу куәліктеріне жүйеде қосымшалар мен толықтырулар «Неке (ерл-зайыптылық)- отбасы туралы» Кодекстің қабылдануына байланысты»

-  «Қайта қарау функциясы Басқа аймақтарға мәліметтерді жолдау үшін файлдарды скайнерлеп «Хабарлама» жіберу»

- «АХАТ ҚЖ пен ҚР ДМ МСС қайтыс болу туралы медициналық куәлікті қабылдау/өткізу бөлімі туралы»

- «АХАТ ҚЖ мен ҚР ДМ МСС жүйесін қайта қарау анасының ЖСН-сіз туу туралы медициналық куәлікті қабылдау/өткізу бөлімі туралы»

Есеп туралы бөлім қайта қарау ата-анасының ортақ балалары туралы мәліметтері;

Қайта қарау есебі бойынша АХАТ ҚЖ қолмен енгізілген қайтыс болған адамдар туралы мәліметтер басқа мемлекеттік органдарға (ГЦВП ж/е)т.б;

- Онлайн қызметі бойынша есеп алу

Есеп кезеңін қайта қарау

- АХАЖ АЖ мен АХАЖ электронды мұрағаты АЖ ықпалдасу;

- АХАЖ АЖ және ҚР Жоғарғы сотының АЖ ШЭП арқылы әке болуды анықтау, бала/қыз асырап алу жағдайлары бойынша ықпалдасу;

- АХАЖ АЖ сұраныстарының конструкторы;

- ХҚКО АЖ мен АХАЖ АЖ ықпалдасуы ( неке қию туралы, Т.А.Ә атын ауыстыру, қайтыс болу туралы, бала/қыз асырап алу, әке болуды анықтау).

- АХАЖ АЖ мен ЖТ МДҚ жеке тұлға туралы мәліметтер алу (қайтыс болу, із-түзсіз жоғалу, тергеуден жасырыну, із түзсіз болмау, қабілетсіз, қабілеті шектеулі)





3. «АХАЖ электрондық мұрағатын және «Жылжымайтын мүлiк регистрi» электрондық мұрағатын сүйемелдеу бойынша қызметтер.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында

Әділет министрлігі және «Софт партнер» ЖШС мен 2012 жылғы 21 ақпанында №33/к шарт жасалынды қызмет шығарып салу бойынша және электрондық мұрағатты информациялық жүйесін дамыту туралы.

Осы процесстің мәні әділет департаменті жылжымайтын мүлік мұрағатының (тұрғын, тұрғын емес және өнеркәсіпт қорлардың) кезең-кезеңмен цифрлеуі (қағаз түріндегі құжатты электрондыққа ауыстыру). Құжат цифрлеуінен кейін, құжат бейнесі танылады және ГБД РН-ің жазуларына байланыстырылады.

Әділет министірлігі Астана, Алматы қалалары және Шығыс - Қазақстан облыстарының әділет департаменттерінде жылжымайтын мүлік мұрағатын бұқаралық сканерлеу бойынша шаралар жоспарланған.

Осы уақытта Павлодар облысы Әділет Департаментінде мұрағатық істері сканерленді, сонымен қатар Астана, Алматы қалалары және Шығыс - Қазақстан Әділет департаменттерінде құжат бейнесі танылады және ЖМҚ МТ-нің жүесіне байланыстырылады осындай жұмыстар жалғастыруда.

АХАЖ тіркеу туралы саласында

2012 жылғы 21 ақпанда «F.T.N» ЖШС «Е-АХАЖ мұрағаты» желісін әзірлеу бойынша №34 келісім-шарт жасалды.

Келісім-шартқа қол қойылған күннен бастап келесі жұмыс атқарылды.

А.ж. 26 наурызында Жауапты хатшының бұйрығымен желіні әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылды және желіні құру жобасының Кесте-жоспары бекітілді.

А.ж. 11 сәуірінде Желіні әзірлеу бойынша техникалық талаптар бекітілді.

А.ж. 13 сәуірінде «Есептілікті қалыптастыру», «Нормативті-анықтамалық ақпарат» модульдері бойынша көрсетілім жүргізілді.

А.ж. 27 сәуірінде «Деректерді енгізу», «Іздеу», «Әкімшілік ету» модульдері көрсетілді.

А.ж. 10 мамырында Жауапты хатшының 08.05.2012 ж. № 180 бұйрығы негізінде желіні тәжірибелік пайдалануға тәжірибелі түрде енгізу аймағы – Астана қаласы айқындалды. 14 мамыр мен 30 мамыр кезеңі аралығында «F.T.N» ЖШС қызметкерлерімен Астана қаласы әділет департаментінде желіні тәжірибелі түрде пайдалану бойынша жұмыстар жүргізілді, сондай-ақ департамент қызметкерлері оқытылды.

А.ж. 15 мамырынан бастап «Е-АХАЖ мұрағаты» желісі тәжірибелі пайдалануға енгізілді.

А.ж. 4 маусымынан бастап ҰАТ АҚ бірлесе «Е-АХАЖ мұрағаты» желісінің тұсаукесері және қабылдау тәжірибелері өткізілді.

А.ж. 28 тамызынан бастап актілік жазбаларды сканерлеу үшін құрал жабдықтар сатып алу үшін тендер жарияланды. Бірақ, аталған конкурс өткізілмеді деп танылды.

Осыған байланысты, игерілмеген ақшалай қаржы республикалық бюджетке қайтарылды.






4. Мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу

Үкімет қаулысымен 2012 жылғы 6 қыркүйекте №1160 Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитетімен қызмет көрсету стандарттары бекітілген.

ҚР Әділет министрілігі бұйрығымен келесі регламенттер бекітілді:

«Электронды мемлекеттік қызметтер регламентін бекіту туралы» № 389 2012ж.29.11;

«Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы «Мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 235 бұйрығына өзгерістер мен түзетулер енгізу және азаматтық хал актілері саласы бойынша мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы» № 390 2012ж.29.11;

«Мемлекеттік қызметтердің регламентін көрсету туралы және 2011ж.27.06 № 235 «Мемлекеттік қызмет көрсету регламентін бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» 2012ж.29.11 № 391;

«Заңды тұлғаларды тіркеу саласындағы мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» 2012ж.29.11 № 392.

Казіргі таңда Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы № 2121 «Мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттарын бекіту туралы» қаулысына өзгерсітер енгізу туралы жұмыстар жүргізіліп, (2012ж.28.11) мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді.

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласында мемлекеттік қызмет регламенттерінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жолданды.






6.1.2-мiндет. Кәсiпорындар мен меншiктi тiркеу саласында елдiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру

Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

Есептілік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

4

5

6

1. Жылжымайтын мүлiк құқықтарын тiркеу үшiн бұрын өтiнiш берушiлер ұсынған құжаттар саны (2011 жылға қатысты)

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

Саны

9

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу үшін қажетті етілетін құжаттардың саны – 9.




2. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесi бар заңды тұлғалардың дайын құжаттарын беру мерзiмдерiн қысқарту.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

Жұмыс күндерi

4

2012 жылдың 24 желтоқсанында Елбасымен жеке кәсіпкерлік субъектілерін 1 жұмыс күніне ,ал хабарлау тәртібінде 30 минутқа дейін тіркеу мерзімдерін қысқартатын Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына қол қойылды.





3. Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi мәртебесi бар заңды тұлғаны тiркеу үшiн құжаттар саны.

Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi

бiрлiгi

4

2012 жылдың 24 желтоқсанында Елбасымен Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңына қол қойылды, кәсіпорынды ашу үшін төмендегі құжаттарды қысқартуды қарастыратын:

-жеке кәсіпкерлік субъектілерін тіркеу барысында жарғыны ұсынуды талап етуді ң күшін жою;

-заңды тұлғалардың мекен-жайын растайтын құжаттарды, салық органдарынан қағаз түріндегі анықтамаларды және басқада талап етудің күшін жою.





Тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар

Есептілік кезең

Орындалмау себептері

2012 жылғы жоспар

2012 жылғы деректері

1

2

3

1. Индикаторларды жақсарту бойынша қайта құруды өткiзудiң озық тәжiрибесi бар елдердiң халықаралық тәжiрибесiн зерделеу

Бекітілген индикаторлар бойынша позицияны жақсарту мақсатта әлемдік рейтингтерде неғұрлым жоғары позицияларды алатын шет мемлекеттердің тәжірибелері Қазақстан Республикасында берілген тәжірибені қолдану мүмкіндігі пәніне зерттелген.

«Кәсіпорындарды ашу» индикаторы бойынша Қазақстан 2012 жылы жетістіктерге жетті (25 орын өткен жылдың 55 орынға қарағанда).

Рейтингтде жетекші позицияларды алатын шет мемлекеттердің тәжірибесін зерттеу (Сингапур, Гонконг, Жаңа Зеландия, Норвегия, Ұлыбритания, Корей Республикасы, Грузия және Австралия) әлемдік рейтингтерде позицияларды жақсарту үшін төмендегілер қажет екенін көрсетеді:

- заңды тұлғаларды онлайн тіркеуді енгізу;

- электрондық тіркеуді енгізу арқылы шағын кәсіпкерлікті тіркеудің хабарлама тәртіпке ауысу;

- тіркеу мерзімдерін қысқарту.

Басқа мемлекеттердің тәжірибелері Әділет министрлігімен әзірленген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңында қарастырылған, аталған Заң ҚР Парламентінің Сенаты а.ғ. жылдың 21 қарашада қабылдады.

А.ғ. жылдың 24 желтоқсанда Ел басы Заң жобасы бекітілді.

Аталған Заңын жүзеге асыру бизнесті ашу рәсімдерінің талаптарын төмендетеді және сәйкесінше әлемдік рейтингтерде жағымды алуы тиіс.
«Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша Қазақстан 2012 жылы шынында 28 орын алды (26 жоспар бойынша)

Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтенгі «Меншiктi тiркеу» индикаторы бойынша озаттық орындар алды: Грузия (1), Жаңа Зеландия (2), Беларус Республикасы (3), Армения (4), Азербайджан (9).

Республиканың Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, сонымен бірге «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының жылжымайтын мүлікке құқықтарды электрондық түрде тіркейтін бөлігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді 2012 жылда 27 сәуірде.

Аталған Заңын жүзеге асыру меншiктi тiркеу рәсімдерінің талаптарын төмендетеді және сәйкесінше әлемдік рейтингтерде жағымды алуы тиіс.






2. Бұқаралық ақпарат құралдарында заңды тұлғаларды тiркеу рәсiмдерiн оңтайландыру бойынша қабылданған шаралар туралы түсiндiру жұмыстарын жандандыру.

Заңды тұлғаларды тіркеу рәсімдерін оңайлату бойынша шаралар туралы түсіндіру жұмыстары аясында аумақтық әділет органдарының жоспарларымен радиода, теледидарда көрсету, брифингтер және семинарларды өткізу, ақпараттық материалдар әділет органдардың, ХҚКО, салық органдардың ғимараттарларда орналастыру қарастырылған.

Бүгінгі күні аумақтық әділет органдармен 165 астам БАҚда көрсетілімдер ұйымдастырылған, мемлекеттік органдардың және кәсіпкерлердің қатысуымен 15 семинар өткізілген, ақпараттық материалдар әділет органдардың ғимаратында орналастырылды.

Қазақстан сайтарының бір қатарында және әділет органдарының ресми сайтарының беттерінде Заңды тұлғаларарды мемлекеттік тіркеу және элеткрондық кызметтер саласында жана Заң бойынша 15 мақала жарияланды.

2012 жылдың 26 және 27 қарашада Zakon.KZ и Locman.kz сайтарында Әділет министрлігімен Заңды тұлға тіркеуді оңайлату бөлігінде қабылдаңған шаралар туралы ТКЖҚКК Комитетін төраға орынбасарының мақаласы жарияланған.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет