Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысымен бекітілген



бет9/10
Дата23.02.2016
өлшемі1.15 Mb.
#4038
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


Тәуекелдердi басқаруды талдау


Ықтимал тәуекел атауы

Тәуекелдердi басқару жөнiндегi шаралар қабылданбаған жағдайда ықтимал салдары

Тәуекелдердi басқару бойынша iс-шаралар

Тәуекелдердi басқару бойынша iс-шаралардың орындалуы

Орындалмау себептері

1

2

3

4

5

Сыртқы тәуекелдер

Дүниежүзiлiк экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабiлеттiлiк индексi және Дүниежүзiлiк Банктiң «Doing Business» рейтингтерiнде Қазақстан позициясының төмендеуi.

Жоспарланған көрсеткiштерге қол жеткiзбеу.

Кең ауқымды ақпараттық-құқықты  жұмыс жүргiзу және азаматтық қоғам мен бизнес-орта өкiлдерi iшiнен халықаралық рейтингтердiң респонденттерiмен өзара iс-қимыл жасау.

2012 жылы әділет аумақтық органдары мүдделі мемлекеттік органдары, қоғамдық және басқа да ұйымдарды, сонымен қатар, зияткерлік меншіктерді өз қызметінде қолданатын кәсіпкерлердің қатысуымен 1465 семинарлық дәріс, 1010 «дөңгелек стол» өткізілген, радио және телеарнада 725 бағдарламалар, периодикалық басылымдарда 945 мақала жарық көрген, әр түрлі үйымдар мен оқу мекемелерінде 7117 лекциялық дәріс өткізілген.

8-9 ақпанда лицензиялық өнімді контрафактіден айыру мәселелері бойынша оқыту семинары жүргізілді. Семинар аумақтық әділет органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдары, кеден органдары, және сот сарапшылары үшін ұйымдастырылған. Сонымен қатар, семинарда құқық иелері мен олардың өкілдері қатысқан: «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі Қазақстан қауымдастығы» ЗТҰ, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС; «Алматыкітап» Баспасы» ЖШС; «Келешек – 2030» ЖШС; «Фарммединдустрия» және Қазақстан кондитерлері қауымдастығы; «НР» ЖШС; «Майкрософт», NOKIA және басқа да корпорациялардың өкілдері. Олар өздерінің шығаратын өнімдерінің контрафакттен айыру ерекшеліктерімен құқық қорғау, әділер органдарының және Сот сараптамасы орталығының қызметкерлерін таныстырды.

Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар зияткерлік меншікті адекваттық қорғау және осы жұмысты аумақтарда белсендіру бойынша ұсыныстарды қабылдады.



9 ақпанда Парламент депутаттарының, Қазақстанның Интернет Қауымдастығы, Авторлық және сабақтас құқытарды қорғау жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы өкілдерінің, сонымен қатар, әйгілі авторлар мен орындаушылардың шақыруымен және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Интернет желісінде пресс-конференция өтті. Пресс-конференция шеңберінде 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енген «Зияткерлік меншікті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен тодықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңының кейбір ережелері түсіндірілді. Интернет желісінде шығармаларды заңсыз көшіру, орналастыру және тарату жөнінде түзетулер, пайдаланушылардың Интернет желісіне шығармаларды заңсыз орналастыруы бойынша жауаптылығы туралы түзетулер талқыланған.

14 наурызда зиятерлік меншікті қорғау жөнінде бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференцияның жұмысына Қазақстанның барлық аумақтарынан оқу мекемелерінің, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы творчестволық кеңестердің, кіші және орта кәсіпкерлікің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аумақтық әділет органдарының, Комитеттің, Ішкі істері министрлігінің криминалдық полициясының және Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қары полициясы) қызметкерлері қатысты.

Бейнеконференцияның мақсаты – пікір сұралушының назарына авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау мәселелерін жеткізу, сонымен қатар, оларға Қазақстандағы авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын адекваттық қорғау туралы ақпаратты мәлімет ету.

Конференция барсында қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты, сонымен қатар, өздерінің қойған сауалдарына жауаптарын алды.

Одан басқа, «СТВ», «7 канал», «Астана», «КТК» және «Алмты» аумақтық телеарналарына «Зияткерлік меншікті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен тодықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңының кейбір ережелерін түсіндіру бойынша интервью берілді. «Альфа» және «Компьютеры, интернет, телекоммуникации» газеттерінде «Антипиратская политика» және «Интеллектуальное пиратство» атты мақалалар жарық көрді, «Голос республики» газетінде 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңды түсіндіру басылды.



19 наурызда Парламент Мәжілісінің депутаты А.А. Әбеновтың, С.Ю. Романовскаяның, баспаргер, автор Т.Б. Төлегеновтің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткен «Авторлық құқықтар: интернет, фильмдер, музыкалық композициялар» атты тақырыппен «Астана» телеарнаның «Открытая студия» атты ток-шоуға Комитет Төрағасының орынбасары Ш.Т. Абдреева қатысты. Бағдарлама шеңберінде Интернет жүйесінде авторлық құқықтарды қорғау мәселелері және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.

26 наурыз – 17 сәуір аралығында Tengrinews.kz порталында Комитет Төрағасының катысуымен интернет-конференция өтті. Келіп түскен барлық 20 сұраққа барынша толық жауап берілді. Қойылған сұрақтардың көбі зияткерлік меншік, оның ішінде Интернет жүйесіндегі авторлық құқық объектілерін пайдалану саласындағы кейбір заң актілеріне кейінгі өзгерістер мен толықтырулар жөнінде болды.

20 сәуірде Алматы қаласының Әділет департаментінде Комитет Төрағасының қатысуымен «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларына құқықтарды қорғау» тақырыпта семинар-кеңес өтті. Семинарға мемлекеттік мына органдардың: Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Алматы қаласының қаржы полициясы, Кеден комитетінің және авторлық қоғамдар және заңды тұлғалардың - кәсіпкерлердің қауымдастықтарының және басқа да заңды тұлғалардың өкілдері, патенттік сенімді өкілдері: «Бюро Плис» ЖШС, «БМФ Групп» ЖШС, «Алчимбаева және серіктестері» ЖШС және басқалары шақырылды. Семинардың өткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді, семинарға «Қазақстан», «Алматы», «31 канал» ТА, «Вечерний Алматы», «Дала мен қала» газеттерінің, «Кazakhstan today» АА, «ҚазТАГ» Информбюросының, «Tengrinews» интернет-порталының журналисттері қатысты.

26 сәуірде Тараз қаласында Жамбыл облысының Әділет департаментінің көмегімен «ҰЗМИ» РМҚК-ның Оқу орталығы «Өнертабыс өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде. Шетелдік патент беру. Коммерциализациялау және өнеркәсіпке енгізу мақсатында өнеркәсіптік меншік объектілерін қолдану». Шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне ұштастырылған.

26 сәуірде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде авторлардың, орындаушылардың және фонограммаларды өндірушілердің мүліктік құқықтармен ұжымдық басқару бойынша ұйымдармен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске Қаржы министрлігінің Салық комитеті қызметкерлері және ұжымдық негіздегі мүліктік құқықтардың басқаратын мына ұйымдардың өкілдері қатысты: «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау жөніндегі коммерциялық ұйым», «Қазақ әуендерін орындаушылары», «Қазақстандық авторлық қоғам», «Абырой» авторлық қоғамы». Осы кеңесте авторлық құқық туралы заңнамада, оның ішінде авторлар мен құқық иеленушілерге зейнеттендіруші жинау және төлеу, көрсетілген ұйымдардың Интернет-ресурстарының жұмыс істеуі, ұйымдардың қызметі жөнінде есептілікті дер кезінде және сапалы ұсыну туралы мәселелері талқыланған.

Заңнаманы жетілдіру, құқық түсіндіру жұмыстары, зияткерлік меншік саласы бойынша құқық бұзушылықтарды айқындау мен бұлтартпау, халықаралық ынтымақтастық жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 13 сәуірегі №253 бұйрығымен 2012 жылға арналған зияткерлік меншік құқығын қорғау саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Көрсетілген жоспарды орындау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 40 мақала жарық көрген, зияткерлік меншік қорғау мәселелері бойынша орта, орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында, жұртшылық әлеуметке 47 дәріс оқылды,зияткерлік меншік құқықғын қорғау мәселелері бойынша 9 семинар өткізілді, авторлардың, құқық иеленушілермен, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 20 «дөңгелек стол» жүргізілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өткізілетін «Юстиция кеңес береді» акция шеңберінде азаматтармен зияткерлік меншік құқықғын қорғау саласы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.



29 маусымда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде дөңгелек үстел өтті.

Ол дөңгелек үстелге шығаршылық одақтардың өкілдері, қоғамдық негізінде басқаратын ұйымдардың және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.

Өткізілген дөңгелек үстелде авторлық объектілерін жасайтын шығармашылық адамдардың проблемалары қозғалды, оның ішінде авторлық объектілерді щарт жасаусыз қолдану туралы мәселелер қозғалды, жекелегенде Интернет жүйесінде.

2012 жылғы 13-14 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (бұдан әрі – ДЗМҰ) және Репрография құқықтары жөніндегі халықаралық федерациясымен (бұдан әрі – IFRRO) бірлесіп Мәтіндік және бейнелеу жұмыстарына құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі халықаралық семинар өткізді, оның мақсаты репрографиялық көшірме кезінде авторлардың және баспалардың құқықтарын жүзеге асыру мәселелрін бойынша халықарлық тәжірибені зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең дұрысы ұжымдық негізінде басқару болып табылады.

2012 жылғы 20-21 қыркүйекте Петропавл қаласында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұйымдастыруымен  республикалық семинар өткізілді.

 Семинардың мақсаты зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша іс-шаралар өткізу кезінде әділет органдары мен құқық қорғау органдарының қызметінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау болды.

Семинарда зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы құқық қолдану тәжірибесі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелері қарастырылды.

Ағымдағы жылғы 8 Қарашада, Комитет Төрағасы А. Естаевтің басшылығымен, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары өкілдерінің қатысуымен авторлар мен құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді.

Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының қызметін жүзеге асыру барысындағы өзекті мәселелерін шешу осы іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, сыйақы мөлшерін азайту жөнінде, авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі бірыңғай сот тағылымдамасына, құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласына өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар енгізді.

Ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет департаменттерінің зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлім қызметкерлерінің, ішкі істер және кеден органдары қызметкерлерінің, оқу орындары, жазушылар шығармашылық одағы, шағын және орта бизнес, құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі бейнеконференциясын өткізеді.

Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингтерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша мемлекеттік органдар атқаратын жұмыс туралы көпшіліктің назарына жеткізу осы бейнеконференцияның мақсаты болып табылады.

Аталған іс-шараның барысында аумақтық әділет органдары, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарған жұмысы туралы мәлімет жарияланатын болады.





Iшкi тәуекелдер

Әдiлет министрлiгi жүйесiнiң жаңа жағдайда тиiмдi жұмыс iстеуi үшiн қажет мемлекеттiк органдардың тиiстi шешiмдер мен нормативтiк құқықтық актiлердi уақтылы қабылдамауы.

Норма шығару қызметiн жетiлдiрудiң берiлген параметрлерiне қол жеткiзбеу.

Мемлекеттiк органдардың заң жобалау қызметiн үйлестiру.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1680 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған 34 заң жобасын әзірлеуді (түзетулерге сәйкес). көздейтін Жоспары (бұдан әрі - Заң жобалау жұмыстарының жоспары) қабылданған.

Заң жобалау жұмыстарының жоспарымен көзделген барлық заң жобалары әзірленген.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар 2012 жылы ҚР |Президентінің тапсырмаларын және оның Жолдауын, Президент Әкімшілігі басшылығының, Үкіметтің тапсырмаларын іске ассыруға бағыцтталған 14 жоспардан тыс заң жобаларын (2011ж.- 22) әзірлеген.

Президенттің 2012 жылғы 30 қаңтардағы жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарымен 7 заң жобасын әзірлеу көзделген, с.і. Министрлік 4 заң жобасы бойынша әзірлеуші болып белгіленген (төрелік және аралық соттардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша, жекелеген қаржы-экономикалық құқық бұзушылықтарды одан әрі қылмыссыздандыру мәселелері бойынша, «Жеке детективтік қызмет туралы»).

Үкіметтің заң жобалау жұмысының үйлестірушісі ретінде Министрлік заң жобалау жұмысын жетілдіру, мемлекеттік органдар әзірлеген заң жобаларының сапасын арттыру жөнінде жүйелі негізде жұмыс жүргізеді.





Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ мемлекеттiк басқарудың жергiлiктi органдарының өздерiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн қолданыстағы заңнама нормаларына сәйкес келтiру бойынша уақтылы шаралар қабылдамауы.

Прокурорлық ден қою актiлерiн енгiзу.

 


Орталық және жергiлiктi уәкiлiктi мемлекеттiк органдарда олардың нормативтiк құқықтық актiлердi шығаруға, қолдануға, мемлекеттiк тiркеу мен жариялауға қатысты заңнаманы сақтау бойынша тексеру жүргiзу арқылы ведомстволық және өңiрлiк норма шығаруды бақылауды жүзеге асыру.

Мемлекеттік органдар заңнаманың жай-күйі туралы ақпаратты жинау, бағалау, талдау бойынша, оның даму динамикасының болжамы және қолдану практиксы бойынша жұмысты тұрақты негізде жүргізеді. Бұл Қазақстан Республикасы заңнамасының ескірген, сыбайлас жемқорлықты және қайшы келетін құқық нормасын тиімді анықтауға мүмкіндік береді.

Министрлік, өз кезегінде, мемлекеттік органдардың құқықтық мониторингті жүргізуді тиісінше ұйымдастыру бойынша әдіснамалық жұмыс жүргізеді, сонымен қоса құқықтық мониторингті жүргізу жөнінде әдістемелік ұсынымдар әзірленді, құқықтық мониторинг жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер бойынша бірқатар семинар-кеңестер өткізілді.

Есептік кезеңде жүргізілген тексерістер, заңға тәуелді актілер мониторингі және оларды салыстырып тексеру нәтижелері бойынша заңсыз қолданылған 1524 НҚА (2011 ж.- 2017) (Министрлікпен – 281, аумақтық әділет органдарымен – 1243) анықталды және Заңды бұзушылықты жою туралы 1156 НҚА қатысты 547 (2011 ж.- 551) (Министрлікпен – 27, аумақтық әділет органдарымен – 520) ұсыным енгізілді, 58 (2011 ж.- 73) әкімшілік іс жүргізу қозғалды.

Қазіргі уақытта заңнамалық қателер мониторингін, соның ішінде заңнаманың жалпы мониторингі шеңберінде заң-техникалық қателер мониторнгін енгізу мәселесі пысықталуда.

Бұл шаралар жекелеген заң жобаларының тұжырымдамалық кемшіліктерін, олардың жеткілікті пысықталмағандығын, оларды іске асыру кезіндегі айқын мәселелерді жоюға, кодекстерге кодификацияланған актінің құрылымдық бірлігін ескермей түзетулер енгізу практикасын болдырмауға мүмкіндік береді.





Министрлiктiң бiлiктi мамандарының аса тартымды ұйымдарға кетуi (жоғары жалақы, қолайлы еңбек жағдайы, нормаланған жұмыс кестесi және т.б.).

Әдiлет министрлiгiнiң кәсiби мүмкiндiктерiнiң күрт төмендеуi.

Еңбек жағдайларын жетiлдiру, қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн арттыруды ынталандыру.

2012 жылы Қазақстан Республикасының әділет Министрлігінде еңбекке ынталандыруды жоғарлату мақсатында келесі іс-шаралар жүргізілді:

  1. Мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби және қызметінің өсу шартары жасалуда. Тек Министріліктің орталық аппаратының ішінде 2012 жылы жоғарғы лауазымдарға 31 қызметкер өтті.

  2. Министрліктің ведомстволық наградаларымен марапаттау – бұл белгіленген жүйеде орталық аппарат, комитет, аумақтық және ведомствоға бағынысты ұйым қызметкерлері, әділет органның ардагерлері, сонымен қатар басқада өз тарапынан әділет органың дамытуға үлес қосқан 570 адам марапатталды.

  3. Қаржылық көтермелеу – қызметкерлерге ақшалай сыйлықтар берілді (тоқсан сайынғы, мемлекеттік және кәсіби мейрамдарда).

  4. Әлеуметтік кепілдік – 2012 жылы әділет Министірлігінің Тұрғын үй комитетімен қызметкерлерге:

  • 2 бірлік үй жалға берілді;

15 бөлме жатақханадан бөлінді.

Жалпы Министрлік бойынша 360 қызметкер кәсіби қызметінің деңгейін көтеру курстарын өтті







Компьютерлiк жүйенiң iстен шығуы.

Деректер қорының жоғалуы.

Әдiлет министрлiгiнiң компьютерлiк жүйесiн қорғау шараларын қабылдау. Әдiлет министрлiгiнiң деректер қорының резервтi көшiрмелерiн құру мәселелерiн пысықтау.

МДБ ақпараттық жүйелері СУБД Oracle базасында жұмыс істейді. Осыған орай Министрліктің ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау басқармасы мен жетекші әлемдік вендер бағдарламалық қамтамасыздандыруды әдірлейтін Oracle бірлесіп ақпараттық қауіпсіздігіне тексеріс өткізілді. Тексеріс нәтижесінде ақпараттық қауіпсіздік механизмдерін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірленген.

МДБ ақпараттқ қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 2012 жылдың 15 наурызында ЖШС «Direct Solution» компаниясымен Oracle бағдарламалық комплексін жеткізуге келісім шарт жасалды. 2012 жылдың 24 мамырында жеткізілім жүзеге асырылды








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет