5-стратегиялық бағыт. Дүниежүзілік сауда ұйымының және Дүниежүзілік зияткерлік меншігі ұйымының нормаларына сәйкес зияткерлік меншік құқықтарын қорғау
5.1-мақсат. Зияткерлiк меншiктi дамыту үшiн Қазақстанда қолайлы жағдай қалыптастыру
Осы мақсатқа қол жеткiзуге бағытталған бюджеттiк бағдарламаның коды – 007
Нысаналы индикатордың атауы, міндеттері және қол жеткізудің түпкiлiктi мерзiмi (кезенi) көрсетілген тiкелей нәтижелер көрсеткiштерi
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есепті кезең
|
Орындалмау себептері
|
2012 жылғы жоспар
|
2012 жылғы деректері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Мақсатты индикатор
|
|
1. ЖБИ рейтингiнде «Зияткерлiк меншiктi қорғау» индикаторы бойынша позицияны жақсарту.
|
ДЭФ есебi
|
орын
|
80
|
92
ДЭФ ЖБҚИ-ның «Зияткерлік меншігін қорғау» көрсеткішін жоғарлату мақсатында, Министрлік, зияткерлік меншік құқығын дәлме-дәл қорғау, заңнаманы жетілдіру және халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыздандыру шараларын қабылдады.
Қазіргі уақытта зияткерлік меншік саласындағы негізгі халықаралық актілермен үйлескен ұлттық заңнама қалыптастырылған.
Қазақстан Республикасы әдеби және көркем шығармаларын қорғау туралы Берн конвенциясы, өнеркәсіптік меншікті қорғау бойынша Париж конвенциясы, патенттік кооперация туралы Келісім, халықаралық белгілерді тіркеу туралы Мадрид келісімі, Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымның авторлық құқық және орындаушылар мен фонограммалар бойынша Келісімдері қатарына қосылған.
Ұлттық заңнаманы халықаралық құқықтық актілерімен үйлестіру бойынша іс-шаралары ағымдағы жылы жалғастырылуда.
Зияткерлік меншік құқығын қорғау және сақтау саласындағы Келісім бойынша міндеттерді орындау шегінде, 2012 жылы Қазақстан Республикасы тауар таңбалары жөніндегі заңдар туралы Сингапур шартын (а.ж. 17 ақпандағы Заңы) және Орындаушылардың, фонограмма жасаушылардың және хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенциясын (әрі қарай – Рим конвенциясы) (а.ж. 17 ақпандағы Заңы) ратификациялады .
Сингапур шарты тауар таңбаларын шетелде тіркеуге қазақстандық өтініш берушілердің және тауар таңбаларды Қазақстанда тіркеуге шетелдік өтініш берушілердің тең құқықтарын қамтамасыз етеді, және тауар таңбаларды, сондай-ақ электрондық байланыс құралдарын тіркеу тәртібін жеңілдетуді көздейді.
Рим конвенциясы біздің мемлекетке отандық жеке және заңды тұлғаларды қорғау мүмкіндігін ұсынады.
Жалпы Конвенцияларды ратификациялау отандық орындаушылар мен фонограмма шығарушылардың, хабар тарату ұйымдарының құқықтарын қосымша қорғауға мүмкіндік береді.
Ұлттық заңнаманы жетілдіру бойынша қосымша шаралар қабылданды. Атап айтқанда а.ж. 12 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне зияткерлiк меншiк мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Заңы қабылданды.
Заңнамаға енгізілген түзетулер мүліктік құқықтарды басқару ұйымдарының міндеттерін, ұлттық авторлар мен құқық иеленушілерге сыйақыларын тоқсан сайын төлеу, Ғаламтор жүйесінде авторлық және сабақтас құқықтарды бұзғаны үшін жауапкершілік бөлігінде, сондай-ақ ұйымдарды аккредиттеу және аккредиттеу туралы куәліктерін қайтарып алу критерийлерін қатаңдатуы нақтылады
Енгізілген өзгерістер мен толықтырулар алдын ала сараптама мерзімдерін қысқартуға бағытталған және тауар белгілерін тіркеуден бас тарту негіздерін, өндірістік үлгілерді өндірістік қолдануды тексерусіз тек жаңалық және бірегей критерийлері бойынша патент беруді көздейді.
Сонымен қатар, енгізілген өзгерістер зияткерлік меншік сұрақтары бойынша ДЗМҰ Келісіміне сәйкес келеді.
Министрлікпен өз құзыреті шегінде салалы мемлекеттік органдарымен зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру және пайдалану, қорғау, сақтауда тиімді жүйесі құрылуда.
Сонымен қатар, қабылданып жатқан барлық шараларға қарамастан, Қазақстан, ДЭФ ЖБҚИ-ның «Институт» факторы бойынша «Зияткерлік меншікті қорғау» көрсеткішінде 24 бірлікке көтеріліп, Қырғыз Республикасы (140), Грузия (126), Ресей Федерациясы (125), Украина (120), Молдова Республикасы (117) озып, (116 орыннан) 92 орынға ие болғанымен, Стратегиялық жоспармен белгіленген көрсеткішке (80 орын) жете алмады.
|
|
2. Зияткерлiк меншiк құқықтарын қорғау деңгейiне авторлардың және құқық иеленушiлердiң қанағаттануы
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi
|
%
|
45
|
50,6%
2012 жылдың қазанында халықтың зияткерлік меншік саласы бойынша білім деңгейін және хабардар болуын айқындау, сонымен қатар, ең өзекті бағдарлары бойынша Астана және Алматы қалаларының, областардың Әділет департаменттерінің жұмысын жақсартуға бағытталған әлеуметтік сауалнама жүргізілді. Жалпы Республика бойынша 1702 сұралушы сұраудан өткізілді.
Саулнаманың натижесі бойынша сұралушылардың 50,6 % зияткерлік меншік құқығын қорғау деігейі жоғары және орташадан жоғары деп көрсетті
|
|
5.1.1. мақсат Зияткерлік меншік құқығын қорғауды қамтамасыз ету
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есептілік кезең
|
Орындамаудың себептері
|
2012 жылғы жоспар
|
2012 жылғы деректері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Авторлық және сабақтас құқықтар объектiлерiн пайдалануға тiркелген шарттар саны
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi
|
саны
|
630
|
292
(2012 жылғы 7 тамыз бойынша)
|
Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі № 36-V Заңымен авторлық және сабақтастық құқықтар объектілерін қолдану бойынша тіркелген лицензиялық шарттарды тіркеу жойылды
|
2. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне және азаматтық айналымға қатысушылардың дараландыру құралдарына тiркелген лицензиялық шарттардың саны
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi
|
саны
|
120
|
2012 жылдың 20 желтоқсан жағдайы бойынша өнеркәсіп меншік объектілеріне 180 лицензиялық шарт тіркелді
|
|
3. Зияткерлiк меншiк құқығын қорғау саласындағы бұзушылығы үшiн жауапкершiлiкке тартылған тұлғалардың саны
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк деректерi
|
саны
|
320
|
538
|
|
Тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар
|
Есептілік кезең
|
Орындалмау себептері
|
2012 жылғы жоспар
|
2012 жылғы деректері
|
1
|
2
|
3
|
1. Семинарлар, «Шапағат» конкурсын өткiзу
|
V Астаналық экономикалық форум аясында ағымдағы жылдың 24 мамырында «Шабыт» өнер сарайында өнер табушылық саласындағы IX жыл сайынғы Республикалық «Шапағат-2012» конкурсының жеңімпаздарын марапаттау бойынша салтанатты рәсімі өтті.
Өткізілген шараның негізгі мақсаты мемлекеттік индустриялық-экономикалық дамуындағы өнер табушылықтың ролін жоғарлату, сонымен қатар, осы салаға инвестицияларды тартуға және өндірістік секторға перспективалық зерттемелерді енгізу болып табылады.
Марапаттау рәсімінде Зияткерлік Меншіктің Дүниежүзілік Ұйымы өкілдері, Грузияның, Қырғыз Республикасының, Молдованың, Ресей Федерациясының патенттік ведомстволарының басшылары, РФ Зияткерлік меншіктің Республикалық ғылыми-зерттеу институтының директоры В. Лопатин, венгриялық өнер табушы Э.Рубик, Қазақ Ұлттық өнер университетінің Ректоры, профессор, Халық артисі А. Мұсақожаева, «Фудмастер Айскрим» компаниясының директоры Ю.Жардан қатысты.
Көрсетілген шараның құрылтайшылары отандық өнер табушыларды басты жүлде - «Шапағат» мүсіншесімен, сонымен қатар, дипломдармен және ақшалай жүлделермен марапаттады.
Конкурс Әділет Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы №79, Білім және ғылым Министрінің 2010 жылғы 22 ақпандағы №77/1, Индустрия және сауда Министрінің 2010 жылғы 10 наурыздағы №74 «Жыл сайынғы өнер табушылық саласындағы жетістіктер Республикалық конкурсын өткізу туралы» бірлескен бұйрығына сәйкес өткізілді.
Инновациялық патенттерді және 2011 жылы өнер табушылыққа патенттерді алған ұлттық патент иелері осы шараның конкурсанттары болды.
Өнер табушылықтар біртумашылыққа, бәсекелестікке, жоғары техникалық денгейге және қолдануда табыстылыққа сай келетін өнеркәсіптің бөлек салалары бойынша іріктелді.
Конкурстық комиссия шешіміне сәйкес мына қатысушылар номинациялар бойынша жеңімпаз болып табылды:
-
«Жыл табушылығы» 2. «Әйел-өнер табушы» 3. «Жас дарын» 5. «Ең белсенді өнер табушы» 6. «Ең жас өнер табушы».
Қазақстанның инновациялық дамуына үлес қосқаны үшін, жеңімпаз болып табылмаған, бірақ еңбектері ерекше көңіл талап ететін 5 қатысушы дипломдармен атап өтілген.
Сонымен қатар, конкурстың қатысушылары Зияткерлік Меншіктің Дүниежүзілік Ұйымының сыйлықтары мен құрмет грамоталарымен марапатталды.
ЕАПО Президенті А. Григорьев В.И. Блинниковтың атындағы «Өнер табушылық және патенттік іске үлес қосқаны үшін» алтын медаль тапсырылды. Осы сый ЕАПОның ең құрметті наградасы болып табылады.
Марапаттау бойынша салтанатты рәсімнің алдында «31 канал» телеканалы, «B news» ақпараттық агенттігі, «Егемен Казахстан», «Казахстанская правда», «Вечерняя Астана», «Заң газеті», «Юридическая газета», Радио «Салем», газеттері «Нұр Астана», «Казахстан» РТРК АҚ, «СТВ» телеканалының қатысуымен брифинг өтті.
Өнер сарайының фойесінде шараның қатысушылары мен қонақтарына өнер табыстықтар көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде ҚР БҒМ «ҚР биотехнологияның ұлттық орталығы» РМК, ҚР ДМ «Травматология және ортопедияның ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, «Қазақ ұлттық аграрлық университеті» РМК, «Жайлау компаниясы» ЖШС, «Ш.Уәлиханов атнд. Көкшетау мемлекеттік университеті» РМК, «Д.Серікбаев атынд.Шығыс-Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» РМК, «Астана Строй-консалтинг» ЖШС, «Қазақ ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Л.Гумилев атынд. Еуразиялық ұлттық университеті» РМК, «Астана медициналық университеті» АҚ, «ҚазАгроинновация» АҚ, «С.Сейфуллин атынд. Қазақ агротехникалық университеті», «Цесна» корпорациясының өкілдері қатысты.
Шараның демеушісі «Компания Фуд-Мастер-Айс-Крим» болды. Сонымен қатар, конкурсты «Алмас» Ғылыми-енгізу орталығы», «Қазақмыс» корпорациясы, «Парасат» Ұлттық ғылыми-техникалық холдингі және «Астана Инновейшн» АҚ қолдады.
Марапаттау салтанатты рәсімі қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік концертпен аяқталды.
2012 жылдың 17-18 қазан аралығында Өскемен қаласында «Өнеркәсіп меншік объектілерін тіркеу» тақырыбы бойынша аймақтық семинар өткізілді.
Семинарға мемлекеттік ұйымдар, ғалымдар, өнертапқыштар және құқық иеленушілер, шекара, сот ұйымдарының өкілдері,Шығыс Қазақстан облысының ғылым және өндіріс секторының өкілдері қатысты.
Осы жылдың 29 қазаны мен 21 қараша аралығында «Өндіріс меншіктерін құқықтық қорғау, қолдану, бағалау және » тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарда «ҚР «Өндірістік экологияның «Казмеханобр» Мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігі» филиалы, «Фонд науки» АҚ, «ҚТЖ» ҰК «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» АҚ филиалы, «Назарбаев интелектуалды мектептері» автономды білім ұйымы, ҚР Білім және ғылым министрлігі «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізуге құқылы РМК, «Д.В.Сокольский атындағы Органикалық катализ және электрохимия институты» , «Компания Жайлау» ЖШС, «Коммерциялық емес «Аманат» авторлық және сабақтас құқықты қорғау» жекеменшік мекемесі, «Юридическая фирма GRATA» ЖШС, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті сынды ғылым мекемелері мен жоғары оқу орындары және «Шапағат» өнертапқыштар саласындағы республикалық конкурстың жеңімпаздары қатысты.
29-30 қараша аралығында Мадридтік жүйемен Халықаралық белгілерді тіркеуді тиімді пайдалану» атты халықаралық тәжірибе-семинары өткізілді.
|
|
2. Бейнероликтер дайындау
|
«Шапағат-2012» республикалық конкурс шеңберінде өнер табыстықты (творчествоны дамыту) насихаттау мақсатында видеоролик әзірленген. Осы видеоролик ағымдағы жылдың мамыр айында республикалық телеарналардан (Қазақстан, КТК, НТК, СТВ) көрсетілген.
|
|
3. Авторлық құқық объектiлерiн пайдаланушылармен құқықтық түсiндiру жұмыстарын жүргiзу.
|
2012 жылы әділет аумақтық органдары мүдделі мемлекеттік органдары, қоғамдық және басқа да ұйымдарды, сонымен қатар, зияткерлік меншіктерді өз қызметінде қолданатын кәсіпкерлердің қатысуымен 1465 семинарлық дәріс, 1010 «дөңгелек стол» өткізілген, радио және телеарнада 725 бағдарламалар, периодикалық басылымдарда 945 мақала жарық көрген, әр түрлі үйымдар мен оқу мекемелерінде 7117 лекциялық дәріс өткізілген.
8-9 ақпанда лицензиялық өнімді контрафактіден айыру мәселелері бойынша оқыту семинары жүргізілді. Семинар аумақтық әділет органдарының қызметкерлері, құқық қорғау органдары, кеден органдары, және сот сарапшылары үшін ұйымдастырылған. Сонымен қатар, семинарда құқық иелері мен олардың өкілдері қатысқан: «Авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі Қазақстан қауымдастығы» ЗТҰ, «Атамұра» корпорациясы» ЖШС; «Алматыкітап» Баспасы» ЖШС; «Келешек – 2030» ЖШС; «Фарммединдустрия» және Қазақстан кондитерлері қауымдастығы; «НР» ЖШС; «Майкрософт», NOKIA және басқа да корпорациялардың өкілдері. Олар өздерінің шығаратын өнімдерінің контрафакттен айыру ерекшеліктерімен құқық қорғау, әділер органдарының және Сот сараптамасы орталығының қызметкерлерін таныстырды.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар зияткерлік меншікті адекваттық қорғау және осы жұмысты аумақтарда белсендіру бойынша ұсыныстарды қабылдады.
9 ақпанда Парламент депутаттарының, Қазақстанның Интернет Қауымдастығы, Авторлық және сабақтас құқытарды қорғау жөніндегі Қазақстандық қауымдастығы өкілдерінің, сонымен қатар, әйгілі авторлар мен орындаушылардың шақыруымен және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен Интернет желісінде пресс-конференция өтті. Пресс-конференция шеңберінде 2012 жылғы 31 қаңтардан бастап күшіне енген «Зияткерлік меншікті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен тодықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңының кейбір ережелері түсіндірілді. Интернет желісінде шығармаларды заңсыз көшіру, орналастыру және тарату жөнінде түзетулер, пайдаланушылардың Интернет желісіне шығармаларды заңсыз орналастыруы бойынша жауаптылығы туралы түзетулер талқыланған.
14 наурызда зиятерлік меншікті қорғау жөнінде бейнеконференция өткізілді. Бейнеконференцияның жұмысына Қазақстанның барлық аумақтарынан оқу мекемелерінің, ұжымдық негізде мүліктік құқықтарды басқарушы творчестволық кеңестердің, кіші және орта кәсіпкерлікің өкілдері қатысты. Сонымен қатар, аумақтық әділет органдарының, Комитеттің, Ішкі істері министрлігінің криминалдық полициясының және Экономикалық қылмыс және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігінің (қары полициясы) қызметкерлері қатысты.
Бейнеконференцияның мақсаты – пікір сұралушының назарына авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау мәселелерін жеткізу, сонымен қатар, оларға Қазақстандағы авторлардың, орындаушылардың, фонограмма шығарушылардың және хабар таратушы ұйымдардың құқықтарын адекваттық қорғау туралы ақпаратты мәлімет ету.
Конференция барсында қатысушылар зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жүйесін жақсарту жөнінде ұсыныстарын айтты, сонымен қатар, өздерінің қойған сауалдарына жауаптарын алды.
Одан басқа, «СТВ», «7 канал», «Астана», «КТК» және «Алмты» аумақтық телеарналарына «Зияткерлік меншікті жетілдіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен тодықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңының кейбір ережелерін түсіндіру бойынша интервью берілді. «Альфа» және «Компьютеры, интернет, телекоммуникации» газеттерінде «Антипиратская политика» және «Интеллектуальное пиратство» атты мақалалар жарық көрді, «Голос республики» газетінде 2012 жылғы 12 қаңтардағы Заңды түсіндіру басылды.
19 наурызда Парламент Мәжілісінің депутаты А.А. Әбеновтың, С.Ю. Романовскаяның, баспаргер, автор Т.Б. Төлегеновтің және басқа да мүдделі тұлғалардың қатысуымен өткен «Авторлық құқықтар: интернет, фильмдер, музыкалық композициялар» атты тақырыппен «Астана» телеарнаның «Открытая студия» атты ток-шоуға Комитет Төрағасының орынбасары Ш.Т. Абдреева қатысты. Бағдарлама шеңберінде Интернет жүйесінде авторлық құқықтарды қорғау мәселелері және зияткерлік меншік құқығы саласындағы басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
26 наурыз – 17 сәуір аралығында Tengrinews.kz порталында Комитет Төрағасының катысуымен интернет-конференция өтті. Келіп түскен барлық 20 сұраққа барынша толық жауап берілді. Қойылған сұрақтардың көбі зияткерлік меншік, оның ішінде Интернет жүйесіндегі авторлық құқық объектілерін пайдалану саласындағы кейбір заң актілеріне кейінгі өзгерістер мен толықтырулар жөнінде болды.
20 сәуірде Алматы қаласының Әділет департаментінде Комитет Төрағасының қатысуымен «Қазақстан Республикасында тауар таңбаларына құқықтарды қорғау» тақырыпта семинар-кеңес өтті. Семинарға мемлекеттік мына органдардың: Алматы қаласының Ішкі істер департаменті, Алматы қаласының қаржы полициясы, Кеден комитетінің және авторлық қоғамдар және заңды тұлғалардың - кәсіпкерлердің қауымдастықтарының және басқа да заңды тұлғалардың өкілдері, патенттік сенімді өкілдері: «Бюро Плис» ЖШС, «БМФ Групп» ЖШС, «Алчимбаева және серіктестері» ЖШС және басқалары шақырылды. Семинардың өткені туралы бұқаралық ақпарат құралдарында жарық көрді, семинарға «Қазақстан», «Алматы», «31 канал» ТА, «Вечерний Алматы», «Дала мен қала» газеттерінің, «Кazakhstan today» АА, «ҚазТАГ» Информбюросының, «Tengrinews» интернет-порталының журналисттері қатысты.
26 сәуірде Тараз қаласында Жамбыл облысының Әділет департаментінің көмегімен «ҰЗМИ» РМҚК-ның Оқу орталығы «Өнертабыс өнеркәсіптік меншік объектісі ретінде. Шетелдік патент беру. Коммерциализациялау және өнеркәсіпке енгізу мақсатында өнеркәсіптік меншік объектілерін қолдану». Шара Дүниежүзілік зияткерлік меншік күніне ұштастырылған.
26 сәуірде мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мәселелері жөнінде авторлардың, орындаушылардың және фонограммаларды өндірушілердің мүліктік құқықтармен ұжымдық басқару бойынша ұйымдармен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңеске Қаржы министрлігінің Салық комитеті қызметкерлері және ұжымдық негіздегі мүліктік құқықтардың басқаратын мына ұйымдардың өкілдері қатысты: «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарын қорғау жөніндегі коммерциялық ұйым», «Қазақ әуендерін орындаушылары», «Қазақстандық авторлық қоғам», «Абырой» авторлық қоғамы». Осы кеңесте авторлық құқық туралы заңнамада, оның ішінде авторлар мен құқық иеленушілерге зейнеттендіруші жинау және төлеу, көрсетілген ұйымдардың Интернет-ресурстарының жұмыс істеуі, ұйымдардың қызметі жөнінде есептілікті дер кезінде және сапалы ұсыну туралы мәселелері талқыланған.
Заңнаманы жетілдіру, құқық түсіндіру жұмыстары, зияткерлік меншік саласы бойынша құқық бұзушылықтарды айқындау мен бұлтартпау, халықаралық ынтымақтастық жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 13 сәуірегі №253 бұйрығымен 2012 жылға арналған зияткерлік меншік құқығын қорғау саласын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген. Көрсетілген жоспарды орындау мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 40 мақала жарық көрген, зияткерлік меншік қорғау мәселелері бойынша орта, орта кәсіптік, жоғары оқу орындарында, жұртшылық әлеуметке 47 дәріс оқылды,зияткерлік меншік құқықғын қорғау мәселелері бойынша 9 семинар өткізілді, авторлардың, құқық иеленушілермен, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен 20 «дөңгелек стол» жүргізілді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы өткізілетін «Юстиция кеңес береді» акция шеңберінде азаматтармен зияткерлік меншік құқықғын қорғау саласы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
29 маусымда зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде дөңгелек үстел өтті.
Ол дөңгелек үстелге шығаршылық одақтардың өкілдері, қоғамдық негізінде басқаратын ұйымдардың және құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Өткізілген дөңгелек үстелде авторлық объектілерін жасайтын шығармашылық адамдардың проблемалары қозғалды, оның ішінде авторлық объектілерді щарт жасаусыз қолдану туралы мәселелер қозғалды, жекелегенде Интернет жүйесінде.
2012 жылғы 13-14 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымымен (бұдан әрі – ДЗМҰ) және Репрография құқықтары жөніндегі халықаралық федерациясымен (бұдан әрі – IFRRO) бірлесіп Мәтіндік және бейнелеу жұмыстарына құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі халықаралық семинар өткізді, оның мақсаты репрографиялық көшірме кезінде авторлардың және баспалардың құқықтарын жүзеге асыру мәселелрін бойынша халықарлық тәжірибені зерттеу болып табылады, оның ішіндегі ең дұрысы ұжымдық негізінде басқару болып табылады.
2012 жылғы 20-21 қыркүйекте Петропавл қаласында құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқығын қамтамасыз ету жөніндегі құқық қолдану тәжірибесі мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің ұйымдастыруымен республикалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша іс-шаралар өткізу кезінде әділет органдары мен құқық қорғау органдарының қызметінде туындайтын өзекті мәселелерді талқылау болды.
Семинарда зияткерлік меншік құқығын қорғау саласындағы құқық қолдану тәжірибесі мен уәкілетті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылдарының өзекті мәселелері қарастырылды.
Ағымдағы жылғы 8 Қарашада, Комитет Төрағасы А. Естаевтің басшылығымен, мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдары өкілдерінің қатысуымен авторлар мен құқық иелерінің құқықтарын қамтамасыз ету саласындағы өзекті мәселелер бойынша дөңгелек үстел өткізді.
Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар мен эфирлік және кабельдік хабар тарату ұйымдарының қызметін жүзеге асыру барысындағы өзекті мәселелерін шешу осы іс-шараның негізгі мақсаты болып табылады.
Дөңгелек үстелге қатысушылар авторлық құқық және сабақтас құқықтар мәселелерін реттейтін қолданыстағы заңнамаға, сыйақы мөлшерін азайту жөнінде, авторлық құқық және сабақтас құқықтар жөніндегі бірыңғай сот тағылымдамасына, құқықтарды ұжымдық негізде басқару саласына өзгерістер енгізуге қатысты ұсыныстар енгізді.
Ағымдағы жылғы 7 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті облыстық, Астана және Алматы қалалары әділет департаменттерінің зияткерлік меншік құқығы бойынша бөлім қызметкерлерінің, ішкі істер және кеден органдары қызметкерлерінің, оқу орындары, жазушылар шығармашылық одағы, шағын және орта бизнес, құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдар өкілдерінің қатысуымен зияткерлік меншік құқығын қорғау мәселелері жөніндегі бейнеконференциясын өткізеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі және Дүниежүзілік Банктің «Doing Business» рейтингтерінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылатын, зияткерлік меншік құқығын қорғау бойынша мемлекеттік органдар атқаратын жұмыс туралы көпшіліктің назарына жеткізу осы бейнеконференцияның мақсаты болып табылады.
Аталған іс-шараның барысында аумақтық әділет органдары, сондай-ақ құқық қорғау органдарымен бірлесіп атқарған жұмысы туралы мәлімет жарияланатын болады.
|
|
4. Уәкiлеттi органның сайтында арнайы айдар құру.
|
Зияткерлік меншік құқығы Комитетінің сайтында (intellkaz.kz) «туындыларға құқықтарды тіркеу» рубрикасы құрылды, аталған рубрикада құқықтарды тіркеуге ұсынылатын құжаттар тізімі, авторлар және құқықиеленушілер ұсынатын өтініштердің үлгісі, авторлық шарттың үлгісі және мемлекеттік алым төленетін реквезиттер орналасқан.
«Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнертапқышы», «Қорғау құжаттардың мемлекеттік тізілімі» рубрикалары жасалды
|
|
5. Мемлекеттiк қызметтердiң стандарттары мен регламенттерiн әзiрлеу.
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 мамырдағы №579 қаулысымен зияткерлік меншік саласы бойынша мемлекеттік қызметтерінің стандарттары бекітілді.
Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы №239 бұйрығымен зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызметтерінің регламенті бекітілді.
|
|
5.1.2. мақсат Өндірістік меншік объектілерін тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезіндегі әкімшілік кедергілерді төмендету
|
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері
|
Ақпарат көзі
|
Өлшем бірлігі
|
Есептілік кезең
|
Орындалмау себептері
|
2012 жылғы жоспар
|
2012 жылғы деректері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
1. Электрондық нысанда ұсынылған қорғау құжаттарын беруге өтiнiм санын арттыру
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк мәлiметтерi
|
саны
|
5
|
5
|
|
2. Берiлген қорғау құжаттарының санын арттыру
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк мәлiметтерi
|
саны
|
6480
|
8287
|
|
3. Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне өтiнiмдi қарау мерзiмдерiн қысқарту
|
Әдiлет министрлiгiнiң есептiк мәлiметтерi
|
күн
|
90
|
90
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.
«Тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары және тауар шығарылған жерлердің атаулары туралы» Заңына енгізілген өзгерістер тауар таңбаларына алдын ала сараптама жүргізу мерзімін 1 айға дейін (бұдан бұрын 2 ай) қысқартуды ескереді.
Сонымен, көрсетілген өзгерістер жүргізілетін сараптама мерзімін 3 айға (90 күн) қысқартуды мүмкіндік берді.
|
|
Тікелей нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша іс-шаралар
|
Есептілік кезең
|
Орындалмау себептері
|
2012 жылғы жоспар
|
2012 жылғы деректері
|
1
|
2
|
3
| -
Өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiне өтiнiм беру рәсiмдерiн оңайлату.
-
|
Ағымдағы жылдың 12 қаңтарында «Қазақстан Республикасының зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына қол қойылды.
Осы Заң зияткерлік меншік саласы бойынша заңнаманы әрі қарай жетілдіру және кейбір ережелерін халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруге бағытталған.
Патент Заңына өнеркәсіптік үлгілерге патенттер өнеркәсіпте осындай нұсқаларға пайдалануға жарамдылығын тексерусіз берілу бойынша өзгерістер енгізіледі. Құқықтық қорғау тек жаңалық және біртума критерийлері бойынша (үш критерийдіңн екеуі қолданылады) берілетін болады.
Көрсетілген өзгерістер ДСҰ Келісіміне зияткерлік меншік мәселелері бойынша сәйкес келеді (ТРИПС ВТО Келісімі).
Сонымен бірге, өзгерістер тауар таңбасын тіркеуге бас тартудан артықша негіздерін шығаруды көздейді (тауар таңбасын тіркеуге бас тартудың он үш негізінен тоғыз негіздемесі алып тасталады).
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |