Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы



бет3/3
Дата24.02.2016
өлшемі390.65 Kb.
#17284
1   2   3

Банктік кепілдік

______________________________________________________________ (банктің атауы мен деректемелері)

Кімге:________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы мен деректемелері)

№_________кепілдік міндеттеме 

______________________________ ____ж. «___»__________________

(орналасқан жері) 

Біз бұдан әрі «өнім беруші» деп аталатын _________________________,

(әлеуетті өнім берушінің атауы) 

_____________________________________________________ұйымдастырған

(конкурсты ұйымдастырушының атауы) 

Білім беру ұйымдарының білім алушыларын тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау конкурсына қатысатындығынан және ___________________________________________ (көрсетілетін қызметтердің атауы)

қызмет көрсетуге әзір екендігінен хабардармыз.

________ж. «___»______________ жоғарыда аталған конкурсты өткізу жөніндегі конкурстық құжаттамада әлеуетті өнім берушілердің банктік кепілдік түрінде конкурстық өтінімді қамтамасыз етуді енгізуі көзделген.

Осыған байланысты біз_______________________осы арқылы өзімізге (банктің атауы)

Сіздің талап етуіңіз бойынша Сіздің ақы төлеуге жазбаша талабыңызды, сондай-ақ өнім беруші:

конкурсқа қатысуға өтінім берудің соңғы мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімді кері қайтарып алғанын;

конкурс жеңімпазы деп танылған өнім берушінің қызмет көрсету туралы шарт жасасудан жалтарғанын;

қызмет көрсету туралы шарт жасасып, конкурстық құжаттамада белгіленген шартты орындауға қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімі туралы талаптарды орындамағанын не уақтылы орындамағанын жазбаша растауды алысымен _______________________________________________________________тең

(сомасы цифрлармен және жазбаша)

соманы Сізге төлеуге қайтарылмайтын міндеттеме аламыз.

Осы кепілдік міндеттеме конкурстық өтінімдер бар конверттерді ашқан күннен бастап күшіне енеді және өнім берушінің конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімі қолданылатын соңғы мерзімге дейін қолданылады және, егер Сіздің жазбаша талабыңызды біз ________ аяғына дейін алмасақ, осы құжат бізге қайтарылатындығына немесе қайтарылмайтындығына қарамастан, толық және автоматты түрде күшін жояды. Егер конкурстық өтінімнің мерзімі ұзартылған болса, онда бұл кепілдік міндеттеме сондай мерзімге ұзартылады.

Осы кепілдік міндеттемеге байланысты туындайтын барлық құқықтар мен міндеттемелер Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.


Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.

(Т.А.Ә., қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау жөніндегі үлгілік конкурстық құжаттамаға 8-қосымша
Берешектің жоқтығы туралы

анықтама
__________________________________________________________________

(банк атауы)

___________ (күнін көрсету) жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының қаулысымен бекiтiлген екiншi деңгейдегi банктердегi және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлiк есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес аталған Банк қызмет көрсететін __________________________________________________________________

(заңды (жеке) тұлғаның толық атауы, тел., мекенжайы, көрсетiлciн)

банк алдында анықтама берiлген айдың алдындағы үш айдан көп созылған мерзiмi өткен берешегiнiң жоқ екенін растайды.
Күні

Басшының қолы _____________________ М.О.

(Т.А.Ә., қызметін көрсету)
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына 2-қосымша

Нысан
Конкурс туралы хабарландыру

_____________________________________________________________ (конкурсты ұйымдастырушының атауы, почталық және электрондық мекенжайлары )

орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша конкурс өткізу туралы хабарлайды.

Қызмет: ______________________________________________________

(қызмет көрсету орны және оның көлемі, көрсетілетін қызметті алушылар

санаттарының толық тізбесі және оның саны, қызмет көрсетуге бөлінген сома көрсетіледі)

көрсетілуі тиіс.

Қызметті көрсету мерзімі ________________________.

Конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін барлық әлеуетті өнім берушілер конкурсқа жіберіледі.

Конкурстық құжаттама көшірмелерінің топтамасын ___ жылғы «____»___________ дейінгі мерзімді қоса алғанда мына мекенжай бойынша:________, бөлме №__сағат____-дан____-ге дейін және/немесе ___________________ интернет-ресурсынан алуға болады.

Конвертке салынған конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдерді әлеуетті өнім берушілер_______________________________________________________

(конкурсты ұйымдастырушының атауын көрсету керек)

мына мекенжай бойынша_____________________________________________

(толық мекенжайы, бөлменің № көрсету керек)

жібереді.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі____________________________________________________________

(уақыты мен күнін көрсету керек)

дейін.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттер ___________ (уақыты мен күні көрсетілсін) мына мекенжай бойынша__________________________________________________________



(толық мекенжайы, бөлменің №, уақыты мен күні көрсетілсін)

ашылады.


Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады:_________________________________(телефон нөмірін көрсету керек).
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына 3-қосымша
Конверттерді ашу

хаттамасы

____________________ _________________

(өткізілетін орын) (уақыты мен күні)
Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия: (конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу күні, уақыты мен орны көрсетіледі) конкурсқа қатысуға өтінімдер бар конверттерді ашу рәсімін жүргізді.

Конкурстық құжаттаманың көшірмесі мынадай әлеуетті өнім берушілерге берілді: (конкурстық құжаттаманың көшірмесі берілген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)

Мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері (конкурсқа қатысуға өтінімдерді берудің түпкілікті мерзімі өткеннен кейін конкурсқа қатысуға өтінімдерді ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы көрсетіледі) негізінде (ашылмау себебі көрсетілсін) ашылмай қайтарылды.

Белгіленген мерзімде конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімді ұсынған мынадай әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері:

____________________________________________________________________

(конкурстық өтінімдерді берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер ұсынған барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінімді беру уақыты)

ашылды және конкурстық өтінімдерді ашу кезінде барлық қатысушы және комиссия конкурсқа қатысуға рұқсат берген адамдарға жарияланған _____________________________________________________________қамтиды

(конкурстық өтінімді құрайтын құжаттардың бар немесе жоқтығы туралы ақпарат және конкурстық өтінімдер ашылған кезде жарияланған басқа ақпарат)

Конкурстық өтінімдерді ашқан кезде мынадай әлеуетті өнім берушілер қатысты (олар қатысқан жағдайда): _________________________________________________________________

(конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашқан кезде қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы)


Конкурстық комиссия төрағасының, оның орынбасарының, мүшелерінің және хатшысының Т.А.Ә., қолдары
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына 4-қосымша
Конкурсқа қатысуға жіберу туралы

хаттама

____________________________________________________________________________

(білім беру ұйымының атауы)

білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау конкурсы

__________________________ _________________________

(өткізілетін орны) (уақыты мен күні)
1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:

__________________________________________________________________

(конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

__________________________________ білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету жөніндегі конкурсқа қатысуға______________________________________ өтінімдерді қарады.

2. Конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін белгіленген мерзімде өтінім берген мынадай әлеуетті өнім берушілердің:____________________________________________________________________________________________________________________

(конкурстық өтінімдер берудің соңғы мерзімі өткенге дейін конкурстық өтінімдер берген барлық әлеуетті өнім берушілердің атауы, мекенжайы, конкурсқа қатысуға өтінім берген уақыты көрсетіледі)

конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық комиссия отырысының барлық қатысушыларына жарияланған.

3. Конкурсқа қатысуға арналған мынадай конкурстық өтінімдер конкурсқа қатысуға жіберілмейді:_______________________________________ 

_________________________________________________________________

(себебін көрсете отырып, конкурсқа қатысуға конкурстық өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер (оның деректемелері) көрсетіледі: конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді, Орта білім беру ұйымдарында тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметті берушіні таңдау қағидаларының 19-тармағына сәйкес келмейді).

4. Әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін конкурстық өтінімдері ___________________________________.

(барлық әлеуетті өнім берушілердің тізбесі көрсетіледі)

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға берілген өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілсін:_______________________________________________________

(конкурсқа қатысуға жіберілген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

2. Мынадай әлеуетті өнім берушілер конкурсқа қатысуға жіберілмесін:____________________________________________________

(конкурсқа қатысуға жіберілмеген әлеуетті өнім берушілердің тізбесін көрсету)

3. Конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің конкурстық құжаттамаларын қарау орны, күні, уақыты ________________________________________белгіленсін.

4. Конкурсты ұйымдастырушы конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы комиссия отырысы күнінен бастап күнтізбелік екі күннен кешіктірмей интернет-ресурста орналастырады.

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.) 

Қарсы дауыс __________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)


Конкустық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері мен хатшысының қолдары.
Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау қағидаларына 5-қосымша

Конкурс қорытындылары туралы

хаттама

______________________________________________________________

(конкурстың атауы)

___________________________ ________________________

(өткізілген орны) (уақыты мен күні)


1. Мынадай құрамдағы конкурстық комиссия:______________________.

(конкурстық комиссияның құрамын көрсету)

2. Мынадай әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері конкурсқа қатысуға жіберілді:___________________________________________________________.

(рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес конкурсқа жіберілген

әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін көрсету)

3. Конкурстық комиссия өлшемдерге сәйкес қарастыру нәтижелері бойынша ашық дауыс беру жолымен былай деп ШЕШТІ:

1) конкурстың жеңімпазы ретінде __________________________________

(конкурсқа қатысушының атауы мен орналасқан жерін,

сондай-ақ ол жеңімпаз деп танылған шарттарды көрсету)

танылсын;

2) конкурс _____________________________________________________

(конкурс атауы)

өткізілмеді деп танылсын.

Егер конкурсқа қатысушылардың конкурстық өтінімдерін қарастыру кезінде конкурс жеңімпазы анықталмаса немесе барлық конкурстық өтінімдер қабылданбаса, тиісті себебін көрсету;

3) Конкурсты ұйымдастырушы ____________________________________

(әрбір тапсырыс берушінің атауын және орналасқан жерін көрсету)

________________ жылға дейінгі мерзімде _______________________________

(конкурс жеңімпазының атауын көрсету)

- мен орта білім беру ұйымында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызмет көрсету туралы шарт жасассын;

4) Конкурсты ұйымдастырушы ____________________________________

(конкурсты ұйымдастарушының атауын көрсету)

конкурс қорытындылары туралы осы хаттаманың мәтінін интернет-ресурста немесе конкурсты ұйымдастырушының жеке интернет-ресурсы болмаған жағдайда білім органының интернет-ресурсында орналастырсын.

Осы шешімге дауыс бергендер:

Жақтаушы дауыс_______(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)



Қарсы дауыс _________(конкурстық комиссия мүшелерінің Т.А.Ә.)
Конкурстық комиссия төрағасының, төраға орынбасарының, мүшелері мен хатшысының қолдары.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет