Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы №95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы



Дата25.02.2016
өлшемі65.48 Kb.
#25583
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы

95 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 наурыздағы № 299 қаулысы

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 ақпандағы № 95 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында: «7.1. Бюджеттік бағдарламалар» деген кіші бөлімде:

001 «Мемлекеттің қызметін құқықтық қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «6 803 266» деген сандар «6 831 874» деген сандармен ауыстырылсын;

004 «Қылмыстық-атқару жүйесі объектілерін салу және реконструкциялау» деген бюджеттік бағдарламада:

«Сипаттама» деген жол мынадай редакциядада жазылсын:

«Алматы қаласындағы 1500 орындық ЛА-158/18 тергеу изоляторын реконструкциялау мен кеңейтуді аяқтау. Павлодар қаласында «Химпром» АҚҚ-ның № 822 және 823 өндірістік корпустарын 1500 орындық ерекше режимдегі түзеу колониясы етіп реконструкциялау. Орал қаласында 900 орындық қатаң режимдегі түзеу колониясын реконструкциялауды аяқтау. Семей, Өскемен, Орал қалаларындағы әрқайсысы 1500 орындық тергеу изоляторларын салу. Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемесін реконструкциялауды аяқтау».

тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:

«2011 жыл» деген бағанда:

«Объектілерді салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу және түзету» деген жол «1» деген санмен толықтырылсын;

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «554 028» деген сандар «147 051» деген сандармен ауыстырылсын;

«Аяқталатын объектілердің саны» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;

түпкі нәтиже көрсеткіштерінде:

«Аяқталған объектілердің саны» деген жолдың «2012 жыл» деген бағанындағы «1» деген сан «0» деген санмен ауыстырылсын;

013 «Сот актілерінің орындалуын қамтамасыз ету» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «2 506 057» деген сандар «2 569 516» деген сандармен ауыстырылсын;

015 «Жеке куәлік құжаттарын дайындау» деген бюджеттік бағдарламада:

«2011 жыл» деген бағанда:

«Азаматтардың жеке басын куәландыратын дайындалатын құжаттар саны» деген жолдағы «1 700 000» деген сандар «1 910 001» деген сандармен ауыстырылсын;

«Азаматтардың жеке басын куәландыратын дайындалған құжаттар саны» деген жолдағы «1 700 000» деген сандар «1 910 001» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «5 939 847» деген сандар «6 400 089» деген сандармен ауыстырылсын;

018 «Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:

«2011 жыл» деген бағанда:

тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу (кем емес)» деген жолдағы «9» деген сан «21» деген сандармен ауыстырылсын;

түпкі нәтиже көрсеткіштерінде:

«Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде күрделі жөндеу жүргізу (кем емес)» деген жолдағы «9» деген сан «21» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «1 179 469» деген сандар «3 150 100» деген сандармен ауыстырылсын;

«018 Қылмыстық-атқару жүйесі органдарының және мекемелерінің күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламадан кейін мынадай мазмұндағы 019 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:

«019 Шығыс Қазақстан облысының облыстық бюджетіне Солнечный кентінде қазандық салуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бюджеттік бағдарлама




Сипаттама

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің Солнечный кентіндегі ОВ-156/18 мекемесінің өнеркәсіп аймағында жаңа қазандық салу

Бюджеттік бағдарлама түрі

мазмұнына байланысты

бюджеттік инвестицияларды іске асыру

іске асыру

тәсіліне


байланысты

жеке

ағымдағы / даму

даму

Бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы



өлш. бірлігі



2009 жыл



2010 жыл



Жоспарлы кезең

2014 жыл



2015 жыл



2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

1

2

3

4

5

6

7

8

9

тікелей нәтиже көрсеткіштері

























инвестициялық жобалардың саны (Шығыс Қазақстан облысының Солнечный кентін­дегі қазандық құрылысының басталуы)

бірлік







1













түпкі нәтиже көрсеткіштері

























Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне республикалық бюджеттен нысаналы даму трансферттерін уақтылы және толық аудару

%







100













сапа көрсеткіштері

























тиімділік керсеткіштері

























бюджеттік шығыстар көлемі

мың тг.







425000












020 «Қылмысы үшін жазасын өтегендерді әлеуметтік қалыптастыруды және оңалтуды ұйымдастыру және іске асыру» деген бюджеттік бағдарламада:

«2011 жыл» деген бағанда:

тікелей нәтиже көрсеткіштерінде:

«Әлеуметтік бейімдеуде көмек көрсетілген адамдар саны (дейін)» деген жолдағы «100» деген сандар «20» деген сандармен ауыстырылсын;

«2012», «2013» деген бағандардағы «104», «108» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;

түпкі нәтиже көрсеткіштерінде:

«2012», «2013» деген бағандардағы «100» деген сандар «0» деген санмен ауыстырылсын;

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдағы «43 949» деген сандар «4 258» деген сандармен ауыстырылсын;

022 «Әділет органдарының күрделі шығыстары» деген бюджеттік бағдарламада:

«Бюджеттік шығыстар көлемі» деген жолдың «2011 жыл» деген бағанындағы «340 958» деген сандар «452 953» деген сандармен ауыстырылсын;

«7.2. Бюджет шығыстарының жиынтығы» деген кіші бөлімде:

«2011 жыл» деген бағанда:

«Бюджеттік шығыстар барлығы» деген жолдағы «56 340 426» деген сандар «58 953 693» деген сандармен ауыстырылсын;

«Ағымдағы бюджеттік бағдарламалар» деген жолдағы «55 779 058» деген сандар «57 967 325» деген сандармен ауыстырылсын;

«Бюджеттік даму бағдарламалары» деген жолдағы «561 368» деген сандар «986 368» деген сандармен ауыстырылсын.



2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет